Құмдақ ортагумусты қара топырақтар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Туристік-рекреациялық ресурстары бағалау әдістерінің теориялық негіздері . . .

1. 1 Ландшафтарға экологиялық-экономикалық бағалау жұргізу . . .

1. 2 Топырақ ресурстарының жағдайы және бағалау әдістері.

1. 3 Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық ресурстары.

2. Манғыстау облысында «KMG EP-Catering» ЖШС-ның мысал ретінде экономикалық талдау жасау

2. 1 «KMG EP-Catering» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлері

2. 2 Кендірлі демалыс базасында қызмет көрсету орталығына талдау

2. 3 Нарықты және бәсекелестерді талдау

3. Маңғыстау облысының жағажайларын экономикалық дамуы . . .

3. 1 «Кендерлі» жағажайының туристік әлеуеті . . .

3. 2 «Ақтау сити» жағажайының туристік мүмкіншілігі . . .

3. 3 «Шақпақ-Ата» жағажайының туристік бағалауы . . .

Корытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қысқартылған сөздер тізімі

ЖШС- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

КСРО- Қенес Социалистік Республика Одағы

ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

АҚШ- Америка Құрама Штаттары

«ІPK international»-Халықаралық консалтингтік компаниясы

ARC-Әуежай Эталоны Кодексі

ҚХР- Қытай халықаралық республика

АҚ-Акционерлік қоғам

РҚ-Республика Қазақстан

ӨБ-Өндірістік басқармасы

ӨФ-өндірістік филиалы

Кіріспе

Маңғыстау - көне заманғы жер - Ұлы Жібек жолының үзігі, түбек кеңістігінде өзіндік бейнесі және қызықты тарихы бар көптеген құрылыстары мен ескерткіштері сақталған. Маңғыстаудағы ескерткіштердің жалпы саны (облыс аумағында олар 10 мың шамасында) Қазақстанның барлық ескерткіштерінің 3/1 бөлігін құрайды. Археологтармен көптеген көне заман ескерткіштері, тас дәуірі адамдарының тұрағы табылды. Соңғы жылдардағы неғұрлым қызықтыларының бірі - Маңғыстау ауданының Ақмыш жерінде орналасқан 10-13 ғасырдың ортағасырлық қалашығының орны - Қызылқала. Таулы бөлігінің табиғи үңгірлерінде ғалымдар ертедегі жерасты қабырлар мен храмдар, бүтін сәулет құрылыстарын, жерасты мешіттері: «Бекет-Ата», «Шопан-Ата», «Қараман-Ата», «Сұлтан-епе» және көптеген т. б. ашты. Бұл киелі орындарға бармаған және демалыстағы көне тасты қолмен ұстауды, Уақыт пен Мәңгіліктің таңғажайып демалысын сезуді армандамайтын адамды сирек кездестіреміз. Маңғыстауда сондай-ақ экологиялық туризмді дамытудың теңдесіз мүмкіндігі бар. Облыс көп бейнелі ландшафтарға: Қарақия ойпатына, Түйесу құмдарына, Құланды кемеріне, Тынымбай және Боқты шоқыларына, сазды тақырлар мен қардай ақ сорларға, Үстірт шоқыларының тік жартас кемерлері мен шошақ төбе үшкірлеріне бай. Шерқала тауынан қашық емес жерде ірі көлемді тас шарлар тасталған. Облыс аумағында табиғаттың сұлу кескіндеме бұрыштары - каньондар: «Тамшалы - көңілді тамшылар» - Форт-Шевченко қаласынан үш километр қашықтықта, «Саура» - Каспий теңізінің жағасында, «Ақмыш» - Қаратау тауында, «Сұлтан-епе-сай» - ескі Хивин жолы бойынша, «Жемсен-сай» - Қаратау шатқалдарында және т. б. бар.

Флора мен фаунаға бай және сан салалы, мұнда Қазақстандағы құстардың 450 түрінің 70% шамасында және аз қоректілердің - үштен бір бөлігі мекендейді. Аймақта өсетін жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері Халықаралық Қызыл Кітап пен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Өсімдіктер де алуан түрлі. Үстірт дөңінде әртүрлі тұзды қоспасы бар жусан өсімдіктері, жыраларда қарағандар мен жыңғылдардың қопалары кезедеседі. Баурайлар мен тегіс учаскелер жерлерінде баялыш қопалары бар қара сексеуілдер өседі. Маңғыстау өзінің қорықтарымен: Үстірт табиғи қорығымен, Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорғалатын аймағымен, Ақтау-Бозашы және Қарағия-Қаракөл қорықтарымен белгілі.

Ақтау қаласы - облыс орталығы, Каспий теңізін бойлай тартады, жағажайдың жұмсақ климатын пайдаланушылар көп.

Қалалықтар мен қонақтар кез-келген басқа біреудің теңізде демалуын жоғары бағалайды, яғни жағада қонақ үйлер, демалыс базалары, сауықтыру емдеу орталықтары, әдемі құмды жағажайы бар балалар лагері салынған. 2005 жылы жағада, жұмыс жасаған өте қысқа мерзімінде табиғатта белсенді демалған уақытындағы комфорт әуесқойларынан оң баға алған «Stigl» спорттық-сауықтыру демалыс орталығы іске қосылды. «Stigl» спорттық-сауықтыру демалыс орталығы оңаша тұрған мейрамханасы, дөңгелек бары, «люксі», «жартылайлюксі», «стандарт» сыныпты номерлері бар қонақ үйі, бірқатар жазғы үйшіктер орналасқан. Жабық спорт кешенінде ересектерге арналған бассейн және балаларға арналған жылытуы бар бассейн, әдемі жабдықталған тренажер залы, сауна, массаж бөлмесі, косметика кабинеті жұмыс жасайды.

Облыс орталығы Ақтау қаласында екі яхта клубы жұмыс жасайды. Бұл желкенді спорт жөніндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен ересек санаттағыларға араналған «Бриз» яхта-клубы. Клубтарда 20 яхта паркі бар, яғни толық көлемде, негізінен жазғы кезеңде алады. Жаңаөзен қаласы ауданындағы, Фетисов шығанағы ауданындағы теңіз жағасында «Кендірлі» демалыс базасы орналасқан, жазғы демалыста оған барлық елден туристер келеді, объектінің деңгейі мен комфорты әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Бұл ауданда жақын кезеңде республикалық балалардың сауықтыру лагері құрылысын салу жоспарлануда.

Облыс орталығында тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс жасайды, коллекциясында 50 мыңнан астам экспонаттар, неғұрлым қызықтылары экспозиция ретінде қойылған. Мұражай аймақтың тарихи-мәдени мұраларымен таныстырады. Этнография залы қызықты, онда экспозицияларда 20 ғасырдың басына дейінгі аймақ халқының тұрмысы мен негізгі жұмыспен қамтылуы көрініс тапқан. Өзіндік қолданбалы өнер, қолөнершілердің ұлттық бұйымдары, ағаштан, сүйек пен тастан жасалған шеберлердің бұрама өнерлерінің үлгілері қойылған.

Ақтау қаласында туристерді қабылдауға дайын, әртүрлі деңгейдегі 17 мейманхана бар. 2005 жылдың қазанында халықаралық стандарт деңгейіне сәйкес келетін қызметтің барлық спектрін қарастыратын «Renaissance Aktau Hotel» жаңа бес жұлдызды қонақ үй кешені пайдалануға берілді.

Осының бәрі Маңғыстау облысында туристік кластердің дамуына ықпалын тигізеді.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты жаңа бағалау әдістерді пайдаланып Маңғыстау облысының туристік рекреациялық ресурстарды бағалау. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста келесідей міндеттер беріліп, шешу жолдары қарастырылады:

- Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық ресурстарының инвентаризациясын өткізілді;

- туристік рекреациялық ресурстар мүмкіншілігін жаңа әдістермен бағалланды;

  • Маңғыстау облысының жағажайларын болашақ пайдалану мүмкіншілігің арттыру болжамдық шаралар берілді.

Зерттеу пәні: Осы жұмыс барысында Маңғыстау облысының туристік рекреациялық ресурстарына анализ жасадық және де зерттеген аймақтың жағажайларына экономикалық тұрғыдан баға бердік.

Зерттеу объектісі ретінде: «KMG EP-Catering» ЖШС таңдап алынды.

Жұмыстың тақырыбының ашу мақсатында Қазақстан Республикасындағы Маңғыстау облысының инфрақұрылымы мен табиғыт туралы статистикалық, аңықтамалық және картографиялық мәліметтер қолданылған. Әртүрлі мақсатта бұл аймақты келесі ғалымдар зерртеген: Боровский В. М /1983ж/, Афанасьев А. Е. /1983ж/, Банников А. П. /1989ж/, Буренков В. М. /1994ж/, Аббасов Т /1995ж/, Байзаков Г. Б. /2001ж/ және т. б. ғалымдар.

Дипломдық Жұмыс құрлымы қысқартылған сөздер тізімінен, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, карта-схемалардан және қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасына отандық және шет елдік Маңғыстау аймағына байланысты жазған еңбектері, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрігінің нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ, ғылыми-практикалық конференциялар мен мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдар мәліметтері пайдаланылды.

1. Туристік-рекреациялық ресурстары бағалау әдістерінің теориялық негіздері.

1. 1 Ландшафттарға экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу

Рельефті, геологиялық құрылым, ландшафтың абиотикалық бөлімін литогенді орта алып жатыр. Ол тау жыныстарды, минералды шикізат ресурстарын және жердің геоморфологиялық ерекшеліктерін қамтиды.

Тауар - ақша қарым - қатынастардың экологиялық тауарлар разрядінің негізгі түрі минералды шикізат ресурстары, пайдалы қазбалар нақты потенциалына қарай олар әртүрлі маркетинттік бағаға ие бола алады.

Пайдалы қазбалардың қоры, зерттеу дәрежесіне, сандық анықтығы бойынша категорияларға бөлінеді:

А - қор көлемі мен орын шекараларының нақты белгілі кен орындары

В - қор көлемі мен орын шекаралары белгілі емес

С 1 - экстраполяция арқылы есептелінген қорымен

С 2 - алдын ала бағаланған қорлар

Бұл қорлардың барлығын балансты дейді, пайдалануды экономикалық целесообразно, басқа қорды баланстық - тиімді пайдаланбайды, сол себептен дамиды.

Пайдалы қазбалар кендерін эксплуатациялау, жерді алумен ластау, топырақтың бұзылуы, өсімдік құруы, биотоптардың (өзгеруі) бұзылуы, ландшафт құрамдарының өзгеруіне әкеліп соғады.

Минералды шикізат ресурстардың табуы мен реализациялау экологиялық бизнестің бөлімі және де нарықтың қызығушылықтың объектісі.

Қара және түсті металлдар қалдықтарын жинау мен қайта өңдеу экологиялық маркетингтің пайдалы түрі.

Ландшафты геоморфологиялық зерттеп білу инженерлік құрылыс жұмыстарынның өте қажетті бөлімі. Өндірістік, тұрмыстық құрылысқа участкелер сайлау, инженерлік, геологиялық, геоморфологиялық (рельеф биіктігі, бұрыш қилысы) зерттеулер ландшафтың экологиялық маркетинг сферасын құрайды. Тұрғын үйлер, тұрғын массивтерді жоспарлау, жобалау ландшафтық экологиялық маркетингтің саласы.

Бұзылған жерлерді рекультивациялау - осы сфераға жататын экологиялық қызметтің бір түрі.

Гидроклиматогенді орта. Ландшафтың абиотикалық компоненттерін, яғни атмосфералық ауа, жер беті, жер асты суларды гидроклиматогенді орта қамтиды. Экологиялық маркетингтің субъектісі - жер беті, жер асты суларының сандық, сапалық көрсеткіштері. Атмосфералық ауаның нарықтық бағасы адамның тұрып жатқан аймағының ауасының сапасымен анықталады. Айтар болсақ, автожолға жақын тұрған неменсе алыста тұрған үйдің нарықтық бағасы әртүрлі болып келеді [14] .

Су ресурстарының бағасы су - шаруашылық мақсаттарымен өндірістік, коммунальді, ауыл шаруашылыққа қолдануы, су сапасы, көлемімен анықталынады. Судың сапасы химиялық құрамы, тұздар, температурасымен сипатталынады. Осыған байланысты, ас су сапасын бақылау, тазалау жүйелері мен технологиялар дайындау, тазалау құрал-саймандарын құруын талап етеді. Су сапасын стандартқа жеткізу үлкен ақша шығындарды талап етеді, сол себептен экологиялық маркетингтің бір саласы су сапасын жақсартудын арзан және эффекті жолдарын табу. Судың жоғарғы экологиялық сапасын ұстау, суды тиімді пайдалану, су ресурстарын қорғау - экомаркетинг сферасына жатады. Емдік және ас минералды сулар кені үлкен нарықтық қасиеттерге ие. Жұмыс орындар, тұрғын үйлердегі атмосфералық ауа сапасын бақылау экологиялық маркетингтің негізгі бір сферасы. Гидроклиматогенді ортаның ластануын болдырмайтын профилактикалық шаралар: өндірістік, тұрмыстық зонирлеу, территорияларды көгалдандыру, суды қайта екі қайтара қолдану, өндірістік технологияларды дамыту.

Ландшафтың жер-топырақ орта сферасындағы экологиялық маркенинг. Ландшафт құрамының негізгі құрушысы педосфера, яғни топырақ ортасы. Биотикалық және абиотикалық орта аралығында топырақ орталық орын алып отыр. Сол себептен ол химиялық элементтер айналымында жерді ауыл шаруашылық пайдалану құрылымында маңызды рөльге ие. Өнімділігі, әртүрлі сапасы бойынша жер-топырақ ресурстары нарықтық әрекеттің объектісі және экологиялық бизнес құрылымында бола тұрып, нарықтық қасиеттермен анықталған бағаға ие [2] .

Топырақ температурасы, ылғалдылығы, физикалық, химиялық құрамымен сипатталады. Бұлар экологиялық маркетингтің негізгі көрсеткіштері болып табылады. Жер, топырақ ресурстары жағдайының көрсеткіштері адам әрекетімен жақсаруы немесе бұзылуы мүмкін. Жер ресурстарына өндірістік құрылыс, жол құбыр сымдары, электр сызығын салу, су қойма, пайдалы қазбаларды ашық өңдеу үлкен әсер (ашып тастайды) болып, жер изъятиясы болады. Табиғи комплекстен жер алу өсімдіктер деградациясы, ластану және атмосфера құрамының өзгеруіне әкеліп соғады.

Экологиялық маркетингтің маңызды сферасы - жер өнімділігін сақтап қалу. Топырақ-жер ресурстарының нарықтық бағасы топырақ бонитетімен анықталады. Бонитет дегеніміз өнімділіктің бағалық көрсеткіші, яғни жер сапасының салыстырмалы сипаттамасы.

Топырақ бонитетінің негізгі критерийлері оның өнімділігі, ауыл шаруашылық өңдеу ыңғайлылығы, агроклиматтық факторлары есебі. Жер бөліктерінің бағасы орналасу ыңғайлылығы, шаруашылық игерілгендігі анықталынады. Қалаға, транспорттық магистральға, сумен қамтамасыз-дандыру көздеріне жақындығы жатады [4] .

Жер-топырақ ресурстарынан төлем ақысы болып жер рентасы, аренда үшін ақы. Ландшафтың жер-топырақ сферасында қоршаған ортаның экологиялық сапасын көбейту мен сақтауға бағытталған экологиялық қызметтер көп, соның ішінде топырақ мелиорациясын атап кетсек болады.

Мелиорация деп - топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін, өнімділігін, топырақ құру жағдайларын жақсартуға бағытталған шараларды айтамыз.

Ол топырақтың физикалық күйін жақсарту су, ауа, жылу режимдерін реттеумен жүзеге асады, ал ол өз кезегімен экономикалық шығындарды талап етеді.

Топырақтың химиялық мелиорациясын айтып өтсек, топырақтың химиялық, физикалық қасиеттерін жақсарту мақсатпен әртүрлі химиялық заттар қосу арқылы іске асады.

Минералдар және органикалық тыңайтқыштар енгізуде топырақтың өнімділігі көтеріледі.

Бұзылған жерлерде рекультивациялаумен қайта көтеру шаралары, техногенді әсер нәтижесінде бұзылған жер топырақ ресурстарын қалпына келтіру шараларына жатады.

Биотикалық орта. Ландшафтың биотикалық ортасы тірі табиғаттың күрделі бөлігін қамтиды, соның ішінде өсімдік, жануар әлемімен микроорганизмдер жатады. Соның арқасында табиғатты қорғау шараларының маңызды объектісі болады. Өз кезегімен экологиялық бизнесте де үлкен мәнге ие. Бірақта биотаның кейбір элементтері табиғатты қорғау рөль атқарады. Сол себептен ландшафты экологиялық маркетинг құрамына қатыса алмайды (қорғалатын территориялар, табиғи ескерткіш, табиғи саябақ) .

Экологиялық өнім разрядында ландшафт биомассасын атап кетсек болады, яғни бәрі тірі организм салмағы көлемі бірлігіне келетін биомассаның сандық көрсеткіші болып биоөнімділікті қолдануға болады.

Орман, шабындық-жайылымдықтардың өсімдік массасының биоөнімділігі экологиялық нарықта өнім түрінде өтеді [6] .

Өсімдік әлемінің маңызды бөлігі - орман. Ол үш топқа бөлінеді:

  1. су қорғау, санитарлы-гигиеналық, емдік, қорықтар мен ұлттық саябақ орналастыру.

2. тұрғындардың тығыздығы жоғары жерлер, транспорттың қалың жилігі.

  1. эксплуатационды маңызы бар көп орманды аудандар.

Ағашты дайындау жүйесінде:

Орманның нарықтық сипатамаларына көлемі, ағаш саны, өнімділігі кіреді.

Орман мен орман өңдеу өнеркәсіп - табиғатты пайдалану экономикасының маңызды саласы.

Ландшафтың биотикалық орта сферасында экологиялық маркетингтің маңызды бөлігі - кәсібі бар ресурстар.

Аңшылық кәсіб - жабайы аңдарды ату мен дайындау, аң терісімен дайындау мен өткізу. Балық кәсібі.

Тауар ретінде жеміс-жидек, саңырауқұлақ, жаңғақ дайындау мен өткізу. Емдік қасиеттері бар өсімдіктерді жинау мен өткізу.

Экологиялық қызмет сферасында бұзылған геожүйелерді қайтадан қалпына келтіру мен реабилитациялау жатады.

Өсімдік пен жануарлардың жаңа түрлерін енгізу қызметі (интродукция) .

Жануарларды акклиматизациялау, яғни жануарлардың бір түрін жаңа орынға кіргізіп, орналастыру.

Реакклиматизациялау, яғни жануарлардың жоғалып кеткен түрін бұрынғы орнына әкеліп, орналастыру, ареалын кеңейту.

Әуесқой ауыл шаруашылық пен балықшылық балық ұстау, аң атуға лицензия беріліп, оған ақы төленеді. Бұл жерде арнайы аң мен балық шаруашылықтары болады.

Өсімдіктер мен жануарлардың экзотикалық түрлерін өсіру саласы бар.

Ландшафтың биотикалық ортасы қорғалатын табиғи аймақтарда да қамтиды, бірақ олардың экологиялық маркетинг сферасына кірмейді. Бұл объектілерді коммерциялық әрекетке жол бермейді. Олардың негізгі мақсаты: биоәртүрлілікті сақтау, фауна мен флораны қорғау. Экологиялық, тарихи, эстетикалық бағасы бар ландшафты сақтап қалу.

1. 2 Топырақ ресурстарының жағдайы және бағалау әдістері

Бұрынғы КСРО-да жерді бағалау жұмыстары тек 1958-1959 жылдары басталған болатын. Дегенмен КСРО құрамына кіретін Қазақстан республикасында жерді бағалау жұмыстары біршама ерте басталды деуге әбден болады. Бұл мәселеге 1954-жылғы кезіндегі партиямыздың Ақпан-Наурыз пленумының шешімдеріне сәйкес, Отанымыздың шығыс бөлігінде, негізінен Азиялық аймағында, соның ішінде Қазақстанның терістік облыстарында ғасырлар бойы бос жатқан миллиондаған гектар тың және тыңайған жерлерді астық өндіру үшін игеру жұмыстары бастама болды.

1954-1960 жылдары партияның осы шешімдері нәтижесінде бүкіл елімізде 42 млн. гектар тың және тыңайған жерлер игерілді. Бұлардың біршама бөліктері Оралдың шығысы мен Сібірде болғанымен негізгі бөлігі Қазақстанда болды. Дәлірек айтсақ Қазақстанда игерілген тың жерлер көлемі 25 млн. гектарға жетті, яғни бүкіл игерілген тың жерлердің 60 %-ы Қазақстан үлесіне тиді. Жалпыға белгілі тың игеру жұмыстары өте асығыс түрде жүргізілді. Сол кездегі одақтық, жергілікті партия тапсырмаларымен қазақ ғылым академиясының топырақтану институты тың және тыңайған жерлерді игеруге таңдап алу үшін топырақтанушылар мен агрономдарға көмек ретінде 1954 жылдың өзінде жаднама (нұсқаулар) шығарды [3] .

Қазақ ССР ғылым академиясының тоырақтану институтының директоры, республикамыздағы топырақтану ғылымының негізін салушы, қазақ ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ө. О. Оспановтың жетек-шілігімен жасалған бұл нұсқаулар ауылшаруашылық министрлігімен бекіп, сол кездегі тың игерудегі алғашқы негізгі құжат болып саналды [4] . Астықты егістіктер үшін жерлерді ауадан түсетін ылғалмен қамтамасыз етілген республикамыздың терістік облыстарында игеру көзделген болатын. Ондай топырақтар болып негізінен екі топырақ зонасы ұсынылды.

1) Орманды-дала және дала зонасы, топырақтары шалғынды-қаратопырақ және ортагумусты (кәдімгі) қаратопырақтар.

2) Құрғақ даланың аз гумусты (оңтүстік) қара топырақтары мен күңгірт қара-қоңыр топырақтары.

Сол кездегі талапқа сай, жерлерді тез игеруді жеңілдету үшін, осы екі зонадағы негізгі топырақтар агроөндірістік қасиеттері, құнарлылығы жағынан 1954-1955 жылдары игеру үшін төмендегідей 4 категорияға (топқа) бөлінген болатын.

  1. Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер.
  1. Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер.
  2. Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлер
  3. Жыртуға жарамды сапасы нашар жерлер

Жоғарғы айтылған екі зонаның жыртуға жарамды сапасы жақсы топырақтарға негізінен біркелкі жер бедеріне орналасқан зоналық қара топырақтар мен күңгірт қара-қоңыр топырақтар жатады. Дегенмен бұл топырақтар сапасы көптеген жағдайларда олардың біркелкі орналаспай, басқа сапасыз, зонаралық топырақтардың араласа кездесуімен көп төмендейді. Мұндай араласа кездесетін таңдақтар болып бұл аймақтарда, негізінен сортаң (солонцы) жерлер орналасады. Егер сортаң таңдақтар жалпы алқаптың 10%-нан аспайтын болса, және ол сортаңдар сортаң қабаты тереңде орналасқан терең сортаңдар қатарына жатса, олар игеруге аса көп зиян тигізе қоймайды. Егер сортаңдар көлемі алаптың 10-25%-ын алып жатса, олар игеруге көп зиян болып, жердің категориясын төмендетеді. Ал алаптың 25-30%-ын сортаңдар жайласа, және сортаңды қабаты топырақтың бетіне жақын орналасқан майда сортаңдар болса, бұл алқаптар тіпті игеруге болмайтын, немесе сапасы ортадан да төмен жерлер қатарына жатады. Сонымен қара топырақты зонада Ө. Оспановтың жүйесі бойынша төмендегідей жер топта-ры бөлінген [6] .

1) Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер қатарына мынадай топырақтар жатқызылған:

а) Ортагумусты (кәдімгі) қара топырақтар.

б) Аздап сортаңданған кәдімгі қара топырақтар.

в) Шалғынды - қара топырақтар.

г) Аздап сортаңданған шалғынды-қара топырақтар.

д) Сортаңданған және аздап сортаңданған кәдімгі қара топырақтар терең сортаңдармен 10%-ға шейін.

е) Сортаңданған және аздап сортаңданған шалғынды-қара топырақтар терең сортаңдармен 10%-ға дейін.

2) Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер қатарына:

а) Сортаңданған және аздап сортаңданған ортагумусты қара топырақтар терең сортаңдармен 25%-ға дейін.

б) Сортаңданған және аздап сортаңданған шалғынды қара топырақтар терең сортаңдармен 25%-ға дейін.

в) Құмдақ ортагумусты қара топырақтар.

г) Құмдақ ортагумусты қара топырақтар терең сортаңдармен 25%-ға дейін.

3) Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлерге:

а) Қатты сортаңданған ортагумусты қара топырақтар.

б) Қатты сортаңданған ортагумусты қара топырақтар сортаңдармен 25%-ға дейін.

в) Сортаңданған және аздап сортаңданған ортагумусты қара топырақтар сортаңдармен бірге 25%-ға дейін.

г) Қатты сортаңданған шалғынды-қара топырақтар сортаңдармен 25%-ға дейін.

4) Жыртуға жарамсыз жайылымдық жерлерге: қатты сорланған зоналық топырақтар мен қатар олардың сортаңдармен 25%-дан артық кездесетін алқаптар, зонааралық таза сортаң және мол сорланған жерлер мен олардың күрделі комплекстері орын алған жерлер жатады.

Тура осындай принциптер құрғақ даланың азгумусты қара топырақтары мен күңгірт қарақоңыр топырақтарды бағалап, категорияларға (топқа) бөлген кезде де қолданылды. Есте болатын нәрсе, тек бұл зонада терістіктен оңтүстікке жылжыған сайын құрғақшылықтың көбейе түсетінін ескеру қажет. Сондықтан да олардың жалпы өнімділігінің, соған сәйкес бағаларының да төмендей түсетіні күмәнсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер
Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер
Қазақстан топырақтарының экологиясы
Туристік рекреациялық ресурстар
Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер қоры
Туризм туралы түсінік
Сорланған топырақты жіктеу
Жазық жерлердң топырақтары
Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz