Қазақ күресінің түрлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары және даму тарихы . . .
1. 2 Қазақ күресінің түрлері, шығу тарихы мен ерекшеліктері. Қазақ ұлттық ойын түрлері . . .
1. 3 Сурет өнері. Сурет өнеріндегі тақырыптық композицияның мәні мен маңызы . . .
ІІ. ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ
2. 1 Тақырыптың педагогикалық, эстетикалық маңызын аша отырып, мектептерде бейнелеу өнері пәнінен тақырыптық композицияға сурет салуды үйрету . . .
2. 2 Бейнелеу өнеріндегі тақырыптық композиция жанры арқылы мектеп оқушыларына арнайы құрастырылған әдістеме . . .
6-сынып бойынша бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспарлары. 1 сағатқа арналған.
ІІІ. ІС ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.
3. 1. Тақырып таңдау, іздену, дипломдық жұмыстың кезеңділікпен орындалу жолдары мен композицияны орындалудағы технологиялық ерекшеліктер . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛАР . . .
КІРІСПЕ
Негізінде жалпы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы Адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағыттаған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа техналогиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу"-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндетері көзделген.
Бейнелеу өнері-жалпы өнердің бір бөлігі. Бейнелеу дегеніміз-заттардың, табиғат құбылыстарының, адамның және жан жануардың, өсімдіктердің көрінісін қағаз бетіне салу. Олардың нақтылы бейнесін берумен ғана шектелетін суретшіні «көшірме суретші» дейді. Ал нағыз суретші болу үшін бейнелейтін заттың, құбылыстың көркемдік жағын ойлау керек. Бейнелеу өнері бүгін мен ертеңгіні емес, сонымен бірге өткен өмір шындығын да бейнелейді. Егер бейнелеу өнері болмаса, бұрын өткен ата - бабаларымыздың, ұлы даналарымыздың түр-түсін, бейнесін көз алдымызға елестете алмас едік.
Ал енді өзіміздің тақырыбымызға жақынырақ келетін болсақ, қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық . Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, тағы басқаспорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді. Күні бүгін де олар өздерінің мән - мазмұның жойған жоқ. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде әзірге Одақ көлеміне белгілісі - қазақша күрес. Соған орай спорттың бұл түрі басқаларына қарағанда әбден қалыптасқан.
Қазақша күресті жетілдіріп, одақ көлеміне әйгі етуге атсалысқан М. Рақымқұлов Ж. Төлегенов, Ә. Бүркітбаев, Т. Асқаров, Д. Биткөзов, Ж. Сабыржанов, Н. Омаров, Р. Сапарғалиев сынды спортшылар есімдерін мақтанышпен атамасқа болмайды.
Қазақша күрес - көптеген тәсілдер, жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.
Күрес өнері. Спорттың бұл түрі - қай халықта да бар деуге болады. Олардың бәрі де бұл спорттың түрін жан-тәнімен сүйіп ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, оны байытып жаңғырта келіп, бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Әр халықта да өзіндік арнамен дамыған ұлттық күрес өнері бар.
Қазақ күресі - ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т. б. көптеген тәсілдер қолданылды.
Қазақша күрес өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына бір есімді - Қажымұқанды білеміз. Кезінде әлемді аузына қаратқан аты аңызға айналған қазақтың сол алып ұлының өзі де алаш халқының төл өнерімен сусындап содан үйренері хақ. Ендеше бүгінгі өркенді өнеріміздің Қажымұқандарының да тұсауларын алаш қазақша күресі кесті. Өйткені қазақша күрес бүгінгі әлемдік ареналардағы күрес түрлерінің қай-қайсысына болмасын жақын да ұқсас.
Қазақша күрес - халық арасына кең тараған ұлттық спорт түрлерінің бірі. Қазіргі кезде ол жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болып, жастардың сүйіп шұғылданатын спортына айналды. Қазақша күрес «жүректілер мен күштілердің мұрат тұтқан ісі» деп аталып жүр. Ерте кездерде қазақтың той-томалағы күрессіз өтпеген. Тіпті қазірдің өзінде жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында кең таралған күрес (грек-рим, еркін күрес, т. б. ) түрлерімен тұрақты түрде айналыспаса да, белдеспейтіндері, әсіресе ауылдық жерлерде, кемде-кем.
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары және даму тарихы
Бейнелеу өнері тарихының дамуы үрдісінде оның көптеген түрлері қалыптасады. Атап айтсақ, сәулет, мүсін, кескіндеме, графика. қолданбалы-сәндік, дизайн тәрізді өнер түрлері. Осы өнер түрлерінің бәрі дүниенің болмысын, оның жоғары этикалық идеалардың, сұлулығы мен әсемдігін насихаттайды. Олардың әрқайсысының өзіндік коркемдік бейнелеу әдіс-тәсілдері, материал, бейне танымдық әсері, өмірдегіатқаратын ролі ерекшеліктері жеткілікті. Әр өнер түрі гүлдену мен құлдырау кезеңдерін бастан кешіреді, яғни олардың даму үрдісі әрдайым біркелкі бола бермейді.
Сәулет өнері- адамзаттың қоғамдық және жеке күнделікті өмірден сұраныстарына арналған ғимарат, кешендерінтұрғызу өнері болып саналады. Кез-келген ғимарат тіршілікке қажетті ішкі кеңістіктен тұрады, ол сәулет өнері тілімен айтқанда интерер деп аталды. Оның пішінінің бейнелену ерекшелігі, кеңістікте еркін қозғалу, қолайлылық қажеттілігі мен белгілі бір атқаратын метіне тікелей байланысты.
Сәулет өнеріндегі түпкі ой, мақсаттылық, ішкі көрініс пен кеңістікті ұйымдастыру және сәулеттік салмақтардың топталуы мен жеке және тұтас пропорцияларының арақатнастары арқылы ашылады. Ішкі көрініс пен ғимарат «әлемінің өзара байланысы сәулет өнерінің көркемдік тілінің ерекшелігін білдіреді. Ғимараттың сыртқы көрінісінің көркемделуінің де маңызы зор. Әр қаланың адамдар тәрізді өзінің қайталанбас бет - пішіні, мінез-құлқы, өмір тарихы бар. Олар қазіргі заман өмірі мен өткен шақ тарихын баяндайды. Адамның қоғамдық қажеттіліпнің әр алуандылығы сәулет өнерінің тұрғын үй, қоғамдық-азаматтық, өнеркәсіптік салаларын туындатады.
Мүсін өнері - сәулет өнері тәрізді көлемді-кеңістікті өнер түрі, бірақ оның түпкі табиғаты қашанда бейнелеу өнері болып саналады. Мүсін өнерінің басты тақырыбы - адам, оның сыртқы бейнесі арқылы ішкі рухани дүниесін, жоғары сезімін, күштілігін, психологиялық ашып көрсету. Мүсіннің көркемдігіне: архитектоника, пішін салмағы, жобаның негізгі құрылымы, жарық жазықтығы, көлем, сызықтар, түстік және ырғақтық ара-қатынастар тәрізді негізгі заңдылықтар арқылы қол жеткізіледі және образ мазмұнында нақты ашатын осы заңдылықтар. Мүсінші материалдың табиғи тілін пайдалана отырып, жобалаған туындының мазмүнына байланысты материал таңдайды. Мысалы, мәрмәр тас материалы өзінің нәзіктігі мен ақшыл түсімен адам бейнесін мүсіндеуге ыңғайлы әрі лайықты. Диорит, гранит, базальт сияқлы материалдардан детальды өңдеу қиынға соғады, сондықтан бұл материалдарды монолитті монументальды пішіндерге қолданады. Қола материалымен динамикалық күйді, контурдың нақтылығын көрсету мүмкіндігі бар. Ағаш материалы өзінің жылылығы, текстура мен фактурасының әртүрлілігімен тартымды. Мүсін өнерінде пластилин, балшық, балауыз тәрізді жұмсақ материалдар мен қатты тас, мәрмәр, піл сүйегі, қола, темір, мыс, ағаш материалдары қолданылады. Сол сияқты мүсін өнерінің үш техникасы бар: бірінші - жұмсақ материалдан мүсіндеу, екінші - қатты материалдарды кашап, өңдеу, үшінші - металдан құйып, шекімдеу техникалары. Сонымен қатар мүсін өнерінде дөңгелек, жұмыр мүсіннен басқада қолданылатын түрі рельефтік (бедер) әдісі. Ол рельеф, барельеф, горельеф боп үшке бөлінеді. Рельеф тақтаның ішіне қарай қашалып салынса, барельеф ол тақтаның бетіне жартылай шығыңқы қылып бедерленеді, ал горельефте тақта мүсіндік бейненің артқы фоны(аяасы) ретінде қолданылады. Мүсін негізі үш түрге бөлінеді ол: монументальды, қондырғылы(станковый) және декаративті. Монументальды мүсін өнеріне терең ой - идеяларды қатаң пішіндермен бейнелейді. Сондай-ақ монументальды мүсін өнері тікелей сәулет өнерімен тығыз байланысты, қала көшелерін эсемдеп тұрған ескерткіш, мемориалдық тақталар осының дәлелі. Қондырғылы(станковый) мүсін өнері көбінде жақын арадан қабылдауға, ішкі көрініске арналған. Мұнда әсіресе күрделі психологиялық мақсаттар қойылады. Мысалы: психологиялық портреттер. Декоративті мүсін өнері сәулет өнерінің негізгі бөліктерін жіктеуге және тұрмысты көркемдеуге қолданылады.
Кескіндеме өнері- адам бейнесін де, қоршаған ортаны да, табиғатты да және басқа көріністерді бейнелеуге толық мүмкіндігі бар. Кескіндемеші түс пен жарық-көлеңкені, сызықтарды пайдалана отырып, өмір шындығын, әсіресе оның түстік байлығын толығымен суреттеп бере алады. Кескіндеме өнері негізі үш түрге бөлінеді: монументальды, қондырғылы, миниатюра. Монументальды кескіндеме - осы өнердің ең көне түрі. Оның шығу тарихы қоғамдық-діни сәулет өнерімен тығыз байланысты және осы күнге дейін сәулет өнерінің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Монументальды кескіндеме өнеріне мозайка, фреска, витраж тәрізді техникалар тән. Қондырғылы кескіндеме көркемдік ансамбльге бағынбайды, өз бетінше жеке өнер ретінде қарастырылады. Оның жеке өнер ретінде дамуы қайта өрлеу кезеңінен бастау алды. Миниатюралық кескіндеме өнері - ол да ежелгі өнер түрі. Бұл өнер әсіресе орта ғасыр кезеңінде кеңінен таралды. Оның атқарған рөлі көбінде кітаптарға иллюстрциялар(бейне мысал) ретінде қолдану болып табылады. Кескіндеме өнерінде ең басты рөл атқаратын түстік шешім. Түстің өзгеруі жарық пен қоршаған ортаға, ауаға, жанында тұрған басқа түсті заттарға байланысты. Әр суретшінің өзінің таңдап алған палитрасы (белгілі бір түстер қосындысы) болады. Әркім түстік қарым - қатынасты, түс реңктерін өзінше қабылдап, көреді(ол өте индивидуалды), сондықтан екі бірдей сурет өмірде кездеспейді, тіпті ол екі бірдей заттарды бейнелеген күннің өзінде сурет бірін-бірі қайталамайды. Әдетте, түстік қатар(спектр) мынандай негізгі түстермен ажыратылады: күлгін, көк, көгілдір, жасыл, сары, қызыл сары, қызыл түстер. Әртүрлі түстер мен реңктер түзілімінің бірлігін колорит дейміз. Олар жылы немесе суық, байыпты немесе ширыққан болуы мүмкін. Кей ретте өзінің туындысына түстік кереғарлықты(контраст) қолданады. Живопись - бұл бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетінде орындалатын көркем шығарма. Живопись атауы орыстың «Живой писаль» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді. Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады. [7. 44]
Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке т. б. материалдарға салынады. Живописте түс, сурет, сәуле мен көлеңке үйлесімділігін айқын аңғартады. Живопись бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Бұнда нақты көрсетілгендіктен, оның көрерменге әсері өте көп. Басқа өнердің арасында живопись суретшінің қырағы көзі шалынғанның бәрін мейілінше толық бере алады. Мыңдаған жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп дүниені қызықты ететіннің бәрі бейнелеудің ғажайыпта тартымды үлгілерін ойлап шығарды. Бұл нағыз жасампаздық. [9. 96]
Живописьтің әдебиеттен айырмашылығы әр түрлі техникада және әр түрлі материалда орындалады. Соның ішінде Живописьте ең көп қолданылатын бояу түрі майлы бояуды ХV-ғасырдан бастап қолдана бастады. Живопись туындылары жеке бір түлғаны, да көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетпен үлкен оқиғаларды, шытырман соғыстарды да бейнел п, олардың мәнін ашады. [12. 87]
Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуге живопистің рөлі орасан зор. Бұл оның көп жанрларында байқалады, мысалы, тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры т. б. «Живопись сөз өнері емес»-дейді Делакура.
Живописьтің мынадай жанрлары бар:
1. Портрет
2. Натюрморт
3. Тұрмыстық жанр
4. Пейзаж
5. Тарихый жанр
6. Анималистик жанр
7. Мифалогиялық жанр
8. Ботальды жанр
9. Релегиялық жанр
Живопись бұдан басқа да «Станокты және Монументтік» - деп екіге бөлінеді. Арнаулы мольбертте орындалған сурет "станоктық живопись"-деп аталады. Ал үйлердің, ғимараттың ішкі немесе сыртқы қабырғаларына салынған сурет «Монументтік живопись» деп аталады. Монументтік живописьте зертас пен фреска қолданылады. Декорациялық кескіндеме дегеніміз - театр сахнасын безендіруде қолданылатын бейнелеу өнерінің түрі. Суретші Ә. Жүсіпов «Менің Отанымның әйелдері» атты шығармасында тұлғалардың түстік құрылымын декарациалық кемеліне келтіріп бейнелеген. Ол декорациалық монументті туынды болып табылады. Монументтік бейнелеу өнері туындылары әр түрлі болып келеді. Витраж, мозайка, панно, фреска. Мозайка-смальта мен асыл шынының түрлі түсті сынықтарынан құрастырылған сурет. Русьте мозайка өнерін дамытуда В. Ломоносов смальтаның 112 реңін тапты. Витраж терезеге салынатын шытыра сурет. Ол француздың «Терезе, әйнек» деген мағынадағы сөзінен шыққан. Панно-үйдің ішкі және сыртқы қабырғасын безендіру үшін қолданылатын көлемді живописьтік сурет. Фреска-әктелген сыз қабырғаға су езілген бояумен салынатын сурет. Живопись шығармаларында қолданылатын майлы бояу негізінен X ғасырда пайда болды. Миниатюра ең алғаш шығыстың парсы Иран елдерінде жақсы дамыды. [32. 54]
Живописьтің ұлы мәні - сансыз жүректерді бір мәнді ойда, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етуінде. Ол шапшан, бірден әсер етеді. Оның тілі халықаралық тіл: оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді. Живопись - бұл майлы бояумен жазылған және рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналарғана емес. Живопись ұғымы кең әрі мейілінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі бояумен темперамен, гуашпен, аквариелмен салынған живопись болады. Мұның бәрі станоктік, яғни станокта (мольберте) жасалатын живопись. Сондай-ақ (жарықтанатын) живопись шыныдан жасалған картинадан өтіп, түрлі-түсті жарық түсіретін живописте болады (витраж. ) [37. 23]
Композиция - ол суреттің барлық бөліктерінің ойластырылған құрылымы. Композицияда ең негізгі және екінші орындағы нэрселерді анықтап, тұлғалар мен заттардың өлшемдерін көрсетіп, жарық пен көлеңкені айқындау керек. Композиция көбінде образдар мен заттардың кереғарлығына кұрылады. Кереғарлық - көркемдік мәнерліліктің ең бір күшті кұралдарының бірі. Олар суретке өмірдегі кездесетін қ озғалыс, күрес, құштарлық тәрізді көріністерді енгізеді. Сондай-ақ суретшінің композиция көріністерді құрылымы барысында ескеретін заңдылықтары: перспектива негіздері, ырғақ, сызықтар, түстік түзілім және жарық ауысымдары болып табылады.
Графика - сөзі грек тіліндегі графо(жазамын) сөзінен шыққан. Графиканың ең басты анықтаушысы сурет болып табылады. Оның негізгі бейнелеушісі элементтері сызық, штрих, жарық пен көленке ауысымы, қара мен ақ түстерінің ара қатынасы, олардың салыстырмалы кереғарлығы мен жұмсақтығы. Графикада түс өте сирек қолданылады(түрлі-түсті графика, түрлі-түсті плакаттар т. с. с) бірақ суретшіге қара мен ақ түстің ара - қатынасын ауыстыра отырып, рең түстің әртүрлілігін көрсетуге болады. Графика өнерін мынандай түрлерге бөлуге болады: қондырғылы -жеке композиция ретінде, кітап иллюстрациялары мен кітап көркемдеу, газет, журнал суреттері, қолданбалы пошта маркалары, шрифт, қазіргі кезде көбірек компьютерлік графика өнімдері қолданылады.
Қолданбалы сәндік өнері өздерінің көркемдік эстетикалық қасиетімен, адамның күнделікті тұрмысын, интерьерді, қоғамдық ғимараттарды, көшелерді, алаң, саяабақтарды әсемдеуге маңызды рөл атқарады. Олар жиһаз, кілем, мата, киім, ыдыс, құмыралар, зергерлік бұйымдар мен ағаш, металл, қыш материалдарынан жасалатын заттар.
Жанрлар - бейнелеу өнерінің түрлерімен қатар жанрлар да қалыптасады. Ол портрет, пейзаж, натюрморт, тарихи, тұрмыстық және батальды, маринистік, анималистік, діни-мифологиялық жанрлар. Жанрларды толық қолдану әсіресе, қондырғылы, кескіндеме, мүсін, графика өнерінде тұрақтанған. Портрет жанрында адам мінез - құлқының өзіндік ерекшелігі, оның сыртқы бейнесімен, ішкі жан дүниесінің байланысы, яғни психологиялық ізденістер жүзеге асырылады.
Тарихи жанр қоғамдық өмірдің маңызды оқиғалары, оның тарихтағы қарама-қайшы келетін трагедиялық жақтары мен өмірде өткен тарихи түлғалар туралы баяндайды.
Тұрмыстық жанр адамның күнделікті өмірі мен оның ұлттық ерекшелігі және әлеуметтік жағдайы туралы хабар береді.
Пейзаж жан-жағымызды қоршаған ортаны табиғат өрінісін, оның алуандығын бейнелейді. Пейзаж қала, ауыл және индустралды көріністерді бейнелеу түрлеріне бөлінеді.
Натюрморт француз тілінен аударғанда «өлі табиғат» дегенді білдіреді, бұл жерде жансыз заттарды бейнелейді Олар ыдыс - аяқ, құрал - жабдықтар, киім - кешек тағы сол
сияқты көптеген заттар.
1. 2 Қазақ күресінің түрлері, шығу тарихы мен ерекшеліктері. Қазақ ұлттық ойын түрлері
Ал енді өзіміздің тікелей тақырыбымызға жанамалай келетін болсақ, күрестің түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
Жекпе-жек күрес түрлерін ұлттық және спорттық деп бөлуге болады. мысалы, сумо жапондықтардың ұлттық күресі де, дзюдо сол топырақта пайда болған спорттық сайыс түрі. Сол сияқты таралу ауқымы еуразиялық кеңістікке тән әр қилы күрес түрлері көп. Атап айтқанда, «Белбеу күрес». Бұл өте байырғы жекпе-жек түрлерінің бірі. Бұл өнер түрі Алтын Орда дәуірінде көшпенділер арасында кеңінен танымал болған. Өйткені, Еуразиядағы түркі тектестер (қазақ, өзбек, ноғай, башқұрт, татар, қарашай-құмық т. б. ) бір шаңырақтың астында болатын. Бүгінгі таңда жоғарыдағы күресті татар, башқұрт, ноғайлар төл өнеріміз деп таныса, Кіші Азия жұрты да ескілікті мұрамыз деп есептеп жүр. Орта ғасырда өмір сүрген оқымыстылар - Ибн Сина, Әбділқасым Фирдауси, Махмуд Қашқарилардың еңбектерінде белбеу күресі туралы жазылған. Сол сияқты моңғолдың ұлттық күресі «бөх»-тің де 1000 жылдан астам тарихы бар екен. Тіпті Шыңғыс заманына қатысты тарихи деректерде ұлттық күрестен сайыс өтіп, қағанның інісі Қасар топ жарғаны жайлы айтылады.
Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Табиғаттың таза сұрыптауынан өткен халықтың жекпе-жек өнерге деген ынтасы классикалық түрде жетілген. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан т. б. дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Бұл деректер қазақ күресінің тарихын ғылыми түрде зерттеген Елемес Әлімханұлы, Қыдырбек Рысбек, Жүсіп Хисымов секілді т. б. ағаларымыздың еңбектерінде жазылған.
Мысалы, Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын қазып, қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде екі адам бір-бірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл балуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғүндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар - күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай салынбаған шығар.
Сол сияқты байырғы көшпенді ата-бабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бір тармағы - қазақ күресінің де өзіндік тарихы бар. Бірақ, ол өткен ХХ ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай отырып, қалыптасқан. Айталық, еліміздің шығыс және орталық өлкелерінде «Арысқа түсу» дейтін сайыс түрі кең дамыған. Бұл жайлы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің шығарамаларында көркем баяндалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz