Қазақ тілінде тарихи хикая


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

Негізгі бөлім

І ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕ ЛИРО-ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫ КІТАП ЕТІП ШЫҒАРУ ЖӘНЕ БАСПА ІСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқаларын қазақ тілінде шығарған алғашқы баспагерлер мен баспаханалар . . . 7
  2. ХІХ-ХХ ғасырдардағы (1807-1917 жж) лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқалары және олар жөніндегі сын мақалалар . . . 16

ІІ ТАРАУ. ХІХ-ХХ ҒАСЫРЛАРДА (1807-1917 жж) ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЛИРО-ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫҢ КІТАБИ НҰСҚАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ-ПІШІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Шығыстық сюжетке құралған поэмалардың кітаби нұсқаларының ерекшеліктері . . . 22
  2. Қазақтың төл лиро-эпостық жырларының кітаби нұсқаларының өзіндік сипаты . . . 39

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 58

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР . . . 60

Кіріспе

Кітап - адамды рухани байытатын, оны мәнгі қолдап, қол ұшын беретін, түзу жолға салып, жол сілтейтін, ешқашан ренжітпейтін, өзімен бірге қызықтырып, кейде, тіпті, жылатып та алатын барлық пенде атаулының шын досы. Оның жаны жоқ. Әйтсе де ол бір күні одан теріс айналып, жалғызсыратып тастап кетсең де адам баласына еш өкпелемейді, оны алдамайды. Сондықтан да кітапты «кішкентай данышпан» десек, қатеслеспіз.

Кітап - барлық ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің, адамзат ақыл-ойының жемісі, даналық пен данышпандықтың бастауы, жаһанның ұлы жаңалықтарының бірі. Кітап - әр халықтың салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін көрсететін ұлттық қазына. Оның гаухар, күміс, алтын, жақұттан да бағасы қымбат. Өйткені кітаптан тапқаның, одан алған білімің, әсерің санаңа сіңіп, көкірегіңе тоқыла береді. Кітаптың рахани сарқылмас қазынамызға, мәңгілік қазынамызға жатқызатынымыз да сондықтан.

Кітап арқылы тарих тұңғиығына сүңгіп, өткенді шолып, келешекке аманат етеміз. Кітап арқылы жан сарайымызды байытып, рухани толысамыз. Өз әлеміне еріксіз елітіп, бізді адам қиялының түпсіз шегіне жеткізетін де осы - кітап . . .

Ұлы ойшыл Франц Кафка: «Кітап біздің ішімізде қатып қалған мұз теңізді талқандап шығуға жарамды балта болу қажет», - дейді. Иә, кітаптың да тағдыры адамдардікіне ұқсас келеді. Кейбір кітаптар өмірге тыныш келіп, тыныш кетеді. Олар туралы, оның жарыққа шығуын біз естімеуіміз де мүмкін. Ал кейбір кітаптар өз заманында дүниені дүр сілкіндіріп, қоғамнан мәңгі ойып орын аларлықтақтай табыстарға жетіп жатады. Мұндай кітаптар халық жадында сақталып, келешекке аманат етіліп, артына өшпес із қалдырмақ.

Біз күнделікті қолданып жүрген кітап бірден сол күйінда пайда болған жоқ. Ол бірнеше даму сатысынан өтті. Алғашқы кітаптар деп тасқа, папирус бумаларына, мал терісіне, қыш ыдыстарға, қайың қабықтарына жазылған дүниелерді атаумызға толық құқығымыз бар. Кейін Гутенберг ойлап тапқан терім машинасынан кейін кітап өз даму жолында жаңа кезеңдерді басынан кешірді.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Кітап - ұлттың тағдырымен етене байланысты. Еліміздің басына төнген қауіп-қатер, алапат заман қазақ кітабының ерте қанат жаюына кедергі келтірді. Сондықтан да алғашқы қазақ кітаптары тек ХІХ ғасырдың басында ғана баспа бетін көреді. Ұлт тағдырына жанашыр болған, тарихымызды, мәдениетімізді болашақ ұрпаққа аманат еткен ақын-жыраулардың, ауыз әдебиетімізді зерттеуші ғалымдардың арқасында бұған дейін ауыздан-ауызға таралған эпостық, лиро-эпостық жырлар, тарихи дастандар, айтыс өнері және т. б әдебиет жанрлары жеке кітап болып жарық көреді. Бір өкініштісі - бүгінде сол кітаптардың түгелі сақталмаған, тек сирек кітаптар қорында ғана кездеседі. Осы себептен зерттеудің өзектілігін, маңыздылыған ескере отырып, алғашқы қазақ кітаптарын, соның ішіде халыққа етене таныс лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқаларын, алғашқы баспагерлер, кітап шығаруға үлек қосқан қазақ ауқаттыларының ерен еңбектері туралы зерттеуді жөн көрдік.

Диплом жұмысында ХІХ-ХХ ғасырларда (1807-1917 жылдар аралығында) жарық көрген лиро-эпостық жырлардың кітап болып жарыққа шығу тарихы, оның библиографиялық көрсеткіші, сол кезеңдердегі баспа ісі мәселелері, кітаптың полиграфиялық безендері жөнінде ақпарат беріліп, сарапталып, сараланып, ұсыныстар мен көзқарастар айтылды.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ кітаптары - туған мәдениетіміздің ежелден-ақ өзекті тарауларының бірі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ кітаптары халықпен тағдырлас деп жоғарыда атап өткен болатынбыз. Жетпіс жыл бойы Ресейдің құрсауында болған халқымыз не көрсе, қазақ кітаптары да соны көрді. ХІХ ғасырдың І жартысынан бастап жарыққа шыға бастағанымен, алғашқы кезде татар баспагерлерінің, кітап мәтінін терушілердің кесірінен көптеген кітаптар шұбалаңқы, аралас тілде жарық көреді. Одан қала бере цензураға тиым салынып, әдебиет нұсқасы өңдеуден өтіп, кітап мәтіні өзгереді. «Халық жауы» деп өртеліп, жоқ болады да. Осы бір кедергілерге қарап, алғашқы қазақ кітаптарының түгелі сақталмағанына көзіміз жетеді.

Лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқалары ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жарық көре бастайды. Тұңғыш баспа бетін 1807 жылы көрген «Сейфүлмәлік» - ғашықтық жыр. Фольклорымыздың үлкен саласы, махаббатты, тұрмыс-салтты жырлаған лиро-эпостық жырлырдың кітап болып басылуы ерекше орын алады. Неліктен? Өйткені олар өз заманында халыққа тез таралды. Сол сияқты бұл дастандарда сүйгеніне қосыла алмаған қос ғашықтың «сағынышы мен зары ғана емес, бүкіл бір ұлттың махаббатқа деген мінезі мен ерлігі көрсетіледі» (М. Шаханов) . Күнделікті тұрмысты, сан қилы қиындықтарды басынан өткерген ғашықтар тағдырын жырлаған осынау дастандарды халық жанына жақын қабылдап, қағазға түспес бұрын жаттап, ауыздан-ауызға тарата бастайды. Елге таныс бұл лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқалары да сұранысқа ие болғаны сондықтан. Бұл, бір жағынан, сол замандағы баспа, баспаханалардың табыс көзі болды және алғашқы баспагерлердің ең ұтымды жері болды десек, қателеспес едік.

Лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқалары азды-көпті материалдар болғанымен, олардың бибиографиялық көрсеткіші, полиграфиялық ерекшеліктері, баспа ісі мәселелері жөнінде әлі күнге дейін зерттелмеген. Қазақ кітап басу ісіндегі зерттелмеген тың материалдарды зерттеп, білімімізді толықтыру, ертедегі кітап басу ісі мен бүгінгі өмірдегі кітап ісінің жағдайы жөніндегі ақпартты молайту үшін бұл тақырып өзекті деп ойлаймын.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Алғашқы қазақ кітаптары әлі де зерттеу үстінде. Жалпы қазақ кітаптарының тарихы туралы Ә. Жиреншин (Қазақ кітаптары тарихынан. - Алматы, 1971. ), Ш. Елеукенов, Ж. Шалғынбаева (Қазақ кітаптарының тарихы, - Алматы, 1999. - 192 бет. ), Ү. Субханбердина, Д. Сейфуллина ( Қазақ кітаптары // библиографиялық көрсеткіш. - Алматы, 1986. - 207 бет. ), М. Мамажанов (Асыл мұра. - Алматы, 1993. ) еңбектерінде кездеседі. Ал лиро-эпостық жырлардың бірнеше нұсқаларын «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Бабалар сөзі» атты жүзтомдықтан оқуға мүмкіндік бар.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі . Бітіру жұмысының тақырыбына қатысты бірқатар еңбектер пайдаланылды. Лиро-эпостық жырлардың нұсқаларын зерттеген, мәтіндік ерекшеліктерін зерттеген М. Әуезовтың (Әр жылдар ойлары. - Алматы, 1959. ), С. Қасқабасовтың (Қазақ эпосының шоқтығы// Қозы Көрпен - Баян сұлу. - Алматы : Фолиант, 2002. ), С. Садырбаевтың (Халық әдебиетінің тарихи негіздері. - Алматы, 1992. ), М. Ғұмарованың (Сведение о текстах и исполнителях «Кыз Жибек» // Кыз Жибек. - Алматы, 1963. ), Н. С. Смирнованың (Исследования по казахскому фольклору. - Алматы : «Жібек жолы», 2008. - с. 382), Ә. Марғұланның ( Ежелгі жыр-аңыздар: Ғылыми зерттеу мақалалар. - Алматы : Жазушы, 1985. ), Ы. Дүйсенбаевтың ( Қазақтың лиро-эпосы. - Алматы : Ғылым, 1973. ) еңбектері, сонымен қоса жоғарыда аталып көрсетілген қазақ кітабының тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектері мен «Қазақ әдебиетінің тарихы. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. 1-том» (Алматы: ҚазССР ҒА баспасы, 1960. - 740 б. ) қарастырылды. Жалпы ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап, орыс ғалымдары қазақ жерін, тілін, дінін, әдебиетін зерттей бастайды. Олар қазақ ауыз әдебиет нұсқаларын ақын-жыраулардан, жыршылардан жазып алып, кітап етіп бастыруға ұсынады. Орыс алфавитінің графикасымен қазақ тілінде кітаптар жазады. Бұл ретте Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, В. В. Радлов, И. Н. Березин, Н. Н. Пантусов, А. Е. Алекторов, Н. Ф. Катанов және т. б еңбектерін атауға болады.

Н. Ф. Катанов атақты лингвист болумен қатар, ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы, оны зерттеуші, орыс тілінде аударушы, түрлі пікірлер жазып, ғылыми құндылығын анықтап, жанрларға жіктеуші, оларды бастырып шығарушы. Соның ішінде қазақтың әдебиеті, мәдениеті туралы жазған А. Е. Алекторов пен П. М. Мелиоранскийдің, қазақ тілі мен эпосы туралы жазған Н. Я. Саркин мен М. Н. Бекимовтың; фольклор жайында жазған Ә. Диваевтің шығармаларын, зерттеулерін, мақалаларын редакциялап, бастырып шығаруға ат салысқан ғалым.

Лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқалары алғашында араб қарпінде жазылғандықтан оны оқу қиынға соғады. Өйткені бұл кітаптар таза қазақ тілінде емес, татар, шағатай тілдерінде араласып, шұбаланып жарыққа шыққан. Сондықтан да «Мәдени мұра» сериясымен жарық көрген «Бабалар сөзі» атты жүзтомдықтың 17, 18, 18, 20, 53, 54, 55 томдарында көрсетілген ғашықтық дастан, жыр үлгілерін пайдалануды жөн көрдік. Бұл еңбекте түпнұсқадағы мәтін кириллицамен еш өзгертілмей, сол қалпында берілген. Ғашықтық жырларды зерттеп, анықтама берген С. Қосан, Ж. Салтақова, Т. Әкімова, Қ. Алпысбаева сынды зерттеуші ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектерін атап өткен жөн.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Бітіру жұмысының мақсаты - ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында баспа бетінде жарық көрген лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқалырының ерекшеліктері, жарық көру тарихы туралы ақпараттар жинап, қазақ фольклорын, мәдени мұраларын айқындау, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы кітап басу ісінің мәдениетін тану. Осы мақсатта зерттеудің төмендегідей міндеттерін анықтадық:

  • ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жарық көрген лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқаларының қалай шығарылғандығы жөнінде ақпарат беру;
  • Алғашқы қазақ баспагерлерінің еңбектерін дәріптеу. Қазақ кітаптарың тарихына баса назар аудару;
  • Лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқаларының полиграфиялық ерекшеліктеріне баға беру;
  • ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі баспа ісі мәселелеріне көңіл бөлу және т. б;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Жұмыста ХІХ-ХХ ғасырларда (1807-1917 жылдар аралығы) жарыққа шыққан лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқаларының библиографиялық көрсеткіші, полиграфиялық ерекшеліктері алғаш рет анықталып отыр. Олардың тарихи маңызы, қоғамдық рөлі айқындалды. Бүгінде баспа бетінде қайта жарыққа шығуы, таралуы турасында ұсыныстар, пікірлер айтылды.

Диплом жұмысында қолданылған зерттеу әдістері . Бітіру жұмысында ғылымның жинақтау, саралау, салыстыру, түйіндеу, қорытындылау әдістері қолданылды

Зерттеудің нысаны - ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі баспа ісінің дамуы, баспаханалық өнімдердің дайындалуы және олардың жарық көру үдерісін зерделеп, тарихын жүйелі түрде көрсету.

Жұмыстың қолданылымы . Қазақ кітаптарының тарихы, соның ішінде лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқаларының мәтіндік-безендік, полиграфиялық ерекшеліктері жөнінде ақпарат беретін бұл жұмысты болашақ кітап тарихын зерттеушілерге, дәріс берушілерге, студенттерге қосымша құрал ретінде падалануына болады.

Зерттеудің құрылымы . Дипломдық жұмыс рефераттан, мазмұны, кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, сілтемелер, пайдаланылған әдебиет тізімі, қосымша мәліметтерден тұрады. Кіріспеде рухани байлығымыз - кітап туралы ой толғап, зерттеудің мақсат-міндеті, нысаны, өзектілігі, зәрулігі көрсетіледі. Негізгі бөлімде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жарық көрген лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқаларымен таныслырылып, баспа ісі мәселелері көрсетіледі. Полиграфиялық ерекшеліктеріне баса назар аударылады. Қорытындыда зерттеудің қорытындысы мен шешім шығарылады.

І ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕ ЛИРО-ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫ КІТАП ЕТІП ШЫҒАРУ ЖӘНЕ БАСПА ІСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқаларын қазақ тілінде шығарған алғашқы баспагерлер мен баспаханалар

Туған мәдениетіміздің ежелден келе жатқан өзекті тарауының бірі - қазақ кітаптары. Революциядан бұрынғы қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың қазіргі Қазақстанның тарихын, әдеби, мәдени өмірін зерттеу үшін маңызы өте зор. Бұл кітаптар тарихи деректерді, архив қазыналарын толықтырып, қазақ халқының саяси, мәдени өмірінен құнды мағлұмат береді.

Қазақстан Ресейге тәуелді болмай тұрғанда қазақ тілінде кітап бастыру болған жоқ еді. Егер бір-екілі кітап болса да, ол араб, парсы, шағатай тілдерінде шыққан кітаптар болатын. Қазақ кітаптары Қазақстанның өзінде емес, Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында басылды. Көбінесе, Қазан университетінің Кәримовтар мен Хусаиновтар баспаханасынан шығып тұрды. Кітап бастыру жұмысы ХІХ ғасырдың басынан басталса да, алғашқы кезде өте баяу жүрді.

ХІХ ғасырдың орта кезінде орыс ғалымдары түркі тілдес халықтарының, оның ішінде қазақ халқының этнографиясын, тарихын, тілін, әдебиетін жинауға, ғылыми талдаулар жасай отырып зерттеуге кірісті. Зерттеу жұмысымен айналысатын, орысша оқыған бір-екілі адам қазақ арасынан да шыға бастады. Бұлар қазақтың ауыз әдебиет нұсқасын, ақын-жазушылардың өлең-жырларын жазып алып, кітап етіп бастыруға ұсынды. Орыс алфавитінің негізімен қазақ тілінде кітаптар жазды. Бұл ретте Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, Г. Потанин, И. Березин, Н. Пантусов, Н. Катанов және т. б. еңбектерін атауға болады.

Ескерте кететін жәй - революциядан бұрынғы араб әрпімен басылған қазақ кітаптарының бәрі түгелдей сақталмаған. Дегенмен «революциядан бұрын баспадан шықан қазақ кітаптарының жалпы тиражы орта есеппен бес-алты миллион дана болған екен». [1]

Алғашқы қазақ кітаптары, әсіресе лиро-эпостық жырлардың кітаби нұсқалары араб графикасы негізінде баспа бетін көрген. Сондықтан да араб графикасымен полиграфиялық өнімдер шығаратын алғашқы баспаханалар туралы мәліметтерге көз жүгіртейік.

Патша Қазақстанда билігін нығайтудың бір амалы есебінде ХVІІІ ғасырдың басында-ақ Ислам дінін уағыздауға ат салысады. Мектептер балаларды мұсылмандыққа баулыды. Бұқара, Самарқанд, Ташкент шаһарларындағы медреселер білімдерін ұстартып, араб тілі мен араб философиясын үйренді. Міне, осы саясатты жүзеге асыру барысында араб графикасымен діни және өзге де кітаптар шығаратын алғашқы баспаханалар бой көтере бастады.

Араб графикасы полиграфиялық өнімдер шығаратын алғашқы баспаханалардың бірі - «Түрік баспаханасы» еді. [2] Бұл баспахананы жорық баспаханасы деп атайды. Өйткені баспахана басшысы Дмитрий Кантемир Ұлы Петрмен парсы жорығына қатысқанда бұл баспахананы Астраханьға дейін су жолымен алып барған екен. Жорық баспаханасы деп аталуы да сол себептен. Алғашында бұл баспаханадан діни кітаптар, Құран кәрімді басып шығарады. Бұл баспа араб графикасы негізінде баспа өнімдерін шығаратын баспаханалардың алғашқысы саналады.

Араб әрпімен кітап басудың тарихы Италиядағы Венеция қаласынан басталады. Өйткені оның тұрғындары орта ғасырда Таяу Шығыс және Орта Азия елдерімен араласып тұрған, сауда жасаған. Осы қаладағы Кастильдедидің шәкірттері 24 араб әріпінің баспаға ықшамды екі жүздей таңбаларын жасаған. Осы тәсіл мұсылман елдерінде ХІХ ғасырдың аяғына дейін қолданылып келді. 1882 жылы Петербургте белгілі баспашы Ілияс Борағанский, Қазанда Ғалиасқар Қамалұлы, Ғабдолла Тоқай мен қазақ Жүзейұлы италияндықтар жасаған араб әрпіне реформа жасап, ықшамдап, санын алғаш 150-ге, кейінірек 80-ге түсірді. 1907 жылы Алперұлы мен Рахманқұлұлдары әріптерді қайта карап бұрынғыдан да ықшамдайды. Оларға Ыдырыс пен Махамбетұлдары қосылып, араб алфавитін оқуды, құюды, жазуды жеңілдетеді. Соның нәтижесінде татар әрпі 30-31-ге, қазақ баспа шрифтісі 24-25-ке дейін азаяды. Теру кассасының ұясы татарда 50-ге, қазақта 41-ге дейін кемітіледі.

Араб әрпі мен баспасына реформа жасау нәтижесінде Қазан қаласында араб әріптерінің полиграфия машинасын жасайтын дүкен ашуға мүмкіндік туды. «Сондай машиналарды жасауға амал, әдіс ойлап тапқан инженер Шайхалидың да есімін атап өткен жөн». [1. 1]

ХІХ ғасырда Петербор, Уфа, Орынбор, Қазан қалаларында қазақ кітаптары шығарыла бастады. 1800 жылы Қазанда Азия халқы баспаханасы ашылады. 1896 жылға дейін бұл баспаханадан 176 кітап жарық көрген екен. Қазақ кітаптарының бастауы болған «Сейфүлмәлік» жыры алғаш бұл баспадан 1807 жылы кітап болып жарыққа шығады.

Кәрімов, Хұсайынов сияқты баспа ісін ұйымдыстырушылар шығып, халқымыздың ауыз әдебиетін жинаушылардың қатары көбейді. «Тахир - Зухра», «Жүсіп - Зылиха», «Фархат - Шырын» сынды Шығыс қиссалары ана тілімізге аударылып, кітап болып жарық көре бастады.

ХІХ ғасырда Қазан қаласы Ресейде тұратын Азия мен Орта, Таяу Шығыс халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларың зерттейтін Петербордан кейінгі ірі орталыққа айналды. Әсіресе түрік, араб, парсы, тибет, моңғол тіліндегі көне мұралар мен әдебиет нұсқаларын зерттеуде әлемге әйгілі Қазан униветситетінің оқытушы ғалымдары мен баспаханаларының маңызы зор болды.

ХІХ ғасырда шығыс халықтарының ана тілдерінде шыққан кітаптардың 70 %-ы Қазанда теріліп басылғаны анықталды. Себебі онда полиграфияның жақсы базасы болды. Осының нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасында 15-тен астам баспахана, литография, т. б ұйымдастырылды. Кітапты басу мен көркемдеу, әріптердің молдығы жағынан Қазан университетінің баспаханасы бірінші орында тұрды.

Қазан университеті мен Қазан гимназиясы баспаларынан ХІХ ғасырда 400-ден аса кітап басылып шыққан. Оның тең жартысын қазақ тілінде жарияланған екен. Олардың аттары қай жылы, қайдан шыққаны жөнінде белгілі болса да, тираждары жөнінде мәліметтер әлі де белгісіз.

Қазан университетінің баспаханасынан шығыс тілдерінде кітап бастыру, оны тарату, зерттеу ісіне алдымен сол тілдерді білетін ғалымдар айтарлықтай еңбек сіңірген. Олардың кейбіреулері цензорлық міндеттерді атқарған, өйткені патша үкіметінің ресми әкімдері өздері шығыс елдері тілдерін білмегендіктен шығыс ғалымдары-ориенталистерге кітаптың мазмұнын бақылауды тапсыруға мәжбүр болған.

Көне кітаптары оқуда ескере кететін мәселелер бар:

Біріншісі, кітап аттары, кейде араб, парсы, татар тілдерінде жазылған. Кейбір авторлардың әдеби есімдері көрсетілген. Алғашқы кітаптарды оқу үшін үш тілді бірдей білуді қажет етеді. Себебі « . . . өткен ғасырдағы қазақша кітаби тіл көптеген түрік халықтарына ортақ таза ортаазиялық - жазба әдеби тіл емес, қазақша, шағатай-татарша элементтерден құралған қоспа тіл болды». [3]

Қазақ кітабын көп бастырушы жеке баспашылардан Қазан уезі Тобан Қорса ауылының азаматы Шамсиддин Хұсайынұлын айтуға болады. Ол өз қаражатымен Қазан униветситеті баспаханасынан «Қисса Қозы Көрпеш» (1890), «Хисса Айман - Шолпан» (1913), т. б лиро-эпостық жырларды бірнеше мәрте бастырып шығарады. Оны халыққа таратады.

Қазақ кітаптарын бастырып, оны тақырып жағынан байытқан ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында қазақ арасында өмір сүріп, қазақ өмірін жақсы білетін азаматтар - ағайынды Кәрімовтар болды. Олар ХХ ғасырдың бас кезінде Орынбор қаласынан Хұсайыновпен бірігіп, өздерінің бумен жүретін «Хизмәт» атты баспа бірлестігін ұйымдастырып, тек қана қазақ тіліндегі кітаптарды шығарған.

Олар бірыңғай (жүз он бес атаулы) қазақ кітаптарын бастырып, халыққа таратумен қатар, қазақ авторларымен үнемі байланыс жасап отырған. Бұған Қазан университетінің архивынан, Баспасөз комитеті мен жандарм архивынан табылған бағалы документтер мен архивтерде сақталған хаттар куә.

Мысалы, Жүсіпбек Шайхисламұлының «Сейфүлмәлік» пен «Айман - Шолпан» қиссалары баспаға келіп түседі. Сол қиссалармен қоса: «Ахметкәрім, құлақ сал сөзімізге, жеті қисса жазып жібердім өзіңізге» деген хатта болған. [4]

Қазақ кітаптарын бастыруда үлкен еңбек еткен ағайынды Шәріпжан мен Мұхамеджан Мыңқожаұлы Кәрімовтар қазақ тілінде 115 атаулы кітап басып шығарған. Олардың көбі ХХ ғасырдың басында жарияланған. Лиро-эпостық жырлардан: «Хисса Таһир мен Зухра», дастан. 1911 жыл. Аударған Ақылбек Сабалұлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
Қазақстандағы жазу тарихы
Аудармадағы аударылмайтын сөздер
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Білге қаған ескерткіші
Түркі халықтары әдебиетіне ортақ әдеби мұралар
Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Миф
Күлтегін туралы жыр
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі көне Түркі ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz