Қабат мұнайының қасиеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1 Геологиялық бөлім

1. 1 Қеңқияқ кен орнына жалпы шолу

1. 2 Тектоника

1. 3 Стратиграфия

1. 4 Мұнай, су және газдың физикалық, химиялық қасиеттері

1. 5 Өнімді қабаттың коллекторлық қасиеті.

2. Технико - технологиялық бөлім

2. 1 Штангілі сорапты қондырғының құрылысы

2. 2 Штангі мен құбырларға әсер етуші күштер

2. 3 Штангілі сорапты қондырғының жабдықтары

2. 4 Лавкин, Ротофлекс, Марк II, Су - Джи тербелмелі станоктардың жүзеге асуы және сипаттамалары

2. 5 Кенкияқ кенорнына қолданылатын тербелмелі станоктардың белгіленуі

2. 6 Ротофлекс пен тербелмелі станоктың жұмыс істеу принципі

2. 7 Тереңдік сораптар үшін теориялық жүктемелердің есебі

3 Экономикалық бөлім

3. 1 «Кенкияқмұнайгаз» МГӨБ-нің ұйымдастыру құрылымы

3. 2 Скважинаны күрделі және күнделікті жөндеуді өткізудегі «Мұнай шығынының нормасы»

3. 3 Сақиналы құмға қарсы қолданылатын фильтрді енгізудегі экономикалық тиімділік

3 . 4 Енгізуге дейінгі шығынның есебі

3 . 4. 1 Енгізуден кейінгі шығынның есебі

4 Техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

4. 1 Мұнай газ өндіру кәсіпорнындағы өрт қауіпсіздік шаралары және техника қауіпсіздігі

4. 2 Қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының экономикасында мұнай көп орын алады, мұнай өнімдері көптеген өндіріс орындарында қолданылады және ауыл шаруашылығында да. Әр жыл сайын 27млн тонна мұнай өндіріледі жақын жылдарда Теңіз кен орынынан жылына 36 млн тонна мұнай өндіру көзделіп отыр. Қазақстанның мұнай қоры 1 қаңтар 1998 жылға 861, 2 млн тонна құрайды мұнай құрамына байланысты суға қарағанда анағұрлым күрделі. Ол бензин, керосин, дизелдік отын алуға арналған шикізат болып табылмайды, сол сияқты басқа да заттарды алуға болады.

Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің даму тарихы Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай бар екені ерте заманнан - ақ белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде - ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды (мұнайды) сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазының жер бетіне шығып жатқан шегі ғана екенін білген жоқ. 18 ғ. Мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі И. Лепехин (1768) . П. И. Рычков (1772) . П. С. Паллас (1773) . С. Г. Гмелин (1785) . Г. Гельмерсен (1836) . Тағы басқалары Атыраудың географиялық және топографиялық құрлымына су қорлары мен кен байлықтары қысқаша геологиялық сипаттама берді. Зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды.

Атырау өмірін алғаш зерттеушілердің бірі - Н. А. Северцев. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда «Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен . Мысалы. әлгі Доссор кені жанында мынадай тұжырым жасады: «Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігінде күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану пайдалану өте қиынға соғады». Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келеді.

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы № 7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді.

Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі - каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.

Осындай күрт бетбұрыстың нәтежиесінде атақты Нобельдің мұнай өндірістік ұйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтын жұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылғаны Доссордағы № 3 скважина болды. 1911 жылы сәуірдің 29 күні 225 метр тереңдіктен юра қабатынан мұнай фонтаны атқылады. Ол 20 -25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16, 7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна болды.

Бұл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды. Мақат Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық құрлымы оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фонтан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Қабаттар мерзімнен бұрын жарамсыз болып суланып, суалып, газданды. Оған мысал 1911 жылы Доссорда 16, 7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3 жылдың ішінде ол 272, 746 мың тоннаға жетті, яғни 17 есе. Төңкеріс алдындағы мұнайшылар өмірі қиын болды. Міне, осындай жағдайда Қазан төңкерілісіне дейін республикалықмұнай өнеркәсібі қарыштап дами бастады. Оның нағыз қанат жаюы Кеңес өкіметі жылдарында болды десек, бұл бұрынғы тарихи топшылау емес, ақиқат шындық. Кеңес өкіметі кешегі көшпелілердің өмірін танымастай өзгертіп, қазақ жұмысшы табын шыңдады. Мұнайлы Ембі алғашқы кәсіпшіліктерінде жұмыс істеген М. Сартов, М. Жұмағалиев, П. Кочнев, Х. Бажбенов, А. Аусниязов, Е. Дүтбаев, Б. Жұбатқанов, Г. Лысянский, Х. Төреалиев, Б. Айтмағанбетов, С. Зорбаев, А. Ильясов және т. б. болды. Олар жаңа өкіметті орнатуға ат салысты. Сонау 1919 жылы В. И. Ленин негізгі отын қоймасы жау қолында қалған кезде Гурьевті, Жайық сағасын азат етуге болмас па екен деуі тегін емес. Қызыл Армия Доссор, Мақат кәсіпшіліктерін ақгвардияшылардан азат етпей жатып, В. И. Ленин мұнайды тасымалдау мәселесін күн тәртібіне қойды. 1920 жылы 24 қаңтарда Москвада болған жұмысшылар мен қызыл- армияшылар конференциясында В. И. Ленин «Енді бізде Гурьев мұнайы бар» - деп мақтанышпен мәлімдеді, Гурьевті Атырау деп түсінсек, онда Атырау мұнайын өндіру сол кезде - ақ құралған «Жайық - Ембі» ауданының мұнай кәсіпшілік басқармасына табыс етілді. 1, 5 миллион пұт мұнай құйды. 1922 жылы қазанда басқарма «Ембімұнай» тресі деп аталып қайта құрылды. Бұл трест 1924 жылға дейін Москвада болды, кейін Гурьевке қоныс аударды. Қазіргі Атыраудың көптеген мұнайшыларын тоғыстырып отырған «Ембімұнай» бірлестігі өмірге осы трест негізінде келген кәсіпорын. Жас үкімет жаңа кен орындарын игеруге, бұрғылау, құрал - жабдықтарын тасымалдау, азық - түлік, құрылыс материалдырын жеткізу мақсатында жаңа тасжол және теміржол төселді. 1927 жылы іске қосылған бұл жолмен жылына 120 мың тонна жүк тасылды. Бұл тек мұнайлы Ембінің емес, бүкіл қазақ халқының дамуына үлкен әсер етті.

Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, мамандар да қажет болды. Содықтан да 1930 жылы Гурьевте мұнай техникумы ашылды. Кейіннен бұл оқу орны политехникум деп аталды. Кезінде И. М. Губкин, С. М. Миронов. т. б. академиктер Атырау өңірінің болашағын жоғары бағалап, бұл өңірді бақылау барлау, жаңа кен көздерін ашып, халық игілігіне жарату мәселелерін ортаға қойды. Кен орындарын игеру ғылыми тұрғыдан бақылап отыру үшін «Ембімұнай» тресінің өзінен орталық ғылыми - зерттеу лабораториясы 1934 жылы құрылды.

Осыған орай гравиметрия, электрокартаж сияқты геофизикалық әдістер Атырау өңірінде тұңғыш игеріліп тым жақсы нәтежиелерге қол жетті. Енді мұнайлы Ембінің Доссор, Мақат сияқты көне кен орындарының қатарын жаңа кеніштер толықтыра бастайды.

Ескене (1934ж), Байшонас (1935ж), Қосшағыл (1935ж), Сағыз (1938ж), Құлсары (1939ж) сияқты жаңа кен орындар іске қосылды.

1959 -1969 жылдар арасында Терістік Каспий ойпаттарында оншақты мұнай - газ орындары ашылды. Бұл кен орындарының төтенше барлау, өндірістік игеру жұмыстарын басқаруда геолог Маташов Мәжиттің еңбегі аса зор деп айтуға болады. Осы маманның жүргізуімен Құлсарыдағы 21-22 пермотирас горизонттарын әдіспен игеру арқасында көптеген қосымша мұнайлар өндірілді.

Жаңа кеіштердің қатарға қосылуы мұнай өнімін еселеп арттырды Атырау мұнайын еліміздің шығысына кетпей жөнелту үшін 1936 жылы Каспий - Орск мұнай құбырлары қосылды. Кезінде Гурьев - Қосшағыл су құбырының іске қосылуы үлкен оқиға болды. Еліміздің орталық облыстарына тіке шығу Гурьев - Қандыағаш кең табанды теміржолының өмірге келуінің де үлкен маңызы зор болды. Соғыс басталарда еліміздің қоймасына жылына 700 - 750 мың тонна мұнай беретін. Сол кездегі үлкен мұнайлы өңірдің бірі еді. Қарап отырсақ, бұл күнде «қара алтынның» қайнар бұлағы атақты мұнайлы Ембі өзінің бастауын Доссор мен Мақаттан алғаш өмір алға аттаған сайын арнасы кеңейіп өсе берген екен.

Ұлы Отан соғысы жылдарында 15 жаңа кеніш ашылып, Мақат-Комсомол-Қошқар-Сағыз мұнай құбыры төселіпті. Кезінде мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде талай - талай рекордтар жасалып, небір озық технологиялар енгізіле бастады.

Ақтөбе аумағында 1887 жылы жүргізілген маршруттық геологиялық суретке түсіру кезінде табылған белгілерді негізге ала отырып, мұнай кен орындарын іздеу, барлау жұмыстары жүре бастады. 1932 жылы облыста мұнай өндірудің негізі қаланып кәсіпшілік жұмысқа кірісті. Ал 1933 жылы Жақсымай кен орны ашылды. 1932 - 33 жылдары Жақсымай кен орнын Шұбарқұдыққа өнеркәсіптік пайдалану басталды. Ал 1960 жылдарға келер болсақ бұл аймақтың геологиялық құрлымын нақты зерттеу кең өріс алды. 1966 жылы Кең -қияқ кен орны іске қосу жүзеге асырылды. Ақтөбе мұнай өнер кәсібіндегі ең ірі кен орын Жаңажол. Ол 1983 жылы іске қосылды.

1 Геологиялық бөлім

1. 1 Қеңқияқ кен орнына жалпы шолу

Қеңқияқ кен орыны 1959 ж. ашылды және Ақтөбе облысының

Темір ауданының территориясында облыс орталығының оңтүстігінен 250км, Темір қаласынан 70км қашықтықта орналасқан. Кен орыны Темір және Ақтөбе қалаларымен асфальтті жолмен жалғасқан. Техникалық жабдықтау Шұбарқұдық станциясы арқылы жүзеге асады.

Кен орнына тікелей жақындықта Кеңқияқ және Саркөл (Шұбарлы) поселкелері орналасқан. Кеніш ауданы және жақын жерлер аз қыратты тегістік болып келеді, өсімдіктері сирек. Рельеф белгілері 174-тен 230 м-ге дейін тербеледі. Солтүстік батыстан Оңтүстік шығысқа қарай кеніш ауданымен Темір өзені ағып жатыр.

Климаты кенет ауыспалы континенталдық, қысы суық, жазы ыстық. Орташа жылдық температура + 6 С.

Кен орыны Каспий маңы ойпатының шығысында орналасқан және тұз күмбезді дөңеспен байланысты. Мұнайдың өндірістік кеніші пермь, триас, юра және бор жүйесінің тұз үстіндегі қабатта.

1. 2 Тектоника

Кеңқияқ құрылымы Орал-Ембі тұз күмбезді облысына тән кунгурлі тұз ядролы күмбез тәрізді брахлантиклиналь және грабен құрама бойымен орналасқан. Орта Юра шөгіндісінде өлшемі шамамен 8, 5 -4, 5 км. Оның солтүстік қанаты жазық 2-4,

Оңтүстік қанатының көлбеуі шығыс бөлігінде 2-3, батасында

7-қа дейін өзгереді. Қатпар күмбезі жазық грабенді. Грабеннің түсу амплитудасы орталық бөлігінде 50 м-ге жетеді, переклинальда жылдам азаяды.

Грабенді шектейтін лықсымалар көптеген шыңыраулардың қимасында жақсы көрінеді және бұрғыланып жатқан аудан аймағында жеткілікті сенімді түрде трассировка жасалынады. Лықсыма жазықтықтары бір-біріне қарама-қарсы 45-50 бұрышпен құлайды және орта юраның төменінде тегістеледі. Оңтүстік лықсыманың солтүстікке қарағанда амплитудасы үлкен, сондықтан ол триас шөгіндісіне дейін түседі. Құрылымның Солтүстік лықсымасы оңтүстігімен бірігеді. Онда орта юраның жамылғысында грабенді шектейді. Батыс бағытта грабенді шектеу құрылымның батыс переклиналінде болады. Юра қабаты оңтүстік қанатының шығыс бөлігінде аз амплитудалы 2 диагональді лықсымамен бөлінген (3-10 м) .

Олар грабеннің оңтүстік лықсымасында ыдырайды және шамамен 2 км-ден кейін бірігеді, осылай құрылым сынасын шектейді.

Оңтүстік қанаттың орталық бөлігі грабенге жақын жерден шығым көлденең лықсымалармен шөккен, олар изоипс бойынша көрінеді. Олардың амплитудасы 3-5 м, ұзындығы жүздеген метр. Солтүстік қанатта және грабенде аз амплитудалы қабат ажырауы бар. Бұл ажыраулар кенішті игеруде үлкен кедергі болмайды.

1. 3 Стратиграфия

Кеңқияқ кен орнында төменгі пермнен жоғары бордың кампал ярусына дейінгі қабаттың қимасы ашылған. Перм жүйесінің төменгі және жоғарғы бөлімдері пайдаланылуда. Төменгі бөлімінде кунгур ярусы ашылған оның құрамынан құрылымның тұз ядросын құрайтын галоген қалыңдығы және терригенді сульфатты қалыңдық ерекшеленеді.

Ашылған кунгур ярусының қуатын 2639 м жоғары

перм - терриген қалыңдығының қуаты 0-ден 134 м-ге дейін, оның құрамынан конгломератты өнімді қабат ерекшеленеді.

Триас жүйесі. Төменгі триас-саз, құм, құмтас, алевролит, конгломерат және әктас қабатшаларынан тұрады.

Төменгі триас жыныстары жоғары орналасқан юра қабатынан түсінің аралығымен ерекшеленеді. Төменгі триас 2 өнімді қабатқа ( І және ІІ ) бөлінеді. Олар құм бор құмтастардан құралған. Төменгі триас 0-ден 390 м-ге дейін өседі.

Юра жүйесі. Юра шөгіндісі жуылған және қабыршақталма-ған төменгі триас бетіне үлкен бұрышпен және стратиграфия-лық үйлесімдікпен орналасқан. Олар күлгін түсті құм-сазды жыныстар.

Тілікген орта юра шөгіндісі және орта юраның жоғарысы бөлінген. Олар бір-біріне литологиялық тұрғыдан өте жақын және саз, алеврит, құм тас, құм қабатшалары түрінде берілген. Төменгі юра жыныстары тегіс орналаспаған және қуаты 0-ден

50 м-ге дейін қөзгереді. Орта юра шөгу қуаты 100-130 м сырғымадан құрылым қанатына қарай өскені байқалады.

Орта юраның тілігінің көп бөлігін құм, аз цементті құм тас, алеврит және алевролиттер алады, олар Ю -І; Ю - ІІ; Ю - ІІІ

( төменнен жоғары қарай ) үш горизонтқа бөлінеді.

Бор жүйесі. Төменгі бор тілігінен готерив, баррем, смт және альб ярусы бөлінеді. Саз мергель қабатшасынан әк тас пен теңіз құм тастарынан құралған готерив ярусы орта юраның жуылған бетіне орналасқан және готерив өнімді қабатын құрайды. Баррем ярусы құм және құм тас қабатынан (20 м) басталады (баррем өнімді қабаты) . Одан жоғары ала түсті

( жасыл, қызыл ) құмды саз шөгіндісі бар. Ярустың жалпы қуаты 82 м-ге дейін.

Алт-альб шөгінділері күлгін түсті саз, құм, құм тас және алевролиттен құралады. Алт қуаты 30-68 м, альб қуаты

77-152 м.

Кеңқияқ кен орнында мезозой тілігі сантан ярусының

құм-сазды жыныстарынан құралады. Қуаты (37-40 м) .

Төрттік жүйесі. Төрттік шөгінділер сары күлгін құмдасын, құм және саз бөлек бөлімдерде және қуаты 60 м-ге жетеді. Жылулы әсер ететін обьекттер юра өнімді қабатының тұтқырлығы жоғары мұнайы болып табылады.

1. 4 Мұнай, су және газдың физикалық, химиялық қасиеттері

Кеңқияқ кен орнының перм шөгіндісінің қабат мұнайы қасиеттерін зерттеу нәтижелері;

1 - таблица. Газсызданған мұнайдың физикалық, химиялық қасиеттері және фракциялық құрамы.

Жоғары перм (конгломерат) .

Параметрлер: Параметрлер
Орташа мәндері: Орташа мәндері
Параметрлер:

Тұтқырлық, МПа/с

20 С - да

50 С - да

Қабат температурасы, С

Парафинмен қаныққан температу-

расы, С

Құрамы, массадағы %

Күкірт

Күкірт қышқылды шайыр

Кокс

Асфальтен

Парафин

Фракциялар шығымы, көлемдегі %

100 С

200 С - дейін

250 С

350 С

Орташа мәндері:

11, 5

--

--

55

0, 26

9

1, 17

0, 18

1, 98

27

37

47

2 - таблица. Газдың компонентті құрамы ( мольдегі үлесі % ) .

Жоғары перм ( конгломерат) .

Параметрлер: Параметрлер
Орташа мәндері: Орташа мәндері
Параметрлер:

Күкірт сутегі

Көмір қышқыл газы

Оттегі

Метан

Этан

Пропан

Н. Бутан

Н. Пентан

Азот

Ауадағы меншікті салмағы

Құрамындағы инертті газдар,

көлемдегі үлесі %

Орташа мәндері:

6, 5

--

0, 7

68, 66

9, 36

3, 55

1, 8

0, 8

14, 0

0, 7385

4, 29

3-таблица. Қабат мұнайының қасиеті. Тік баурай (жоғары қатар горизонты) .

Параметрлер: Параметрлер
Мәндері: Мәндері
Параметрлер:

Мұнайдың газбен қаныққан

қысымы, МПа

Құрамындағы газ шамасы, м 3 / т

Мұнай тығыздығы, г/см

Көлемдік коэффициент

Мәндері:

60, 0

72, 7

0, 77

1, 14

4-таблица. Қабат мұнайының қасиеті.

Жоғарғы пермь Р2 (конгломерат) .

Параметрлер: Параметрлер
Орташа мәндері: Орташа мәндері
Параметрлер:

Мұнайдың газға қаныққан

қысымы Р Н, МПа

Газдың мұнайдағы көлемі R Н , м 3

Сепарация шарты бойынша газ

факторы Г, м 3

Р 1 = 1. 96 МПа Т = 15 С

Р = 0, 69 МПа Т = 12 С

Р = 0, 10 МПа Т = 11 С

Р = 0, 10 МПа Т = 20 С

Көлемдік коэффициент В Н

Тығыздық р Н , г/см 3

Сепарация шарты бойынша көлемдік

коэффициент В Н

Тұтқырлық м Н , СП

Парафинге қаныққан температура, С

Қабат температурасы, С

Орташа мәндері:

17, 7

4, 23

1, 020

0, 8765

39, 2

5-таблица. Қабат суының қасиеті.

Параметрлер: Параметрлер
Орташа мәндері: Орташа мәндері
Параметрлер:

Қабат жағдайындағы тығыздық, кг/ м 3

Қабат жағдайындағы тұтқырлық, МПа/с

Жалпы минерализация г/ м 3

Қышқылдың орташа деңгейі (рН)

Орташа мәндері:

1021

1, 10

5, 5-37, 4

7, 5

1. 5 Өнімді қабаттың коллекторлық қасиеті.

Перм тілігіндегі өндірістік - өнімді коллекторлар жыныстар -

дың параметрлерінің мына шамаларымен сипатталады:

- өткізгіштік - орташа 100-ден 662, 5 млд дейін ( қабат жынысы-ның түзілуіне параллель ) және 1, 57-ден 499, 07 млд дейін ( қабат жынысының түзілуіне перпендикуляр )

- қуыстылық - орташа 0, 13-тен 0, 2-ге дейін

- сулылығы - орташа 0, 01-ден 0, 32-ге дейін

- мұнайлылығы - 0, 24

Контур сыртындағы ұңғыларда өндірістік геофизика мәліметтері бойынша сулы қабаттың кедергілері 3, 0-ден

67 омм-ға дейін болады.

Сонымен қатар сулы жыныстардың кедергісі қабат суымен қаныққандығы 100 % болғанда 2, 5-2, 3 омм болады. Бұдан ккөріп отырғанымыз сулы қабатта қалдық мұнайдың барлығы. Мұнайға қаныққан қабатты шексіз жуған кезде қалдық мұнайлылық 25-30 % және одан да көп болады.

2. Технико - технологиялық бөлім

2. 1 Штангілі сорапты қондырғының құрылысы

Қондырғы поршенді сораптан-2, тербелмелі станоктан-15, плунжерді (поршенді) тербелмелі станокпен байланыстырып тұратын штангілер тізбегінен-4 және скважина ішіне құйылған сұйықты жер бетіне шығаратын (СҚҚ-сорапты компрессорды құбырлар) құбырлар тізбегінен-5 тұрады. Электроқозғалтқыш-14 редуктор-13 өсіне орнатылған кривошиптің-12 айналуына қызмет етеді және одан әрі балансир-10 шатунының-11 көмегімен арқанды алқа-9 арқылы балансирдің басына ілінген штангілер тізбегінің-4 тік бағытта (вертикалды) жоғарылы-төменді жүріс қозғалысын тудырады. Плунжердің жоғары қарай жүрісі кезінде айдау клапаны-3 жабылады да плунжер үстіндегі сұйық оның жүріс үзындығы бойымен жоғары көтеріліп үш жақты қүбыр-6 (тройник) арқылы жинау тораптарына түседі. Сораптың сорғыш клапаны-1 ашылады да, скважинадағы сүйық сораптың цилиндріне қүйылады. Плунжер мен штангінің төмен қарай жүрісі кезінде сорғыш клапаны-1 жабылады да, сүйық бағанасының әсері қүбырларға беріледі. Бүл кезде айдау клапаны-3 ашылады да скважинадағы өнім плунжер үстіндегі кеңістікке карай ағады. Одан әрі жоғары қарай плунжер жүрісінің жаңа циклі басталады.

Штангіні арқанды алқамен-9 жалғастыратын жылтыратылған штоқтың-8 жоғарылы-төменді жүріс қозғалысы кезінде саға арматурасын саңылаусыздандыру (герметизациялау) үшін сальник-7 қарастырылған. Станоктағы күштердің теңсіздігін реттеу үшін тербелмелі-станокбалансирлі-16 және роторлы-17 жүктермен теңгеріледі.

Егерде газ бен сүйықтаң шығып кетуі болмаса, онда плунжердің жүріс үзындығы мен жылтыратылған штоқтың тепе-теңдік жағдайында сораптың теориялық тәуліктік сүйық бергіштігі. ^т плунжердің жоғары қарай жүрісі кезіндегі жалпы көлемге тең.

О т =ҒSп1440,

мүндағы: Р - плунжердің ауданы; 8 - жылтыратылған штоқтың жүріс ұзындығы; п - минуттағы тербеліс (жүріс) саны; 1440 - тәуліктегі минут саны. Сораптьщ нақты бергіштігі <2 әрдайым төмен болады, өйткені жылтыратылған штоқ пен плунжердің жүріс үзындықтары бірдей емес, сондақтан сорап цилиндрі мен плунжері арасындағы саңылау арқылы сүйықтың шығып кетуі туындайды, цилиндрге сүйық пен бірге газ сорылады және қүбырлардың бүрандалы байланысқан жерлерінде мүнай мен газдың шығып кетуі мүмкін, яғни жүмсалатын қысымының мәні әртүрлі.

Терең сорапты қондырғының схемасы

2. 2 Штангі мен құбырларға әсер етуші күштер

Терең сорапты қондырғының жүмысы кезінде. плангілер мен қүбырларға әртүрлі күш түрлері әсер етеді - штангі мен сүйықтың салмағынан статикалық күш, қозғалыстағы массаның инерция күші және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің солтүстік акваториясын сейсмобарлаумен зерттеу
Кен орнын игеру және қазіргі жағдайы
Мұнай қабатшасын игеру
Компания туралы
Бұрғылау қондырғысының коммуналдық жүйелері
Газдан тазартылған мұнайдың қасиеті
Арысқұм кен орнының мұнай тасымалдау құбырларын корозиядан қорғау
Қызылқия кенορнының қабат мұнайының қасиеті
Мұнай қалдықтарын кокстеу қондырғыларының атқаратын мақсаты және негізгі түрлері
Айранкөл кен орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz