Сот билігі органдарының бақылау өкілеттіктері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Мемлекеттік қадағалау және атқарушылық биліктің бақылаушы – 6
қадағалаушы органдарының теориялық негіздемесі
1.1 Атқарушы органдар қызметіндегі заңдылық 6
1.2 Мемлекеттік органдардың бақылаушылық қызметтері 12
1.3 Қадағалау заңдылықты қамтамасыз ету әдісі ретінде және оның 16
түрлері
1.4 Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің жеке бір түрі 19
ретінде
2 Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік қадағалау органы 25
ретінде прокуратура қызметінің негізгі бағыттарын қарастыру
2.1 Прокурордың адамның және азаматтардың құқықтары мен 25
бостандықтарының, заңды мүдделерінің сақталуының қадағалау
саласындағы қызметі
2.2 Жедел-іздестіру қызметінің, анықтама тергеудің, әкімшілік 31
және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына прокуратураның
қадағалау жүргізуі
2.3 Прокурордың сотта мемлекеттің мүддесін білдіруі 35
2.4 Прокурордың зандардың қолданылуына қадағалауды және заңда 37
белгіленген тәртіпте қылмыстық қудалауды жүзеге асыруы
2.5 Прокурордың құқықтық статистика және арнай есепке алу 36
саласындағы зандардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асыру
қызметі
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қадағалаушы – бақылаушы47
органдардың қызметінде кездесетін мәселелер және оларды шешу
жолдары
Қорытынды 61
Пайдаланған әдебиеттер 64
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған
Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат
қазынасы – адам және адам өмірі құқықтары мен бостандықтары” деп
көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мемлекеттік
билік органдары, жергілікті өзін өзі басқару органдары, лауазымды тұлғалар,
азаматтар мен олардың бірлестіктері Конституция мен заңдарды орындауға
міндетті, демек, соған сәйкес Қазақстанда қабылданатын заңдар мен өзге де
құқықтық актілер ел Конституциясына қарама- қайшы келмеуі тиіс. Конституция
мен заңдарды сақтау және барлық өзге шығарылатын нормативтік- құқықтық
актілердің қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келуі заңдылықтың негізін
құрайды. Заңдылықпен қатар басқару қызметінің нәтижелілігіне басқару
қызметіне тән болып табылатын тәртіп пен қажеттілік қызмет ететін болады.
Осы айтылған құқықтар мен бостандықтарға жоғарғы қадағалауды жүргізе
отырып, жүзеге асуын қамтамасыз ететін орган – прокуратура болып табылады.
Прокурорлық қадағалау құық қорғау органдарының ішіндегі адамның
құқықтары мен бостандықтарының меншік нысанасына қарамастан, мемелекеттің,
заңды тұлғалардың, ұйымдардың мүдделері бұзылған кезде, қорғаудың кепілі
болып табылады. Сондықтан құқықтық тәртіппен заңдылықты шынайы нығайту үшін
мемлекет пен қоғам прокуратураның қадағалау және басқа да қызметінің
жоғарғы деңгейінде болуына мүдделі.
Прокурорлық қадағалауды және басқа да прокурорлық қызметті тиімді
жүзеге асырудың маңызды жолы болып, прокурордың әрқилы қызметінің
ерекшелерін, нақтылы қызмет бағытына өздерінің өкілеттіктерін дұрыс
қолдануын және керекті әдістемелерді пайдалана білуі жатады.
Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 1991 жылы қабылданған
“Қазақстан республикасының Прокуратурасы туралы” заңының 4-бабында
прокуратура қызметінің бірнеше қызметінің негізгі бағыттары айқындалған.
Бұл прокуратура қызметтері бір-бірімен байланысты болғанымен, қолдану
объектілері бойынша бір- бірінен ерекшеленеді. Сонымен қатар осы заңда
прокуратура қызметтерінің әр бір бағыттары бойынша өкілеттіктері, қадағалау
мәні мен мазмұны жеке-жеке тарау ретінде берілген. Прокуратура қызметінің
негізгі бағытындағы өкілеттігі шегіндегі жалпылама міндеттері – заңдылықты
сақтау, осыны жүзеге асыруға байланысты басқа да өзара ұқсас жақтары
болады. Бір бағыттағы қызмет нәтижесі басқа қадағалаудың жүзеге асуын
қажеттілігін тудырады. Мұны былай көрсетуге болады: жалпы қадағалау
тәртібінде тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, осыдан
кейін тергеудің заңдылығын қадағалау, яғни алдын ала тергеу мен анықтама
органдарындағы заңдылықтың орындалуын қадағалау қызмет бағыты болса,
олардың нәтижесінде істі сотта қарау кезеніндегі заңдылықтың орындалуын
қадағалау қызмет бағыттары туындайды. Бұдан шығатыны прокурорлық
қызметнінің әрбір бағыттары бір-бірімен сабақтасып жатқандығы. Азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң бұзушылармен күресу, жалпы
қадағалау шеңберінде жүргізілсе, ал құқық қорғау органдарының қылмыспен
күресу қызметтері және басқа да құқық бұзушылықтарды үйлестіру, прокуратура
қызметтерінің барлық бағыттары бойынша жүргізіледі.
Бұл бітіру жұмысының өзектілігі, мынада: Атқарушы билік органдарының
қызметін бақылау негізі оны жүзеге асыруға құзыретті мемлекеттік органдар
(заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері) және қоғамдық ұйымдардың
ұйымдық- құқықтық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып олардың
бақылауындағы атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың
заңдылықтың бұзылуына жол берілгендігін анықтау, егер де мұндай жағдайларға
жол берілген болса оларды мерзімімен жою, және осы бұзылған құқықтарды
қалпына келтіру, жауаптыларды жауапкершілікке тарту, заңдылық пен тәртіпті
бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдаудан тұратын болады.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет қалыптастыруда. Құқтық мемлекеттің
бірден-бір артықшылығы заңның жоғары тұруы және оның нақты және бірыңғай
орындалуы болып табылады. Заңдардың дәлме-дәл және бірыңғай қоладнылуын
қамтамасыз ететін орган – прокуратура болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға қарап диплом жұмысының алдында келесі мақсаттар
мен міндеттерді қоямын:
1. мемлекеттік қадағалау және атқарушы биліктің бақылаушы қадағалаушы
органдарының түсінігін ашу;
2. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурорлық
қызметті жан-жақты зерделеу;
3. Прокурордың адамның және азаматтың құқытары мен бостандықтарын,
заңды мүдделерін сақтау мен қадағалау кезіндгі қызметін жан-жақты
қарастыру;
4. Жедел-іздестіру қызметінің, анықтама, тергеудің және атқарушылық
істер жүргізуде прокурорлық қадағалау жолдарын көрсету;
5. Прокурордың сотта мемлекеттің мүддесін білдіру қызметінің барысын
айқындау;
6. Заңдардың қолданылуын қадағалау қызметін зерттеу;
7. Прокуратураны мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке
алу саласындағы қызметінің бағытын айқындау.
Мен бұл бітіру жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын,
“Қазақстан Республикасы Прокуратурасы туралы” заңды басшылыққа ала отырып,
Ресей және Қазақстанның ғалымдарының еңбектеріне сүйендім.
Бұнымен қатар Құрманбаев С.К., Тойкин С.Х., Виногуров Ю.Е., Гаврилов
В.В., Рябцев В.П., Бляхманов Б.Л., Белкин А.А. тағы басқалардың еңбектерін
пайдаландым.
1. Мемлекеттік қадағалау және атқарушылық биліктің бақылаушы –

1.1 Атқарушы органдар қызметіндегі заңдылық
Заңдылық ұғымы мен оны қамтамасыз ету әдістері. Қазақстан Республикасы
Конституциясына сәйкес мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін өзі
басқару органдары, лауазымды тұлғалар, азаматтар мен олардың бірлестіктері
Конституция мен заңдарды орындауға міндетті, демек, соған сәйкес
Қазақстанда қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер ел
Конституциясына қарама- қайшы келмеуі тиіс. Конституция мен заңдарды сақтау
және барлық өзге шығарылатын нормативтік- құқықтық актілердің қолданыстағы
заңнамаларға сәйкес келуі заңдылықтың негізін құрайды. Заңдылықпен қатар
басқару қызметінің нәтижелілігіне басқару қызметіне тән болып табылатын
тәртіп пен қажеттілік қызмет ететін болады.
Мемлекеттік басқарудағы заңдылыққа төмендегідей белгілер мен сипаттар
тән болып келеді:
Біріншіден, бұл қандай да бір жағдайларына және жеке сапаларына
қарамастан Қазақстан территориясындағы барлық заңды және жеке тұлғалар үшін
заңның жалпыға бірдей міндеттілігі. Бұдан заңның жоғарылығы мен жалпыға
бірдей орындау міндеттілігі, заңдық күші көрініс табады.
Екіншіден, заңның бірыңғайлығы, ол ҚР бүкіл территориясында заңдарды
бірыңғай ұғыну мен қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл атқарушы биліктің өздері
арасындағы, өз буындары арасындағы және азаматтармен тиімді, ұйымдасқан
түрде қарым- қатынаста болуы үшін қажет.
Үшіншіден, заңдылық пен қажеттілікті бір біріне қарама- қайшы
қоюшылыққа жол бермеу, қажеттілікті сылтау етіп осы іс - әрекетті жүзеге
асыру мақсатында заңға қайшы әрекеттер жасау немесе құқықтық актілер
шығаруға жол бермеу. Себебі заңның өзі қажеттіліктің ең жоғары көрінісі
болып табылады. Қажеттілік атқарушы билік органы қызметінің лауазымды
тұлғалардың олардың алдына заң және заңнамалық актілер арқылы қойылған
мақсаттар мен міндеттеріне сәйкестігін білдіреді (кейбір нормалардың жүзеге
асырылу шарттары мен нақтылы іс әрекеттері үнемі айқын түрде көрсетіле
бермейтіндіктен). Заң қоғамдағы күрделі, көп қырлы қатынастарды реттейтін
болғандықтан заң шығарушы құқық нормасын орындаушыға белгілі бір
дәрежедегі кеңістік береді, ол әдетте нақтылы шешімнің бірнеше нұсқасынан
әкімшілік қарауға жатқызылатын негізде деп көрсетілу арқылы жүзеге
асырылады. Ең бастысы заңды қолдану кезіндегі шешімнің кез келген нұсқасы
заң шеңберінде және құқық нормалары негізінде жүзеге асырылуы қажеттігі
болып табылады. Құқықты қолдану қызметі заңның жалпы ормалары талаптарына
негізделеді, сол себепті оған сәйкес болуы керек.
Төртіншіден, заңдылық пен азаматтардың құқықтық мәдениетінің үздіксіз
байланыста болуы. Бұл байланыс бір жағынан заңды енгізудің халықтың
мәдениет деңгейін арттыруын білдіретіндігі, ал екінші жағынан – белгілі бір
деңгейдегі мәдениеттіліктің болуының өзі заңдылықты сақтаудың қажетті
алғышарттарын жасап беретіндігін білдіреді.
Бесіншіден, кез келген басқарушылық шешім кезінде заңдылық пен
әділеттілік қатар жүруі тиіс. Тек солар бірге болған кезде ғана құқықтық
реттеу мен атқарушы билікті жүзеге асыру мақсаттарына жететін болады.
Әділеттіліктің болмауы заңдылықты да жоққа шығарады.
Алтыншыдан, мемлекеттік басқарудағы заңдылық егер де оны бұзған
жағдайда жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтындығы немесе мемлекеттің
құқық бұзушылық әрекетке өзге де қарсы әрекеті болған жағдайда ғана жүзеге
асырылатын болады.
Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтің мақсаты:
• атқарушы билік органдарының қызметінде қолданыстағы заңдар мен
заңға тәуелді актілерде бекітілген талаптарды бұзыларына жол бермеу;
- құқық бұзушылықты мерзімімен және жедел анықтау, олардың алдын алу
мен жою шараларын жүзеге асыру;
- атқарушы билік органы қызметінде құқық бұзушылыққа жол беретін
себептер мен жағдайларды анықтау;
- заңдылық пен тәртіпті бұзғандарды тиісті кінасына байланысты
жауапкершілікке тарту;
- заңдылық пен тәртіпті бұзудың себептері мен жағдайларын жоюға
бағытталған шараларды құрастыру мен қабылдау.
Қазақстанда заңдылықты қамтамасыз етуге белгілі бір кепілдіктер жүйесі
қызмет етеді. Экономикалық, саяси, ұйымдық, заңдылық және қоғамдық
кепілдіктер бар. Атқарушы билікті жүзеге асыру барысында әкімшілік құқықтың
барлық субьектілері қызметі соларға сүйенеді.
Заңдылықты қамтамасыз ету түрлі органдарға олардың негізгі қызметі
түрінде де (соттар, прокуратура, мемлекеттік инспекциялар және т.б.),
сондай- ақ қосымша қызмет түрі ретінде де жүктеледі. Құқық субьектілерінің
көптеген топтарын атқарушы билік органдары, мемлекеттік бірлестіктердің
әкімшіліктері, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктері
құрайды. Олар заңдар мен заңға тәуелді актілерді қолданып қана қоймайды,
сонымен қатар өздері де көптеген құқықтық актілер шығарады, олар өмірлік
қажеттіктерді дұрыс көрсете білуі тиіс және ең бастысы заңды болуы қажет.
Бақылау заңдылықты қамтамасыз ету әдісі ретінде
Жалпы алғанда бақылау – бұл белгіленген параметрлерден ауытқушылықты
жою мақсатында обьектінің қызмет ету барысын бақылау мен тексеру жүйесі
болып табылады.
Бақылау және қадағалау қағидалары:
1)заңдылық
2) бәрiнiң заң және сот алдындағы теңдiгi;
3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;
4)жариялылық
5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелiлiгi;
6) мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының кәсiптiк бiлiктiлiгi мен
құзыреттiлiгi;
7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық
мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және олардың өз
өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жауаптылығы;
8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;
9) қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк;
10) мемлекеттiк органдар арасындағы бақылау өкiлеттiктерiнiң аражiгiн
ажырату;
11) адал тексерiлетiн субъектiлердi көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау
мен қадағалауды шоғырландыру;
12) тексерiлетiн субъектiлер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес
қорғауға қабiлеттiлiгiн арттыру;
13) мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесiнiң есептiлiгi мен ашықтығы;
14) тәуелсiздiк;
15) объективтiлiк және турашылдық
16) дәйектiлiк қағидаттарына негiзделедi.
Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау
практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi,
ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды
тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн
қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және сататын
өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына
қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн,
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып
табылады.
Атқарушы билік органдарының қызметін бақылау негізі оны жүзеге асыруға
құзыретті мемлекеттік органдар (заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері)
және қоғамдық ұйымдардың ұйымдық- құқықтық әдістер мен құралдарды пайдалана
отырып олардың бақылауындағы атқарушы билік органдары мен лауазымды
тұлғалардың заңдылықтың бұзылуына жол берілгендігін анықтау, егер де мұндай
жағдайларға жол берілген болса оларды мерзімімен жою, және осы бұзылған
құқықтарды қалпына келтіру, жауаптыларды жауапкершілікке тарту, заңдылық
пен тәртіпті бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдаудан тұратын
болады.
Бақылаудың негізгі принциптері мыналар болып табылады: заңдылық,
обьективтілік, тәуелсіздік, жариялылық, үнемділік, мемлекеттік,
коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпиялардың сақталуын
қамтамасыз ету.
Бақылау төмендегідей жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
- орындалуын тексеру – құқықтық қадағалауды орындау ережелерін жүзеге
асыру үшін не және қалай жүзеге асырылды. Сонымен қатар орындалуды тексеру
ОИВ күнделікті қызметінің элементі ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін, егер
де оның құзыретіне бағынышты органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдерді,
бұйрықтарды, нұсқаулықтарды орындауын бақылау міндеттілігі енгізілген
болса.;
- қадағалау қызметін жүзеге асыру: жалпы (прокурорлық) және әкімшілік
(басқару саласында әрекет ететін әлеуметтік нормалар мен ережелердің
сақталуына қатысты мемлекеттік билік органдарының өз өкілеттіктерін жүзеге
асыруы арқылы); ұйымдық жағынан қадағалау органдарына бағынышты емес болып
табылатын обьектілерге қатысты жүзеге асырылады.
Атқарушы органдарды өзге органдар тарапынан бақылауды жүзеге асыру (заң
шығарушы, сот билігі, қоғамдық ұйымдар тарапынан), сыртқы бақылау деп
аталады, себебі оны тексерілетін ведомство жүйесіне кірмейтін орган жүзеге
асырады, ал атқарушы билік органдарының өз жүйесінің ішінде жүзеге
асыратын бақылауы мен қадағалауы – ішкі деп аталады, мұнда тексеру
министрліктің, ведомствоның, кәсіпорынның өз күші арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдық бақылау
ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстан азаматтары мемлекеттік істерді
басқаруға қатысуға құқылы болып табылады. Бұл атап айтқанда мемлекеттік
басқару органдарының, мемлекеттік аппарат қызметін, лауазымды тұлғалардың
қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды қарастырады.
Мұндай бақылаудың субьектілері азаматтардың қоғамдық бірлестіктері
болып табылады (саяси партиялар, кәсіподақтар, жастар және өзге ұйымдар,
қоғамдық өзін өзі басқару органдары, еңбек ұжымдары), сондай- ақ жеке тұлға
ретінде әрекет ететін жекелеме азаматтар да болып табылады. Бұл
субьектілердің барлығы мемлекеттің емес, қоғамның атынан қызмет етеді.
Сондықтан олардың қадағалау өкілеттіктерінің заңдық билік етушілік сипаты
болмайды. Қоғамдық бақылауға қоғамдық ықпал ету шараларын пайдалану арқылы
атқарушы билік органдары қызметіндегі заң бұзушылықтың алдын алу сипаты тән
болып келеді. Қоғамдық бақылау да мемлекеттік бақылау сияқты құқықтық
негіздерге сүйенеді.
Әсіресе кәсіподақтардың рольі өте маңызды болып табылады. Олар жұмыс
берішілердің, лауазымды тұлғалардың еңбек туралы заңдарды орныдауын
бақылауды жүзеге асыру құқығына ие болып табылады, жұмыс берушілерден
анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге құқылы болып табылады. Жұмыс
берушілер, лауазымды тұлғалар кәсіподаққа талаптарды қарау нәтижелері мен
қабылданған шаралар туралы бір апта ішінде хабарлауға міндетті.
Кәсіподақтардың еңбек заңдылықтарын бақылауды жүзеге асыруы үшін
кәсіподақтар өздерінің еңбек инспекцияларын құруға және оларға тиісті
өкілеттіктер беруге құқылы болады. Кәсіподақтардың еңбек инспекторлары атап
айтқанда еңбек заңдылығының сақталуын тексеру және жұмыс берушілердің
ұжымдық еңбек келісім шарттары талаптарын орындауын тексеру үшін меншік
нысаны мен бағыныштылық түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға еш
кедергісіз тексерумен бару құқығы беріледі. Еңбек заңнамалары бұзылған
жағдайларда кәсіподақтар еңбек дауларын қарайтын органдарға арыздануға
құқылы болады.
Сондай- ақ бақылаушылық қызметті азаматтар еріктілік негізде құратын
тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері де атқарады (олардың ассоциациялары
мен одақтары).
Қадағалау заңдылықты қамтамасыз ету әдісі ретінде
Атқарушы билік саласында заңдылықты қамтамасыз етудің әдісі ретіндегі
қадағалау арнайы мемлекеттік органдардың өздеріне бағынышты органдардың
немесе тұлғалардың заңдылықты бұзуын анықтау мақсатындағы қызметтерін
жүйелі түрде бақылаудан тұрады. Бақыланатын обьект қызметін бағалау
қажеттілік емес заңдылық жағынан алып қарағандағы тұрғыдан ғана беріледі,
себебі қадағалау кезінде оның бақылаудан айырмашылығы бақыланушының
ағымдағы әкімшілік- шаруашылық қызметіне араласуға жол берілмейді.
Қадағалаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады:
- қадағалау органдары өздерінің қызметтері мен өкілеттіктерін тек
өздеріне ұйымдық жағынан бағынышты емес обьектілерге қатысты ғана жүзеге
асырады;
- бақылау барысында кіналы тұлғаларға қатысты тәртіптік ықпал ету
шаралары қолданылуы мүмкін;
- қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бақылау органдары бақыланатын
обьектілердің қызметінің түрлі жақтарын тексерумен шұғылданады.
Қадағалау органының қызметі ведомстволықтан жоғары болып келеді
(ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық қадағаланушы обьектілерге
таралады).
Қадағалаудың екі түрі болады: прокурорлық және әкімшілік.
Атқарушы билік органдары шешімдеріне шағым жасау
Атқарушы билік органдарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету үшін
азаматтардың жеке өтініштер, ұсыныстар мен арыздарын қарау елеулі түрде
маңызға ие болады. Жеке тұлға ретінде өз бастамасын көтеру арқылы әрбір
азамат атқарушы билік органының, кез келген лауазымды тұлғаның немесе
мемлекеттік қызметкердің іс- әрекетін оның заңдылығы мен нәтижелілігі
жағынан құқықтық баға беруге құқылы болып танылады. ҚР Конституциясында
көрсетілгендей әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңмен тиым
салынбаған кез келген әдісті пайдаланып қорғауға құқылы, азаматтар тікелей
өтініш жасау, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін өзі басқару
органдарына өз өтініштерін қарау туралы жеке және ұжымдық шағым түсіруге
құқылы болып табылады.
Арыздар – бұл азаматтардың өздерінің субьективті құқықтары мен
бостандықтарының бұзылғандығы туралы жазбаша сұраныстары болып табылады.
Азаматтардың арыздарын қарау мен шешудің екі түрлі тәртібі бар, олар -
әкімшілік және сот.
Атқарушы билік органдарына жыл сайын азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының бұзылғандығы туралы әр түрлі көптеген арыздары мен
шағымдары келіп түседі.
1950 ж. 4 қарашадағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау
туралы Конвенцияны, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, қосымша
хаттамаларын ратификациялауға байланысты, сондай- ақ адам құқықтары бойынша
Европалық сотта істерді қарау кезінде ҚР мүдделерін пәрменді түрде қорғау
мақсатында ҚР президенті осы соттағы ҚР өкілетті өкілін бекітті. Оның
қызмет аясы 29 наурыз 1998 жылғы ҚР президенті жарлығымен бекітілген
Ережелерде анықталған.
Азамат сотта сұраушы емес, талап етуші, тең құқылы жақ ретінде және
тікелей өзі әрекет етеді. Бұл жерде сотқа түсініктеме беру міндеттілігі осы
іс бойынша әкімшілік тәртіппен шешім қабылдаған лауазымды тұлғаға
жүктеледі. Ол процесс барысында органның іс әрекетін түсіндіріп қана
қоймай, сонымен қатар оларды дәлелдеу міндеті жүктеледі, сондай- ақ оның іс-
әрекеті талап етуші жақ, сот және өзге де процесске қатысушылар тарапынан
бағалаушы ықпал етілуі мүмкін болады. Сондықтан көбінесе істі сотта қарауға
алдын ала дайындау барысында лауазымды тұлғалар өздерінің шешімдерін қайта
қарастырады, азаматтардың құқығын бұзуға жол берілген кемшіліктерін жояды.
Жалпы мәселелерді қарайтын соттар тексерілуі тек қана ҚР Конституциялық
сотының құзыреттілігіне жатқызылған және осы іс бойынша әрекеттер
(шешімдер) қабылдаудың және сот тәртібімен арызданудың заңнамалар арқылы
өзге тәртібі қарастырылған істерден өзге азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының бұзылуымен байланысты барлық істерді қарастырады.
Азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы
арыздар мен шағымдарды тікелей сотқа, сонымен қатар бағыныштылық тәртібімен
жоғары тұрған мемлекеттік органға, жергілікті өзін өзі басқару органына,
мекемеге, ұйымға, кәсіпорынға, бірлестікке, лауазымды тұлғаға, мемлекеттік
қызметкерге жолдай алады.
Бағыныштылық тәртібімен жоғары тұрған субьектілер бұл арызды бір ай
мерзім ішінде қарауға міндетті. Егер де азаматқа оның арызын
қанағаттандырудан бас тартылған болса немесе арыз тапсмырылған мерзімнен
бір ай мерзім өткен соң оған жауап берілмеген болса ол сотқа шағымдануға
құқылы болады.
Бақылау және қадағалау нысандары
1. Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын
тексерулер;
2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе,
ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық
сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге
асырылады.
2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде
тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап
етілмейді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бақылаудың және қадағалаудың өзге де
нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай, бұзушылық
анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ
тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде
түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және
басқалары) жасалуы мүмкін.
1.2 Мемлекеттік органдардың бақылаушылық өкілеттіктері
Бақылаудың мақсаттарына қол жеткізу мен принциптерін сақтау барлық
билік тармақтарынан жоғары тұратын, барлығын қамтитын және біртұтас
бақылаушы органды құруды қарастырмайды, себебі мұның өзі биліктің
бөлінушілігі принципіне қарама- қайшы келген болар еді. Сондықтан атқарушы
билік органдарының қызметін бақылау өкілеттіктері мемлекеттік бақылаудың
әрбір түрі бойынша заңдар арқылы жеке белгіленген.
ҚР Конституциясында бекітілген мемлекеттік биліктің дербес тармақтарға
бөлінушілігі принципіне байланысты, сондай- ақ іс- жүргізу негізін
шектеулерге байланысты мемлекеттік бақылаудың төмендегідей түрлерін бөліп
көрсетуге болады:
- президенттік бақылау;
- заң шығарушы билік органдарының (өкілетті) бақылауы;
- атқарушы билік органдарының бақылауы;
- соттың бақылауы.
ҚР президентінің бақылаушылық өкілеттіктері
ҚР президентінің атқарушы билік органдарының қызметін бақылау
өкілеттіктері Конституцияға сәйкес оның мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын анықтайтындығы, ал оларды жүзеге асыру
атқарушы биліктің тиісті органдарына жүктелетіндігінен неғұрлым толық
көрініс табады.
ҚР президентінің бақылаушылық өкілеттіктері екі түрде жүзеге асырылады:
- тікелей бақылау: мамандарды таңдап алу мен орналастыру, ҚР Үкіметі
қабылдайтын шешімдерге оның отырыстарына төрағалық ету арқылы бақылау
жасау, ҚР Конституциясына қарама- қайшы келетін қаулылар мен өкімдердің
күшін жою, тақарушы билік органдарының кейбіреулеріне басшылық жасау
(мысалы ІІМ, қорғаныс министрлігі және т.б.);
- тиісті президенттік құрылымдар арқылы: ҚР президентінің әкімшілігі
(заңдардың, ҚР президентінің Жарлықтарының орындалуын тексеру мен бақылау);
- ҚР президентінің өкілдері институты арқылы (аймақтарда ҚР
президентінің кадр саясатын жүзеге асыру бойынша атқарушы билік
шешімдерінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша). Өкілетті өкіл
мемлекеттік қызметкер болып табылады және президент әкімшілігі құрамына
кіреді, оны лауазымдық қызметке ҚР президенті тағайындайды және қызметінен
босатады.
Заң шығарушы билік органдарының бақылаушылық өкілеттіктері
Парламент тарапынан президент жарлықтарының Конституция мен ҚР өзге де
заңдарына сәйкестігін бақылау тетіктері бар.
Парламенттің әр түрлі түрде жүзеге асырылатын төмендегідей бақылаушылық
өкілеттіктері бар:
- Президенттің ҚР Үкіметінің төрағасын тағайындауына келісім береді,
оған сенім білдіру мәселелерін қарайды, ҚР Ұлттық Банкісінің төрағасын
тағайындауға келісім береді;
- атқарушы билікті бақылау түріне премьер- министрдің баяндамасын
тыңдау, талқылау мен қолдау, Үкімет бағдарламаларының орындалу барысын
тыңдау мен талқылау жатқызылады.
Мемлекеттік бджеттің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін мәжіліс пен
сенат есеп палатасын құрады. Есеп палатасының міндеттеріне мыналар жатады:
- мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың бюджеттерінің
көлемі, құрылымы мен мақсатты бағыштылығы бойынша кірістік және шығыстық
баптарының мерзімімен орындалуына бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
мемлекеттік меншікті пайдалану мен мемлекеттік қаражатты шығындаудың
пәрменділігі мен тиімділігін анықтау;
- мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың табыстық және
шығыстық баптары жобасының негізделуін бағалау;
- заң жобалары мен мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық
актілеріне қаржылық сараптама жасау;
- мемлекеттік бюджет көрсеткіштеріндегі ауытқушылықтарды талдау және
оларды жою мен тұтас алғандағы бюджет процесстерін жетілдіру бойынша
ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан Ұлттық банкі мен өзге де қаржы несиелік мекемелерде
мемлекеттік бюджет қаражаты мен бюджеттен тыс қорлар қаражатының
қозғалысының мерзімділігі мен заңдылығын бақылау;
- Президентке, Сенатқа, Мәжіліске үнемі мемлекеттік бюджеттің
орындалу барысы туралы ақпарат беріп отыру.
Атқарушы билік органдарының бақылаушылық өкілеттіктері
Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді:
Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық
бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және
ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау.
Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның айқындалады.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының сәйкес жүргізілетін ішкі
бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган
жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.
Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер
қызметінің осы Заңның көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және
қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.
Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде
әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті
талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
1. Ішкі бақылау:
1) құқықтық актілердің орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актілерде
көзделген іс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиіс іс-шаралар қамтылған
барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік
сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау
болып бөлінеді.
2. Ішкі бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептерді және баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.
3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер:
1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттік
органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметінің олардың алдына
қойылған міндеттерге сәйкестігі;
2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;
3) орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргізіледі.
4. Күшіне енген құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға
уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық
бөлімшесі қажеттігіне қарай бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Бұл ретте ішкі бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не
мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы
келіп түскен ақпаратты:
1) құқықтық актінің деңгейін және орындалу сапасын;
2) құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың
себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шараларды белгілеуді;
3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;
4) құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау үшін талдайды.
Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім
қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады.
Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушылары
қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
5. Құқықтық актіде көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылаудан алуды
және мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады.
6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау
қызметі құқықтық актіде белгіленген орындау мерзімі аяқталғанға дейін
мемлекеттік органның регламентінде айқындалған тәртіппен орындаушыға тиісті
жазбаша ескерту жібереді.
Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін
мемлекеттік органның өзі не одан жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы
мүмкін.
Мемлекеттік бақылау қызметтерін Үкімет, министрліктер өзге де атқарушы
билік органдары жүзеге асырады.
Атқарушы билік органдарының бақылау өкілеттіктерін шартты түрде
төмендегі түрлерге бөліп көрсетуге болады:
- жалпы бақылау (бақыланушы обьекті қызметінің кешенді мәселелерін
зерттеу). Жалпы құзыреттілігі бар атқарушы билік органдары жүзеге асырады;
- ведомстволық (салалық және салааралық құзыреттілігі бар органдар
ведомстволық бағынышты обьектілерге қатысты). Мысалы, көлік министрлігі
темір жол көлігі мекемелерінде поездардың қозғалу қауіпсіздігінің жағдайы,
заңдардың қолданулу жағдайына бақылау жасайды;
- ведомстводан жоғары (негізінен салааралық құзыреттілігі бар
органдар): атқарушы билік органдары қызыметін бақылау, белгілі бір
мәселелер шеңбері бойынша заңды тұлғалардың, атқарушы билік органдарының
қызметтерін бақылау. Мысалы, стандарттау, сертификаттау мен метрология
бойынша мемлекеттік комитет ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық
заңды тұлғалардың мемлекеттік стандарттар талаптарын сақтауы мен орындауына
бақылау жасайды.
Сот билігі органдарының бақылау өкілеттіктері
ҚР Конституциясына сәйкес сот билігі конституциялық, азаматтық,
әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Бақылауды жүзеге асыратын сот жүйесі органдарына мыналар жатады:
- ҚР Конституциялық соты (Заңдардың, ҚР президентінің, парламенттің,
Үкіметтің нормативтік актілерінің Конституцияға сәйкестігін тексереді. Бұл
органның қызметі Қазақстанның Конституциялық құрылыс негіздерін нығайтуға,
адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқық
шығармашылығы мен құқықты қолдануда заңдық бастауларды бекітуге, еліміздің
бүкіл территориясында Конституцияның тікелей әрекет етуі мен жоғары заңдық
күшінқамтамасыз етуге бағытталады.
- жалпы юрисдикциялы соттар (атқарушы билік органдары мен лауазымды
тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беру). Жалпы юрисдикция соттарының
атқарушы билік органдары қызметтерін бақылау түрлерінің өзіндік
ерекшеліктері болады. Жалпы юрисдикция соттарының негізгі міндеттері
қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және өзге де істерді қарау болып табылады.
Бақылау қызметтерін олар жеке жүзеге асырмайды, осы істерді қарау барысында
жүзеге асырады.
- арбитраждық соттар. Нарықтық экономика жағдайында арбитраждық
соттар жүйесі ерекше роль атқарады. Сот жүйесінің бұл түрі келісім шарттық
қатынастардың қатаң тәртібін белгілеуге, шенеуніктердің экономикалық қысым
жасауына тосқауыл қоюда, банкроттық процесін өркениетті түрде жүзеге
асыруда, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауда ерекше роль атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында арбитраждық соттар жүйесі ерекше роль
атқарады. Сот жүйесінің бұл түрі келісім шарттық қатынастардың қатаң
тәртібін белгілеуге, шенеуніктердің экономикалық қысым жасауына тосқауыл
қоюда, банкроттық процесін өркениетті түрде жүзеге асыруда, кәсіпкерлердің
мүдделерін қорғауда ерекше роль атқарады.
Елімізде атқарушы билікті сот тарапынан бақылауды жүзеге асыру 70
жылдардың соңында қалыптастырыла бастады.
Сот билігінің билік өкілеттігінің болуы атқарушы билікті сот тарапынан
бақылау туралы сөз қозғау мүмкіндігін береді.
Қазіргі таңда тұлғаның заңды мүдделеріне нұқсан келтірілу қаупі төнген
болса кез келген басқарушы құрылымдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттері
(шешімдері) соттың бақылауына алынатын мүмкіндік пайда болды.
ҚР Конституциялық соты, жалпы мақсаттағы соттар, арбитраждық соттар мен
бітімгершілік соттар жыл сайын мыңдаған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік
істерді қарай отырып өз құзыреттілігі шеңберінде атқарушы билік саласындағы
заңдылықты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешеді.
Заңды күшіне енген сот актілерін бүкіл ел территориясындағы барлық
мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, өзге де
органдар мен ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға міндетті
болып табылады. Заңды күшіне енген шешімдерді күштеп орындату тиісті
арбитражды соттар беретін атқару парақтары негізінде жүзеге асырылады.
1.3 Қадағалау заңдылықты қамтамасыз ету әдісі ретінде және оның түрлері
Мемлекеттік қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында;
2) азаматтық авиация қызметіне;
3) халықаралық әуе тасымалдарына;
4) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
5) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында;
6) ішкі су көлігі саласында;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
8) ветеринария саласында;
9) өсімдіктерді қорғау және оның карантині саласында;
10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында;
11) қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына;
12) кредиттік бюролар қызметіне;
13) инвестициялық қорлар қызметіне жүзеге асырылады
Прокурорлық қадағалау
Прокурорлық қадағалаудың негізі прокурорлардың мемлекеттік және
қоғамдық бірлестіктер тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау, алдын алу,
жою және оған тосқауыл қоюмен байланысты әрекеттерінен тұрады.
Жалпы прокурорлық қадағалау аталған органдар мен лауазымды тұлғалардың
актілері мен әрекеттеріне ғана таралады және қадағаланатын органдар мен
лауазымды тұлғалардың актілері мен әрекеттерінің заңға сәйкестігін
анықтауынан көрініс табады. Сонымен қатар прокуратура органдарының
әкімшілік билік құзыреттілігі болмайды.
Прокуратура органдарының қадағалау бойынша қызметтерінің ҚР
президентінің жарлықтарына таралмайтындығын атап өтуіміз қажет.
Жалпы қадағалау шеңберінде атқарушы билік органдарының қызметін
прокурорлық қадағалау негіздері 21.12.1995 жылғы № 2709 Прокуратура
туралы ҚР Заңында көрсетілген:
- министрліктер мен ведомстволардың, ҚР өкілетті (заң шығарушы) және
атқарушы органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, әскери
басқару органдарының, бақылау органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының,
сондай- ақ коммерциялық және коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың
басқару органдары мен лауазымды тұлғаларының ҚР Конституциясы мен заңдарын
орындауын қадағалау ,
- олар шығаратын құқықтық актілердің заңға сәйкестігін тексеру,
- азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің
құқықтары мен бостандықтарын сақтау,
- юстиция органдары жүйесіне кіретін сот приставтарының заңдарды
орындауын қадағалау.
Прокурор:
- заң бұзушылықтың орын алғандығы туралы ақпараттар болған жағдайда
өзінің бақылауындағы мекемелерде тексеру жүргізуге құқылы;
- құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес бойынша қызметтерін
үйлестіреді;
- әкімшілік ұстаудың, қамаудың заңдылығын тексереді, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы арыздары мен шағымдарын
тексереді.
Әкімшілік қадағалау
Әкімшілік қадағалау заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету әдісі ретінде
қөоғам мен мемлекет үшін үлкен маңызға ие болып табылатын жалпыға міндетті
ережелерді атқарушы билік органдарының, коммерциялық және коммерциялық емес
мекемелер мен ұйымдардың, азаматтардың қатаң түрде және мүлтіксіз
орындауына бағытталған арнайы өкілеттігі бар атқарушы билік органдары мен
олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі болып
табылады.
Әкімшілік қадағалау органдарының қызметі ведомстволық шекарасына
қарамастан басқарудың барлық немесе басым көпшілік салаларында әрекет
ететін арнайы нормалардың сақталуын қадағалауға бағытталады. Оның мақсаты –
азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін, сондай- ақ өнімдердің,
қызметтер мен жұмыстардың тиісті сапалы болуын қамтамасыз ету.
Бақылау және қадағалау органдары:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті бағыттағы
мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар
енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды
ұйымдастырады және жүргізеді;
4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін ұйымдастырады және
жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының
қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында,
Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден шалғайда тұрған
объектілерде немесе субъектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін
негіздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар
етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен
құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға
келесі бес жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүзеге асырылады.
1.4 Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің жеке бір түрі ретінде
Еліміздің Конституциясы адамды және оның өмірін, құқықтары мен
бостандығын мемлкетіміздің ең қымбат қазынасы деп жариялады. Бұл қағиданы
жүзеге асыру үшін прокуратура Республика аумағында заңдардың, Республика
Президенті жарлықтарының және басқа да норамтивтік актілердің дәл және
біргелкі қолданылуына жоғарғы прокурорлық қадағалау жүргізеді, қандай да
болмасын бұзылған заңдылықтың бетін ашып, оны жоюға шара қолданады.
Прокурорлық қадағалаудың теориясы және практикасы бірқатар ғылыми,
тәжірибелік қызметте, оқулықтарда қолданылатын түсініктер мен терминдер
жасады. Бірақ бұлардың барлығы біржақты қабылданбайды. Барлығы үшін негіз
болып табылатын түсінік “прокурор”.
Прокурор – бұл прокуратура органында мерзімсіз немесе уақытша қызмет
істейтін, Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 1995 жылғы “Прокуратура
туралы” заңға сәйкес жұмысқа қабылданған жеке тұлға.
Ал енді, прокуратура тарихына қысқаша тоқталайық. Прокуратура тарихын
терең зерттеген қазақстандық, ол заң ғылымдарының кандидаты, доцен А.А.
Әлдекеев. Оның айтуынша Кеңес үкіметінің көп жылдық тәжірибесінің
талдаусыз, жалпылаусыз прокуратура органының қызметін, құрлымын жетілдіру
мүмкін емес.
Прокуратура термині латынның “procuro” – қамтамасыз етемін, алдын
аламын деген сөзінен бастау алады. Осы сөз дәуірден дәуірге Рим құқығы
арқылы жеткен. Сол кезеңнің өзінде Европа халқының заң түсінігінде қазіргі
кездегі әділеттің қажетті элементтері сақталған. Төмендегі түсінктердің өз
орны болып мойындалған, олар:
– қоғамның мүддесі атынан қылмысты жария ете отырып қудалау;
– белгілі жағдайларды оны лауазымды, тіпті құзыретті
тұлғалардың жүргізу;
– мемлекет басшысының, болмаса уәкілетті тұлғалардың жекелеген
жағдайларда болса да сотқа келіп қатысуы.
Бірақ, прокуратураның шыққан жері негізінен Франция болып есептеледі,
ал оның негізін қалаушы тұрақты Корольдық прокуратура туралы ережені
анықтап айқындаған, бірінші прокуратура ескерткішін орнатқан ІV Филипп
Красив. Әлемдік практикадағы осындай бірінші прокурор ретінде Париж
Парламентіндегі алғашқы прокурор Гулланмеде ла Магдаленийді атауға болады.
Россияда алғашқы прокуратура (“Око государство”) І Петр кезінде
ұйымдастырылған. С.А. Петровскийдің пікірінше, сол кезде-ақ бақылап,
қадағалаумен айналысатын мекеменін кіруі қажеттігі байқалған көрінеді.
Сөйтіп осындай мекеме ретінде қазіргі түсінік бойынша прокуратураның сол
кездегі үлгісі – Фисколат құрылыпты. 1711 жылдың 2 наурызында І Петр
“Фискалдарды барлық істерінде жүргізу туралы” жарлық шығарады. Соның
артынша 1711 жылдың 5 наурызында “Барлық істерді құпия тексеру және дұрыс
емес соттар туралы барып білетін, т.б.” жүзеге асыруға арналған жаңа Обер-
фискал болатын үш иерархиялық сатыдан тұратын лауазым енгізу туралы жарлығы
шықты. Алғашқы Обер-фискал хатшы Яков Былинский болса ол оның алдында
фискалбды міндетті аз уақыт патшаның кәрі мұғалімі ураф Никита Зотов
атқарады. Осы мәселені жан-жақты зерттеген А.К. Михайленко Фисколат
мәжілісінде ең көрнекті тұлға рет бойынша үшінші Обер-фискал Алексей
Нестеров дегенді атайды. Үкіметтік қадағалауда ол Петрдың ойларын жүзеге
асыруда қарқынды әрі пәрменді еңбек еткен. Мысалы, ол князь сенаторлар
Волконскойды, Долгорухинды, граф Мусинді – Пушкинді әділ болмағандықтары
және пара алғандықтары үшін еш жасқанбай қудалаған, керек десеңіз ешкімгі
де бермейді деген “күшті князьдар” Меншиковты, Шереметевті, Апраскинаны
тексеруден де қорықпаған. Ал, Сібір губернаторы Мотвей Гагаринді өлім
жазасына дейін апарған. Оны осы батылдығы үшін жаулары кешірмейді. Әр адам
ойларын іске асыру үшін ойлай да табылды. Пара алған үшін әшкерелеген
Ерославтың Фискаль Совва Топцов өлім жазасы алынады, Нестеровқа да осындай
кінә тақты. Бұған қатты ашуланған патша тексеру жүргізуге пәрмен берді.
Нестеровты әбден азаптап әртүрлі қылмыстарға қатынасы бар деп айыптаған
Жоғарғы Сот оның өмірін өлім жазасына кесті. Атақты Обер-фискальдың бұл
өлімі, фискальдарды құруда ауыр соққы болды. Петр І бұрынғы фискальдардың
үлкен қылмыстары мен қиянат істерге қатысқандығын ашық мойындайды. Сол
себепті фискальдармен қатар кейінірек оларды ауыстыру үшін жаңа қадағалау
органы – Прокуратура құрылды. Фискальдар мұнда прокуратураның төменгі
агенттерінің рөлін атқарады. Петр І ең жақсы көретін адамы Павел Иванович
Ячужинский бірінші генерал прокурор болады. 1722-1917 жылға дейін аралықта
осы лауазымда 33 генерал прокурор қызмет атқарады.
Патшалық Россияның прокуратурасы тарихында Некита Юрьевич Грубецкой,
Александр Александрович Вяземский, Алексей Борисович Куракин, Екатерина
заманының атақты ақыны Гаврилл Романович Державин және т.б. князьдар
өздерінің өшпес іздерін қалдырған. Патшалық прокуратура буржуазияның қаруы
ретінде әрқашан ауқатты адамдардың мүддесін қолдап прогрессивті адамдарды
басып отырған. Мысалы, Петрдың бұрынғы қосшысы генерал-прокурор князь Н.Ю.
Грубецкой мемлекеттік қайраткер және дипломат “бироновщик” жүйесіне қарсы
болып, мемлекетті қайта құрудың жоспарларын жасап, дворяндардың үйірмесін
басқарған Волынскийді соттауға қатысып, жоғарғы сотқа төрағалық еткен.
ХVІІІ ғасырдың аяғына таман прокурорлық қадағалау күрделі кеңселік-
бюрократиялық механизмге айналады. Жергілікті жерде мемлекеттік қадағалауды
жүзеге асыру үшін 1922 жылға дейін Әділет комисарлары тағайындалады.
Прокуратура дамуының бастапқы кезенінде прокуратура КСРО Жоғарғы соттың
құрамына кіріп жалпы кеңестік орталықтандырылған орган болды. 1923 жылдың 6
шілдесіндегі КСРО Конституциясының Жоғарғы Соты КСРО-ның ОАК Президиумына
КСРО-ның ОАК және Президиумының қаулыларынан өзге орталық билік
тармақтарының, оның ішінде КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің және КСРО-ның Халық
Комиссариятының қаулыларының Конституцияға сәйкестігі жайлы ұсыныстар
жасайтын. Мұндай ұсыныстар Одақтас республикалар прокурорлары мен Жоғарғы
Сот прокурорлары атынан қабылданған болса, бұл Жоғарғы Сотта міндетті түрде
қаралды. Орталық билік органдарының нормативті актілерінің заңдылығы
Жоғарғы Соттың пленарлық отырысында қаралған болса, оған міндетті түрде
Жоғарғы Соттың прокуроры қатысып, өзінің қорытындысын жасайды. Прокурордың
немесе оның орынбасарларының біреуінсіз бірде бір пленарлық отырыс
өткізілмейді.
Сол кездегі заң актілерін және архивтері зерттелгенде Қазақ АССР-нің
прокуратурасы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылдың 13 шілдеснідегі
3-ші сессиясынын қаулысымен құрылғандығын көреміз. Қазақ АССР
прокуратурасының 1922-1936 жылдар аралығындағы құрылуы мен дамуын А.
Әлдекеев көп зерттеген.
Прокурорлық қадағалау туралы ереже Орынборда (Қазақ АССР-нің сол
кездегі астанасы) қабылданып, оған ҚазОАК-нің төрағасы Меңдешов және ҚазОАК
хатшысының орынбасары Мамыкиннің қолы қойылған.
ҚазССР-нің прокуратурасын құруға байланысты ұйымдастыру мәселелері
1922 жылдың аяғына дейін жалғасты. Республиканың бірінші прокуроры болып
әділет халық комисары М. Атниязов тағайындалды. 1923 жылдың басына қарай
ҚазАССР-дегі губерниялық прокурордың бос орындарын толтыру үлкен
қиындықтармен аяқталды. Дегенмен, олардың көмекшілері толық жасақталған жоқ
еді. Ереже бойынша прокурордың көмекшілерінің жалпы саны 78 болса, соның
тек 41 ғана жұмыс істеді.
Сол уақыттарда штат мәселелерінен басқа прокуратура жұмысында өзге де
қиындықтар бар еді. Атап, айтқанда губернияның атқару комитеттері мен
прокуратура органдарының арасында тығыз байланыс жоқ болатын.
Қазақстан прокуратурасының дамуын екінші кезеңі 1933 жылдан 1992
жылдың 17 қаңтарына дейінгі аралық 1933 жылдан бастап КСРО–ның
прокуратурасы КСРО Жоғарғы Сотының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz