Қазіргі қазақ публицистикасындағы экономика тақырыбының көрінісі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 Негізгі бөлім

І ТАРАУ Қазіргі ұлттық экономика және баспасөз

1.1 Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайында дамуы ... ... ... ... ... ... ...7

1.2 Қазіргі қазақ публицистикасындағы экономика тақырыбының көрінісі ... .16

1.3 Ұлттық басылымдар және “Ел межесі елулік” ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ІІ ТАРАУ Дағдарыстан жаңару мен дамуға

2.1 Экономиканың тұрақтылық феномені мен дағдарыстың шығу салдары...29

2.2 Тұрғын үй мәселесі және ипотека ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

2.3 Теңге және инфляция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

2.4 “Әлемдік дағдарыстан шығудың кілті”. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 53

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

Кіріспе

Еліміз тәуелсіздік алып, өзін-өзі билеу, өзін-өзі басқару қабілетіне ие
болғаннан кейін заманына сай қазақ баспасөзінде де айтарлықтай күрт
өзгерістер болды. Бұрынғы бір ғана Коммунистік партияның жетегімен жүрген
бір сарынды, сыңаржақ, бір реалистік форматтағы қалыптан шығып, сан қырлы,
жан-жақты қоғам өмірінің әртүрлі салаларының астары мен өңірін толығымен
қамтып көрсете алатын біршама еркін, қалаған бағытқа қалам тартатын
баспасөз өмірге келді 1. Ол өзінің қоғамның нақты айнасы екенін көрсете
білді. Бұл журналистің сол қоғамның тыныс-тіршілігінің тамыр соғысын жіті
аңғарып, аса сезімталдықпен байқап, қалың бұқараның өзіне қайтара жеткізуі
арқылы жүзеге асты. Бұл күнде баспасөздің қоғамдағы ықпалының зорлығы – оны
төртінші билік дәрежесіне көтеріп әкетті. Ол бұндай беделге жайдан-жай ие
бола салған жоқ. Аз уақыттың ішінде ұзақ жол жүріп, жаңа қырынан қалыптасып
дамып, шыңдалып жетілгеннің нәтижесінде болды. Сөйтіп қазақ баспасөзі
қоғамның қуатты құралы, мықты күшіне айналды.
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қазақ публицистикасындағы
экономика тақырыбы баспасөз беттеріндегі ең өзекті басты мақсаттардың
біріне айналды. Өйткені, бүгінгі күннің кез-келген қазақ журналисінің басты
қызметі тәуелсіздіктің тұғырын нықтауға, оның күш-қуатын нығайтуға,
экономикасын жандандыруға, халықты осы іске жұмылдыруға бағытталуы қажет.
Баспасөз бетіндегі жаңсақтыққа бой алдырмау, екіұшты пікір айтпау,
алыпқашпа пікірден аулақ болу, нақтылық пен дәлдікті ғана талап ететін ең
қиын да күрделі тақырыптардың бірі осы экономика тақырыбы деп айтсақ
қателеспейміз.
Диплом жұмысымызды жазу барысында анықтағандай, аталмыш тақырыпқа қалам
тербейтін журналистер саны көбейе түскендігі қуантты. Әсіресе қазақ
басылымдарында ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы,
халықаралық экономикалық мәселелер, банктердің қызметі, қаржы институттары
мен ұлттық даму қорлары туралы материалдар көп жарияланыпты. Бірақ осы
материалдар төңірегінде талдау жасап ғылыми тұжырымдар жасалған еңбектердің
некен-саяқ екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан аталмыш тақырыптың аясында
зерттеу жүргізуден диплом жұмысы тақырыбының өзекті екендігі еріксіз
аңғарылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанда экономика мәселелерінің
баспасөздегі көрінісі туралы зерттеу еңбектердің ішінде профессор Нұрғожина
Шарбан Ысқаққызының 2 еңбегін атап өтуге болады. Көбінесе Ресейлік
әдебиеттерді ғана көптеп кездестірдік.
Зерттеудің объектісі. Зерттеу жұмысының объектісі ретінде Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 18 қаңтарда
Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған “Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы”, Президент
Жолдауы, 2005-2009 жылдар аралығында “Егемен Қазақстан”, “Түркістан”,
“Айқын” т.б басылымдардың беттерінде және осы басылымдардың электрондық
сайттарында жарияланған материалдар іріктеліп, таңдап алынды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеудің тәжірибелік маңызын жоғары
оқу орындарының журналистика факультеттерінде өтетін “Баспасөз және
экономика”, “Экономикалық теория” пәндерін оқыту кезінде студенттерге оқу-
әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы Кіріспеден, 2
тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының тарауларына қысқаша сипаттама беріледі. І- тарау
“Қазіргі ұлттық экономика және баспасөз” деп аталады. Оның үш тараушасы
ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы, халықаралық қаржы
институттары мен Қазақстандағы бірінші және екінші деңгейлі банктер туралы
баспасөз материалдарына талдау жасалады. Сонымен қатар осы тараудың Ұлттық
басылымдар және “Ел межесі елулік” атты тараушасында Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмтылу жолындағы экономикалық
табыстарының баспасөз бетіндегі көрінісіне талдау жасалып, сарапшылар
пікірлері бойынша тұжырымдар жасалды. Мұндай өршіл міндетті білікті
кадрлардың болуынсыз іске асыру мүмкін емес екендігі нақты айтылған.
Сонымен қатар материалдарда қазақ журналистері әлемдік шаруашылық
байланыстар жүйесіне дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік жоғары
технологияларды енгізу мен инновацияларды қолдауға бағытталған “парасатты
экономикаға” арқа сүйегендігін тілге тиек етеді. Осы орайда мемлекет
басшысы елімізде осындай “парасатты экономика” негіздерін құру міндетін
алға қойды. Ал оны құру үшін, ең алдымен, инвестицияларды адам капиталына
салу көзделді.
Қазақстанда қазір ел ішінде еңбек ресурстарын қайта бөлу, және оларды
оқыту мен қайта мамандандыру қажет болып отыр. Мамандардың қоныс аударуы
мен оқуы кезеңінде олар үшін бірінші тұрғын үй проблемасын шешу қажеттілігі
ұсынылды. Бірақ тұрғын үй бағасының шапшаң өсуі жағдайында халықтың әлсіз
жіктері үшін тұрғын үй проблемасын шешу мемлекет үшін қиын міндетке
айналды. Барлық жерлерде әкімдіктерде тұрғын үй алуға үлкен кезек, адамдар
армандаған баспанасын алуды жылдар, тіпті ондаған жылдар бойы күтуде, және
де осы кезеңнің барлығында олар уақытша тұрғын үйге мұқтаж. Ол үшін осы
қажеттілікті тек жалға берілетін үйлер қанағаттандыра алады деп шешілді.
Мемлекет ауқымында тұрғын үй проблемасын шешу үлкен әлеуметтік мәселеге
айналды. Жалға берілетін тұрғын үйлер салу қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті
жоюға, елде демографиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік берді. Өмірге
ипотекалық несиемен үй беру жүйесі бірнеше кезеңдік мемлекеттік
бағдарламалар бойынша жүзеге асырылды. Еліміздің үйсіз-күйсіз жүрген
мыңдаған жастары жеңілдетілген несиемен үй алуға қол жеткізді.
Мәселен, еліміздегі мемлекеттік жаңа экономикалық Тұжырымдаманы іске
асыру шеңберінде мынадай негізгі бағыттар жасауға жол ашылды:
– ақша-кредит саясатының құралдарын жетілдіру және оны Еуропа Одағы
елдерінің стандарттарына жақындату жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылды;
– 2003 жылы неғұрлым тиімді және экономикалық тұрғыдан ақталатын
валюталық операцияларға қатысты жекелеген шектеулерді алып тастауды
белгілеген Қазақстан Республикасында валюта режімін ырықтандырудың 2003-
2004 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды;
– қаржы нарығына қатысушылардың қызметін бірыңғай мемлекеттік қадағалау
органы – Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі (бұдан әрі – ҚҚА) құрылды;
– банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұратын үш деңгейлі
кредиттеу жүйесі құрылды, олардың қызметін реттейтін қажетті заңнамалық
актілер қабылданды;
– Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы №1388
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды;
– республикадағы бірінші кредит бюросы құрылды;
– “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде
орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы” Заң қабылданды;
– бірқатар міндетті сақтандыру түрлері енгізілді, сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік компания,
экспорттық-импорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік
корпорация құрылды, отандық сақтандыру нарығына шет елдің қатысу мүмкіндігі
кеңейтілді;
– Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-
2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді;
– жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы бекітілді;
– Қазақстан Республикасының пошта-жинақ жүйесін дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Диплом жұмысының “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” атты екінші тарауында
дағдарыстың шығу салдарына байланысты жазылған шетел ғалымдарының
пікірлері, теңгенің девалвациялануы, инфляция дегеніміз не?, сонымен қатар
президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Әлемдік дағдарыстан шығудың кілті” атты
еңбегіне байланысты Қазақстанның көрнекті ғалымдары Ғ.Есімнің “Егемен
Қазақстан” гаетінің бетінде жариялаған көлемді мақаласы талдауға өзек
болады. Сонымен қатар диплом жұмысында қазіргі баспасөздері экономикалық
жаңа терминдер желісіне ерекше назар аударылады.

І ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСПАСӨЗ
1.1 Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайында дамуы
Қазіргі таңдағы қазақ қоғамының баянды әрі мәңгілік болуы әлем
елдерінің қатарында өзінің ұлттық құндылықтары мемлекеттік тілі мен
экономикасы, мәдениеті, діні мен ділі айырықша көрініс тапқан ұлттық
брендтері арқылы танылуы тиіс. Ұлттық бренд дегенде алдымен бірінші отандық
тауар өндіруді ерекше жолға қойып, ұлттық бизнес пен шағын және орта
кәсіпорындарды жетілдіруді дамытуды алға қою шарт. Ал журналистке қойылатын
қазіргі заманауи негізі талап – қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді халыққа
жеткізу. Шындықты айту. Қоғамдағы басты жаңалықтарды халық пен билік
арасына жеткізуші алтын көпір де баспасөз. Баспасөз бетіндегі материалдар
тақырыбы алуан түрлі, қазіргі дүниежүзілік ақпараттар тасқыны еркін
қозғалысқа ие болуда. Интернет желісі арқылы секунд ішінде әлемде болып
жатқан кез-келген жаңалықтан хабардар бола аласыз.
Баспасөз беттеріндегі экономика тақырыбына жазылған материалдар да өте
шексіз. Алуан түрлі пікірлер, статистикалық мәліметтер, жаңа экономикалық
терминдер арқылы баспасөз беті толыға түсуде. Оның үстіне Қазақстан
экономикасы да қарқынды даму үстінде.
Осы орайда Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының
директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Кенжеғозиннің
“Егемен Қазақстан” газетінің 2006 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан
экономикасы: басымдықтар және мәселелер 3 атты мақаласына тоқталатын
болсақ, онда ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы әлемде болып
жатқан жалпы өркениет үрдістерін ескере отырып, экономиканы инновациялық
жолға аударудың негізінде ғана шешілетінін атап көрсеткен. Экономист-ғалым
елбасымыздың пікірлеріне сүйене отырып: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың, біздің І Инновациялық экономиканы қалыптастыру саясаты
экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының
баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттың мүдделері осыны талап етеді,
әлемдік дамудың негізгі үдерістері де осыны қуаттайды. Соңғы кездері
мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда.
Алайда, мойындау керек, инновация біздің экономикамыз үшін нөмірі бірінші
басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап еткен деңгейге
көтеріле қойған жоқ. Ал шын мәнінде елдің технологиялық инновацияларға
қабілеті осы заманғы қоғамның базалық сипаты болып табылады,-дейді.
Мақалада осы заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ
тұтынумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиістігін де оқырман назарына
ұсынады.Осы тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегіне де
тоқталып өтеді: Белсенді қалыпта болатын инновацияларға ұлттық
қабілеттілікті қалыптастыру мен қолдау үшін бүкіл қоғам осы саладағы
жетістіктерді аса маңызды ұлттық басымдық ретінде қарастыратын идеялар мен
құндылықтарды жете ұғынуы қажет. Күрделі сипатқа ие және көптеген факторлар
мен қоғамдық институттарға тәуелді инновациялардың табиғатын тек қана
мамандар тобы емес, тұтастай алғанда қоғам да терең сезінуі керек.
Инновациялық проблемалар ғалымдар, менеджерлер, бизнесмендер, саясаткерлер,
заң шығарушылар белсенді түрде қатысатын тұрақты жалпыұлттық диалогтың
тақырыбы болуы тиіс. Ғалым осындағы пікірлерді келтіре отырып, қоғамда
инновациялық бағдарды қалыптастыру үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының
рөлінің артуы керектін ерекше атап көрсеткен.
Бір сөзбен айтқанда, іс-қимылдағы инновациялық үлгіні бағдар ету
-Қазақстан қоғамы идеологиясының бір бөлігіне айналуы тиіс дейді.
Еліміздегі мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту,трансұлттық компанияларды
қалыптастыру, мемлекеттік кәсіпкерлік элементтерін, тұжырымдамасын енгізу
қажеттігі туындағанын да тілге тиек етеді.
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі бағыттарына да
тоқталып өткен:
* мемлекеттің мемлекеттік даму институттары арқылы жүргізетін
инвестициялық қызметі;
* отандық бизнестің мүдделерін ілгері бастыру, озық технологияларға қол
жеткізу және ұлттық экономиканы теңдестіру мақсатымен қазақстандық
капиталдың шетелдерге экспансиясын жүзеге асыру;
* аса маңызды компаниялардың капиталдандырылуын ұлғайту және оларды
дамудың жаңа деңгейіне шығарудың арқасында мемлекеттік капиталдың
қазақстандық трансұлттық корпорацияларды қалыптастыруға тікелей қатысуы.
Мақалада кедейшілік проблемасы да шет қалмады.Кедейшілік проблемасы
Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан толғандыра бастады. Оның өткірлігі
кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі мен қоғамның әлеуметтік
жіктелуінің күшеюі салдарынан қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне
әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі оның үлес
салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік
деңгейінің өзгеру қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге
болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдардың бірінші жартысы – бұл кезде
халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан,
табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге
қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен
көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы жылдардың
екінші жартысынан бастап қазіргі кезге дейін – экономиканың нақты
секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бақуаттылығы
өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі,-дейді.
Елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігі ретінде
“жаңа кедейлер” деп аталатындардың пайда болғанын айтып өтеді . ҚР
Статистика агенттігі 2004 жылы жүргізген үй шаруашылығын зерттеу деректері
бойынша мәліметтерді 4 нақтылай түседі: “Жаңа кедейшілік” ауқымы ауылдық
жерлерде тұратын халықтың есебінен едәуір кеңейді. Ауыл халқының табысы
қала халқының табысынан орташа алғанда 2,2 есе төмен және ауылдағы
кедейшілік деңгейі едәуір жоғары. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен
төмен табысы бар ауылдық отбасылардың үлесі (24,8 %-ды, ал қалалық
отбасылар үлесі 9,2 %-ды құрайды.
Жалпы экономист маманның көтеріп отырған мәселелері бүгінге дейін өз
шешімін таппаған. Мақала газетің едәуір бөлігін алып тұрса да, автор ең
бастысы оқырманның осы мақаладан көкейінде жүрген сауалдарына жауап таба
алмаған сыңайлы. Ұлттық экономикадағы мәселелер дегенде ол тек кедейшілік
пен мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту, трансұлттық компанияларды
қалыптастырумен ғана шектеліп қалмаған. Әлемдік экономикада Қазақстанның
өзіндік орны қандай деген сауалдарға жауап таба алмадық.
Түркістан халықаралық-саяси апталығының 2005жылғы 1 желтоқсандағы
48-594 санында Гүлбиғаш Омарованың Экономиканы реформалау-зәулім үйдің
құрылысын салу сияқты5 атты мақала жарияланған. 2000 жылдан бері
еліміздегі банктердің жиынтық капиталы 7 рет өскені және банктер активтері
осы уақыт аралығында 28 млрд. АҚШ долларына жеткен, бұл IЖӨ жартысына жуық
деген сандық көрсеткіштермен ғана жалпы мағлұмат береді. Елбасының
айтуынша, Қазақстандағы банк жүйесі, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қаржылық
саланың мақтанышы болып табылады. Зейнетақы қорлары активтерінің көлемі
қазіргі таңда 5 млрд. долларға жетті. Сақтандыру саласы да жақсы дамып келе
жатыр. Құнды қағаздар рыногы, инвестициялық қор жүйесі, несие берудің үш
сатылы жүйесі жүзеге асып жатқанын мәлімдейді.
Қазақстан экономикасында туризм, тамақ өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі,
тоқыма, көлік өнеркәсібі, металлургия, құрылыс материалдары жеті кластері
белгіленді. Оларды жүзеге асыру үшін қаржылық сала жақсы жұмыс істеуі
керек-дейді.
Мақалада Қазақстан қаржыгерлері Алматыда бас қосып Бүкіләлемдік банк
Қазақстанды инвестицияға қолайлы 20 елдің қатарына енгізген деген ақпарат
берілген. Алматыда қаржы орталығын құру үшін қажетті заң жобаларын Үкімет
Парламент қоржынына өткізіп те қойғаны жария етілді. Бұл заң жобалары,
Елбасы айтпақшы, жыл соңына дейін қабылдануы керек. Алматы қаржы орталығы
Сингапур, Дубай мен Дублиндегі қаржылық орталықтардың сипаттарын
қайталамақ. Ал қаржылық орталықты қадағалайтын мекемеге заңды тұлғаларды
тіркеу, виза беру және басқаша мемлекеттік органға тән құзыреттер беріледі.
Аймақтық қаржы орталығының арнайы экономикалық аймақтардан айырмашылығы
оның нақты белгіленген шекарасы болмайтынын нақты айтып өтеді.Сондай-ақ
қаржылық сала Алматыда бәсекеге қабілетті қаржылық орталық құру үшін күш
жұмылдыруы керектігін де нұсқайды.
ҚР Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттік төрағасы Болат Жәмішевтің де пікірін тілге тиек етеді.
Қазақстанда қор рыногының әлі жеткілікті дамымағандығына қарамастан,
Қазақстанның қаржы рыногы Қаржы орталығын құру үшін қажетті алғышарттарға
ие. Бұл бизнес-жоба біздің мемлекет үшін өте қажетті, себебі жинақтаушы
зейнетақы қорлары активтерінің көлемін ішкі рынок игере алмай отыр. Яғни,
Қаржы орталығы – Қазақстанның қор рыногының дамуының объективті қажеттілігі
болып табылады,-дейді.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов
Аймақтық қаржы орталығы құрылымы мен ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып
өткен. Ал, Халықтық банк төрағасы Григорий Марченконың пікірі өзгелерге
қайшы пікірін беру арқылы екі жақты көзқарастың оңы мен солын оқырман
талқысына ұсынады. Марченко Үкімет қолға алған кез келген бастама бойынша
ешкімге ұқсамайтын көзқарасы бар екендігін бұған дейін де талай рет
білдірген. Ол бұл жолы да іркіліп қалған жоқ.Экономика реформалау зәулім
үй құрылысына ұқсайды, егер біз үйдің бес-алты қабатын салып бітірсек,
сонымен шектеліп қалуымыз керек деген сөз емес деген сыңайдағы пікірін
жайып салды. Дұрысы, Марченконың сөзін сөзбе-сөз келтірген жөн болар:
Аймақтық қаржы орталығына байланысты мен өз пікірімді бұдан бұрын талай
рет білдіргенмін. Бұл жобаның Үкімет ұсынған, Парламентте жатқан
тұжырымдамасы қазіргі күйінде әлі де қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан
мен оны үстінен қарап, жөндеп, Алматыда шын мәнінде қаржы орталығының жұмыс
істеуін қамтамасыз ету керек деп есептеймін.
Бұл идеяның барлық артықшылығы мен кемшіліктері көп ұзамай іс жүзінде
көрінетін болады. 2006 жылдың 1 желтоқсанына дейін көп қалған жоқ... ,-
дейді. Мақалада автор таразыдағы табақтың қай басы басым екенін оқырман
өзі таразыласын деген ой тастайды.
Сондай-ақ, Түркістан басылымының 2005 жылғы 29 желтоқсанында
экономист журналист Гүлнәр Мұқанованың естіген құлақты елең еткізер 2005 –
ҚАЗАҚСТАНҒА МИЛЛИАРДЕРЛЕР ЖАУҒАН ЖЫЛ... 6 атты мақаласын қарастырайық.
Мақалада жыл сайын атақты Форбс журналында миллиардерлер санатына
Қазақстанда iс жүргiзетiн адамдар iлiккенін жарияланған.Iс жүргiзедi деп
қадап жазуымыздың себебi,-дейді автор:Александр Машкевич, Патох Шодиев
пен Алиджан Ирагимов секiлдi азаматтардың ақша табатын объектiлерi
Қазақстанда орналасқанымен, туылған жерi, азаматтығы, тұратын жерi
Қазақстан емес. Есiмдерi Еуразиялық өнеркәсiптiк Қауымдастықпен
байланыстырылатын бұлардың әрқайсысының иелiгiнде 1 млрд. АҚШ долларынан
астам қаржы бар екен.Айтпақшы, Қазақмыс корпорациясының басшысы Владимир
Ким де миллиардерлер қатарында.Қазақмыс акцияларын Лондондағы биржаға
салғаннан кейiн Ұлыбританияға көшiп кетiп жүрмесе, оның тұрғылықты жерi
әзiрше, Қазақстан...,-деген зілді әзілмен жазылған Гүлнәр Мұқанованың осы
мақаласы баршамызды ойландырары анық.Жерінің асты мен үсті төрткүл
ұрпағымызға дейін жетерліктей мол байлықты иемденіп отырған қазақ емес,өзге
ұлттан болғаны жегімізді жеп,намысымызды оятуы тиіс.Сол қазынаның өзге ұлт
азаматына өтіп кеткеніне қайғырудың орнына оларды мақтанышпен жариялауымыз
қай жетіскеніміз?
Қазақ баспасөзінің түп тамыры 85 жылдық тарихы бар төл басылымымыз
“Егемен Қазақстан” беттерінін де ұлттық экономикамыздың жаһандану
жағдайында қалай өрбіп келе жатқаны туралы мәліметтер мол. 2009жылдың 22
сәуірінде жарияланған Күмісжан Байжанның мына мақаласына назар аударайық:
Алдағы күндерге үмітпен қараймыз7. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының бірінші тоқсандағы жағдайы осындай ойға жетелейді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осы мәселе
төңірегінде былай дейді: Үстіміздегі жылдың екі айында сыртқы сауда
айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39 пайызға, соның ішінде
экспорт 48,4 пайызға, импорт 17,4 пайызға қысқарған екен. Сыртқы сауда
айналымының осылайша төмендеуіне қарамастан, экономика ішкі жағдайда
барынша беріктік таныту үстінде.
Қаржы министрі Болат Жәмішев өз сөзінде 2009 жылдың бірінші
тоқсанындағы мемлекеттік бюджеттің орындалу жайына тоқталып өтеді. Оның
айтуынша, бірінші тоқсанда қарыздар түсімін есептемегенде, мемлекеттік
бюджеттің түсімі 797,1 миллиард теңгені құраған. Бұл жоспардағыдан 3,6
пайызға артық. Ал мемлекеттік бюджеттің шығындарының орындалуы (қарыздарды
өтеуді есептемегенде) 709,8 миллиард теңге болып отыр. Бұл жоспардың 87
пайызы орындалыпты.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара
Әбдіхалықова үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында бюджеттік сала
қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өскендігін жеткізген. Ал зейнетақының
ең төменгі мөлшері 15 263 теңгені, орта мөлшері 22 493 теңге, жоғары
мөлшері 32 121 теңгені құраған. Бұл зейнетақының орта мөлшері орташа айлық
жалақының 37 пайызын құрайтындығын білдіреді. Үкіметтің ірі компаниялар мен
жұмыс орнын сақтау және қызметкерлердің жұмыстан жаппай босауының алдын алу
жөнінде 4569 меморандум жасағандығы көптеген елдердегі секілді
жұмыссыздықтың жаппай етек алуына үлкен тоқтам болып отырғандығын айтып
өтеді. “Нұрлы көш” бағдарламасының аясында 50 мың оралманды жұмысқа
орналастыру қажеттігін көрсетеді. Сөйтіп, еліміз бойынша жұмысқа
орналастыруды қажет ететін азаматтардың жалпы саны 378 мың адамды құрап
отырғандығын назарға ұсынады.
Мұның сыртында аталған мақсатқа жергілікті бюджеттен тағы да 51
миллиард теңге бөлу жөнінде алдын ала ұйғарымдар бар. Осы қаражат жұмыс
орындарын ұйымдастыру мақсатында экономикаға келіп қосылатын болса, онда
көптеген азаматтардың жұмыспен қамтылатындығын атап өтеді. Назар аударсақ,
басылым беттерінде оқырманға үзбей ұлттық экономикада болып жатқан
жаңалықтарды дәлме-дәл хабардар етеді.
“Егемен Қазақстан” басылымының 2008 жылғы 5 ақпанында жарияланған
“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”8 атты келесі мақаласында Қазақстанның жаңа
экономикалық бағыттарына кеңірек тоқталып өтеді. Авторы экономика
ғылымдарының докторы, Тұран университетінің ректоры Рахман Алшанов. Ол өз
мақаласында жаңа экономикалық бағыттардың нәтижесі қандай болмақ және өткен
жылғы елбасымыздың халыққа арналған “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” жолдауы
арқылы “экономиканың тұрлаулы дамуын қамтамасыз ету” керектігін алға
тартады.
Сараптамалық мақаланың тұжырымдары бойынша Қазақстан қоғамының ырғақты
дамуы мемлекеттің экономикалық бағытына елеулі өзгертулер енгізумен қоса-
қабат жүруде. Ағымдағы модернизациялаудың үдерістеріне өзгерістер енгізіліп
қана қоймай, сонымен бірге реформалау тұжырымдамасының мазмұнын сапалық
тұрғыда жаңарту ісі де жүзеге асырылуда деп көрсетілген.
Мақалада бірнеше тақырыпта келелі мәселелер қозғалады. Мәселен Жаңа
өнеркәсіп саясаты дегенде елдің жаңа өнеркәсіп саясаты жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға, жаңа
индустриялық буындарды салуға, толыққанды экономиканы құруға бағытталуы
тиіс дейді. Ал, өсіп келе жатқан салалар деген желеумен битум, мұнай, газ
өндірістерін айтарлықтай ұлғайту сияқты мәселелерді көрсетеді. Әзірленген
жобаларды жүзеге асыру Қазақстанға таяудағы жылдардың өзінде-ақ ішкі
рыноктың мұқтажын өз өндірісі есебінен жабуға, сөйтіп импорттан бас тартып,
өңірдегі ең ірі өнім жеткізіп беруші атануға мүмкіндік береді дейді. Бұл
экономикалық тұрақтылыққа ие және әлеуметтік маңыздағы өте маңызды серпінді
жобалардың бірі. Автор әр саланың сын көтермейтін тұйтқыл тұстарын тере
келіп мәселенің шешімін де ұсынады. Металлургия, газ өңдеу зауыты,
зергерлік бұйымдар шығару тағысын тағы артта қалған кәсіпорындарға қолдау
дер кезінде көрсетілмесе, уысымыздан шығарып алуымыз мүмкін дейді.
Мақаланың өзектілігі-біріншіден нағыз экономист маманның болжам-
бағдарларына сүйене отырып, фактінің бұрмаланбай талданып жазылуында деп ой
түйдік.
Егемен Қазақстан газетінің әр санында ел экономикасы тақырыбы шет
қалмайды. Соның айғағы ретінде 2007жылдың 8 сәуірінде жарияланған мына
мақала назарымызға іліккен. Қазақстан экономикасы ілгерілетудің жаңа
жолы9. Авторы Сейфолла Шайынқызы.
Мақалада еліміздің әлемдік рынокта алар орны турасында, шетелдік
сарапшылардың Қазақстан экономикасына берген бағасы турасында тақырыпты
өрбітеді. Ол бұл орайда Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы мақсатты
істерді жүзеге асырудың өмір талабы екендігін ескерте отырып, “әлі де болса
отандық өнімдердің сапасын арттырып, оның бәсекелестікке төтеп бере алатын
қабілетін айқындай түсуіміз қажет”,- дейді.
Президент 2007 жылдың 13 сәуірінде “Қазақстан Республикасы
экономикасын жаңарту туралы” Жарлыққа қол қойған болатын. Мұнда
“Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы” мемлекеттік бағдарламасына
байланысты ел экономикасын жаңартудың жаңа жобасы жасалып, арнайы комиссия
құрылған еді. Оған Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жетекшілік
жасайды. Ал комиссияның мақсаты – ішкі рынокта отандық компаниялардың тауар
өндірудегі мүмкіндігін айқындау. Қазіргі күнге дейін Мемлекеттік
комиссияның 5 отырысы болып өтті. Онда мемлекеттік органдардың, ұлттық
компаниялардың Қазақстан экономикасын жаңарту үшін ұсынған жаңа жобалары
талқыланды.
“Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы” мемлекеттік бағдарламасы
жұртшылықтың айрықша назарын аударуда. Аталмыш бағдарламада отандық тауар
өндірушілердің әлемдік рынокта бәсекелестікке төтеп бере алатын қабілеті
айқындалатын болады.
Маңызды бағдарламаны түбегейлі жүзеге асыру үнемі Үкіметтің назарында.
Мемлекеттік орган тарапынан әріптестік әрі операторлық қызметті “Қазына”
қоры атқаратын болды. Ал оның жұмысшы органы – Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі болып табылады. Мақсатты істі жүзеге асыру үшін бұған
мемлекеттік органдардың және “Самұрық”, “Қазагро” мен әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорациялардың ресурстары пайдаланылады. Бір назар аударатын
нәрсе, бағдарламаны жүзеге асыруда мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі
қатты ескерілген. Демек, жекеменшік компаниялар жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына
кіруіне өз үлестерін қоса алады деген сөз. “Азия барысы” атанып отырған
Қазақстан өзінің ішкі жалпы өнімінің өсу көрсеткіші жөнінен ТМД елдері
ішінде алдыңғы қатардың бірінен саналады. Сөйтіп, экономиканы жақсартудағы
мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы кәсіпорындар мен ауыр өнеркәсіп саласының
болашаққа деген сенімін арттыра түседі дейді. Үкімет басындағы болып
жатқан бағдарлама барысын түгел баяндап өтеді. Ал соңында тобықтай түйін,
яки өзіндік қорытынды жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдап, 2006
жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған
“Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті
міндеттер атап көрсетілген. Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар
мәселелер деп бастайды Сәкен Еспаев Егемен Қазақстанның 2006 жылғы 31
қаңтарында жарияланған мақаласында10.
Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып,
өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік
экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік
рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында
тұр.
Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі
өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ІЖӨ-лерінің
жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық –
1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2006 жылы бұл
көрсеткіштің 4150 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан
басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастаушыға
айналды. Алайда, Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ-пен, Канадамен,
Жапониямен, Аустралиямен және кейбір дамып келе жатқан (Корея, Малайзия,
Шығыс Еуропа елдері) елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы
қазақстандық ІЖӨ әлдеқайда төмен.
Факторлық талдау соңғы жылдардағы экономикалық өсу көп ретте негізгі
қорлардың ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Сарапшылардың
деректері бойынша, экономикалық өсудегі капитал факторының үлесі өнімділік
өсімінің үлесінен екі есе дерлік артық. Экономикадағы негізгі қорлардың
қатты тозғанын ескерсек, дамудың осы кезеңінде бұл оң жағдай болып
табылады. Болашақта өсудің негізгі факторы еңбектің жиынтық өнімділігінің
артуы болуы керек.
Осы жылдар ішінде жаңа бюджеттік жүйе қалыптасты. 2000 жылдан бастап
мемлекеттік бюджеттің кірістері 2,6 есе ұлғайды. Елдің одан әрі
экономикалық өсуін көтермелеу мақсатында салық жүктемесін азайту бойынша
түбегейлі шаралар қабылданды.
Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін
институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Нәтижесінде жан
басына шаққандағы игерілген тікелей шетел инвестицияларының көлемі бойынша
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш бастаушыға айналды. Тұтастай алғанда
тәуелсіздік жылдарында 40 млрд. АҚШ долларына жуық шетел инвестициялары
тартылды. Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері
15,4 млрд. долларды құрайды. Халықаралық “Муудис” рейтинг агенттігі
тарапынан кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі республикалар ішінде
Қазақстанға инвестициялық сыныптағы елдік рейтинг берілді.
Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың
орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі
депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе
өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің,
дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-
ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30%-ға
ұлғайтылды. 2007 жылы кезекті ұлғайту жоспарлануда. Мұндай ұлғайту жеке
секторда нақты жалақының және тұтастай алғанда экономиканың өсуімен қатар
жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден
кейін ең жоғарылардың бірі екенін және 2005 жылғы 1 қарашадағы жағдай
бойынша 282 АҚШ долларын құрағанын атап өту қажет. Бұл көрсеткіш
Қырғызстанда – 64, Тәжікстанда – 32, Ресейде – 322, Беларусьте – 231,
Украинада – 166, Әзірбайжанда – 126, Молдовада – 110, Арменияда – 111 АҚШ
доллары.
Ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта отырып жетілдіру жөніндегі
Қазақстанның басым міндеттерінің бірі Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру болып
табылады. БСҰ-ға кіру бойынша келіссөз үдерісі қарқынды түрде жүріп жатыр.
Республиканың сыртқы сауда режімін реттейтін заңдарының 80%-ы дерлік БСҰ
нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде. БСҰ-ға
кіру отандық тауар өндірушілердің бизнес жүргізудің халықаралық
стандарттарына көшуіне қуатты ынталандырғыш болады.
Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік салада кешенді түрде шешілуге
тиіс проблемалар баршылық. Қазіргі кезде кедейшілікпен күрес және елдегі
жұмыссыздықты азайту өзекті мәселеге айналды. Бұл саладағы негізгі мақсат
экономиканы әртараптандыру және индустриялық-инновациялық даму есебінен
экономикалық өсу, өнімділікпен еңбек ету үшін жағдайлар жасау, еңбек
рыногындағы белсенді саясат және халық кірісін ұлғайту, инфляцияны саналы
түрде ірку, кедейлердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне
қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік көмектің атаулылығын, мемлекеттік
басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Елбасы стратегиясында бірінші басымдықтың екінші міндеті ретінде елдегі
инфляцияны іркудің негізі болуға тиіс несие-ақша саясатын атады. Бұл ретте
жекелеген экономистер бюджет шығыстарының өсуі айналыстағы ақша санының
ұлғаюына ықпал етеді және инфляцияны тудыруы мүмкін деп санайды. Осы
жағдайда, біздің ойымызша, инфляцияның ең қарапайым, ақша айналысының
жылдамдығы мен олардың санының көрсеткішіне негізделетін үлгісі ескеріледі.
Ал экономика өсуінің басты көзі болып табылатын – өндіріс көлемінің ұлғаю
ықтималдығына мән берілмейді. Сондықтан жан басына шаққандағы ІЖӨ өсуінің
өзара байланысын мемлекеттік шығыстар көлеміне, барлық инвестицияларға,
соның ішінде жеке сектордағы инвестицияларға, тұтыну және жинақтау
деңгейіне және т.б. қатысты талдап, есептеген жөн. Қоғамда инфляцияның
өндіріске қатерлі әсері болады, ол ІЖӨ-нің қысқаруына әкеп соғады деген
пікір бар. Алайда, бірқалыпты, реттелетін инфляция, Д.Кейнс дәлелдегендей,
экономика өсуінің үздік тәсілі болуы мүмкін.
Елдің экономикалық дамуының күрделі проблемаларының бірі – ұлттық
валюта мөлшерінің айналымда оңтайлы болуы болып табылады. Экономикалық
жүйеде теңгенің статистикалық өзгеруі жеке шаруашылықтар, компаниялар мен
фирмалардың шешімдерді таңдауына күшті әсер ете алады. Сондықтан тұрақты
ақша жүйесін жүзеге асыруды мүмкін ететін жағдайлар жасау басым міндет
болып табылады. (Қосымша А). Кестенің деректері банк пайызы нормасының
белгілі бір деңгейінде және атаулы ұлттық табыстың белгілі бір шамасы
кезінде ақшаға сұраным мөлшерін анықтайды. Бағандарда орналастырылған
деректер банк пайызы нормасының өзгеруі мен атаулы ұлттық табыс өзгермейтін
кезде сұраным жасалатын ақшаның санымен не болатынын, екінші жағынан,
кестенің әрбір жолы ақшаға сұранымға реакцияны және ұлттық табыс шамасының
өзгеруін көрсетеді.
АҚШ-тағы ұлттық табыстың атаулы көлемі мен банк пайызының нормасына
байланысты ақшаға сұраным
Атап айту керек, белгіленген бағам кезінде, сарапшылардың бағалаулары
бойынша, ақшалай ұсыныс параметрлерін қалауыңызға қарай өзгертуге болады,
бірақ бұл өндіріс пен сұранымға әсер етпейді. Екінші деңгейдегі банктер
резервтерін ұлғайту және қайта қаржыландыру ставкаларын арттыруды шектеу
осының дәлелі болып табылады, олар банктердің шет елдерден қарыз алуына
және Қазақстанға шет ел валютасы, соның ішінде шикізат тауарлары экспорты
тасқынының ұлғаюына септігін тигізеді. Мұндай жағдайда елдің Ұлттық банкі
теңгенің бағамын ұстап тұру мақсатында валюта рыногына теңгенің жаңа
массаларын шығару арқылы шетел валютасын сатып алады.
Мемлекет басшысы үшінші басымдық ретінде қазіргі заманғы әлеуметтік
саясатты атады. Бұл ретте ел Президенті жұмыс орындарын ашу есебінен
әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету және еңбек өнімділігі мен басқа да
макроэкономикалық көрсеткіштер өсіміне барабар бюджет саласында еңбекке
ақы мен әлеуметтік төлемдер өлшемдерінің жүйесін қолдану қажеттігін атап
көрсетті.
Оның үстіне соңғы жылдары дамыған елдерде жалдамалы қызметкерлердің
жеке жинақ ақшалары өндірісті дамытуға барған сайын кеңірек тартылатын
болды. Бұл орайда жапондықтар тәжірибесі атап өтерліктей, олар 40-шы
жылдардың аяғынан бастап жеке жинақ ақшаларын өндірісті дамытуға сала
бастады. Осы орайда ең соны технологияларды әзірлеумен және пайдаланумен
айналысатын фирмалардың көпшілігі акцияларын жалдамалы қызметкерлерге
жеңілдетілген жағдайлармен сатады. Нәтижесінде барған сайын еңбекшілердің
басым көпшілігі акционерлерге айналады. Мысалы, Ұлыбританияда өз
корпорацияларының бағалы қағаздар салымдарына тартылған еңбекшілердің саны
2 млн. адамға жетті. Францияда, Жапонияда, Италияда халықтың ақша
қаражаттарын акционерлік жинақтау қорларына тарту жекешелендіру барысында
болып өтті. Біздің пікірімізше, бұл екі нұсқаны да еңбекті ынталандыруға
да, сол сияқты қаржы ресурстарын тарту үшін де пайдалануға болар еді.
Журналист республикалық бюджеттегі болып жатқан ақпаратпен таныс,яғни
бұл саладан азды кем хабары болғаны дұрыс. Мүмкіндік болса экономикалық
білім алуға, ия болмаса, әртүрлі семинарларға қатысып тұру қажет.Осы сала
бойынша мамандандырылған басылымдар оқып, осы саланың сарапшыларымен жиі
пікірлес болуы керек. Бюджет жобасын кім әзірлейтіндігінен кімнің атқарып,
оның атқарылуын кімнің бақылайтындығына дейін білуің тиіс. Жергілікті
бюджет туралы да қандай түсім түсетіндігін білген абзал.Мәселен, Қазақстан
бюджеті үш салаға бөлінді: республикалық бюджет, төтенше бюдет, ұлттық қор.

1.2 Қазіргі қазақ публицистикасындағы экономика тақырыбының
көрінісі
Қазіргі қазақ басылымдарындағы экономика тақырыбын жазу үлкен
экономикалық білімділік пен дәлдікті, туралық пен айқындылықты талап етеді.
Қаптаған цифрлар мен фактілерді іріктеп халыққа түсінікті етіп жеткізу ең
қиын жұмыс. Банкілердің жұмысы, қаржы мәселесіндегі кикілжіңдер, сыбайлас
жемқорлық т.б. мәселелер журналистің аса қырағылы мен талапшылдығын, ақша
жүргеннен кейін ар-тазалығын да сақтауды талап етеді. Қазіргі Қазақстан
банктері жайлы баспасөзде жариялаңған мақалалар тізбегі айтарлықтай көп
емес. Қалың аудитория талғамынан шығатын материалдар да көптеп табылмайды.
Елдегі банк істері мен қызметі турасында білгіңіз келген ақпаратты “Егемен
Қазақстан” газетінің беттерінен көріп жүрсіздер. Мысалы, 2009 жылғы 14
ақпандағы осы басылымдағы Банктер жұмысына алаңдауға негіз жоқ атты 11
журналист Айнаш Есалының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
бақылау жөніндегі агенттік төрайымы Елена Бахмутованың “Жеті күн”
бағдарламасына берген сұхбатын оқырмандарға ұсынды. Журналист мақалада БТА-
ның екі топ-менеджері Мұхтар Әбіләзов пен Жақсылық Жәрімбетовтың
басшылықтан шеттетілгендігін айтып өткен. Бұл кадрлық шешім туралы Премьер-
Министр Кәрім Мәсімов Қаржы қадағалау агенттігінің шешімімен директорлар
кеңесінің төрағасы Әбіләзов және басқарма төрағасының бірінші орынбасары
Жәрімбетов қызметтерінің банк салымшылары мен кредиторларының мүдделеріне,
сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейді деп танылуына
байланысты қызметтік міндеттерін атқарудан босатылғанын атап өтті.
Кредиторлар мүддесін бұзғандығы турасында ашық әрі оппоненттің батыл
сауалдарын жаудырды. Сұхбаттың мақсаты өз мәресін жете алмағандығы
аңғарылады.Негізгі тың ақпарат көлеңкеде қалып отыр.
Экономикаға қолдау білдіру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконы
қабылдағандығы жөнінде 2009жылы 7 ақпанда “Егемен Қазақстанның” жедел
ақпараттар топтамасында жарияланған. Ұлттық банк қолма-қол валюта
рыногындағы ахуалды тұрақтандыра алды, елде қолма-қол валюта жетіп-
артылады, валюта биржасында ұлттық валютаның бағамы Ұлттық банктің
араласуынсыз орнықты. Биржалық та, қолма-қол валюталық та рыноктағы ахуалды
тез арада тұрақтандыра алдық, – деді журналистерге арналған брифингте
Г.Марченко.
Қаржы нарықтарының тұрақсыз жағдайы кезінде ұлттық экономика дамуын
қамтамасыз ету және оның тұрақтылығын сақтап қалумен айналысатын мемлекет
құрған тетіктердің рөлі артып келе жатқаны белгілі. Бүгін біздің басылым
сұрақтарына “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат мемлекеттік қорының құрамына
кіретін “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ вице-президенті Мүслім Бекетовтың
Егемен Қазақстанның 2008 жылғы 22 қарашадағы жарияланған пікірлеріне
тоқталып өтуді жөн көрдік12.
Бүгінгі күні мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық
жақтарына дерлік әсерін тигізіп отырған әлемдік қаржы дағдарысы әрбір
адамның көкейінде жүрген басты мәселе болып табылады. Бұл дағдарыстың қаржы
нарығы мен экономиканың нақты секторына да ықпалы зор. Даму Банкінің
негізгі міндеті экономиканың шикізаттық емес секторындағы кәсіпорындарды
қолдау және оның инфрақұрылымын дамыту үшін ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын
беру және басқа да қаржылық қызмет түрлерін көрсету жолымен Қазақстанның
тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу, экономиканың тұрақты өсуі мен оны
диверсификациялау болып табылады.Экономиканың осындай жағымсыз өзгерістерге
ұшыраған кезеңі ішінде мемлекет пен жеке бизнестің өзара тығыз
ынтымақтастық жүргізу қажеттілігі арта түсуде. Қазіргі уақытта бұл
ынтымақтастық “мемлекеттік-жекеменшік экономикалық әріптестік” деген
терминмен анықталып отыр. Осылайша, Қазақстанның Даму Банкі, жеке бизнестің
жобаларына ұзақ мерзімді инвестицияларды енгізе отырып, өзінің күнделікті
іс-әрекетімен мемлекеттік сектор мен жеке бизнестің экономиканың тұрақты
өсуін және оның әртараптануын қолдау болып табылатын өзара тиімді мақсатқа
жетудегі үздіксіз әріптестіктің мысалы болып табылады.
Еуропалық үрдіске жығыла отырып несиелерді талқылауға ашық есік
күнінұйымдастыру әдеттен гөрі сәнге айналдырған Темірбанк ашықтық пен
мөлдірлік саясатына сүйеніп, басқосу ұйымдастырғанын Егемен Қазақстанның
2008 жылдың 31 қазанында жарияланған13.
Бұл шарада халықтың көкейінде несие алу мен оны қайтарудың жай-
жапсарына қатысты қордаланған сауалдардың жауабы табылғар деген үміт болды.
Басқарма төрағасы Аблахат Кебиров пен Алматы қаласындағы филиалының
директоры Асхат Естаев жауаптарынан мардымды ой табыла қоймады. Қорыта
келгенде бүл шараның кімге пайдасы мол болғаныны белгісіз? Айнаш Есалының
пікірінше өзін-өзі жарнамалмақ болған банктің осы шараны ұйымдастыруы
халыққа берер пайдасы да болмағанын түсіндік. Кез-келген экономикалық
тақырып туралы маала жазарда,өзіңнен артық білетін сарапшыларды жағалағн
жөн болар. Осы салада мақала жазу азды-көпті зерттеуге итермелейді.Тек
зерттеу нәтиесінен кейін ғана түйін сөз орын алады.
Көптеген қаржы сарапшылары Қазақстандағы банк жүйесінің сәтті
құрылғандығын, олардың қызметтері халықаралық стандарттарға сәйкес
келетіндігін айтады. Міне, осы сәтті құрылған жүйе бірте-бірте банктер
арасындағы қатаң бәсекелестікке алып келді. Банктер өздерінің қызмет
көрсету саласын кеңейтіп, сапасын жақсартумен қатар, клиенттер тарту
жолында бірінен бірі асып түсетіндей небір батыл қадамдарға барып жатты.
“Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдындағы өскелең абырой-беделін
қорғау мақсатында шетелден жеңілдікті несие тартушы отандық банктерге ол
несиелерді уақытымен қайтару жөніндегі Үкімет пен Ұлттық банктің талабы
күшейді. Міне, осы талап үдесінен шығып келе жатқан банктердің бірі –
Альянс банк деп айта аламыз.”-дейді Егемен Қазақстан газетінің 2008 жылғы 7
тамызындағы санында14. Журналист Сұңғат Әліпбайдың мақсаты шындықты
ашып,халықтың көзі,құлағы емес,керісінше жаманын жасырып,оны жариялап
отырған сыңайлы.Баршамызға мәлім,әсіресе маңдай соры бес елі несие алушылар
талай банк әділетсіздіктеріне тап болған.Мәселен,келісім шарттағы
тараптарды талай бұзым,пайыздық үстемелерді орынды-орынсыз себептермен
өсіру,мерзімінен кеш қабылданған төлемдерге айыппұл ақысын шектен тыс
өсірулер т.т.Осыны көре отырып,халық мына мақаланы оқи отырып,БАҚ-қа
сенімсіздігі өрши түеді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға өткен жылғы
Жолдауында “Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің
қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар
жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан
экономикасына деген сенімін нығайтуы керек”,-деп атап айтқан. Еліміздегі
жетекші қаржы секторына жүктеліп отырған міндеттің жүгі ауыр,
жауапкершілігі де мол екендігі сөзсіз. Құрылғанына жақында он бес жыл
толған – Ұлттық Банкте бұл бағытта бүгінгі таңда қандай іс-шаралар жүзеге
асырылуда? деген сауалға Егемен Қазақстан газетінің 2008жылғы 23 сәуірінде
жарық көрген мақаладан 15 білуге болады. Еліміздің қаржы секторындағы
қазіргі ахуал және ағымдағы жағдайлар мен алдағы жобалар төңірегінде Ұлттық
Банк төрағасының орынбасары Данияр Талғатұлы Ақышевтың пікірлеріне
сүйенсек. Айта кетерлік мәселе-жыл бұрын жазылғанымен,болжамдары бүгінгі
таңдағы ахуалға тосқауыл бола алған сияқты. Журналист Бақыт Балғаринаның
орынсыз қойылған сауалдары банк ісі турасында көп ізденбегенін аңғартады.
Мәселен: Данияр Талғатұлы, егерде бүгінгі таңда Ұлттық Банк үшін ең
басты, әрі ең күрделі проблемалар төңірегінде сөз қозғалса, ең басты
кезекте сіз қандай мәселені атап айтар едіңіз?,-дегендей.Қаржы нарығында
қалыптасқан құлдырау жыл бұрын басталғанымен маманның қазіргі ахуалға
болжам,бағдар байқата қойған жоқ.Журналисттің де қанжардың жүзіндей тіліп
өтер сауалдарды,сұхбат жанрында қолданылатын импровизацияны байқай алмадық.
Жеңілдетілген несие-ауылды қолдаудың әдісі-менмұңдалап тұрған
тақырыбына қарап, бірден қай газет екенін анықтайсыз. Желеулетіп ала
жөнелетін аға басылымымыз Егемен Қазақстанның” 2008 жылғы 4 қаңтардағы
санында 16 аграрлық саланы несиелендірудегі жетістіктерді мақтанышпен
жазады. Жеңілдетілген деген қаншалықты рас? Өткен жылдан бері несиеге
құжаттарын жиып-тере алмай, талай кабинеттін табалдырығын тоздырып жүрген
халық жеңілдік алу үшін де біраз шапқылайтын сияқты. Елбасымыздың
жолдауында ауыл шаруашылығын Қазақстан экономикасының жетекші салаларының
қатарына қосуға бағытталған бірнеше тапсырмалар жүктеген. Сол міндеттердің
біршамасы “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ айналысатын ауылшаруашылық
құрылымдарын несиелендіру мәселесіне тікелей қатысы бар. Корпорация
жетекшісі Асылбек Перуашев бірқатар өз пікірлерімен бөлісті: Мемлекет
басшысы өз Жолдауында бірінші кезекте шикізатты терең өңдеуге бағытталған
өндірістерге қолдау жасау қажеттігіне тоқталды. Бұл орайда мен біздің
компания берген несиелердің негізгі бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге
арналған құрал-жабдықтар алуға, өндіріс орнын ашуға бағытталғанын және
алдағы уақытта да солай бола беретінін айтқым келеді. Ауылдық тұтыну
кооперативтерін құру ісіне де тоқталып өткен.Ауыл шаруашылығы саласының тек
өз халқын қамтамасыз етіп қана қоймай, артылған өнімдерді экспортқа
шығаруға да қабілетті екені әлдеқашан дәлелденген. Дегенмен, дүкендерде әлі
де толып тұрған импорттық тауарларға қарап өз қолымыздың өз аузымызға толық
жете қоймағанын бағамдауға болады. Осының жай-жапсарына да тоқталып өтті.
Біріншіден, елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушіден тұтынушыға
жеткізу қызметінің инфрақұрылымы толық қалыптаспаған.: Осының салдарынан
ауылдарда ет, сүт, тағы басқа өнімдер артығымен өндіріліп жатқанымен, ол
өнімдер қалаға, яғни негізгі тұтынушыға жетпейді,- жетсе бағасы аспандап
кететінін айтып ақталды. Екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісі
де ойдағыдай дами алмауда,-дейді.
Еңбекқор ауыл халқы қазір не қайырымдылық көмек, не тегін ақша сұрап
отырған жоқ. Тек өз еңселерін өздері көтеруге қажет құрал, яғни несие сұрап
отыр. “Ашыққан адамға балық емес, қармақ бер” деген жапон мәтеліндегідей
оларға қазір жеңілдікті, ауыл шаруашылығының ерекшеліктері ескерілген
тиімді несие бөлу – қолдарына сол қармақты ұстатқанмен бірдей болып отыр.
Ауылды қолдаудың ең ұтымды әдісі деп есептегенмен, биылғы нарықтық ахуалға
орай бағдарлама болашағы қандай? Сұңғат Әліпбайдың бұл мақаласынан оқырман
назарына бірталай құнды ақпарат берді дейміз.
Экономика дегеніміз сан. Ал экономикалық тақырып адамды бірден өзін
тартып алмайтындай, сүреңсіз болып көрінуі де мүкін. Өйткені, сан көп.
Қарапайым оқырман сандар көп жазылған мақаланы оқуға аса құштар
болмайды.Сондықтан оқырманды тартудың бірден-бір үлгісі салыстыру. Егемен
Қазақстан газетінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы жарияланымында 17
үлестік инвестициялық қордың қызметі мен болашағы турасында құнды материал
жарияланған.
Құнды қағаздар рыногын инвестициялаудың барынша қарапайым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым Қайсеновтің публицистикасы
Евней Букетов …қазақи қалпымда ойланамын
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Оралхан Бөкей - көркемсөз өнерінің шебері
Асқар Егеубаев - публицист
Жазушының публицистік шеберлігін қазақтың шешендік дәстүрі аясында қарастырып, болмысты көркем бейнелеу ерекшеліктерін зерделеу
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Публицист шығармаларындағы этнотарих мәселесі
Пәндер