Бизнес инкубаторларды басқару


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Бет.

Кіріспе
3
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 1
3: Бизнес инкубаторлардың жалпы теориялық - әдістемелік негіздері
Кіріспе: 1. 1
3: Бизнес инкубаторлардың жалпы түсінігі және оны пайдалану мүмкіншіліктері
6
Кіріспе: 1. 2
3: Бизнес инкубаторлардың шетелдік тәжірибедегі әдістерінің қолданылуы
15
Кіріспе:
3:
Кіріспе:

2

2. 1

2. 2

3:

Қазіргі кездегі ҚР-да бизнес инкубаторлардың дамуы және қалыптасуын талдау

ҚР-ғы кәсіпорындарды дамытудағы бизнес инкубаторлардың ролін талдау

Ақтөбе облысындағы технологиялық бизнес инкубаторлардың тиімді дамуын талдау

25

33

Кіріспе:
3:
Кіріспе: 3
3: ҚР-ғы индустриялық - инновациялық инфрақұрылымының даму ерекшеліктері
Кіріспе:

3. 1

3. 2

3:

Бизнес инкубаторлардың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасындағы бизнес инкубаторлардың дамуын жетілдіру жолдары

44

51

Кіріспе: Қорытынды
3: 62
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 64
Кіріспе: Қосымшалар
3: 66

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Келешегінен зор үміт күтетін елдер ертеңгі күнін бүгін қамдап, экономикасын қалыпқа келтірудің қамымен жүр. Солардың қатарынан Қазақстан да қалыс емес. Қазір мамандар экономиканы өрлету инновацияны дамыту арқылы жүзеге асады дегенді алға тартып келеді. Қазақтар да қалт етпей, 2010-2014 жылдарға арналған «Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын» әзірлеп қойды, яғни, уақыттың талабынан қалыс қалмай, қадам басып келе жатқан жайымыз бар.

Жалпы, индустриялық-инновациялық даму, оның ішінде инновациялық технопарктерді дамыту жайы Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында да аса маңыздылықпен жиі айтылады. Елбасының биылғы Жолдауында «Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызметкер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асып түседі. Қорытынды өте түсінікті - бізге жағдайды түзету - өнімділікті арттырып, инновацияларды ендіру керек. Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді», - деген болатын[1] .

Инновацияны енгізуде бизнес-инкубатордың атқарар рөлі ерекше. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың айқын бір өрнегі болып бизнес инкубациясы табылады. Инкубация шарттары шағын кәсіпорындарды құру мен дамыту барысында туындайтын кедергілерді жеңуде едәуір көмегін тигізеді.

Бизнес-инкубатор жаңадан ашылған кәсіпорындарға, бизнестің дамуына септігін тигізетін шаруашылық іс-әрекеттерін және офистік қызмет жүргізу үшін өндірістік және офистық, т. б. орындарды тиімді шарттар негізінде беру арқылы қолдау көрсетеді.

Бизнес-инкубатор бизнесті дамыту үшін қаржылай және техникалық жәрдем іздеуге көмек көрсетеді.

Инкубатордың офистық және кеңес қызметтерін ұсынуы, қызметкерлер саны ұлғаюының алдын алуға және негізгі қаржы көзін тартуға мүмкіншілік береді. Бұл шағын бір фирманың жұмысына қажет шығындарды азайтып, тиімді қылады. Сонымен қатар, кеңестік қызметтер, ақпараттық база және оқыту іс-шаралары кәсіпкерлерге қазіргі қалыптасып отырған ортаға төзіп бағып, дамуға көмегін тигізеді.

Бизнес-инкубаторлар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшін құрылады.

«Бизнес- инкубатор» сөзі біздің тұрмысымызға «business», «incubator» деген ағылшының екі сөзінең келген. Бізде инкубатор түсінігі дәстүрлі түрде құс өсіру және жылы түрде балапан өсірумен байланыстырады. Жаңадан бастаушы кәсіпорындармен үйлестірсек, бұл сөз жаңадан құрылушы кәсіпорындардың тәжірибе алатын және одан әрі өсіру мен нарықтағы өз ұстанымдардын нығайтуға көмек алатын орын сипаттайды.

Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң, әдетте үш жылдан соң, фирма бизнес- инкубатордан шығады және дербес өмір сүре бастайды. Бұл кезде оның қолда бар айтарлықтай тәжіриебесі мен әлеуетті бірінші кезенде өте жие орын алатын банкротқа ұшыраудан құтылуға ғана емес, сонымен бірге әрі қарай дамуына да мүмкіндік береді. Ал оның босаған орныны бизнысты нөлден бастайтын жаңа фирмалар келеді.

Қазақстандағы бизнес-инкубатор дамытудың негізгі проблемаларының бірі бизнес-инкубатордың міндеттері мен функцияларын бірыңғай және нақты түсініктерінің болмауы болып табылады.

Бизнес-инкубатордың мәнін нақты түсінбестен, олардың тұрақты дамуына дұрыс тәсілді әзірлеу мүмкін емес, бизнес-инкубатор жанынан экономиканың нақты секторынан алыстатылған кезекті таратылмайтын ғылыми зерттеу ұйымдарын құру қатері туындайды.

Инновациялық жобалардың бастамашылары - бизнес-инкубатордың әлеуметті клиенттерінің төлем қабілеті деңгейінің төмендігі операциялық шығыстарды жабу үшін жеткілікті кіріс бөлігін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.

Осы мәселе бизнес-инкубатор индустриялық-инновациялық дамудың басты буындарының бірі болып табылатындығымен байланысты айрықша көкейкестікке ие және инновациялық қызметтің субъектілерімен тікелей іс-қимыл жасайды.

Олай болмаған жағдайда бизнес-инкубаторды құру жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелерін шешуде жүйеліліктің жоқ болуы осы идеяны беделін түсіруге алып келуі мүмкін.

Өнеркәсіптік секторда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту жөніндегі бизнес-инкубаторлардың тиімсіз қызметі факторларының бірі өндірістік үй-жайлардың, қызметтің негізгі емес түрлерінің персоналдарын ұстап тұруға ақталмаған шығыстардың жоқ болуы, жеке қаражаттардың, сондай-ақ инновациялық өндірісті құруға арналған кредиттік ресурстардың жоқ болуы болып табылады.

Аталған жүйелік проблемаларды шешу мемлекеттік қолдау көрсетусіз және оларды ынталандыру бойынша жағдайлар жасау бүгінгі күні орындалмайтын нәрсе.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. ҚР-ғы бизнес-инкубатордың дамуы мен қалыптасуын реттеу және бизнес-инкубатордың дамуын жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы қазіргі уақытта ҚР-ғы бизнес-инкубатордың дамуы мен қалыптасуын және бизнес-инкубатордың дамуы мен қалыптасуын жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдеуден құралады.

Мәселенің өзектілігі, оның ғылыми өңделу деңгейі, бизнес-инкубатордың пайдалану тиімділігін арттыру сұрақтарын шешу қажеттігі және мағыналығы тақырыпты таңдауға, дипломдық зерттеу міндеті мен мақсатын белгілеуге жол ашты.

Дипломдық жұмыстың мақсаты ҚР-ғы бизнес-инкубатордың дамуы мен қалыптасуының теориялық негізделуі мен қазіргі уақытта оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдеу болып табылады.

Дипломдық зерттеу мақсатына, ҚР-ғы технологиялық парктердің даму ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

- ҚР-ғы бизнес-инкубатордың дамуының жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;

- бизнес-инкубатордың дамуы мен қалыптасуын және оның әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;

- ҚР-ғы, Ақтөбе облысындағы бизнес-инкубатордың дамуы мен қалыптасуын қазіргі жағдайына талдау жасап, тиімділік деңгейін анықтау;

- бизнес-инкубатордың дамуының тиімділігін арттырудың қажеттілігі мен оның тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу.

Дипломдық жұмыстың зертеу пәні болып ҚР-ғы бизнес-инкубатордың дамуы мен қалыптасуын реттеу мен бизнес-инкубатордың дамуы мен қалыптасуының теориялық, әдістемік және тәжірибелік аспектілері жиынтығын өңдеу болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі болып шетелдік және отандық жетекші ғалым-экономистерінің еңбектері табылады.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Бизнес инкубаторлардың жалпы теориялық - әдістемелік негіздері
1 Бизнес инкубаторлардыңжалпы теориялық - әдістемелік негіздері: 1. 1 Бизнес инкубаторлардың жалпы түсінігі және оны пайдалану мүмкіншіліктері

Қазақстанның алдында әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің санына кірудің маңызды міндеті тұр. Осы міндетті іске асырудың табысы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыруға, экспорттық әлеуетін толық ашуға және елдің географиялық орналасуын барынша тиімді пайдалануға тікелей байланысты.

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру кәсіпорындарды, бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандырудың пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады. Ол инвестициялардың ағыны, технологиялар трансферті, басқару дағдыларын жетілдіру үшін «терезе» болып табылады. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жеке сектор үшін мемлекет жасайтын жағдай ұйымдарға инфрақұрылымдық ресурстарды тартуға, өз шығыстарын елеулі қысқартуға, ал арнайы экономикалық аймақтар жағдайында жеңілдік салықтық жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бизнес инкубаторлардың негізгі мақсаты елдің, әсіресе, оның өңірлерінің инновациялық әлеуетін айқындау, ашу, дамыту, сондай-ақ инновациялық өнімдердегі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Бизнес инкубаторларды құру мен одан әрі дамыту ғылымның өндіріспен байланысын нығайту, қазіргі заманғы технологияларды енгізу, өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру және оның әсерінен жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру сияқты экономиканың бәсекеге қабілетті өңдеуші секторларын қалыптастырудағы негізгі міндеттерді шешуге арналған[2] .

Қазақстанда бизнес инкубаторларды енгізу мен жұмыс істету мынадай ерекшеліктерге ие болатын қазіргі заманғы еуропалық модель бойынша жүзеге асырылатын болады:

  • онда шағын кәсіпкерлік субъектілерін орналастыруға арналған ғимараттардың болуы, - бұл ұжымдық қызметтің барлық артықшылықты жүйелерін пайдаланатын жаңа шағын және орта инновациялық кәсіпорындардың үлкен бөлігін қалыптастыруға ықпал етеді;
  • инноваторлар үшін қажетті сервистік пакетті (бухгалтерлердің, маркетологтардың және т. б. қызметі) қалыптастыратын ұйымдардан таңдап алынатын қызмет көрсету жүйесі) .

Бизнес инкубаторларды құру мен дамытудың ағымдағы тұжырым- дамасына кейбір өзгерістер енгізген жөн.

Технологиялық бизнес-инкубаторларды, ғылыми және білім беру ұйымдарын міндетті түрде орналастыра отырып, шектеулі аумақ ретінде айқындау барынша орында болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар бизнес инкубаторларды құру үшін жер учаскелерін беретін болады және барлық инновациялық қызметке қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы бизнес инкубаторларды басқару үшін оператор компанияны айқындайтын болады.

Жүйелік тәсілдің ұсынылатын тетігі

Бизнес инкубаторлардың желісін одан әрі дамытудың шешуші қағидаттары ретінде мыналар:

  • бизнес инкубаторлар инфрақұрылымында тәжірибелік-өнеркәсіптік база құру;
  • импорттық технологияларды пайдаланумен, инновациялық бизнес-мәдениетті таратумен бірге кәсіпорындарды көбейтуге арналған қызметке екпінді қайта бағдарлау;
  • инновациялық процестің барлық кезеңінде ұлттық инновациялық жүйе шеңберінде іс-қимылдың барынша тиімді тетіктерін енгізу;
  • бизнес инкубаторлардың өңірлік университеттермен тығыз байланысын орнату ұсынылады.

Әрбір нақты бизнес инкубаторларға оператор-компания бекітілген болуы тиіс. Өңірдің ғылыми әлеуетін тату үшін ғылыми және білім беру ұйымдарын технопарктердің аумағына көшірген орынды. Бұл ғылыми әлеуетті Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) барынша белсенді тартуға, инновациялық идеяларды іске асыру мен технологияларды құруды жеделдетуге мүмкіндік береді, жастарды, ғалымдарды тартуға және идеялармен тиімді алмасу үшін орта құруға ықпал ететін болады.

Өнеркәсіптік аймақ ғылым мен өнеркәсіптің барынша тығыз байланысты болуы үшін ғылыми инфрақұрылымға іргелес орналасуы тиіс.

Инновациялық процестің барлық кезеңдерінде ұлттық инновациялық жүйе шеңберінде өзара қимылдың неғұрлым тиімді тетіктерін енгізу.

Өңірлік университеттермен бизнес инкубаторлармен тығыз байланысын қамтамасыз ету.

Әрбір нақты бизнес инкубаторларға оператор-компания бекітілген болуы тиіс. Өңірдің ғылыми әлеуетін тарту үшін ғылыми және білім беру ұйымдарын технопарктің аумағына көшірген орынды. Бұл ғылыми әлеуетті ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жұмыстарға барынша белсенді тартуға мүмкіндік береді, жастарды, оқымыстыларды тартуға ықпал ететін және идеялармен тиімді алмасу үшін қолайлы орта құруға ықпал ететін болады.

Технологиялық бизнес - инкубаторлардың жанынан сараптамалық кеңестер құрылады.

Сараптамалық кеңес қызметтің мақсаты келіп түскен жобалық ұсыныстарды технологиялық бизнес-инкубаторлардың жағдайларында қызметтерге оларды енудің бастамалықтарына ұсынудың орындылығы мәніне бағалау болып табылады.

Сараптамалық кеңес:

- инновацияларды әзірлеушілерден, кәсіпкерлерден келіп түсетін өтініштер мен жобалардың алдын ала талдауын жүзеге асырады;

- жаңашылдықты және жобаның техникалық орындаушылығын, құрылатын инновацияның нарықтық тартымдылығын, оның экономикалық орындылығын бағалайды;

- оператор-компанияға технопарктің аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру жөнінде қорытынды береді.

Сарапшылық кеңес жобалық ұсыныстарды қарастыруды бағалау мәніне қарай жүзеге асырады:

- жобалық ұсыныстың жаңалық деңгейі;

- инновация үшін нарықтың бар болуы және сыйымдылығы;

- жобалық ұсыныстардың экономикалық өңірлерді және Қазақстан Республикасын дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі;

- инновациялық жобаның бастамашы ресурстарының оның күрделілік масштабына және деңгейіне сәйкестігі;

- коммерциялануға жобалық ұсыныстардың дайындық деңгейі.

Тәуелсіз сарапшыларды тарту сараптамасы әр түрлі салада бар сарапшылар туралы ақпаратты қамтитын дерек базаларынан нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сай таңдап алынатын мамандармен өткізіледі.

Сыртқы сараптаманың мақсаты жобалық ұсыныстың техникалық бағалауы, яғни ұсыныстарды бар ұқсастықтармен салыстыру, жобаны іске асыруды талдау, инновациялық жоба бастамашысымен мәлімденетін техникалық сипаттаманы растау болып табылады.

Тәуелсіз сараптама нақты жобалық ұсыныстар үшін сарапшылар ретінде айқындалған кем дегенде үш маманды технопаркқа орналастыруға нысандандырылған өтінімдерді жіберудің көмегімен ұйымдастырылады.

Тәуелсіз сарапшыларды тарту, сонымен қатар инновациялық жобаны іске асыруда мүдделі ұйымдар үшін ақылы негізде көрсетілетін бизнес инкубаторлардың өзіндік қызметтері болып табылады.

Бизнес инкубаторларды басқару.

Оператор-компанияны жергілікті атқарушы орган айқындайды, инновациялық қызметтің әлеуетті субъектілерін тарту жолымен аумақтық инновациялық ортаны қалыптастырады, бизнес инкубаторлардың аумағында орналасқан жеке сектормен, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарының арасында технологияларды беру мен ақпараттармен алмасуда көмек көрсетеді.

Оператор-компанияның құзыреті мыналар:

  • бизнес инкубаторлардың аумағына жіберілген инновациялық қызмет субъектілерінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы технопаркті басқару;
  • инновациялық қызметті қалыптастыру мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • бизнес инкубаторлардың құрылысының жобасын уәкілетті органмен келісу;
  • бизнес инкубаторларды дамытуға қатысу үшін инновациялық қызметтің әлеуетті субъектілерін тарту;
  • инфрақұрылымдық ресурстарға пайдаланушылық қызмет көрсетуді;
  • бизнес инкубаторлар аумағында орналасқан мемлекеттік органдармен қарым-қатынастағы инновациялық қызмет субъектілерінің қызығушылығын білдіру;
  • бизнес инкубаторлардың аумағында орналасқан жеке сектормен, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарының арасында технологияларды беру мен ақпараттармен алмасуда көмек көрсету;
  • Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына қарама-қайшы келмейтін өзге де шаруашылық қызметін жүргізу.

Арнайы экономикалық аймақ режимінде бизнес инкубаторларды құру [3] .

Арнайы экономикалық аймақ режимінде бизнес инкубаторларды құру жағдайында, Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

Әкімшілік барлық меншіктік кешеннің иесі ретінде шығу тиіс, бірақ бұл ретте ҒЗТКЖ-ны өткізу үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жергілікті өңірлік басқару университетіне, ал арнайы экономикалық аймақ ны басқару операцияларын және толықтыру функцияларын арнайы оператор-компаниясына тапсыруды қамтамасыз ету тиіс.

Осылайша, технопарктерді құру өлшемі:

1) ҒЗТКЖ және өнеркәсіп аймағындағы ғылыми-зерттеу инфра- құрылымның кешенінің бар болуы;

2) көбейтілген өндірістер үшін тәжірибелі-өнеркәсіптік негіздің бар болуы;

3) бизнес инкубаторларды ғылыми инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде ЖОО-ның қатысуы;

4) технологияларды тасымалдау және коммерциялау арқылы жаңа бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауар, жұмыс және қызметтер өндірістерін құру;

5) саланы, өңірді және кәсіпкерлікті дамыту есебімен перспективалық болуы тиіс.

Шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пәрмендi тетiктерiнiң бiрi бизнес-инкубация процесi болып табылады, яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау әлi күрделi, оларды дамытудың әлi ерте, қауіптi кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс.

Инновациялық жүйенi қалыптастырудың бастапқы барысында инновациялық кәсiпорындарды дамытудың бастапқы барысында жинақталған, инновациялық инфрақұрылымның бөлiгi болуы тиiс, «технологиялық бизнес-инкубаторлардың» жүйесiн қазақстанда құру инновациялық кәсiпкерлiктi дамытуда мемлекеттiң басты мiндеттерiнiң бiрi болады.

Технологиялық бизнес-инкубаторлар дербес бiрлiк және технологиялық парктердiң бөлiгі ретiнде көрiнiс бередi.

Бұдан өзге, инновациялық компанияларды қаржыландыру желiсi бойынша технологиялық бизнес-инкубаторлар қаржыландырылатын жобаларды басқару және оларды ағымдағы мониторинг бойынша ұиж агентiнiң функциясын орындайтын болады. Осы функцияларды iске асыру үшiн технологиялық бизнес-инкубаторлар бiлiктi менеджерлердiң, бухгалтерлердiң, экономистердiң және заңгерлердiң штатына ие болады. Бұл ретте, технологиялық инкубаторлардың қызметi инкубацияланатын шағын инновациялық компаниялар үшiн тегін болады. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың бiрiншi кезеңдегі оларда орналастырылған инновациялық кәсiпкерлер мен инновациялық фирмаларға, ғзткж-ға мемлекеттiк гранттарды алушыларға қызмет көрсетумен байланысты шығындарын тиiстi даму институттарын капиталдандыру жолымен мемлекет өтейтiн болады.

Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай функцияларды орындауы тиiс:

1. Жаңа технологиялық компанияларды ұлғайту және оларды «start-up» кезеңiнде қолдау, өйткенi инкубаторлар кәсiпорынды басқаруда тұрақты көмек көрсететiн болады, қаржыландыруға қол жеткiзуге және кәсiпорынды бизнестi жоспарлау, бухгалтерлiк және заңгерлiк мәселелерiнде маркетингтiң жоспарларын жасау кезiндегi көмектi қоса алғанда, қажеттi қызмет пен технологиялық көмектiң кешенiн қамтамасыз етедi.

2. Компания иелерiн инновациялық менеджмент негіздерiне оқыту.

Практика көрсететiндей, технологиялық инкубаторлар кәсiпорындарға кез-келген басқа жерде бастайтын кәсiпорындармен салыстырғанда, олардың дамуын 7-12 есе жылдамдата отырып, «жедел мәре» бередi. Инкубаторлар бұған арнайы дайындалған мамандардың, рәсiмдердiң және әдiстердiң көмегiмен қол жеткiзедi.

2007 жылға дейiнгi кезеңде технологиялық парктердiң құрамынан қазақстанның әртүрлi өңiрлерiнде және қазақстанның жетекшi техникалық, аграрлық және медициналық жоғарғы оқу орындарының жанынан кем дегенде 12 арнайы технологиялық бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанындағы 8 оқу орталықтарын құру болжануда.

Жетекшi технологиялық жоғары оқу орындары жанынан бизнес инкубаторлар мен технопарктер құру қазақстандық әзiрлеушiлер ұсынатын барлық инновациялық бастамаларды бiрте бiрте қамтуға алып келедi деп болжанады, бұл жыл сайын 300-ден астам жобаларды құрайды.

Инновациялық процестi басқарудың көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлардың желiсiн құру:

- технологиялық бизнес-инкубаторлардың аумағында жоғары технологиялық кәсiпорындардың ұиж гранттық қаржыландыруы үшiн қажеттi материалдық ресурстарды жинақтауға;

- инновациялық циклдың ұзақтығын қысқартуға мүмкiндiк беретiн басқару шешiмдерiн жедел қабылдауға;

- инфрақұрылымды ұстап тұруға жүк-құжаттама шығыстарының деңгейiн азайтуға;

- инвестициялық шешiмдердi қабылдауда бюрократиялық рәсiмдердiң санын қабылдауға;

- инновациялық кәсiпорындардың басқару құрылымын оңтайландыруға;

- инновациялық жүйеде бiлiмдi алмастыру және беру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi.

Бизнес-инкубаторларда жұмыс үшiн компаниялар мен инновациялық кәсiпорындарды iрiктеу өтiнiш берушiнiң жеке басына, ғылыми дәрежелерi мен атақтарының болуына қарамастан жобалар мен идеялардың конкурсы ретiнде конкурстық негізде жүргізiлетiн болады.

Бизнес-инкубаторлар өткiзетiн және ұйымдастыратын осы жобаларды рәсiмдеу, ғылыми-техникалық сараптама жасау, экономикалық есептерiн жүргiзу әлемдiк практика көрсететiндей, құрылатын технопарктерде орналастыру қажеттілігі кезiнде және ұиж қаржыландыру үшiн мәлiмделген жобалардың 5-10 %-ы iрiктеуге алып келедi.

Бизнес инкубаторлардың деңгейлер бойынша олардың ұлттық иннова- циялық қор элементтерi мен қатысушыларына бөлу қазақстанның инновациялық дамуының жағдайы үшiн мейлiнше қолайлы болып табылады:

- ұлттық ғылыми-технологиялық парктер;

- өңiрлiк технологиялық парктер.

Ұлттық ғылыми-технологиялық парктер нормативтiк құқықтық актілердiң ережелерiне сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму үшiн басымдықты болып табылатын салаларды, өңiрлердi, білiм беру салаларын қарқынды (жедел) дамытуды қамтамасыз ету үшiн құрылады.

Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердiң аумақтарындағы инновациялық қызметтi ынталандыру үшiн қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтар мәртебесi берiледi.

Өңiрлiк технопарктер инновациялық әлеуеттi, өңiрдiң инновациялық қабiлеттiлiгiн айқындау, ашу және дамыту, өңiр экономикасының инновациялық өнiмдерге қажеттiлiгін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Мемлекеттiк бюджеттiң қаражатын пайдалануды жоспарлау мақсатында ұлттық сол сияқты өңiрлiк технопарктердi құру мен дамыту кезiнде технопарктердi құру мен дамытудың бағдарламасы қалыптасады.

Таяудағы екi жыл «ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын дамытудың негізгi бағыттары екiншi кезектегi құрылысты жалғастыру болып табылады, арасында биотехнологиялар паркi, ядролық технологиялар паркi, жаңа материалдар паркi, агротехнологиялар паркi және т. б. бар. 2005-2006 жылдары құрылатын басқа ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi дамытудың нақты бағыттары тиiстi құжаттарды әзiрлеу және бекiту барысында айқындалатын болады. Мұндай құжаттар қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшiн басымдықты ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi құрудың мүмкiндiктерi мен мақсатқа сай болуының тұжырымдамалары, техникалық-экономикалық негіздемелерi, ұлттық технопарктердi дамыту жөніндегі iс-шаралар жоспары болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы.Бизнес-инкубаторларды дамыту бағдарламалары.Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы
Индустриялық–инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары
Ұсақ бизнес: мән – мазмұны, ерекшеліктері
Инновациялық қызметтің ұйымдық құрылымдары
Шағын бизнестің: мән – мазмұны, ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz