Майлы бояумен көктем көрінісін салу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-10
І. 8-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ФАКУЛЬТАТИВТІК САБАҚТА МАЙЛЫ БОЯУМЕН СУРЕТ САЛУДЫҢ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕТУ
1.1. Майлы бояумен сурет салудың әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .11-18
1.2. Майлы бояумен көктем көрінісін
салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19-20
ІІ. КӨНЕ ЕУРОПА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2.1.
Италия ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .21 -26
2.2.
Испания ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 17- 24
2.3.
Франция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27-3 4
ІІІ. РЕСЕЙ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
3.1.Крамской ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .35-46
3.2.Е.Репин, И.И.
Шишкин ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .48-49
3.3. А.К.Саврасов, В.А.Серов, И.И.
Левитан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50-53
ІV. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ
4.1. Кеңес
дәуірі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .54-59
4.2. Қ.Т.Телжанов, С.Ә.Мәмбеев, М.С.Кембаев, Таңсықбаев ... ... ... ...60-61
4.3. С.А.Айтбаев, И.Н.Исабаев, М.М.Қисамединов, Б.Х.Тәбиев ... ... ...62-65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .67
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
КІРІСПЕ
Көкейтестілігі: Кешегі өткен ата бабаларымыздың мол мұрасымен
сусындатып, олардың рухани қазына-еңбектерімен бүгінгі жас ұрпақты
таныстыру бүгінгі күндегі ұстаздардың алдындағы зор міндет десек, білім мен
тәрбие бұлағы мектеп қабырғасынан басталатын бүгінгі мектеп оқушыларын
бейнелеу сабағында талантты суретшілермен таныстырумен қатар, олардың
бойында елжандылық, еңбексүйгішті қасиеттерін, сезімдерін қалыптастыру
маңыздылығы туындайды.
Өнер - мәдениеттің айнасы деп бекерде бекер айтылмаған. Ол
мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның
дүниені игеру барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына,
суреттерге, әуенге, биге және тағы сол сияқты негізделген өнер түрлері
қалыптасады.
Өнер деп адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп,
оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісін айтамыз.
Өнер – адами ақиқат, адамдандырылған екінші әлем. Өнер, көркем бейне және
жасампаздық тікелей әлеуметтік адам тұлғасымен байланысты категориялар.
Өнерде үйлесімділік ретінде танылған кемелділік бейнесі жасалады.
Өнер арқылы адамның әмбебаптылығы ашылады. Өнер адамның шексіз болмыстық
сұрақтарына жауап табуға талпыныс барысында гуманистік принциптерді
қалыптастырады. Нәтижесінде, өнер тек белгілі бір қоғамның даму нәтижелерін
көрнекілеп қана қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік-рухани өмірдің күйіне
әсер ететіндігін білдіреді.
Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін
білу, ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді.
Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін
пластикалық өнердің бір саласы.
Өнердің қоғамдық тәрбиелік мәнін жан жақты түсіну үшін –
оның әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз
халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп,
сүйуіміз керек, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, оны
үйренуіміз қәжет.
Өнердің сан алуан түрі бар. Олардың барлығы халыққа қызмет
етеді. Өнерді бағалаушы да, қолдаушы да, жасаушы да, жоюшы да -
халықтың өзі.
Пейзаж – табиғатқа қарап отырып, айнытпай сурет салу емес, оның
мағынасын ашу, шебердің ойын, сезімдерін, көңіл күйін беру. Табиғат еш
уақытта өзгерген емес. Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесінде қалып отырады.
Тек суретші оны уақытына қарай бейнелеуі мүмкін. Әр ғасырда әр суретші оны
өзінше түсініп, өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыттың қоғамдық
құрылысына байланысты бейнелеген.
Нағыз суретші ауыл табиғатын жазған сайын, оның Отанға, еліне
деген сүйіспеншілігі арта түседі. Адамзат өмірінде өнер атауы
саналылығымен, көркемдік ойлаумен ерекшеленеді. Адамзат өмірінде өнер
деген жалпы ұғым болса, ал көркем өнер атауы өнерден рухани,
эстетикалық көркемдік пен жоғары мәдениетті талап етеді.
Кескіндеме – бейнелеу өнерінің ең толысқан түрі. Онда көптеген құралдар
қолданылады. Әр суретшінің өзіндік бейімі таңдаған жолы бар. Біреулері
натюрморт жазуға, екіншісі портрет, үшіншісі пейзаж жазуға, төртіншісі әр
түрлі тарихи тақырыпты, тұрмыстық көріністерді, т.б. жазуға құмар. Суретші
өзі қалаған, сүйген тақырыптарды қалап алады. Бейнелеу өнерінде бұлай
бөліну жанр деп аталады. Жанрлар: натюрморт, пейзаж, портрет, жанрлық
кертиналар болып бөлінеді.
Бүгінгі қоғамдағы жаһандандыру үрдісінде жастарды жалпы адамзаттық
құндылықтармен қаруландыратын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында: 2020 жылға қарай
біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін боламыз. Ол үшін біз 2015
жылға қарай республикалық бюджет қаржысы есебінен кемінде екі жүз мектеп
салып, осынша мектепті жергілікті бюджет есебінен тұрғызамыз. 2015 жылға
қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020
жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады. 2020 жылға қарай халықаралық
стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредітациялаудан өткен ЖОО-лар үлесі
30 пайызды құрайтын болады. Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және
ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін жоо-лардың үлесі 5
пайызға дейін артады. Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік
университеттер рейтингінде аталатын болады. Сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс-
деген болатын.
Мақсаты: Мектеп оқушыларын танымал талантты суретшілердің
туындыларымен, еңбектерімен таныстыру.
Міндеті: Қылқалам шеберлерінің әрқайсысының сурет салу техникасымен
таныстыра отырып, олардың әдіс-тәсілдерін жаңаша көзқараста меңгерту.
Жаңалығы: Мектеп оқушыларын тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс
факультатив сабақтарында олардың майлы бояумен сурет салу барысында танымал
суретшілердің әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, табиғат көрінісін салуда
өздерінің шығармашылық қабілеттерін жетілдірумен қатар, іскерлік
қасиеттерін шыңдау.
Іс-тәжірибелік тиімділігі: Қазақстанның танымал қылқалам шеберлерінің
шығармаларымен, туындыларымен мектеп оқушыларына мағлұмат бере отырып,
оқушылардың бойында эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда, өнерге деген
қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ жүйесінде негізгі тақырып ретінде
қолдануға болады.

1. Майлы боямен сурет салудың әдіс-тәсілдері
Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжылдыққа
парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың
көшпенділік мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген.
Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық
құндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа
бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары
арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде,
инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері
рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас
пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты
көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал
қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін
қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің
негізі; творчестволық көзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-
ғұрыптар, мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті
түрде енуі.
Суретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек қана өзіне
қажеттілерін екшеп алуда, яки толық қанды тұтас образдарды жасау жолында
ұзақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс – тәсілдерін жете меңгере
отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші
қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде өнердің міндете – көзге
көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең алдымен – шындықты дұрыс және
терең түсіну, зат пен құбылыстың құпия сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған
көрініске құр еліктемей, оның ішкі әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны
бейнелеу өнерінің әр уақытта қолынан түспейтін, әрқашанда құлапта сақтайтын
құралдармен дәл жеткізу қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші
алғашқы бояу жаққаннан-ақ, одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі
шындыққа жанаса ма және оған өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара
форманы тауып алғанға дейін кедергілергекездесе береді ғой. Әрине, бояу
жағылған сайын формада жетіле береді, мазмұны да жақсара түседі. Суретшінің
ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне,
сырт көрінісіне қанағаттануға тура келеді. Ал, егер салған туындысына
көңілі толмай одан әрі іздене түссе, ілгері қарай жетілдіре берсе, тіпті
жақсы, себебі іздену үстінде жоғын табады, машықтанады. Ал, болмысты
творчестволық тұрғыдан меңгере берудің тіпті де шегі жоқ қой. Басқалардың
творчестосынан үнемі үйреніп және қадағалап отыру суретшінің өзін-өзі
сезінуіне және өз еңбегіне сырт көзбен қарай білуіне көмектеседі. Сондай-
ақ, суретші өз өнерін басқалардың творчествосымен салыстыра бақылап, оны
суреткердің қоғамдық міндетімен, мән-мағына туралы жалпы ұғыммен
байланыстыра қарай алуы қажет.
Қазіргі таңдағы қоғамдағы басты мақсаттарының бірі адамды жан-жақты
тарбиелеу және гармониялы дамыту. Мұнда этика-эстетика тәрбиесі басты
міндет атқарады. Эстетикалық тәрбие жеке адам дамуында үлкен міндет
атқарады және қазіргі кезде өте күрделі үдеріс деп саналады. Біздің қазіргі
тандауда атқарып отырган жұмыстарымызда осы.
Сурет өнері оқушылардың сана-сезіміне көркем құндылықты қалыптастыру,
бейнелеу өнеріне деген қызығушылықты, әдемілікті таныта білуді өз алдына
мақсат етіп қояды. Ал пейзаж тақырыбына мектеп бағдарламасында үлкен орын
бөлінген. Ол оқушыларға эстетикалық тәрбие береді, өйткені пейзаж адамның
туған жеріне, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады.
Пейзаж елінді сүюге,табиғатты қорғауға, әдемілікті түсінуге үйретеді.
Міндетті түрде адам мен табиғаттың бойындағы сұлулықты сезініп
түсінуге мүмкіндік туғызатын бірден-бір тәрбиелі ата-ана, мұғалімдер
болатын болса, әсіресе ұлттық нақыштарға суретшілерімен жоғары деңгейде
өтетін практикалық білім берумен бірге қызықты да тартымды етіп өткізсе,
оқушының сабаққа деген ынтасы, сұлулыққа деген сұранымы жоғары болады. Ол
үшін бүгінгі қүннің қиыншылығын уақытша екенін түсінген бүгінгі техникалар
мен материалдардың барлық мүмкіндіктерін алған, жан-жақты пайымдай алатын
мұғалім керек. Болашақ ұрпақты көркемөнерге бейімдеу, еңбекке баулуга, жан
азығын молайтуға, қабілеттерімен іскерлігін жетілдіретін ұстазды нағыз
ағартушы мұғалім деп атай аламыз.
Адам баласы өмір бойы ізденіс үстінде жүріп, осыдан бес ғасыр бұрын
алғаш рет майлы бояуды ойлап тапты. Қанша уақыт өтсе де сол кездерде
салынған суреттердің біздің уақытымызға дейін өзінің түр-түсін өзгерпей,
әдемілігімен сол қалпында сақталып келе жатқандығы таңғажайып жағдай.
Кескіндеменің ішінде ең күрделісі майлы бояумен жұмыс істеу екені
белгілі. Сол себептен де ең алдымен майлы бояудың технологиясы мен
техникасын білмей жатып сурет салу мүмкін емес.
Кенепке қалай сурет салуға болатынын кез келген жас суретші білуге
міндетті. Ең алдымен кенепті жақтауға тартқан кезде оны сулауға болмайды.
Судың әсерінен кенепағы желім қосылған төсеніш ыдырап, өзінің сапасын
жоғалтады. Су майлы бояудың бір-біріне жақындайтын құрамдарын әлсіретіп,
оның кенепқа сіңіп кетуіне әсер етеді. Сол үшін кенепті кергенде арнаулы
тістеуік пен степлер пайдаланған жөн. [11; 15-16б]
Майлы бояумен жұмыс істегенде картон, сызу қағаздары, кенеп
пайдаланады. Кептіргіштің ағаштары мықты, сүргіленген, кепкен болуы керек.
Кенеп тартатын жағының бір шеті сүргіленіп алынғаны дұрыс. Кенепті кергенде
іш жағынан 4см. кейін басы бар шегемен қаққан жөн. Кергенде арнаулы
құралдар немесе кемпірауыз қолдану керек. Жұмыс жасайтын материал картон,
кенеп күні бұрын дайындалып, грунт(төсем) жасауды қажет етеді. Төсемді әр
түрлі жолмен жасайды. Желім, май толтырғыш. Яғни, төсемді желім немесе
эмульсия деп екіге бөледі. Желім грунтына желім, желатин, мүсәтір спирті,
ақ бор, эмульсия, желім бор қосады.
Төсенішке байланысты кенептің сапалы жағы кәрінеді. Оған пайдаланылатын
желімнің түрлеріне де көп байланысты. Суретші сол себептен қандай желімнің
құрамында не болуы керек екенін білуге міндетті. Ең жақсы желім балық
желімі (осетра, белуен). Балық желімінің үстіне су құйып, 12 сағат
ұстайды. Кейін суды төгіп тастап, ісінген желімнің үстіне 15 бөлік су
құяды. Су мен желімді араластырып, оттың үстіне қойып қыздырады. Бірақ
қайнауға дейін жеткізбеу керек. Ең дұрысы су құйылған ыдысқа желім
араластырған ыдысты қойып қыздырған дұрыс. Желім дайын болған соң дәке
арқылы желімді сүзіп, дайындайды.
Ақ желатин (ас желатині, фото-желатин) ең жақсы желім есебінде төсенішке
пайдаланылады. Су құйып, ісінгеннен кейін сол сумен отқа қойып, қайнату
керек (1 бөлік, 15 бөлік су құяды). Ағаш желімін басқа желім жоқтықтан амал
жоқтан пайдаланылады (1 бөлік, 20 бөлік су).
Казеин желімін пайдаланып, төсеніш жасауға болады. Оны дайындауға белогы
бар зат қосылады. Бұл желім майлы бояумен жұмыс істеуге өте тиімді. Желімді
мұздай не ыстық суда еріте алмайсың. Ол үшін құрамын нашатыр спиртін қосу
керек (1 бөлік, 15 бөлік су 0,4 нашатыр-спирті). Содан кейін жақсылап
араластырып, су құйылған ыдысқа салып ысытады. Бірақ қайнатпау керек. Дәке
арқылы жақсылап сүзіп, жұмысқа пайдалануға болады.
Дайындалған желім флейц арқылы кенептің үстіне жағылады. Бірінші қабат
жағылған желім кепкеннен кейін екінші рет желім мастихинмен жағылады.
Бірінші жағылған желім жіптерді жабады. Кенеп кеуіп болған соң оның кейбір
жерлерінен жіп және басқа заттардың шығуы мүмкін. Оны тазалау үшін ысқыш
қағаз, зімпара қағазы қолданылады. Бірақ кенепті құртып алмас үшін өте сақ
болуды талап етеді. Кейін щаңсорғышпен немесе киім тазалайтын щеткамен
қалған жерлерді тазалап, екінші рет желім жағу керек. Көбіне, екі рет
қайтара боялған желім жеткілікті. Кенептің тесіктері кәрінбей, жақсы
жағылуы тиіс. Артық желім жағып, қою желім жасамаған дұрыс. Жақсы, дұрыс
жасалған төсеніш кенептің фактурасын бұзбайды. Кептіру үшін бөлменің ішінде
кептірген дұрыс. Пешке қойып тез кептіруге тырыспаған жөн. Себебі желімнің
жұқа қабығы жарылып, жұмыс зая кетеді. Желім жағылған кенеп кепкеннен кейін
арнаулы дайындалған төсеніш жағылады. Үйде дайындалатын төсеніштердің неше
түрлері болады. Ең жеңілі желім төсеніш. Төсеніш желімді дайындағандай
глицерин және пентахлорфенолят натрий қосады. Төрт немесе алты бөліктен
мырыштық ақ бояуды біртіндеп желімнің қосындысына қосады. Арнаулы
араластыратын ағашпен қосындыны жақсылап араластырып, қою қорытындыны
(төсеніш) дайындайды. Ал бояудың ұнтағы болмауы керек. Төсеніш фленцпен
болмаса щеткамен жағылып, тегістеледі. Бірінші төсеніш кепкеннен кейін
екінші қайтара жағылады.
Желімді төсеніш қарапайым, кемшілігі майлы бояумен жұмыс істегенде,
құрамындағы майды сорып алып, жұмыс күңгірт тартуы мүмкін. Кейінгі кездерде
эмульциялық төсеніш көп пайдаланылып жүр. Ол өте тиімді. Эмульциялық
төсеніш жасау, өте күрделі, дайындығы қиын жұмыстырдың бірі. Бұл төсенішті
дайындау үшін желім қорытындысын қыздырып, жылы қалыпқа келтіру керек.
Содан кейін қосындыны жақсы араластырып, бір жұмыртқаның сары уызын қосады.
Қосындыны жақсылап араластырып, қою түрге айналдырып барып, оған әбден
ұнтақталған бор, ақ бояу немесе гуаш, темпера қосады. Осылай дайындалған
төсенішті жылытып, кенептің бетіне жағады. Бірінші жағылған төсеніш
кепкеннен кейін, екінші, үшінші қайтара жағып, кенептің бетін тегістейді.
Төсенішті екі не төрт апта жақсы желдетілген, сыз емес бөлмеде ұстайды.
Жаңа бастап жүрген жас талапкер төсеніш жасаудың жеңіл түрін үйренгені
дұрыс. Ағаш желіміне үгітілген борды қосып, араластырып, оған қорғасынды-
мырыш ақ бояуын қосады. Дөңгелек қылқаламды алып, араластыру арқылы
біріккен қосындыны алады. Егер ақ бояуды көп алып қойса, скипидар қосып
араластыру ұсынылады. Осы төсенішпен екі қайтара желім жағылған кенептің
бетін тегістейді. Төсеніш толық кепкеннен кейін екі ай ұстау керек. Төсеніш
кескіндеменің ең керек құрамы. Ол сапалы болып шықпай, еш уақытта жұмыс
жақсы жағынан кәрінбейді. Кенеп өте сапалы болып, төсем өзінің рецептімен
жасалса, кенеп көп жылға шыдайды.
Майлы бояумен жұмыс істегенде, бояуды үйлестіргіш заттар: зығыр,
жаңғақ, көкнәр майы. Бұл бояудың көптеген құнды жақтары бар. Біріншіден
оңай ериді, әрі қалың, қою етіп жағуға қолайлы. Жұқа жаққанда астыңғы бояуы
кәрініп тұрады. Кепкен кезде түс-реңін өзгертпейді. Майлы бояумен салынған
картиналарға кепкеннен кейін, бояудың ашықтығын арттыру үшін лак жағады.
Лак шыныға ұқсайтын жұқа, мөлдір қабыршық құрайды. Пайдаланатын лактар:
мастика, даммара, акрил-пісте. Лакты қылқаламмен не бүріккішпен жағады.
Жұмыстың бетіне жағылатын фисталикті, акрил-фисталикті, ретушты лактар
қалың жағылған бояу сіңіріп, түрін жоғалтпас үшін пайдаланылады.
Қазір өндірісте шығарылатын майлы бояулар зығыр майына ерітіледі.
Біртіндеп сары түрге ауысады. Бұндай әсіресе ашық бояуларда көрінеді.
Сондықтан кейінгі кездерде пентамасляндық бояулар шығарыла бастады. Олар ақ
мырышты, қорғасынды, марганец-кадмийлік боялар. Жасыл алтын, жасыл
марганец, көк кобальт, жасыл ашық кобальт, жасыл қою (суық) хром – жасыл
көк кобальт, жасыл-көк хром-кобальт. Эскиз бояулар эскиз жасауға, дайындық
жұмыстарға пайдаланылады. Құтыдағы жұлдыздар нені білдіреді? Бұл жұлдыздар
бояудың құрамындағы түрлі-түстің мықтылығын көрсетеді. Мысалы үш жұлдызды –
жоғары сапалы бояу. Екі жұлдызды – орташа сапалы бояу. Бір жұлдызды – төмен
сапалы бояу болып есептелінеді. Сонымен қатар сыртында бояудың қай уақытта
шығарылғаны жазылады. Негізінде майлы бояудың өзінің уақыты үш жыл. Сол
себептен бояуды сатып алар кезде осы қасиеттерін есте ұстағнымыз жөн.
Еріткіш қоспалар өзінің атқаратын міндеттеріне байланысты бірнеше
түрлерге бөлінеді. Атап айтар болсақ бірінші қоспа эскиздік майлы бояумен
жұмыс істегенде, театр декорациясын жасағанда, сәндік жұмыстарда
қолданылады. Екінші қоспаның құрамында уайт-спирит болғандықтан эскиздік
майлы бояуды ерітуге, кисті мен палитраны жууға пайдаланылады. Тағы бір
қоспаны майлы бояу мен лактарды ерітуге пайдалануға болады. Себебі ол
бояуға қосқанда сарғыштанады. Бірақ бір кемшілігі бояуды жылтыр өңінен
айырады. Бояуларды аузын жауып ұстау керек.
Кескіндемемен жұмыс істегенде әр түрлі қылқаламдар пайдаланылады.
Қылқаламның жалпақ болғаны дұрыс. Ұсақ бөліктерін жасағанда жіңішке, жұмсақ
қылқаламды қолданады. Сонымен қатар жұмыс істегенде бірнеше қылқаламды әр
бояуға жеке-жеке пайдаланған дұрыс. Жұмыс аяқталғаннан кейін қылқаламды
сабынмен, кір жуғыш ұнтақпен, бояуы кеткенше жуып, тазалап, керосин
құйылған ыдыста ұстау қажет. Қылы ыдыстың түбіне тимеуі керек. Жұмыс
істейтің құралдың әр уақытта таза болғаны дұрыс.
Суретшінің жұмыс істер кезде пайдаланатын құралының бірі – палитра.
Палитра жұқа тақтайдан жасалатын, арасына бес бармақ сиятындай етіп
жасалатын жұмыс құралы. Палитра бояудың майын сорып алмас үшін олифті
жақсылап сіңіріп, кептіреді. Жұмыс істеуге ыңғайлы болуы үшін палитра тәр
бұрышты немесе доңғалақ болып келеді. Әр суретшінің өз палитрасы болады.
Палитрадағы бояуларды пайдалану арқылы олар өнер туындыларын жасайды. Жұмыс
аяқталғаннан соң бояудың қалдығын мастикамен тазалайды. Жұмыс құралдарының
қатарына мастика мен масленка жатады. Мастиканы майлы бояуды қалың жағу
үшін пайдаланады.
Суретші палитрасы жұмыс істейтін тақта емес, болашақ туындысына
пайдаланар бояулары. Суретші палитрасы әр түрлі болады. Әркім әр түрлі
бояуларды пайдаланады. Біреуі 10-15 бояу, кейбіреуі одан да көп түрін
пайдалануы мүмкін.
Жас суретші жұмыс бастардың алдында бояуларды қалай пайдалану
керектігін жақсы игере білу керек. Әр бояудың өзіндік ерекшеліктерімен
жетік танысқаны дұрыс. Алғашқы кездерде ақ бояулардан, ашық охрадан және
күйдірілген сүйектен тұратын палитрадан бастаған жөн. Біраз
жаттыққаннанкейін, бояудың екі түрін қоса отырып, жұмысты жалғастыруға
болады. Осындай ерінбей жұмыс істеудің нәтижесінде көп нәрсеге қол
жеткізуге болады. Сонымен қатар әр бояудың ерекшеліктерін жақсы түсінеміз.
“Толық палитра” дегеніміз суретшінің өз қалауымен пайдаланатын бояулар. Әр
суретшінің өз техникасы бар. Олар өз қалауларымен палитрада әр түрлі
сандардағы бояуларды пайдаланады. Шебердің жұмыс істеуіне байланысты өте
ашық бояуларды қолдануға еліктей бермеген жөн.
Кейбір бояулар араластырғанда тұрақсыз болатындықтан, түссізденіп,
бояу қабатының өзгеруі мүмкін. Берік және тұрақты бояулар: охра, қалампыр,
умбра, жасыл топырақтар, кобальт, хром тотығы, көк жасыл, марс. Тұрақсыз
бояулар: лимон кадмийі, стронций, берлин көкшіл бояуы, газ күйесі, шам
күйесі. Қара бояу – тұрақты бояу. Жақсысы – күйдірілген сүйек, жүзім бояуы.
Суретші жұмысында палитрадағы реттілік елеулі орын алады. Бояулар белгілі
бір ретпен орналасуы керек. суретшілер бояуды палитраға өздерінің қалауы
бойынша орналастырады. Бояуды палитра бетіне орналастыру реті мынындай:
спектірлік түстер ақ бояу сол жаққа, топырақ түстес бояу мен қара бояу оң
жаққа. Реттілік, суретші үйренгеннен кейін әдетке айналып, жұмысты еркін
істеуге дағдыландырады.
Жұмыс шеберханасында суретші арнайы мольберт жасайды. Ол картинаны
алдына қоятын, сурет салуға дайындалған арнаулы ағаш құралы. Мольбертті
қолдан жасап алуға да болады.
Табиғат аясында жұмыс істегенде арнаулы ағаш қобдиша (этюдник)
пайдаланылады. Онда этюд жазғанда пайдаланылатын бояулар, картон, май,
көмір және т.б. сақталатын бөлшектер бар. Алып жүруге өте ыңғайлы, аяғы
бар.
Қазіргі уақытта суретшілер жұмыс техникасын өз қалауларынша
ойластырады. Жұмыс барысында қылқаламның ізін жасырмайды. Кей суретшілер
өзіне керек реңді дайындап алып, батыл қалың жағуы мүмкін. Заттың түсін,
түрін, көлемін бірден көрсетіп, дәл жеткізбейді. Мұндай шеберлікке жету
үшін, үлкен тәжірбие қажет.

майлы бояудың кенепқа сіңіп кетуіне әсер етеді. Сол үшін кенепті кергенде
арнаулы тістеуік пен степлер пайдаланған жөн.

кенеп күні бұрын дайындалып, грунт (төсем) жасауды қажет етеді. Төсемді әр

белгілі. Майлы бояумен кескіндеме жазудың екі түрі болады. Бірінші әдісі
“Алла прима” тәсілі. Бұл әдіспен суретші жұмысын бір немесе екі-үш сеанста-
ақ аяқтап үлгереді. Кескіндеме жазу барысында ең алдымен “Алла прима”
тәсілін қолданғанда мына методиканы сақтағаны жөн. Ол үшін ең алдымен
натюрморт немесе портрет, пейзаж жазар болса бір уақытты белгілеп алғаны
дұрыс. Жазылу уақыты бір немесе біржарым сағаттан аспау керек. Осылай үш
рет қайталай отырып, аяқтауға болады. Жазу барысында зығыр майын қолданса
құп. Ол үйткені баяу кебеді. Ал “Алла прима” үшін жұмысты аяқтағанша
бояудың, әр қабаттың келесі қабатты жүргізгенше кеппегені жақсы. Сол үшін
бір жазғанда немесе үшінші жазу қабатында аяқтап үлгерген дұрыс. Сонда
картина өзінің таза, жас бейнесін сақтайды. “Алла прима” тәсілінде суретші
табиғаттағы бояуларды палитрада тауып, кенептегі керекті жерге дәл қоя білу
керек. Және де кеңістіктегі өзіне жақын нүктеден бастап, қашықтықтағы
нүктеге дейінгі кеңістікпен тонды палитрада бояуды бір-біріне араластыру
арқылы тез табылады. Ал кескіндеме үшін бояудың әрін дәл тапқанда ғана жаны
кіре бастайды. “Алла прима” тәсілі бойынша жазылған картинаның ерекшелігі
оның ойнақы орындалуында. Және де суретшінің еркін, ойнақы жазуының
арқасында шығарма әсерлі де әдемі сезімді қозғар тазалығы болады. Егер
кескіндеме осы тәсілмен жазылғанда табиғаттағы бояуды төгілдіріп кенепке
жазса ғана картинадан күй төгіліп тұрады. Бұл бояудың құдіреті.
Табиғатта жұмыс істеу. Суретшінің табиғатта істеген жұмыстарын этюд деп
атайды. Табиғат көріністеріне қарап жұмыс істеу,онын ерекшелігін зерттеп,
кескіндеменің материалдарын, оның технологиясы мен техникасын игеруге
үйретеді.
Жұмыс үстинде табиғат құбылыстарын түсіне,оны бойындағы бар қанық
түспен ашып көрсете білу,суретшіден үлкен талант пен шеберлікті талап
етеді.
Ол үшин суретші,озін қоршаған ортаны жақсы түсіне білуі керек. Әр зат
адам түсіне білмейтін қасиетімен ерекше.
Соны көре біліп, кенепқа түсіру, шебердің өзіндік ерекшелігі.
Төңіректегі заттарды зерттеу арқылы неше түрли композициялық шығармалар
жазуға болады.
Этюдта жасалған жұмыстар,табиғаттан тікелей әсер алу. Сондықтан да
салынған сурет өте дәл, анық болғаны дұрыс.
Жұмыс жасағанда салынатын этюдтин композициясын белгілеп алган жөн.
Суретші пейзаждың кай бөлігі этюдка кіретінін, жер, орман, аспан жане
басқаларды қалай орналастыратынын анықтап алғаны дұрыс.
Этюд күн жарығына өте байланысты, сондықктан уақытты дәл көрсету үшин,
жұмысты 1,5-2 сағатка жылдам істеуге үйрену керек. Жарықтың өзгеруінен
бүкіл картина басқаша реңк алады.
Кейбір сурешілер этюдты ұзақ салғанды жаксы көреді. Бірінші сеанста құр
суретін салады.2-ші сеанстан жалпы бояуды жағып шығады. Үшінші сеанста ар
бөліктермен жұмыс істейді. Кейде бирнеше этюдтарды қатар жазатын суретшілер
де кездеседі. 10-15 минутта шағын көлеміндей етіп салынатын этюд
Нашлепка деп аталады. Ол табиғаттың құбылыстарын дер кезінде ұстау үшін
жасалатын жұмыс.
Этюд салғанда қатынастарды салыстыра отырып, бірден алу шарт.
Түрлі құбылыстарды көрсете отырып,бір көріністі бірнеше рет салу қажет. Бұл
уақытта дәлме-дәлдікпен түс, ренің өзгеруін, суретшінің дөп бере білуіне
көп көмегін тигізеді. [22; 24б]
Салынған этюдтарды қатар-қатар қойып, рең, түстің уақытына байланысты
өзгеруін анық байқауга болады.
Қыстыкүні майлы бояумен жұмыс істеу үшін,түтіктегі майды сығып алып,
скипидарга мастика,даммара лагын қосады. Бояуды қайақтың сұйығындай етіп
ерітіп, қайта түтікке құяды.Жұмыс кезінде бояуды еріту үшін таза авияциялык
бензин колданылады. Еріту жұмысы біткеннен кейін, бензин буланып ұшып
кетеді. Жұмыс істегенде қылкаламды көбирек пайдаланған дұрыс, әйтпесе аязда
тез қатып калады.
Этюд суретшінің шеберлігін арттырады. Жақсы шебер болу үшін ерінбей
енбектену керек. Әр жазған еңбегіңнің керек жерлерін кейін картина жазғанда
пайдалануға үйренгенін, сенің өз ізденісін, өнердегі өрлеуіне көп көмегін
тигізеді. Ұзақ еңбек пен ізденістердің арқасында ғана өнер адамдары ұлы
еңбектер тудырған.
Қай белгілі суретшінің жұмыстарын алсақ та, ондаған этюдтардың,
ізденістердің арқасында жеткен.
2. Майлы бояумен көктем көрінісін салу
Педагогика ғылымыньң күрделі бір саласы-халық педагогикасын кай жағынан
алып қарасақта,оның мақсат-мүддесі адам баласын, жақсылыққа жеткізу.
Халық педагогикасының алдына койған мақсатының бірі-ел арасына кеңінен
тараған табиғат қорғауға байланысты халық дәстүрлерін педагогикалық
тұрғыдан жан-жақты зерттеп, жүйеге келтіріп, жас ұрпақ тәрбиесінде
пайдалану.
Ұрпақты туған жерін, өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің келешегі
үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде халық
арасында кең тараған табиғат қорғау дәстүрінің маңызы зор.
Табиғат қорғау дәстүрлері- сан ғасырлар бойы халқымыздың еңбектенуінің
арқасында өмірге келген асыл қазына. Бұл дәстүрлер - халықтың ақыл-ойының
жемісі.
Дипломдық жұмысымызда майлы бояумен көктем көрінісін салу арқылы
табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге шақырумен қатар, оқушыларға майлы
бояумен сурет салудың әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында сабақ жоспарын
ұсынамыз.
Сабақтың тақырыбы: Майлы бояумен көктем көрінісін салу
Сабақтың мақсаты:
а) Қазақстандағы танымал талантты туындыгер, суретшілермен таныстыру,
олардың туындылары жайлы мағлұмат беру, көктем көрінісін бейнелеуде
оқушылардың назарына бұл мезгілдің басқа кезеңдерге қарағанда түстің
шешімдерін, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
ә) Оқушылардың эстетикалық талғамын, өнерге деген қызығушылығын
қалыптастыру. Еңбексуйгіштікке тәрбиелеу.
б) Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылылықтарын арттыру.
Шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Танымал қылқалам шеберлерінің туындылары,
шығармалары. Атақты суретшілердің порттері. Өнер туралы нақыл сөздер
жазылған плакат.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ;.
Сабақтың әдісі: Талдау, сараламандық жұмыс.
І. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа
қатысуын қадағалау. Сыныптың тазалығына тексеру, құрал-жабдықтарын тексеру.
Балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ: Балаларды жаңа сабаққа қызықтыру мақсатында, оларға үйден
дайындап әкелген суретшілердің туындыларындағы бейнеленген суреттері мен
тақырыптарына сараптама жасап, талдау жасаймын. Шығармалардағы бояу
реңдеріне, қандай бояумен орындағаныңа көріністерін аударамын. Олардың
әсерлерін толықтыру үшін танымал суретшілердің өмірбаяныңан үзінді
келтіремін.
Табиғаттың жеке бөлшектерін салып үйрену арқылы табиғат көрінісін тұтастай
бейнелеуге дағдыланады. Әр түрлі сипаттағы табиғат бөлшектерін салмас
бұрын, оларды бүтін зат ретінде көріп тану керек. Табиғатты бакылап, оның
ең басты көріністі таба білу алғашқы ықпалы болып табылады .
Табиғат көрінісін бейнелеуде алғашқы әсерді есте сақтап,
дәл көрсету - оқушы үшін табылмайтын асыл қасиет.
Табиғат әуенін іздеуде көптеген суретшілер табигат
аясында жүріп, сурет салуды ұнатады. Ол-барлық суретшілерге тән нәрсе.
Табиғат пен адам егіз үғым деген пікірді ұлы суретші Леонардо да Винчи
сурет салудың негізі технологиясы және адам кейіпін салу оны түспен шешу
т.б. техникасы қарастырылады. Әрбір сабақтан жұмысты бастамастан бурын
бірінші жобалық эскизін қарындашпен шешіп берілген композициясын тақырыбына
сай бектп болғаннан соң әр түрлі техникада орындау ең бірінші суретпен
байланысты екені анық.
Пейзаж - коршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейне түрде көрсету.
Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді әсерлі, нақты
береді. Алғашқы табиғатты бейнелеуде суретшілер де табиғатты ғажайып
әсемдігімен, шындығымен бере білген.
Суретші О. Таңсықбаевтың Алма ағашы гүл жарғанда атты шығарманы қарап
көрелік. Бұл шығармамен сендер бастауыш мектеп қабырғасынан жақсы таныс
болғансыңдар. Суретші мұнда өзіні бақылауын және алған әсерін нағыз
табиғилықпен бере білген. Суретшінің шығармасына тағы да көңіл аударып,
назар салып қараңдаршы. Суретші кескіндемеде әр түрлі түс пен жарықтың
түрлері шебер бере білген.
Бұл суретке карап тұрып, суреттің жазықтык бетінде орындалғаның ұмытамыз
да, кәдімгідей әсем бақ ішінде жүргеніміздей сезінеміз.
Қараңдаршы, суретші қандай сезімталдықпен, қандай сенімме көктемгі ауа
кеңістігін бере білген.
Егер сендер өздеріңді коршаған ортадағы заттар мен бұйымдарды коңіл бөліп
бақыласаңдар, бізден алыс тұрған заттар кішірейіп көрінеді. Бірақ оны сурет
аркылы беруде қоршаған ортадағы перспективалық өзгерістерді ұзақ бақылау,
оның шығу нүктесі арқылы бейнелей білу үлкен біліктілікті кәжет етеді.
ІІІ. Сарамандық жұмыс: балалар әртүрлі бояуларды қолдана отырып өз бетінше
көктем көрінісін салуға кіріседі. Сурет салуда балаларға алыс, жақын,
ортада, үстінде, жаныңда деген сияқты ұғымдарын қалыптастыратын
перспектива заңдылықтарын түсіндіріп, олардың сақталуын бақылаймын. Орындау
барысында балаларға кездесетін қиындықтарды жоюға көмектесемін. Басқа
сыныптың балаларының салған суреттерін көрсете отырып, олардың жүйелі жұмыс
жасап, жақсы жетістіктерге қол жеткізуін қадағалаймын, жаңа сабақ
бекітемін.
ІV. Үй тапсырмасы: Қылқалам шеберлері туралы мәлімет жинап келу.
ІІ. КӨНЕ ЕУРОПА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2.1. Италия
ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар өнерлері Қайта өрлеу дәуірі өнерінің дәстүрлерімен
тығыз байланыста дамиды. Суретшілер антикалық тақырыпқа қайта оралып,
ежелгі Греция мен ежелгі Рим тарихы мен мәдениетін тереңірек қамтуға
ұмтылады. Алайда Қайта өрлеу шеберлері өздерін антик дәстүрлерінің тікелей
мұрагерлерімен оның жалғастырушысы ретінде сезінсе, ал XVII ғасыр шеберлері
үшін ежелгі мәдениеттің қол жетпес қиялға айнала бастауы. Сол кездегі
заманауи өмірдің мінсіз еместігін өткір көрсетеді. Сонымен бірге Қайта
өрлеудің бесаспап данышпандарымен салыстырғанда XVII ғасыр шеберлері бір
жанр төңірегінде жұмыс істеуге саналы түрде барады. XVII ғасырда итальян
өнерінің байырғы беделі төмендеп, сол уақытта бірқатар Еуропа елдерінде
итальян өнерінен еш кем түспейтін өзіндік ерекшелігі бар ұлттық көркем
мектептер пайда болады. Дегенмен, олардың маңызды түпкі бастамалары мен
ұстанымдары бәріне ортақ болып келеді. Солардың бірі өнерлердің синтезі.
Яғни ол әртүрлі өнерлердің өнерімен бірегей туынды жасау тәжірибесі.
Бұл ғасырдың өнерінде Италия, Испания, Голландия, Франция елдеріндегі
ұлттық көркем сурет мектептерінің қалыптасып, дамуымен бірге тарихы мен
көркемдік дамуының жаңа сатысы болып қарастырылады. Бұл кезеңнің
суретшілерінің шығармашылығында өмірді бүтіндей және тереңінен қабылдауы өз
көрінісін тапқан. Сәулет өнері мен мүсін өнері бір-бірімен үзіліссіз
байланыста болады. Өмірдің шындығын кеңінен көрсету ұмтылысы XVII ғасыр
өнерінде әртүрлі жанрлардың тууына өзіндік әсерін тигізеді.
Бейнелеу өнерінде дәстүрлі мифологиялық, діни жанрлармен қатар тұрмыстық,
пейзаж, портрет, натюрморт жанрлары өз үлесін табады. Қоғамдағы күрделі
қарым-қатынас, әлеуметтік фес, әртүрлі көркемдік көзқарастағы бағыттарды
тудырады. Осының алдыңдағы тарихи кезеңдердегі өнерде біртектес өнер
түрлері дамығаны бізге белгілі, олар: роман готика, қайта өрлеу дәуірі
өнерлері.
Еуропада XVII ғасырда екі жаңа стиль қалыптасады, олар, барокко мен
классицизм стильдері. Барокко өнері өмірдің шынайы қозғалысы мен өзгерісін
анықтаумен қатар, өмірдің кездейсоқ айнымалы күштерін де анықтайды. Барокко
өнерінің ең биік шыңы иррационалдық, мистикалық көзқарасқа, құпиялылыққа
әкеледі. Ол өзінің драмалық күшімен экспрессиялық пішіндерімен көрермен
қиялы мен сезімін жаулап алады. Екінші, классицизм стилінде керісінше
рационалдық негізге сүйенген. Бұл жерде классицизм көзқарасынан алғанда
әдемілік тек тәртіппен орналасып, жан-жақтың бәрі үйлесімді болу керек
деген тұрғыдан беріледі. Аталған стильдер көркем шығармашылықтың барлық
түрін қамтиды, олар: әдебиет, музыка, театр, сәулет және бейнелеу өнерлері.
Жалпы, осы екі қарама-қарсы бағыт не дегенмен бір елдің өнерінде, тіпті бір
суретшінің шығармашылығында қатар келіп отырады.
XVI ғасырдың ортасынан бастап XVII ғасырдың соңына дейін Италия өнерінің
дамуына контрреформация ықпалын тигізеді. Контрреформация католик дініндегі
саясат пен мәдениеттегі реформацияға қарсы бағытталған қозғалыс. Оның ең
басты қаруы діндегі басқа көзқарастағылармен күресуге бағытталған мемлекет
билігіне бағынбайтын шіркеу соты - инквизиция болады. Бірақ протестанттық
көзқарастың Еуропада кеңінен таралуын байқаған көреген шіркеу қызметкерлері
протестанттарды қуғындамай, католицизмнің ұстанымдарын насихаттауға
шақырады, яғни ол үшін адамның рухани тәрбиесінің жаңа жүйесін
қалыптастыруды ұйғарады. 1555 жылы Рим папасы IV Павел христиандық негізгі
догматтарды (парыз, негізгі қағида) адам санасы дінді тек қана мистикалық
көзқараспен қабылдауын яғни діннің, адам басқа дүниемен тікелей байланыс
жасайды деген түсінігі арқылы қабылдауын жариялайды. Ол құдай алдыңда адам
өз күнәсін мойындап, жан-тәнін құдай күшіне бағындырып және сол арқылы
ақиқатты танып, құдай жолына түсу қағидасы.
XVI ғасырдың сексенінші жылдары қалыптасқан барокко стилінің негізін осы
діни ой-идеялар құрап және оның негізгі нақыштарын айқындайды. Стильдің
эмоционалды мәнерлілігі, көлемділігі мен қозғалысқа толылығы, композиция
шешімінің күрделілігі көрерменді ерекше бір рухани көңіл-күйге жетелейді.
Барокко итальян тілінен түсініксіз, таңғаларлық деп аударылады. Стиль
атауы, стильдің шығуынан біраз уақыт кейіннен пайда болып және оның негізгі
терең мағынасын аша қоймайды.
Итальян сәулет өнерінің айқын нақыштары XVII ғасыр Рим ескерткіштерінде
нақты көрсетілген. Оның ең басты ерекшелігі, барокко өнерінің бірегей
ансамбль құру ұмтылысы, яғни осы стиль әр дәуір құрылыстарын сәулеттік
біртұтастыққа біріктіреді.
Барокко стилінің ең бірінші үлгісі 1575 жылы иезуит монахтары орденіне
арналған Иль-Джезу шіркеуі, оның авторлары Джакомо Бароцци да Виньола (1507-
1573) және Джакомо деллаПорта (1537-1602).
Шіркеу жобасының негізгі бөлігінің авторы Виньола сәулет өнеріндегі
күмбезді базиликалық әдістік пішініне жүгінеді. Базилика (грек тілінде
патша үйі дегенді білдіреді) - тік төртбұрыш пішінінде жобаланған
ғимарат, ішкі кеңістігінде неф деп аталатын көлденең бағаналармен және
тігінен тұрғызылған колонналармен ұзыннан бөлінген бөлігі. Джакомо делла
Порта ойластырған Иль-Джезу шіркеуінің қасбетінің композициясы да өте
қызықты. Шебер ғимараттың қасбетіне күрделі әрі қайталанбас мәнерлілік
келбет береді. Кейіннен бүндай барокко стиліндегі көркемдеу түрі көптөген
шіркеулер мен ғибадатханалар үшін жиі ұшырасатын жағдайға айналады (осы
құрылыстарға қатысты иезуиттік стиль деген термин қолданысқа кіреді).
Шіркеулік барокко сәулет өнеріне, негізгі үш шебер өздерінің орасан зор
үлесін қосады, олар: Карло Мадерна, Франческо Борромини және Лоренцо
Берніңи.
Карло Мадернаның (1556-162) өміріндегі ең басты ісі Қасиетті Петр
шіркеуінің қайта құру жобасын жүзеге асыру болды.
Ұлы Микеланджело кезеңіндегі. Қайта өрлеу дәуірінде түрғызылған негізгі
ғимараттың батыс жағынан үлкен жапсар-жай қосып, шіркеуді орталықталған
пішіннең созыңқы базилика пішініне айналдырады.
Карло Мадернаның шәкірті Франческо Борромини (1599-1667), өз уақытында аса
көп құрылыс түрғызбайды. Шебердің негізгі жобалары Римдегі Навон алаңындағы
Сант-Аньезе (1653-166) сарайы, Рим университетінінің ауласындағы Сант-Иво
(1642-1660) ғимараты және Сан-Карло алле Куатро Фонтане (1634-1667) кешені.
Сан-Карло шіркеуі әдеттегі барокко құрылыстарына тән емес, көлемі жағынан
кішкене болып келген ғимарат екі көшенің қиылысында орналасқан. Ғимараттың
әр бұрышында төрт су бұрқағы мен мүсіндік топтамасы орналастырылған.
Шіркеудің атауы да осы көрініспен тікелей байланысты.
XVII ғасырда Италияда көптеген сарай ансамбльдері түрғызылады. Барокко
шеберлері қала сыртындағы саяжайлық құрылыстар мен қалалық құрылыстар
нақыштарын үштастырып отыруға тырысады. Бұндай әдіс-тәсілдің айқын үлгісі -
Барберини (1625-1663) палаццосы (сарайы). Ғимарат құрылысын Карло Мадерна
бастап, Борромини мен Берніңи аяқтайды. Алғаш рет кіреберіс жағынан
салынған салтанатты аула ғимаратты қалалық ансамбльмен біріктіреді. Сөйтіп,
сарай қала келбетімен байланысты бола тұра, сәулет өнері мен табиғат
үйлесімділігін таба білген өзінше жеке әлемді құрайтының көреміз. XVII
ғасыр Италия өнерінде Лоренцо Бернциден басқа жан-жақты талантты шеберді
табу қиын. Оның жан-жақтылығы Қайта өрлеу кезеңінің үлы шеберлері тәрізді
сәулет өнері мен мүсін өнерлерінде өз көрінісін табады. Бернци Неаполь
қаласында суретші, әрі мүсінші отбасында дүниеге келеді. Шебер жиырма бес
жасында үлкен атаққа ие болып ең бастысы Римде жұмыс істей бастайды.
Берніңидің кемеліне жеткен алғашқы туындысы Давид (1623). Библияның айтуы
бойынша қой бағушы бақташы бозбала Давид (болашақ иудей патшасы)
иудейлермен соғысқан филистимиляндардың ең күшті әекери сарбазы алып
голиафты жекпе-жекте жеңіп шығады делінген.
Қайта өрлеу кезеңіндегі Донателло мен Микеланджело сомдаған Давид мүсін
бейнелері қайталанбас өнер шоқтығы болып саналады. Бірақ Берніңи кейіпкерді
сомдауда өзінің жаңаша көзқарасын алып келеді. ШеберДавидтіңнақты жекпе-жек
үстіндегі бейнесін көрсетеді. Оның кейіпкері діңамикаға, психологиялық
эмоцияға негізделген. Лоренцо Берніңи туындыларында өзіне ғана тән Қайта
өрлеу дәуірі шеберлеріне белгісіз әдіс-тәсілдер көптеп кездесіп жатады.
Мәселен мүсінші кейіпкердің тек қана ішкі көңіл-күйін емес, сол сияқты оның
іс-әрекетінің ең бір өзекті сәтін ұстап қалуға көбірек көңіл бөлген. Яғни,
бұл жерде бейнелер күрделене түскен.
XVI ғасырда Микеланджело мәрмәр тастың табиғи фактурасын сақтауға тырысқан
болса, Берніңи әр тасты әрлеп отырып, оның түрлі түсті болып ойнауына дейін
қол жеткізген. Мүсінші бейненің жіңішке де нәзік тұстарын өте бір
шеберлікпен жеткізіп отырады. Ол мата фактурасы, көздеріндегі жалынды от,
адам дене бітімінің сезімділігі мен сұлулығы тәрізді тұстары.
Шебердің шамамен 1632 жылдары орындалған Шипионе Боргезенің портретінде
бейненің түр-келбетінің қатаңдығы мен өктемдігін көреміз.
Сондай-ақ, Берніңи өзінің сүйіктісі Констанция Буонарелли (шамамен 1635)
бейнөсін қарапайым, ешқандай әшекейсіз, шашын жайып жіберген қарапайым
күйде бейнелеген. Бірақ нақ осы сәттің өзі екеуара жақындықты, нәзіктік пен
бейненің күш-қуаты мен жарқындықты көрсетеді.
ХVІ -ХVІІ ғасырлар ширегінде мәдениет пен өнердегі жалпы өзгерістерге
байланысты кескіндеме өнерінде академиялық бағыт пайда болады. Оның негізгі
ұстанымдарын италиядағы ең алғашқы Болондық академия көркем мектебі
қалыптастырады. Бұл мектептің негізін қалаушылар ағайынды Лодовико,
Агостино және Аннибале Карраччилер болып саналады. Осы кездегі өнерде
пайда болған маньеристік бағыттың өкілдері жалпыға арналған көркем
идеалдар жоқ және болуы мүмкін еместігін алға тартады. Суретші өзінің
туындыларын шеберханалық ережелермен шектелмей, шабыт арқылы жарыққа
шығарады деп есептейді. Төлтуманы оның техникалық орындалуымен бағалауға
болмайтының суретшінің тек бояулар арқылы композициядағы барлық ойластырған
мақсатына жете бермейтіндігін айтады. Сондықтан шеберлікке үйрену ең
маңызды іс еместігін басты орынға қояды.
Академия болса, бұл көзқарасқа толығымен қарсы шығады. Ағайынды Карраччилер
сұлулық идеалын ең бірінші антикалық өнерден Қайта өрлеу дәуірі өнерінен
және олар үшін ең негізгісі Рафаэль шығармашылығынан іздеу керектігін
дәлелдеп бағады. Академияда негізінен техникалық шеберлікке үйрену
жаттығуларына көңіл бөледі. Оның жоғары деңгейі, ағайынды Карраччилер тек
қана қылқалам әдіс-тәсілінің менгерілуінің шеберлігінде ғана емес, сонымен
бірге білімділік пен ой-сананың тереңдігіне байланысты деген пікір айтады.
Осы орайда, академия бағдарламасына: тарих, мифология және анатомия
теориялық курстары енгізіледі.
Болондық академистердің ең алғашқы жұмыстары Аннибале және Агостино
Карраччилер өздерінің бірнеше шәкірттерімен 1597-1604 жылдар аралығында
бірігіп орындаған Римдегі Фарнезе палаццодағы (сарайындағы) Овидийдің
Метаморфоз шығармасына жазылған фрескалар.
Шеберлердің көркемдеуінде Микеланджелоның монуплен-талдық кескіндемесінің
тигізген әсері байқалады. Бірақта, ағайынды Карраччилердің жұмыстарының
айырмашылығы, бірінші орында кескіндемедегі абстракгты сұлулық тұрады, яғни
ол суреттегі барлық ережелердің сақталуы. Түстік қатынастың салмақтылығы
мен композицияның анықтығын сақтап, мазмұннан гөрі пішіннің мінсіз болуына
көбірек көңіл бөлінеді.
Академистердің алғашқы буын түлектерінің ішінде Гвидо Рени (1575-1642),
Доменикино (1581-1641) және Гверчино (1591-1666) үлкен атаққа ие болады.
Кескіндемешілер туындылары техникалық орындауының жоғары деңгейімен
ерекшеленеді, бірақ сол кезде жұмыстарының салқын эмоционалдығымен
тақырыптарының үстірттігін байқауға болады. Алайда шеберлердің
әрқайсысы өздерінің қайталанбас нақыштарымен қызықтырады. Сонымен, болон
академистерінің шығармашылықтары қаншалықты кереғар болғанымен кескіндеме
өнерінің дамуында өте маңызды роль атқарды. Ағайынды Карраччилер енгізген
суретшілерді дайындау принциптері, осы күнге дейін жеткен академиялық оқу
жүйесінің негізін құрайды.
XVII ғасыр Италия кескіндеме мектебінің көрнекті қылқалам шебері
Микеланджело Меризи да Караваджо. Көбіне Караваджо есімімен белгілі. Өз
кезеңіндегі талантты қылқалам шеберінің тағдыры трагедіяға толы. Мінез-
құлқы өте қызба суретші жиі дуэльдерге (жекпе-жек) қатысатын болған деп
айтылады. Сондай бір дуэльдердің бірі қарсыласының өлімімен аяқталады.
Өмірінің соңғы төрт жылы заң алдыңда жауап беруден қашумен өтіп, қиындық
пен қайыршылықта қайтыс болады. Шебердің туындылары замандастарының әртүрлі
ой-пікірін туғызады. Біреулері таңғалып қызықтаған болса, кейбіреуі
жақтырмай, қатты ашуға дейін баратын болған делінеді. Бірақ суретшінің
туындылары ешкімді бей-жай қалдырған емес.
Караваджо Италияның солтүстігіндегі Ломбардия провинциясында дүниеге
келген. XVI ғасырдың соңында бұл өңірде венециандық кескіндеме мектебінің
айқын эмоционалды мәнерлілік дәстүрлері мен шығармашылық еркіндігіне
ұмтылған маньеризм бағыты кеңінен дамиды. Осының бәрі, шебердің
қалыптасуына өзінің әсерін тигізеді.
1590 жылдары шамасында Караваджо Римге келіп мұнда 1606 жылдарға дейін
тұрады. Бастапқы кезде сол заманда үлкен сұранысқа ие болған суретші Чезари
де Арпинаның шеберханасында натюрморттар орындайды. Жас суретшінің Бокал
үстаған Вакх (шамамен 1593) туындысында, Қайта өрлеу дәуірінің сүйікті
антикалық кейіпкері.әдеттегідей көрсетілме-гек Суретші оны жағымсыз
кейіпкер ретінде көрсетуге тырысады. Ол оның бүкіл жағымсыз әдеттеріңтіпті
тырнағының астындағы кірге дейін мұқият жазады. Яғни, Караваджоның
көрсетуінде Вакх жігерсіз,әлжуаз,күнәһәр адам бейнесінде сомдалады. Де
Арпиноның шеберханасынан кеткеннен кейін суретшінің тақырып ауқымы кеңейіп
тереңдей түседі. Қылқалам шеберін енді библиялық сюжеттер көбірек ойлантып
және осы тақырып төңірегінде жұмыс істей бастайды. Суретші оларға тыптасқан
көзқарастарға кереғар, жаңаша, өз түсінікгемесін іруге тырысады. Мысалы,
Қайта өрлеу дәуірі кезеңінің суретшілері мифологиядағы жас иудей қызы
Юдифь. ассириялық әскербасы Олофернның басын алып,өзінің халқын құлдықтан
іқтап қалған патриот, батыр кейіпкер ретінде берілсе, Сараваджоның Юдифь
және Олоферн (1599) туындысында асі өлтірген трагедіялық сәтке алғаш рет
көңіл бөліп, оқиғаның Кайғылы жағын ашып көрсетөді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz