Қытайдың энергетикалық сыртқы саясаты


МАЗМҰНЫ:
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ . . . 03 б.
КІРІСПЕ . . . 04-08 бб.
І ТАРАУ. Қытайдың энергетикалық сыртқы саясаты және Орталық Азиядағы мүддесі
1. 1 Қытай Халық Республикасының Орталық Азиядағы негізгі мүдделері . . . 09-17 бб.
1. 2 Қытайдың энергетикалық сыртқы саясаты . . . 18-27 бб.
1. 3 Қытайдың Орталық Азиядағы энергетикалық стратегиясы . . . 27-36 бб.
1. 4 Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық . . . 36-44 бб.
ІІ ТАРАУ. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың дамуы
2. 1 Қытай мен Қазақстан арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың дамуы . . . 45-54 бб.
2. 2 Қытай мен Қырғызстан және Тәжікістан арасындағы энергетикалық ынтымақтастық . . . 54-62 бб.
2. 3 Қытай мен Өзбекстан және Түркменістан арасындағы энергетикалық ынтымақтастық . . . 63-71 бб.
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72-74 бб.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75-78 бб.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
CNPC - China National Petroleum Corporation
CNODC - China National Offshore Oil Corporation
FIOC - First International Oil Company
SINOPEC - China Petroleum & Chemical Corporation
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АТЭЫ - Азия-Тынықмұхит экономикалық ынтымақтастық
ГЭС - Гидро энергетикалық станция
ЕО - Еуропалық Одақ
КСРО - Кеңес Социалисттік Республикалар Одағы
ҚДБ - Қытайдың даму банкі
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚҰМК - Қытайдың ұлттық мұнайгаз корпорациясы
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
МАГАТЭ - Атомдық энергетика бойынша халықаралық агенттігі
ОПЕК - Мұнай эксорттаушы мемлекет ұйымы
РФ - Ресей Федерациясы
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Бітіру жұмысы XXI-ші ғасырдың басындағы ҚХР-мен Орталық Азия елдері арасындағы энергетикалық байланыстардың даму процестерін жүйелі түрде қарастырады. Оның әдіс-тәсілдік, тарихнамалық зерттелу деңгейі мен деректік көздерін жаңаша тұрғыдан қарастыру осы бітіру жұмысының басты мақсатын айқындайды.
Тақырыптың өзектілігі. 20-шы ғасырдың 90-шы жылдары Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік туын көтерген жас мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен, шет елдермен жоғары мемлекетаралық дәрежеде қатынастар орнату мүмкіндігіне ие болды. Жаңа кезеңге аяқ басқан Орталық Азия өңірі геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи қорларға бай болуымен байланысты. Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы үшін көршілес жатқан Қытай мемлекетімен қарым-қатынас орнату өте маңызды. Бұл жөнінде Президент Назарбаев 2006 жылдың наурыз айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан. Жолдауда сыртқы саясаттағы басымдықтар ретінде Қытайды атап өткен. Зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, Қытайдың Орталық Азиядағы энергетикалық мүдделерімен тікелей байланысты.
Қазіргі күні әлемде табиғи сиппаттағы мәселелердің маңыздылығы күннен күнге артып бара жатыр. Бұл жаһандық мәселе ең алдымен энегретикалық қорлардың шектелуімен тікелей байланысты.
Қытай әлемдегі энергетия тұтынушы мемлекеттердің қатарында екінші орында тұрғандықтан, ол жан-жақты энергетикалық потенциалы бар мемлекеттермен ынтымақтасуға тырысуда. Ал Орталық Азия аймағы, Қытайдың бақытына орай энергетикалық қорға бай аймақ болып табылады. Орталық Азияның ҚХР-на жақын орналасқаны, жер құбырлар арқылы көмірсутек қорларды транспорттауға Қытай үшін ыңғайлы. Сонымен қатар Орталық Азия Қытай үшін Солтүстік Иранның энергетикалық қорына апаратын көпір ретінде маңызды.
Осы аталған мәселелерді қарастыру үлкен өзектілікке ие болып отыр. Мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу, талдау, жан-жақты ашу тікелей саясатқа қатысты бар адамдар мен ғалымдардың ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамның, көпшілік қауымның қызығушылығын тудырады және сыртқы саясат ғылымында үлкен орынға ие болатын мәселе болып табылады.
Қытай басшыларының пікірінше, олар жүргізіп отырған сыртқы саясаттың Орталық Азия елдері жүргізіп отырған саясатпен ортақ жақтары көп. Тараптарды олардың арасындағы байланыстардың көпжақты ынтымақтастықты орнату мақсатындағы ұзақ мерзімді және тату көршілік достық негізінде мемлекеттер арасындағы байланыстар айтарлықтай дамып келеді. Әсіресе Қытай мен Орталық Азия мемлекеттер арасынадағы энергетикалық қатынастарды зерттеу өте өзекті болып табылады.
Бітіру жұмыстың мақсаты. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты Қытайдың Орталық Азия елдері арасындағы энергетикалық қатынасты жүйелі түрде зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдында мындай міндеттер қойылады:
- Қытайдың жалпы энергетикалық сыртқы саясатына талдау жасау;
- Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі мүддесін анықтау;
- Қытайдың Орталық Азиядағы энергетикалық стратегиясын қарастыру;
- Қытайдың Орталық Азия мемлекеттерімен энергетикалық ынтымақтастығын қарастыру;
- Қытайдың Қазақстан Республикасымен энергетикалық ынтымақтастығының дамуына талдау жасау.
Бірітру жұмысының зерттеу нысаны. Қытайдың Орталық Азия республикаларымен энергетикалық қатынастарының дамуын зерттеу болып табылады.
Бітіру жұмыстың хронологиялық шеңбері. XXI-ші ғасырдың басынан, қазіргі күнге шейін аралықты қамтиды.
Біріту жұмысының деректемелік негізі. Бітіру жұмысының алдына қойылған мақсат-міндеттерге жету жолында деректік негіз болған деректердің ерекшелігі мен сипатына қарай төмендегідей бірнеше топтамасы қолданылды:
Деректердің бірінші тобына дипломатиялық құжаттар жатады. Олар Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы энергетикалық байланыстарды дамыту барысында қол жеткізген келісімдер, декларациялар, коммюникелер және т. с. с.
Дерек көздерінің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, елшілерінің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Деректердің үшінші тобын қазақ, орыс, қытай тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жас Алаш», «Түркістан», «Деловая неделя», «Панорма» газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Саясат», «Казақстан-Спектр», «Центральная Азия и Кавказ», «Казахстан: экономика и жизнь», «Казахастан и современный мир», «Аналитическое обозрение», «Континент» журналдарында бар. Ал Ресейдің «Правда», «Известия», «Аргументы и факты», «Независимая газета» газеттері мен «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Азия и Африка сегодня», «Нефть и газ» журналдары пайдаланылды. Қытайдың «Remin ribao», «Zhongguo ribao », «Beijing wanbao» газеттері, «Контимост», «ZhongYa yanjiu», «guoji wenti yanjiu» журналдары бітіру жұмысында ерекше орын алады. Өзекстанның «Правда Востока», «Народное слово» газеттері, Қырғызстанның «Слово Кыргызстана», «Вечерний Бишкек» газеттері, ал Түркменстанның «Нейтральный Туркменстан» газеті пайдаланылды. Сонымен бірге қосымша материалдар ретінде цифрлар мен фактілер арқылы дәлелдеуге көмек беретін статистикалық жинақтарды атауға болады.
Дерек көздерінің төртінші тобын Қазақстан мен Орталық Азияның басқа республикаларының, Қытайдың, Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның «Хабар», «ҚазААГ», «Интерфакс-Казахстан», Қырғызстанның «Кабар», Тәжікстанның «Ховар», Қытайдың «Синьхуа», Ресейдің «Новости», «ИТАР-ТАСС» агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен интернет желісінен алынған.
Бітіру жұмысының тарихнамалық деңгейі. Қытай мен Орталық Азия елдедері арасындағы байланыстарды көптеген зерттеушілер зерттеп келеді. Қытайдың сыртқы саясаты, оның ішінде Орталық Азияға қатысты энергетикалық саясат мәселелері көптеген зерттеушілердің еңбектеріне арқау болып келеді.
Отандық тарихнамада. Мемлекет басшысының еңбектерінде елдің жалпы жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саяси бағыты мен өзара байланыстарды дамытудағы ұстанымы айқын көрінеді және қарастырып отырған тақырыпты талдауға көмектесті. Мысалы, Н. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» [5], «Ғасырлар тоғысында [6], «Сындарлы он жыл» [4] атты кітаптары еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде міндетті түрде, Қытаймен, маңызды көршіміз ретінде энергетикалық саласындағы ынтымақтастығын да қарастырған. Сонымен қатар Отандық тарихнаманың негізгі тобын ұлттық университеттегі халықаралық қатынас саласында маман даярлаумен айналысатын ғалымдар еңбегі құрады. Оның ішінде Н. Мұхаметханұлының «ХХ ғасырдағы Қытайдың тарихи үрдісіндегі қазақстардың әлеуметтік дамуы» [7] мен «XVIII-XX ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары» [8] және С. Ж. Сапановтың «Қытай Халық республикасының сыртқы саясатындағы мұнай факторы» [9] . Қытайтанушы-ғалым К. Ш. Хафизованың еңбектері тек бұрынғы кезеңді ғана қарастырмаған, ғалымның бірқатар ғылыми мақалалары қазіргі заманғы, яғни Кеңес Одағы ыдырап, Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланыстарға арналған. Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас зерттеушісі К. Сыроежкиннің де еңбектері талданған. Оның еңбектері аталмыш мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, оның ішінде энергетикалық салалары, саяси байланыстары қарастырылады. Қытайдың тарихы мен оның басқа елдермен және аймақтармен байланыстарын зерттеген ғалымдар қатарына В. Моисеев, Р. Сүлейменов секілді отандық ғалымдар бар.
Сонымен бірге зерттеуші М. Лаумулиннің бірқатар басылымы Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің көзқарасын баяндайды. Олардың ішінде Г. Фуллер, Дж. Гинсбург, Ч. Анделенд, Н. Платт, М. Олкотт және т. б. бар. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты басып шығарған «Политика КНР на своременном этапе: реалии и песпективы» атты ғылыми зерттеу кітабы жарық көрді. Бірінші тарауда М. Т. Лаумулин мен К. С. Сыроежкин Қытайдың сыртқы саясатының тетіктерін аша отырып, оның Еуразия, Батыс бағыттарындағы саясатына талдау жасайды. Олар Қытайдың «аймақтық ойыншыдан» біртіндеп халықаралық қатынастардың маңызды ғаламдық факторына айналып бара жатқандығын айтып, аспан асты елінің сыртқы саясатын зерттей келе мынандай түйін жасайды: «Еуразия мемлекеттері үшін, ең алдымен Ресей мен Қазақстан үшін мына фактіні түсініп алу өте маңызды - қытай мемлекетінің сыртқы саясатының маңызды мақсаты этникалық қытайлардың ірі, экономикалық және саяси ықпалы күшті, ұлттық-әлуеметтік, оқшауланған отарларын құру болып табылады» [22, 71 б. ] .
Орталық Азия елдер тарихнамада. Бітіру жұмысының тақырыбын ашуда Орталық Азияның басқа республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында Өзбекстан президенті И. Каримовтың «О национальной государственновсти, идеологии независимости и правовой культуре», Түркменстан Президенті С. Ниязовтың «Внешняя политика нейтрального Туркменистана» атты кітаптары бар. Бұл еңбектер Өзбекстан мен Түркменстанның сыртқы саясатының қалай бағытталғандығынан хабар береді және зерттеліп отырған тақырыпты кеңінен талдауға көмектеседі.
Орталық Азиядағы қытай факторын талдауға арналған өзбектің зерттеушісі А. Ходжаевтың монографиясы да біріту жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды. Онда Қытайдың ҚХР құрылғанға дейінгі Орталық Азияның тарихына ықпалы көрсетіліп, аймақтың бүгінгі күнгі дамуына әсер ететін Қытаймен байланысты кейбір факторлар ашылған. Олардың ішінде Қытайдың өңірдегі экономикалық мүдделері, өзара байланыстардағы Ұлы Жібек жолының маңызы, ҚХР-дың мұнай базаларының Орталық Азияға әсері қарастырылған [23] .
Орыс тарихнамада. Қытайдың жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Ресейге және Орталық Азияға қатысты жүргізген саясатында талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде М. С. Свешников, Ю. Песков, В. Лукин, В. Михеев, В. Кузнецов, Е. Бажанов сияқты зерттеушілерді атауға болады. Белгілі ғалым, халықаралық қатынастар саласының зерттеушісі М. Капицаның «КНР: три десятилетия- три политики» атты кітабы ҚХР құрылғаннан бастап 1970-ші жылдардың аяғына дейін жүргізген сыртқы саяси бағытын зерттеген [14] . Қытай Халық Республикасы мен Орталық Азияның барлық республикалары арасындағы сауда-экономикалық және оның ішіндегі энергетика саласындағы ынтымақтастықтың дамуы туралы ресейлік ғалымдар О. Резникованың, Ю. Юдановтың, И. Азовскийдің мақалаларын біле аламыз.
Қытай тарихнамада. Зерртеу жұмысына қытай ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектері де пайдаланылды. Қытайдың сыртқы саясатын, Қытай-Кеңес, Қытай-Ресей қатынастарын зерттеумен айналысатын қытай ғалымдарының қатарында Син Гуанчэн, Чжен Кун Фу, Чжао Чанцин, Чэн Фухуань, Ся Ишань, Лю Цинцай, Ху Хунпинь, Луань Цзинхэ, Тао Шуциньдерді атауға болады.
Бүгінгі таңда зор жетістіктерге жеткен Қытайдың экономикалық реформасының архитекторы Дэн Сяопиннің «Основные вопросы современного Китая» атты жинағы бар. Дэн Сяопин Қытай Коммунистік партиясының 12-ші съезінде сөйлеген сөзінде «марксизимнің жалпы ақиқатын мемлекеттің нақты жағдайымен үйлестіре отырып, өз жолымен жүруге және қытайлық ерекшелігі бар социализмді құру» қажеттігін атаған. Ал экономикада реформаға бағыт алу қажеттігін және сыртқы байланыстарды кеңейту керектігін шегелеген [13] . Бұл еңбек Қытай энергетикалық саясатындағы жаңа басымдылықтардың белгілеуі мен экономикасының қарқынды дамуының негізгі себептерін түсінуге мүмкіндік береді.
Қытайдың белгілі зерттеушісі Син Гуанчэннің «Қытай және Орталық Азия» атты кітабын атау керек. Өйткені бұл еңбек Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы байланыстардың жаңа кезеңдегі барлық салаларындағы ынтымақтастығына жалпылама әрі жеке-жеке сипаттама берген. Алты тараудан тұратын кітапта автор Орталық Азия республикаларының тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қытаймен байланыстарына, оның ішінде екі жақ арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты да жазып өткен.
Жоғарыда аталған зерттеулерде Қытайдың сытрқы саясаты, оның Орталық Азия мемлекеттерімен энергетикалық байланыстар туралы көптеген көзқарастар қамтылғанымен, біздің тақырыпқа сәйкес кейбір тұстары жете зерттелмегендіктен, аталмыш мәселе жан-жақты және жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Бітіру жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Бітіру жұмысында тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де бітіру жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Қытайдың сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Бітіру жұмысын ғылыми негізінде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген. Энергетикалық саясат дамуының зерттелуіне батыс, шығыс және отандық зерттеушілері өз үлестерін қосқан.
Бітіру жұмысының құрылымы. Зерттеу мақсаттары және талаптарымен анықталады. Бітіру жұмысы қысқартылған сөздер түсініктемелерінен, кіріспеден, екі тараудан және сол тарауларға кіретін жеті бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған деректер мен әдебиеттердің тізімі мен қосымшалардан тұрады. Жалпы көлемі бет
І ТАРАУ. ҚЫТАЙДЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МҮДДЕСІ
- Қытай Халық Республикасының Орталық Азиядағы негізгі мүдделері
ҚХР-мен қарым-қатынастар - Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатындағы басты бағыттарының бірі. Территориялардың шекаралас болуы, сондай-ақ, күшті шығыс көршінің үлкен экономикалық потенциалы мен оның халықаралық аренадағы, соның ішінде Азия кеңістігіндегі, салмағы бұл аймақтағы егеменді республикалардың Қытаймен тұрақты достық қатынастарда болу мүдделілігін анықтайды. Және де бұл қарым-қатынастар теңдік, өзара мүдделілік пен мемлекеттердің ішкі істері мен жағдайларына қол сұқпаушылық принциптеріне негізделіп орнатылуы керек.
Орталық Азия Қытайдың экономикалық және қауіпсіздік мүдделер шеңберіне кіреді. Бұл аймақтағы республикалармен байланыстарды нығайту - ҚХР сыртқы саясатының басты міндеттерінің бірі. Қазіргі кезеңде, ҚХР шекараларына жақын жерде АҚШ әскери базаларының бар болуы жағдайларында, Пекин сыртқы саяси мүдделері мен басымдақтары арасында Орта Азиялық аймақғының маңыздылығы күрт өсуде [1] .
Пекиннің бұл бағыттағы саясатын анықтайтын маңызды факторларының бірі, - бұл аймақтың Қытайдың ең тұрақсыз ауданы - Синьцзян Ұй:ғыр Автономдық Ауданымен шекаралас болуы. ҚХР мен Орталық Азияның үш мемлекеті - Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы 3000 км созылған шекараның екі жағында да ұқсас мұсылман ұлттардың өкілдері тұрады: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, тәжік пен дұңғандар. Пекин Орталық Азия республикаларының тәуелсіздігін алу кезіндегі «демонстрациялық» эффектінің Синьцзянның жергілікті халықтарына ықпал етуінен қорықты. Бұндай қорқыныш Шығыс Түркістан (ұйғырлардың СУАР-ды атауы) тәуелсіздігі үшін қозғалыс басшыларының аймақтың жаңа мемлекеттері тарапынан көмек күткендігінен туындаған болатын. Алайда, мұндай жоспарлар шындаққа асқан жоқ.
Оның үстіне, Қытайдың Орталық Азия мен Қазақстанда елеулі экономикалық мүдделері де бар. Тіпті екі жақ арасындағы байланыстарды орнатудың бастапқы кезеңдерінде-ақ, бұл елдердің рыноктарында Қытайдың орнын табу қытай дипломатиясының түсінігінше басты міндеттердің бірі болды. Ал бұл елдердің астаналарында қытай сауда өкілділіктері тіпті, қытай елшіліктерінен бұрын да ашылған болатын.
Орталық Азия елдерінде өндіріс көлемдерінің азаюы, Ресейден келетін тауарлардың азаюы, сатып алу мүмкіншіліктерінің төмендеуі жергілікті рыноктардың қытайлық көпшілік қолды тауарларымен толтырылуына жақсы мүмкіндіктер жасаған болатын. Қазіргі кезде, қарқынды экономикалық дамуды бастан кешіріп отырған Қытай өз назарларын аймақтың шикізат, оның ішінде, әсіресе, энергетикалық ресурстарына бағыттауда.
Энергия қорларына тапшы Қытай үшін ТМД елдерінің арасында Қазақстанмен, Өзбекстанмен және Түркменстанмен қарым-қатынастарды орнату өте тиімді. Мысалы, құрылысы жүргізілу үстіндегі Түркменстан-Қытай газ құбыры Қазақстан мен Өзбекстан аймақтары арқылы өтіп, болашақта Жапониямен жұптастырылады деген болжам бар.
1992 жылғы қаңтардан бастап Қытай Халық Республикасы бұрыңғы КСРО халықтарының шешімін қолдайтындығын ең алғашқыларының бірі ретінде мойындай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттерімен дипломтаиялық қатынастар толық көлемде орната бастады: олардың ішінде Қазақстан Республикасымен 1992 жылғы 3 қаңтарда, Өзбекстан Республикасымен 1992 жылғы 2 қаңтарда, Тәжікстан Республикасымен 1992 жылғы 4 қаңтарда, Қырғыз Республикасымен 1992 ж 5 қаңтарда және Түркменстан Республикасымен 1992 ж 6 қаңтарда [3] .
Қытай Халық Республикасымен көпжақты қарым-қатынастарды дамыту жағынан Орталық Азия республикилары арасында Қазақстан үздік орын алады. Екі елдің жоғарғы деңгейлі мемлекет қайраткерлері мен басшыларының арасында кездесулер жиілігі өте жоғары. Н. Назарбаевтың Қытай Халық респуликасына ресми сапарының нәтижесінде қабылданған (1993 октябрь) Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы достық қарым-қатынастар негіздері туралы Декларация Алматы мен Пекиннің бейбітшілік мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту ниеттерін көрсетеді.
Екі жақтың да мемлекетаралық байланыстардың тиісті принциптермен сәйкес қызмет етуі, оның ішінде ішкі істеріне қол сұқпаушылық, бұл елдер басшыларымен жиі-жиі дәлелденуде; бұл принциптер 2002 жылы декабрьде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы достық және ынтымақтастық туралы Келісімнің негізі болды [2, 19б. ] . Қазақстанның жоғарғы деңгейлі мемлекет қайраткерлері Тайваньды Қытайдың бөлінбес бөлігі ретінде қарастыратындығын жиі-жиі айтуда, ал Қытай қазақстандық дипломатиясының бастауларына қолдау көрсетеді. Соның ішінде Н. Назарбаев ұсынған Азиядағы ынтымақтастық пен сенімділік шараларына байланысты кеңес (СВМДА) шақыру бастамасын атап айтсақ болады. ҚХР тарапынан қолдау көрсету мысалы ретінде ҚХР басшысы Цзян Цзэминьнің СВМДА мүше елдерінің басшыларының жиналысына (Алматы 2002 июнь ) қатысуын айтуға болады. Жалпы, Қытай-Қазақстан арасындағы өзара байланыстардың заңдылық негізін 105 әр түрлі документ пен екі жақты келісім-шарттар құрайды.
Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның Қытаймен қарым-қатынастардың негізінде де достық пен ынтымақтастық саласындағы өзара мүдделілік жатыр. Бұл мемлекеттердің әр қайсысы ҚХР-мен басты салалардағы қатынастарды реттейтің көптеген келісім-шарттары мен басқа да документтер негізінде ресми түрде байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz