Өңделетін материалдардың қасиеттерімен таныстыру


Мазмұны.
I. Кіріспе3
II. Негізгі бөлім
1. 1. Ағаштан бұйымдар дайындау тақырыбы бойынша мазмұны6
1. 2. Ағашты және металды қолмен өңдеу операцияларын оқыту
әдістемсі 10
1. 3. Өңделетін материалдардың қасиеттерімен таныстыру10
2. 1. Құрал-саймандардың құрылысымен және олардың жұмыс тәсілімен
таныстыру14
2. 2. Материалдарды қолмен өңдеуде іскерлік пен дағды қалыптастыру17
2. 3. Металдарды жоңқа шығармастан өңдеу тәсілдерімен оқушыларды
таныстыру26
3. 1. Оқушыларды машина мен таныстыру28
3. 2. Машиналардың өндірісті механикаландырудағы рөлімен таныстыру-35
3. 3. Оқушыларды бұрғылау және токарьлық станоктардың құрылыстары
мен таныстыру37
III. Пән сипаттамасы 51
IV. Сабақ жоспарын және жоспар- графикті құру52
V. Тақырыптық құрылымдық-логикалық сұлбасын жасау.
Құрылымдық логикалық талдау 54
VI. Нұсқау картасы56
V. Қорытынды57
VI. Пайдаланған әдебиеттер 59
Кіріспе
«Машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы» бөлімі бойынша ағашты және металды өңдеу технологияларын оқыту тақырыптары қарастырылады. Бағдарламада конструкциялық материалдардың түрлерімен (металл, ағаш, полимерлік және керамикалық материалдар), олардың қасиеттерімен танысу көрсетілген. Ағаш өңдеуге қатысты: ағаш өңдеу технологиясы: техника және конструкциялау элементтері: бұйымдарды дайындау бойынша теориялық мағлұматтар беріледі және практикалық жұмыстар орындалады. «Ағаштан бұйымдар дайындау» тақырыбына жалпы сағаттың жартысына жуығы бөлінеді және бұл негізінен пән мұғалімінің қажет деп табуына, мүмкіндігіне байланысты.
5-сыныптың оқушылары жасайтын бұйымдар негізінен жазық бетті болып келеді. Ондай бұйымдар қатарына шеберханалар мен сызу кабинетіне арналған дидактикалық материалдар (бір- екі элементті- ойық жүзді, фаска т. б. геометриялық фигуралардың бейнелі призма пішінді бөлшектері) : платқа арналған рейкалар, тамақ кесуге арналған тақтай, төсеніш тақтай: көп бөлшекті- тіреу шарбақ: балалар күрегі: кұстардың жемін салатын астау немесе науа: жәшіктер (бор салатын, көшет отырғызатын т. б. ) : саймандар мен бөлшектер қоятын қобдиша және тағы басқалар жатады. Оқушылардың жасайтын бұйымдарына қатысты іс-әрекеттерді еңбек обьектісі деп те атайды. 6 және 7- сыныптарда оқушылардың жасайтын бұйым үлгілері күрделене бастайды. Сол себепті де тақырыпқа қатысты ағаш өңдеуді оқыту мазмұны 5-сыныпқа сәйкес қарастырылады. Бұл негізінен орта сынып оқушылары үшін білімі мен іскерлік минимумын көрсетеді.
5- сынып технология бағдарламасында ұйымдастыру мәселесі бойынша қарастырылатын теориялық мағлұматтардан төмендегілер қамтылады: ағаш өңдейтін жұмыс орнын ұйымдастыру және жабдықтау: құралдарды қолайлы жерге қою, ағаш дайындамаларын ұста үстелінің үстіне ыңғайлап орналастыру: ағаш өңдеудің еңбек қауіпсіздігі ережелері: ағашты өңдеу мен ағаш материалдарын дайындау процесіндегі табиғат қорғау.
Ал графикалық және бейнелеу сауаттылық элементтері: призма пішіндес бөлшектердің техникалық суреті, эксизі мен сызбасы туралы ұғым: негізгі түр, содан және жоғарыдан қарағандағы түр: өлшемдердің белгіленуі: бөлшектердің сызбасын оқу ережесі туралы мағлұматтарды қамтиды.
Материалтану бойынша оқу материалдарынан қамтылатыны: табиғи және конструкциялық материал ретіндегі ағаштың рөлі: ағаштың халық шаруашылығы салаларында қолданылуы: ағаштың құрылысы; ағаштың түрі; ағаш ақауларының түрлері және олардың сипатты белгілері; ағаш текстурасы (құрылым сипаты) және оны пайдалану.
Орта сыныптарда машинатану элементтері бойынша оқу материалдары толық мәнді көрсетіледі. Атап айтқанда, машиналардың типтік бөлшектері (білік, ось, сап немесе тұтқа бекіткіш бөлшектер, т. б. ) ; бұрандалы (винтті) механизм, оның құрылысы мен атқаратын қызметі: бөлшектердің конструкциялық элементтері (тесік, фаска, ойық, т. б. ) ; ағаштан жасалған бұйымдарды біріктіру (жай және бұрандалы шегемен) .
Жұмыс орны бойынша; ағаш ұстасының жұмыс үстелі немесе аралас жұмыс үстелі, оның негізгі бөліктері, атқаратын қызметі.
5- сыныпта оқушылардың танысатын еңбек құралдары бойынша оқу материалдары кеңінен беріледі; сүргінің құрылысы; негізгі бөліктері және олардың атқаратын қызметі; жүзі бар бөлігінің сына тәрізді пішінде болуы; аралардың түрлері; ағашты ұзынынан, көлденеңінен және көлбеу (қиғаш) кесуге арналған аралар; ара тісінің пішіні; сондай-ақ техникаға, жабдықтарға құрал саймандарға ұқыпты қарау, ағаш қалдықтарын пайдаға асырудың мәні.
Экономикалық білім элементтері мен тәрбие және өзіндік бақылау бойынша қарастырылған оқу материалдары төмендегідей болады: материалды үнемді пайдалану; ұста сызғышының, үш бұрышты сызғыштың және рейсмустың көмегімен ағашқа белгі түсірудің әдістері мен орындалу реті; сүргілеудің көлденеңінен және бойлата аралаудың тәсілдері, ағашты қол бұрғымен тесудің әдістері; ағаштан жасалған бөлшектерді жай және бұрандалы шегемен қосып біріктірудің орындалу реті; ағаштың бетін түрпі қағаздың (бүртігі бар егеу) және қайрақ қағаздың жәрдемімен тазалау әдістері; бұйымның сызбасы бойынша (сызғыштың және ұсталық үшбұрыштың жәрдемімен) оның сапасына бақылау жүргізу тәсілдері.
Бағдарламада бағыт-бағдар беруде, көрнекілік әдісі үшін «Демонстрациялар» көрсетілген.
5- сыныптағы алған білімнің, іскерлік пен дағдының пәнаралық байланыстарын жүзеге асыру мақсатында көрсетілгендері; пәнаралық байланыстар; математика, V сынып (кесіндінің ұзындығы, кесіндінің ұзындығын белгілеу, екі нүктенің ара қашықтығы) ; параллель түзулерді және тік бұрыштарды салу; табиғаттану, III сынып (жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар, табиғатты қорғау және оны пайдалану жөніндегі адамдардың еңбегі) . Пәнаралық оқу материалдарының көрсетілуі тақырыпты тереңінен ұғынуға, оның жеке тұлғалық сипатын түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын белсенді ұйымдастыру мақсатында лабораториялық-практикалық жұмыстар көрсетіледі. Мәселен, “Ағаштың тегін және оның ақауларын анықтау” тақырыбы бойынша.
Бағдарламаның мазмұнында, оқытуда теорияны практикамен ұштастыруды көздейтін «Практикалық жұмыс» бөлімі көрсетіледі. Оның мазмұнында 5-сынып оқушылары орындайтын практикалық іс -әрекеттердің реті беріледі.
1. 1. Ағаштан бұйымдар дайындау тақырыбы бойынша мазмұны. Мектептің орта сыныптарға арналған технология пәні бағдарламасындағы «Машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы» бөлімі бойынша ағашты және металды өңдеу технологияларын оқыту тақырыптары қарастырылады. Бағдарламада конструкциялық материалдардың түрлерімен (металл, ағаш, полимерлік және керамикалық материалдар), олардың қасиеттерімен танысу көрсетілген. Ағаш өңдеуге қатысты: ағаш өңдеу технологиясы: техника және конструкциялау элементтері: бұйымдарды дайындау бойынша теориялық мағлұматтар беріледі және практикалық жұмыстар орындалады. «Ағаштан бұйымдар дайындау» тақырыбына жалпы сағаттың жартысына жуығы бөлінеді және бұл негізінен пән мұғалімінің қажет деп табуына, мүмкіндігіне байланысты.
5-сыныптың оқушылары жасайтын бұйымдар негізінен жазық бетті болып келеді. Ондай бұйымдар қатарына шеберханалар мен сызу кабинетіне арналған дидактикалық материалдар (бір- екі элементті- ойық жүзді, фаска т. б. геометриялық фигуралардың бейнелі призма пішінді бөлшектері) : платқа арналған рейкалар, тамақ кесуге арналған тақтай, төсеніш тақтай: көп бөлшекті- тіреу шарбақ: балалар күрегі: кұстардың жемін салатын астау немесе науа: жәшіктер (бор салатын, көшет отырғызатын т. б. ) : саймандар мен бөлшектер қоятын қобдиша және тағы басқалар жатады. Оқушылардың жасайтын бұйымдарына қатысты іс-әрекеттерді еңбек обьектісі деп те атайды. 6 және 7- сыныптарда оқушылардың жасайтын бұйым үлгілері күрделене бастайды. Сол себепті де тақырыпқа қатысты ағаш өңдеуді оқыту мазмұны 5-сыныпқа сәйкес қарастырылады. Бұл негізінен орта сынып оқушылары үшін білімі мен іскерлік минимумын көрсетеді.
5- сынып технология бағдарламасында ұйымдастыру мәселесі бойынша қарастырылатын теориялық мағлұматтардан төмендегілер қамтылады: ағаш өңдейтін жұмыс орнын ұйымдастыру және жабдықтау: құралдарды қолайлы жерге қою, ағаш дайындамаларын ұста үстелінің үстіне ыңғайлап орналастыру: ағаш өңдеудің еңбек қауіпсіздігі ережелері: ағашты өңдеу мен ағаш материалдарын дайындау процесіндегі табиғат қорғау.
Ал графикалық және бейнелеу сауаттылық элементтері: призма пішіндес бөлшектердің техникалық суреті, эксизі мен сызбасы туралы ұғым: негізгі түр, содан және жоғарыдан қарағандағы түр: өлшемдердің белгіленуі: бөлшектердің сызбасын оқу ережесі туралы мағлұматтарды қамтиды.
Материалтану бойынша оқу материалдарынан қамтылатыны: табиғи және конструкциялық материал ретіндегі ағаштың рөлі: ағаштың халық шаруашылығы салаларында қолданылуы: ағаштың құрылысы; ағаштың түрі; ағаш ақауларының түрлері және олардың сипатты белгілері; ағаш текстурасы (құрылым сипаты) және оны пайдалану.
Орта сыныптарда машинатану элементтері бойынша оқу материалдары толық мәнді көрсетіледі. Атап айтқанда, машиналардың типтік бөлшектері (білік, ось, сап немесе тұтқа бекіткіш бөлшектер, т. б. ) ; бұрандалы (винтті) механизм, оның құрылысы мен атқаратын қызметі: бөлшектердің конструкциялық элементтері (тесік, фаска, ойық, т. б. ) ; ағаштан жасалған бұйымдарды біріктіру (жай және бұрандалы шегемен) .
Жұмыс орны бойынша; ағаш ұстасының жұмыс үстелі немесе аралас жұмыс үстелі, оның негізгі бөліктері, атқаратын қызметі.
5- сыныпта оқушылардың танысатын еңбек құралдары бойынша оқу материалдары кеңінен беріледі; сүргінің құрылысы; негізгі бөліктері және олардың атқаратын қызметі; жүзі бар бөлігінің сына тәрізді пішінде болуы; аралардың түрлері; ағашты ұзынынан, көлденеңінен және көлбеу (қиғаш) кесуге арналған аралар; ара тісінің пішіні; сондай-ақ техникаға, жабдықтарға құрал саймандарға ұқыпты қарау, ағаш қалдықтарын пайдаға асырудың мәні.
Экономикалық білім элементтері мен тәрбие және өзіндік бақылау бойынша қарастырылған оқу материалдары төмендегідей болады: материалды үнемді пайдалану; ұста сызғышының, үш бұрышты сызғыштың және рейсмустың көмегімен ағашқа белгі түсірудің әдістері мен орындалу реті; сүргілеудің көлденеңінен және бойлата аралаудың тәсілдері, ағашты қол бұрғымен тесудің әдістері; ағаштан жасалған бөлшектерді жай және бұрандалы шегемен қосып біріктірудің орындалу реті; ағаштың бетін түрпі қағаздың (бүртігі бар егеу) және қайрақ қағаздың жәрдемімен тазалау әдістері; бұйымның сызбасы бойынша (сызғыштың және ұсталық үшбұрыштың жәрдемімен) оның сапасына бақылау жүргізу тәсілдері.
Бағдарламада бағыт-бағдар беруде, көрнекілік әдісі үшін «Демонстрациялар» көрсетілген.
5- сыныптағы алған білімнің, іскерлік пен дағдының пәнаралық байланыстарын жүзеге асыру мақсатында көрсетілгендері; пәнаралық байланыстар; математика, V сынып (кесіндінің ұзындығы, кесіндінің ұзындығын белгілеу, екі нүктенің ара қашықтығы) ; параллель түзулерді және тік бұрыштарды салу; табиғаттану, III сынып (жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар, табиғатты қорғау және оны пайдалану жөніндегі адамдардың еңбегі) . Пәнаралық оқу материалдарының көрсетілуі тақырыпты тереңінен ұғынуға, оның жеке тұлғалық сипатын түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын белсенді ұйымдастыру мақсатында лабораториялық-практикалық жұмыстар көрсетіледі. Мәселен, “Ағаштың тегін және оның ақауларын анықтау” тақырыбы бойынша.
Бағдарламаның мазмұнында, оқытуда теорияны практикамен ұштастыруды көздейтін «Практикалық жұмыс» бөлімі көрсетіледі. Оның мазмұнында 5-сынып оқушылары орындайтын практикалық іс -әрекеттердің реті беріледі. Оны төмендегідей мазмұнда көруге болады;
- дидактикалық бөлшектердің (1-2 элементті бар призма пішінді) механикалық суретін және нобайын құру;
- дайындалатын бөлшектердің сызбасын талдау;
- дайындамаларды таңдау;
- жұмысты жоспарлау;
- ағаштың қалың қабатын және қырларын сүргілеу;
- белгілеу;
- ағашты арамен кесу (көлденеңінен және ұзына бойымен) ;
- қол бұрғының жәрдемімен ағашты тесу;
- өңделген бетін түрпімен және қайрау қағазымен тазалап жылтырату;
- лакпен немесе сулы бояғыш заттармен сырлау;
- сызғыш және үшбұрыш арқылы бұйымдардың сапасын қадағалау.
Технология бағдарламасы мазмұнына сәйкес ағаш өңдеуді үйретуде қарастырылатын тақырыптың бірі- «Фанер мен ағашты пайдаланып бұйымдарды дайындау».
5-сыныптың оқушы ұлдары жасауы тиіс бұйым түрлері, еңбек обьектілері алдын ала беріледі немесе пән мұғалімнің өзі мектеп қажеттілігіне сәйкес те олардың тізбегін алдын ала анықтайды. Аталған тақырыпқа қатысты; балалар күрегі, арамен кесілетін ағашты бекітіп қоюға арналған таяныш; аралауға арналған тетік; араның тістерін ажырататын қысқыш; ұста үстеліне қағуға арналған сына; ұзартылған күн топтары мен балабақшаға арналған ойыншықтар мен дидактикалық ойындар; құрылыстар мен үйлердің макеттері; жүзетін кемелердің модельдері; көлік және ауыл шаруашылық машиналарының қарапайым модельдері (жүк мотороллері, автомобиль, доңғалақты трактор т. б. ) бұйым түрлері дидактикалық тұрғыдан дұрыс іріктелген болып табылады.
Теориялық мағлұматтар құрылымы төмендегідей оқу материалдарын қамтиды.
Жұмысты ұйымдастыру бойынша; ағаштан жасалған бұйымдарды құрастыру кезінде жұмыс орнын жабдықтау мен ұйымдастыру; еңбек қауіпсіздігі ережелері.
Кәсіптік бағдар беру бойынша; жұмысшы ( ағаш ұстасы, ағаш шебері) еңбегінің мазмұнымен таныстыру; ағаш өңдеуге байланысты басқа да көпшілік жұмысшы мамандарымен таныстыру.
Графикалық және бейнелеу сауаттылығы бойынша; сызбадағы жазуларды орындауға қойылатын талаптар; жинастыру сызбасы және кинематикалық схема туралы түсінік.
Машинатануды қамтитын оқу материалдары; қозғалыстың берілу механизмі туралы ұғым, түсті беріліс; қол бұрғы, оның құрылысы, атқаратын қызметі, қолданылуы және жұмыс процесі; қол бұрғының кинематикалық схемасы.
Технологиялық процестерді танып білу, ұғыну және оларды меңгеру бойынша; технологиялық карта, оны оқу (құру) және онымен жұмыс істеу; бөлшектерді біріктіру үшін қолданылатын желімдердің түрлері; бұйымдарды жинастырудың реті мен тәсілдері; бекіткіш бөлшектерді құрастыру; ағаштан жасалған бұйымдарды бояу (сырлау) әдістері.
Бұйымдардың сапасына сызбасы бойынша бақылау жасау реті; жалпы және элементтер пішінінің, сондай-ақ өлшемдерінің сәйкестігін анықтау.
Көрнекіліктерді қолдану бойынша: « Мектеп шеберханасында ағаш өңдеудің еңбек қауіпсіздігі» оқу фильмін, дайын бұйымдардың үлгілерін, мектептің орта сыныптарына арналған техникалық еңбек бойынша кестелерін, «Ағашты қол аспаптарымен сүргілеу процесі» кинофрагментін, «Ұста құрал- жабдықтарының құрылысы» диапозитивін көрсету, олардың мазмұнын оқушылардың көріп бақылауы үшін белгіленеді.
Ағаш өңдеу бойынша 5-сынып оқушыларының жасайтын практикалық жұмыстары төмендегідей беріледі;
- техникалық суреттің және бұйымның долбарын жасау, өлшемін анықтау;
- даярлық әдістері. Кесу, сүргілеу, тесу, ағашты тазалау. Бөлшектерді біріктіру, құрастыру, лактау, бояу.
5-сыныптың өзінде ағаш өңдеуден бөлек металл өңдеуді зерделеуде оқушылар бағдарламаға сәйкес көптеген еңбек құралдарымен танысып, соларға сәйкес технологиялық процестерді жүзеге асыру бойынша білімдер мен іскерліктермен қаруланады.
Бесінші сыныптың өзінде оқушылар бағдарламаға сәйкес қаңылтырдан, сымнан және қаңылтыр мен сымтемірден бұйымдар дайындайды. «Қаңылтырдан бұйымдар дайындау» тақырыбы бойынша дайындайтын бұйымдары: қаңылтыр төсі, электр сымдарын бекіту қапсырмалы контактілі пластинкалар, қорапша, сәндік шырағдан, т. б. болып келеді.
Материалтану бойынша түсініктері; болат туралы түсінік, қаңылтырдың түрлері, оларды алу жолдары, қаңылтырды қолдану.
Графикалық сауаттылық элементтері; сызба мазмұны; бейнені таңдау, белгі қою, эксизді құру реттілігі. Сызбаны оқу; пішінін, өлшемдерін, белгі түсіру орнын анықтау, әдіпті есептеу.
Құрал-жабдықтар; слесарь сызғышы, үшбұрышты сызғыш, кернер (із түсіргіш), ағаш балға, қол қайшы, июге арналған тетік, шаблон (үлгі), қиюластырғыш, тойтарғыш, бұрғылау станогы.
Орындалатын іс-әрекеттер (операциялар) ; дайындаманы түзету, белгі түсіру, (сызғыштың, бұрыштаманың көмегімен), кесу, ию, бұрғылау станогында тесікті тесу реттілігі. Бөлшектерді тойтармамен біріктіру, тойтару, бояу. Бұйым сапасын сызғышпен тексеру.
Ұйымдастыру және экономика элементтері бойынша; жұмыс орны, оны ұйымдастыру және күту. Еңбек қауіпсіздік ережелері. Материалды, уақытты үнемдеу, материалдық игілікке ұқыпты қарау, т. б.
Оқыту үдерісінің нәтижелі болуы үшін оқушыларға көрсетілетіндер (демонстрациялар) : “Мектеп шеберханаларында бұйымдар дайындау технологиясы” диафильмі. “Мектеп шеберханаларында металды өңдеу кезіндегі еңбеу қауіпсіздігі ” оқу фильмі. Техникалық еңбек, еңбек қауіпсіздік ережелері кестелері, бұйымдардың үлгілері, құралдар мен бөлшектер, т. б.
Сабақты бір жақты алып бармай, басқа пәндермен байланысты құрастырудағы пәнаралық байланыстардан төмендегілер көрсетілген; математика II-IV сыныптар (тік бұрыш, тік төртбұрыш, квадрат, көпбұрыш, және шеңбер. Тік төртбұрышты, квадратты және көпбұрышты салу. Ұзындық бірлігі көрсетілген.
Қарастырылып отырған оқу материалдары бойынша оқушылардың өздігінен жұмыс жасауы бойынша және оқып-үйренуі бойынша қазақ тіліндегі жазылған жазба материалдарды қазіргі кезде “Технология” оқу пәнінен алу ұсынылады.
1. 2. Ағашты және металды қолмен өңдеу операцияларын оқыту әдістемесі. Мектеп қабырғасында оқушылар еңбек құралдарымен жұмыс жасауды алдымен қолмен жүзеге асырады, сонан соң механикалық өңдеуді зерделейді. Мұның өзі қарапайымнан күрделіге өтудегі сабақтастықты сипаттайды, екіншіден қазіргі ірі өндіріс орындарында еңбектің механикаландырылған және автоматтандырылған жағдайында жұмыс жасауға дайындаудан тұрады.
1. 3. Өңделетін материалдардың қасиеттерімен таныстыру. (Б. О. Сыздықова, техника ғылымдарының кандидаты)
Мектепте оқушылар технология пәнін оқуда бірнеше технологиялық процестер бойынша дайындық көреді. Технология (технологиялық процесс) -өндірістік процестің негізгі бөлігі. Технология мағынасында өндіру, өңдеу, тасымалдау және т. с. с. өндірісті техникалық бақылау, кейде өндірістік процестердің сипатталуы мен оларды орындау бойынша нұсқаулар түсініледі.
Әр түрлі технологиялық процестер көптеген жалпы ұқсастықтарына байланысты тәсілдерге бөлінеді. Ондай жалпы тәсілдерге механикалық, химиялық, термиялық, биологиялық және энергетикалық тәсілдер жатады (кейде осы тәсілдерді базалық тәсілдер деп атайды) . Технологиялық процестер туралы білімдер жалпы білім беретін пәндердің ішіндегі; математика, физика, химия, биология сияқты пәндер мазмұнында қарастырылады. Кешенді практикалық жұмыстарды, технология пәнін оқыту, қоғамға пайдалы, өнімді еңбекті ұйымдастыру арқылы жүзеге асыру қарастырылады. Технологиялық процестерді жүзеге асыру үшін техникалық құралдарды, оның ішінде өндірістік техниканы қолданады. Ал, оның өндіріс салаларына байланысты түрлері көптеп кездеседі.
Кез-келген конструкциялық материалды өңдеп, одан бұйым дайындау үшін технологиялық процестер жүзеге асырылады. Технологиялық процестер еңбек затына, материалына тікелей байланысты болып табылады. Сол себепті де пән мұғалімі оқушыларға материалтану жөніндегі мағлұматтар беруі тиіс болып табылады. Материалдардың қасиеттерімен таныстыру- затты сипаттау арқылы орындалады.
Затты сипаттау дегеніміз- оның қасиеттерін тізіп айтып шығу. Мысалы, химия сабағында ас тұзын былай сипаттауға болады; түссіз зат (ұнтақ күйінде ақ түсті), дәмі ащы және тұзды, морт, суда ерігіш, қыздырғанда өзгермейді, т. б. Заттарды сипаттағанда өлшеніп табылатын қасиеттерін де көрсетеді, мысалы балқу және қайнау температурасы, тығыздығы, т. б. Ал технология сабағында материалдың физикалық-механикалық, технологиялық қасиеттері назарға алынады.
Материалды сипаттау үшін төмендегідей оқу материалдары қажет етіледі.
Материалтану - ғылым ретінде пайдаланып жүрген материалдардың қасиеттерін зерттейді және оны жетілдіруді қарастырады.
Материалдардың қасиеттері: физикалық, механикалық, химиялық, технологиялық.
- физикалық қасиетке:түсі, жылтырауы, тығыздығы, жылу өткізгіштігі, иісі, балқу (еру, жану) температурасы, магниттелуі, жылудың әсерінен көлемінің ұлғаюы:
- механикалық қасиетке:беріктік, қаттылық, серпімділік, тұтқырлық, морттық, созылымдылық (немесе созылғыштық) ;
- химиялық қасиетке:заттың негізгі химиялық құрамына байланыстылығы. Олардың әсерінен металдардың химиялық қасиеттеріне, оның сыртқы ортадағы (қышқыл, сілті, су, ылғал, ауа, газ, жоғары температура, т. б. ) тот басуға (коррозияға) қарсы беріктігі жатады;
- технологиялық қасиетке:материалдың өңдеуге тән белгілері, түрлі әдістермен өңделе алу қабілеті жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz