Бетон өнімінің қоспаларын сынау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТ . . .

1. 1 Ұйым туралы мәліметтер . . .

1. 2 Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары . . .

1. 3 Бетон құрылыс өнімі және оның түрлері . . .

1. 4 Бетон дайындау технологиясы . . .

1. 5 Бетонның эксплуатациялық қасиеттері . . .

1. 5. 1 Сығуға беріктігі . . .

1. 5. 2 Ыңғайлытөселуі . . .

1. 5. 3 Басқа да маңызды көрсеткіштері . . .

2 ӨНІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ . . .

2. 1 Тұтынушы мен дайындаушы үшін «сапа» ұғымы . . .

2. 2 Сапа көрсекіштерінің номенклатурасы . . .

2. 3 Өнімнің сапа деңгейі . . .

2. 4 Сапалы бетонға қол жеткізу жолдары . . .

2. 4. 1 Сапалы бетон ұғымын талдау . . .

2. 4. 2 Бетон сапасына әсер ететін факторларды талдау . . .

2. 4. 3 Коррозияның бетонға әсерін талдау . . .

2. 5 Бетон сапасын анықтау әдістері . . .

2. 5. 1 Бетон сапасын зертханалық әдіспен анықтау . . .

2. 5. 2 Бетонға қойылатын жалпы техникалық талаптар . . .

2. 5. 3 Бетонға және қоспаға қойылатын талаптар . . .

3 ӨНІМДІ СЫНАУ . . .

3. 1 Бетон өнімінің беріктігін сынау . . .

3. 2 Бетонды пішінінің өзгеруіне сынау . . .

3. 3 Бетон өнімінің қоспаларын сынау . . .

3. 4 Бетонның су сіңіруіне сынау . . .

4 ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ . . .

4. 1 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесінің жалпы ережелері . . .

4. 2 Өнімге сертификаттауды жүргізу тәртібі мен ережелері . . .

4. 2. 1 Өтінішті беру мен қарастыр . . .

4. 2. 2 Өнімнің үлгілерін таңдауды өткізу . . .

4. 2. 3 Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу . . .

4. 2. 4 Сәйкестік сертификатын беру мен сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын ұсыну . . .

4. 2. 5 Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау . . .

4. 2. 6 Өнімнің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылау . . .

4. 2. 7 Бетон өнімін сертификаттау туралы ақпарат . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Біздің еліміздің Бүкіләлемдік халықаралық сауда ұйымына енуі көптеген ұйымдарда, өндірісте, өкілдіктерде жаңа басқару жүйесіне көшу қажеттілігін тудырды, ол аз шығынмен өндіруді, жоғары сапалы өнімді шығаруға және де Қазақстан нарығында талап етілетін және бәсекеге төтеп беретін деңгейге жетуі қарастырылады. Сол себептен әрбір өнім мен қызмет көрсету сапасы анағұрлым жақсы болуы үшін, өнім сапасына деген сұраныс та күн сайын артуда. Құрылыс материалдары да шектен қалмады. Жас мемлекетіміз құрылыс нысанын көптеп салып жатқандықтан, шет елдің өнімдірін қолданудан гөрі, отандық құрылыс материалдары мен өнімдерін пайдалану тиіді әрі қолайлы, сондықтан құрылыс материалдары мен өнімдері құрылыс нысанына кетпестен бұрын тексеру мен сертификациядан өтуі керек.

Құрылыс нысанын тұрғызбас бұрын, құрылыс материалы мен өніміне деген сұранысты қамтамасыз ете алатын өнеркәсіппен келісім шарт жасасады. Құрылыс кезінде, эксплуатация мен ғимаратты жөндеу және құрылыс бөлшектерінің тұрғызылуы мен конструкциясы көптеген физико-механикалық, физикалық және техникалық әсерлерге тап болады. Сондықтан, ғимарат тұрғызылмас бұрын оның әрбір материалы сапалы болуы тиіс. Сапалы құрылыс материалы беріктігі, сенімділігі және ұзақ қызмет етуімен сипатталады. Осы тұрғыдан, әрбір құрылыс өнімінің сапасын талдайтың әрбір сертификаттау орталығы өнімнің сапасын тексеруге үлкен мән береді. Осы мақсат бойынша, менің дипломдық жұмысымда ««ҰлтССО» АҚ Алматы филиалы жағдайында құрылыс материалдарын сынау зертханасында өнім сапасын талдау, оның ішінде «Бетон» өнімінің сапасын талдауға үлкен мән берілген.

Құрылыс кезінде бетон материалына көп мән беріліп, құрылыс нысанының басты объектісі болғандықтан, осы дипломдық жұмыста бетон құрылыс материалына көп мән беріліп, оның сапасына деген сұранысы мен талабына тоқталып өттім. Бетон (французша beton, латынша bіtumen - тау шайыры) - жасанды тас құрылыс материалы, ол ғимарат тұрғызылу кезінде ең маңызды рөлді атқаратын құрылыс материалы болғандықтан, оның түбегейлі зерттеп, сапасын талдау үлкен мәнге ие. Бетон өнімінің сапасына шарт оның белгіленуі мен құрылыс ғимараттарындағы жұмыс жағдыйы және ғимараттың конструкциясына байланысты әртүрлі қойылады. Олар мыныдай сипаттаушы көрсеткіштерден тұрады: беріктігі, орташа тығыздығы, әртүрлі әсерлерге тұрақтылығы, пластикалық майысуы, теплофизикалық, қорғаныстық, декоративтік және басқа да бетонның қасиеттері.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - құрылыс нысандарында қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын саралап, тексеру, сол арқылы адам өміріне деген қауіпсіздікті жоғарлату.

Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты «ҰлтССО» АҚ Алматы филиалы жағдайында құрлым материалдарын сынау зертханасында өнім сапасын талдау болып табылады. Құрылыс материалдары адам өміріне зиянсыз әрі табиғи әсерлерге ұзақ шыдай білу үшін, оларды сынақтан өткізіп, сапасы бойынша саралау. Ол үшін сынау зертханасының жағдайы жоғары мүмкіндікті болып, сонымен қатар мекеменің сапа менеджменті жүйесі жұмыс күйінде сақталып, оның нәтижелілігі ИСО 9001-2009 талаптарымен сәйкестікте жоғарылатуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың объектісі - құрылыс материалдары мен өнімдері, оның ішінде бетон құрылыс материалы.

Бұл дипломдық жұмыс негізгі мақсатты орындау үшін және тақырыпты толығымен ашу үшін келесідей бөлімдерден құралған: дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы мәлімет, мекеменің сапа менеджменті жүйесі, ұйым стандарты және сапаны басқару, өнімді сынау және сертификаттау қарастырылған.

1 БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТ

1. 1 Ұйым туралы мәліметтер

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ стандарттау, метрология және өнімнің сәйкестігін растау саласында қызмет көрсету, қызмет көрсетулер және менеджмент жүйесі бойынша нарықтағы жетекші кәсіпорын болып табылады. «ҰлтССО» АҚ-ның стандарттау, метрология және сәйкестікті растау саласында біртұтас ғылыми-техникалық саясат жүргізетін республиканың 18 аймағында тармақталған филиалдар желісі бар.

Бірінші бағыты - стандарттау саласында қызмет көрсету.

Шаруашылықпен айналысатын субъектілерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі, нормативтік құжаттардың жобалары әзірленеді.

Әрбір филиалда республикада шығарылатын өнімдер мен қызмет көрсетулердің номенклатурасы бойынша барлық шаруашылықпен айналысатын субъектілер үшін қол жетімді анықтамалық-ақпараттық қор жинақталған және толықтырылып отырады. Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың автоматты деректер банкі кәсіпорындар мен ұйымдар үшін өнім өндіру кезінде және халыққа қызмет көрсетулерді ұсыну барысында маңызды және жедел ақпарат көзі болып табылады.

Екінші бағыты - салыстырып тексеру, калибрлеу, өлшем құралдарын жөндеу арқылы және республиканың ұйымдары мен кәсіпорындарына жоғары дәлдіктегі өлшеулерді орындауда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету арқылы өлшемдердің бірлігін тәжірибелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Ұйым жұмысының ең маңызды үшінші бағыт - сертификаттау. «ҰлтССО» АҚ өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау, сапа менджменті жүйесі, экологиялық менеджмент, OHSAS, HACCP саласында жұмыс жүргізу құқығына аккредиттелген.

Сынау зертханалары өнімнің кең номенклатурасының сертификаттық сынауларының бірнеше түрлерін жүргізеді. Ұйымның қызмет көрсетулерінің сапа кепілдігі ұйым мамандарының жоғары біліктілігі және мол практикалық тәжірибесі болып табылады. «ҰлтССО» АҚ-ның барлық филиалдарында ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілген және жұмыс істейді. Ұйым мақсаты - барлық мүдделі тараптардың сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған жұмыстарды және қызмет көрсетулерді орындау кезінде сапаны басқару әдістерін үздіксіз толық жетілдіру. «ҰлтССО» АҚ-ның анықтамалық-ақпараттық қорында ұсынылатын қызмет көрсетулердің жылдам және жоғары сапалы болуына мүмкіндік туғызатын ауқымды нормативтік базасы бар. Нақты айтқанда, мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық және ұлттық сатндарттар, санитарлық нормалар мен ережелер, құрылыс нормалары және ережелері, ережелер, ұсыныстар, топтастырғыштар, директивалар және басқа да қағаз және сондай-ақ электронды тасушыларда ұсынылған нормативтік құжаттар. Кәсіпорын тарихы Қазақстандағы метрология пайда болуынан бастау алып тамыры тереңге кетеді, яғни, Республикамыздың территориясында бірінші болып Семейде Омбылық өлшем және салмақты салыстырып тексеру палатасының мекеме-бөлімшесі ашылған өткен ғасырдағы жиырмасыншы жылдар. 1928 жылы ол Өлкелік палата болып қайта құрылды. Оның қызметі екі автономды республикаға - Қазақстан және Қырғызстанға таралды. Республика астанасын Алматы қаласына көшіруге байланысты 1930 жылы Қазақтың өлшем және салмақты салыстырып тексеру палатасы деген атау алған Өлкелік палата Семейден Алматыға көшірілді. 1930 жылдан 1936 жылға дейінгі кезеңде республика аймақтарында бөлімдері ашылды. 1950 жылы тың өлкесі құрылуына байланысты қарамағында Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан зертханалары және Целиноградта орталығы бар Тың өлкелік мемлекеттік өлшеуіш техникасы бойынша зертхана да құрылды. 1965 жылы тың өлкесінің таратылуына байланысты, Тың өлкелік мемлекеттік өлшеуіш техникасы бойынша зертхана жабылды, ал оның базасында Стандарттарды және өлшеуіш техникасын мембақылау Целиноград облыстық зертханасы құрылды. 1988 жылы стандарттарды және өлшеуіш техникасын мембақылау Целиноград облыстық зертханасы КСРО Мемстандартының 1988 жылғы 6-қыркүйектегі № 370 бұйрығымен Целиноградтық стандарттау және метрология орталығына ауыстырылды.

1992 жылы Целиноград қаласының атауы Ақмола деп өзгертілуіне байланысты орталық Ақмолалық стандарттау және метрология орталығы деп атала бастады. 1994 жылғы қаңтарда сертификаттау бөлімі ұйымдастырылды.

1999 жылы Ақмолалық «СМСО» «Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығына» қайта ұйымдастырылды. Жылдар сайын кәсіпорынның атауы өзгеріп отырды, бірақ шешілетін мәселелердің мәні, жалпы алғанда, сол күйінде қалды - стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметтерді ажырамас кешенде ұсыну. Қазіргі таңда «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ - бұл стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызмет көрсету нарығының көшбасшысы. «ҰлтССО» АҚ шаруашылықпен айналыстаын субъектілерге өнеркәсіптік меншіктегі объектілерге (өнеркәсіптік үлгі, өнертабыс, пайдалы нұсқа және тауарлық белгі) күзет құжаттарын алу үшін тапсырыс әзірлеуде әдістемелік көмек және кеңес береді.

1. 2 Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары

«ҰлтССО» АҚ аккредиттеу саласына Қазақстан Республикасындағы міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызмет көрсетулердің барлығы дерлік енеді, ал нақты айтсақ:

- ауыл шаруашылығы өндірісі және тамақ өнеркәсібінің өнімдері;

- парфюмерлік-косметикалық өнімдер;

- жеңіл өнеркәсіп өнімдері;

- құрылыс материалдары;

- буып-түйетін заттар;

- халық тұтынатын тауарлар;

- тұрмыстық химия тауарлары;

- электротехникалық, радиотехникалық, электронды бұйымдар;

- металлургиялық өнеркәсіп өнімдері;

- газ;

- мұнай химиясы өнімдері;

- қызмет көрсетулер (қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, туристік, техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеу, мұнай өнімдері базалары және ЖҚС, химиялық тазарту) ;

- OHSAS;

- HACCP.

«ҰлтССО» АҚ тауардың шығу тегін сараптау бойынша қызмет көрсетеді.

«ҰлтССО» АҚ республикадағы зергерлік бұйымдарды сынамалау және таңбалауды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады.

«ҰлтССО» АҚ-ның республиканың барлық аймақтарында сынау зертханалары желісі бар. Өтініш берушілердің қызмет көрсетулеріне азық-түлік, электротехникалық, құрылыс, өнеркәсіптік тауарларды сынау бойынша 28 аккредиттелген зертханалар, сонымен қатар бұзбай бақылау зертханасы және сынама палатасы бар. Республиканың 18 аймағындағы филиалдардың ауқымды желісі, өз құрамында метрологиялық қызметтері, сынау зертханалары, стандарттау және тауардың шығу тегін сараптау қызметтері бар сәйкестікті растау бойынша органдары (СРО) Қазақстандағы өндірістің дамуына мүмкіндік туғызып, техникалық реттеу және метрология саласында біртұтас саясат жүргізіп отыр.

1. 3 Бетон құрылыс өнімі және оның түрлері

Бетон, құйматас - жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т. б. ), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т. б. ) кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады. Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.

Бетонды (французша beton, латынша bіtumen - тау шайыры) алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі. Бетон құралымдар мен бұйымдар - үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың бетоннан жасалған арматурасыз не жеңіл арматураланған құралымдық элементтері.

Бетонның созылу беріктігі аз болғандықтан, бетон құралымдар мен бұйымдар, көбінесе, сығушы күштер түсетін жерлерде қолданылады. Бетон құралымдар мен бұйымдардың кең тараған түрлеріне: іргетастар, тастар мен қабырғалық блоктар, гидротехникалық құрылыстар, бағандар, күмбездер, көпірлік тіректер, жол және тротуар төсеніштері, т. б. жатады. Ал құралымға созу күші түсетін жағдайда бетон құралымдар мен бұйымдарға болат арматура қосылады. Бетон мен арматура қосылып жасалған құралымды темір-бетон құралымдар дейді. Зауыттарда дайындалатын бірдей стандарт элементтерден құралған құрама бетон құралымдарды құрылыстарда пайдалану өте тиімді болып есептеледі. Ірі құрылыстар мен ғимараттардың құралымы әдетте тұтас бетоннан жасалады. Бетон құралымдар мен бұйымдарының көпшілігі жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған кәсіпорындарда дайындалады да құрылыс алаңына арнайы автокөлік түрлерімен жеткізіледі.

1 суретте бетонның классификациясы берілген. Толығырақ тоқталатын болсақ.

1 сурет. Бетонның құрылыс материалының түрлері

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай:

Органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т. б. арнайы бетондар) ; Органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі.

Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты:

Аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары) ; Ауыр (1800 - 2500 кг/м3) ; Жеңіл (1800 - 500 кг/м3) ; Өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Қолдану түріне қарай:

Құралымдық; құралымдық-жылу оқшаулағыш; жылу оқшаулағыш; арнайы жасалған бетондар (отқа радиациялық қорғану, ыстыққа төзімді т. б. ) болып ажыратылады; гидротехникалық - платиналарға, су қоймаларына; жол бетоны - адамдар жүруге арналған жол жиектері, аэродромдық және жол төсеулері.

Құрылымына қарай:

Босты сипатында - құрамындағы дәндердің арасында ауаның молекулалары да кездеседі; Қаты - құрамындағы дәндердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысқан; Жұмыртқа тәрізді - құрамындағы ауа молекулалары белгілі-бір реттілікті түзеп, ұяшық түзе байланысады; Ірі басты сипатында - ауа молекулалары бейберекет сипатта орналасқан бетон түрі. Осы аталған түрден басқа бетон тағы екі ірі топқа жіктеледі: конструкторлы және арнайы. Конструкторлы түр ғимараттың шегаралық конструкторларында пайдаланады. Оларға негізгі талап ретінде механикалық сипаттамасы сұралады. Арнайы бетондарға белгілі бір мақсатқа қажет сипаттамасына ие бетон түрлері кіреді. Мысалы, гидротехникалық, ыстыққа төзімді, радиациялық қауіпсіз, химиялық тұрақты, және т. б.

1. 4 Бетон дайындау технологиясы

Бетонның негізгі құрамы 4 компоненттен тұрады. Бұл әдетте цемент және су. Сонымен қатар бұл материалдардың басты құраушылары болып ірі және ұсақ толықтырғыштар да саналынады. Ірі толықтырғыш ретінде әдеттте қиыршық тастар, ал кішілі толықтырғыш ретінде құм алынады. Сенімді және өміршең ғимараттарды салу үшін күллі мәселелеріне дейін қарастырылған, жобаланған бетонды пайдаланған жөн.

Бетон дайындау технологиясы жылдан жылға жетіліп келеді. Бетон компоненттерінің дұрыс қатынасы нәтижесінде ғана сапалы және берік бетон алуымызға болады. Бетон өндірісі кезінде келесі үрдістерді жіті бақылау қажет.

Бетон құрамына әдетте әртүрлі фрапкция толықтырғыштары кіреді. Толықтырғыш фракциясы аз болғанг сайын бето тығызырақ болады, сәйкесінше сапасы дп жоғары болмақ.

Бетон бір уақытта қою әрі пластикалық бола алуы керек, ол оны қалау үрдісін жеңілдетеді. Сонымен қатар бетон тығыздығы аз болған сайын ол арқылы тұрғызылған ғимарат беріктірек болатынын естен шығармау қажет.

Бетон құрамындағы цемент оңтайлы түрде қолданылуы тиіс. Себебі ол жеткіліксіз болса бетон тығыз емес, ал ол артық кетсе қажетсіз шығындар болады.

Су - бетон құраушы элемент ретінде қышқылдар мен тұздардан ажыратылады, керісінше жағдайда бетон сапасы күрт төмендеп кетуі мүмкін.

Бетон сияқты материалдың дайындалу технолгиясында бектілген нормалар қатаң сақталуы тиіс. Дұрыс емес пропорциялар, дайындау уақыттары және өзге де факторлардың дұрыс сақталынбауы бето сапасына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Бетон құрылыста сонау антика дәуірінен бастап қолданылып келе жатыр. Бетонды ойлап табушылар ежелгі ридіктер, сол уақытта салынған бетоо ғимараттары бүгінгі күнге дейін тұр. Жаңа заманғы бето дайындау технологиясы оның сапасына әәсерт ететін әртүрлі факторларды есепке алуды қажет етеді. Біздің уақытымызға дейін бетон дайындау үрдісі ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Негізгі компоненттер байланыстырушы зат (ценмент), толықтырғыштар (қиыршық тас), және су болып табылады.

Қиыршық тас - тау тастарын жасанды үгітуден, гравий - тау тастарының жел және су эрозиясы әсерінен үгітілуінен болады. Цементпен химиялық реакцияға түсетін зиянды заттар үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл қоспалар толықтырушылар арасынан жуу арқылы алынып тасталынады. Кеуекті құрылымға ие ірі толоықтырушылар қатарына вулкандық шлактар мен пемза да кіреді. Оларды қолдану кезінде ценменттің шоғары шығындалуын есепке алу қажет. Бетонның жоғары сапасына қол жеткізу ірілі ұсақты толықтырғыштардың қатынасын дұрыс таңдауға байланысты. Майда толықтырғыштарға құмның іртүрлі типтері жатады, олар қопсытылған тау үгінділерінен болады. Көп жағдайда құм дәнекетері кварцтелген болады, ал олардың өлшемдері 55 мм-ден аспайды. Құмды да қолданар алдында бетон беріктігін төмендететін әртүрлі қоспалардан (гипс, сульфаты, балшық, шаң) . тазарту мақсатында алдын ала жуып алды. Бетон дайындау үрдісінің маңызды компоненті әртүрлі зиянды қоспалардан, гипстен, қышқылдардан тазартылған су. Көп жағдайда қажетті тазалаудан өткен ас суы пайдаланылады. Кейбір шектік жағдайларында техникалық суда қолданылуы мүмкін, бірақ бұл су қосымша химиялық анализден өтуі керек. Және соңындағы маңызды байланыстырушы элемент - табиғи шикізат пен жасанды қоспаның күйдірілуінен алынатын ценментті клинкерді үгіту әдісмен алынған ценмент. Цементтің минималды шығындалуына қол жеткізу және цемент сапасын жоғалтпас үшін өндіріс технологиясының барлық шарттарын сақтау керек. Бетон дайындау үрдісіндегі цемент шығынының нормативі ҚЕжН (СНиП) бекітілген. Бетон дайындаудың соңғы кезеңінде шикізат ретінде қолданылатын барлық элементтерден бірыңғай қоспа дайындап алу қажет. Біркелкі құрамға қол жеткізу үшін бетонды қоспа орнында оны мұқият араластрады. Оны қалыпқа құю орнына жеткізілгенше бетонараластырғышта араластырып отырады. Бетонның арнайы типтерін дайындау үшін арнайы ерекше технологияларды қолданады.

1. 5 Бетонның эксплуатациялық қасиеттері

1. 5. 1 Сығуға беріктігі

Бетонның сипаттамасын беретін негізгі көрсеткіші - сығуға беріктігі, ол арқылы бетонның классы белгіленеді. Ережегі сәйкес, бетонның классы латын әріпі «В» және сандар арқылы белгіленеді, ол мегапаскаль өлшемімен ұстап отырған қысымын көрсетеді. Мысалы, В25, берілген класстағы бетон 95 % жағдайда 25 МПа қысымды ұстап тұр. Беріктік көрсеткішін анықтау үшін коэффициенттерді де ескеру қажет, мысалы В25 классы үшін, сығуға нормативті беріктіктігі - 18, 5 МПа. Сығуға беріктік классына және созылуына жауап беретін бетонның жасы, бетонның қату жағдайы мен дайындалуына байланысты белгіленеді. Бұл мәліметтербелгісіз болған жағдайда, бетонның классы 28 күн жастағы бетон ретінде белгіленеді. Бетонның беріктік классынан басқа да маркасы белгіленеді, «М» және сандар көрсетіліп отырады, ол сандар 50-1000 арасында болуы тиіс және олар сығуға беріктігінің шекті мәнін береді, кг‪∙с/см². 1 МЕСТ 26633-91 «Ауыр және ұсақ дәнді бетон. Техникалық жағдайы» қосымшасы бойынша марка мен класс арасындағы келесі сәйкестік 1 кестеде көрсетілген. Қатпаған қоспаның қаттылығын тексеру үшін қалыпты қату камерасы пайдаланылады, ал дайын өнімнің қаттылығы Кашкаров балғасы, Физделя балғасы мен Шмидт балғасы қолданылады.

1 кесте

Ауыр және ұсақ дәнді бетонның техникалық жағдайы*

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетонның құрылыс материалының түрлері
Цементтің сапасын бағалау
Құрылыс материалдардың өнім сапасын басқару
БЕТОНҒА АРНАЛҒАН ТОЛЫҚТЫРҒЫШТАРДЫ ДАЙЫНДАҒАНДА РЕСУРС ЖӘНЕ ЭНЕРГОҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ
Бетондық араласпаның қасиеттері
Автомобиль жолдарын күтіп ұстау
Қождыпортландцемент цехы
Кұрылыста қолданылатын бетонның сапасын сараптау
Бір қабатты өндіріс ғимаратының қаңқасын жинақтап тұрғызуға арналған технологиялық картаны жасау
Қиыршық тас өңдеу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz