Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі


Кіріспе . . . ………3
1. Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері . . . . ………. . 5
1. 1Халықаралық-құқықтық және конституциялық қағидалар . . . ……5
1. 2 Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етудегі шет елдердің тәжірибесі . . . 9
1. 3 Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етудегі шет елдердің тәжірибесі . . . 25
2. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асыру. …. . 30
2. 1 Қылмыстық процеске қатысушы тұлғалар мен оларды
қорғаудағы қамтамасыз ету шаралары………. . … . . . 30
2. 2 Қауіпсіздік шараларын қолдану негіздері мен тәртібі,
қорғалатын адамдардың және қауіпсіздікті қамтамасыз
етуші органдардың құқықтары мен міндеттері…. . . . …34
2. 3 Куәнің кауіпсіздігін камтамасыз ету . . . 43
3. Алдын ала тергеу және анықтау барысында адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері. . 47
Қорытынды. . . . 61
Қолданылған әдебиеттер. . 63
Кіріспе
“Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ,, деп Қазақстан Республикасының Конститутциясымен кепілдік берілген [1] .
Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекетке айналдыру идеясы қылмыстылықпен күресуде ; оның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғалар қауіпсіздігінің тиімді кепілі болып табылады.
Қазіргі кезде қылмыстылық-әлеуметтік тұрақсыздықты қалыптастыратын факторлардың біріне айналып отыр.
Осындай ұйымдасқан қылмыс пен коррупцияның шарықтаған шағында қылмыстық іске мүдделі тұлғалар құқыққорғау органдарына белсенді қарсылық көрсетіп, олардың тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер қолдану орын алуда.
Осыған байланысты қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі шектен тыс мазмұнға ие болып, Қазақстан Республикасындағы сот әділдігін қалыптастыруға маңызды тосқауыл болып отыр.
Көптеген жылдар бойына, қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың мүдделері мемлекет және оның органдары тарапынан ерекше қамқорлықтың пәні болып табылмады.
Аталған категориядағы тұлғаларға қылмыстық ізге түсу органдары және соттар олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында біршама қиыншылықтар туындауда, себебі қорғану жолдары заңда нақты көрсетілмеген. Осыған орай олардың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қорғау мүмкіншілігі аз.
Тағы бір ойландыратын жағдай процесті жүргізуші органдарға төнген қауіп. Дегенмен ізге түсу органдарынан төнген қауіп кесірінен қылмыстық істің тағдыры шешілмей қалып жатқан жағдайларда жоқ емес.
Біздің пікіріміз бойынша адамдардың құқыққорғау органдарына көмектесуден бас тартуының және бәсеңділік танытуының себептерінің бірі жоғарыда айтылғандар деп қарастырамыз. Қылмыс оқиғасы куәсі мен құрбандарының қылмыс әлемі мен оның өкілдерінен жөне осылармен байланысты негативті нәтижелер негізінде, қорғалуға жататын тұлғалардың процессуалдық міндеттерді орындаудан бас тартуы көлденеңнен етек алып бара жатыр. Осы мәселелер жөнінде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқығы, криминология және криминалистика облысының мамандары сөз қозғауда.
Халықаралық қауымдастық мамандары құқыққорғау органдарымен бірлесіп әрекет етуші тұлғаларға қатысты зорлық пен қорқытудың белең алуын, қылмыстық сот төрелігі жүйесінің бұзылуьна әкеп соғатыны және қылмыстылықпен күресудегі елеулі мәселелер қатарына жатқызуда .
Сондай-ақ тұрғындардың криминалдық әлем алдындағы әлеуметтік-психологиялық қорқыныштың пайда болуымен байланыстыруға болады. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастыққа енуіне орай, осы облыстағы мәселелерді шешуде халықаралық тәжірибені пайдалану мүмкіндігі туып отыр. Дегенмен, мәселені шешу жолдарын сол қалпында көндіріп алудан аулақтық танытып, Қазақстан Республикасының жеке мемлекет және оның өзіне тән ерекшеліктері мен менталитетінің бар екендігін ұмытпауымыз қажет[2] .
Қылмыстық процестегі қатысушы тұлғаларға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты жаңа заң нормаларын талқылап, оларды қабылдау, әдеттегі қылмыстық құқықтық және қылмыстық процессуалдық кепілдіктердін қазіргі уақытқа сай келмеуіне байланысты туындап отыр.
Қауіпсіздіктің процессуалдық және де басқа да шараларды жетілдіру қажеттілігіне отандық және Ресей Федерациясының көптеген заң ғалымдары аса мән берген, атап айтсақ, О. А. Зайцев, МЛ. Когамов, Б. М. Нургалиев, Б. Х. Төлеубекова, В. Т. Томин, С. П. Щерба және т. б.
1990 жылдардағы КСРО мен АҚШ-тағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларын салыстыра және талқылай отырып В. Т. Томин төмендегідей мәселелерге көңіл бөлді:
1) егер АҚШ-та ұзақ мерзімдер бойы тұлғаның мемлекетпен
қорғалуын кешенді шараларын ұсынатын «Куә қауіпсіздігін
арттыру актісі» әрекет етсе, ал КСРО-да аталған сферада
ешқандай заңи базаның жоқтығын;
2) белгілі-бір уақытты қажет етсе де осыған ұқсас заңнаманың
қажетгілігі туралы қорытындысын жасады.
Қазақстанда осы аталған мәселеде тоқталғандар негізінен ҚР ҚІЖК 12- тарауында қылмыстық процестің қатысушылары мен өзге де тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы бастамалық реттелуін атап көрсеткен, сондай-ақ 1991 ж. қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтарын талқылай келе, осы мәселенің маңыздылығын анықтап, оны әрі қарай жетілдіруді алға қойған [3] .
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының заңмен бекітілген құқықтарының мүдделерін қорғауды жүзеге асыру және қылмыстық істі ашу үшін көмек көрсететін тұлғаларға мемлекет тарапынан мүмкіндк тудыру болып табылады.
Негізгі міндеті - қылмыстық процестегі қатысушы түлғаларға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын:
1) аталмыш заң нормаларына сәйкес қолдануды уақытылы жүргізу; 2) қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жетілдіру;
3) қорғаудың тиімді әдіс тәсілдерін нығайту;
4) қауіпсіздік шараларын қолданатын және қамтамасыз етуші органды нақтылау.
1 Қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
1. 1 Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі
Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше құқықтық қатынастар туады. Олардың ішінде ең маңыздысы - өкімет органдары мен қылмыс жасаған азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас. Бұл қатынасты қылмыстық процессуалдық қатынас деп атайды.
Жалпы мемлекет және құқық теориясына сәйкес қылмыстық құқықтық қарым-қатынас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында туатыны белгілі, ал процессуалдық қарым-қатынас қылмыстық іс жүргізетін орган мен қылмыскердің арасында туады, қылмыстық заң қылмыс жасаған азаматтардың жауапкершілігінің негізі мен шегін анықтайды, ал қылмыстық іс жүргізу заңы айыпкерді жауапқа тарту негізі мен тәртібін анықтайды.
Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қылмыс жасаған адам дәлелсіз тағылған айыптан, орынсыз сотталудан және әділетсіз жазадан заңды түрде қорғануға құқылы. Алайда тергеуші, не болмаса прокурор қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүргізбесе, процессуалдық қарым-қатынас тумайды, себебі қылмыстық іс қозғауға құқылы мемлекет органдары мен лауазымды адамдар қылмыс болғанын білмейді. Басқаша айтқанда, ең бірінші қылмыстық құқықтық қарым-қатынас пайда болады, содан кейін құқықтық процессуалдық қарым-қатынас туады (арыз, шағым не болмаса хабарлама түскеннен соң), өйткені материалдық заңының өмір сүру жолы іс жүргізу болып саналады. Қылмыстық құқықтық қарым-қатынас қылмыстық процессуалдық қарым-қатынассыз жүзеге аса алмайды [4, 517б] .
Қылмыстық құқық нормаларын процессуалдық тәртіптен тыс қолдану тергеудің, соттың немесе өкіметтің зорлығына әкеп соғады. Әр уақытта қылмыс жасаған азамат қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіппен жауапқа тартылу қажет, қылмыстық жауапқа тартудың зорлық сияқты басқа түрлеріне үзілді-кесілді тиым салынуы керек. Процессуалдық қарым-қатынас қылмыс туралы арыз түскеннен кейін пайда болады, яғни қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысынан басталады. Осыдан бастап қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың нақтылы процессуаддық әрекеттері жүзеге асады. Процессуалдық қарым-қатынас іс жүргізудің әр кезеңіндс әртүрлі болады және тергеу әрекеттерінің мәні мен мақсатына байланысты. Мысалы, алдын ала тергеу кезіндегі құқықтық қарым-қатынас болған қылмысты тез және толық ашу, қылмыскерді әшкерлеу мақсатына бағынады. Қылмыстық істі тексеру нәтижесінде іске қатысушылардың, біріншіден құқықтары мен міндеттері жүзеге асады, екіншіден, процессуалдық қарым-қатынас өзгереді (кей уақытта қысқартылады) . Сондықтанда процессуалдық қарым-қатынас, қылмыстық іс сияқты, пайда болады, дамиды, өзгертіледі, қысқартылады. Тергеу жәнс сот органдарының табысты жұмыс жасаулары үшін, олар тек қана өздерінің құқықтарын қолданып қана қоймай, басқа да қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы тиіс.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға белсенді қатысатын, процессуалдық құқықтарымен кеңінен қамтамасыз етілген, өзінің немесе өзіне өкілдік ретінде берілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай ақ көмекші қызмет атқаратын адамдар мен органдарды айтады[5, 317б] .
Әдебиеттерде іс жүргізуге қатысушылар терминіне қатысты әрқилы көзқарастар кездеседі. Атап айтқанда, М. М. Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар. Л. Д. Кокоревтің пікірінше, "субъектілер" және "қатысушылар" терминдері - мән-маңызы бірдей ұғымдар, бірақ қылмыстық процесс үшін "қатысушылар" термині лайықтылау, өйткені "субъектілер" термині жалпылама сипатта.
Іс жүргізу субъектілері мен қатысушьшарына бөлу біршама жасанды сипат алып отыр деп топшылауға негіз бар, өйткені құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқыктар да, міндеттер де бар. Айырмашылық - сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. "Субъект" терминін пайдаланудың орынды екенін ҚІЖК құрылымынан көруге болады, онда қылмыстық процеске тартылған адамдар "процеске қатысушылар" деген бір ұғыммен білдірілген.
Іс жүргізуге қатысушылар мәніне қатысты мәселелерде де айтыс туғы-зуда. Іс жүргізуге қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми мектептер түрліше қарайды.
Іс жүргізуге қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынадай үш көзқарас барьшша айқын байқалды.
Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар-жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады. Бұл көзқарасты В. П. Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді.
Барынша көп қолдаушылар тапқан екінші көзкарас процеске қатысушылар деп тек істе мүддені білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген.
Үшінші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде "процеске қатысушылар" категориясының зандылығын жалпы теріске шығарумен байланысты. Осы көзқарасты жақтаушы С. А. Альперт процеске катысушылардың бәріне түрлі құқықтар мен міндеттер берілген, сондықтан оларды "процеске қатысушылар" деген бір ұғыммен біріктіруге болмайды деп санайды.
Бір жағынан, "іс жүргізуге қатысушылар" терминін түсіну, ал екінші жағынан - іс жүргізуге қатысушылар категориясына жатқызылатын адамдар шеңберін анықтау жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын алып отырған алшақтықтарға объективті негіз бар, оның мәні:
1) "іс жүргізуге қатысушылар" категориясының өзін қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының әр түрлі түсінуімен;
2) іс жүргізушілердің қылмыстық процестегі функциялар мәнін түрліше түсінуімен байланысты.
Қылмыстық іс жүргізу заңында "іс жүргізуге қатысушылар" категориясының түрліше түснілуі мынадан көрінеді.
1. ҚІЖК нормалары процеске қатысушылар тізбесі берілген бөліктерде бір-біріне сәйкес келмейді, мысалы:
а) ҚІЖК-тің 7-бабының 9-тармағында "процеске қатысушылар"- қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді корғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері" деп түсіндірілген; осылармен қатар ҚІЖК-тің 7-бабының 25-тармағында тағы да бір түсініктеме берілген: "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар"- сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;
ә) ҚІЖК 2-бөлімі ("Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар") сот (судья), іс бойынша төрағалык етуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы қызметін регламентеген, мұның өзі ҚІЖК-тің 7-бабының 9 және 25-тармақтарында көрсетілген процеске катысушылар шеңберінен едәуір кең;
б) 10-тарауда ("Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар") процеске қатысушылар ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы аталған, мұның өзі КІЖК 7-бабының 25-тармағына сәйкес келеді.
2. Қылмыстық іс жүргізу заңында қаралып отырған категорияның өзінде, сондай-ақ сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс-әрекеті қылмыстық іс жүргізушілік ережесін де түрліше түсіндіруге әкеліп соғатын дәлсіздіктер бар, мысалы:
а) 84-баптың 1-бөлігінде маман - "тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін" шакырылған адам деп көрсетілген; ал 7-баптың 25-тармағы бойьшша маман - қылмыстық процеске қатысушы өзге адам; сараптамалық зерттеу үшін маманның қатысуымен үлгілер алу туралы 260-бапқа жасалған талдау маман - тергеу іс-әрекетіне қатысушы екенін дәлелдейді (атап айтқанда, бапта былай делінген: "Қаулыда аталған тергеу іс-әрекетінін барлық қатысушыларының құқықтары мен міндеттері көрсетілуге тиіс") ; 239-баптың 2-бөлігіне сәйкес маман "тергеу экспериментіне қатыстырылуы" мүмкін, 238-баптың 3-бөлігіне сәйкес оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен айқындау кажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргізіледі. Маман және қылмыстық процеске тартылатын өзге де адамдар жағдайының регламенттелуіне жасалған талдаудан "қатысушы", "қатысу үшін шақырылған адам", "іс-әрекетке катысушы адам", "қатыстыру", "қатысуымен" және т. т. ұғымы - бір нәрсені білдіретінін көреміз;
ә) маманның қылмыстық процеске қатысушы ретіндегі жағдайының анықтамасын "процеске қатысушы" және "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар" ұғымдарымен салыстырып көрелік:
- маман - процеске қатысушы;
- маман - кылмыстық процеске қатысушы өзге адам;
- қарапайым салыстыру негізінде "процеске қатысушы" және "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адам" ұғымдары тең деген тұжырым жасаймыз;
б) қылмыстық процеске тартылатын адамдарды "қатысушылар" мен "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға" бөлу шартты, сырттай сипат алып отыр және заң шығарушының сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы істе әлдебір мүдде көздемейтінін атап көрсетуге ұмтылуына негізделген, ал қалған адамдарда, іс жүргізудегі статусына байланысты ондай мүдделер бар (сот сот төрелігін жүзеге асыруға, прокурор - зандылықтың сақталуына, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушыға қолдау көрсетілуіне, тергеуші мен анықтаушы - іс бойынша ақиқаттың анықталуына және кінәлілердің әшкереленуіне, қорғаушы - қорғауындағы адамның мүдделері қорғалуына мүдделі және т. т. ) .
Сонымен, қолданылып отырған ҚІЖК-тің бірде-бір нормасы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдардың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді.
Сонымен бірге "процеске қатысушылар" категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада түсінілуі:
- заңды бір ізге салу;
- заңды әмбебаптандыру;
- заң бұзылуының алдын алу;
- құкық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету мақсаттарында маңызды.
Соңғы кезде әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын кылмыстық іс жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы байқалып отыр.
Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:
1) сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
2) түрлі қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу аркылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:
а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады;
ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;
б) қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;
в) құқық қатынастарының сипаты адамның құқыктық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т. т, ) ;
г) құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады (куә судья бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды және т. т. ) .
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай сот ісіне мынадай қатысушыларды ажыратуға болады:
1) қылмыстық ізге түсу функциясы - прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы;
2) тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;
3) айыптау функциясы - айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі) ;
4) прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы - прокурор;
5) қорғау функциясы - сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
6) қылмыстық істі сотта қарау және шешу - судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, істі алдын ала тергеу сатысында қысқарту) ;
7) азаматтық талапты қолдау - азаматтық талапкер;
8) азаматтық талаптан қорғау - айыпталушы, азаматтық жауапкер.
Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді.
1. 2 Халықаралық-құқықтық және конституциялық қағидалар
Кез-келген мемлекеттегі халықтардың құқықтық жағдайы оның ішкі заңнамасымен айқындалады. Дегенмен, бұдан мемлекеттердің осы саладағы ынтымақтасу мүмкіндіктері мен мақсаттылығы болмай қалады деген ой тумау керек.
Кез-келген мемлекеттің халқы нақты кезеңде қандай да бір мемлекеттің аумағында өмір сүріп жатқан индивидтердің жиынтығын көрсетеді. Халық құрамы, әдетте, өзінің азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ тұлғалардан құралады. Сондай-ақ, «аралас мәртебесі» бар халықтар санаты да болуы мүмкін, яғни екі азаматтығы бар тұлғалар болып табылады. Тар мағынадағы «халық» түсінінгінен басқа, кейде бұл сөзді кең мағынада талдау да кездесіп қалады, атап айтқанда жер жүзіндегі барлық тұрғындарды халық деп айтады.
Халықаралық құқықта азаматтық мәселелерін реттейтін шарттық және әдет-ғұрыптық нормалар жүйесі бар. Мысалы, оларға азаматтық мәселелері жөніндегі халықаралық-құқықтық нормалар, шетелдіктердің, қас азаматтығы бар адамдардың (бипатридтердің), азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесін айқындау жатқызылады. Халықаралық-құқықтық реттеу мәселелерінде адам құқықтары жөніндегі ынтымақтастық проблемалары мен перспективаларына айрықша орын беріледі. Мұнан өзге, халықаралық құқықтағы болып жатқан барлық өзгерістер тікелей немесе жанама түрде болсын халықтар мәселесіне ықпалын тигізіп отырады. Мәселен, мемлекет қылмыстылықпен күрес жүргізудегі ынтымақтастық мәселелерінде өз әрекеттерін үйлестіру кезінде, бір мезгілде қылмыскерді беру туралы мәселені де шешіп өтеді. Егер мемлекет ғарыштық зерттеу саласында ынтымақтастық жүргізсе, онда ғарыш кемесінің экипажының апат, бақытсыздық немесе мәжбүрлі түрде қону жағдайларында көмектесудің құқықтық проблемалары туындайды. Мемлекеттер, өкінішке орай қарулы жанжал жағдайында болса, онда соғыс құрбандарын қорғау мәселесі екі жақты келісе отырып, шешіледі. Соғысушы елдермен шекаралас мемлекеттер үшін босқындарды баспанамен, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Халықаралық-құқықтық нормалардың мемлекет халқының жағдайына жанама әсер етуі әртүрлі болатындығы сөзсіз, халықаралық-құқықтағы сапалы өзгерістердің ішкі заңнамаға әсер ету дәрежесі мен сапасы да артып келеді.
Сонымен, халықаралық құқықта жеке мемлекеттер халқының жағдайына халықаралық құқықтың ықпал етуінің екі бағыты байқалуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz