МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ШАРТЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ

1. 1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы ережелер . . . 6

1. 2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері . . . 16

1. 3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару объектілері . . . 18

2 МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ШАРТЫ

2. 1. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi . . . 20

2. 2. Сенiмгер басқарушының бастамасымен сенiмнiң ауысуы . . . 36

2. 3. Сенiмгер басқарушының жауапкершiлiгi . . . 45

2. 4. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының тоқтатылуы . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты. Осы зерттеліп отырған жұмыста мүлікті сенімгерлікпен басқарудың негізгі құқықтық мәселелері қарастырылды. Осы жұмыста әр түрлі Қазақстандық ғалымдардың пікірлері салыстырылып және оны тереңірек зерттеу жұмыстары қарастырылды. Бірақ бұл орайда Қазақстан Республикасының азаматтық құқық теориясында сенімгерлікпен басқару құқытының заттық құқықтарға жатқызылатындығы туралы пікір тұрақтанған. Осы көзқарас негіздірек боп көрінеді. Мұндай түсінік өз кезегінде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын бекіту сәтінде тараптар еркінің мазмұны туралы көзқарасты және міндеттеменің мәнісіне сүйене отырып анықталатын шартта тікелей көзделмеген, олардың құқықтары мен міндеттерін одан әрі бөлуді біршама өзгертеді. Сенімгерлікпен басқару шарты ол бойынша құқыктар мен міндетгер мүлікті сенімгер басқарушыға беру сәтінен бастап туындайтындықтан реалды шарт больш табылады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару түсінігі тікелей заңнамадан туындайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары әрекететуші азаматтық заңнамада ҚР АК 44-тарауының нормаларымен реттеледі. Ол "мүлікті сенімгерлікпен басқару" 883-894-баптар.

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша бiр тарап (сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенiмгер басқарушыға) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделерi үшiн осы мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе көрсетiлген шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданылу кезеңiнде сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы сенiмгерлiкпен басқарылатын мүлiкке қатысты қандай да болсын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес. Сенiмгерлiкпен басқару шартында: мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысанасы және мерзiмi; сенiмгерлiкпен басқаруға берiлетiн мүлiктiң құрамы; пайда алушы туралы нұсқау; сенiмгер басқарушының есеп беру мерзiмдерi мен нысаны; мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сенiп тапсырылған мүліктi алатын адамды көрсету көзделуге тиiс.

Шарттардың жекелеген түрлерi үшiн заң актiлерiнде өзге де елеулi талаптар көзделуi мүмкін. Шартта басқа талаптар да, оның iшiнде басқарушыға берiлетiн сыйақының мөлшерi мен нысандары көзделуi мүмкiн. Шартта үшiншi тұлғалардың сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мүлiкке құқығы көрсетiлуге тиiс. Егер заң актiлерiнен немесе пайда болған қатынастар мәнiнен өзгеше туындамаса, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты туралы нормалар мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды белгiлеудiң өзге де негiздерi бойынша пайда болатын қатынастарға қолданылады.

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару субъектiлерi. Меншiк иесi, сондай-ақ өзге де заттық құықық субъектiсi немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге уәкiлеттi құзыреттi орган құрылтайшы бола алады. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенiмгер басқарушы бола алады.
Сенiмгер басқарушы тек оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Сенiмгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы (мүддесi үшiн мүлiктi басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады. Егер заң актiлерiнде немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады.

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару объектiлерi. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүлiктiк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлiк сенiмгерлiкпен басқару объектiсi бола алады. Сенiп тапсырылған мүлiктi сенiмгер басқарушы өзiне меншiк (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) құқығымен тиесiлi мүлiктен бөлек есепке алуға тиiс. ¤зiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде сенiм бiлдiрiлген басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлiк сенiп берiлген мүлiк құрамына енгiзiледi. құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi, бұған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстiң 1081-бабында көзделген жағдайлар, сондай-ақ бұл тұлғаның дәрменсiздiгi (банкроттығы) қосылмайды. құрылтайшы банкрот болған жағдайда осы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару тоқтатылады және ол конкурстық массаға енгiзiледi. Кепiлге салынған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кепiл ұстаушыны осы мүлiктi өндiрiп алу құқығынан айырмайды.

1. МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ

1. 1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы ережелер

Сенімгерлікпен басқарудың қазіргі қатынастарына ұқсас қатынастардың тарихи тамыры ұзаққа кетеді. Олар біздің заманымызға дейін пайда болды. Мысалы көне Египетте мұралық мүлікке иелік ету, жасы кіші ханзадалар мен ханшайымдардың меншігіне қамқоршы болу сенімхат бойынша үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру бойынша қатынастар кеңінен таралған. Фараондардың мүлкін және олардың балаларын көне египеттік шіркеулердің абыздары, яғни монархқа жақын адамдар басқарған.

Сенімгерлікпен басқару идеясы, құқықтың бір затқа бөлуіне байланысты (мысалы, супервация мен энфитевзис кезінде) рим құқығында нақтырақ көрініс табады. Бертін келе ол англо-американдық құқық жүйесімен қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін қабылдағанға дейін мүлікті сенімгерлік негізде басқару қатынастарына аталас қатынастар да болған. Мысалы, бұл хабарошарсыз кеткен деп танылған тұлғаның мүлкіне, мұралық мүлікке белгіленетін қамқоршылық жағдайларына қатысты. Сонымен бірге, оларды құқықтық реттеу тәжірибе жүзінде болмады. Осы және осыған ұқсас кейбір басқа қатынастардың құқықтық мәнісі нақтыланбаған болатын.

Мүлікті оның меншік иесімен басқа тұлғаның беруді қамтамасыз ете алатын қатынастарды тиімді түрде реттеуді табу кажеттілігі жеке меншікгің, сондай-ақ меншіктің мақсаты бойынша мемлекетшске қарама-қайшы жеке нысанының қалыптасуымен пайда болды.

Жеке меншіктің қалыптасуы бөтеннің мүлкіне тұрақты негізде иелік етудің, комиссия, тапсырма, сақтау және басқа да шарттардың дәстүрлі механизмдеріне қарағанда анағұрлым жетілген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген потенциалды қажетгілікті анықтады.

Меншіктің жеке және мемлекеттік нысандарын бекіту, мемлекеттік экономиканың ішкі тұйық жүйесіндегі қатынастарға қолданылатын оралымды басқару мен шаруашылық жүргізу, мемлекеттік меншік жеке тұлғалардың қолына берілуге тиіс болатын қатынастарды бірдей реттей алмайтындыққа алып келеді. Оларды беру қажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты болар еді. Ол мүлікті жеке меншікке түпкілікті және қайтарусыз беру туралы шешім қабылдау кезінде аралық кезең рөлін атқара алады. Сенімгерлікпен басқару меншіктің мемлекеттік нысанына негізделген шаруашылық субъектілерінің кызмет етуі кезінде сөзсіз туындайтын шыгындарды өтеуге қабілетті. Мәселен, ол кәсіпорын қызметін оңтайлы және сауатты басқару үшін құрылуы мүмкін.

Аталған себептердің салдарынан базалық жүйелерді - сенімгерлікпен басқарудың римдік құқықтык түп тұлғаларын және англо-американдық трастсенімгерлік меншік институтын талдаудан альшған элеменггерді құрастыру жүріп жатты.

И. У Жанайдаров біздің заңнамада сенімгерлік меншік институтының пайда болуын кездейсоқтық дейді. Сенімгерлікпен басқару ұзақ мерзімді ғылыми ізденулермен дайындалмады, лоббирленген жоқ. Алайда азаматтық құқықтың осындай институтына деген объетивті қажеттіліктердің болуы күмән келтірмейді. Реттелуі сенімгерлікпен басқару құқығынсыз мүмкін емес болатын салалар да тез айқындала түсті.

И. У. Жанайдаров біздіц заңнамамызда мүлікті сенімгерлікпен басқару институтының пайда болуын үш жағдаймен түсіндіреді. Біріншісі, нарықтық экономикаға өтумен оралымды басқару құқығы және КСРО-ның құлау кезеңіне жақын шаруашылық жүргізу құқығының бұрынғы құрылымы нарықтық ережелерге сыйыспайтын, біршама ескірген боп көріне бастауына қатысты. Соның салдарынан, сол кездегі кеңестік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесін басқа елдердің мемлекеттік кәсіпорындарының құқықтық мәртебелерімен салыстырмалы құқықтык зерттеу жүргізілген болатын. Назарға англо-американдық трастілінді, бірақ таза күйінде ол Қазақстан Республикасы мен кейбір ТМД елдерінің, соның ішінде Ресейдің, жағдайларына қолайлы емес болып көрінді. Басқа бір себеп болып жоғарыда аталған шарттық институттарға тиесілі бірқатар қатынастардың реттелмегендігі табылды. Нәтижесінде, сенімгерлікпен басқарудың әрекет етуші құқығының мазмұнына бара-бар экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді іздеудің катализаторы болып белгілі бір шамада Ресей Федерациясының заңнамасының дамуы және ресейлік авторлардың тиісті теориялық ізденсітері табиғатын атап өткен жөн.

Сенімгерлікпен басқару құқығы жоғарыда атап өткеніміздей, Ресейді сондай-ақ Қырғызстан мен кейбір басқа елдерді қоспағанда басқа мемлекттерде тікелей аналогтарға ие емес. Яғни, ол жаңа және сонымен қатар құқықтық қатынастардың мүлдем ерекше түрі болып табылады. Оған кеңестік азаматтық құқықтың дәстүрлері мен оралымды басқару мен шаруашылық жүргізу құқығының сол кездегі түсініктері ықпал еткені сөзсіз. Пост кеңестік мемлекетгер бас тартқан сенімгерлік меншігінің құрылымы континентальдық жүйеге қайшы келмейді, алайда мұндай қарама қайшылық сенімгерлік меншігін жоққа шығарудың негізгі себебі ретінде жиі айтылатын болған. Рим құқығында меншік құқығын беретін және бермейтін сенімгерлік мэмілелері ажыратылатын. Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа жаққа зиян келтiруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi. Осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиiстi құқығын қорғаудан бас тарта алады. Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.

Бұзылған құқықты қорғау үшiн өкiмет билiгi немесе басқару органына өтiнiш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергi жасамайды.
Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн (өзiн-өзi қорғау) .
Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.
Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi. Мемлекеттiк өкiмет билiгi органының, өзге де мемлекеттiк органның заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өтеуге тиiс.
Егер тәртiп бұзудың құқықтық салдарының пайда болуы тәртiп бұзушының кiнәсiне байланысты болса, заң құжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда, ол кiнәлi деп ұйғарылады. Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Заңдарда тыйым салынбаған қызметтi жүзеге асырушы кәсiпкерлердiң құқықтары.

1) лицензия берiлетiн қызмет түрлерiнен басқа кәсiпкерлiк қызметтi кiмнiң болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы.

2) экономиканың барлық салаларындағы кәсiпкерлiктiң барлық түрiн бiр ғана тiркеушi органда тiркеудiң барынша қарапайым өз бетiмен жүргiзетiн тәртiбiмен;
3) кәсiпкерлiк қызметке мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердi заң құжаттарымен шектеу арқылы; 4) кәсiпкерлiк қызметтi заң құжаттарында көзделген негiз бойынша шығарылған сот шешiмi бойынша ғана ерiксiз тоқтату арқылы.

5) жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым салынған, экспорт немесе импорт үшiн тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыс, тауарлардың түрлерi мен қызмет тiзбесiн заң құжаттарында белгiлеу арқылы.

6) мемлекеттiк органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де жақтар мен ұйымдарды кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз кедергi жасағаны үшiн олардың алдындағы заңдарда белгiленген мүлiктiк жауапкершiлiкке тарту арқылы.

6-1) атқарушы бақылау және қадағалау органдарына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен осы органдардың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға кiруге тыйым салу арқылы;
7) заңдарда көзделген өзге де амалдармен қорғалады.
Мемлекеттiк қауiпсiздiк, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтiң кейбiр түрлерiн өндiру мен сату мемлекеттiк лицензиялар арқылы жүзеге асырылады. Ондай тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтiң тiзбесi, мемлекеттiк лицензиялар беру тәртiбi заң құжаттарымен немесе оларда белгiленген тәртiппен белгiленедi.

Сірә, нарықтық қалыптасуы, қоғамда жеке құқықтық категорияларды қабылдаудың төмен деңгейі, азаматтардың заңға бағыныштылығы жағдайларында сенімгерлік меншік институтын енгізу асығыстық, уақыт талабына сай келмейтін шешім болары айқын еді. Болашақта, әрине, егер назар аударуға тұрарлық сенімгерлікпен басқару құрылымымен қатар сенімгерлік меншік құрылымы да өмір сүрсе, құқықтық палитра елеулі түрде молая түседі. Бұл орайдаоның қолданылу аялары, сенімгерлікпен басқару мен сенімгерлік меншікті ажырату белгілері және т. б. нақты белгіленуге тиіс. Мәселен, сенімгерлікпен басқарудың объектісі болып тек заттар ғана табылмайды, ал "сенімгерлік меншік" деген термин оньщ объектілері ретінде логикалық түрде заттарды анықтайтын болады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына тән ерекшелік - оның таза күйінде заттық категорияға да, міндеттемелік құқықтық қатынастар категориясына да жатқызылмайтындығында. Бұған қоса, сенімгерлікпен басқарудың құрылымы оның кұрамында шартқа негізделген сенімгерлікпен басқару және шарттан тыс пайда болатын сенімгерлікпен басқару элементтерінің болуымен күрделендірілген.

Оның құрылымының "ала-құлалығы" бұл институттың тәжірибелік маңыздылығын естежоққа шығармайды. Ол мәнісі бойынша жақын, бірақ өмірдің әртүрлі аясында және әртүрлі объектілер бойынша пайда болмаған қатынастардың кең ауқымды спектрін біріктіре алды.

Сенімгерлікпен басқару қатынастарының түріне ерекшеліктуралы айтқанда біз мұны белгілі бір шамада шартты түрде жасаймыз. Жоғарыда айтқанымыздай шарттан бір уақытта заттық та міндеттемелік те, авторлық та құқықтық қатынастар пайда болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Сол бір немесе өзге жағдайларда мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі міндеттеменің біртұгас, яғни объективтік құқық мағынасындағы мазмұнын ескермеуге болмайды.

"Мүлікті сенімгерлікпен басқару" және "мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты" деген түсінікгер бар. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең ауқымды, өйткені ол сенімгерлікпен басқарудың шартган басқа, өзге де негіздер бойынша пайда болатын жағдайларын да қамтиды.

Алайда мұлдай бөлініс шартты сипатқа ие. Бұл тағы да біздің ойымызша, барлық авторлар дерлік атап өткендей сенімгерлікпен басқаруды жаңаша реттеумен байланысты шарттың қай кезде кажет болатыны және қай кезде қажет болмайтындығы нақты анықталмаған.

Сенімгерлікпен басқару қатынастары "заң нұскауына орай", яғни сот шешімі немесе әкімшілік актісі бойынша пайда болатын тәжірибе онша тиімді емес көрінеді. Бұл "субъективизацияның" есебінен құқықтық қатынастардың қатысушыларына, сол бір немесе өзге кұқықтық қатынастарға түсе отырып өздерінің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге барынша мүмкіндік беретін жеке құқықгық реттеудің мүмкіндіктерін елеулі түрде төмендетеді.

Сенімгерлікпен басқару қатынасгарының пайда болуының құқыктық негізінің (сот шешімінің, әкімшілік актінің) болуына қарамастан мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары субъектілерінің міндеттемелерінің мазмұнын нақтылау қажет. Мүлікті басқару бойынша ауыртпалықты көтеретін субъект өзі тап болған құқықтық жағдайда бірдей қалыптаса алатындығы тұрғысынан қарағанда заңға сүйену (жалпы категорияларға) онша сенімді емес. Мысалы егер тиісті қатынастар бастапқыда шарттан туындамайтын болса да, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарын бекітудің тәжірибелік механизмі қажет.

Қалай болғанда да заңнамада жалпылама талаптардың болуы пайдасына сенімгерлікпен басқару кұрылатын меншік иесі мен субъект мүдделерінің белгілі бір кепілдігі болып табылады. Белгілі бір сәттерде сенімгерлікпен басқару қатынастарын реттейтін нормалар сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын тұлғаның да мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Жалпы, сенімгерлікпен басқару не мәміледен (шарттан), не әкімшілік акт пен сот шешімін және мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын қамтитын аралас негізден туындайды деп бекіткен жөн. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу кезiнде сенiмгер басқарушы, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару: мәмiле (атап айтқанда, шарт бойынша, өсиеттi орындаушы (сенімгерлікпен басқарушы) тағайындалған өсиет бойынша) ; сот шешiмдерi (банкроттық, әрекетке қабiлетсiз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық белгiлеген кезде және заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда) ; әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкiне қорғаншылық белгiлеген; кәсiпкер мемлекеттiк қызметке кiрген кезде және заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда) негiзiнде пайда болады (белгiленедi) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжанрлы іс-шараны ұйымдастыруда кейіпкер образын заманауи сахналау туралы
Мүлікті сенімгерлікпен басқару
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДА МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың теориялық негіздері
Мүлікті сенімгерлікпен басқару ұғымы
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Қазақстан Республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz