Жерге орналастыру техникасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Аннотация

Белгілер және қысқартылған мәндер

Анықтамалар

Төлқұжат

Кіріспе

І. Бөлім: Жерге орналастырудың ғылыми негіздері

1. 1. Жерге орналастыру техникасы

1. 2. Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарының негіздерінде

1. 3. Жерге орналастырудың экологиялық - экономикалық мәні

ІІ. Бөлім: Шаруашылық жөнінде жалпы мәлімет

2. 1. Шаруашылықтың топырақтық, табиғи климаттық жағдайы

2. 2. Ішкішаруашылық жерге орналастыру кезінде обьектілерді жобалау

2. 3. Танаптарды жобалау.

2. 4. Ауыспалы егістіктер жүйесін ұйымдастыру

2. 5. Ауыспалы егістіктердің типтерін, түрлерін және көлемдерін анықтау

ІІІ. Бөлім: Эканомикалық есептеулер

ІV. Бөлім: Шаруашылықтың қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуы жоспары

V. Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

VI. Бөлім: Еңбек қорғау

Қорытынды

Қосымша

Қолданылған әдебиеттер

Аннотация

Дипломдық жобада Қызылора облысы Қармақшы ауданы «Ақдастархан» ЖШС-нің ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасы құру. ЖШС-нің территориясының жер көлемі 87 га.

Жобаның жүргізілу мерзімі және сметалық, техника-экономикалық көрсеткіштері анықталған. Құрлымдарды пайдалану, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған.

Дипломдық жұмыс бет түсініктеме жазбадан және А1 форматтағы 2сызбалы картадан құралған.

Белгілер және қысқартылған мәндер

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

ШАЖО -шаруашылық аралық жерге орналастыру

ШФҚ -шаруашылық фермерлік қожалық

АҚ - Акционерлік қоғамдардың.

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің

ШҚ - шаруа қожалығы

ІШЖО - ішкішаруашылық жерге орналастыру

ӨК - өндірістік кооперативтердің

ҚР - Қазақстан Республикасы

а. ш - ауыл шаруашылық

ж. т - жерді түгендеу

т. б. - тағыда басқа

т. с. с. - тағыда сол сияқты

Нормативтік сілтемелер

Нақты методикалық нұсқауда пайдаланылған сілтемелер келесі нормативтік құжаттар:

СТ РК 1. 5 - 2004 Жалпы талаптар құрылуына, мазмұнына, безендіру және стандарттың мазмұны.

ГОСТ 2. 301 - 68 ЕСКД - Формат

ГОСТ 2. 304 - 81 ЕСКД - Сызбалық шрифттер.

ГОСТ 2. 301 - 84 ЕСКД - Әріптік белгілер.

ГОСТ 2. 701 - 84 ЕСКД - Схемалар, түрлері және типтері. Жалпы талапты орындауға арналған.

СТ ЮКГУ 4. 02 - 2008 Университеттің стандартты. Жалпы талаптардың құрылуына, мазмұнына, безендіру құжаттамасы СМЖ

СТ ЮКГУ 7. 11 - 2008 Университеттің стандартты. Оқу методикалық процессінің басқарылуы.

Анықтама сөздер

Мал азығы алаптары - шөп шабуға, мал жаюға, сондай-ақ кей кезде басқа да мал азықтарын дайындауға пайдаланылатын табиғи ауылшаруашылық алаптары.

Ауылды елді мекеннің шебі - ауылды елді мекен жерінің сыртқы әкімшілік шекарасы. Ауыл әкімшілігінің қарамағындағы жерлердің құрамына селитебтік және санитарлық-қорғау зоналары, ауыл-шаруашылық және басқа алаптар, босалқы территориялар және т. с. с. кіреді.

Ауыспалы егістік типтері - өндірілетін өнімдерімен ажыраты-латын әр түрлі өндірістік бағыттағы ауыспалы егістіктер.

Бағалау мақсаты - кәсіпорынның нарықтық құнын есеп айрысумен негіздеу. Кәсіптік бағалау белгілі бір нақты міндеттерінің орындалуына бағытталады. Бағалаушы жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кейін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.

Шығындар - бағаланатын ұқсас меншік обьектілерін құру үшін қажет болатын шығын мөлшері. Бұл шығындар сатып алушы төлеуге дайын сомада айырмашылығы болмауы мүмкін.

Табыс капитализациясы - ол обьект құнының потенциалды табыс әкелу құндылығы мүмкіншілігі негізінде бағаланатын әдістер мен тәсілдер жиынтықтарын көрсетеді.

Баға - өткен мәмілерге ұқсас обьектілерді сатып алуға қанша жұмсалғаннын көрсететін жасалған факт.

Алқаптық жол - ауыспалы егістердің территориясында жыртылған жерді реттестіру элементтерінің (танаптар, орман белдеулері және т. с. с. ) орналасуымен өзара байланысты түрде жүргізілген қара жол.

Ауыспалы шабындық - белгілі бір жоспар бойынша шөп шабу мерзімдерін алмастырып отыруға негізделген, шабындықтарды тиімді пайдалану жүйесі. Жоғары өнімді шөп жамылғысы бар учаскелерде енгізіледі.

Ландшафттық жерге орналастырулық жобалау - табиғи ландшафттарды жақсарту және өзгерту жөніндегі шараларды ескере отырып, ішкішаруашылық және шаруашылықаралық түрғыдан территориялық реттілікті жобалау.

Сервитут - бөтен межелес учаскелерді шектеулі түрде пайдалану құқығы (өтуге, инженерлік тораптарды жүргізуге жөне жөндеуге, мал айдауға және басқа да осы тәріздес іс-әрекеттерді жүзеге асыруға) .

Ауылшаруашылық мақсаттағы жер - ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына бөлінген жер. Бұның құрамына а. ш. алаптарымен қатар басқа да өндірісті жүргізуге қажетті жерлер енеді (жол, ирригациялық жүйелер және т. с. с. астындағы жер) .

Төлқұжат

Р/с

Көрсеткіштің атаулары

Өлшем

бірлігі

Көрсеткіштері
Р/с№: 1
Көрсеткіштің атаулары: 2
Өлшембірлігі: 3
Көрсеткіштері: 4
Р/с№: 1
Көрсеткіштің атаулары: Нысанның орналасқан жері
Өлшембірлігі: -
Көрсеткіштері: Қармақшы ауданы
Р/с№: 2
Көрсеткіштің атаулары: Мақсаты
Өлшембірлігі: -
Көрсеткіштері: «Ақдастархан» ЖШС-нің ішкі шаруашылғын жерге оналастыру
Р/с№: 3
Көрсеткіштің атаулары: Жалпы жер көлемі
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіштері: 87
Р/с№: 4
Көрсеткіштің атаулары: Игерілетін жер көлемі
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіштері: 27
Р/с№: 4. 1.
Көрсеткіштің атаулары: Жайлым
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіштері: 60
Р/с№: 5
Көрсеткіштің атаулары: Аймақтың топырағы
Өлшембірлігі:
Көрсеткіштері:

Жайылмалы - шалғынды қоңыр

Жайылмалы - шалғынды қоңыр батпақты

Сортаңдар

Құмдар

Р/с№: 6
Көрсеткіштің атаулары: Гидрографиялық жүйесі
Өлшембірлігі:
Көрсеткіштері: Сырдария өзенінің
Р/с№: 7
Көрсеткіштің атаулары: Жерге орналастыру жұмысының құны
Өлшембірлігі: теңге
Көрсеткіштері: 717 000
Р/с№: 8
Көрсеткіштің атаулары: Жерге орналастыру мерзімі
Өлшембірлігі: ай
Көрсеткіштері: 3

Кіріспе

Қазіргі ауыл шаруашылық алаптарын бағалау - бұл еңбек тің жоғарғы әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына қолайлы жағдайлар жасауға, жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастыру мақсаты болып табылады.

Осы мақсатта жасалатын дипломдық жобаның тақырыбы «Ақдастархан» ЖШС ішкі шаруашылық жерге орналастыруы болып табылады.

Ауыл шаруашылық жерге орналастыру - жерге орналастырудың негізгі бір түрі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісіне тұрақты пайдалануға немесе белгілі бір мерзімге жалға алу шартына бекітілген ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, серіктестіктер, кооперативтер және басқа да шаруашылық құрылымдарына берілген жерлерде ауыл шаруашылығы өндірісін аумақтық ұйымдастыру жатады.

Дипломдық жобаның мақсаты - шаруашылық етуші субъектінің алдына қойған мақсаттарын табысты орындауға мүмкіндік беретіндей жерге шаруашылық ету, яғни аз шығын жұмсай отырып, жоғары сапалы мол өнім алу, оны уақытысында тұтынушыларға жеткізу, қазіргі және келешек ұрпақ үшін топырақ құнарлығын сақтап, қайтадан өндіру жағдайында адамдардың өмірін жақсартудың маңызды әлеуметтік мәселелерін шешу.

Аталған Дипломдық жобаның негізгі міндеті - ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жерлердің әрбір учаскесінің толық, ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ете алатын аумақтықұйымдастыру формаларын құру, ресурстар мен уақытты үнемдеу мақсатында машина - трактор паркін, өнімді пайдалану және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Жобаны жасау барысында «Ақдастархан» ЖШС соңғы жасалған Ауыл шаруашылық жерге орналастыру жобасы, «Ақдастархан» ЖШС бизнес жоспары, 1:25000 масштабтағы жер пайдалану планы, ауыл шаруашылығы департаментінен алынған ауыл шаруашылық дақылдары туралы мәліметтер қолданылады.

І. Бөлім: Жерге орналастырудың ғылыми негіздері.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастыарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс - шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты міндетін - ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық - экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттелікті қалыптастыруды септейді.

Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру - жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтежесінде қойылатын экологиялық қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсаруға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер - жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізгі, ал жерге орналастыру өкіметінің және оның атқарушы оргонның осы актілерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады.

Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болсада жермен еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.

Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әр түрлі өнеркәсіптік, транспорттық, энергиялық процестерінің ерекшеліктнрін ескере отырып, территориялық нагіздерін жасайды. Әсіресе жерге орналастыру, жер басты құралы ретінде пайдаланатын, ауылшаруашылық өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді, өйткені бұнда жер тек қана операциялық базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлығымен, өндіріс процесінің нәтежелерін себептейді. Сондықтан жерге орналастыру жер иеленушілер мен жер пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.

Ауылшаруашылық саласында жерге орналастыру ауыл шаруашылық алқаптарының құрамын, өндірістік бөлімдердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайлымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.

Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат - міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс - қимылдарын қамтиды:

  • Республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын (жобаларын), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;
  • жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетіне көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау;
  • елді мекен шегараларын (шептерін) белгілеу және жер бетінде көрсету, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;
  • әкімшілік - территориялық құрлымдардың, айрықша қорғаудағы табиғи территориялардың және басқа да ерекше пайдпланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;
  • ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;
  • жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;
  • топографиялық - геодезиялық, картографиялық, топырақ, геобатаникалық және басқа зерттеу - іздестіру жұмыстарын орындау;
  • жер кадастры мен мониторингін жүргізу;
  • жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;
  • жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.

Жерге орналастырудың мазмұны құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру - техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының жүзеге асуы мен тығыз байланысты.

Сонымен бірге оған жергілікті әкімшіліктің арнайы жер қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа ШФҚ мен ӨК құруға, ЖМ(Қ) Ш кеңейтуге жер бөліп беру міндеттері жүктелген. Жерді бөліп беру, тарату елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру, жер учаскелерін игеруге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс-қимылдар да жерге орналастыру міндеттерінде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану, жақсартыу және қорғау жөніндегі республикалық, облыстық және аймақтық схема - болжаулар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл болжау және жобалау құжаттарында республиканың, облыстардың, аудандардың өндірістік күштерінің 15 - 20 жылдың ішінде орналастыру мен дамуының негізгі бағыттары қамтылуға тиісті.

Соңғы уақытта ауылды елді мекендердің, поселкелердің және қалалардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың санылығы едәуір артуда. Бұндай жобалар урбанизацияланған территор-иялардың пайдалану тиімділігін жоғарлатуға, қалалар мен басқа елді мекендерде, оларды ары қарай дамытуға қажетті, жер аудандарын іздестіруге бағытталған. Қарастырып отырған жобалардың елді мекендерге қатысты-ларында, аса маңызды, оларға соңғы жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық, әсіресе мал азығы алаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.

Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табиғат қорғау, рекреациялық және қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағы территория-ларды реттестіру және мәдени зоналарда, сонымен бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің орынды пайдалануын ұйымдас-тыру.

Заң бойынша жерге орналастыру іс-қимылдарына әкімшілік-территория-лық құрылымдардың (облыстар мен аудандардың) шекараларын жер бетіне түісру жатады. Бұндай іс-қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі жұмыстарды да қарастыруға болады.

Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкі-шаруа-шылық жерге орналастыру және ауылшаруашылық алаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау болып табылады. Жердің ауылшаруа-шылық өндірістің басты құралы ретінде ұйымдастырылуының нәтижесінде, агроландшафттың экология тепе-теңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі.

Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барысында жеке іс-қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау, пайдаланылмай немесе нысаналы түрде пайдаланылмай жатқан жерлерді айқындау мақсаты-мен инвентаризация (жерді түгендеу) жүргізіледі. бұның нәтижесінде арнайы жер қорын қалыптастыруға қажетті жер учаскелері де анықталып отырады.

Жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі әртүрлі жұмыс жоба-ларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа анторпогендік ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді рекультивациялау (қалпына келтіру) жобалары жасалады.

Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен бірге топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа да зерт-теу-іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау, жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.

Жерге орналастырудың негізгі міндеті - ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштерінің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.

1. 1. Жерге орналастыру техникасы

Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік - экономикалық және құықтық негіздері техникалық, бірнеше кезекте, геодезиялық әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Геодезиялық техника көптен бері жерге орналастыру жобаларымен схемалардың план-картографиялық негізін жасауға, ал жобалау аяқталғанан кейін оларды жар бетіне түсіруге қолданады.

Ол арқалы жерге орналастыру процесінің барлық стадияларында техникалық іс-қимылдарының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі.

Бұл:

  • План-картографиялық негізді таңдау және оның дәлдігін бағалау;
  • Іздестіру және топографиялық - геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қажетті әдістемелерді қолдану;
  • План-картографиялық материалдарды жасау дәлдігі;
  • Жобаның барлық элементтерінің аудандары мен межелерін жобалау және жобаны жер бетіне түсіруге қажетті геомәліметтердің дәлдігі;
  • Жобаны жер бетіне түсіру жөніндегі нақты геодезиялық іс-қимылдар.

План - картографиялық негіздің таңдаулы жобалау жобалау жұмыстарының түрлері мен жобалау көлеміне байланысты. Мысалы, обылыстық және аудандық жерге орналастыру схемаларын, ал кей кезде шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасағанда көбінесе 1:1 және 1:5 масштабтағы пландар пайдаланылады. Ішкі-шаруашылық жерге орналастыру жобаларының масштабы жер пайдаланушылықтың көлеміне тікелей байланысты, соңғысы ауыл шаруашылық кәсіпорнының мамандандырылумен себептеледі. Дала аймақ-тарындағы жер пайдаланушылықтардың ауданы 15-50 мың га аралығында. Бұнда көбінесе 1:25000, шөл және шөлейт аймақтарындағы 50-150 мың гектарлық жер пайдаланушылықтарда - 1:5000 немесе 1:2000 масштабта жасалады.

Іздестіру және топаграфиялық - геодезиялық жұмыстар ведомстволық нұсқаулар бойынша жүргізіледі. Соңғыларында бұл жұмыстарды жүргізу реттілігі, жер аудандарының бір гектарына алынатын үлгілер мен өлшемдер саны, топырақ контурларын картаға түсіру дәлдігі және басқалары көрсетіледі. Нәтежиесінде, жобалық шешімдердің негізі болып табылатын, белгілі бір масштабтағы топырақ, геобатаникалық, топографиялық карталарда контурлар мен межелерді бейнелеу дәлдігі қамтамасыз етілуге тиісті. Тым толық және нақты план - картографиялық материалдарды жасау зеріттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы мен уақыт көлемін едәуір көбейтеді. Жерге орналастыруда қолданатын плпн -картаграфиялық жұмыстар аэрофототүсіру және жер бетінде түсіру жұмыстарының нәтежесінде әзірленеді.

Жоспарлы-картографиялық материалдар қашанда қазіргі заман дәрежесіне лайықты болуы керек. Бұл мақсаттар үшін оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл жер жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде анықтайды және жоспарға (картаға) енгізеді. Жерге орналастырудың жоспарлы-картографиялық материалдарына нақты талаптар ұсынады. Олар жердің кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдаланылуын сипаттайтын жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз етуі керек.

Жерге орналастыру жобаларын жасағанда және жер кадастырын жүргізгенде негізгі картаграфиялық материалдар болып табылатын топографиялық пландар аэрофототүсіру әдістері арқылы алынады. Бұл пландар толықтығы мен нақтылығына қарағанда жерге орналастыруды жобалау қажеттіліктеріне әбден жарамды. Олардың дәлдігі жеткіліктідей жоғары.

Аэрофотосуреттер, фотпланшеттер және басқа осы тәріздес материалдар дайындық және зеріктеу жұмыстарын, сондай-ақ аумақта рекогносцировка жүргізу барысында пайдаланады.

Аэрофототүсіріс материалдары аудандары бойынша үлкен емес жер пайдаланушыларды, соның ішінде үй іргелерін есепке алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайдаланушылар жерді есепке алу барысында жер пайдаланудың фотопландары және фотопланшеттері қолданылады. Олардың масштабтары жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына және сол сияқты байланысты түрліше болуы мүмкін. Топографиялық пландар, аэрофотосуреттер мен фотопланшеттер ауқымды территорияларды (100 км астам) алынатын жобалық жұмыстарды жүргізгенде пайдаланылады. Жер бетінде түсіру әдістері көбінесе шағын ауданды, қаржы мен еңбекті мол талап ететін объектілерде (гидротехникалық, табиғатты қорғау, эрозияға қарсы бағытталған) қолданылады.

Жерге орналастырулық жобалау нәтежесінде жобалық планда қажетті дәлдікпен, экономикалық тұрғыдан негізделген учаскелердің аудандары мен межелері графикалық түрде көрсетіледі.

Учаскелердің аудандары мен олардың межелерінің дәлдігіне қойылған өндірістік талаптарды орындау үшін, геодезиялық тірек жүйесінің бар болуына қарай, мынандай жобалау тәсілдері қолданылады:

  • аналитикалық (координаттар бойынш) ;
  • графикалық (планда өлшемдік сызықтар арқылы) ;
  • механикалық (планимер арқылы) ;

Аналитикалық жобалау тәсілі арқылы есептелген аудандардың салыстырмалы қателіктері 1/2000 шамасында, ал механикалық жобалауда - 1/300 болуы мүмкін.

Жобаны жер бетіне түсіргенде мынадай әдістер пайдаланылады:

  • өлшеу әдісі (арнайы құралдар арқылы) ;
  • бұрышты өлшеу тәсілі (теодалит және т. б. арқылы) ;
  • графикалық - мензула әдісі.

Аналитикалық жобалау барысында жасалған тексеру өлшемдері мен сызықтарды өлшеу әдісі арқылы жер бетіне түсіру айырмашылығы 1/500 аспауға тиісті.

Теодолиттік түсіріс деп жер бетінің тек контурлық планын жасау үшін теодолит пен өлшеу лентасының немесе қашықтық өлшеуіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды атайды.

Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі, әдетте теодолиттік жүрістер түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикулярлар және жарма әдістерімен, сонымен қатар әртүрлі бұрыштық және ұзындық қиылыстырулар көмегімен анықтайды.

Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады. Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын түсіру дәлдігіне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолдағы бар барлық картографиялық құжаттарды (планды, картаны, профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаттарын жазып алады.

Далалық жұмыстарға:

1. жергілікті жерді рекогносцировкалау (байқап қарау) және пункттерді бекіту;

2. бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;

3. жердегі заттарды, контурларды түсіру;

4. жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек пункттеріне байланыстыру.

Рекогносцировка негізінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттерін іздеп тауып, теодолиттік жүрістің неғұрлым қолайлы (ашық жерде орналасқан) орындарын белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсу ауданының жер қатынастары басқармасы мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу
Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің ашықтығыы
Орман қорының жері
Факультет Жерге орналастыру
Жерге орналастырудың құқықтық негіздері
Жерге орналастырудың экологиялық - экономикалық мәні
Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны
Нұр Қожа шаруа қожалығының жерінің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz