Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және аймақтық бизнес саясат негіздері

1. 1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және маңызы

1. 2 Аймақтық бизнес саясатын жүзеге асыру механизмдері

1. 3 Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі

II Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі жағдайы

2. 1 Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау

2. 2 Аймақтық бизнес саясатының орындалу барысын талдау

III Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің даму болашағы мен мемлекет тарапынан қолдау шаралары

3. 1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау

32. Шағын кәсіпкерліктің даму кедергілері және оны шешу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Кез келген елдің экономикасының динамикалық өсуінің, дамуының қозғаушы күші - кәсіпкерлік. Яғни, шағын және орта бизнес экономикалық дамуда маңызды рөл атқарады. Мәселен, экономикасы дамыған шет елдерде өнімнің 50 пайыздан астамын шағын және орта бизнес құрайды. Сондықтан да олар дағдарыстан қиналмай өтеді.

Президентіміз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының қорытынды бөлімінде мынадай сөздер айтылған: «Халқымызда «Ынтымақты елде бақ тұрар» деген дана сөз бар. Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік». Егер біз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығара отырып, халықпен бірге жұмылдара еліміздің өркендеуіне атсалысар болсақ, әлемнің алып мемлекеттері мен төңірегіміздегі елдер бізбен санасатын болады.

Сонымен қатар, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында мемлекеттік әлеуметтік саясаттың 20 басымдығы тұжырымдалды.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің жаңаруының стратегиялық бағытын анықтайтын негізгі құжат болып танылды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14 жетоқсанындағы Қазақстан халқына Жодауында «Қазақстан - 2030» стратегиясының ережелеріне тұжырымдамалық баға бере отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуына перспективті көзқарасын білдірді

Сондықтан да, жоғарыда айтылған мәселелер аясында қол тигізер үлкен жетістіктер мен оң нәтижелерге үміт артайық.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы, ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын кәсіпкерлік Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын кәсіпкерлікті дамыту өте қолайлы. Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын кәсіпкерлік инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.

Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнес - шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика шағын және орта бизнесті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауға бар мүмкіндігін жұмсауда. Дегенменде мемлекет тарапынан шешілмей жатқан түйіткілдерде бар. Мәселен Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясын, оның даму барысындағы проблемаларды шешу жолдарына арналады. Шетел тәжірбиесін зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиімді тәжірбиені іс-жүзінде орындау және ондағы кемшіліктерді түзетіп, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікке ыңғайлы етіп қолданысқа енгізу. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік талдау, бұнда олардың даму тенденциясы, әлеуметтік жағдайға ықпалы, қаржы және несиелендірудегі кемшіліктер.

Кәсіпкерлікті дамыту, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың экономикада жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды - шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі өсім сапасы қанағаттанарлық дәрежеде емес. Сапалы өсімнің жүзеге асырылмауы жоғары технологиялардың дұрыс пайдаланылмауынан болып отыр.

Сондықтан, Президент Н. Ә. Назарбаев 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін атап өтті.

Себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.

Шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдейді. Статистика агенттігінің мәліметтерінде республиканың біраз аймақтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс саласының даму қарқыны төмен екені көрініп отыр. Сонымен қатар, сыртқы әлемдік ортадағы қаржылық дағдарыстың жүруі Қазақстан экономикасы үшін даму тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске асыруды қажет етеді. Сондықтан, индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір сүрудің және әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: мәнін ашу және ұсыныстар жасау

Дипломдық жұмыстың міндеті мазмұнын ашу

- шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық алғы шарттарын зерттеу;

- шағын және орта кәсіпкерлік секторын сараптамалау мен зерттеудің құрал-жабдықтарын анықтау;

- аймақтың статистикалық деректерінің сараптамасын өткізу;

- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын басқарудың әдістерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау;

- шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерінің басым бағыттарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың объектіс

  1. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және оның экономикада алатын орны

Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өту кезінде шаруашылықтың әртүрлi формаларын ұйымдастыруда оның ең маңызды бөлiгi шағын кәсiпкерлiк болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнес - манызды роль атқарады. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.

Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің алдына дейін өңделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерилерінің, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылған ұғымдық аппаратының жоқтығын атап өтті. және шағын кәсіпкерліктің мәнін анықтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін ашып айқындау, содан кейін ғана «шағын кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нақтылау керек, деді.

Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсианстік, необерализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән.

Ғылыми термин түсінігінде «кәсіпкер» экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисті, банкирі Ричард Кантильон енгізді. «Кәсіпкер - бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты ерекшелік - тәуекелділік» - деген.

Кәсіпкерлік ұғымын зертеуге тұңғыш ден қойғандар «саяси экономиканың» ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері. Негізін салушы Ф. Кенэ (1694-1774) . Ол былай деген : «Жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер қоғамдық өнімді өткізуде басты роль атқарады».

ХХ ғасырдың басындағы капиталистік елдер экономикасының шапшаң өсуі және ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдардағы әлемдік дағдарыстар кәсіпкерлікке қатысты жаңа баптардың пайда болуына әкелді. Мұнда әйгілі экономист Йозеф Шумпетерді атап өту керек.

Й. Шумпетер кәсіпкерлер деп әр түрлі комбинацияларда экономикалық жаңашылдықпен айналысатын адамдарды атады. Оның пікірі бойынша, кәсіпкерлік қызмет адамға мәңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне байланысты.

А. Смит шағын кәсіпкерлік пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған екен: « . . . ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді. »1.

Осылайша ғасырлар бойы кәсіпкерліктің теориялық негіздемелері дамып отырды. Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: «Кәсіпкерлік - бұл, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті - құқықтық базаның жетілдіруімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық - коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдық тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде.

Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында заңдылық негіздері 1990 жылдардан құрала бастады. Бұл бизнес түрінің дамуына заңдар қабылданды, сонымен қатар заңдылық және басқа да нормативті құқық актілері қабылданып, іске асуда. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуы дамуы туралы түрлі сұрақтар қамтылуда, ол: шаруашылық серіктестерінің дамуы, акционерлік қоғам; тұлғалық кәсіпкерлік; лицензиялау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т. б.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік көптеген түрде дамуда. Қызметтің туындауына қарай - өндірістік, коммерциялық, қаржылық, меншік сипатына қарай - жеке меншік, біріккен; ұйымдастыру нысаны бойынша - тұлғалық, ұжымдық (серіктестік, АҚ) ; шаруашылық субъектілері бойынша - ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Кәсіпкерлік түрлері 1 суретте берілген.

Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және апарат беру, рухани құндылық жасау т. б. бағытталған қызметтер жатады.

Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар ақша қатынастары, тауар айырбастау

операциялары жатады.

Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, сондықтан оның сатып алу, сату айрықшылығы - ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т. б. ) яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі.

Мемлекеттік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау түрі кең ауқымды жүріп жатыр.

Нарықтың әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта өркендеуі, экрномиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау ұлттық экономикадағы ролі мен орнын анықтауда қызығушылық туғызады.

Шағын кәсіпкерліктің нарық жағдайында алатын орны зор. Мысалы Мәскеу мемлекеттік Университетінің еңбегі сіңген профессоры В. А. Рубе шағын кәсіпкерлік «кәсіпорын иесінің еңбекке және кәсіпорынды басқаруға қатынасымен, оның персоналмен қарым - қатынасқа түсу дәрежесімен анықталады деген. Және оның пікірі бойынша, шағын кәсіпкер бір тұлғада меншік иесі және басқарушы, сонымен бірге өндіріс процессінің тікелей қатысушы, әрі басқа жұмыскерлермен әрқашан байланыста болады. Бұл пікір мен келісуге болады.

Халықаралық банктің мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу көрсеткіштерінің саны 50- ден асады. Соның ішінде көп қолданылатыны - жұмыс істейтіндердің орташа саны, жылдық айналым, активтер шамасы. Бірақ барлық дамыған елдерде негізгі көрсеткіш ретінде жұмыс істейтіндер саны алынады.

Құрамына экономикасы жоғары дамыған елдер кіретін халықаралық экономикалық байланыс және даму ұйымы (ОЭСР) саны 19 - ға дейін - «өте шағын», 99 - ға дейін - «шағын» ретінде, 100 ден 499 адамға дейін - «орташа» және 500 - ден аса - «ірі» деп кәсіпорындарды анықтайды.

Қазақстан Республикасының «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар

және қызметкерлернің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын активтердің жалпы саны алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Яғни шағын кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий бойынша анықталады: жұмыскерлердің орташа саны және активтердің жалпы құны.

Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер, сондай- ақ мынадай ұйымдық- құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін:

- толық серіктестік;

- коммандиттік серіктестік;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

- өндірістік кооператив.

Шағын кәсіпорындар 2 типке бөлінеді: өсу үшін шектелген мүмкіндіктері бар қарапайым кәсіпорындар- иесіне қолайлы өмір деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті. Оларға:

  1. кеңес берушілер, гүл дүкендері, пиццериялар жатады.
  2. жаңа тез өсетін кәсіпорындар. Олардың мақсаты- шағын кәсіпкерлік аясынан тезірек шығу. Олар: құрылыс, медициналық қызмет, экологиямен, клиенттерге жеке қызмет көрсетумен байланысты фирмалар.

1 сурет- Кәсіпкерліктің түрлері.

Нарықтық жағдайда шағын кәсіпкерліктің орны зор. Қазіргі кезде ірі компаниялардан шағын кәсіпкерлік жетекшілігіне ауысу тенденциясы қарастырылуда. Негізінен 3 тенденция байқалуда:

  1. Компъютерлер мен электронды техникалық енгізілуі шағын кәсіпорындарға ірі кәсіпорын секілді жұмыс жасауға мүмкіндік берді;
  2. Қызметкерлердің көбі ірі фирмаларды тастап, өз кәсіптерін, қызметтерін ашуда;
  3. Шағын кәсіпкерлікте әйелдердің үлкен ағымы.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпкерлік әр елдің, соның ішінде дамыған елдердің экономикасында да елеулі роль атқарады. Себебі оған тән артықшылықтар бар:

  • шаруашылықтың жергілікті жағдайларына тез бейімделу;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің істі жүргізу тәуелсіздігі;
  • шешімдер қабылдауда және оларды шешудегі иілімділік пен оперативтілік;
  • қызметін іске асыруда шығындардың жоғары болмауы, әсіресе басқаруға жіберілген шығындар;
  • өзінің идеяларын іске асырудағы, қабілеттілігін көрсетудегі жеке адам үшін үлкен мүмкіндіктің бар болуы;
  • алғашқы капиталға төмен қажеттілік және жергілікті нарық талаптарына сай өнімне және өндіріс процесінге тез өзгеріс енгізу қабілеттілігі;
  • меншік капиталының жоғары айналымдылығы.

Сонымен, Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында былай

деп берілген: шағын кәсіпорвндар ірі кәсіпорындарға қарағанда әлдеқайда көбірек бәсекелестік артықшылықтарды иеленеді, 1 жұмыскерге есептегенде аз капитал салымдарын қажет етеді, жергілікті материалды және еңбек ресурстарын кең қолданады.

Шағын кәсіпорындар иелері қор жинауға және инвестицияға бейім болып келеді, оларға табыстарға жетуде үнемі жеке ынталандыру, басқаша айтқанда, жеке мотивация жоғары деңгейде болады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жергілікті нарықтағы сұраныс деңгейін жақсы біледі, тұтынушылардың белгілі тобының тапсырыстары бойынша тауарлар өндіру жиі кездеседі, жалдамалы қызметкерлердің санының жоғары болуына мүмкіндік береді. Ең бастысы, шағын кәсіпкерліктің қызметіне инновациялық бағыт тән. Антибиотиктер, инсуллин, пестицидтер, тік ұшақтар, кондиционерлер, оттегі конвенторлары, целлофан, микрокомпъютерлер тәрізді маңызды жаңалықтарды бірінші болып шағын фирмалар дайындады және игерді.

Шағын кәсіпкерліктің маңыздылығын Елбасымыз Н. А. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған соңғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауында да атап өтті. Онда былай деген: «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тың тыныс ашамыз»

Яғни шағын кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін қауіппен және тәуеклділікпен жанасатын, табыс алу мақсатында өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне және қатысуын талап

ететін, өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.

Шағын кәсіпкерліктің рөлі туралы айтатын болсақ, шет ел тәжірибесіне сүйене отырып, шағын кәсіпкерлік дамуы келесі мәселелерді сәтті шешудің маңызды факторы болып табылады:

- тұрғындардың тауарға (жұмысқа, қызметке) деген қажеттілігін

жақсы қамтамасыз етілуіне әсерін тигізетін бәсекелестік өркениетті нарықтық қатынастар құру;

  • ассортиментті кеңейту мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасын көтеру. Тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруға талпына отырып, шағын кәсіпкерлік тауарлар сапасының және қызмет көрсету мәдениетінің көтерілуіне септігін тигізеді;
  • тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға жақындауы;
  • экономиканың құрылымдық қайта құрылуына себеп болу, шағын кәсіпкерлік экономикаға иілімділік, мобильдік, моневрлік сипат береді;
  • өндірісті дамытуға тұрғындардың өз қаржысын тарту, шағын кәсіпорындарда сыбайластар ірі компанияларға қарағанда іске үлкен қызығушылықпен салады;
  • қосымша жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту;
  • ірі өндіріс белгілі шектеулер қоятын тұрғындардың бөлек топтарын, атап айтқанда зейнеткерлерді, мүгедектер, оқып жүргендер, үйде отырған әйелдерді еңбекке жұмылдыру;
  • ғылыми - техникалық прогресті жетілдіру;
  • жергілікті шикізат көздері мен ірі өндіріс қалдықтарын игеру және пайдалану;
  • ірі кәсіпорындар қызметіне жабдықтаушы ұйымдар, остнаскалар шығару мен қосымша және қызмет көрсететін өндірістер құруға көмектесу;
  • мемлекетті рентабельділігі төмен және шығынды кәсіпорындардан олрды жалға алу мен сатып алу есебімен бастау.

Шағын кәсіпкерліктің осы және тағы басқа экономикалық, әлеуметтік функциялары оның дамуын мемлекеттің маңызды мәселелері қатарына қояды.

Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігі кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуы, әсіресе, шағын және орта бизнестің жоғары мәнге ие болатындығын айқын көрсете алды. Сондықтан еліміздің заңнамаларына сәйкес кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандарын айқындау өте маңызды. Кәсіпкерліктің кез-келген нысанының дамуы елдегі ішкі экономикалық жағдайға және көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін өз құқықтарын пайдалана білетін нақты кәсіпкердің қабілеттілігіне де байланысты болады. Әрине, бұл факторлар көбінесе шағын бизнестің дамуына әсер етеді. Шағын бизнес кәсіпкерлік қызметке қатысушылардың өздерінің арасында және мемлекетпен өзара экономикалық қарым-қатынасын заңды негізде ұйымдастыруды қажет етеді.

Үстіміздегі жылдың (2006жыл) 31-қаңтарында Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының қабылдануына байланысты «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заң өз күшін жойды. Алайда, шағын кәсіпкерліктің негізгі критерийлері мен субъектілері жөніндегі келесі мәліметтер өзгеріссіз қалды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын бизнес және оның құрылуы
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы
Жалпы кәсіпкерлік
Кәсіпорынның өндірістік қызметін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының проблемалары
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктегі қиыншылықтар мен одан шығу жолдары
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz