Мәмілелердің азаматтық құқықтық ретелуі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І Бөлім. Қазіргі азаматтық құқықтағы мәміле институтының ерекшеліктері . . . 6
- Мәміленің ұғымы, нысаны, белгілері . . . 6
- Мәміленің жарамдылық-жарамсыздық салдары . . . 6
ІІ Бөлім. ҚАЗІРГІ Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәміле институтының алатын орны . . . 18
2. 1. Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәміленің түрлері . . . 18
2. 2 Қазіргі азаматтық құқықтағы мәміленің туындау нысандары . . . 35
2. 3. Мәмілелердің азаматтық құқықтық ретелуі . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . 50
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешінді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтық мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т. б. қабылданды. Жаңа қоғамдық қатынастардың орнығуы олардың құқықтық қамтамасыз етілуінің мезгілінде түзетілуімен, сапалы заңның қабылдануымен, оның жоғары кәсіптік деңгейде құқықтық қолданылуымен қатар жүргізілуі керек.
Сонымен қатар, юриспруденция саласындағы болуға тиіс жаңартулардың бүкіл күрделілігі мен ауқымдылығын назарға алу керек еді, өйткені, ескі әміршіл-репрессиялық режимнің заң институттары бүгінгі жағдайға сәйкес келмейтін. Сондықтан да, жаңа құқықтық институттарды, жетілдірілген заң процестерін құруға, заңға ревизия жасаудың, қалыптастырудың құқық қолдану практикасында өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікті алу жылдарындағы құқықтық реформаға талдау жасау барысы, оның басты нәтижесі мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындаған, адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізін қалаған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауы болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстанның 1994 жылдың 27 желтоқсанында Азаматтық кодексті (жалпы бөлім) қабылдауы да осы саладағы аса күрделі табыстардың бірі десек қателесе қоймаймыз. Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі (немесе жүйеленуі) болып табылады, сонымен бірге мұнда бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында болмаған көптеген нормалар пайда болды.
Жаңа Азаматтық кодексті қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт сынынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілерінің ережелері енген.
Қазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Азаматтық кодекстің 1999 жылы қабылданған Ерекше бөлімінда міндеттемелік қатынастарға арналған жеке тарау да бар. Аталмыш жағдайларды өмірдің жаңа ағымына қарай мәміле түрлерінің өзгеруімен байланыстырамыз.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың арасындағы елеулі роль атқаратын мәміле түрлерін, олардың түсінігі мен маңызын және құқықтық реттелуін ашып көрсету.
Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімін қабылдауымызда шарт қатынастарын реттеудің құқықтық тәртібі өзгеріп, шарттасушы тараптардың қатынастарын реттейтін нормалар саны өсе түсті. Көрсетілген қатынастарды реттеудің егжей-тегжейлі көрсетілуінің оң салдарымен қатар ендігі кезде көптеген нормативтік материалдарды толық зерттеп білуді талап етіп отырған жағы да бар.
Зерттеу жұмысында біз ғалымдар Ю. Г. Басин, М. К. Сүлейменов, Ғ. Төлеуғалиев, Ғ. А. Жайлиннің және тағы басқа авторлардың еңбектерін қолдандық. Зерттеу жұмысын жазу барысында Азаматтық кодекстің мәмілеге, мендеттемелерге арналған нормалары басшылыққа алынды. Шарттардың қалай жасалатынын және олардың өзгертілуі мен тоқтатылатына дейінгі бөлімдері сараланды. Сонымен қатар біздің еліміздегі мәмілелердің азаматтық заңдағы мәселелеріне арнайы тоқталдық.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Мәміле институтының азаматтық құқықтағы ролін айқындауда азаматтық заңдылықтарды саралау;
- Мәмілеге отыру барысындағы кедергілер мен қайшылықтарды анықтап, оны шешудің жолдарын ұсыну барысында салыстырмалы талдау жасау;
- Мәмілені реттейтін азаматтық заңдылықтардың баптарына сүйене отырып сот практикасын қолдану;
- Мәмілеге отырудың құқықтық тәртебін анықтауда арнайы тұжырымдар мен ұсыныстар беру.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазіргі азаматтық құқықтағы мәміле институтының ерекшеліктері
- Мәміленің ұғымы, нысаны, белгілері
Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың Азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген.
Мәмілеге мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3) кандай да бір Заңды құқық жасауға бағытталған Азаматтық құқықтык қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы;
4) мәміленің әрқашанда құқықтық салдарды туғызуы.
Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен түрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі [2; 12] .
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру, әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чегі, затты сатып алғанын айғақтайтын құжат және т. б. ), сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер үсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-кетер ештеңе жоқ
Конклюденттік әрекет (латынша concludere - жасау) - сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК-тің 151-бабының 4-тармағы) . Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.
Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл орайда мәмілелерді жасау кезінің өзіңде орындалатындарынан басқа жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс [2; 13] .
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау - кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефон-жазба, телетайп-жазба, факс немесе субъектілерді және олардың epік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер Заңдармен немесе талаптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол коя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат кол коя алады. Соңғының қойған қолын, егер Заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол коя алмаған себептерін көрсете отырып, куәландыруға тиіс [2; 14] .
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. (АК-тің 152-бабының 5-тармағы) .
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабыньщ 3-тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады [2; 14] .
Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады. Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе пошта арқылы жолдаған арызы бойынша жүргізіледі.
Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және ол заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жак сот арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. Мәмілелердің түрлері. Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) ; 2) ақылы және ақысыз; 3) нақты және консенсуалды; 4) каузалды және абстрактылы; 5) шартпен жасалған; 6) биржалық [2; 15] .
Біржақты мәміле дегеніміз Заңдарға немесе талаптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі өсиет қалдыру. Әдетте біржақты мәмілелер тым коп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жакты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады) . Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus - келісім) - келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res - зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет [2; 16] .
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық) . Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (abstrahere - қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру) .
Шартпен жасалған мәмілелер қаңдай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. (АК-тің 150-бабының 1-тармағы) . Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын, басталу-басталмауын белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап Шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық кодексте (156бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтары мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, кор және басқа биржалар туралы Заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады. Биржалық мәмілелер делдалдык, жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.
Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін [3; 62] .
- Мәміленің жарамдылық-жарамсыздық шарттары
Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестік, мәмілеге қатысатын жөне оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде Заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады (АК-тің 18-бабы) .
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал Заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілетті болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.
Мәміленің жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір-бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді.
Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК-тің 154-бабы) мен тіркеуді (АК-тің 155-бабы) айтуға болады.
Жарамсыз мәміленің түсінігі. Азаматтық кодекстің 157-бабында бұл туралы былай делінген: "Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін" [4; 16] .
Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді: а) субъект құрамының ақауы болатын мәміле; ә) ерікке қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанның ақауы бар мәміле; в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы) .
Субъекттік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші Заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады [4; 16] .
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:
а) Азаматтық кодекстің 23-бабыңца көзделген мәмілелерді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 159-бабының 3-тармағы) ;
ә) Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 4-тармағы) ;
б) Есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет қабілеттілігі жоқ деп табылған азамат жасасқан мәміле (АК-тің 26-бабы), егер мәмілені жасау кезінің өзінде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 5-тармағы) ;
в) Сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 6-тармағы) ; [4; 17] .
г) Әрекет қабілеттігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 154-бабының 7-тармағы) .
Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша әрекет қабілеттілігі бар тарап жарамсыз мәміленің Азаматтық кодекстің 157-бабының 36-тармақтарында көзделген салдармен коса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өңдіріп беруі мүмкін. Мұндай міндет әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші жақтың әрекет қабілеттігі жоқ екендігін білсе, не білуге тиісті болса ғана жүктеледі.
Азаматтық кодекстің 159-бабында Заңды тұлғалардың жарамсыз мәмілесін сотпен жарамсыз деп тануға мынадай негіздер қарастырылған: а) Заңды тұлғаның заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп не оның органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле жасауы; ә) қажетті лицензия алмай не лицензияның қолданылу күшінің біткеннен кейін жасалған мәміле; б) теріс пиғылдағы бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзған мәміле.
Еріктің ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді: 1) мәміле жасауға іштей келіспей жасалған мәміле; 2) ішкі еріктің дұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәміле.
Бірінші топқа бір тараптың Екіншісін алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасаған мәмілелер жатады (АК-тің 159-бабының 9, 10 -тармақтары) .
Ерік ақауы бар жоғарыда аталған мәмілелердің жарамсыз болуының себебі мәмілені жасауда сол тұлғаның еркі болмайды, әрі ерік білдіруді мәмілеге қатысушының еркі емес, әлде біреудің ықпалымен болған ерік болып табылады [4; 39] .
Зорлап мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп оның өзіне, не жақындарына күш қолдану (ұрып-соғу, жақын адамдарымен қатыстырмау, бостандығын шектеу және т. б. ) немесе жандүниесін жаралап мәміле жасауға көндіру болып табылады. Зорлық заңсыз әрекет болғанымен, кейбір жағдайда оны жасаушыны қылмыстық жазаға тарту міндет емес.
Қорқыту тұлғаға мәміле жасамаған жағдайда оның өзіне немесе жакын адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдық зиян келтіретіндігін ескертіп, қоқан-лоққы жасау. Қорқыту зорлықтан мынадай белгілер бойынша ерекшеленеді: а) қорқыту зиян келтірмекші болғанымен әлі жүзеге аса қоймаған әрекет; ә) қорқьпу құқыққа сай келетін уәдемен (мысалы, мүлікке тыйым салуды қолданамын, жасаған қылмысын хабарлаймын деген тәрізді) көрінуі мүмкін, сондай-ақ құқыққа сай емес әрекетпен (мүлікті жою, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру) жасалады.
Қорқытудың салдарынан мәмілені жарамсыз деп тану үшін қорқьпу құр сөзбен емес, шын мәнінде болуы керек. Аталған жағдайлардың бәрі сот істі қарағанда есепке алынады.
Бір тараптың екіншісімен зұлымдық ниетте келісімге келуі ерік білдіруде айтқанға көне салмаушылықтан туындайды. "Зұлымдық ниеттегі" мәмілеге мынадай мысал келтіруге болады, саяжайды сатушы сатып алушының өкіліне саяжайдың болашақ иесіне саяжайға байланысты кемшілікті айтып қоймауын өтініп, келісімге келеді [6; 77] .
Алдау арқылы және жаңылысу немесе кіріптарлықпен жасалатын мәмілелермен келісушілерге тән нәрсе (АК-тің 159-бабының 8, 9-тармақтары), жеме-жемге келгенде жағдайдың шылауында кетіп, өзіндік бағытынан айрылып қалуы дер едік. Алдау дегеніміз мәмілеге қатысушыны көрер көзге адастырып, қатысушы жақтың бірі екінші жаққа мәміленің тиімділігін асыра мақтап немесе тиімсіз жағын бүгіп қалып (мәселен, сатылғалы тұрған заттың кемшілігін жасыру немесе сатылмақ үйдің көшесінде трамвай жолы салынғалы жатыр деп) мәміле жағдайлары жөнінде жалған айтса, міне, бұл алдау болады.
Алдаудың жаңылысудан айырмасына келетін болсақ, алдауда мәміле туралы теріс ұғым саналы түрде болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz