Конституциялық құрылыс түсінігі ретінде мемлекет тірегін, оның конституциялық мемлекет сипатын қамтамасыз ететін негізгі қағидаларын танимыз


МАЗМҰНЫ
ТАРАУ 1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК БӨЛІНУ ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНДА БЕКІТІЛУІНІҢ МӘҢІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Мемлекеттік билік теорияларының қалыптасу тарихы . . . 5
1. 2 Қазақстан Республикасының Конституциялық
құрылысындағы мемлекеттік билік бөліну
қағидасының бекітілуі . . . . 14
1. 3 Мемлекеттік билік бөліну қағидасының Қазақстан
Республикасының тәуелсіз, құқықтық, демократиялық
мемлекет ретінде қалыптасуына тигізетін әсері . . . 19
ТАРАУ 2 МемлекетТік билік органдарының құзіретініҢ Қазақстан Республикасының КонституцИясында бекІТІЛУІНІҢ сипаты мен ерекшелІКТері
2. 1 Билікті бөлу жүйесінде Қазақстан Республикасы президентінің
алатын орыны . . . 37
2. 2 Мемлекеттік билік органдарының коституциялық-құқықтық
мәртебесі . . . 43
2. 3 Билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік және
тежемелі жүйенің Қазақстан Республикасының
Конституциясында бекітілуі . . . … 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ҚолданылҒан Әдебиеттер тІзімі . . . 63
І ТАРАУ Мемлекеттік билік бӨліну теорияларының Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысында бекітілуінің мӘні мен маңызы
1. 1 Мемлекетік билік теорияларының қалыптасу тарихы
Биліктің бөліну қағидасы - кез келген мемлекеттегі саяси биліктің үлгісін анықтайды және де саяси құқықтық қағидалардың біреуі ретінде танылады. Егер саяси ғылым тұрғысынан қарасақ билік бөлу қағидасы билік олимпиясында саяси күштердің орналасуының негізгі факторы болып саналады, ал заң ғылымында - мемлекеттік биліктегі жоғарғы органдардың қарапайым және тұрақты қалыптастыруды қамтамасыз етудің ең қажетті жағдайы болып табылады.
Қазақстандағы конституцияның дамуы құқықтық мемлекеттің қалыптасу идеясын 1990 жылғы 25 қазан айындағы - мемлекеттік егеменділік туралы декларациясында атап өткен. Осыған басты қағиданың бірі болып мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдарына бөлінуін білдіреді. Сол себептен Республикамыздың құқықтық мемлекет болып қалыптасуы, осы идеяның қалыптасу табиғатына пара пар келеді.
Әр елдерде құқықтық мемлекет қалыптастыру проблемаларын, соның ішінде Қазақстанды құқықтық мемлекетке айналдырудың өз ерекшелігі бар.
Егер нақты проблеманы алға қоя отырып бұрынғы көзқарастарға сүйенсек онда биліктің бөлінуі құқықтық мемлекеттің атрибуты ретінде өзінің дамуын Ш. Л. Монтеськенің теориясында бастау алады. Яғни, ол билік пұрсатын теріс пайдалануды әр түрлі биліктердің бір бірін тыю үшін - заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп үш билік түріне бөледі. Осыған орай ол ескеру жасады: «Егер заң шығарушы және атқарушы орган бір мекеме немесе бір тұлға болып қосылса, онда еркіндік болмайды». Келесідей себепте де еркіндік болмайды егер сот билігі атқарушы мен заң шығарушы биліктен бөлінбесе [1. á. 5] .
Осыдан келе биліктің бөліну принципі құқықтық мемлекет қалыптастырудағы конституциялық құрылыс сипатына біршама әсерін тигізеді. Билік бөлу қағидасын жүзеге асыру құқықтық мемлекет қалыптастыруға аяқ басудың белгілі бір кезеңін көрсетеді. Нақты айтып отырған қағида және басқалары да конституцияда бекітілген. 1995 жылы қабылданған конституцияға сәйкес билікті - Парламент, үкімет және сот билігін Жоғарғы сот басқарды. Сондай-ақ Президент осы үш биліктің үстінен қарап отыратын гарант ретінде болады.
Қазақстан тарихында бірінші рет тепе-теңдік тежемелік жүйе негізінде, билік бөлінуден тұратын, екі палаталы парламент құрылды. Мемлекеттік билік- жоғарғы билік болып табылатындықтан, ол барлық қоғамға, қоғамдық билік формаларына тарайтын және осының арқасында біртұтас жүйе ретінде дамуды айтады. Кез келген мемлекеттік билік ұйымдастырушылық үлгіде жүзеге
асырылады. Соңғылардың жиынтығы мемлекеттік билік механизімін құрады.
Қоғам күшті болып табылатын билік тұлғалардың еріктерімен құрылмайды. Ол тарихи әділ даму нәтижесінде туындаған. Біздерге тарихи адамзат өмірінің билікпен күш көрсетусіз мысалын бермейді.
Сонымен билік бөліну теориясы дегеніміз - билік жүйесінде немесе құрылымында мемлекеттік жоғарғы органдардың ара қатынастарының механизмінде концептуалды орнығуы, ал бөліну қағидасының өзі практика негізінде жүзеге асқан, яғни, биліктің функциялануы бір біріне тәуелсіз мемлекеттік басқару органдарымен жүзеге асырылады.
Ең бірінші биліктің бөлінуіне түсінік берген XVIғ. Италияның мемлекеттік қызметкері Н. Макиавелли және француз заңгері Ж. Боден. Қоғамдық билік қиын құбылыс болып табылғандықтан оны бір жағынан субъект және объект, ал екінші жағынан басқару механизмі және биліктің қайнар көзі құрайды. Субъектілерге байланысты билік мемлекеттік, партиялық, профсоюздік, армиялық жанұялық және тағы басқа болып бөлінеді. Өзінің органдарының функцияларына байланысты билік төмендегідей топтастырылады: заң шығарушы, атқарушы және мемлекеттегі сот билігі.
Субъект және объект билігінің өзара қатынас тәсілі: демократиялық, социалистік, авторитарлық, тоталитарлық және тағы басқа болып белінеді.
Билік бөліну принципін XVIIIғ. бірінші жартысында, яғни феодалдық абсолютизмнің гүлдене бастаған кезінде Француз философы және құқықтанушы Ш. Монтеськенің теориясына негіздеген. Бірақ бұған дейін Дж. Локк пен Помибийдің еңбектерінен билік бөлу қағидасы туралы тұжырымдамаларын көруге болады. Рим империясының мемлекеттік құрылымы билік бөліну негізінде құрылған. Осыған сәйкес Монтеське франциядағы феодалдық және корольдің шексіз билігін талқылап буржуазиялық демократия орнатқысы келді. 1748ж. “Дух Законов 1” деген шығармасында биліктің үш түрі қаралған: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Ш. Монтеське биліктің бөлінуін, олардың функциялары арқылы емес, қоғамдық күштердің саяси бостандықты орнату жолындағы бөлінуі арқылы жүзеге асырылатынын айтып өтті. Оның айтуы бойынша «заң шығарушы және атқарушы билікті бір тұлғаның қолына немесе мекемеге шоғырландырса, онда бостандық болмайды деп есептейді және де оның айтуы бойынша Сенат және Монарх екеуі бірігіп тирандық заң қабылдайды және оны дәл сондай тирандық түрде қолданады. Сонымен қатар сот билігі де заң шығарушы, атқарушы биліктен бөлінбесе онда бостандық болмайды. Егер сот билігі заң шығарушы билікпен біріксе онда адам өмірі мен бостандығы тәркіленуге әкеп соғады немесе сот заң шығарушы билікті иемденіп кетеді. Егер сот билігі атқарушы билікпен біріктірілсе онда сот қолданушы болуға мүмкіндік алады[2. á. 6] .
Монтеськенің «Дух законов» шығармасында үш билік тармағын бөліп жазған, сонымен қатар бір біріне тәуелсіз және тең. Ең жоғарғы билікке бағынушылық болу керек. «Билікке қиянат етушілік болмау үшін, биліктің әр түрлі бір бірін тежеп отыратын жағдайда болу керек», - деген өзінің еңбегінде
Ш. Монтеське[3. á. 6] . Осыған байланысты мемлекеттік билікті бір адамның қолына шоғырлану идеясын жоққа шығарған. Әрбір мемлекеттегі билік органдарының (заң шығарушы, атқарушы және сот билігі) әрбіреуі өз беттерімен және бір бірінің жұмыстарына араласпай жұмыс істей алады. Билік бөлу компетенциясының бір вариянты «тепе-теңдік, тежемелік жүйесі», яғни әрбір билік бір-бірін жан-жақты қадағалауға және бір-бірін тежеуге мүмкіндік бар деген сөз.
Жоғарыдағыдай мемлекеттік билік механизмі АҚШ мемлекетінде функционалды түрде жүзеге асырылады, бұны мемлекет басқарудағы классикалық топқа жатқызады. Екінші тобы мемлекеттік биліктің бір тармағының жоғары тұруын қадағалайды, яғни заң шығарушы биліктің жоғары тұруы. Бұл вариант Англия мемлекетіне тән.
Биліктің меңгерілуі халық дербестігіне негізделеді. Бұл қазіргі кездегі көптеген мемлекеттер Конституциясында бекітілген. Осыған байланысты заң шығарушы билік заңдар қабылдайды, атқарушы билік оның орындалуын қадағалайды, ал сот билігі құқыққа байланысты туындаған дауларды заң шығарушы органдармен қабылданған заң арқылы шешеді. Енді әрқайсысының функцияларына жеке тоқталайық.
Заң шығару билігі тез арада құрылған жоқ. ХYIIғ. соңына қарай әр түрлі мемлекеттердегі заң шығару жиналыстары монархтармен бірге салық пен басқару сұрақтарын шешуде тең дәрежеде болды. Англиядағы абсолютизммен парламент жақтарының, жоғарғы биліктің кімнің қолында болу керектігінен дауласу нәтижесінде 1649ж. Король Карл I кезінде азаматтық соғыстың басталуына себеп болды және соғыс аяғы өлім жазасымен аяқталды. Дәл осы уақытта Англия философы Дж. Локк «Трактат о государственном правлении» шығармасында парламенттің монархиядан жоғары тұрғанын жазған. 1689 жылы Вильгельм Оранский Англияда Конституциялық монархия орнату туралы жарлыққа қол қойған.
Биліктің толығымен үш тармаққа, яғни заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінуі ХYIIIғ. аяғына қарай АҚШ, Франция және тағы басқа елдердің конституцияларында бекітілген.
Қазіргі кездегі жаңаша көзқарастарға сүйенсек бұл билік тармағына мынандай түсінік береді:
Бұл билік мемлекеттік биліктің негізгі құрама бөлігін құрайды, яғни заң және тағы басқа құқықтық актілерді қабылдау қызметінің негізгі аясы болып табылады. Осыған байланысты заң шығару билігінің ең маңызды міндеттерінің бірі - ол жаңа заңдар шығару мен оларды өңдеу. Сонымен қатар қолданылып жүрген заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу және белгілі бір жағдайда олардың күшін жою құқығы берілген. Заң шығару билігі өзінің қызметін мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырады. Бірақ олардың жұмыс шеңбері әрбір мемлекеттің конституциясымен шектелген және өз құрамына белгілі бір арнаулы өкілеттіктермен белгіленген мемлекеттік билік органдарын кіргізеді. Билік бөлу қағидаларына сәйкес құрылған қазіргі кездегі
демократиялық мемлекеттерде, заң шығару билігі дауыс беру арқылы құрылған мемлекеттік өкілетті орган болып табылады. Заң шығару билігіндегі парламент
мемлекеттегі жоғарғы орган болып табылатындықтан - ол ішкі құрамы күрделі, көп функциялы және белгілі құрылымдағы саяси мекеме.
Кей мемлекеттерде болсын заңның орындалуын құқықты атқару билігіне берген, яғни Президент пен Үкіметке. Бұл жағдай Великобритания мен Даниядағы құрылысқа сәйкес келеді. Бұнда заң шығару билігі парламент пен монархқа тән. Бұндай құқық Нидерландыда - король мен парламентке, ал Финляндияда - президент пен парламентке берілген. Заңның парламенттен тыс қабылдануы ол тікелей бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданған жағдайда, яғни референдум арқылы қабылданған жағдайда мүмкін. Мысалы, қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. 30 тамызда референдумда қабылданды.
Заң шығару бастама құқығына иеленуге кім құқылы? Бұндай құқықты иеленушілер конституцияда белгіленгендей өкілетті тұлғалар мен белгілі бір шеңбердегі органдарға берілген. Президенттік мемлекетте заң шығару құқығына парламент ие. Мысалы, Бұндай мемлекет қатарына АҚШ пен Финляндияны жатқызуға болады. Парламенттік мемлекеттерде, яғни Германия мен Италияда заң шығару құқығына Парламент және Үкімет мүшелері құқылы. Ал бізде Қазақстан Республикасында заң шығару құқығына - Парламент депутаттары, Үкімет және тек қана міндетті түрде Мәжілісте жүзеге асады. Заң шығару бастамасының құқығын Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады (61 б. 1 тар. ) .
Парламент кей жағдайларда бір палаталы және екі палаталы болады. Бір палаталы парламентте тікелей сайлау арқылы қалыптасады және өкілдердің құқықтық қағидасымен сипатталады. Ал екі палаталы парламенттер: қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым екі палаталы парламент жүйесінің бір палатасы (оны көбінесе төменгі деп атайды) көбінесе халықтың тікелей сайлауы арқылы қалыптасады. Қарапайым екі палаталы парламенттің екінші палатасы «өкілеттік принципі» қағидасы негізінде құрылады[4. 8] .
Екі палаталы парламент дербес билікке ие. Дербес дегеніміз - ол әр бір палата бір-біріне тәуелсіз және де олардың палата жиналыстары бөлек-бөлек өтеді. Бұның барлығы конституцияда белгіленеді.
Қазақстан Республикасы конституциясының 53 бабына сәйкес бірлесіп өткізілетін жиылыстары мен сұрақтар шеңбері бірлесіп өткізілетін жиналыстарда қаралады. Билік бөліну жүйесіндегі заң шығару билігі дербес құрама бөліміне жатады. Сонымен қатар оның қызметі басқа билік тармағымен тығыз байланысты, бірақ оның қызыметін тепе-теңдік және тежемелік жүйе механизмі арқылы шектейді. Оның өкілеттілігі кей мемлекеттерде, мысалы Францияда конституциялық соттың бақылауында болады, ал Қазақстан Республикасында ондай өкілеттілік Конституциялық Кеңеске берілген.
Билік бөліну қағидасының екінші тармағы - атқару билігі. Атқару билігін -
Үкімет жүзеге асырады. Оның заң шығару билігінен айырмашылығы мемлекеттік басқару жүйесінде үнемі әрекет етіп тұрады және де қабылданған заңдар мен шешімдердің барлық мемлекет территориясында жүзеге асуын
қамтамасыз етеді.
Атқару билігінің жеке сала болып белінуі ХYII ғасырдың аяғы ХYІII ғасырдың басына қарай жүзеге аса бастады. Бірақ биліктің бөліну тармағының заңды түрде қолданылуы 1787 жылы АҚШ конституциясының қабылдануы және 1789 жылы Францияда қабылданған «адам және азамат құқықтарының декларациясы» және 1791 жылғы Конституциясы әсер етті. Президенттік басқару жүйесінде атқару билігінің басшысы Президент болып табылады. Биліктің Үкіметтік жүйесі бір-бірінен заң шығарушы органдарға тәуелсіздік жағдайынан ғана емес, сонымен қатар сол мемлекеттің формасына байланысты болады: Унитарлы, федеративті және консервативтік.
Біздің мемлекет унитарлы мемлекет құрамына жатады. Унитарлы мемлекет дегеніміз - мемлекет және ұлттық мемлекет құрылысының біртұтас ажырағысыз үлгісін айтады және де мемлекет тек әкімшілік территориялық бөліністерге бөлінеді. Бұндай мемлекеттер қатарына Великобритания, Франция, Италия және Қазақстан мемлекеттерін жатқызуға болады[5. 9] .
АҚШ президентінің негізгі функцияларын қарап шығайық. АҚШ-та президент барлық Америка халықтарын атап көрсетеді және халық атынан сөйлейді. Басқа бірқатар мемлекеттерде монархтар атқаратын көптеген рәсімдерді орындайды. Президент Конгреспен қабылдаған заңдардың қолданылуына ғана жауапты емес, сонымен қатар заң шығарушылық өкілетінің көбісін иемденген. Конгресс атқарушы билікке заңдарды қолдануда және талқылауда үлкен өкілеттіктер иелігіне берген. АҚШ конституциясы бойынша АҚШ президентіне заң шығару бастама құқығы берілмеген. Осыған байланысты Президент тек қана мемлекет символы ғана емес, сонымен қатар оған үкіметті басқарудағы ең жоғарғы басшы болып табылатын құқық берілген. Ол заң шығарушы билік алдында жауапты емес, ол керісінше атқарушы билік пен заң шығарушы билікті байланыстырушы және қоғамдық құқықтық тәртіптің және заңдылықтың кепілі болып табылады.
Атқару билік түсінігі біздің елімізде Совет Үкіметі уақытында жиі қолданылмайтын. КСРО-дің конституциялық құрылымында атқару билік туралы айтылмаған. 80 жылдары аяғымен 90 жылдардың басында бұл түсінік ғылыми әдебиеттерде де публисцистикада да кеңінен қолданыла бастады. Ақырында бұл түсінік 1993 және 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында ашылуын және бейнеленуін тапты. (1993ж. Канституциясының 14 тарауы және 1995ж. Конституциясының 5 бөлімінде) .
Қазақстан Республикасында Президенттік биліктің 7 жыл пайда болған уақытында түбегейлі өзгерістерге тап болды. Ең бірінші өзгерістер 1990-1991 жылдар аралығындары өзгерістер еді. Бұл уақыт аралығында Совет және Компартия биліктерімен байланысты болған уақыт аралығы. Ал екінші 1991 - 1993 жылдарда Президент билігі Совет билігімен байланысты болған уақыт
аралығы.
1995 жылғы Конституция тек Президенттік билік ету үлгісін ғана жариялаған жоқ, сонымен қатар компитенциясын бекітті. Президент статусы бойынша екі тармақ билігіне қатысы бар: парламентке және үкіметке. Ал Қазақстандағы жағдайға байланысты Президент ешқандай билік тармағына қатысты болмайды. Ол барлық билік тармақтарының арасындағы келісімдік функциясын атқарып отырады[6. 10] .
Н. А. Назарбаев: «Мемлекет басшысының статусы басқарудың президенттік формасы шегінде билік тармақтарының астында бола тұра арбитраждық функциялармен белгіленіп, соның күшімен мемлекеттік емес органдардың биліктерінің келісімді функциялануын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанда қоғамның экономикалық және саяси дамуына жақсы жағдайлар жасайды» - деп жазған[7. 10] .
Барлық айтылған мәселелерді қорыта отырып келгенде демократиялық мемлекеттегі атқарушы билік дегеніміз ол - мемлекет билігіндегі үш тармақтың біреуі болып табылады. Сонымен қатар ол өзінің қызметін жеке дара жүзеге асыруы және заң шығару, сот билігімен әрқашанда тығыз байланыста. Атқару билігінің орны мен ролі Конституцияда және тағы басқа мемлекеттердің құқықтық актілерінде бекітілген. Заң шығару биліктің міндеті заң қабылдау болса, ал атқару билігінің міндеті заңдардың уақытылы және нәтижелі орындауымен қолданылуын қамтамасыз ету және қадағалау.
Қазіргі заман жағдайына байланысты атқару билігінің жүйесі горизонтальді және вертикальді күрделі құрылған мемлекет организм. Атқару билік жүйесінің барлық элементтері конституциямен негізделген өкілеттілікке, көлемге, мазмұнға ие, сонымен қатар өзіндік ерекшеліктері мемлекет басқарудың және мемлекеттік құрылым үлгілерінің әр түрлі болуымен байланысты.
Сот билігі. Кез-келген мемлекетте маңызды функцияларды сот билігі жүзеге асырады. Биліктің бұл үшінші тармағы мемлекет механизмінде және тепе-теңдік тежемелік жүйеде маңызды ролге ие. Кез-келген соттың ролі, құқық туралы дауларда арбитр екендігмен анықталады. Сот билігі тек заңға сәйкес дау немесе конфликт туындаған уақытта ғана емес, сонымен қатар субъектілердің ешқайсысы өзі істеген істеріне судья бола алмайтын уақытына әрекет етеді. Бұл - сот функциясы. Сот билігінің ең негізгі белгіленген міндеті ол заңдардың орындалуын бақылау және жалпы құқық жүйесін қорғау, сақтау болып табылады.
Сот билігінің екінші қажетті функциясының бірі ол - әділ сотты жүзеге асыру, қоғам қажеттілігін қамтамасыз ету, шындықты орнату және құқықтық дау туған жағдайда қолдану. Сонымен қатар биліктің үш тармағының позициялары бір-біріне қарама-қарсы болған жағдайда қолданылады. Сот билігінің құқықтық шындығы айтылғанды, үш жүзінде кез келген мемлекетте заң шығарушы және атқарушы биліктер дербес және тәуелсіз соттардың болуын қаламайтындығын ескеру керек. Сот билігі барлық жағдайларда тәуелсіз және мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен тең болуы керек. Сонымен қатар тежемелік рольді орындауы керек және заң шығару, атқару билігін заң бұзушылықтан сақтап және шектеп отырады. Адам өзінің құқығын тек бір ғана механизм арқылы жүзеге асырады - ол сот жүйесі арқылы. «Адам құқығы Президент, әкім немесе министр қорғамау керек оның құқығын қорғауды тек кана Сот жүзеге асыруы тиіс. Өйткені әрбір азаматтың құқығын қорғаушы орган»- деп жазды Н. А. Назарбаев[8. 10] .
Ш. М. Монтескьенің айтуы бойынша: «сот билігі кез-келген мекеме иеленбеуі керек. Сот құрамына халықтың арасынан заңда көрсетілген тәсілмен жылдың белгілі бір уақытында сайланған адам енеді. Ал сотталушыға судьядан бас тарту құқығы беріледі», - деген[9. 11] .
Совет үкіметі тұсындағы және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алғашқы жылдарындағы соттардың жұмыс практикасы кәсіпкерлік дамуды шешпеді. Меншік қарым қатынасын дамытпады және нағыз тәуелсіз судьялардың болмауы заңдардың орындалмауына әкеліп соқты.
Бұның барлығы ақырында сот жүйесінің қосылуына әкеліп соқты және де судьяладың статустары заңды түрде белгіленді. Соттық корпустың құрылуына Жоғарғы Сот Кеңесінің, квалификациялық коллегияның және әділет басқармасының басты ролі бар.
Конституциялық заң бірінші рет Конституциялық Кеңес органын құрды. Бұл орган бұрынғы Конституциялық Сот органының орнына келді. Конституциялық Кеңестің негізгі міндеті Конституциялық заңдылықтың орындалуын қадағалайтын бірден-бір үйлесімді органның моделі болып табылады. Ол тек қана қабылданатын заңдардың конституцияға сәйкестігін қадағалап қана қоймай елдегі барлық заң актілерінің сапалы болуына қосымша сүзгі ретінде қызмет етеді.
Биліктің бөліну қағидалары абсолюттік емес, олардың жүзеге асырылуы мемлекеттік құқық үлгілері ұлттық әдет-ғұрыптарға байланысты және нақтылы әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайларға байланысты болады. Биліктің бөліну қағидасы негізінде құрылған мемлекет механизмін қарауды қорытындылай келе құқықтық ұйымдастырушылықтың қасиеттерін келесідей түрлерде ұйымдастыруға болады:
1. Бірыңғай билік тәуелсіздігіне - халық ие.
2. Толығымен барлық мемлекеттік билік - заң шығару, атқару және сот билігін қадағалайтын орган жоқ.
3. Үш мемлекеттік билік тармақтарының және оларды жүзеге асыру мемлекеттік органдардың тәуелсіздігі салыстырмалы.
4. Тепе-тендік және тежемелік жүйелері әрбір мемлекеттік билік органдарының билігін тежейді және биліктің қандай да бір билік түрінің маңайында жиналуына кедергі жасайды.
Бұл нормативтік механизмдер Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген. Осы бойынша биліктің үш тармағы бір жағынан бір-бірімен тығыз ынтымақтастықта, ал екінші жағынан тежемелік механизмнің болуы, яғни конституцияда белгіленгендей бір-біріне қол сұқпаушылықтары[10. 11] .
1. 2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысындағы мемлекеттік биліктің бөліну қағидасының бекітілуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz