Мақаладан алынған осы үзіндіде


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4
1 М. ӘУЕЗОВ - ПУБЛИЦИСТ
1. 1 М. ӘУЕЗОВТІҢ АЛҒАШҚЫ ІЗДЕНІСТЕРІ,
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК, ПУБЛИЦИСТІК ЕҢБЕКТЕРІ . . . 5-11
1. 2 М. ӘУЕЗОВТІҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ
ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ . . . 12-21
2 М. ӘУЕЗОВ КӨСЕМСӨЗДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ МАҢЫЗЫ
2. 1 М. ӘУЕЗОВ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ . . . 22-27
2. 2 М. ӘУЕЗОВ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТ БІРЛІГІ,
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ . . . 27-64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65-70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71-72
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алғашқы публицистік қызметі, қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Абай» журналы, «Сарыарқа» газеті және т. б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда әуезовтану ғылымының тарихын жүйелеп, елінің азаттығы үшін еткен қатйраткерлігі мен әдеби мұрасын зерделеудің маңызы зор.
Бұл бітіру жұмысына тақырып етіп алынған «Мұхтар Әуезов публицист» бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан әлі де болса зерделенер, толық тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.
Ұлтының ары мен намысы, азаттығы мен теңдігі жолында саналы да ғұмырын арнаған жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің мұрасы мен азаматтық қайраткерлігін дәріптеп, ұлтымыздың шежірелі тарихы мен қордалы әдебиетіндегі алар орнын айқындап, келер ұрпаққа аманат ету біздің азаматтық борышымыз. Мұхтар Әуезовтің көсемсөздерін бүгінгі дәуір тынысы тұғысынан саралап, оны сол тұстағы саяси - әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланыстыра қарастырып, бітіру жұмысының ғылыми тақырыптық ауқымына негіздедік.
Бүгінде тәуелсіз ел болып отырған қазақ халқы үшін тарихтың және әдебиеттің асыл тұлғаларының ғұмыры мен шығармашылығы турасында еңбектер жазып, жаңаша пайымдаулар жасап оқушылар мен студенттер қауымының зердесіне ұсыну бүгінгі талап тұрғысынан әділ тұжырым. Осы орайда ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы мен ұлттық идеяны және сол аумалы-төкпелі кезеңнің тарихи ақиқатын көркем сөзбен өрнектеген әдебиетімізді дәріптеп қастерлей зерделеудің келер ұрпаққа берері мол. Мұндай зерттеу жұмыстары бүгінгі заман талабынан туындаған зор қажеттілік екені даусыз. Мұхтар Әуезовтің ұлт-азаттық тақырыбына арналған саяси көсемсөздері мен көркем шығармаларын бүгінгі дәуір тынысы тұғысынан саралау қиын емес.
Осы орайда Мұхтар Әуезов көсемсөздеріндегі шығармаларындағы ұлт - оянушылық идеясының көрінісі мен ұлт-азатшылдық бағытын айқындамай оның азаматтық-қаламгерлік келбетін, шеберлік дарынын толық түсініп, шын мағынасындағы әділ бағасын бере алмаймыз.
Ұлт - азатшыл бағыттағы оның шығармашылығының басты міндеті - ұлттық сананы ояту болды. Мұхтар Әуезов ағарту, өнер - білімді ел азаттығы жолындағы күресте қару етіп пайдаланып, өз туындыларында еркіндік, азаттық, бостандық идеяларын аса бір ұлтжандылықпен ту етіп көтергенін толыққанды пайымдау арқылы оның қайраткерлік қуатын ашуға талпыныс жасадық. Мұхтар Әуезовтің көсемсөздерін зерттеп танытуда ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті іргелі табыстарға қол жеткізгенін және сол арқылы үрдісі жаңа деңгейге көтерген батыл ізденістерге барғанын танып, қарастыру арқылы дәуірлер озса да өз құнын, толық бағасын жоймас мұра екенін мойындаймыз.
Атап айтсақ, Мұхтар Әуезов шығармашылық мұрасының алаш елінің азаттыққа ұмтылған рухын айқындайтындығын дәлелді де, деректі тұжырымдар арқылы зерделей құндылығы ашылып, әдебиет тарихында қалыптастырған ұлт - азаттық күрес идеясын ұрандаған қайраткерлігі ретіндегі келбетін жарқырата, ажарландыра түсері даусыз.
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасының алаш елінің азаттыққа ұмтылған рухын айқындайтындығын дәлелді де деректі тұжырымдар арқылы зерделеуге тырыстық. Әдебиет тарихында қалыптастырған, тыңнан түрен салған идеяларын ұрандаған ағартушылық - ақындық қайраткерлігі ретіндегі келбетін жарқырата, ажарландыра түсері даусыз.
Диплом жұмысының мақсаты. Зерттеудің басты мақсаты - Мұхтар Әуезовтің публицистік, азаматтық болмысын айқындау, тарихи - әлеуметтік жағдайларды ғылыми негізде ала отырып, оның шығармасына бүгінгі азат санамен тал дау жасау, жазушыныңжалпы қазақ әдебиеті тарихынан ұлт санасын ояту идеясын ұстанған ізденімпаз талант екенін түйсіндіру. Диплом жұмысында Мұхтар Әуезовтің шығармашылық еңбектері мен өткен жолын саралау арқылы ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының рухани толысу кезеңдері мен мәдени тыныс ерекшеліктерін жалаң баяндаумен шектелмей, нақты деректермен толықтырып, ұлттық көркемдік ой мүддесінде топшылаулар жасап, әдеби ескерткіштерінің мәнін анықтауға талпыныс жасалды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы . Жазушы көсемсөздерінің халықты оятудағы атқарған теңдесіз орнына баса мән беріп, терең талдау жасалды. Сол арқылы шығармашылық мұрасындағы ұлт - азаттық идеясының тұтастай жүйелеуге тырыстық. Қысқасы қазақ әдебиетіндегі ұлт оянушылық идеяның мықтап салтанат құрған Мұхтар Әуезовтің өмір сүрген кезеңін мейлінше талдауға тырыстық. Жұмыста Мұхтар Әуезовтің публицистік қызметі дараланып көрсетілді. Жұмыстың ғылыми негізге сүйенген нәтижелері мен тұжырымдық қорытындыларын арнаулы орта білім беретің мектептерде жоғарғы сыныпта Мұхтар Әуезовтің шығармашылығымен танысқанда пайдалануға болады.
Дипломның құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, ім, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 М. ӘУЕЗОВ - ПУБЛИЦИСТ
1. 1 Мұхтар Әуезовтің алғашқы ізденістері, ғылыми - зерттеушілік, публицистік еңбектері
Ұлттық рух пен сана оянып, кешегiнiң бар запыранынан ада болып, бақытты өмiрдiң тасын қалау идеясы салтанат құрған тұста халықтың бар арман - мұраты мен мақсатын насихаттап, жаңалықтың көзi, жақсылықтың хабаршысы болған баспасөз де кең құлаш сермеп, ұлт зиялыларының пiкiр алмасу, жол нұсқау ошағына айналған. Саяси қызметтiң қатерлi жолына түсiп, жанқиярлық iстерге ұйтқы болған зиялылар да теңдiк пен ұлт мүддесiн ендi ұғынып, үлкен бәйгеге түсуге әзiр жастар да баспасөз бетiнде ашық пiкiр алысуға, ниеттес азаматтар табуға ұмтылған тұста Мұхтар Әуезовтiң өнер майданына келуi кездейсоқ емес. Классикалық туындыларымен әлем әдебиетiнiң алтын қорын толықтырған Мұхтар Омарханұлы Әуезов жазушылық қуатын, ой тереңдiгiн алғаш публицистикада танытты. Жас қаламгердiң алғашқы көсемсөзiнiң өзi үй арасындағы ұсақ - түйек әңгiменi өрбiту емес, толғағы жеткен мәндi мәселенi шешуге ұмтылыс. Қазақ даласына Ресей отарлау саясатының баса көктеп енуімен ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы ұлт оянушылық идеяның жаңбырдан соң бас көтерген жауқазындай қаулап өрістеуі тарихи әрі әдеби құбылыс болды. Патша үкіметінің отарлау саясаты мен зорлық - зомбылығы, аяусыз езгісі «елім»- деп еңіреген есіл ерлерді алаш туының астына біріктірді. Алаш деп арындаған арыстардың алашорданы құруы қазақ еліне ғасырмен бірге кірген індет отаршылдықпен күрес, егемендік пен азаттықты мұрат еткен ел санасын бұғаулаған надандықты өткір тіл, жалынды жырмен семсердей тіліп, өрісі кең өнер мен білімге, зор мәдениетке үндеуі ұлт оянушылық идеяның нық көрінісі еді. Ұлтжанды азаматтар ел ертеңі үшін атқарылар игі идеялардың қазақ елінің патша үкіметіне тәуелді болған күні жүзеленбесін анық түсінді. Қазақ қоғамы патшаның тақтан түскен күні өз алдына тәуелсіз ұлттық автономия боларына кәміл сенді. Қазақ елін 1905 жылғы орыс қозғалысы жариялылық, әлеуметтік теңдік, жарқын болашаққа деген сенімділік жолындағы күреске рухтандырғаны да белгілі жай.
Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ елінің ұлт - азаттық жолындағы күресін, ұлт оянушылық идеясын жырлап, тарих бедерінде, әдебиеттану ғылымында ұлтжанды алашордашылардың ерлік әрекеттері мен жырларын қалдырды. Халық өмірінің шындығын жырлаған ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы ағартушылық, демократиялық бағыттағы жырларды саяси идеямен сабақтастыра толықтырды. Ұлт намысын таптаған отаршылдықтың зорлық - зомбылығын әшкереледі, аяусыз айыптады. ХХ ғасыр басында орасан қоғамдық міндет жүктеген қазақ әдебиеті қараңғылыққа тұмшаланған қазақ елін өнер мен білімге үндеді [1, 402 б. ] .
Ұлт болашағы мен халық мүддесі жолындағы қазақ қоғамының тағдырын айқындар саяси күресті Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев сынды ұлт жанды арыстардың бастауы қазақ әдебиетінің тағы бір қоғамдық парызын айқындай түседі. Қазақ қоғамының еңсесін көтертпеген отарлау саясатының езгісін әшкерелеп, туған халқының жан айқайын жеткізген тағы да осы арыстар ед . . . Ахмет «маса» боп ызыңдап, халқын оятуға қапысыз қызмет қылса, бұл ұранды Міржақып «оян, қазақ» - деп жалғастыра халқына жігерлі сөзін жолдады. Бұл жарқын идея ХХ ғасыр басындағы әдебиет қайраткерлеріне маңдай түзер темірқазық болды. Ел тәуелсіздігі, әлеуметтік теңдік, алаш елінің азаттығы тақырыбында қалам тербеген ұлтжанды ақындар Ахмет пен Міржақып көтерген алаш туының астында бас қосты. “Отаршылдыққа қарсы күрес, елдің тәуелсіз даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге теңелу, оқу-білім үйрену, халық тұрмысының ауыртпашылықтарын ашына сөз ету бүкіл дәуір әдебиетінің ерекшеліктеріне айналды” [2, 27 б. ] . Осындай халық игілігі үшін тасталған ұран қазақ қоғамын жаңа бір өмірге бастап, ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы бүтіндей ұлт оянушылық идеядан нәр алды. Бұл идеяның көсемі болған Ахмет Байтұрсыновтың ақындық ғұмырнамасы қазақ сахарасына И. А. Крылов мысалдарын қазақы дүниетаным, қазақы салт-сана түрғысынан жеткізген “Қырық мысалынан” бастау алғаны баршамызға белгілі жай. Ақын бұл еңбегінде қоғамдық індет болған озбырлық, қараңғылық, надандық, адам бойындағы пасық та ұнамсыз мінез-кұлықтарды шығарма тақырыбына арқау етті. Сюжеттік желісі көркем, тілдік ерекшелігі айқын туындысы ұлт оянушылық идеяға құрылды. Ахмет Байтұрсынов ел тағдыры мен азаттығын көксеген, алаш ұлдарының азаматтық сезімін оятуға қапысыз қызмет еткен “Маса” жинағында халық өмірінің шындығын шынайы суреттеген.
Қалтылдақ қайық мініп, еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ,
Жел соқса, құйын қуса, жылжи беру
Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ,
деген өлең жолдарынан отаршылдықтың езгісін, ашық теңізде қалған дәрменсіз, қуатсыз халықтың қонарын сай біліп, ұшарын жел білген қаңбақтай күйін жақсы аңғаруға болады. Ақынды өзі өмір сүрген кезеңдегі тарихи оқиғалар алашорда жолындағы қозғалысқа алып келді. Ұлтжанды азаматты патша өкіметі жүргізген отарлау саясатының қыспағы мен қысымы, туған халқының тартқан азабы мен көтерген ауыртпашылығы немқұрайлы қалдырмай, ақын жырларында ұлт оянушылық идеяның батыл бас көтеруіне себеп болды. Ақын алдына қойылған азаматтық парыз, қайраткерлік міндет - ұлт ертеңін сақтау, ұлт намысын қорғау болды. Ақын жүрегіне жара боп түскен дертті жырларының лейтмотиві етіп алды. Ұлт болашағы мен ел мүддесі үшін күресуді мұрат еткен азамат ақынның жалынды жырларында адамдық пен парасаттылықтың шоқтығы биік болды. Ахмет өз халқының қараңғылығы мен надандылығына күйіне отырып, оның азат тағдыры мен жарқын болашағына, елдігі мен егемендігіне бар қайраткерлігі мен саналы ғұмырын арнайды. Ақын семсерлі жырларында ұлт оянушылық идеяны берік ұстанып, “Ұқтыра алмай сөз әуре, тек тұра алмай біз әуре ” деп ұйқысынан оянбай жатқан халқына қинала тіл қатып, ұлтының намысын жігерлендіруге барынша талпыныс жасайды.
Ахаңмен саяси - қоғамдық, ағартушылық бағытта және ұлт азаттық қозғалыс жолында жыры мен қайраткерлігін тағдырлас еткен ақындардың бірі - М. Дулатов. ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясына ұлт оянушылық идея нәрін сепкен М. Дулатов туған халқын оқу-білімге насихаттап, патша үкіметінің зорлық-зомбылықтан тұратын отарлау саясатының езгісіне қарсы идеялар айтып, ұлт жігерін рухтандырды. “Міржақып кітаптары, Ахаң еңбектері тәрізді, ХХ ғасыр басындағы демократияық, ағартушылық әдебиетке азаттық, теңдік идеясын ала келді. Ақын халықтын ақылы мен сезіміне әсер ете отырып, оларды ел тағдыры, қоғам алдындағы міндет жайлы ойлануға бастайды, өз тұсындағы қазақ ортасының келеңсіз жағдайларына көз жіберіп, басқа халықтар үлгісімен жаңа өмір құруға үгіттейді” [1, 31 б. ] .
Сол тұстағы шығарылып тұрған “Қазақ” газеті ұлт оянушылық идеяны көтерген алашордашылар үнін туған халқына жеткізуге мүмкіндік туғызды. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің революциялық-демократиялық бағытта үн қатуы алашордашыл ұлтжанды ақындардың отаршылдық пен езгіге қарсы ұран тастап, отаншылдық ой таратуымен тікелей байланысты болды.
Міне, ұлт оянушылық идеяның көсемі болған Ахмет пен Міржақып идеясы елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар жас таланттар оянды.
Мұхтар Әуезовтің есiмi қазақ арасында Абай журналына көлемдi мақалалар жазуы арқылы, ал бұрынғы көп ұлтты Кеңес өкiметiнiң көлемiне араға он жыл сала кеңiнен танылды. 1929 жылы Мәскеуде жарық көрген Әдебиет энциклопедиясында: Ауэзов публицист, критик и историк казахской литературы. В литературе Казахстана Ауэзов как драматург занимает почетное место. Его драма Каракоз с изумительной чуткостью и исторической правдивостью восстановившая национальные и бытовые особенности народных певцов Казахстана получил 1-ую премию на конкурсе драматургов в 1926 г. в Кызыл-Орде. Особое место занимает также Байбачи-Токал (Жены-соперницы) [1, 26 б. ] деп жазылған.
М. Әуезовтiң шығармашылығы жөнінде жазылған еңбектің саны 1917- 40 жылдар аралығында 140-тан асқан, олардың басымы драмалық шығармаларын талдауға арналды [2, 15 б. ] . Әйтсе де, пролетарлық әдебиет жасаушылар тарапынан жазушы шығармаларына үнемi сын айтылып отырды және оның алдына кеңестiк саясатқа сай, оның жетiстiктерi мадақталатын, кеңестiк тәрбие берерлiк шығармалар жазу тиiстiгi көлденең тартылды.
М. Әуезов әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастайды. Алайда бұл жөнiнде естелiктерде ғана айтылғанымен, толымды дерек жоқ. өмiрбаяндарының бiрiнде өзi де балалық шақта ақындыққа әуестенгенiн жасырмаған [3, 56 б. ] . Өлең жазуды қай уақыттан бастады және ол қандай тақырып қозғап, ненi өзек еттi - бұл әлi күнге дейiн зерттеушiлердiң алдында тұрған түйiнi қиын сұрақ, басы ашылмаған мәселе.
Ишмұхамет Әлин өз естелiгiнде М. Әуезовтiң 15-16 жасында көркемсөз жазуға бейiм болғандығын айтады [4, 374 б. ] . Бiрақ, оның қандай талпынысын байқағаны, қандай негiзге сүйенiп айтқаны беймәлiм. Т. Жұртбайдың Бесiгiңдi түзе атты еңбегiнде Мәден Түсiпбаеваның М. Әуезовтiң уыты мен сатирасы мол Маса атты сықақ-әңгiме жазғаны жөнiндегi дерегiн келтiруi - жазушы шығармашылық жолының әлi күнге беймәлiм тұсы барының айғағы [5, 71 б. ] . Сондықтан, ақиқатына жетуде сүйенерге негiз болмағандықтан 1917 жыл Алаш газетi бетiнде жарияланған «Қазақтың өзгеше мiнездерi» атты мақаласы мен тыңнан түрен салған қазақ драматургиясының басы Еңлiк-Кебек ұлы тұлғаның шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары саналады. Ұлттық баспасөздiң алғашқы қарлығаштары Сарыарқа, Абай, Қазақ тiлi, Шолпан, Сана, Ақ жол - жазушының шығармашылық қасиетiн шыңдап, тамаша туындыларының кеңiнен танылуына ықпал еткен басылымдар.
Киелi, кесек дұниенiң толғағы жетiп барып туындауы, адамзат баласының ғұмырындағы iргелi оқиғалардың алпауыт күштiң әсерiнен пайда болуы табиғи заңдылық.
М. Әуезов - шығармашылық мүддесі айқын, болмысы терең, ұлтжандылық өрісі кең жазушы. Әр алуан тақырыптық лирикалар ішінде ақынның жүрегінен орын алған саяси лирика, яғни азатшылдық күрес тақырыбы. ХХ ғасыр басындағы қазақ сөз өнеріндегі ұлттың ұлы рухынан жігерленген жаңа бағыт - ұлт - азатшылдықтың негізін қалап, ұлт ояту идеясының көркем үлгісін ұсынды. Оның осынау аласапыран ұлы төңкеріс тұсындағы күрес жолында ұлт санасын серпілтер, жұрт жүрегін оятар қаруы - жалынды жырлары мен арқалаған жүгі салмақты поэмалары мен кең құлашты романдары. Шығармашылық мол мұра қалдырып, ұлттық тарихымыз бен қоғамдық өмірімізде өз орнын айқындап кеткен қыршын ғұмырлы жазушы. Туған ұлтының ой - санасын өркендетуді, таптық, әлеуметтік теңсіздік езгісінен азат етуді мұрат еткен ақын бар білімін, қайраткерлік қуатын, ақындық - азаматтық барышын соған сарп еткен ұлы тұлға. Сол дәуірдегі қазақ қоғамынан, ұлт тартқан тауқымет зарын, саяси хал - ахуал жөнінде толыққанды дерек берер асыл мұрасын ұрпақ санасына мәңгі жатталар жыр етіп қалдырды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне күресшілдік сарын, ұлт санасын ояту идеясын әкеліп, азаттық жырдың озық үлгісін ұсынды. Оның көсемсөзінде ұлт - азатшыл рухы - ғасырлар бойы сақталып, мәңгілік өміршең болар мұра екеніне ешкім күмән келтірмейді Оның көсемсөздеріне құрғақ ой, мағынасыз да мәнсіз ұраншыл айқай жат. Оның жүрегінің нұры мен сезімінің сәулесінен өмір алған жырларының арқалаған саяси - әлеуметтік жүгі салмақтана түседі. Ақын өз дәуірінің маңызы зор, мәнді мәселелерін көтеріп, әлеуметтік теңсіздікке тұсап қояр қазақ қоғамындағы арылмай келе жатқан кесапатты індеттерін әшкерелейді.
Әуезов шығармашылығындағы ұлт - азатшылдық бағыт, ұлт оянушылық сарындағы ұстанымы оның саяси азаттыққа жетуін аңсауынан, қазақ қоғамын патша үкіметінің езгісінен азат етіп, таптық қайшылықтарды тарих сахнасынан өшіруді арман еткен азаматтық қайраткерлігін айқындай түседі. Ақын әр алуан тақырыпқа, әр қилы жанрға қалам тербесе де өзі өмір кешкен дәуірдегі қазақ қоғамында болып жатқан саяси -әлеуметтік жағдайлардың ақиқатына толық бойлап, мәнді мәселелерін екшей білген.
ХХ ғасыр басындағы қам көңлiнде арман ұялаған арыстарымыздың тiзе бiрiктiруi, құлдық құрсауынан арылу жолын таңдауы да сыртқы күш, iшкi күйзелiстен туындаған. М. Әуезов - қазақ ұлтының арманы биік, асыл мұратты болған сүйікті перзенті. ХХ ғасыр басындағы қазыналы да қордалы қазақ әдебиетінің тұтас бір өрлеу дәуірі, сол қоғам тұсындағы саяси ағым мен тағдыры сұрапыл заманмен тұспа - тұс келген қазақ қоғамының әлеуметтік әлеуетін айқын танытатын ұлы ақын, тұлғалы талант иесі. Шығармашылық ғұмырбаяны мейлінше бай, көркем әдеби мұра қалдырған классик жазушы, көсемсөзші М. Әуезов өз көсемсөздерін ұлт азаттық күрес жолына арнап, ұлт ояну идеясын ақындық мұратының негізі деп таныған.
Ұлттық рухы басым зиялы азаматтар да қажауы жетiп, арнасынан шыққан iрi мәселеге үнiн қосып, үлкен iстен қағажу қалмақ еместiгiн дәлелдеумен болып, «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерi, «Абай» журналы беттерiнде ұлт қарекетi жөнiнен жазылған мақалаларын ұсынды. М. Дулатовтың: «Ең алдымен қазақ халқы Россияға тәуелдi халық. Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлiгi халыққа тiптi де керек емес мәселелерге жұмсалады» [6, 211 б. ] деген өткiр сөздерi оның келесi мақалаларында да жалғасын тауып жатты. Ал Ә. Бөкейханов: «Тiрi болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тiзгiнi бөлек мемлекет болар. Бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк» [7, 15 б. ] деп, қазақ ұлының сыналар да қуанар күнiнiң алды екендiгiне сендiредi.
Ұлт көсемiнiң бұл сөздерi талайдың көңiлiне нұр болып құйылып, жiгерлендiрдi. Саясат ахуалын айқын бағдарлай бiлiп, жәудiр көздi қазақ балаларының ертеңгi тiрлiгiне алаңдаушылықпен қараған М. Әуезов те отты, уытты пiкiрлерiмен баспасөзде таныла бастады.
М. Әуезов шығармашылығының алғашқы кезеңi, яғни 1917-1925 жылдар аралығында баспасөз беттерiнде қырықтан аса мақалалары жарық көрдi. Жазушы шығармашылығының беташарына айналған бұл мақалаларының бiрқатары кеңес дәуiрде жарияланып, насихатталмай келген едi.
Тәуелсiздiкке жеткелi берi М. О. Әуезовтiң «Қазақтың өзгеше мiнездерi» (1917), «Абайдың өнерi һәм қызметi» (1918), «Қазақ iшiндегi партия неден» (1918), «Мәдениетке қай кәсiп жуық» (1918), «Абайдан соңғы ақындар» (1918), «Бiрiншi жалпы жастар съезi» (1918), «Жастар ұйымдарына ашық хат» (1918), «Қазақ әйелi» (1918), «Қазiргi қазақ күйi» (1918), «Қазақ қашан жетiледi» (1918), «Мәдениет һәм ұлт» (1918), «Земство һәм кооператив» (1918), «Өлiп таусылу қаупi» (1918) атты көсемсөздерi қайта жарық көрiп, әуезовтану саласының қоры толыға түстi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz