Теориялық білімін тәжірибе жүзінде пайдалана алуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 12-ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1. 1 Әлемдік және отандық тәжірибедегі 12 жылдық жалпы орта білімге

көшудің негіздемесі . . . 6

1. 2 Еліміздегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің артықшылықтары және құрылымы . . . 14

1. 3 Мектептерде 12 жылдық жалпы орта білім берудің мазмұны . . . 25

2. ОН ЕКІ ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕКТЕП БИОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 36

2. 1 Он екі жылдық білім берудегі биологияны оқытудың міндеттері . . . 36

2. 2 Он екі жылдық мектептегі биология курсы мазмұнына қойылатын дидактикалық талаптар . . . 42

2. 3 Кәсіптік бағытта жаратылыстану-биологиялық білім беру . . . 49

3. ОН ЕКІ ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН БИОЛОГИЯ КУРСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 57

1-сабақ жоспары . . . 64

2-сабақ жоспары . . . 67

3-сабақ жоспары . . . 71

4-сабақ жоспары . . . 74

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81

КІРІСПЕ

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" атты халыққа арнаған жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айрықша атады. Бұл орайда, әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда кәсіптік бейінді оқытуды көздейтін білім беруге көшу қажет, - деп атап көрсетілді жолдауында.

Тақырыптың өзектілігі: Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, 12-жылдық білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды.

Тәуелсіз елімізде оқушы-жастарды бүгінгі күн талабына сай тереңдетілген, кәсіптік бағдар беруде халкымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жасөспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең ұрпақ өсіру - қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Білім беру жүйесінің негізгі және бағдарлы мектеп сатыларындағы кәсіптік оқытудың мақсаты - оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық талғамды қалыптастыру; кәсіби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім және білікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру», - делінген [1] . Демек, бүгінгі қоғам өміріндегі даму, жаңару бағыты терең білімді, ұлттық рухта және ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтар негізінде жан-жақты жетілген жеке тұлғаны оқытып тәрбиелеуге толық жол ашты.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген [3] . Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып, 12-жылдық мектепте кәсіптік негізде болашақ ұрпаққа биологиялық білім мен тәрбие беру, әрі оны тереңдетіп жүргізу қажет деп санаймын.

Биологиялық білім беру - оқушылардың осы пән бойынша танымдық қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың бейімділігіне қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Пәнді оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым- қатынас стилі өзгереді.

Биологиялық білім беру - білім беру процесінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылуына өзгерістер енгізу арқылы оқушылардың қызығушылығы, биологиялық-жаратылыстану пәндеріне деген қабілеттерін толық есепке алуға, оқушыларға олардың кәсіптік сұраныстары мен білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау бағыты болып табылады.

Зерттеу нысаны: 12- жылдық білім беру жүйесінде мектеп биологиясын оқыту әдістемесі.

Зерттеу пәні: 12- жылдық білім беру жүйесіндегі мектеп биологиясы.

Диплом жұмысының мақсаты: 12-жылдық білім беретін мектептерде биологияны оқыту әдістемесінің тиімділігін анықтау. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды.

Диплом жұмысы тақырыбының міндеттері:

  • 12-жылдық білім беру жүйесіне шолу жасау;
  • Жоғарғы сыныптардың пән бағдарламаларында жаратылыстану пәндерінің оқытылу жайын зерделеу;
  • 12- жылдық білім беру жүйесінде мектеп биологиясын оқытудың ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық іс- әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табылады.

Диплом жұмысының әдістері: педагогика, психологиялық, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау, сауалнамалар алу, бақылау жұмыстарын жүргізу, әңгімелесу, сараптау, салыстыру, қорытындылау әдістері пайдаланылды. Зерттеу мәселесіне қатысты ұсынылған әдіс-тәсілдер тәжірибелік байқаудан өткізілді.

Тақырыптың ғылыми жаңалығы:

  • 12-жылдық білім беретін орта мектептерде биология курсы негізінде кәсіптік білім берудің жолдары қарастырылды;
  • Жоғарғы сыныптарда жаратылыстану-биологиялық пәндер циклін кәсіптік білім беруге пайдалану негіздері зерттелді;
  • 12-жылдық білім беру жүйесінде мектеп биологиясын оқытудың дидактикалық негңздері ашып көрсету.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1. Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім берудің әдістемелік негіздері

1. 1 Әлемдік және отандық тәжірибедегі 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің негіздемесі

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:

  • қоғам дамуынын қарқындылығы;
  • постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
  • халықаралык ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
  • қоғамның демократиялануы;
  • экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
  • адам капиталы мәнінің артуы.

Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т. б. үрдістер байқалып отыр.

Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудін енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.

Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық камтамасыз ете алмайды. Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ыкпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:

  1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
  2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
  3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақ- талуы.
  4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік касиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі аныктау мотивтерінін болмауы, өзіндік кызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Реслубликасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтканда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты [11] .

Еуропа кеңесінің (1992 ж. ) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардын ішінде дамыған еддерден: АКШ, Жапония, Германия, Франция және т. б. ТМД елдерінен 12 жылдык окыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады [1] .

Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының білім мекемелерінде ХХ ғасырдың 60 жылдарында прагматикалық көзқарасқа негізделген білім үлгісі енгізілген болатын. Нәтижесінде «америкалық прагматикалық педагогика «экземплярлық», «кафетериялық» деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып, білімнің іргелілігін төмендетіп, орта мектеп оқушыларының білімінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. осыған байланысты 1983 жылы АҚШ Үкіметінің «Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет» атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді, «2000 жылдың мақсаттары» атты федералдық бағдарлама және «Әлемдік деңгейдегі білім» жобасы қабылданып, орта білім жүйесінің жүйелілігі және жеделдігі артылып, математика, жаратылыстану сияқты іргелі білім түрлерін игеру сапасы бойынша әлемдегі ең биік деңгейге көтерілу мақсаттары қойылды [3] . соңғы уақытта, АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар аударылған. Әсіресе ауылды мектептерде 5 жасар балаларды мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді. Жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3, оқу мерзімі 6 жастан 18 жас аралығында. мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші және жоғары мектеп. Кіші орта мектеп 7-9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама, қалған сабақтары таңдау бойынша (элективті) жоғары орта мектеп 10-12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық, академиялық бағыттағы профильдік пәндер берілген. сондай-ақ АҚШ-та 1 сыныпқа балалар 6 жастан, тіпті кейбір жергілікті мектептерде 5 жастан қабылданады екен. мектептегі сабақ 9 айға созылады, қалған үш ай демалыс болып табылады. күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып табылады. Журнал айына 1 рет тексерілуге беріледі. мектептегі оқушы білімін бағалаудағы басты әдіс-тест.

Қазіргі таңда көбіне тестердің дұрыс жауаптары көрсетілмейтін әдісті көп қолданады. Білім деңгейін бағалау мен бақылау барысында көбінекей кредитті көп қолданады. Мектепті бітіргендігі туралы аттестат алу үшін небәрі 16 кредит жинауы қажет. орта мектепте оқу жылы 2-3 кезеңге бөлінеді, әрқайсысының аяғы 5 немесе 100 ұпайлық жүйемен бағаланады. Мысалы, А (93-100) - өте жақсы; в (85-92) - орташадан жоғары; с (75-84) - қанағаттанарлық; Д (65-74) - нашар; е (0-64) - ешқайда көшірілмейді, ең төменгі баға.

Германияда басқа да еуропа елдері секілді бастауыш сыныпқа 6 жастан қабылдайды, жалпы орта білім алу үшін 12 жылдық мектепті негізделген, барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу ғана міндетті, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қаблеттеріне оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра алады. Герман Федеративтік мемлекетінің заңының 6 бабына сәйкес барлық мектептік білім беруді мемлекет қадағалайды [4] . мемлекет міндетті тегін білім алу 9 жылдық оқыту болып табылады деп шешкен. Бірақ оқушының орта мектепті бітіргеннен кейін өз оқуын жалғастыруы өз еркінде 1 мен 3 жыл арасындағы оқумен тәмамдай алады.

Білім алу 3 баспалдақты құрылымда болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. оқу 6 жастан жалпыға бірдей мектепте (1-4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектепте (5-10 сыныптарда) 50%-ға жуығы жасөспірім оқушылар құрайды, олар әрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін, кәсіби білім алуға жолдама алады. Ал нақты училищеде (5-10 немесе 7-10 сыныптар) кәсіби-практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пәндер оқытылады. Нақты училищені бітірген оқушы орта және содан кейін арнайы жоғары кәсіби-техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5-13 немесе 7-13 сыныптар) толық орта білімді береді және университеттік үлгідегі Жоо түсу құқына ие болады. Гимназиядағы міндетті пәндер болып: неміс тілі мен әдебиеті, тарих, география, математика, биология, дене тәрбиесі, музыка, дінтану болып табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты әр түрлі нұсқада оқу бағдарламалары беріледі. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында пәндер блоктарға сәйкес біріктіріледі, мысалы: «тіл-әдебиет-өнер», «әлеуметтік білімдер», «әлеуметтік-экономикалық» т. с. с. Неміс тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы мүмкіншілігі зор, олар міндетті пәндерден басқа да пәндерді қосымша оқи алады, соның негізінде олардың жеке-дара ерекшеліктері жақсы дамиды. Бейіндік бағыттағы пәндерден басқа тілдік, әдеби-көркем, қоғамдық-ғылыми, математикалық немесе жаратылыстану-ғылыми пәндерін меңгере алады. Негізгі мектепті аяқтау 4 пән бойынша емтихан тапсыру арқылы аяқталады. 12 және 13 жылдық мектепті сәтті аяқтаған балалар үшінші деңгейді аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл аттестат кез-келген бейінде оқуға жолдама болып табылады. Жоо-ға түсуде оқушының аттестаты, ондағы орта ұпай негізгі рөл атқарады.

Германияда элитарлы орта мектептермен қатар училищелер жұмыс істейді. орта білім беретін оқу орындарында алты деңгейлі білімді бағалау шкаласы негізге алынған, ол: «өте жақсы» (1) =15-14-13 ұпай; «жақсы» (2) =12-11-10 ұпай; «қанағаттанарлық» (3) =9-8-7 ұпай; «қанағаттанарлықтан төмен» (4) =6-5-4; «нашар»(5) =3-2-1 ұпай; «қанағаттанарлықсыз» (0) = 0 ұпай Германияда мектепте оқу біріктірілген мектеп деңгейінде әр түрлі атқа ие болып табылады, атап айтар болсақ, олар: Тюригте «жиі», саксонияда «орта», саксония мен Ангальтеда «екінші деңгейдегі мектеп», Гамбургте «негізгі және нақты мектептердің сабақтастырылуы», Гесседе, макленбург-Померанида «негізгі және орта мектептің біріктірілуі», ал рейнланд-Пфальцеда «аймақтық мектеп» болып табылады. Германияда оқушыларға білім беру барысында олардың кәсіби біліктілігін жоғарлауға басты назар аударылған. Бұл үшін мелекет саяси және әлеуметтік тұрғыда жауапты болып табылады. егер нарықтық жағдайда өз біліктілігін көтеруге жағдайы болмаған жандарға мемлекет субсидия (көмек) бөледі.

Германияда оқушылардың біліміне, қабілетіне және талабына сай білім беруге бағытталған мектептердің әр түрлі типтері қызмет істейді.

Франция мектепке дейінгі балалар тәрбиесімен айналысатын ең алдыңғы қатарлы мемлекет болып табылады. онда «Аналық мектебі» және «Бүлдіршіндер сыныбы» балабақшалары бар. Білім беру Тұжырымдама-сында 12 жылдық білім беру бекітілген. онда орта білім беру 10 жылдық (6-16 жасқа дейін) мектеп ақызыз, ал 12 жылдық мектеп міндетті емес. Францияда 5 жылдық элементар мектепті бітірген балалар оқуын жалпы білім бертін 4-5 жылдық колледждерде жалғастыра алады. Толық емес орта мектеп біртекті жалпыға міндетті колледж-бастауыш сынып негізінде құралады және барлық жастағы балаларды қамтиды. Бітірушінің кәсіби мамандығына сәйкес (бакалавр) дипломды иемденуде олар бірнеше секцияға ие.

Бастауыш және орта мектеп деңгейінде оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын бағалауда арнайы екі шкаланы қолданады. Бірінші жағдайда - 0-ден 10 ұпай аралығында, екінші ретте - 0-ден 20-ма ұпай аралығы. 1-ші шкала бойынша білімді бағалау келесідей ретте сипатталады: «өте жақсы» - 8 және одан жоғары ұпай, «жақсы» - 7 ұпай, «жеткілікті деңгейде жақсы» - 6 ұпай, «қанағаттанарлық» - 5 ұпай, «орташа» - 4 ұпай, «нашар» - 3 ұпай, «өте нашар» - 2 ұпай және одан да төмен. Ал екінші шкалаға сәйкес бағалау реті келесідей: «өте жақсы»-16 және одан жоғары ұпай, «жақсы» - 14-16 ұпай аралығы, «қанағаттанарлық» - 10-11 ұпай, «орташа» - 8-10 ұпай, «нашар» - 6-8 ұпай, «өте нашар» - 5 ұпай және одан да төмен. мектепті тәмамдағаннан кейін оқушылардың барлығы бакалавр курсына сәйкес емтихан тапсырады.

Англия және ағылшын тілдерді елдерде грамматикалық, техникалық, кешенді, қазіргі секілді 4 түрлі мектептер қызмет етеді. Германияда элитарлы орта мектептермен қатар училищелер жұмыс істейді. Англияда орта білімді бітіріп, 16 жастан кейін балалар оқуын әрі қарай немесе мектеп берген сертификатпен жұмысқа орналасуына мүміндік бар.

Шетел мектептерінде жоғары мектепке оқушылар оқу үлгіріміне қарай және мектеп берген мінездеме негізінде арнайы мемлекеттік комиссияның шешімімен қабылданады. Осылайша оқушы жастарды үлгіріміне қарай сұрыптап оқыту мәселесі Германияда, Францияда, Жапонияда нақты жолға қойылған [9] .

Жапонияда мектептің жоғары сатысы (10-12 сыныптар) 5 түрлі техникалық, сауда, ауыл шаруашылық, флоттық, қосымша мектептер болып құрылған. Жапон елінің бір ерекшелігі балабақшалар білім берудің маңызды қадамы емес. Балалар балабақшаға ата-аналарының қалауымен тіпті 4 жаста баруы мүмкін. Жапон білім беру заңында 9 жылдық білім беру ақысыз, білім беру құрылымы 6+3+3 (6 жылдық басатауыш мектеп - чугакко, 3 жылдық кіші орта мектеп - чугако, 3 - жылдық жоғары орта мектеп - като-гакко) . Бастауыш мектепте негізгі сабақтар жапон тіл, арифметика, қалған сабақтар - жаратылыстану, қоғамтану, музыка, этика, дене тәрбиесі, искусство, қолөнер өтіледі. кіші орта мектепке - емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі - жазбаша тест. Бастауыш және орта мектепте 5 дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), в (қанағаттанарлық), с (нашар), d (өте нашар) . сонымен қатар орта мектепте білімді бағалау американың кейбір мектептері секілді кредиттік жүйе де қолданылады. Жапонияда жоғары мықты білім алу үшін дзюку депаталатын міндетті емес, ақылы мектептер қызмет етеді. егер балалары оқығысы келіп тұрған ата-аналар, ақшасын аямай барын оқуға жұмсайды. Жапондықтар орта мектептің бастауыш және орта буындарында білім беру мен тәрбиелеу ісінде «кокоро» идеясын басшылыққа алады екен. «Кокоро» дегеніміз «жүрек, ақыл-ой, діл, ізгілік» деген ұғымдардың жиынтығы. Ұзақтығы 6 жылға созылатын бастауыш мектептің басты міндеті білім жиынтығын беру мен қабілеттерін қалыптастыру емес, ең алдымен «кокоро» идеясын іске асыру, яғнижастардың биік адамгершілік қасиеттерін, ұлтжандылық менталитетін орнықтыру болып есептелінеді. Шетел тілі негізінен 7-сыныптан бастап қана оқытылады [8] .

Дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды, олар:

1. Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру: білімнің ашықтығы, біліммен ақпарат алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы.

2. Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әр оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.

3. Оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделген.

4. Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол сілтеу болып табылады [9] .

Жоғарыда аталған әлемдік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім беруге көшуде Қазақстан мектептерін:

1. Әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.

2. Оқу жүктемесінің бір жылға созылуы жеңіл болады.

3. Кәсіптік білім береді.

4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.

Қорыта келгенде, әр елдің білім беру мен тәрбие саласындағы өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында Шетелдік 12 жылдық білім берудің тек жағымды жақтары мен тиімділігін алуымыз қажет екендігін ескеруіміз қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Теориялық сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыру формалары мен әдістері
Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
БОЛАШАҚ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Химиялық эксперимент - химияны оқытудың негізі
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Есепті шығару жолы
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz