Жекешелендірудің экономикалық аспектілері


Тема «(ХХғ. 90-жж) ҚР Экономикасындағы приватизациялау жүйесі: мәселелері мен жетістіктері»
Белгілеулер мен қысқартулар
АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
АҚШ - Америка Құрама Штаты
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
БАӘ - Біріккен Араб Әмірлігі
БСҰ - Бүкіләлемдік сауда ұйымы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ж - жылы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ғ - ғасыр
ҚЕХС - Қаржы есептілігін халықаралық стандарты
ТМД - Тәуелсіздік мемлекеттер достастығы
ХДП - Халықтық демократиялық партиясы
% - пайыз
ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ХСП - Халықаралық сауда палатасы
Нормативтік сілтемелер
- Назарбаев Н. Ә. Қазақстан халқына ««Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы жолдауы // Егемен Қазақстан. -2012. -27 қаңтар. -1-2 б.
- ҚР “Жекешелендіру туралы” Заңы.
- ҚР Президенттінің ҚР халқына жолдауы. 01. 03. 06. Астана, Егемен Қазақстан. 04. 03. 06.
- ҚР Салық Кодексі. Алматы, 2005 ж.
Мазмұны
1. 2
1. 3
1. 4
Жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстандағы жекешелендіру процесінің іс-тәжірибелік маңызы
Салықтар - экономиканы мемлекеттік реттеу құралы
13
15
21
Жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу процессін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
55
61
64
66
Кіріспе
Тақырыптың зерттеу өзектілігі. Меншік түсінігімен біздің әрқайсымыз күн сайын, өмір бойы ұшырасып отырамыз. Адамдар «менікі» және «бөтендікі», «біздікі» деген ұғымдарды айыра білу кажеттілігіне ұдайы ұшырасады. Басқаша айтқанда, бұл ұғымды экономикалық жүйенің орнығуына, үкіметтің шараларына, табысты бөлісуге меншік институтының ықпалын талдай келіп түсінуге болады. Меншік - ол игіліктерді адамдардың экономикалык иемдену.
Тарихи анықталған қоғамдық тәсілі, осыдан туындайтын экономикалык агенттер (субъектілер) арасындагы катынасы, өзара іс-әрекеті. Ол өндіріс факторларымен, игіліктермен, бұйымдармен (мүліктермен, иемдену нысандарымен) және адамның экономикалық субъект ретінде қарастыруымен байланысты болуы мүмкін.
Сонымен бірге, меншік және меншік катынастарының экономикалық және құкықтық мазмұнын айыра білу керек. Меншік құқығы заң санатының тұрғысынан алғанда иелік ету, ұйғарым жасау және мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы болып шығады.
Меншік құқығы экономикалық субъектілердің катысуымен экономикадағы өзара бірлескен әрекеттерді реттейтін ереженің («ойын ережесінің») басым бөлігін құрайды. Меншіктің шынайы қатынастары экономикалык жүйелердін негізін құрай отырып тарихи-мәдени, рухани, ұлттық, географиялык, демографиялық және қоғамның басқадай ерекшеліктерінен жинақталынады.
Өндіріс кұралдарын меншіктену өңдіріс үрдісінде болатын адамдар арасындагы экономикалык өзара қатынастар (өзара байланыс) сипатын ғана Экономикалык дамудың қазіргі заманғы модельдері. Әлеуметтік бағытталған рыноктық экономика тұжырымдамасы. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. «Меншіктің құқықтық экономикалық теориясы».
Жеке меншік институтының калыптасуы мен дамуының мәселелері. Экономиканы ұйымдастыру үшін, оның мәселелерін шешу үшін, әрбір қоғам әр түрлі құрылымдар мен тетіктерді, институттарды, механизмдерді пайдалана алады. Олардын жиынтығын, өзара байланысы мен қызметтерін экономикалык жүйе деген ұғым арқылы қарастыруға болады. Қазіргі кезенде бұл ұғым туралы экономикалық ғылымда ортақ пікір жоқ. Қолданған әдіснамасына және жіктеу өлшемдеріне байланысты әр түрлі экономикалық жүйелерді қарастыруға болады. Негізгі өлшемдерге емес, сонымен бірге өңдіріс өнімін (тауар, қызмет), оның айырбасталу және тұтыну түрлерінде анықтайды.
ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді[1] .
Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен - қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты.
Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты : жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен шығару мәселесін зерттеу.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алудың теориялық аспектілерін зерттеу;
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу түсінігіне сипаттама беру;
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алудың шетелдік тәжірибесін анықтау;
- Қазақстанда жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу мәселесін талдау;
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу барысын құқықтық реттеу ерекшеліктерін ашу;
- өтпелі экономика жағдайында Павлодар облысындағы жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алудың ерекшелігін талдау;
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу процессін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісіне Қазіргі жағдайдағы ҚР мемлекеттік мүлікті жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік-экономикалық реформалауы.
Зерттеу пәні Қазақстан республикасының жекешелендіру үрдісінің құқықтық реттелуі
Зерттелу деңгейі Қазіргі шетел әдебиеттерінде жекешелендірудің құқықтық реттеу формалары мен әдістерін талдауға арналған бірнеше еңбектер бар, оларға К. Бара, Д. Медикуса, П. Норта, Р. Штюрнер және т. б.
Ресей зерттеушілері арасында B. C. Белых, A. B. Васильева, В. В. Дерябина, В. А. Дозорцева, В. П. Камышанский, Н. М. Коршунова, В. В. Лаптева, Е. А. Суханова, В. Н. Тарасенко Ресейдегі жекешелендіру принциптерін талдады.
Қазақстандық экономикалық ғылымында өндіріс қатынастар жүйесінің қайта құру мәселелері, жекешелендіру қатынастары, жекешелендіру үрдістерінің даму мәселелері Т. А. Есиркепова, Р. А. Алшанова, У. Ж. Алиева, Т. А. Ашимбаева, А. Т. Ашимбаевой, Я. А. Аубакирова, P. P. Аутова, Ф. М. Днишева, А. Е. Есентугелова, М. Г. Исаевой, М. Б. Кенжегузина, А. К. Кошанова, Н. К. Нурлановой, К. О. Окаева, К. А. Сагадиева, С. С. Сатубалдина және т. б. Диплом жұмысының эмпирикалық негізі боп ҚР статистика жөнінде мемлекеттік комитеті, ҚР жекешелендіру жөнінде мемлекеттік комитет, ҚР мүлігінің мемлекеттік комитеті, әртүрлі дүниежүзі елдерінің әлемдік тәжірбиесі, отан және шетел ғалымдарының монографиялық зерттеулері, халықаралық экономикалық ұйымдардың есептері құрады. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ұсынылып отырған жұмыстың жаңалығы Қазақстан Республикасының жекешелендіру үрдісін ғылыми тұрғыда қарастыру және оның даму ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Зерттеу жұмысының маңыздылығы. Жекешелендіру үрдісі, әлі де болса жалғасып келеді, сондықтан 1990 жылдары жүргізілген тәжірбиені біліп тану, оның мәселелерін талқылау маңызды болып келеді. Жұмыста жекешелендірудің қазақстандық моделі шет елдерінің даму үлгісімен салыстырылып келеді.
Ғылыми жаңалығы боп Павлодар облысында жүргізілген жекешелендіру үрдісі талданды, жекешелендіру үрдісінің әр кезеңіне талдау жасалынды, жекешелендіру үрдісінің кемшіліктері мен жетістіктері келтіріліп, оларды түзетуге арналған ұсыныстар беріледі.
Зерттеу жұмысының тәжірбиелік маңызы. Бұл еңбекте қол жеткен нәтижелерді Қазақстанның бүгінгі тарихында тәуелсіздік алғанға дейінгі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі экономика мен әлеуметтік істерді жүргізуге тарихи тәжірибе ретінде пайдалануға болады. Сондықтан, бұл тақырып зерттеліп отырылған кезең аралағындағы мұрағат, статистика деректерімен қатар, экономикалық бағытта шығып тұрған түрлі бағыттағы басылымдардың материалдарын түпнұсқа негізінде зерттеп, бүгінгідей тәуелсіздік алып отырған кезімізде халық назарына ұсынылып отыр. Павлодар облысының жекешелендіру үрдісінің өткізу ерекшеліктері мен қазіргі экономикалық хал-ахуалына талдау жасалынады.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмысым үш бөліммен тұрады. Бірінші бөлімде Қазақстан республикасында жекешелендіру жолдары зерттелді, шетел тәжірбиесі мен іс-тәжірибелік маңызы қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстанда жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігіне алудың әлеуметтік, экономикалық, құқықтық жақтары талданады, Павлодар облысындағы жекешелендіру жүргізу ерекшеліктері мен жетістіктері келтіріледі.
Үшінші бөлімде жекешелендіру үрдісін қаржылық реттеу жолдары мен ұсыныстар беріледі.
- Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасының теориялық мәселелері
1. 1Өтпелі кезеңде жаңа тәуелсіз мемлекеттерде меншік қатынастарын түбегейлі жаңартудың теориялық негіздері
Мемлекеттік меншікті түбірінен жаңарту өтпелі кезеңдегі маңызды міндет ретінде теориялық, методологиялық зерделеуді талап етеді. Мемлекеттік меншіктін екі жүйедегі іс-әрекет ету механизмі ерекшеліктерін талдау негізінде жекешелендіру модельдерін қалыптастыру ғылыми шеністердің негізгі бағыты.
Талдаудың салыстырма пункті - мемлекеттік меншік буржуазиялық коғамнын даму кезеңдерінде өз мән-мағынасын түбірінен өзгерте ала ма деген сауалға жауап іздеу арқылы мемлекеттік меншік қатынастарын түбірінен жаңарту үшін жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформалардың бағыт-бағдарын айқындай алатын кайшылықтарды шешу тетіктерін, әдістерін анықтау мәселесі.
Меншік қатынастарын түбірінен қайта құру дегеніміз, тек қана, жеке меншік немесе мемлекеттік меншік ұғымдарымен күресу ғана емес. Мәселе өте терек қатынастардың мәнін саналы түрде әлеуметтік прогресс жолымен дамытып, айқын жолға бағыттау. Аты өзгергенімен кұбылыстың мәні бірден өзгере қоймайды. Бізге керегі сындарлы, ғылыми концепциялар арқылы өйтпелі кезең зандылықтарын зерделеу.
Экономикалық әдебиеттерде буржуазиялық қоғамдағы мемлекеттік меншіктің әлеуметтік сипаты, іс-әрекет салдарлары жеткілікті зерттелген деп айта аламыз. Жеке капиталдан акционерлік капиталға, акционерлік капиталдан әр түрлі корпорациялық (финанс олигархиясы) меншікке өту процесі мемлекеттік меншік жүйесінің қалыптасуымен катар жүреді. Мемлекеттік капитализм еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты бірлікті жаңа деңгейде, жаңа сапалық дәрежеде шеше алды. Оның мәні еңбек пен капитал арасындағы кайшылық әлеуметтік-саяси формаға ие болып, тап күресінің шешілу аренасы, енді, жалдама еңбек иелері мен мемлекеттік капитал құрылымы арасындағы күреске айналуыда. Саяси, әлеуметтік дағдарыстарды шешудің қалыптасқан екі жолы бар, бірі - меншікті ұлттық игіліктен алып, жеке топтарға сату арқылы еңбек пен капитал арасындағы төрешіге айналуы, яғни кәсіпкерлік ассоциациясы және жалдама еңбек иелері ұйымдары қатынасына мемлекеттік реттеу жүйесін енгізу; Екіншісі -жалдама орта тапты құрудың жолдарын калыптастыру (Американ тәжірибесі, Жапон жЖүйесі, Германия іс-әрекеті) [2] . Бұл постиндустриялдық қоғамның болашақта толық шешуі тиіс әлеуметтік мәселелерінің негізі - мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламаларына ұқсас коғамдық шаралар (денационализаииялау, акционерлеу) әр түрлі атаулармен XX ғ. бас кезінен бастап-ақ пайда бола басталы. Антитрестік монополияға қарсы заңдардың АҚШ және т. б. елдерде қабылдануы осы құбылыстың бастамасы. Өндірістің қоғамдық сипаты мен иемденудің жекелік сипаты арасындағы қайшылықтардың даму дәрежесі және де оны шешудің әр түрлі әдістері меншіктің қоғамдастырылуы және жекешелендіруі (оқшалануы) құбылыстарының кат-кабат жүретінін көрсетеді. Бәсеке күресінін дамуына сәйкес өндірістік монополиялардың пайда болуы, олардың, үздікеіз түр өзгерістері көп жағдайларда меншіктің жекеліқ акционерліқ монополиялық корпорациялық түрлерінің әр қилы комбинациясымен ұласады. Негізгі даму бағыт-бағдары - өндіріс тиімділігін арттыру. Стихиялы даму процесінің әлеуметтік қайшылықтарының терендеуі көп жағдайларда мемлекеттік реттеу шараларымен қатар, мемлекеттік меңшіктің пайда болып, кайшылықтыдамуымен ұласады. Әңгіме бұл жерде, мемлекеттік меншік дамуы және мемлекеттік шаруашылық жүргізу құбылыстарының кірігу процесі туралы болып отыр. ҒТП және ҒТР дамуы, бәсекенін халықаралық сипат алуы, мемлекеттік-монополиялық капитализм, неолибералдық бағдар кезеңдері мемлекеттік меншікке байланысты коғамдық шаралардың әр бқилы бағьпта дамуын туғызады.
Қалыпты нарықтық реттеу механизмі әр уақытта бәсеке мен монополия құбылыстарының органикалық синтезін талап етеді. Яғни нарықтық кеңестіктің серпінлі козғалысы үшін объективті турде меншік қоғамдастырылуы және еңбек, өндіріс коғамдастырылуының әрқилы даму бағьтттарын сәйкестенділіру қажеттігі жузеге асуы тиіс болды.
Монополиялық бірлестіктердің акционерлік меншікке сай тур-өзгерістері, мемлекеттік меншіктің кәсіпкерлік топтарға берілуі коғам арқылы - жекешелендірінудің, ерекше көрініс сатылары ғана. Осы заманғы жекешелендіру процесінін классикалық үлгісі ағылшын тәжірибесі болып табылады. Классикалық дегеңде. біз мақсатты әрекеттерді, оны жүзеге асыру құралдары т. б. кешенді модельдік ерекшелігі жағын айтып отырмыз. Экономикалық теориада приватизаиия ұғымы М. Тэтчер үкметінің саясатымен кең тарала бастады. Британ экономикасының тиімділігін көтеру үшін "Тэтчеризм" саясаты әлеуметтік өзгерістерлің ен негізгі бағыты ретінде мемлекеттік сектордың қолданды. Приватизация ұғымы ресми тілде - мемлекеттік меншікті жаңарту, өзгерту құбылысының , мәні - жекешелендіру ұғымы. Ол меншік иесін табу, меншіктеу ұғымдарынан мағанасы төмен, шектеулі ұғым , тек жекеге беру, мемлекет иелігінен алу дегенге саяды. Ортак нәрсені жіктеуді, бөлуді көрсетеді. Термин қалыптасып, кең қолдануына байланысты біз де жекешелендіру ұғымын екі мағынада пайдалаңамыз.
Жекешелендіру ұғымы арқылы меншік құқығының жіктелу құбылысын айкындап алу қажеттігі туындайды. Иелену, билеу және пайдалану негіздерін казіргі буржуазиялық құқық элементтері аукымында айқындау арқылы мемлекеттік меншік жүйесінің іс-әрекет ету механизміндегі қайшылықтардың көзін табуға болады. Шаруашылық тұлғалардың көп түрлілігіне, территориялық буындардың кызметіқ саяси-партиялық жұйенің жетекшілерін ескере отырып, мемлекеттік меншікті жүзеге асырудың ұйымдық -басқару механизміндегі қайшылықтарды шешу қажеттігі жүзеғе асуы тиіс. Өтпелі кезең түбегейлі институционалдық, ең алдымен, меншік жүйесі өзгерістерімен сипатталады. Қазақстанда жүйе дағдарысы және кең көлемде, өте қаркынды жүргізілуі сипаттары ғана ерекше құбылыс. Мәселен, Англиада 1979 ж. бастап он жылда мемлекеттік сектордың 2/3-і (6 негізгі бизнсс бағыттары) жекешелендірілді, оның ішінде транспорт, байланыс, көмір, газ өндірісі мен өндеу салалары, электро-энергетика бар. Бұл тәжірибе біздің отандық жағдайдан ерекше болғанымең өзінің негізгі методологиялық алғы шарттарымен біз үшін маңызды. Мысалы, ағылшын мамандары жекешелендіру саясатын жүргізуде мынадай кешенді сатыларды айкындаған:
- үкіметтің стратегиялық саясатын айкындау;
- салалар мен компаниялардың кұрылымын өзгерту мүмкіндігі /реструктуризация/;
- жекешелендірудің негізгі міндеттерін анықтау;
- ұзақ мерзімдік жекешелендіру бағдарламасын жасау;
-жекешелендірудің алғы шарттарын қалыптастырып, дамыту кезеңдерін белгілеу;
- жекешелендіру стратегиясын іс-тәжірибемен үздіксіз жетілдіру, түзету жасау[3] .
Бұл кешенді шаралар меншік иесін табудың манызды негіздерін жұйелейді. Джон Симмонс, Уильям Мэрс Россиядағы 1989 ж. екі күндік семинарға байланысты былай дейді "Ол семинардың сонына карай, американ менеджерлері әкімшілік әдістермен басқармайтынына көзі жетті . . . яғни, шындығыңда олар басқарудың стиліне және келісімге негізделген әдістерін пайдаланады. Олар өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін, өндірісті үздікеіз жетілдіру әдістерін және де ынталандырудың екі негізгі принципін - кызметкерлердің пайданы бөлуге және меншікті иеленуге қатысуын пайдаланады. Кызметкер-меншік иесі ретінде шешім қабылдауға қатысу құқығын і алады, мемлекет кәсіпорын жұмысына араласпайды".
Дамыған елдерде мемлекеттік меншікті жекешелеңдіру, жеке меншік институтын дамыту негізгі қайшылықты - еңбек пен капитал қайшылығын жаңа негізде шешуге бағытталып отыр. Бұл олар арманлаган постиндустриялдық қоғамның әлеуметтік негізі.
Қатысу жүесі меншік қатынастарын түбірінен жаңарту арқылы жұмысшы-кызметкерлердің еңбекке ынта-жігерін арттыруға бағытталған. Меншіктің жүзеге асу механизмінің барлық буындарына, әсіресе, басқару жүйесіне араласуы кең жайыла бастады. "Егерде қызметкер компания акцияларын иеленіп, дауыс беру құкығына ие болмаса, - олар оның иесі емес" деп тұжырымдайды [4, 15] .
Негізгі мәселе, - жекешелендіру процесі арқылы меншіктің көп түрлілігін камтамасыз ету ғана емес, өндіріс-құрал жабдықтарын өндіріс нәтижесін иемдену мен бөтенсудің дәрежесі ғана емес, -жалпы өндіріс нәтижесінде адамдардың, шаруашылық тұлғаларының жауапкершілік деңгейі. "Іс-тәжірибеде, меншіктен бөтенсу құбылысынан да аса маңызды мәселе еңбек нәіижесінен бөтенсуі, еңбек ынтасына шек кою мәселесі"[5, 45] . Меншікті жаңартудың кілті, сонымен, оның жүзеге асу кезеңінің сатыларымен сәйкес келеді .
Өтпелі кезеңде, Казақстанда жекешелендіру (экономикадағы мемлекеттік шаруашылықты шектеу) арқылы рационалды нарықтық қатынастарды қалыптастару арқылы серпінді әлеуметтік еңбек бөлінісі және шаруашылық тұлғалардың жіктелу құбылысын дамыту, көп жағдайларда, номенкулатуралық жекешелендіру мен салалық ерекше монополиялық табысты бөлу механизмінен анағүрлым маңызды мәселе. Бұл жерде, әңгіме мәні - әлеуметтік реформалардың пәрменділігіне кайшы келетін әкімшілік жүйесінің қайта жаңғыруы мемлекеттік меншікті жекешелендірудің теріс сипатын анықтайтынын баса көрсеткен жөн[6] .
Өте қызықты мысал, Германия (тіптен 1 дүниежүзілік соғыс қарсанында да) дүниежүзілік соғыс арасында мемлекеттендірілген жеке меншікке негізделген өндіріс жүйесі қалыптасады. Ал, КСРО-да мемлекеттік меншік негізделген бір орталықтан басқарылатын мемдекеттендірілген экономика қалыптасып үлгерді. Өзінін әлеуметтік салдары жағынан оларды экономикалық ұқсас типке айналдырған бір орталықтан басқарылатын шаруашылық жүйесі. Саяси тоталитаризм, әлеуметтік нигилизм, экономикалық теңгермешілік негізінде еңбек күштеуге, зорлыққа негізделген жалдамалы сипаттағы мемлекеітік дәрежеге көтерілді.
1-ші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда жүзеге асқан "денационализациялау" ( ұлттық меншігінен алу) саясаты "Дауэс" бағдарламасы бойынша сол кездегі валюта есебімен 16 млрд. марок жұмсалды, яғни Бисмарктан қалған мемлекеттік сектор "жекешелендірілді". Сонымен қатар, аса ірі монополиялық бірлестіктер жеке кәсітюрындарға таратылды [7, 25] .
Сол сиякты, П-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін де, 1946 ж, бастап "Маршалл жоспары" бойынша Герман өнеркәсібі мемлекеттік орталықтан басқарудан босатылды. Тағы да "денационализациялау" саясаты жүргізілді. Ескеретін жағдай, 1960 ж. кейін үшінші дүние елдері мемлекетік меншікті дамыту және оны "бөлшектеу" саясаттан кат-қабат жүргізіп келе жатқаны белгілі құбылыс.
Шульц З. "Эрхард реформалары" мақаласында орталықтандырылған бөліс экономикалық механизмі Германияда 1933 ж. 1948 жылдың шілдесіне дейін өмір сүргенін айтады. Оның ерекшелігі: жоғары дамыған жеке меншік жүйесінде экоиомиканын бір орталықтан басқарылуы еді. Ол В. Ойкеннің пікіріне сүйене отырып, орталықтандырылған бөліс экономикалық механизм жүйесі жеке меншікке де, мемлекеттік меншік түріне де тәуелсіз екенін тұжырымдайды. В. Ойкеннің пікірі бойынша меншік түрі экономикалық заңдардың айқындаушы элементі, бірақ бірден-бір, шешуші факторы емес. Бұл зандар "жүйе құраушы және айкындаушы кешенді факторлардың жиынтығы ретіңде "экономикалық іс-әрекет ету механизімін" сипаттайттын ұғымды құрайды[8] . Шаруашылық жүргізу тәсілдері мен әдістері, яғни шаруашылық механизмі меншіктін жүзеге асырылуының нактылы бай мазмұнына ие болады.
Э. Шульц көленкелі экономиканың пайда болу түбірін талдауда КСРО-дағы жоспарлаудың натуралды және құндық , көрсеткіштерінің қайшылықты бірлігін көрсетіп, В. Ойкеннің "қара базары" өзінің заңдығына қарамастан "заңды жоспарды орындауға көмектеседі деген ойын алға тартады [9, 175] . Германияның 1933-1948 жж. даму тарихы орталықтандырылған бөліс экономикалық механизмнің жағдайында жеке меншік формасының шаруашылық жүйесінде белгілі дәрежелегі бейтараптығын көрсетеді. Л. Эрхардтың негізгі міндеті де осы механизмді кайта құру болды. Ал, саяси-құқыктық реформаларды жүзеге асыру канцлер Аденауэрдың құзырында болды.
Бұл экономиканы мемлекет иелігінен алу және орталықсыздаңдыру арқылы акшамен реттелетін экономикаға өту бағдарламасы еді. Маршалл жоспары бойынша алынған шетел несиесін пайдалана отырып, Германия 1958 ж. нарықтық экономикаға өту жобасын толық жүзеге асырғанын жариялалы. Бағдарламаның негізі - орталықтанлырылған жеке меншік формасын дербес шаруашылық жүргізу механизміміне көшіру, яғни Орталық Экономика Министрлігін билеу, өкім ету қүқығынан айыру екенін көреміз.
Жалпы әлемдік "жекешелендіру" саясаты мен іс-тәжірибесін зерделесеқ негізінен үш түрлі әдіс-тәсілді байқаймыз [10, 144] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz