Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының қалыптасуы мен зейнетақы реформалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ: ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ, ҚАРАЖАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТТАРЫ . . .

1. 1 Зейнетақы қорларының мазмұны мен нарықтық экономикадағы алатын ролі . . .

1. 2 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының қалыптасуы мен зейнетақы реформалары . . .

1. 3. Зейнетақы қорларының атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктері . . .

2 ҚР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН «МЕМЛЕКЕТТІК ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ» АҚ- НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . .

2. 1 ҚР-ғы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау . . .

2. 2 «Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ-на жалпы сипаттама . . .

2. 3 Қордың активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымын талдау . . .

3. ҚР ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . .

3. 1 Зейнетақы қорларын дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері . . .

3. 2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Аннотация

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұымыстың мәні, мақсаты және өзектілігі жазылған.

Дипломдық жұмыстың негізгісі болып үш бөлім табылады.

Бірінші бөлімде зейнетақы қорылардың қалыптасу көздері, қаражаттарды пайдалану бағыттары мен зейнетақы қорларының мазмұны мен нарықтық экономикадағы алатын ролі туралы жазылған.

Екінші бөлімде «Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ-ның 2010-2011 жылдардағы қаржылық жағдайына және ҚР-ғы зейнетақы жүйесіне талдау жүргізілген.

Үшінші бөлімде ҚР зейнетақы қорларының даму мәселелері және оны шешу жолдары зейнетақы қорларын дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері ұсынылған.

Қорытындыда жұмыстың барлық жалпылығы жазылған.

Дипломдық жұмыс 4 графикалық кестеден тұрады.

Аннотация

На дипломную работу по теме «Пенсионный фонд: источник формирования, направления использования средств» (на материалах ЖФ АО «ГНПФ») . Дипломная работа состоит из введения, трех частей и заключения.

В введении указаны актуальность выбранной темы, цели и задачи дипломной работы.

В основную часть дипломной работы входят три главы. В первой главе проводятся теоретические аспекты, раскрывающие понятие и значение роль пенсионных фондов, источник формирования, направления использования средств и их роль в рыночной экономике.

Вторая глава дипломной работы посвящена анализу финансового состояния АО «ГНПФО» за 2010-2011гг. В данной главе рассматриваются характеристика и анализ баланса АО «ГНПФО» и пенсионной системы РК.

В третьей главе рассмотрены опыт зарубежных стран пенсионных фондов и пути развития деятельности пенсионных фондов РК.

В заключительной части приводятся обобщения по всей дипломной работе.

Дипломная работа содержит приложения листов, графический материал состоит из 4 слайдов.

КІРІСПЕ

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: « . . . іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Жолдауда көрсетілгендей зейнетақы мөлшерін ұлғайту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру көзделген. Ол үшін қазіргі таңда елдегі жинақтық зейнетақы жүйесін дамыту арқылы бұл мақсаттарға қол жеткізуге болады.

Қазақстанда нарықтық реформалардың нәтижелілігіне қарамастан, халықтың зейнетақылық қамтамасыз етілуі қазіргі талаптарға сай емес. Қазақстан үшін зейнетақылық қамтамасыздандыру реформасы 1998 жылдан басталады. Айта кету керек, зейнетақы реформасының негізгі принциптері жалпы алғанда дұрыс анықталған. Реформа бастапқы сатыда оң нәтижелер әкелді: зейнетақыны кешіктірмей беру және зейнетақыылық қамтамасыз етуде жағдайдың тұрақтануы. Бірінші рет зейнетақы жарналары екі негізгі функцияларды атқара бастады - салымшылардың нақты зейнетақысын көбейту және мемлекеттің экономикасын инвестициялау. Нақты зейнетақы жарналарының көлемін халықтың мемлекеттің экономикасын дамытуға салымдары ретінде есепке алу керек, себебі жинақтық жүйенің зейнетақы жарналары мемлекеттік бюджетке түспейді, ол капитал нарығының дамуына бағытталады.

Зейнетақы реформасын жүргізуде көптеген нәтижелермен бірге, әдістемелік қателіктер жіберілді, соның салдарынан нарықтық жағдайға қазіргі зейнеткерлердің зейнетақылық қамтамасыз етілуі толығымен бейімделмеді және мемлекеттік бюджеттен автономдық ала алмады.

Зейнетақы реформасының бастапқы концепциясы тежеуленді. Бірінші және басты қателік - 1998 жылы бірынғай әлеуметтік салықты еңгізу болып табылады, себебі ол да қосылған құн салығы мен табысқа салық қатарына түсіп

кетті. Бүгінгі күні осы институттың радикалды трансформациясы қажеттілігінде проблема туындап тұр. 1998-2006 жылдарда зейнетақылық қамтасыз етуде басты кемшілік ол максималды зейнетақы проблемасы болып табылады. Ол зейнетақы көлемі бойынша жоғары емес және азаматтардың еңбегін толық есепке алмайды.

Қазіргі таңда мемлекетте үлкен құрылтайшылар иленген жинақтық зейнетақы қорлары қызмет көрсетуде. Мұндай қорлардың нәтижелілігі құрылтайшылардың жағдайларына тәуелді. Сондықтан, қосымша зейнетақылық қаматамасыз етілуге үлкен кәсіпорындар, қаржы-өнеркәсіп топтар мен банктердің жұмыскерлерінің ғана мүмкіндігі бар.

Қазіргі кезеңде зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінен түсетін табыстың төмендеуі байқалып отыр. Оның басты себебі қор нарығында қаржы құралдардың жетіспеушілігінен туып отыр.

Осы қалыптасқан жағдайда жинақталған активтерді тиімді қолдануын ұйымдастыру қажеттілігі туып, бір жағынан халықтың зейнетақы жинақ көзінің нақты өсуі ретінде болса, екінші жағынан маңызды әлеуметтік халық шаруашылық міндеттерді шешу ретінде қарастырады.

Әлеуметтік бағытталған мемлекетте экономика халықтың өмір сүру деңгейін көтеруіне, сыртқы ортаны қорғауға, материалдық, әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы керек.

Әлеуметтік сфераның дамуы экономиканың қызмет етуіне әсер етеді. Осыған орай тұрақты экономикалық дамуына жету үшін Қазақстанға әлеуметтік сфераға инвестиция қажет. Әлеуметтік салаға салынған инвестициялар экономикалық тиімді болып, шығындар көлемі, қаржыландыру көлемі және табыс алу қатынасын оптималды болатынын болжамдайды. Экономикасы әлеуметтік бағытталған дамыған мемлекетті ынталандыру шетел инвестициялардың ағымын көбейтіп, халықаралық қоғамда оның рейтингісін көтереді.

Жоғарыда айтылғанға сай бұл кезеңде сауатты мемлекеттік инвестициялық саясат қажет. Оның негізгі міндеттері экономика субъектілерінің арақатынасын реттейтін ережелерді әзірлеу мен қолдау шараларын жүргізу болып табылады. Экономиканың тиімділігі қоғамның әлеуметтік -экономикалық күтімі мен өндірістік, қаржылық инвестициялық ресурстары келістірілетін экономикалық саясат жүргізуіне байланысты.

Экономикалық тетік арқылы еліміздің Президентінің «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауына сай мемлекет экономикалық субъектілерді басқару керек.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінде тиімді инвестициялау мәселелерін зерттеу тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету соңына дейін аяқталмаған болатын. Қаржылық институттармен экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, инвестициялау процесінің белсенділігі төмен болғандықтан, республикадағы тұрақты экономикалық дамумен қамтамасыз ету төмен болады.

Зейнетақы активтерін орналастыру мәселелерінің күрделігі әсерінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуы үшін мемлекеттік тетікті пайдаланып, инвестициялық белсенділікті реттеу, тақырыптың таңдалуына себеп болып, дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалды

Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттің ұлттық экономикасын модернизациялау барысында зейнетақы жүйесін қалыптасу деңгейін бағалау және зейнетақы активтерін экономикалық нақты секторларына инвестициялау механизмдерін жетілдіру.

Берілген мақсатқа сай жұмыста мына міндеттер шешіледі:

-жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздерін ашу;

- Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы жүйесінің құрылымы мен қазіргі жағдайын талдау, экономиканың әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатымен оның қалыптасу және даму ерекшелігін анықтау, Қазақстандағы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін талдау арқылы бұл саладағы негізгі мәселелерді шешу;

- зейнетақы жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру үшін ұсыныстар беру.

Зерттеудің объектісі - «Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ.

Ақпараттық негіз болып Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты заңдық және нормативтік актілері, статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талдау материалдары, ҚР Президенті Назарбаев Н. Ә. Казақстан Республикасының халқына жолдауы, ҚР Қаржы министірлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі мәліметтері алынды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, колданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ: ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ, ҚАРАЖАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Зейнетақы қорларының мазмұны мен нарықтық экономикадағы алатын ролі

Жинақтық зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) - бұл контрактілі-сақтаушы типтегі қаржылық институттары болып табылады, олар ұзақмерзімді контрактілерге сәйкесті салымшылармен төленетін зейнетақы жарналардың негізінде халықтың сақталатын ақша қаражаттарын тартады. ЖЗҚ-ның ерекшелігі - олар еңбеккке қабілеттілігін жоғалту барысында адамдардың материалдық және әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Зейнетақылық жарналардың салымшылары белгілі бір жасқа келгеннен кейін табыс көзқайнарын қалыптастыру мақсатында зейнетақы қорларының қарыздық міндеттемелерін сатып алады.

Зейнетақы қорлардың дамуы корпорациялардың жоғары маманданған жұмыс күшін тартуға ұмтылысы есебінен пайда болды. Зейнетақы қорлары - жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің орнына зейнетақы міндеттемелерін шығаратын қаржылық мекеме. Зейнетақы төлемдері- зейнетақы төлемдері үшін халықтың, фирмалардың, мемлекеттің салымдары.

Зейнетақы қорларын құрудың негізгі мақсаттары бағалы қағаздарға зейнетақы жарналарын инвестициялау есебінен жұмыскерлерге төлемдер жасау болып табылады. Зейнетақы қорлары сенімгерлік компанияларға, коммерциялық банктерге немесе сақтандыру компанияларына берілу мүмкін. Мұндай сақтандыру қоры сақтандырылмаған деп аталады. Бірақ корпорациялар сақтандыру компаниялармен келісім жасау мүмкін, яғни сақтандыру компаниялар зейнетақы төлемдерін қабылдап, зейнетақы төлемдерін беруді қаматамасыз етеді. Ондай сақтандыру қоры сақтандыратын деп аталады.

Зейнетақы қорларындағы пассивті операциялардың негізі корпорациялардың, кәсіпорындардың, сонымен қатар бүкіл түсімдердің 20-30% құрайтын жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналары болып табылады. Жарна үлесі түрлі корпорациялар, кәсіпорындар және мемлекеттер бойынша ауытқиды. Корпорация қуаттырақ әрі байырақ болған сайын, жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналар үлесі аз болады. Зейнетақы қоры капиталының жинақталу ерекшелігі кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің, қызметкерлердің ұзақ мерзімге өмірді сақтандыруға кеткен жарналарының сомаларынан құралады. Зейнетақы қорлары ұзақмерзімді ақша қаражаттарын иемденеді және оларды үкіметтік, жеке бағалы қағаздарға салады. Зейнетақы қорларының активінің 80% жеке корпорациялардың бағалы қағаздары құрайды. Активтердің 30% астамы жай акцияларға жататындықтан корпорация саясатына зейнетақы қорлары әсер етеді. Зейнетақы қорлары өзінің корпорацияларының активтеріне де ақша қаражаттарын салады.

Жекеменшік зейнетақы қорларымен қатар мемлекеттік зейнетақы қорлары да бар. Олар орталық үкіметпен және жергілікті басқару органдарымен құралады. Мұндай қорлардың пассивті операцияларының негізін түрлі үкіметтік деңгейдегі бюджет қаражаттары және жұмыскерлердің жарналары құрайды. Активті операциялар мемлекеттік және корпорациялардың бағалы қағаздарының салымдарында шоғырланады. Мемлекеттік зейнетақы қорларының қызметінде ақша қаражаттарын инвестициялау мен қызметінің формаларын ұйымдастыруы бойынша айырмашылықтар болады.

Еркін активтерді құрай отырып зейнетақы жарналары зейнетақы қорларында жинақталады. Сондықтан зейнетақы қорларының активтері экономикада маңызды роль атқарады.

Экономикадағы салалардың мәнін ЖІӨ-гі үлесінің көрсеткіші бойынша мәнін анықтауғы болады. Мысалы, дамыған елдерде ЖІӨ-гі зейнетақы активтерінің үлесі 10% құрайды (кесте 1) .

Зейнетақы қорлары инвестициялар сияқты экономикада макроэкономикалық және микроэкономикалық қызмет атқарады.

Зейнетақы қорларының макроэкономикалық қызметіне :

-Олар инвестициялық ресурстарды тиімді орналастыруға үлес қосады, яғни инвестицияланатын қаражаттың иелері мен қолданушылардың (фирмалардың, компаниялардың, өндірістік ұйымдардың және т. б. ) нақты емес ақпарат алу тәуекелдігін азайту есебінен болады. Жинақталған мәліметтер негізінде банк әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық жағдайын құрастырады, сөйтіп қаржылық нарыққа тиімділігі аз және сенімсіз компаниялардың кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар банктерде мәліметтер болу есебінен кәсіпорынның шаруашылықты дұрыс жүргізуіне, басымды бағыттар мен қызмет формаларын таңдауына әсер етеді.

-Қаржылық делдалдардың жекеменшік міндеттемелерін шығару экономикаға қажетті және ұсынылатын қосымша ресурстар арасында қарама қайшылықтарды шешеді. Сөйтіп жинақ көлемі ұлғаюы әсерінен ақшаға сұранысы, нарықтағы пайыз ставкалары да төмендейді. Қысқа мерзім кезеңінде инвестициялық сұраныстың өсімі табыстың мультипликативті кеңеюі және жиынтық сұраныстың төмендеуін өтейді. Ұзақмерзімді кезеңде жаңа техника мен технологияға материалданған инвестициялар экономикалық өсудің сапалық және сандық әлеуетін қалыптастырып, өндіріс көлемінің сұраныс және ұсыныс жағдайында ұлғаюының факторы болды.

Зейнетақы қорлары қоғамдағы әлеуметтік экономикалық тұрақтылыққа үлес қосатын қосымша әлеуметтік қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Зейнетақы қорларының микроэономикалық қызметіне :

-Халықтың еркін ақша қаражаттарын шығара отырып, зейнетақы қорлары қарыз алушының қажеттіліктеріне сай оларды инвестиция түрінде салады.

-Зейнетақы қорлары көптеген иеленушілердің ресурстарын біріктіргендіктен жаппай инвестициялаудың формасына жатады. Осыдан тәуекелділік деңгейі төмендейді.

-Өндірісті инвестициялай отырып, зейнетақы қорлары олардың кәсіпкерлік белсенділігін қаржылық институт ретінде ынталандырады. Ұзақмерзімді қарыздық міндеттемелерді зейнетақы қорлары (акцияларды, корпорациялардың ұзақмерзімді облигациялары) инвестициялық қызметті ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерін сатып алғанан кейін зейнетақы қорлары корпорацияның уақытша ақша қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қысқа мерзімді инвестциялар айналым қорларын толықтыру үшін қажет. Сөйтіп зейнетақы қорлары қаржылық делдал бола отырып, кәсіпкерлік секторды несие төлемдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, инвестициялық сұраныс пен экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейін көтереді.

Қазақстанда зейнетақы реформасының басты себебі болып әлеуметтік қамсыздандыру саласын дағдарысқа ұшыратқан посткеңестік экономикалық дағдарыс саналады. Халықтың қартаюы мен жұмыспен қамсыздандырудың төмендеуі өлшемінен жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуына ЖІӨ−дегі мемлекеттік шығындардың үлесі өсті. Қазақстанда бір зейнеткерге 2. 5 жұмысшы тең келді. Халықтың еңбекке қабілетті бөлігіне салықтық ауыртпашылық лезде жоғарылады, ол зейнеткерлерге ағымдық төлемдерінің тапшылығын тудырды. Зейнетақылық реформаның басында зейнеткерлер алдындағы борыш 36 млрд. теңге көлемінде қалыптасты. Кейбір аймақтарда зейнетақы төлеу мерзімінің кідірісі 10 айға жетті. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде қаржылық жағдай мен тиімділікке байланысты қалыптасқан күрделі экономикалық және әлеуметтік қауіп төндірген жүзеге асырылушы жүйе қаржылық стрессте болды. Сондықтан зейнетақылық қамсыздандыру реформасы объективті қажеттілікке ие болды.

Орталықтандырылған зейнетақы жүйесінің қызмет етуі келесідей кемшіліктерді айқындады:

-жарналар көлемі мен зейнетақылық төлемдер арасындағы сәйкессіздік. Яғни қызметкер оның жұмыс берушісінің зейнетақы қорына аударымдардың уақытылы және толықтығына тәуелсіз зейнетақыны ала алатын. Сондай−ақ мемлекет зейнетақыны Мемлекеттік зейнетақы қорынан төлеуге міндетті болды;

-өндіріс шығындарының ұлғаюында көрініс тапқан, жалақының 25, 5% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарының ставкасы жеткілікті жоғары болды. Сонымен қатар аударымдардың жоғарғы деңгейі жұмыс берушілердің зейнетақы төлемдерін төлеуден жалтаруына алып келді;

-зейнетақы аударымдарының түсімдерін бақылаудың болмауы мен жұмыс берушілердің қызықпаушылығы жинақтау деңгейінде білінді;

-зейнетақы жеңілдіктерінің үлкен мөлшерінен әлеуметтік әділеттілік қағидасының бұзушылығы;

-зейнетақы аударымдарының иесізденуі мен қаражаттарды тиімсіз басқару зейнетақы аударымдарының ұлғаюына кедергі жасады;

-өз кезегінде зейнетақы қаражаттарын тиімсіз басқару артынан қаржылық ысыраптарды тудырды.

Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру кезіндегі құнды қағаздарды тиімдірек бөлуді статистикалық әдістер арқылы жүзеге асыруға болады. Оның негізгі элементтері активтерді бағалау, инвестициядық шешім, портфельді оптимизациялау және нәтижелерді бағалау болып келеді. Жалпы осы жағдайда жүйелі тәуекел мен табыстылық бір-бірімен байланысты болу керек. Құнды қағаздарға инвестиция тәуекелі күтілетін маңызынан кірістің бас тартуының ықтималдылығымен анықталады. Кірістің болжамды мәнісін инвестициядан кірістің динамикасы туралы статистикалық мәліметтерді қайта құру негізінде анықтауға болады. Ал тәуекелді болатын кірістен ортақ квадратикалық бас тарту ретінде .

Табыс пен тәуекелдің абзал үйлесімі тәуекелдің әсерін төмендеуге жағдай жасайтын салымдарды диверсификациялау жолымен, активтердің көп бөлігі бар, зейнетақы қоры арқылы жүзеге асады.

Зейнетақы қорлардың активтерді тиімсіз басқарудан шығын тәуекелдерін төмендету мақсатымен мемлекет зейнетақы резервтерін қаражатын орналастыру тәртібін орнатады.

Қорлар зейнетақы активтерін өз бетінен немесе басқару компаниясы арқылы басқаруды жүзеге асыра алады. Зейнетақы қорларының ативтерін мемлекеттік құнды қағаздарға, банктік депозиттерге және басқа да инвестициялау объектілеріне орналастыруды заңға сәйкес қорларымен жүзеге асырылады. Зейнетақы жиналым қаражаттарын басқару компанияларына тасымалдау заңға сәйкес сенімді басқару шарты негізінде ғана қорымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда зейнетақы резервтерін және зейнетақы жиналым қаражаттарын сенімді басқаруға берілгенмен, басқару компанияларына оларға деген жеке меншік құқығы берілмейді.

Қорлардың, зейнетақы ережелеріне сәйкес құрылған, зейнетақы резервтерін орналастыру, қатысушылар мүддесіндегі зейнетақы резервінің өсуі және сақталуы мақсатымен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Қорлар зейнетақы резервтерін орналастыруды басқару компаниясы арқылы ұйымдастырады. Ол өз кезегінде қор берген қаражатын қайтаруды қамтамасыз етуі қажет. Басқару компаниясы заңға сәйкес өзіне жүктелген міндеттерін атқармаған жағдайда қор алдында жауап береді. Мұндай жағдайда басқару компаниясы қордың міндеттері бойынша қатысушылар алдында жауап бермейді.

Осыған орай зейнетақы қорларының активтерін басқаруының негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, зейнетақы қорларының активтері зейнетақы жүйесінің қатысушыларының зейнетақы жарнасынан тұрады. Сондықтан да активтерді басқару нәтижелері тікелей пропорционалды түрде болашақ зейнеткерлердің инвестициялық кірістеріне әсер етеді, яғни инвестициялық кірістерді алу зейнетақы төлемдерің көбейтуге мүмкіндік жасайды.

Екіншіден, зейнетақы активтерінің ұзақмерзімділігі және көлемдігі басқару құрылымдарына бұларды экономикада активті қолдануға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, инвестициялайтын активтер көлемдерінің жеткілікті болжамы инвестициялау процессін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, зейнетақы қорларының активтерін инвестициялау қоржынды инвестициялау болып табылады. Сол уақытта бұл процесс белгілі бір дәрежеде мемлекетпен реттелуі мүмкін. Мұндағы инвестициялық қаржылар зейнетақы жүйесінің қатысушыларына тиесілі болғандықтан, олардың сақталынуына кепілдік берілуі тиіс. Содықтан да активтерді басқару кезінде қоржынды инвестициялаудың қағидаларын ескеру қажет .

Бесіншіден, зейнетақы қорының активтерін басқаруының мақсаты берілген тәуекел дәрежесі негізінде максималды табыстарымен қамсыздандыратын қоржын құру болып табылады.

Алтыншыдан, зейнетақы қорының инвестициялық портфелін тиімді басқару мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: құнды қағаздар нарығының қалыптасуы, оның қызметінің нақты мерзімі, нарық статистикасы.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық мәні бәріне белгілі. Шетелде зейнетақы қорларының активтері инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі зейнетақы қорларының көмегімен бос ақша ресурстары жұмыс капиталы ағынына айналады.

Бүгінгі таңда экономикада зейнетақы қаражаттарын пайдалану проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Америкада, Германияда да - зейнеткерлер үлесі көбейіп, ал оларды қаржыландыратын қызметкерлердің үлесі аз елдердің барлығында да талқыланып отыр. ХВҚ (Халықаралық валюталық қор) бағалауынша, 2010 жылға қарай зейнетақылық жүктеме коэффициенті (65 жас және одан жоғары тұлғалар санының 15-64 жастағы тұлғалар санына қатынасы) Германия мен Италияда 30 %-дан жоғары асады, Ұлыбритания, Францияда - 25%-ды, АҚШ-та 20 %-ды құрайды.

Соңғы онжылдықтағы басым тенденция зейнетақы жүйесінің бөлу принципінен жинақтауға көшуі болып отыр. Бұл жүйенің артықшылықтары нарықта оның барлық қатысушылары үшін “ойын ережелерін” нақты сақтау арқылы зейнетақы активтерін тиімді басқару есебінен жүзеге асуы мүмкін.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық саясаты мемлекет бекіткен инвестициялық шектеулер есебімен инвестициялық пайданы қамтамасыз ету мақсатында қорға шоғырландырылған ақша қаражаттарын пайдаланудың негізгі бағыттарын таңдауды ұйғарады. Инвестициялық саясат инвестициялау мақсаттарын таңдау, инвестициялау объектілерін таңдау, инвестициялау пропорцияларын бекіту сияқты критерийлерды қарастыру тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
Зейнетақы жүйесі туралы
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы: теориясы, тәжірибесі
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі
Оңтүстік Қазақстан акционрелік қоғамы
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымы
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі
Шетел тұлғаларына салық салу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz