Қобыланды батыр жыры


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

І-тарау: Қазақ фольклористикасының тарихы5

1. 1. Қазақ халқында көп тараған фольклор түрлері10

1. 2. Айтыс -ақындар жарысы14

1. 3. Қазақ фольклорындағы ертегілердің түрлері17

ІІ-тарау: Қазақтың музыкалық фольклорының жанрлары мен ондағы тәрбиелік элементтер28

2. 1. Әлеуметтік- мәдени қызметіндегі қазақ халқының фольклор дәстүрлерді шығармашылық меңгеруі41

2. 2. Мәдени орындарда фольклорлық кештерді ұйымдастыру. 44

Қорытынды49

Қолданылған әдебиеттер51

Кіріспе

Фольклор-халық өмірінің айнасы. Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен, ғылыми -диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың ұжымдық шығармашылығы- фольклор шығармаларынан танып біледі.

Халық шығармашылығының тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыруда қазақ фольклордың айтарлықтай рөл атқарады. Ол мәдени мұра, тарихи-рухани құндылық, халықтық салт-дәстүрлер, этнопедагогика, фольклор, дәстүрлі халық музыкасы және тағы басқа түсініктермен тығыз байланыста болғандықтан, оның ерекшеліктері мен табиғатын ғылымның философия, педагогика, психилогия, этнография, фольклористика, өнертану және музыкатану секілді сан алуан салаларына арқа сүйемей зерттеу мүмкін емес.

Этномәдениетті, халық шығармашылығын, соның ішінде, музыкалық өнердің тарихын, рухани мұрасын зерттеуде ең алдымен Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұт Қашғари, Юсуф Хос Хожиб, Әбу Райхан әл-Беруни, Әбу Әли Ибн-Сина, Кейқауыс, Әбдірахман Жәми, Дербіш Әли, Әбубәкір Диваев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Әлкей Марғұлан және тағы басқа классик ғалымдардың еңбектері ауыз толтырып айтарлықтай құндылық болып табылады.

Дәстүрлі мәдениет проблемаларын зерттеуде Б. Р. Қазыханова, И. Джаббаров, С. И. Иконников, М. С. Каган, У. Х. Қарабаев, Г. Наджимов, К. Х. Ханазаров, Ю. Юсуфов және тағы басқа қазіргі философ ғалымдардың үлкен рөл атқарғаны белгілі. Дәстүрлі мәдениеттің этнографиялық құбылыстары К. А. Әкішев, Б. Әминов, Х. А. Арғынбаев, К. М. Байпақов, Р. Бердібаев, Ю. В. Бромлей, А. Қоңыратбаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қасқабасов, Д. С. Лихачев, А. С. Мыльников, Г. П. Потанин, А. Сейдімбеков және тағы басқалардың еңбектерніде кеңінен зерттелген.

Фольклор мен дәстүрлі шығармашылық мәселелері М. М. Бахтин, Г. Гафурбеков, В. А. Гусев, Б. Г. Ерзакович, Г. А. Джалалов, Б. Ш. Сарыбаев, Б. Уахатов, Ө. Жәнібеков, Х. Эгамов және тағы фольклористер мен өнертанушылардың зерттеу нысанына айналған. Бұл туындыгерлердің еңбектерінде рухани мұра, халықтық салт-дәстүрлер, фольклор және тағы сол сияқтылар жайлы өте көп қызғылықты жайттар ортаға салынғанымен, жалпылай алғанда, музыкалық фольклор мен музыкалық фольклорлық ұжымдардың тәрбиелік мүмкіндігіне байланысты мәселелер арнайы зерттелмеген.

Көркемөнерпаздар мен музыкалық көркемөнер ұжымдарын ұйымдастыру мәселелері К. Н. Әбішев, Т. Виноградова, Н. В. Коваленко, В. Ф. Орлова, Ф. А. Соломник, Р. И. Хакимов және тағы басқалардың зерттеулерінде көрініс тапқан. Олардың арасында көркемөнерпаздар ұжымдарының тәрбиелік қызметін зерттеуге арналған еңбектерде педагогикалық ықпал етудің, атап айтқанда, эстетикалық, адамгершілік тәрбие, әлеуметтік белсенділікті арттыру, музыкалық талғамды қалыптастыру және тағы басқа сан алуан құбылыстар қарастырылады.

Халық шығармашылығының сан алуан құбылыстары С. К. Аннамұратова, А. А. Қалыбекова, М. Х. Балтабаев, Х. Нұрматов, З. Миртурсунов, С. А. Ұзақбаева және тағы басқалардың еңбектерінде кеңінен зерттеледі. В. Алимасов, Б. Бадалов, М. Бекмурадов, Н. К. Камалова, Л. И. Шулунова, З. Д. Яшвили және

тағы басқалардың еңбектерінде фольклорды мәдени-ағарту қызметіне пайдаланудың теориялық проблемалары көтеріліп, негізінен оны халықтың түрлі әлеуметтік топтарына: мұғалімдер, студенттер, оқушылар және басқаларға әсері қарастырылып өтеді.

Курстық жұмыстын өзіктілігі : фольклорлық ұжымдар этномәдениеттің қайта жаңғыруының маңызды үлгісіне, ал олардың қызметін зерттеудің сан алуан құбылыстарына айналып, ұлттық тәуелсіздік жағдайында жыл өткен сайын маңызды бола түсіп, оның даму көкжиегі байқалады.

Демек, мәдениет, этнопедагогика, музыкатану теориясы мен тарихы, халық шығармашылығы дәстүрін мәдени-ағарту және тәрбиелік қызметі саласындағы атқаралған кең көлемді жұмыстарға қарамастан, бүгінде музыкалық фольклор мен музыкалық фольклорлық ұжымдардың тәрбиелік мүмкіндіктерін толық зерттеу көкейкестілігі және күшейтілген көңіл күй мен осы проблеманы шешудің тиімді шарттарын іздестіруді талап етуде.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ фольклоры - ұлттық рухани мәдениеті ретінде кеңінен қарастырып, мәдени орындардағы рөлі, қажеттілігі мен қолданымына көз жеткізу.

Курстық жұмыстың міндеті:

а) әдебиеттерді оқып білу, таңдалып алынған тақырыпты теориялық жағынан ұғыну.

б) қазақ фольклоры, оның ерекшелігі мен атқаратын негізгі қызметін анықтау.

в) ертегілер және оның түрлерінмен кеңінен танысу.

г) ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа ауызша қалдырған осынау мол мұраның қаншалықты зор екенін білу.

Зерттеу объектісі: «Зенит»мәдениет үйі

Курстық жұмыстың практикалық мәні бар:

Өйткені жұмысқа бірнеше бос уақытқа байланысты қолданылған сценарийлер, анкеталық сұрақтар, фотосуреттер, т. б қосымша құжаттар кірістіріліп отыр.

Зерттеу әдістері:

а) деректер мен документтерді талдау жасау,

б) анкета сұрау арқылы қазақ фольклорлық ұжымдардың ерекшелігі және атқаратын негізгі қызметін анықтау.

8. Әдіснамалық негізін анықтауда Ө. Жәнібековтың, Е. Балтабаевтың Ә. Қоныратбаевтың еңбектеріне сүйене отырып қолға алынды.

Курстық жұмыс 2 тараудан тұрады:

1- ші тарауда қазақ фольклоры, оның ерекшелігі мен атқаратын негізгі қызметі, ертегілермен және оның түрлері қаралады.

2-ші тарауда қазақтың музыкалық фольклорының жанрлары мен ондағы тәрбиелік элементтер, әлеуметтік- мәдени қызметіндегі қазақ халқының фольклор дәстүрлерді шығармашылық меңгеруі, мәдени орындарда фольклор кештерді ұйымдастыруы қаралады.

І-тарау: Қазақ фольклористикасының тарихы

Қазақ ауыз әдебиеті мұрасының жиналу, жариялану, насихатталу, зерттелу тарихының кезеңдері ғасырлар тереңіне кетеді.

Жалпы түркі тілдес халықтарға, соның ішінде қазақ халқына тән фольклорлық нұсқалар сонау Ү-ҮІІІ ғасырлардың тасқа жазылған жәдігерлері Орхон-Енисей ескерткіштерінен де кездеседі.

Бастапқы негіздері ҮІІІ-ІХ ғасырларда пайда болды делінетін, бірақ ХҮ ғасырда хатқа түскен оғыз эпосы «Дәде Қорқыт кітабында» да қазақ ауыз әдебиетінде кең тараған оқиғалық сарындар мол.

Махмуд Қашғаридің «Диуан лұғат ат-түркінде» (ХІ-ғасыр) түркі халықтарының ауыз әдебиеті үлгілері мол топтастырылған.

Мұнда халық өлеңдерінің үлгілері, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, эпикалық ерлік жырлары қамтылған. Ауыз әдебиеті материалдарның үлкен шоғыры түрлі шежіре, тарихи аңыздар арасында. Монғол тарихын сөз ететін Рашид-ад-диннің шежіресінде, «Монғолдың құпия шежіресінде», Қадырғали Жалаиридің «Жамиғат-тауариғында», Абылғазы ханның шежірелерінде қазақтар ауызша айтып келген аңыз әңгімелердің көптеген қызғылықты нұсқалары табылады.

Қазақ фольклоры туралы ғылым ХҮІІІ ғасырдан, Қазақстанның Россия құрамына өз еркімен қосылуы басталған кезден бері қарай пайда болды.

Ал Қазақстанның тарихындағы жаңа дәуір ашылуының, орыс халқымен достық және ынтымақ қалыпқа түсуінің мәні терең. Бұл жөнінде Қазақ ССР тарихында нақтылы тұжырымдалған.

Ең алдымен қуатты, ұлы мемлекет қарауына түсу қазақ халқының сырт жаулардан сақтануына үлкен таяныш болды. Мәселен қазақ пен жоңғар қалмақтары арасындағы бірнеше ғасырға созылған соғыстың зардабы естен кетпестей ауыр болған еді.

Қазақ жеріне Орта Азия хандықтары да көз алартып, сан рет басқыншылық

Ұрыстар жүргізгені мәлім. Россия ауқымына түсу осы секілді зорлық, жаулаушылық соғыстардың толастауына әсер етті. Екіншіден, күшті мемлекетке бағыну үнемі бір-бірімен алауыз болып, қырқысып келген қазақ хандары мен байларының арасындағы бітіспес дауды тежеді. Россияға қосылу нәтижесінде ескі патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастар әлсірей берді, Қазақстан экономикалық, әлеуметтік дамудың бүкіл россиялық шеңберіне жақындай түсті. Қазақстанда өндіріс орындары ашылып, жұмысшы табының пайда болуы осы процестің табиғи жалғасы болып табылады. Россия патшалығының ұлттық-отарлық езгісіне шыдамай, қазақ шаруаларының көтеріліске шығулары, Е. И. Пугачев бастаған қозғалысқа қатысуы тарихи мәні терең оқиғалар.

Қазақ фольклористикасының тарихы, оның кезеңдері, басып өткен жолдары, көрнекті зерттеушілер өмірі мен қызметі, ауыз әдебиеті мұрасының жасаушылары мен айтушылары, таратушылары жайында жазылған еңбектер бар. Оларда көтеген мағлұматтар жинақталған, қызықты ойлар айтылған, нақтылы талдаулар жасалған. Сол еңбектерде фольклортану ғылымының негізгі даму тенденциялары туралы сипаттамалар берілген, бір қатар тұжырымды ойлар тізілген. Бірақ қазақ ауыз әдебиетінің жиналу, хатқа түсу, жүйелену, тексерілу, жариялану тарихы бұл кезге дейін арнаулы монографиялық зерттеу тақырыбы болған емес. Ал мұндай күрделі еңбек жасаудың қажеттілігі мен мүмкіндігі күн тәртібінде тұрған еді.

Жаңа зерттеу бұрынғы еңбектерді көлем жағынан ғана толықтырып қоймай, мазмұн жағынан да байытуға тиісті болды.

«Қазақ фольклористикасының тарихы» деген монографияда ауыз әдебиетін бәрінен бұрын заманалық ірі саяси, экономикалық, мәдени оқиғалармен бірлікте қарау міндеті көзделді.

Бұлай етуді методологиялық жағынан дұрыс деп санаймыз. Өйткені ауыз әдебиетін халықтың тарихы, жазба әдебиеті, этнографиясы, тілі, сазы секілді салалардан мүлде бөліп алып тексеру қиын.

Осындай тұрғыдан алып қарағанда фольклортану белгілі дәрежеде, халықтың тұрмыстық әдет-ғұрпын, дәстүрін тану жүгін де көтере алады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тарихы мен мәдениетін, соның ішінде фольклорын жинау мен жариялау, зерттеу істерінде жаңа күрделі қадамдар жасалады.

Қазақ фольклористикасының нағыз бастауы осы кезеңге тән деп тұжырымдауға болады. Бұл кезде Ш. Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потаниннің қазақ ауыз әдебиетіне арналған аса маңызды зерттеулері жарыққа шықты.

Қазақ халқының ұлы ағартушылары, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салушылар Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннің баға жетпес тарихи қайраткерлігі осы кезеңде көрінгенін де ерекше мақтанышпен атап өту орынды.

Қазақстан жайында тек зерттеушілер ғана емес, орыс жазушылары да қалам тартқаны белгілі. А. С. Пушкин өзінің Орынборға келген сапарында қазақ халқының аңыз-әңгімелеріне, эпикалық мұрасына қызыққан. Ақынның архивы арасынан қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының мазмұны табылған.

Орыс жазушылары В. А. Ушаков «Қырғыз-қайсақ», В. И. Даль «Бикей мен Мәуләне», «Майна» деген шығармаларында қазақ өміріне қатысты мәселелерді көтерген. Мұндай мысалдар көп.

Қазақ мәдениеті, сөз өнері, ауыз әдебиеті туралы бағалы пікірлер қалдырған, қызықты материалдар жинаған зиялылардың қатарында патшаның озбырлығынан жер аударылған орыс, поляк, украиндықтардың күнделіктері мен естеліктері де елеулі орын алады.

Ауыз әдебиеті жанрларының дамуы мен эволюциясы қоғамдық өмірдің ерекшеліктеріне орай өзгеріске түсіп отырады.

Фольклоршы ғалымдар алдында әрдайым тұратын ғылыми мәселенің бірі- ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің өзара байланыс заңдылықтарын ашу болып табылады. Фольклор мен жазба әдебиет бірін-бірі байытып, бір-біріне толассыз әсер етіп отыратын үздіксіз процесс екені аян. Ендеше осы заңдылық белгілі бір ғасырда немесе кезеңде қалайша көрініс бергенін анықтау да күрделі уәзипа.

Ауыз әдебиеті үлгілерінде дәстүрлілік, ұжымдық белгілер басым болады. Сонымен қатар мұнда жекелеген дарынды ақындардың, айтушылардың, жыршы-жыраулардың, орындаушылардың да тиісті үлесі болатыны мәлім.

Осы себептен де әрбір дәуірдің ауыз әдебиетін таратып, насихаттауда, дамытуда, жетілдіруде халық ақындарының, жыршыларының ролі қаншалық екеніне тоқталу да фольклортану ғылымының міндеті.

Фольклордың жанрлық құрамы

Қазақстанда тарихи-әлеуметтік жаңа сананың өркендеп келе жатқан кезеңінде халықтың поэтикалық шығармашылығы да алатын орны ерекше еді. Өйткені қазақ фольклоры молдығы мен мазмұнының тартымдылығы және көркемдігі жағынан қай елдің болмасын ауыз әдебиетінен кем түспейді.

Ол -талай дәуірдің, талай әлеуметтік топтар мен таптардың ақыл-ойының жемісі. Академик Ю. М. Соколов: «Фольклор-өткен заманның жаңғырығы, әрі сонымен қатар, бүгінгі күннің айқын дауысы да, -деп атап айтқан болатын. Демек, бұл пікірдің қай халықтың болмасын фольклорына тікелей қатысы бар. Өйткені, ондағы бейнелер бәрі де «Халықтардың жат жұрттар шапқыншылығына қарсы ерлік күресін бейнелейтіндіктен, халық қайсарлығын, тапқырлығын, халықтың елдік тарихындағы белгілі бір белесті кезеңдерде айқын танылған дарқандығын және оның жақсы өмір үшін күресін көрсететіндіктен, ғасырлар бойы халық жүрегінде сақталып келеді»».

Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларынан батырлар жыры, ғашықтық дастандары, ертегілер, тарихи жырлар, мақал мен жұмбақтар, араб, парсы ауыз әдебиетінің нұсқаларынан «Мың бір түн», «ШаҺнама», қазақ оқу құралдарынан ана тілі, әдебиет, есеп, география кітаптары жарық көріп, басылып шықты.

ХІХ ғасырда шыққан кітаптарға қарағанда, ХХ ғасыр басында шыққан кітаптардың тақырыбы мен мазмұны, жанрлық түрлері өзгеше болды. « Мақал-мәтелдер » ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясында халықтық сөз өнерінің, көркемдік мектебінің үлкен бір өрісі ретінде қызмет атқарады. Ақын, жазушылар халықтың асыл сөздерін пайдалана отырып, өзық идеяларын халыққа жеткізудің өзінше бір бұқаралық жолын тапқандай болды. Сондай-ақ олар мақал-мәтелді, көркемдік тәсілді, шеберлікті арттыру құралы деп қарады. Қоғамдағы немесе адам мінезіндегі кемшілікті сынағанда да олар мақал-мәтелдерді мол пайдаланды. Халықтың өміріндегі жақсы-жаман құбылыстар жөнінде ұзақ замандар бойы түйген сөз түйіндері, қорытынды бағалары сөз мәйегі түрінде уақыт сынынан өтіп, поэзиямызды мазмұны жағынан толықтыра, тереңдете түсті, әдебиеттің озық өкілдері халықтық рухани қазынаны игеріп, сан-сапалы салмақты туындылар жасады.

Фольклор жанрлары туралы В. Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтижесі бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды.

Олар: а) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу; ә) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау; б) олардың орындалу тәсілдеріне жете көңіл бөлу.

Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын қосуға болар еді. Олар- фольклордың ұжымдық және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлілігі, тарихилығы және ауызекі дамуы.

Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды.

Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағұрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады.

1. 1. Қазақ халқында көп тараған фольклор түрлері

Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы- эпостық жырлар . Қазақ эпосы бірде ерлікті, батырлықты дәріптеп ел қорғау, отаншылдық сарынға құрылса («Қобыланды», «Алпамыс»), бірде феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына негізделеді. Енді бірде өмірде болған нақты тарихи оқиғаларды жырлайды («Бекет», «Досан батыр») . Қазақ эпосы елдің тілдік, халықтық тұтастығы орныққан дәуірлерде туған. Эпос айтушылары ертегіде оғыз-қыпшақ заманында туған батырлардың генеологиясын бермейді, Көрұғлыдан бастап, Қазан, Бозұғлан, Алпамыс, Қобыланды ұрпақсыз, ал Мұрын жырау ноғайлы батырларының ұрпақтарын бүгінге дейін алып келеді (Аңшыбай, Қарадөң, Асан ұрпақтары) .

Ноғайлы жырларында біз көбінесе Батыс Қазақстан тұрғындарының арасында туын, сақталған Мұса, Мамай, Орақ, Қарасай, Қазан, Мұрын жырау сюжеттерін жатқызар болсақ, соларды тек ноғайлы мырзаларының сарайында туды деу қиын. Олардың бәрін де жеке тайпалардан шыққан ақындар жырлаған. Әркімде халықтың берген эпостық бағасы бар. Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Қозы Көрпеш жайындағы жырлар одан көп заман бұрын, оғыз-қыпшақ ұлысы кезінен туған еді.

Лиро-эпостық жырлар. Қазақ эпостық біз олардың тақырыбы мен сюжетіне қарай батырлық, ғашықтық және тарихи жырлар деп үш салаға бөліп, соның бәрін де фольклорлық сипатына қарай «эпос» деп атаймыз. Бұлардың арасында жанрлық айырмашылықтар бар. Қазақ эпосының үлкен бір саласы «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Мақпал қыз» сияқты ғашықтық жырларынан тұрады. Ғашықтық жырлары жанрындағы сюжеттердің өзара байланысы осындай. Ал батырлық жырлары мен лиро-эпос арасындағы ерекшеліктер қандай деген сауалға тұңғыш рет М. Әуезов жауап іздеген еді. Зерттеуші батырлық және лиро-эпос жырларының үш түрлі жанр ерекшеліктерін ашып көрсеткен: а) батырлық жырларының тақырыбы ерлік болса, ғашықтық жырларының тақырыбы- сүйіспеншілік, ә) батырлық жырларының образдарында әсірелеу (гипербола) басым болса, лиро-эпоста реалистік арна үстем, б) батырлық жырларында көбіне сыртқы, коллизиялық тартыс суреттелсе, лиро-эпоста қазақ қоғамының ішкі қайшылықтары, халық өмірінің шынайы суреттері көрсетіледі.

Көптеген жанрлық-сюжеттік айырмашылықтары болса да, көбіне лиро-эпостық жырлар эпос дәстүрі бойынша жасалған.

Эпостың тарихилығы. Қазақ эпосына тарих элементі Түрік қағанаты кезінен бастап енген. Мысалы, «Дотан батыр» жыры жужан кезеңіне кетсе, «Алпамыс батыр», «Қорқыт ата кітабы», «Мұңлық- Зарлық» сюжеттері оғыз-қыпшақ ұлысы дәуірінен хабар береді. «Қорқыт ата кітабы» жырларында, бір жағынан, мифология (пері, Төбекөз) басым болса, екінші жағынан, аталық қоғам салтының нығайғандығы көрініс тапқан. Ораз тек аталар культіне сиынады. «Оғызнама» Қорқыт сюжетінен марқалау. Мұндай тарихи этногенез қазақ фольклорының, соның ішінде, эпостық мұрасының генезисін анықтауға қажет.

Біз қазақ фольклорының сюжеттерінде талай замандардың ұғым, образдары бар дейміз. Ноғайлы эпосында мұндай мифтік деректер жоқ. Ол тек ертеден арна тартқан «Алпамыс» (мыстан, қырық қыз), «Қобыланды» (Гоклан, Қызыл дәу), «Қорқыт ата кітабы» (Төбекөз, пері қызы) сияқты кәрі сюжеттерде ғана кездеседі. Жалғыз көзді дәу-Полифем. Соған қарап біз мұндай сюжеттер ҮІІІ-ХҮІ ғасырлар емес, одан көп заман бұрын туып, ескі сюжет жаңа оқиғалармен жаңғыртылып, реалдық сарын күшейген дейміз. «Қозы- Көрпеш- Баян-сұлу» жырында аң, құс тотемдерінің ізі сақталған (қара торғай, түлкі) . Ол жырдың кәрілігінен хабар береді. Мұны В. М. Жирмунский «фольклор элементі» деген. Қазақ эпосын тарихи желіге қойып дұрыс топтастырған ғалым Ә. Марғұлан болды. Ол оғыз-қыпшақ эпосын мынандай дәуірлерге бөлген:

1. Көне дәуірлерде туған эпос (Ү-ХІІ) .

2. Тарихи дәуірде туған эпос (ХІІІ-ХІҮ) .

3. Ноғайлы эпосы (ХҮ-ХҮІ) .

4. Жоңғар шапқыншылығына байланысты туған эпос (ХҮІІІ) .

5. Ішкі қанаушылар мен хандарға қарсы күресті суреттейтін эпос.

6. Совет заманында туған эпос.

Осы жайларды ескере отырып, біз қазақ эпосын өзінің тегі мен жанры жағынан он салаға бөліміз:

1. Ертегілік эпос («Ер Төстік», «Құла Мерген», т. б. ) .

2. Түрік қағанаты дәуірінде туған жылнамалық эпос («Орхон» жазулары, «Күлтегін» жыры) .

3. Оғыз эпосы («Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама») .

4. Тайпалық эпос («Алпамыс», «Қобыланды», т. б. )

5. Лиро-эпос («Қозы-Көрпеш», «Қыз жібек») .

6. Ноғайлы эпосы («Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази») .

7. Тарихи эпос («Досан батыр», «Бекет», 1916 жыл поэзиясы) .

8. Шығыс дастандары («Рүстем дастан», т. б. ) .

9. Авторлық эпос («Еспембет», «Өтеген батыр», т. б. ) .

10. Совет эпосы (Амангелді, Төлеген туралы жырлар) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
Батырлар жырын оқыту
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Қобыланды батыр жайлы
Қобыланды батыр
Батырлар жырындағы тарихи шындық
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Қобыланды батыр жыры туралы
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz