Лизинг нысанасын лизинг алушыға беру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРІ . . . 7
1. 1 Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні . . . 7
1. 2 Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері . . . 8
1. 3 Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері . . . 26
2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГ: ТӨЛЕМАҚЫСЫН ЕСЕПТЕУ, ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТІ . . . 282. 1 Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы «Төрт түлік» ШЖҚ МКК қаржылық-экономикалық қызметі . . . 28 2. 2 Қаржылық лизинг операциялар есебі . . . 32
2. 3 Қаржылық лизинг төлемақы есебінің аудиті . . . 41
2. 4 Аудиторлық тексерістің қорытынды кезеңдері . . . 46
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГТІҢ ДАМУЫ . . . 50
3. 1 Мемлекеттік реттеу . . . 50
3. 2 Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру . . . 58
3. 3 Лизинг кәсіпкер қаруы . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
КІРІСПЕ
Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т. с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға
бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.
Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпкерлер үшiн жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды.
Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиiс, ал екiншi деңгейдегi банктер және құрылатын инвестициялық мемлекеттiк даму институттары осындай ұсыныстарды жеке сектормен әрiптестiктiк қарым-қатынаста ықтимал iске асыру мақсатында арнайы әдiстемелер негiзiнде оларға талдау жасайды.
Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді.
Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.
Қаржыланатын жал - бұл активті иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдермен алынатын пайданы жалгерге беретін жал болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында жалгерлік қатынастар өте кең дами алады. Сондықтан да бұл тақырыпты зерттеу өзекті деп санаймын.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- ХҚЕС - на сәйкес лизингтің операциялардың есебін мен аудиттің зерттеу және нарықтық қатынастар жағдайында жал ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда көрсетілген дипломдық жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды:
- қаржылық лизингтің мәні және төлемдері;
- қаржылық лизинг:төлемақысын есептеу, есебі және аудиті;
- Қазақстандағы қаржылық лизингтің дамуы;
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі.
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, заңдық актілері, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары, Cалық кодексі, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, жалдау есебін ұйымдастыруға байланысты отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары, бухгалтерлік және қаржылық есеп пәні бойынша оқулықтар, ұйымның бухгалтерлік есеп мәліметтері, ұйымдағы жал операцияларын аудиттеу және талдаудың ерекшеліктері мен әдістері қолданылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралған. Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, мақсаты және оларды шешу жолдары көрсетілген. Бірінші тарауда қаржылық лизинг мәні және төлемдері зерттеледі. Екінші тарауда ұйымда қаржылық лизинг төлемақы есебін есептеу есебі және аудиті қарасытырылды. Үшінші тарауда Қазақстандағы қаржылық лизингтің қарастырылады.
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРІ
1. 1 Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні
Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease етістігінен шыққан - мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. «Лизинг» терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар: Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген мүлікті меншікке алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.
Лизингтік мәміле, ең алдымен, лизинг берушімен, лизинг алушымен және лизинг затының сатушымен (жабдықтаушымен) арасындағы келісімді жүзеге асыру үшін қажетті, келісімдердің жиынтығы болып табылады.
Лизингтің заты болып қандай да болсын пайдаланылмайтын заттар, соның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары мен кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Жер телімдер мен басқа да табиғат объектілері, сондай-ақ федералды заңдылық еркін айналымға тиым салған немесе олар үшін айналымның ерекше тәртібі орнатылған мүліктер лизингтің заты бола алмайды.
Типтік лизингтік мәміле мынадай болады.
1) Пайдаланушы (лизингтік қатынастарға кіргеннен кейін лизинг алушы) лизингтік компанияға, оған қандай жабдық қажет екенін хабарлайды.
2) Лизингтік компания, жобаның таратылуына көзі жетіп, бұл жабдықты дайындаушы-фирмадан немесе лизинг объектісі болып саналатын мүлікті сататын, басқа заңды немесе жеке тұлғадан сатып алады.
3) Лизингтік компания (лизинг беруші), жабдықтың меншік иесі болғаннан соң, орнына лизингтік төлемдер алып, оны одан әрі сатып алу құқығымен (келісіммен анықталады) лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді.
Сатып алу-сату келісімі Лизинг келісімі
Сызба 1. Қарапайым лизингтік қатынастың көрінісі
Аристотельдің өзі «Риторикада», байлық меншік құқығы негізінде мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т. Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б. д. д. 1760 жылы қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ - ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа - бұл жақсы ұмытылған ескі екенін тағы да еске салады.
Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ «Белл Телефон Компани» компаниясы телефондарды сатудың орынына жалға бере бастады. Алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейс лизинг корп». 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті мұхит арқылы Еуропаға «өткізді», онда алғашқы лизингтік компания - «Дойче лизинг ГМбХ» 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы бар.
Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі - 1284 жылғы Уэльс Заңы.
Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын - меншік иесі кім, иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды, нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек «лизинг» деп аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «нағыз» және «жалған» лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.
«Жалған» лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды пайдалана отырып, бір-бірінен «лизингке» банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген, орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек ғана Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі Белорусь) .
1. 2 Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері
Лизингтің негізгі екі түрі бар: ішкі және халықаралық.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші, лизинг алушы мен сатушы (жабдықтаушы) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Халықаралық лизингіні жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылады.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, халықаралық лизинг келісімі Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, онда халықаралық лизинг келісімі сыртқы экономикалық салада заңмен реттеледі.
Оған қоса, «Лизинг туралы» заңдылық лизингтің 3 негізгі типін реттейді:
ұзақ мерзімді лизинг - үш және одан көп жыл бойы жүзеге асырылатын лизинг;
орта мерзімді лизинг - бір жарым жылдан үш жылға дейін жүзеге асырылатын лизинг
қысқа мерзімді лизинг - бір жарым жылдан кем уақыт ішінде жүзеге асырылатын лизинг.
Қазіргі кезде дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесінде әрқайсысы өзінің маманданым ерекшеліктерімен сипатталатын әркелкі лизингтер пайдаланылады.
Аса көп тарағандары:
- жеделдік (сервистік) лизинг (operating lease)
- қаржылық (капиталдық) лизинг (Financial lease)
- қайтару (sale and lease bask
- үлестік лизинг (leveraged lease)
- тікелей лизинг (direct lease)
- сублизинг (sub- lease)
Осындай келісімдердің барлық барлық түрлері екі базалық лизингтің басқа түрі - жеделдік не қаржылық болып табылады. Қазақстан Республикасында «Лизингтер туралы» заң лизингтің негізі үш түрін реттейді: жеделдік, қаржылық және қайтарымдық (мәні жағынан, қаржылық лизингтің бір түрі) . Сонымен бірге, мен лизингтің кең тараған түрлері туралы толық қарастыруды ұсынамын.
1) Оперативті (сервистік) лизинг.
жеделдік (сервистік) лизинг - бұл ағымдағы жалдау туралы келісім. Мұндай келісімнің мерзімі жалға алған активтің толық өтелімі кезеңінен аз. Осылайша, келісім-шартпен қарастырылған жалға алу ақысы активтің толық құнын жаппайды, ол оны лизингке бірнеше рет тапсыру қажеттігін тудырады.
Жеделдік лизингтің маңызды белгісі -лизинг алушының келісім-шартты мерзімінен бұрын өтеу құқығы. Осындай келісімдер жалға тапсырылатын жабдықтың ағымдағы техникалық қызмет көрсетуді бекіту бойынша әртүрлі қызмет көрсетуді қарастырады. Осыдан келіп, лизингтің жиі қолданылатын - сервистік атауы шығады. Сонымен қатар көрсетілген қызметтер құны жалға беру бағасына кіреді не жекелей төленеді.
Жеделдік лизингтің негізгі объектілеріне тез ескіретін жабдықтар (компьютерлер, көшірме және көбейту мащиналары, оргтехниканың әртүрлі түрлері және т. с) және техникалық күрделі, әрқашан сервистік қызмет көрсетуді талап ететін (ауыр және жеңіл көліктер, әуелайнерлері, темір жол және теңіз көлігі) .
Жеделдік лизинг шарты жалгер үшін өте тиімді екенін байқаймыз. Соның ішінде, жалға алуды мерзімінен бұрын тоқтату ескірген жабдықтан уақытында құтылып, оны ең жоғары технологиялық және бәскелесу қабілеті бар жабдыққа айырбастауға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, қолайсыз жағдайлар туғанда жалгер аталған қызметті тез тоқтата алады, сәйкес жабдығын иесіне мерзімінен ерте қайтаруға, өндірісті тарату мен қайта құру туралы шығындарды азайта алады.
Бір жолғы жобаларды немесе тапсырмаларды жүзеге асырғанда жеделдік лизинг одан әрі қажет болмайтын сатып алуларды және жабдықты одан әрі ұстаудан босатады.
Лизинг беруші не жабдық жасаушы көрсететін әртүрлі сервистік қызметті пайдалану, одан әрі қажет болмайтын жабдықты сатып алудан, және кейін ұстау қажеттігінен босатады.
Жеделдік лизингтің кемшліктері: лизингтің басқа нысандарына қарағанда жалға алу төлемі өте жоғары; аванастар мен алдын ала төлеу талаптары; жалға алуды мерзімінен ерте тоқтатқан жағдайда айып төлеу туралы келісім-шартарда тармақтың болуы; мүлік иесінің қауіп-қатерін жартылай төмендететін және орына келтіруге шақырған басқа да жағдайлар.
Жалгер Өндіруші
4 5 2
(Лизингтік
компания)
1 3
Жалгер
Сызба 2. Жедел (оперативті) лизинг.
- жабдыққа тапсырыс;
- жабдық үшін төлем;
- жабдық;
- жалгерлік төлемдер;
- келісім-шарт мерзімі өткеннен кейін жабдықты қайтару.
Қаржылық (капиталдық) лизинг жалға алушы салатын төлем есебінен жалға алған жабдықтың толық өтелімін қарастыратын ұзақ мерзімдік келісім. Мұндай келісімдер жалға алудың мерзімінен ерте тоқтатылу мүмкіндігін болдырмайтындықтан, кезеңдік төлем мөлшерін дұрыс анықтау жабдық иесіне жабдықты сатып алу мен ұстауға кеткен шығында толық орнына келтіруді, сондай-ақ пайдалылықтың талап етілген нормасын қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл нысанында мүлікті орнатуға және ағымдағы қызмет етуге кеткен барлық шығындардың толық өтелуін жалгерге қамтамасыз етеді. Көбіне мұндай келісімдер жалгердің келісім-шарт мерзімі өтіп кеткен соң мүлікті арзан немесе қалған бағасымен алуды қарастырады (мұндай баға таза символикалық болуы да мүмкін, мысалы, 1 доллар) .
Жеделдікке қарағанда қаржылық лизинг көбіне ұзақ мерзімдік банктік несиелерді алғанда жасайтын келісімдерге ұқсас, себебі жабдықтың толық өтелуін; жабдықтың құны мен иесінің пайдасын қосатын, кезеңдік төлемдер енгізуді (займ бойынша төлем - негізгі және пайыздық бөліктерін) ; келісімді орындай алмаған жағдайда жалгерді банкрот деп жариялау құқығын және т. б. қарастырады.
Қаржылық лизинг объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимарат, құрылыс), сондай-ақ өндірістің ұзақ мерзімдік құралы жатады.
Қаржылық лизинг ұзақ мерзімдік жалгерліктің екі - қайтару мен үлестік (үшінші жақтың қатысуымен) нысаны үшін база ретінде қызмет етеді.
Жалгер Өндіруші
4 2
(Лизингтік
компания) 1 3
Жалгер
Сызба 3. Қаржылық лизингтік үдеріс.
- жабдыққа тапсырыс;
- жабдық үшін төлем;
- жабдық;
- жалгерлік төлемдер;
Қаржы лизингiн құқықтық реттеу
1) Қаржы лизингi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.
2) Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының қаржы лизингi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылған: қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:
1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады;
3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90 процентiнен асады;
лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;
лизинг алушы - лизинг шартының талаптарына орай кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмiлесiне қатысушы.
лизинг мәмiлесi - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келiсiлген iс-қимылының жиынтығы;
лизинг қызметi - лизинг берушiнiң лизинг шартының талаптарын орындау жөнiндегi қызметi;
тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тозатын, бiрақ пайдалану процесiнде табиғи қасиеттерiн жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлiк;
сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz