Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеудің тәсілдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ4

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІ ЗЕРТТЕУ МӘНІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ . . . 6

  1. Қаржы нарығын реттеуді теориялық негіздері. . …. . 6Қаржы нарығын реттеу мәні және оның қызмет түрлері. 8Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеудің қағидалары . . . 16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ НАРЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ23

  1. Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеудің тәсілдері . . . …. 23
  2. Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеудің түрлері . . . 30
  3. Қазақстан Республикасының Қаржылық нарығы мен қаржылық ұйымдары қадағалау жөніндегі агенттігінің қызмет көрсету функциялары…. 32

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫДАН РЕТТЕУШІ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ . . . 41

  1. Қазақстандағы қаржылық нарықты мемлекеттік реттеуші органдардың құзырлығы. 41
  2. Қазақстан Республикасының Қаржылық нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру жолдары. ……48

ҚОРЫТЫНДЫ. . …. . 54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар. Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, валюта нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңда қызмет етуі аталған жұмыстыңзерттеу объектісі болып табылады.

Қаржы нарығы нарықтық экономиканың ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде қоғамдық дамудың таңдаған жолына байланысты қаржы нарығын реттеудің әр түрлі үлгілерін ерекше атауға болады.

Осы процесс мемлекетпен қабылданған әлеуметтік-саяси бекітулерді шешуге бағытталған.

Мысалы, Қазақстанда мұндай бекітулер халықтың өмірлік деңгейін жүйелі түрде көтеру, шаруашылық жүргізуде нарықтық және мемлекеттік үлгілерді синтездеу негізінде әлемдік қауымдастықта елдің экономикалық және саяси рөлін қалпына келтіру, экономиканың нарықтық дамуы және мемлекеттің реттеушілік рөлінің сәйкестігі болып табылады.

Қаржы нарығын реттеу деп - қатысушылардың қызмет көрсету процесінде пайда болатын қатынастарын реттеу, сондай-ақ олармен осы қызметтерге өкілетті ұйымдар тарапынан операцияларды жүргізу, олардың барлық қатысушыларын, қызметтерінің барлық түрін қамтитын қатынастарды айтамыз.

Қаржы нарығын реттеу бірқатар бағыттар бойынша қаржы нарығының әрбір кәсіби қатысушысының міндеттері мен құқықтарын анықтайтын заңдар мен басқа да нормативтік актілердің орындалуын талап ету мақсатында жүргізіледі.

Зерттеудің мақсаты- Қазақстан Республикасындағы қаржылық нарықты мемлекеттік реттеу.

Диплом жұмысының мақсатына сәйкес келесідей міндеттер орындалды :

  • Қаржы нарығын реттеудің зерттеу мәні, қызметтері және қағидаларын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы қаржылық нарықты мемлекеттік реттеу;
  • Қазақстан Республикасының қаржылық нарығын мемлекеттік тұрғыдан реттеуші органдардың қызметіне талдау жасау.

Зерттеудің пәні - Қазақстандағы қаржылық нарықты мемлекеттік реттеуші органдардың құзырлығы.

Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының Қаржылық нарығы мен қаржылық ұйымдары қадағалау жөніндегі агенттігінің қызмет көрсету функциялары.

Диплом жұмысының тақырыбының зерттелу деңгейі. Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеуге қатысты олардың құралу көздерін зерттеу, жеткен жетістіктері, проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Әсіресе мынадай ғалымдарды атап өтуге болады: Ж. Т. Бекболатұлы [1], А. Х. Орманбаев[7], Ғ. С. Сейтқасымов [52], Ш. А. Смагулова [18], Л. И. А, Э. Д. Долан [48], Кемпбелл [41], Н. А. Мамыров[50] .

Бірақ нарықтық экономикадағы жаһандану процесінің одан әрі белең алуы бұл тақырыпты одан әрі зерттеуді талап етеді. Сондықтан бұл зерттеу тақырыбының анықталады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері - зерттеу тақырыбына қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, заңдар, Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заң және нормативті құжаттар, ҚР қаржы Министрлігінің нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстары, ғылыми мақалалар мен статистикалық материалдар құрайды.

Зерттеу әдістері - дипломдық жұмыста ғылыми абстракция, синтез, гипотеза, индукция, талдау және салыстырмалы трендтік талдау әдістері қолданылған.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы - Қазақстан Республикасының Қаржылық нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру, қалыптастырудың дамытылған теориялық негіздері кең көлемде қарастырылып, жетілдірудің нақты авторлық көзқарастары ұсынылған.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы - Қаржы нарығын реттеудің зерттеу мәні, қызметтері және қағидаларын анықтау, Қазақстан Республикасындағы қаржылық нарықты мемлекеттік реттеуді зерттеу және Қазақстан Республикасының қаржылық нарығын мемлекеттік тұрғыдан реттеуші органдардың қызметіне талдау жасау.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттері тізімінен және қосымшалардан құралған.

Бірінші тарауында, Қазақстан Республикасының Қаржылық нарығы мен қаржылық ұйымдары қадағалау жөніндегі агенттігінің қызмет көрсету функциялары.

Екінші тарауда, Қазақстандағы қаржылық нарықты мемлекеттік реттеуші органдардың құзырлығы.

Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасының Қаржылық нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру жолдары қарастырылды.

Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижесі қорытындыда жинақталған.

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІ ЗЕРТТЕУ МӘНІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. 1 Қаржы нарығын реттеуді теориялық негіздері

Әлемдік тәжірибеде коғамдык, дамудың тандаған жолына байланысты каржы нарығын реттеуді әр түрліүлгілерін ерекше атауға болады.

Саудаға қатысушылардың кызметін реттейтінөкілетті органдар: эмитенттер, инвесторлар, кәсіби қор делдалдары, нарық, инфрақұрылымының ұйымдары.

Осы процесс мемлекетпен қабылданған әлеуметтік-саяси бекітулерді шешуге бағытталған. Мысалы, Қазақстанда мұндай бекітулер халықтыңөмірлік деңгейін жүйелі түрде көтеру, шаруашылық, жургізуде нарықтық, және мемлекеттікүлгілерді синтездеу негізінде әлемдік қауымдастықта елдің экономикалық, және саяси рөлін қалпына келтіру, экономиканың нарықтық дамуы және мемлекеттің реттеушілік рөлінің сәйкестігі болып табылады.

Қаржы нарығын реттеу деп - қатысушылардың қызмет көрсету процесінде пайда болатын қатынастарын реттеу, сондай-ақ, олармен осы қызметтерге өкілетті ұйымдар тарапынан операцияларды жургізу, олардың барлық, қатысушыларын, қызметтерінің барлық, түрін қамтитын қатынастарды айтамыз.

Қаржы нарығын реттеудіңқағидалары:

- эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби реттеуден жолдарын бөлу;

- барлык, ақпараттарды барынша ең жоғары шамада ашу;

- ету;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың арасында реттеу кызметін оңтайлы бөлу;

- заңды және нормативті актілерді жасағанда өкілетті бөлу және жария ету.

Қаржы нарығын реттеу бірқатар бағыттар бойынша қаржы нарығының әpбip кәсіби қатысушысының міндеттері мен құқықтарын анықтайтын заңдар мен басқа да нормативті актілердің орындалуын талап ету мақсатында жургізіледі[1] .

Ол бағалы қағаздардың шығарылуын тіркеуден бастап, қаржы нарығын реттеу бойынша мемлекеттік басқару аяқталады.

Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеу- бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан терең экономикалық қайта ұйымдастырулар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізінде жатқан постулаттар мен қалыптасқан стереотиптерге сынмен қарауға мәжбүр етті.

Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеу жағдайында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдылықтарын зерттеу экономикалық қызметті басқарудың тиімді әрекет жүйесін құруға жол ашты.

Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеу негізі шаруашылық байланыстары мен өзара әрекеттестіктері мақсатты бағытталған тәртіпке келтірудің процесі ретінде оның маңызын көрсетеді.

Өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік реттеу бұл нарықтық қатынастар жүйелері мен субъектілеріне мемлекеттік мақсатты бағытталған ықпал етуі.

Ол нарықтың өзін -өзі реттеу механизмімен бірлесіп, аймақтық экономика дамуының қуатты фыакторы ретінде қатысады.

Мемлекеттік реттеу - бұл нарықта жүргізілетін процестердің мемлекеттің экономикалық саясатына бағыныстылығы.

Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеу елдердің тәжірибесі экономикаға мемлекеттің белсенді араласуының объективті қажеттілігіне куәлік етеді.

Ол қоғамдағы мемлекет пен нарық субъектілерінің ортақ және өзара қарама-қайшы мүдделерінен көрініс табатын өндірістік қатынастарға негізделген.

Бірақ та, тиімді мемлекеттік реттеу оған сәйкес келетін жағдайлар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Бұлардың ең бастылары:

1. Экономикадағы, қаржы, заң шығару, ішкі және сыртқы саясаттардағы негізгі стратегиялық бағыттарды қалыптастыру, мен олардың ықпал етуінде, басқаруда мемлекеттің басты тетіктерді өзінде қалдыруы;

2. Экономиканың мемлекеттік секторының, яғни тікелей мемлекеттік реттеу объектілерінің бар болуы (қорғаныстық өнеркәсіп, көлік, байланыс) ;

3. Мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін атқаруы үшін аймақтық, салалық және әлеуметтік бөлімдердегі орталықтандырылған қорлар арқылы бөлінетін, елеулі қаржы ресурстарын шоғырландыруы.

Нарықтың түрлендірілуге арналған стратегиялық курсты Республика Президенті анықтап берді. Өтпелі рыноктық экономиканы дамытудың тұжырымдамалық негіздері отандық тауар өндірушіге талғамалы көмек беру, экономикалық даму индикаторларын іске қосуда, реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету және осы негізде тиімді әлеуметтік саясатты жүргізу болып табылады.

Ұлттық валюта теңгені енгізумен 1993 жыл Қазақстанның тәуелсіз экономикасының дамуының басталған уақыты деп есептеуге болады. Бұдан әрі Қазақстан мысалында экономиканың рыноктық дамуының көкейкесті мәселелерін қарастырамыз[2] .

Өзінің дамуының 8 жылы ішінде Қазақстан экономикасы ТМД басқа да елдері, оның ішінде Ресей сияқты елеулі реформаларды басынан өткерді. Әрбіреуі өз ерекшеліктеріне ие тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуын 4 кезеңге: 1993-1995жылдар, 1996-1997жылдар, 1998-2000 жылдар, 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін деп бөлеміз.

Бүгінгі күні айналысқа жаңа табиғи ресурстарды тарту есебінен өнім өндірісі мен кызметтер көрсетудің қарқынды өсу мүмкіндігі өте шектеулі екені белгілі болды. Осыған байланысты шикізат қүраушылар үлесін өнеркәсіптің өңдеу саласының жоғары технологиялық өніміне алмастырусияқты дамудың қаркынды факторлары елеулі мәнге ие болады.

Экономикасы дамыған шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, мемлекет мынадай негізгі функцияларды атқаруы қажет:

- қаржы нарығын дамыту тұжырымдамасын жузеге асыру;

- қаржы нарығын дамыту үшін заң акттілерін жасау және жетілдіру;

- нарықтың қызмет ету нормаларын жасау және оларды жаңартып отыру;

- инвестициялық институттардың қаржылық жағдайын бақылау.

Реттеу процесі алғашқы және қайталамалы нарықтарда жүргізіледі. Алғашқы нарыөта мемлекеттік реттеудің міндеті айналымға қаржылық құралдарды шығарғанда және оларды тipкeгенде біркелкі талаптарды қолдау. Қайталамалы нарықта мамандандыру туралы куәліктер, сонымен қатар қаржы нарығында кызметті жүргізуге құқық беретін лицензия беріледі және нарықтың кәсіби қатысушыларының аттестациясы жүрпзшеді[3] .

Қаржы нарығын реттеудің мақсаттары:

- қаржы нарығының барлық қатысушыларының жұмыстары үшін тәртіпті ұстану және оларға жағдай жасау;

- қатысушыларды әділетсіз және алаяқ жеке тұлғалардан немесе ұйымдардан қорғау;

- сұраныс және ұсыныс негізінде қаржылыққұралдарға еркін және ашық баға белгілеу процесінқамтамасыз ету;

- кәсіпкерлікүшін ынтасы бар және тәуекелге тиісті сыйақы беретін тиімдіқаржы нарығын құру;

- қоғамдық мақсаттарға жету ушін нарыққаәсер ету;

- жаңа нарықтарды ұйымдастыру, олардыңқұрылымын, бастауларын қолдау.

Реттеушінің негізгі мақсаттары: қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қаржы жүйесіне сенімді қол- дау көрсету қаржы қызметтері тұтынушыларының мүдделерін тиісті деңгейде қамтамасыз ету, қаржы нарығында әділ бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасау.

1. 2 Қаржы нарығын реттеу мәні және оның қызмет түрлері

Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықты қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл зерттеу және сегменттеу жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады.

Кез-келген елдің зерттеу және сегменттеу жүйесіндегі мемлекеттің ролі оның қызметі арқылы байқалады. Зерттеу және сегменттеу қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет:

Біріншіден, қаржы нарығын реттеуде мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады: стратегиялық, зерттеу және сегменттеу, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлау;

Екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т. б. объектілер;

Үшіншіден, қаржы нарығын реттеудегі жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықты зерттеу және сегменттеуда монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;

Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қаржы нарығын реттеу мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, зерттеу және сегменттеуны тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;

Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға-оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз.

Қаржы нарығын реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсатты бағыт беру әдісі. Ол қаржы нарығын реттеу қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді.

Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды.

Реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай жіктеуге болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықты тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай-тікелей және жанама.

Реттеудің тікелей тәсілі зерттеу және сегменттеу процестің өзіне және оның параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады. Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраныс төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады[4] .

Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанымен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар зерттеу және сегменттеу қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады.

Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік типі мен объектіге әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.

Қаржы нарығын реттеудіңең маңызды инструменттеріне мыналар жатады:

  • Фискалдық саясат.
  • Несие-ақша саясаты.
  • Баға мен табысы реттеу саясаты.
  • Әлеуметтік саясат.
  • Сыртқы зерттеу және сегменттеу саясат.
  • Әкімшілік реттеу.
  • Қысқа мерзімді реттеу.
  • Ұзақ мерзімді реттеу.
  • Аймақтық реттеу.

Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.

Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады. Салықты реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:

- кейбір зерттеу және сегменттеу процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында салық ставкасын өзгерту.

- ставканы өзгертпей сақтай отырып, салық төлемі ережесін өзгерту.

-салық жеңілдіктерін алып тастау немесе ендіру.

Несие-ақша саясаты. Келесі түрлері жие қолданылады:

- банктің есептеу ставкасын өзгерту.

- эмиссиялық банктегі міндетті минималды салымның көтерілуі.

- «ашық нарықтағы операциялар».

Баға және табыстарды реттеу саясаты. Фискалды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.

Әлеметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады.

Сыртқы зерттеу және сегменттеу реттеуге мыналар енеді: мемлекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия.

Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады, мысалы, қоғамдық, қолдану салаларын реттеу, қор биржасы мен несие банк мекемелеріне әкімшілік бақылау, жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау.

Қысқа мерзімді реттеудің негізгі мақсаты-бағаның тым қарқынды өсуімен күресу, инфляцияны тоқтатуға күш салу болады. Оны дефляциялық саясат деп те атайды. Ұзақ мерзімді реттеудің мақсаты зерттеу және сегменттеудің белгілі ұзақ өсу қарқынын қолдау, оны зерттеу және сегменттеу өсу саясат деп те атайды[4] .

Тікелей әсер ету тәсілі мемлекет тарапынан келесідей реттеуді ұсынады, яғни бұл ретте экономиканың субъектілері, ерікті экономикалық таңдауға емес, мемлекеттің жазбаша өкіміне негізделген шешімге келуге мәжбүр. Жанама әсер ету тәсілінде мемлекет қабылданатын шешімге тікелей әсер етпейді, тек алғышарттарды ұсынады.

Тікелей тәсілге субвенциялар, демеу қаржылар, мемлекеттік тапсырыстар, бағалар, инвестициялар және т. б. жатады. Жанама тәсілге - қаржылық, салық реттегіштері жатады. Әкімшілік тәсілдер тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу шараларына бөлініп, мемлекеттік билік күшіне негізделеді.

Экономикалық тәсілдер қаржы-несие қаражаттары және бюджеттік саясат болып бөлінеді. Әкімшілік иінтіректердің жиынтығы құқықтық инфрақұрылымды қамтамасыз етумен байланысты реттеуші іс-әрекеттерді қамтиды.

Әкімшілік шаралар тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу болып бөлінеді. Олардың қызметі - іскерлік жағдайда өмір сүру үшін тұрақты заңды жай-күйді қамтамасыз ету, бәсекелес ортаны қорғау, меншік құқын және экономикалық шешімдерді еркін қабылдау мүмкіншіліктерін сақтау.

Институциондық шараларға мыналар жатады: мемлекеттік биліктің атқарушылық құрылымдарын қалыптастыру, экономикалық бағдарламаларды және болжамдарды дайындау, экономиканың түйінді мәселелері бойынша сараптау кеңестері және кеңесшілері институттарының қызмет етуін қамтамасыз ету, экономиканың түйінді мәселелері бойынша зерттеу орталықтарына, басқа да экономикалық акпарат институттарына қолдау көрсету. Көлік жиынтығында тікелей қолданылатын мемлекеттік реттеудің тәсілдерін сараптау кезінде, жоғарыда керсетілген тәсілдердің жіктелуімен қатар жалпы қабылданған әдістердің түрін біршама өзгертетін өзге тәсілдер ұсынылады.

Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жұріп отырады.

Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп қаржы нарығын реттеу субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін қүрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады.

Нәтижесінде, жабайы өндірушінің қаржы нарығын реттеу субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады[5] .

Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А. Курно (1801-1877ж. ж), экономист А. Маршал (1842-1924ж. ж) береді. «қаржы нарығын реттеуде заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі нақты сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.

Ағылшын экономисі У. Джевонс(1835-1882ж. ж) қаржы нарығын реттеу критериі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығына» назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарық болады. Байқасақ, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.

Қаржы нарығын реттеу мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек.

Біріншіден, қаржы нарығын реттеу деген түсінік, бұл айырбас айналыс сферасында орын алады.

Екіншіден, қаржы нарығын реттеу өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын, қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

Айналыспен катар, қаржы нарығын реттеу мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу туралы ақпарат
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Табиғат, экономика, мемлекет және құқық
Нарықтың әлеуметтік – экономикалық мазмұны
Оқу тәжірибесінің қорытындысы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz