Қазақ халқының рухани мұрасы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1 Қазақ халқының рухани мұрасы . . . 13
1. 1. Тарихи жазбалар . . . 13
1. 2. Халық ауыз әдебиеті . . . 17
1. 3. Әдеби мұра . . . 24
2 Қазақ халқының материалдық мәдениеті . . . 31
2. 1. Архитектуралық ескерткіштер . . . 31
2. 2. Қазақстан архитектурасының 20 ғ. б. сипаты . . . 37
2. 3. Тарихи ландшафтар . . . 49
2. 4. Қолөнері . . . 53
Қорытынды . . . 59
Әдебиеттер тізімі . . . 62
Қосымша материалдар . . . 63
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халықтың әлеуметтік мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өнердің даму процесінің алдын алудың бірден-бір жолы. Халқымыздың ұлттық өрнек өнерінде арнайы келешек ұрпақ үшін жасалғандай көрінетін қарапайым өрнек элементтері өте көп. Осының барлығы жалпы адамзат өнерінің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолының қалыптасу кезеңдерінің көркем тарихындай әсер етеді. Ендеше бізге дейін әдіптеліп, әбден байып жеткен ұлттық өнерімізден белгілі дәрежеде халық тарихын іздеу қажетті жағдай.
Халықтың мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өнердің дамуы арқылы эстетикалық тәрбие беру дегеніміз - жас ұрпақтың бойында ұлттық мұраттардың негізінде дүниежүзілік рухани қазынамен ұштаса қалыптасатыны мәлім жағдай.
Тілді, ұлттық өнерді, ұлттық салт-сана мен әдеп-ғұрыпты, дәстүрді, халықтық өнерді білмеудің арты тұтастай мәңгүрттікке, ұлтсыздыққа ұластырады. Ол халқымызды кемелдікке, дербестікке баулып, зиялы да өнерлі, сезімтал ұрпақтың шығуына ұйытқы болмақ. Алматыдағы жұртшылықтың жиналысында, Н. Назарбаев былай деген болатын: «Иә, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, оның баға жетпес рухани мұралары сақталып дами түсуі керек. Біз бұрынғы империялық пиғылмен қазақтарға шірене қарайтындармен күресіп келдік, бұдан былай күресе береміз» (24 қазан) (1) .
Соның ең бастысы ұлттық бейнелеу өнеріміздің даму тарихын түсіндіретін тенденциялары, негізгі концепциялары мен әдіснамасы көп сөз бола бермейді. Сондықтан да халық мұрасындағы ұлттық өнердің ерекшелігі, өзіндік көркемдік шешімі айқындала қойған жоқ. Танымдық-эстетикалық жүйесі ашылып, халық өнері дәстүрінен сабақтастығы, дербестігі де терең зерттелмей назардан тыс қала береді. Сондықтан қазіргі кезеңдегі ұлттық өнеріміздің көркемдік ерекшеліктеріне шолу жасап тәрбие мақсатында қолданғанда хронологиялық жолдан шығу керек те, негізінен дәстүр мен аңашылдық проблемасы арқылы ұлттық өнеріміздің негізгі пір тұту мақсатын айқындау керек.
Бұл еңбектің басты мақсаттары: халық мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің дамуын жалпылай мәлімдеумен емес, білім беру жүйесі арқылы барынша тиімді қол жеткізуге болатынын дәлелдеу.
«Халық мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің даму тарихын оқыту тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес. Аталған идеяны қабылдау-бұл салада тың бағыт ұсыну, ұлттық өнеріміздің әлемдік деңгецін дәстүрлі тарихи құндылықтармен үйлестіріп, оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру» -дегенді білдіреді деді Н. Назарбаев өзінің жазған еңбегінде (2) .
Халықтың әлеуметтік мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өрнек пен оның түрленуін оқытудың тәрбиелік мақсатын жүзеге асырудың негізгі шарттары, біздің ойымызша, мыналар:
- білім беру мен мектептің ұлттық қайнарларын нығайту;
- ұлттық өнеріміздің, төл мәдениетіміздің шүбәсіз басымдылығын мойындау және қамтамасыз ету;
- халық мұрасындағы ұлттық өнердің мәдени-этникалық мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық қызметтің үздіксіздігі;
- бұл жүйені жаңаша оқытудың ұлттық-педагогикаға қосатын үлесін айқындауға мақсатты түрде бағыттау;
Мақсат-байырғы бейнелеу өнерінің мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өнердің көркемдік даму тарихын, оның ішінде ұлттық өрнектер мен олардың әдептелінуін тереңірек танып білу. Мұндайда төмендегідей негізгі қағидаларды басшылыққа алудың маңызы ерекше:
- соңғы кезеңдердегі педагогика саласында бүгіггі күнге дейінгі халық өнеріндегі ұлттық дәстүр туралы айтылған, жазылған пікірлерді ой елегінен өткізіп, тың мәселелерді көтеру:
- халық мұрасындағы дәстүрлі ұлттық өнердегі зрнек пен түстерді қабылдау өнерінің әлемдік педагогикалық кеңістіктегі орнын анықтау:
- халық мұрасындағы ұлттық өнерді саяси ұшқары пікірлерден тазарту және халық өнеріндегі философиялық ойшыл педагогикаға тән ерекшелігін аашып, оны болашақ ұрпақ тәрбиесінің мәдени үлгісіндегі орнын бағдарлау;
Халық арадағы ұлттық өрнек пен түрлі реңктердіңтәрбиеліік мақсаты бұрын зерттеу обьектісі болмаған тың тақырып. Бұл мәселе проблема ретінде Б. Алмұхамбетов, Қ. Әмірғазин, Е. Асылханов, т. б. зерттеулерінде жалпылай ғана жазылған.
Қазақтың әлеуметтік мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өнердің тарихындағы халық даналығының ұлылығының өлшемдері, оның қолданған мәңгілік философиялық ұғымдарында жатыр . (3)
Қазақ халқы осы уақытқа дейін, дәлірек айтқанда, 18, 19, 20 ғасырлардың ұзына бойында тарихқа империялық Ресесйдің көзімен қарап келгеніне мән бере бермейді. Осы уақытқа дейін қазақ халқы оқыған адамзат тарихының парқы мен нарқы негізінен тоталитарлық системаның идеологиясы тұрғысынан жазылып келді. Бүгінгі ұрпақ сол талғам-танымнан тәрбие алып өскен. әрине, империялық кеудемсоқтықтың ғұмыырының қысқа екенін, түптің түбінде бьективті ғылыми ақиқаттың салтанат құратынын көңілге жұбаныш етуге болар. Бірақ, қаншама ұрпақтың санасы уланды, қаншама ұрпақ әлі де рухани жарымжан десеңізші!
Адамзат баласы мәдениеттердің әртүрлілігімен және әр тектілігімен бай. Ендігі жерде адамзат баласын жаңа биікке көтеретін таным мен талғам - мәдениеттердің әртектілігі үшін мақтанатын сезім болуы керек.
Сөз жоқ, қазақ халқының да ғасырлар қойнауынан бастау алатын тек тамыры, мәдени-рухани болмысы жалпы адамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Осы орайда, Орта және Орталық Азия тарихының өзіндік түйінді мәселелерінің бар екенін айта кеткен жөн. Әсіресе, этникалық тарихы зерттелген сайын түйінін шештірудің орнына шиеленісіп бара жатқан сияқты.
Ал, салт-дәстүрдегі, наным-сенімдегі, зат-бұйымдардағы 2-3 мың жылдың ұзына бойында өзгермей сабақтасқан тектестікті қалай түсіндіруге болады?
Пазырық қорғанынан (б. з. д. 5 ғ. ) табылған мүліктерді көргенде өз әке-шешеміз тұтынған ер-тұрманды, тоқымды, текеметті көргендей толқитынымыз өтірік пе? Яғни, рухани және материалдық мәдениетті диахронды-типологиялық зердемен тану қай деңгейде? Қытай, арап, иран, грек жазбаларында Еуразияның Ұлы Даласы сөз болуы-ақ мұң екен, ондағы жұрттың ең басты белгісі ретінде киіз үй тігіп, қымыз ішіп, көшіп-қонып жүретінін алдымен баяндай жөнеледі. Егер осынау шаруашылық-мәдени сүлесі сақталып қалған, тіптен бір кездері сондай шаруашылық-мәдени сүлесін бастан кешкен жер бетінде түркі халықтарынан басқа халық болса бір сәрі, сонда «олар бүгінгі түркі тілдес халықтар емес еді» деген кеудемсоқ тұжырым кімге керек?
Қазір ғой, дүниежүзілік рухани үрдісте «Латын Америкасының әдебиеті», «Африка өнері», «Еуропа мәдениеті» деген эстетикалық категориялардың орныққаны белгілі. Жәнеде мұның өзі бірнеше ұлттардың материалдық және рухани мәдениетін жинақтап көрсететін құбылыс ретінде қабылданады. Ал, дүние дидарында түркі тілдес халықтар бар екенін мойындай отырып, олардың тіліндегі, дәстүріндегі, наным-сенімдеріндегі, мәдени-рухани үрдістеріндегі тарихи тектестікті ғана емес, қазіргі сабақтастығын көріп біле отырып, тұтастықты тани алмауға не жорық? Түркілік мәдениет әлдекімнің қалап-қолдауын немесе мүсіркеуін қажет ете ме? Ол - тарихи бар ақиқат емес пе? Тарихи ақиқат құбылысты кемел ғылыми зерде ғана жеріне жеткізе тани алса керек. Өкінішке орай, әзірше әрісі шығыстануда, берісі түркологияда шешімін күткен проблемалар шаш етектен. Әрбір ұлтты даралық қадір-қасиетімен өркендетудің орынына, ондаған ұлттан мен ұлыстарды бір ғана саяси-идеологиялық қалыпқа қуып тыққан тоталитарлық социолистік система үшін жеке ұлттардың тек-тамырына үңілудің қажеті де болмады. Көптеген ұлттар өздерінің этногенетикалық тек-тамырынан көз жайып, сырттан зорлап таңылған «бұрынғы жабайы жұрт», »бұрынғы ру тайпалық тобыр», «бұрын ұлт болып қалыптаспаған» деп келетін теориясымақты өздерінің өмірбаяндық қасиеті ретінде жатқа айтуға мәжбүр болды. Бұл сияқты идеологиялық өктемдіктің зардабын әсіресе түркі тілдес халықтар қатты тартты. Себебі, түркі тілдес халықтардың бір кездегі этногенездік, саяси-әлеуметтік және
рухани тұтастығын мойындау деген сөз, түптеп келгенде Еуразия құрлығындағы мыңдаған жылдық тарихы бар ұлы мәдениетті мойындау болар еді. Мұның өзі ең алдымен түркілік тұтастықты ұрпақтар санасында жаңғыртып, сонан соң социолистік системаның тірегі болып келген панславяндық гегемондықты әлсірететін ой-тұжырым еді. Сондықтан да, мұндай ой-тұжырымға барар жолдың бәріне тосқауылдар қойылып отырды. Бір ғана түркология тағдырына ден қойып көруге болады. 19 ғасырдың өзінде-ақ әлемдік ауқымда жетекші орынды нешілеп үлгерген Ресейдегі түркология 20 ғасырдың ортасына қарай ғылыми ақиқатқа жетуден гөрі социалистік идеологияның қызметшісі болуға көбірек бой алдырғанын аңғаруға болады. Бұл орайда түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени болмысын біртұтас құбылыс ретінде қарастырмай, бөлшектеп зерттеуге баса ден қойған идеологияшыл методологияны алдымен айтуға болады. Мұндай тенденция біртұтас түркілік мәдениеттің болғанын, қазір де бар екенін жоққа шығарып қана қойған жоқ, сонымен бірге обьективті ақиқатқа жетудің ғылыми тәсілін тұйыққа тіреді. Мұның өзі түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасын бөлшектеуге немесе сол ортақ мұраны жатсынуға себепші болды. Аз ғана уақыт аясында түркологтар қатары қанша өссе, түркі тілдес халықтардың тарихы мен мәдениетіне қатысты кереғар тұжырымдар сонша молая түсті. нәтижесінде советтік түркология шындыққа жетуден гөрі, шындықты күрделендіруге көьірек ықпал етті. Тек тұжырымдардың көбеюі бара-бара әрбір түркі тілдес ұлттардың өз «түркологиясын» қалыптастырып, түркі тілдес ұлттардың арасын алшақтата түсті. Сөйтіп, бір кездегі айырмашылығынан гөрі тектестігі басым, жатығынан гөрі жақындығы басым түркі тілдес халықтар соңғы бірер ұрпақтың көз алдында түпкі тұтастығын тану арқылы ғана даралығын тануға болатын мүмкінтіктерін әлсіретіп алды. Бұл жағдайды түркі тілдес халықтардың бүгінгі таңдағы дифференцияланған тарихынан, фольклорлық мұрасынан, алфавит қалыптастыру және термин жасау үрдістерінен айқын аңғаруға болады. Осы орайда Г. Сельенің сөзі еске түседі: «егер, тышқанның неменеге ұқсас екенін білу үшін әрбір клеткасын микроскоппен қарайтын болсаңыз, оны еш уақытта тани алмайсыз. Дәл сол сияқты, әрбір тасын химиялық анализден өткізу арқылы готика
ғибадатханасының таңғажайып бітімін танып-білуіңізде мүмкін емес» депті . (4) Ендеше, түркі тілдес халықтардың этногенезін комплексті тұтастықта қарамай тұрып, бүгінгі өз алдына жеке-жеке отау тігіп шыққан түркі тілдес халықтардың тарихи тұлғасын тану мүмкін емес. Өкінішке орай күні бүгінге дейін түркі тілдес халықтардың этногенезін зерттеу жаңағы готика ғибадатханасының бөлшектенген жайын еске салады.
Әрине, ұлттың мәдени-рухани әлемі мейлінше кең ұғым, өмірдің барлық саласымен сабақтас. Бұл ретте империялық саясат қалыптастырған тарихи санамыздағы методологиялық қайшылықты атап өтпей болмайды. Олар мыналар: біртұтас халықты бірнеше жікке бөліп, үй ішінен үй тіктіріп, өзімен өзін қырқыстырған таптық көзқарас ой-тұжырымының өмір шындығына аналог еместігі; жұмысшы табына әлеуметтік ақсүйектікті қолдан бұйыртып, шаруа мен интеллегенцияға қарсы қоюшылық; тарих пен идеологияға біртұтас құбылыс ретінде қарау; тарих дегеніміз өткенге мойын бұрған саясат деп келетін тезистер; адамзат баласының дамуына қатысты экономикалық фактордан басқасының бәрін тәрк ету немесе оларға саусақ сыртынан қарау; обьективті ақиқатқа коммунистік партиялықты қарсы қою; ең соңында, Еуразиядағы түркі халықтарының тарихын біртұтас құбылыс ретінде және әлемдік тарихтың бір бөлшегі ретінде қарастырмау, сол арқылы жалпы түркілік мәдениетті тәркі ету. Тарихи таным-түсінікке қатысты осынау методологиялық қайшылықтар біздің санамызға өмір шындығын көп ретте кері мағынасында орнықтырып отырды. Дәлірек айтқанда, тарихтың обьективтішындығы империялық саясаттың сойылын соға бұрмалап, нәтижесінде бодандықтағы ұлттар өз тарихын жатсынуға, өзінің өткенінен жиренуге мәжбүр болды. Қазақ сияқты бодандықтың бұғауында болған ұлттар тарихи даму үрдісіндегі өзінің ақиқат болмысын парықтау қабілетінен айрылып, сапалық сұрыпталу мен жетіліп отыру қабілеті жансызданды. Асылын аяқ асты етіп, жасыққа малданатын, жатқа жалтақтайтын болды. Бұл дегеніңіз, этникалық таным мен талғамның дертті болуы, яғни сапасыздануы еді.
Әрине, таным жолы қашанда даңғыл болмаған. Алайда, бұл жолдағы талпыныс атаулы ақиқат шындықты нысана етуден айныған емес. Осы орайда, бір
шындықтың басы ашық. Ол - адамзат баласының барша болмысы өткен өмірдің аясында қалыптасатыны. Қазіргі дегеніміз қас-қағым сәт, оның өзі іле-шала өткенге айналып үлгереді. Ал, болашақ туралы ой-аңсарымыз үміт пен қиялдан ғана тұрады. Сондықтан да, не болары белгісіз болашақ туралы сөз қозғау жай ғана болжам болып шығады. Демек, . Адамзат әулетінің барша болмысы өткеннен тұрады, барша шындық өткен өмірдің өн бойында шашылып жатыр. Яғни, өмір шындығы туралы әңгіме өзінен-өзі өткен өмірге қатысты, тарих туралы әңгімеболып шығады.
Біздің ойымызша ең басты бағыты-ғасырлар бойы жиналып, әлі күнге дейін көзге түсе қоймаған ұлттық мұрамызды жаңаша тәсілдермен саралау. «Шығыс пен Батыс» пікірсайысына үн қосу, дамыған әлем алдында төл ұлттық өрнек өнерімізді уағыздап, жат пікірлерге тойтарыс беру. Мұндай жағдайларда өнер ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасында үнемі жаңғырып отырады.
Біздің ата-бабаларымыздың нақты өмір шындығында өрнек өнері мейлінше кең түрде қалыптасқан. Әлеуметтік мәдени мұра атаулының қай-қайсысы болса да өзін ұқыпты қамқорлықпен қалыптастырып дамытуды талап етеді. Егер 20 ғасырдың тәжірибесіне көз жүгіртер болсақ, өздерін өзге біреулердің тарапынан жасалған сыртқы жағдайларға «күштеп» бейімдеген халықтардың емес, қайта өздері бастарынан кешкен қоғамның рухани құрылымын сақтап қала отырып, өзгелердің ие болған жетістіктерін өз жағдайларына бейімдеп пайдалана білген халықтардың неғұрлым мол табысқа жететініне көзіміз жеткен.
Жалпы, жан дүниесі жаңарған, саналы білім алған жас ұрпақ тәрбиелемей ұлттық өнер дамып, ел мәдениеті көтерілмейді. Сол жас ұрпақты тәрбиелеу үшін мүлдем жаңа сападағы тарихи сананы қалыптастыруымыз қажет. Бұрын өзгенің өнерін жете білсек те, өзіміздің төл өнеріміздің тарихын, салт-дәстүрімізді қадірлей алмай келдік. Ендігі жерде алдымен өзіміздің ұлттық өнерімізді, өз мәдениетімізді, тарихымызды, тілімізді бойымызға сіңіріп, тағылымды, мәдениетті, өнерлі мәртебелі азамат болуы алтын ұя мектебінде алған біліміне және шаңырағында берілген ізгі қасиеттерге әрі бүкіл қоғамның рухани дамуы мен қуаттылығына байланысты екені белгілі.
Еліміздің өткендегі қилы тарихын еске ала отырып қазіргі жай-күйіне зер салсақ, күйбең тірліктің бұғауына шырмалған, қазақтың санасында шынайы мәдени-рухани танымдық жүйенің қалыптасуына орын қалмаған сияқты. Бұл тығырықтан алып шығар өмірлік тәжірибесі мол зиялы аға буынға немесе бойында қуаты, көкейде арман-қиялы сыймайтын талантқаүміт артсақ болар еді.
Өкінішке орай, 20 ғасырдың 70-80 жылдары идеялық саяси бірізділік, ұлттық тарих пен мәдени-рухани дәстүрден ада, оның орнына социалистік жарыс, т. б. күшпен санаға сіңірілді әрі қоғамдық процестің ең озық үлгісі ретінде түсіндірілді.
Жаттандылық, пікір ұтымды шығармашылық жетістіктерді көрмеушілік немесе теріс түсіндіру болашақ өнер адамының даярлығын саналы биіктікке көтеруге ықпал етпей, қайта өз бетінше шығармашылықпен ойлауға дағдыланбаған мамандар санын көбейтті.
«Халқымыздың тарихындағы рухани мұра көшпенді тұрмыстың өз ерекшеліктерінее сай екі заңдылыққа бағына отырып, бір жағынан халықтың этникалық тұтастығын қамтамасыз ететін шығармашылық қайшылықтардың дербестігін сақтау қызметін атқарады» - деді Ақселеу Сейдімбеков (5) .
Ата - баба мұрасы бізге қалдық болып қалған жоқ, ол шексіз қазына. Тарихтағы кез-келген рухани идеяның ауқымы жалпы, адамзаттық және әлемдік маңызды қамтитыны әркімге-ақ белгіілі. Сондықтан да ата-бабамыздың ұрпағына жеткізіп отырған ою-өрнек өнерінің үлгілі өнегесі нағыз шығармашылықты қозғайтын ой. «Кереге бар» не «кереге жоқ» деп шолақ кесіп, жылы жаба салмай, тереңнен толғап, жаңа шығармашылық ойларды тудырып отырса, таяздық пен ұсақшылдықтан туатын қиянат дертінен арылып ұлттық өнер дәстүрімізге басқаша ден қояр едік.
Халқымыздың мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өрнектің әдептелінуін осылайша игеру, оны өнердің заңдылықтарымен, жеке элементтерін түрлендіру, сол арқылы адамның қабылдауына әсерлі де көңілге қонымды етіп ынталануын жарасымды дамыта түседі (6) .
Бүгінгі кезеңде ұлттық мектептерде өткізілетін бейнелеу өнері сабағында мұғалімнің ертегі, аңыз, жұмбақ, мақал-мәтел, халық күйлері мен әндері және басқа да осындай халқымыздың дәстүрлі фольклорлық мұрасымен тығыз байланысты құра білуіне негізделеді. Халық ауыз әдебиетіінің көрнекті дәстүрі болған ертегі-аңыздар, жұмбақ-мысалдар балалар шығармашылықтарына дәнекер болудың озық үлгісі. Бұл бүгінгі күннен тақырып таппаған шарасыздық емес, халық дәстүрін, мәдени-рухани мұрасын, салтын, халықтың өрнек өнеріндегі шығармашылық қуатын, саналы түрде балашылығына қолдана білудің басты алғы шарты.
«Ал, шығармашылық балалық шақ әсерінен басталады. Шығармашылық халқымыздың мәдени-рухани мұрасын үйретуден, тарихымызды оқытудан басталады» деп жазды Шоқан Уәлиханов (7) .
Халқымыздың мәдени-рухани мұрасындағы өрнек өнерінің шығармашылық дәстүрі арқылы оқушыларды бейнелеу өнерінде ұлттық өрнектің әдептеліну түрлеріне баулу. Бұған: адамгершілік, мұраттары мен сенімдерін қалыптастырып, қандай жағдайда да осы істі табандылықпен жүзеге асыру; баланың бойындағы ізгілік пен көпшілдік; адалдық пен турашылдық сияқты параасаттылық қасиеттерді дамыту жатады.
Сөйтіп, бүгінгі халқымыздың мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өрнек өнерініің дәстүрін, көркем туындысын ұлттық өнер ескерткіші ретінде танып, сонымен қатар, әдептелуіндегі тәсіл-айласын танып-білу ретінде де шамалау керек.
Халқымыздың мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өрнектерді әдептеуге тәрбиелеуде балалар шығармашылығына деген осы жаңа көзқарастар халық өнерін үйретудің әдістемелік, тәжірибелік жолмен орнығуы оның көркемдік сапасының кемелденуіне бірден-бір фактор - ізденіс көзін ашып, тың таланттарға жетелейді.
Диплом жұмысының міндеті: Қазақ халқының тарихында өткен тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып зерттеу арқылы мәдени ошақтарды тану. Мәдени мұрасын зерттеуде әр адам өз алдына мақсат қойып халқының мәдениетін жете зерттей білуі керек. өз халқының мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын әр жас ұрпақ санасына оны тек зерттеу, бағалау, анықтау, оларды қорғау арқылы ғана түсініп, санасына ұға біледі. Ұлан-байтақ даламызда мекен еткен ежелгі тайпалардан қалған тарихи жәдігерлерімізді зерттеу арқылы тарихи археологиялық ескерткіштеріміз зерттеліп жатыр. Қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеу кезінде қазақтардың материалдық мәдениеті және рухани мәдениеті қатар зерттеледі. Материалдық мәдениетін зерттегенде қазақ халқының ерте кезден бастап қазіргі заманға дейінгі шаруашылығы, кәсібі, өнері, мәдениеті, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы кезінде қолданған заттары мен олардың ұлттық тағамдары, жануарларға қолданған ер-тұрман, т. б. заттары, егіншілікке қолданған орақ, құмыра, саптыаяқ, т. б. заттары, олардың ұлттық киімдері, мәдениеті, фольклоры, эстетикасы, архитектуралық ескерткіштері, өздерінің қолдан жасаған бұйымдары мен қолөнері, т. б. зерттеп біле аламыз. Ал, рухани мәдениетін зерттегенде олардың әр заманда ұстанған дінін. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихи жазбаларын, халық ауыз әдебиетін, әдеби мұрасын, т. б. туралы мәліметтер жинаймыз. Мәдени мұрасын жазу кезінде осындай салаларды зертттеу әрбір зерттеуші тарихшы ғалымдардың міндеті болып табылады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында елімізде қаншама қомақты қаржы бөлініп әр түрлі салада қаншама қызметтер атқарылды. Осы жасалған жұмыстар негізінде қазақ халқының тарихы бұрынғыдан да толық зерттеліп жатыр. Осы бағдарлама арқылы шет елдерден, яғни Қытайдан, Ресейден, Араб елдерінен, т. б. елдерден басқа тілде жазылған тарихымызды білікті зерттеушіңлер барып әкеліп зеррттеп аударып жатыр. Сол арқылы біздің тарихымыз жазылу үстінде. «Тарихсыз ел болмайды» дегендей әр халық өзінің тарихын білуге міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz