Өндірістік процесс ұғымы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. КӘСІПОРЫНДА ӨНІМДІ (ҚЫЗМЕТТІ) ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 3
НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік процесс ұғымы 3
1.2.Негізгі және қосалқы өндіріс 9
1.3.Өндірістік процесті ұйымдастыру, оның формалары мен әдістері 10
1.4.Өндірістік процесті басқару және өнім сапасына бақылау жасау 14
1.5.
2 ДАНК ЖШС-ДА ӨНІМДІ ӨНДІРУДІ ЖӘНЕ ӨТКІЗУДІ ТАЛДАУ 18
2.1.ДАНК ЖШС құрылуының қысқаша тарихы мен негізгі техника – 18
экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы
2.2.ДАНК ЖШС-да өнімді өндіру және өткізу динамикасын және 25
жоспардың орындалуын талдау
2.3.ДАНК ЖШС – да өнім өндірісіне және оны өткізуге кеткен 29
шығындарды талдау
2.4.ДАНК ЖШС – ның өнім сапасын талдау 32
3. ДАНК ЖШС-ДА ӨНІМДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША 34
ШАРАЛАР
3.1.Өнімді өндіру және өткізуді факторлық талдау және ұлғайту 34
резервтерін анықтау
3.2.Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде еңбек 38
ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарлату
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48
ҚОСЫМШАЛАР 50
КІРІСПЕ
Өнімді өндіру және сату кәсіпорынның басты атқаратын қызметтері болып
табылады. Нарықтық белсенділіктің осы екі аспектісін өндірістік қызмет
деп аталатын бір медальдің екі жағы ретінде қарастыруға болады. Бірақ, осы
екі аспектіні бейнелейтін көрсеткіштер бір бірінен ерекшеленеді. Бүл жерде
өндіріс нәтижесі деп өндірілген және айналымға шығарылған, яғни сатуға
дайындалған өнімді, ал сату нәтижесі деп өзінің тұтынушысын тапқан, яғни
келсім шарт шарттарына сәйкес тиелген немесе оған берілген, немесе төленген
өнімді айтады.
Кәсіпорында өнімді өндіру және өткізуге талдауды жүргізу - өте қиын
процесс, ол ақпараттың үлкен көлемін жалпылауды талап етеді.
Осы диплом жұмысымда ДАНК ЖШС – да өнімді өндіру және сатуды
талдау келтірілген. Жұмыстың бірінші бөлімінде сұрақтың теориялық жағы
қарастырылған, екінші бөлім осы кәсіпорынның өніміні өндіруді және сатуды
талдауға арналған, кәсіпорын сипаттамасы, кәсіпорынның жұмысының негізгі
техника – экономикалық көрсеткіштерінің есебі, кәсіпорында жүргзілуі қажет
шаруашылық қызметті талдауды жүргізу тәртібі қарастырылған.
Осы тақырып қазіргі уақытта өзекті тақырыптардың бірі болып отыр,
өйткені кәсіпорындардың жұмыс істеуінің бүгінгі дәрежесі нәтижелі
өзгерістерді талап етіп отыр. Көптеген өнімдер шетелден әкелінеді, ал
өзіміздің отандық өнімді өндіру біздің экономикада негіз болудан қалды. Осы
тақырыпты өрбіту мақсатында мысал ретінде Семей қаласында орналасқан ДАНК
ЖШС кәсіпорынның өнімін өндіруді және сатуды талдау жүргізіледі.
Диплом жұмысын жазу мақсаты өнімді өндіру және өткізуді талдау
әдістемесін, оның нәтижесін қарастырып, тиісті тұжырмалар шығару болып
табылады. Диплом жұмысын орындау үшін ДАНК ЖШС-ның жарғысы, қаржылық есеп
берушілік, статистикалық есеп берушілік, алғашқы құжаттар және т.б.
құжаттар, деректер қарастырылды.
КӘСІПОРЫНДА ӨНІМДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Өндірістік процесс ұғымы
Өндіріс – бұл қоғамның тіршілік етуі және дамуы үшін қажетті материалды
игіліктерді жасау процессі.
Өндірістің мазмұны келесідей үш құраушылары бар еңбек қызметін
анықтайды:
- мақсатты жұмысты, немесе еңбектің өзін;
- еңбек заттарын, яғни адамның саналы қызметі бағытталғанның барлығы
(шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және т.б.)
- еңбек құралдары (машиналар, құрал – жабдық, инструмент және т.б),
олардың көмегімен адам еңбек заттарын өзінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін ыңғайландыра отырып өзгертеді.
Материалды өндірістің өнімі – табиғат пен еңбек заттарын біріктіруді
білдіретін материалды игілік болып табылады.
Қазіргі заманғы өндіріс үздіксіз ғылыми – техникалық прогресс
жағдайларында дамиды, ал ҒТП-ның басты міндеті өндірісті ақпараттандыру
және автоматтандыруды жетілдіру.
Әрбір кәсіпорын өндірістік бөлімшелерден тұрады – цехтар, учаскілер,
қызмет көрсетуші шаруашылық, басқару органдары. Кәсіпорынның құрамына
сонымен қатар жұмысшылар мен олардың жанұяларының мүшелерінің
қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген ұйымдар мен мекемелер жатуы
мүмкін.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері – цехтар, учаскілер, қызмет
көрсетуші шаруашылықтар тікелей немесе жанама түрде өндірістік процесте
қатысады, жиынтықтағы олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік
құрылымын құрайды.
Ол еңбек өнімділігінің және өндіріс шығындарының деңгейін, материалды
өндірістің берілген техника – экономикалық және экономика – географиялық
жағдайлары кезінде табиғи байлықтар мен техниканы пайдалану және қолдану
тиімділігін алдын – ала анықтайды.
Кәсіпорынның жалпы құрылымы - кең ұғым. Оған кәсіпорынды басқару
және жұмысшыларға қызмет көрсету бойынша өндірістік бөлімшелер, ұйымдардың
кешені кіреді. Бұл кезде өндірістік бөлімшелерге кәсіпорынмен шығарылатын
негізгі өнім дайындалатын, бақылаушы тексерістен және сынақтардан өтетін,
шеттен әкелінетін құрастырушы бұйымдар қолданылатын цехтар, учаскілер,
зертханалар жатады.
Әрбір кәсіпорынның алдында ұтымды өндірістік және жалпы құрылымды
құру міндеті тұрады. Ол келесідей тәртіпте жүзеге асырылады:
1) кәсіпорын цехтарының құрамы және жоспарланатын өнім шығарылымын
қамтамасыз ететін көлемдегі олардың қуаттылығы бекітіледі;
2) әрбір цех, қойма үшін аудандар есептеледі, кәсіпорынның басты
жоспарындағы олардың орналасуы анықталады;
3) кәсіпорынның ішінде, барлық көліктік байланыстар, олардың сыртқы
жолдармен өзара әрекеті жоспарланады;
4) өндірістік процесс барысында еңбек заттарының цех аралық қозғалуының
қысқа жолдары қарастырылады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік бірлігі цех (немесе участік) болып
табылады. Ол – жалпы өндірістік процестің белгілі бір бөлігін орындайтын
әкімшілік қатынаста жекеленген буын .
Негізгі цехтарда сату үшін арналған өнімді дайындау үшін операциялар
атқарылады.
Үлкен топты қосалқы цехтар құрайды. Оларға интсрументтік, моделдік,
жөндеу, энергетикалық, көліктік және т.б. жатады. Кәсіпорын құрылымында
белгілі бір орынды қойма шаруашылығы, сонымен қатар санитарлы – техникалық
құрылғылар мен коммуникациялар, ғылыми және ғылыми – зерттеу бөлімшелер
алады.
Кәсіпорынның маңызды құрылымдық өндірістік бірліктері өндірістік
учаскілер болып табылады. Олар негізгі және қосалқы болып бөлінеді.
Өндірістік процесс – нәтижесінде алғашқы материалдар дайын өнімге
айналатын еңбектің өзара байланысқан процестерінің және табиғи процестердің
жиынтығы.
Шығарылан өнімнің сипаты мен көлеміне байланысты өндірістік процесс жай
және күрделі болып бөлінеді. Машина жасау кәсіпорындарында дайындалған өнім
әдетте бөлшектер мен жинақтау бірліктерінің үлкен санынан тұрады. Бөлшектер
әртүрлі габаритті өлшемге, күрделі геометриялық фигураларға ие, үлкен
дәлділікпен өңделеді, оларды дайындау үшін әртүрлі материалдар қажет. Мұның
барлығы жеке бөліктерге бөлінетін өндірістік процесті қиындатады, және осы
күрделі процестің жеке бөліктері әртүрлі цехтармен және зауыттың өндірістік
учаскілерімен орындалады.
Өнеркәсіпті кәсіпорын - әртүрлі өндіріс пен шаруашылықтан (негізгі,
көмекші, эксперименталды) тұратын күрделі механизм. Өндірістік процесс
технологиялық, сонымен қатар технологиялық емес процестерді біріктіреді.
Технологиялық процесс – нәтижесінде еңбек құралдарының формалары,
өлшемдері, қасиеттері өзгеретін процесс.
Технологиялық емес процесс – еңбек құралдары формаларын, өлшемдерін,
қасиеттерін өзгеруіне әкелмейтін процестер.
Кәсіпорынның жеке өндірістік буындары бойынша шығындарды жоспарлау
және есебі мақсатында шығарылатын өнімнің мақатына байланысты барлық
өндіріс негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі өндіріске өнімді шығару үшін құрылған кәсіпорынның өнімдерін,
сонымен қатар сату және ішкі зауыттық тұтыну үшін арналған жартылай
фабрикаттар (машина құрылыс зауыттары үшін сызықты, ұсталық, пресстік )
дайындауға арналған өндіріс жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндіріс өнімдерін дайындауға тікелей
қатыспайды, бірақ өнімді өндіре, қызметтерді көрсете отырып өндірісті және
кәсіпорынның барлығын қамсыздандырады (жөндеу – механикалық, электр
көліктік, инструменттік ехтар, су және газбен жабдықтау).
Кез келген кәсіпорын үшін мағызды орынды өндірістік есепті ұйымдастыру
алады. Өндірістік бухгалтерлік есепті ұйымдастыру көп жағдайда өндіріс
типіне байланысты болады. өндірістің келесідей үш типін бөледі: жеке,
сериялық және жаппай.
Біртекті өнімді өндіру көлемі бойынша өндірістік процесс келесідей
бөленеді:
Жаппай – біртекті өнімді шығарудың үлкен көлемі кезінде. Жаппай
өндіріс – ұзақ уақыт ағымында үздіксіз бірдей өнім дайындалатын өндіріс
типі. өндірістің бұл типінің сипатты белгілері салыстырмалы түрде шағын
ассортимент кезінде шығарылатын бұйымдардың маңызды көлемі, құрал –
жабдықтардың мамандануының жоғары деңгейі және өндірістің жоғары ритмділігі
болып табылады. Жаппай өндіріс машина құрылысына, құрылғыларды жасау, жеңіл
өнеркәсіп, консерв, кондитер және экономиканың басқа да салаларына тән.
Мұнда шығыдар есебінің және өзнідік құнды калькуляциялаудың нормативті
әдісі қолданылады.
Сериялық – тұрақты түрде қайталанып отыратын өнім түрлерінің кең
номенклатурасы кезіндегі өндірістік процесс. Сериялық өндіріс серия болып
табылатын бірдей бұйымдарды шығарудың кезең сайын қайталануымен
сипатталады. Оған келесідей ерекшеліктер тән: шығарылатын өнімнің шектелген
номенклатурасы, мамандандырылған машиналар, инструменттер, құрылғылар саны
шектелген. Сериялық өндіріс машина құрылыс өнеркәсібінде және металды өңдеу
өнеркәсібінде кең таралған. Бұл кәсіпорындарда өнімді шығару есебі бұйым
жинақталатын бөлшектер немесе олардың партияларына қатысты емес, бұйым –
серияларға қатысты жүргізіледі.
Сериялардың көлеміне байланысты өндірістік үш түрін ажыратады: ірі
сериялық өндіріс (өнім үздіксіз бір жыл ағымында дайындалады), сериялық
(мамандану шеңбері шағын,ал өндірістік сызықтар мен цехтар заттық және
технлогиялық мамандануға ие), шағын сериялық (бірлік өндірістен өнімді
шағын сериялармен шығаруға өту формасы). Сериялық өндірісте шығындар
есебінің әне өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативті немесе
шектеулі әдісі қолданылады.
Жеке – процестің үлкен үлесі уникалды сипатта болатын бұйымдардың
тұрақты түрде өзгеретін номенклатурасы кезінде. Жеке (бірлік) өндіріс
типіне өнім жеке даналармен немесе көп емес қайталанатын тапсырыстармен
дайындалуы тән, мұндай өндіріс түрі ауыр машина құрылысына сипатты. Оның
келесдей ерекшеліктері бар: цехтарда нақты мамандануы жоқ, субъектінің және
цехтардың өндірістік бағдарламасы бұйымдардың және оның бөліктерінің көп
санымен ерекшеленеді, дайындау – қортынды жұмыстарға шығыдар біршама
жоғары, өндірістің басқа типтеріне қарағанда өндірістік цикл ұзақтығы
жоғарырақ. Жеке өндірістерде шығындар әрбір бұйымның (тапсырыстың)
шығындары есептелетін шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың үлгілі әдісі қолданылады.
Кен өндіру саласындағы кәсіпорындардың барлық өндірістік құрылымын
келесідей түрлерге келтіруге болады (олардың мамандануына байланысты):
Толық технологиялық циклды зауыттар. Олардың дайындық, өңдеуші және
жинақтаушы цехтары бар көмекші және қызмет көрсетуші бөлімшелері болады.
Толық емес технологиялық циклды зауыттар. Оларға басқа зауыттардан немесе
делдардардан кооперациялау тәртібінде дайындықтарды алатын алатын зауыттар
жатады.
Басқа кәсіпорындармен дайындалатын бөлшектерден ғана машина шығаратын
жинақтаушы зауыттар.
Дайындықтардың белгілі бір түрлерін өндіруге мамандандырылатын зауыттар.
Олардың технологиялық мамандануы болады.
Бөлшектердің жеке топтарын немесе жеке бөлшектерді өндіретін бөлшекті
мамандандырылған зауыттар.
Өндірісітің белгілі бір түрін пайдалану өнімнің номенклатурасымен және
дайындалуға тиіс өнімнің көлемімен анықталады. Сонымен бірге біртекті
өндірісте сериялық өндіріс элементтерін және сериялық өндірісте жаппай
өндіріс элементтерін қолдануға тырысу қажет.
1.2. Негізгі және қосалқы өндіріс
Қандай өнім өндіріс нәтижесі болып табылатындығына байланысты
өндірістік процестер негізгі, қосалқы және қызмет көрсетуші болып бөлінеді.
Бұл жиынтықта орталық орынды негізгі өндірістік процесс алады, оның
нәтижесінде алғашқы материал мен шикізат дайын өнімге айналады. Мысалы,
автомобиль зауыттарында негізгі процесс бөлшектер үшін дайындықтар жүргізу,
жинақтаушы бірліктерді жинақтау және автомобильдерді толық жинау болып
табылады.
Негізгі өндірістік процесс үш кезеңге бөлінеді: дайындық, өңдеуші және
жинақтаушы.
Қосалқы өндірістік процесс – кәсіпорынның ішінде қолданылатын өнімді
дайындау процесі. Мысалы, автомобильді кәсіпорында қосалқы өндіріс
автомобиль бөлшектерін өңдеу кезінде қолданылатын инструменттерді дайындау,
құрал – жабдықтарды жөндеу үшін бөлшектерді дайындау. Көмекші өндіріс
негізгі өндіріс өнімдерін дайындауға тікелей қатыспайды, бірақ өнімді
өндіре, қызметтерді көрсете отырып өндірісті және кәсіпорынның барлығын
қамсыздандырады (жөндеу – механикалық, электр көліктік, инструменттік
ехтар, су және газбен жабдықтау).
Қызмет көрсетуші өндірістік процес - бұл нәтижесі қызмет болып
табылатын еңбек процесі. Оған көліктік, қоймалық операциялар, техникалық
бақылау және т.б. жатады.
Негізгі өндірістік процесті уақытылы және сапалы орындау негізгі
өндірістік процесті оңтайлы қамсыздандыру міндетіне бағынышты қосалқы және
қызмет көрсетуші процестердің дұрыс орындалуына тікелей байланысты болады.
1.3 Өндірістік процесті ұйымдастыру, оның формалары
мен әдістері
Өндірісті ұйымдастыру барлық буындарды қамтиды – халық шаруашылығының
салалар тобынан бастап жұмыс орнына дейін. Ірі кәсіпорындар шеңберінде
өндірісті ұйымдастырудың үш деңгейін бөліп көрсетуге болады.
Процесті жұмыс орнында ұйымдастыру еңбек процесінің элементтерін нақты
үйлестірумен байланысты. Бір станокты жұмыс орыны үшін өндірісті
ұйымдастыру станоктың негізгі параметрлерінің, қолданылатын
инструменттердің, жұмысшының біліктілік дәрежесінің, қолданылатын
материалдардың ерекшеліктерінің ұтымды сәйкестілігін қамсыздандыру қажет.
Кешенді жұмыс орынында өндірісті ұйымдастыру ең алдымен қызмет
көрсетудің, жүктеу тәртібін және дайын өнімді өндірістен алудың нақты
айқын жобалауымен, агрегатты пайдалану тәртібін ұтымды өзгертулерді
негіздеумен сипатталады.
2. Өндірісті ішкі цехтық ұйымдастыру технологиялық процестің бір
стадиясына немесе бір жеке өндірістік процеске кіретін жұмыс
орындарында өтетін өндірістік процестердің үйлесімін қамтамасыз
етеді. Ұйымдастырушылық тұрғыдан өндірістің мұндай стадиясы учаскі
немесе цех тұрінде рәсімделуі мүмкін.
2. Өндірістің цех аралық ұйымдастырылуы өндірістік процестің ірі
стадияларын кеңістік және уақыттық үйлесімде өндіріс шараларын
өткізуді білдіреді. Осындай стадиялардың әр біреуі - жеткілікті
түрде аяқталған процесс.
Өндірісті ұйымдастыру мазмұнына және бағыттарына сүйене отырып, оның
негізгі міндеттерін қалыптастыруға болады:
• өндірістік процестің ең жетілген заттық элементтерін таңдау;
• олардың толық пайдалануын және кеңістік және уақыттық ұтымдық үйлесімін
қамсыздандыру;
• тірі еңбекті ұнемдеу;
• өнім сапасын жоғарлату.
Өндірісті ұйымдастырудың жоғарғы формасы өнімді дайындау бойынша
өндірістің технологиялық операцияларын белгілі бір реттілікпен автоматты
түрде орындайтын машиналар жиынтығын білдіретін автоматты ағымды желілер
болып табылады.
Автоматты ағымдық желілердің экономикалық тиімділігі еңбек өнімділігін
және өнім сапасын күрт жоғарлату, өнімнің өзіндік құнын төмендету және
басқа да көрсеткіштерді жақсартуды көздейді.
Өндірістік процесті ұйымдастырудың формасы осы процестің элементтері
еңбек заттарын уақытта және кеңістікте белгілі бір үйлесімін білдіреді.
Өндірісті ұйымдастырудың келесідей формалары бар:
1. Еңбек заттарын кезекті берумен өндірісті ұйымдастыру. Еңбек заттары
әрбір кезекті операцияға өткен операцияда бұйымдардың барлық партиясын
өңдеу аяқталғаннан кейін берілетін процесс болып табылады. Бұл форма ең аз
өнімділікті, мұнда өндірістік цикл ұзартылады, өйткені өңдеуден өткен
бұйымдар барлық партияны өңдеуді аяқтағанға дейін жатып қалады. Сонымен
бірге осы форманың артықшылығы өндірістік бағдарламаның өзгерістеріне
қатысты икемді түрде бейімделуі.
2. Өндірісті параллельді ұйымдастыру еңбек заттарын ешқандай да
кедергісіз, дана данамен осы станокта осы бұйымды өңдеуді аяқтау дәрежесіне
байланысты өңдеуге және келесі операцияға беруге мүмкіндік береді. Осылайша
бұйымдар барлық партияны өңдеуді аяқтауды күтуде жатып қалмайды, ал бұл
өндірістік цикл ұзақтығын қысқартады, аяқталмаған өндіріс көлемін азайтады.
3. Өндірісті ұйымдастырудың ең прогресивті, оңтайлы формасы –
параллельді – кезекті. Ол өндірісті ұйымдастырудың параллельді және кезекті
формаларының артықшылықтарын біріктіреді. Мысалы, еңбек заттары операциядан
операцияға көліктік партиялармен беріледі. Бұйымдар партиясы операциялар
бойынша параллельді жүреді. Мұнда құрал – жабдық өңделетін бөлшектердің
қозғалысының бағыты бойынша орналасқан, оның саны қажетті өндірістік
ауданның мөлшерін анықтайды. Нәтижесінде құрал – жабдық пен жұмыс күшін
пайдаланудың максималды үздіксіздігі қамтамасыз етіледі, бұл еңбек
өнімділігінің жоғары деңгейіне және дайындалатын өнімнің өзіндік құнының
төмен деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.
Өндірістің барлық стадияларында кеңістік пен уақытта өндірістік
процестің негізгі элементтерін оңтайлы үйлесуінің әдістерінің, тәсілдерінің
және ережелерінің жиынтығы өндірісті ұйымдастырудың әдістері болып
табылады.
Түрлердің ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыру әдістері келесідей
болады:
• жеке және шағын сериялы өндірістің;
• ірі сериялы және жаппай өндірістің (ағымды әдіс);
• синхронизацияланған өндірістің.
Жеке және шағын сериялы өндірісті ұйымдастыру әдісі келесілерді
білдіреді:
• жұмыс орындарының мамандануының болмауы;
• универсалды құрал – жабды қолдану;
• бөлшектерді операциялардан операцияларға кезекпен, партиялармен
орналастыру.
Ірі сериялы және жаппай өндірісті ағымдық әдіспен ұйымдастыру біршама
прогресивті. Бірақ бұл әдіс уақыттың ұзақ мерзіміне қатысты бір атаулы
бұйымның аз көлемін дайындау кезінде ғана қолданылады. Бұйымның кұрылымы
технологиялық болуы керек, бұйымды құрастырушы – жинақтаушы бірліктерге
бөлуге болады, операциялар бойынша уақыт шығындары синхрондалған, яғни
бірдей болуы керек; материалдар мен бөлшектерді жұмыс орындарына үздіксіз
берілуін қамтамасыз ету қажет.
Ең прогресивті әдістердің бірі синхрондық өндірісті ұйымдастыру әдісі
болып табылады. Бүл әдісті қолдану кезінде өндірістік процесті
ұйымдастырудың бірқатар дәстүрлі қызметтері өзгереді: оперативті -
өндірістік жоспарлау, қоймалық запастарды бақылау, өні сапасын басқару.
Синхрондық өндіріс әдісі кезінде бірқатар ережелер орындалуы керек:
• өнімді аздаған партиялармен дайындау;
• өндірістің учаскілік және цехтік құрылымынан заттық – мамандандырылған
бөлімшелерге өту;
• нақты, арнайы операцияларды орындау үшін құрал – жабдықтарды дайындау
және қалпына келтіру уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін топтық
технологияны қолдану;
• белгілі бір өнімді өндіруді басқару қызметін тікелей орындаушыға беру.
Осы әдістің басқа әдістерден ерекшелігі жинақтаушы цех немесе учаске
өндіріске бөлшектер мен бұймдарды енгізу саны мен тәртібін анықтайды.
1.4. Өндірістік процесті басқару және өнім сапасына бақылау жүргізу
Технологиялық процесті басқару белгілі бір кәсіпорынның нақты
құрылымына байланысты болады. Сонымен қатар кәсіпорынның функционалды
жүйесін құру әдісіне де байланысты.
Орталықтандырылған әдіс кезінде басқарудың барлық қызметтері
кәсіпорынды басқарудың функционалды бөлімшелерінде шоғырланады.
Цехтар мен учаскілерде тек желілік басқарушылар қана қалады.
Функционалды аппаратты өндіріске жақындату үшін осы аппараттың бір бөлігі
тікелей қызмет көрсететін цехтардың территорияларында орналасуы қажет.
Бірақ бұл бөліктің жұмысшылары кәсіпорынның жалпы функционалды бөлімінің
басшысына бағынады. Орталықтандырылған жүйе өзін өндірістің шағын көлемі
кезінде ақтай алады, бірақ оның кеңестік уақыттың барлық кәсіпорындарында
кеңінен қолданылғанына қарамастан.
Орталықтандырылмаған әдіс кезінде қызмет көрсетудің барлық функциялары
цехтарға беріледі. Әрбір цех тұйықталған өндірістік бөлімшелерге айналады.
Ең тиімдісі көптеген кәсіпорындарда барша қолданысқа ие болған аралас
әдіс болып табылады. Бұл жерде цех енемесе шаруашылық бөлім жылдам, әрі
жақсы шеше алатын сұрақтар олардың иелігіне беріледі, ал фукнционалды
бөлімдерді әдістемелік басқару және өнім сапасына бақылау жасауды
кәсіпорынды басқару аппаратының функционалды бөлімдері атқарады.
Өйткені өндірістік процестің негізгі бөлігі тікелей цехта болады, оның
өзіндік технологиялық процесті басқару аппраты бар. Цехтың басында
тәжірибелі, жоғары білікті жұмысшылар санынан тағайындалатын басшы тұрады
және ол кәсіпорын директорына бағынады. Ол барлық ұжымның еңбегін
ұйымдастырады, өндірістік процесті механизациялау және автоматизациялау,
жаңа техниканы енгізу шараларын енгізеді, еңбекті қорғау шараларын жүзеге
асырады.
Ірі цехта техника – экономикалық міндеттерді шешу үшін келесілер
құрылады:
• техникалық бюро, өндірістің технологиялық процесін жетілдірумен,
технологиялық процестерді игеру кезінде учаскілерге көмек көрсетумен және
технологиялық тәртіпке бақылау жасаумен айналысады;
• өндірістік – диспечерлік бюро – жедел - өндірістік жоспарлау және
өндірістік процесті басқаруды жүзеге асырады;
• цех механикасының тобы – құрал – жабдықтарды қалыпта ұстау және оны
жөндеуді қамтамасыз етеді.
Цехтың өндірістік құрылымының маңызды буыны өндірістік учаскі болып
табылады, оның басшысы шебер болады. Шебер - өзінің бөлімшесінде өндіріс
процесін тікелей ұйымдастырушы. Ол келесілерге құқылы: жұмысқа қабылдау
және учаскіде жұмысшыларды орналастыру, цехтың басшысының келісімен артық
жұмысшыларды жұмыстан босатуға, жжұмысшыларға тарифтік разрядтар
тағайындауға, жұмысшыларды марапаттауға және айыппұл салуға.
Осы құқықтарды пайдалана отырып, шебер міндетті: учаске алдында тұрған
жұмыстар мен тапсырыстарды орындауды қамсыздандыру, өндірістегі ақаудың
алдын алу, шикізат пен материалды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету,
қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғауды қатал қадағалау.
Өнім сапасы – бұл қажеттіліктерді оның мақсатына қарай қанағаттандыруға
оның жарамдылығын анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы.
Нақты бір өндірісте оның өнімінің сапасы оның пайдалану жарамдылығын
анықтайтын қасиеттерімен сипатталады және пайдалану процесінде айқындалады.
Жұмыстың өнімділігі, беріктілігі және апатсыздығы немесе қайтымсыздығы,
басқарудың ыңғайлылығы, сыртқы түрі мен кескіні сияқты сапаның мұндай
көрсеткіштері барлық машиналар мен механизімдер үшін ортық болып табылады.
Бұйымның сапасы салыстырмалы түрде, яғни оны Мемлекеттік стандарттарда
тіркелетін сапаның оңтайлы көрсеткіштері бар басқа бұйымдармен салыстырады.
Өнімнің сапасының келесідей көрсеткіштері бар: мақсаты (жылдамдық,
қуаттылық), беріктілігі, эргономикалық, эстетикалық, технологиялық,
көліктік, стандартизация мен унификация, патенттік - құқықтық, экологиялық
және қауіпсіздік.
Сапаны бақылау түрлері:
1) өткізу орнына байланысты: стационарлық және орнында
жүргізілетін
2) визуалды, геометриялық, зертханалық, сынау;
3) Сандық көлеміне байланысты: жаппай және таңдамалы;
4) өткізу уақытына байланысты: енгізілетін, аралық және
шығарылатын.
Техникалық бақылау – бұл өнім сапасы тәуелді болатын өнімнің немесе
процестің бекітілген техникалық талаптарға сәйкестілігін тексеру.
Техникалық бақылаудың негізгі міндеті мемлекеттік стандарт талаптарының
бұзылуына әкелетін ауытқулардың алдын алу мақсатында өнім сапасы және
технологиялық процесс жағдайы туралы толық және шынайы ақпаратты уақытылы
алу болып табылады. Техникалық бақылау өндірістік процестің тұрақтылығын,
яғни қарастырылған технологиялық режимдерде, нормаларда және шарттарда
әрбір операциялардың тұрақты қайталануын қамсыздандыру үшін қажет.
Техникалық бақылау объектілері: түсетін материалдар, дайындықтың
әртүрлі стадияларындағы жартылай фабрикаттар, дайын өнім, өндіріс
құралдары, технологиялық процестер мен режимдер, өндірістің жалпы
мәдениеті.
Техникалық бақылау қызметтері: шығарылатын бұйымдардың сапасына және
жиынтығына бақылау, дайын өнімді қайтару, ақаулар, рекламациялардың есебі
мен талдауы, өндірістегі ақаулар мен кемістіктердің алдын алу.
Бақылау операцияларының атқарушылары: басты металлург, технолог,
энергетик, механик өкілдері, өндірістік материал, техникалық бақылау бөлімі
(ТББ).
2. ДАНК ЖШС-ДА ӨНІМДІ ӨНДІРУДІ ЖӘНЕ ӨТКІЗУДІ ТАЛДАУ
2.1. ДАНК ЖШС құрылуының қысқаша тарихы мен негізгі техника –

Данк ЖШС-гі – Семей қаласының территориясындағы Интернациональная 59
көшесінде орналасқан жеке меншік кен өндіру кәсіпорын. Кәсіпорын 1995 жылы
13 қарашада ҚР-ның Әділет Министрлігінде тіркелген (№ 6453-1917 – ТОО (ИУ).
Өндірістік қызмет түрі (ең маңызды өндіріс тізіміне сәйкес) – металл
құрамды пайдалы қазбаларды өндіру және оларды қордалап шаймалау әдісімен
қайта өңдеу болып табылады. Компанияның құрамына екі кеніш кіреді: қаладан
30 км орналасқан Орталық Мұқыр және Абай ауданында қаладан 300 км
қашықтықта орналасқан Мезек. Кеніштерде ашық әдіспен өз күштерімен және
мердігерлердің көмегімен кен өндіру жүзеге асырылады. Одан кейін кен
реагенттердің қоршаған ортаға түсуіне мүмкіндік бермейтін арнайы
жасақталған аумақтарда (ПКВ) жинайды. ПКВ – да металлды кенді арнайы
қоспалармен суландыру жолымен шаймалау жүргізіледі. Одан өз кезегінде
металл ион алмастырушы шайырға тұнығады. Шайыр ДАНК ЖШС-гінің құрамына
кіретін Дөре қорытпа заводында өңделеді. Технологиялық процесс нәтижесінде
Дөре қоспасы алынады. Осы қоспа мердігерлермен орындалатын аффинажға
жіберіледі. Содан кейін металл таза күйінде сатылады.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап заңды тұлға
құқығына ие болады. Серіктестік өзінің мөрін, жеке балансын, банкілерде
банкілік есеп –шотын, өзінің тауаымен және символикасымен бланкілерді
иеленеді. Серіктестік өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан
келісімдер жасауға құқылы, мүліктік және мүліктік емес құқылары,
міндеттелеік жүктелеуіне, сотта жауапкер және талапкер болуға құқылы.
Серіктестік қатысушыларының құқықтары:
- серіктестіктің басқарма істеріне жарғыда көрсетілген тәртіпте
қатысуға;
- серіктестіктің қызметі туралы ақпараттар алуға және оның құжаттарымен
танысуға;
- таза пайданы бөлуде қатысуға;
- серіктестік таратылған жағдайда борышкерлерменесептескеннен қалған
мүлікті өздерінің үлестер сәйкес мүлікті немесе оның бағасын алуға;
- салған салымына сәйкес серіктестіктің мүлкіндегі өз үлесін алып
серіктестік құрамынан белгіленген тәртіп бойынша шығуға.
Серіктестіктің қатысушылар мендеттері:
- құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
- құрылтай құжаттарында көрсетілген мөлшерде,тәсілмен, мерзімінде және
тәртіпте салымдар енгізуге,
- серіктестіктің коммерциялық кұпиясы болып жарияланған мәліметтерді
етлеуге.
Серіктестіктің негізгі негізгі қызмет мақсаты пайда түсіру болып болып
табылады. Көрсетілген қызмет мақсатына жету үшін серіктестік заңға қайшы
келметін келесі негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- кен өндіру өнеркәсібі;
- делдалдық қызмет;
- сыртқы экономикалық қызмет;
- коммерциялық қызмет;
- Қазақстан Республикасы заңдарымен тиым салынбаған басқа да қызмет
түрлері.
ДАНК ЖШС -ның өндірістік – шаруашылық қызметін толық көру үшін
оның негізгі техника – экономикалық көрстекіштері есептеледі. Келесі
кестеде ДАНК ЖШС - ның негізгі техника – экономикалық көрстекіштерінің
динамикасы келтірілген.
Кесте 2
ДАНК ЖШС-ның негізгі техника – экономикалық
көрсеткіштері
2006 ж 2004ж-ға 2006 ж 2005 ж-ға
Көрсеткіштер 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. ауытқу ауытқу
Абс (+,-)Салыс. Абс (+,-)Салыс.(
(%) %)
Өнімді сатудан табыс, мың теңге 1347477 1363510 4151243 2803766 2 есе 2787733 2 есе
Сатылған өнімнің өзіндік құны, мың1295474 1405197 3699710 2404236 1,8 есе 2294513 1,6 есе
теңге
Жалпы табыс, мың теңге 52003 -41686 451533 399530 8 есе 493219 12 есе
Кезең шығындары, мың теңге 157016 235543 298589 132573 84,4 63046 26,8
Таза табыс (шығын ), мың теңге -142246 -318307 53836 196082 1,4есе 372143 1,1 есе
Жұмысшылардың орта тізімдік саны, 580 622 690 110 18,9 68 10,9
адам
Еңбек ақының орта жылдық қоры, мың127368 174725 236204 108836 85,5 61479 35,2
теңге
Негізгі өндірістік қорлардың орта1891120 2776963 3711491 1820371 96,3 934528 33,7
жылдық қоры, мың теңге
Бір жұмысшыға орта айлық еңбек 18300 23409 28527 10227 55,9 5118 21,9
ақы, теңге
Еңбек өнімділігі, мың теңге 2323 2192 6016 3693 1,6 есе 3824 1,7 есе
Қор қайтарым, теңге 0,7 0,5 1,1 0,4 57,1 0,6 1,2 есе
Қор сыйымдылық, теңге 1,4 2,0 0,9 -0,5 -35,7 -1,1 -55
Рентабельділік, % - - 1,3 1,3 - 1,3 -
Талданып отырған 2004-2006 жылдарға ДАНК ЖШС – ның негізгі техника
– экономикалық көрсеткіштеріне толығымен бөлшекті талдау қорытындысы
келесідей, 2004 және 2005 жылдары техника – экономикалық көрсеткіштер
төмендеу әрі жоғарлау беталысын алып отыр. Мысалы өнімді шығару көлемі
2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 7,5% -ға қысқарды. Бірақ өнімді
сатудан түскен табыс 2006 жылы 2 есе артып, кәсіпорын белгілі бір
дәрежеде пайда үлесін алды. Сатылған өнімнің өзіндік құны 2005 жылға
қарағанда 2006 жылы 1,6 есе артты. Бұл кәсіпорын өніміне шығындардырдың
өсуімен байланысты беталыс. Кәсіпорынның өндірістік қызметінен түскен
жалпы табыс 2005 жылы 41686 мың теңгеге азайып, 2006 жылы бұл көрсеткіш
12 есе шамаға өсті. Алдыңғы екі жылдары кәсіпорын салынған қаражаттарды
қайтара алмай, шығынға ұшырағаны анық. Бұл жағдай кезең шығындарының
үлкен қарқынмен өсіп орытғанын көрсетеді. Бұған қарамастан кәсіпорын осы
жылдары дағдарыстардан шығу шараларын қабылдады, яғни жаңа техника
енгізеді, жұмыс үшін персонал жинайды, еңбекақыны өсіреді, дегенімен бұл
шаралардың барлығы нәтижесіз болды. Бұған себеп жалпы әкімшілік
қажеттіліктерге үлкен шығындар, өнімді дайындау үшін шикізаттың
қымбаттылығы және т.б. Сондықтан кәсіпорын алдында дағдарыстан шығу
бойынша бағдарламаны өңдеу қажеттілігі туындады.
2006 жыл ДАНК ЖШС үшін нәтижелі болды. Кезең шығындары 2005 жылмен
салыстырғанда 2006 жылы 26,8 % -ға өскенімен, сатылған өнімнің өзіндік
құны 1,6 есе өсті. Осының салдарынан кәсіпорын өнімдеріне баға өсті.
Осының нәтижесінде таза табыс көрсеткіші 1,1 есе артты. Зерттеліп отырған
кезеңдерде жұмысшылардың орта тізімдік саны 2006 жылы 68 адамға ұлғайды.
Орташа еңбек ақы мөлшері де 5118 теңгеге немесе 21,9 % -ға өсті.
Кәсіпорынның қызметінің тиімділігінің жалпы көрсеткіші - бұл
рентабельділік. Бұл көрсеткіш 2006 жылы 1,3 пайызды құрады.
ДАНК ЖШС-гі қолдануында кеңсе және жөндеу жұмыстары жүргізілетін
ғимараттар бар. Кәсіпорынның басқарушылық аппараты кеңседе орналасқан.
ДАНК ЖШС-гі басқару аппараты штаттық тізімнен 26 адамды құрайды. Барлық
басқарушылық шешімдерді басқарушылар құрамы шешеді. Бас инженер және
директор орынбасары арқылы жұмысшылар персоналын басқару процесі жүзеге
асырылады. Бас бухгалтер мен персонал бойынша менеджер басқарушылар
құрамында бухгалтерия мен кадралар бөліміне басшылық жасайды.
Директордың және басқарушылардың аппараты өндірістік қызметті жалпы
басқарады, шикізаттар мен материяларды жабдықтау мәселелерін шешеді
кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық өызметін реттейді. Сонымен қатар
әкімшілік аппаратының басты міндеті қндірістік көрсеткіштердің орындалуына
лауазымды бөлімдері арқылы бақылау жасау.
Басқарушылық аппаратының барлық мамандарының арнайы жоғарғы
экономикалық және техникалық білімдері бар, сонымен қатар сол білімдеріне
сәйкес лауазымды қызмет атқарады.
Әр бөлімнің өзіндік лауазымдық инструкциялары негізінде жұмыс істейді.
Өздерінің қызметінде талаптарға сай құжаттар негізінде,яғни өнім
бақдарламасы, қаржылық жоспар, бухгалтерлік баланс, қаржылық нәтиже жөнінде
есеп берушілік және т.б. қолданылады. Құжаттардың толтырылуы, құжат
айналымының дұрыстылығы жоғары дәрежеде ұйымдастрылған.

ДАНК ЖШС-гі құжаттарының нысандары: шаруашылықтың өнімі мен қызметі,
еңбек және еңбекақы, негізгі құралдар менматериалдық емес активтер,
материалдар, капиталдық жұмыстағы құрылыс, құрылыс машиналары,
автокөліктегі жұмыстар, түгендеу нәтижелері, кассалық және банк
операциялары т.с.с.
ДАНК ЖШС-гі есептік саясаты сол кәсіпорында қолданылатын
бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік,
техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатының
әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді
бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизацияны есептеу
әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Сонымен қатар есепті жүргізіп қана қоймай, оның тиімділігін қатаң
талап етіп, әділ бағасын беретін және де кеңес беріп, нұсқау көрсететін
бухгалтерлік есептің дұрыстылығын қадағалайтын аудит болып табылады. ДАНК
ЖШС-гі –ның бухгалтерлік есебі аудиттің зерттеу объектісі болып саналса,
аудит – бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық
өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді және оны
талдаудыңда ерекшелігі зор көмек береді.
ДАНК ЖШС-гі өзінің қызметін бекітілген жарғы, есептік саясат
негізінде қызмет жасайды, Қазақстан Республикасының Президентімен
бекітілген нұсқауларын, ережелерін, заңдарын, лициянзияларын ұстанады.
Директор және директор орынбасары арқылы жұмысшылар персоналын басқару
процесі жүзеге асырылады.

әкімшілік аппаратының басты міндеті өндірістік көрсеткіштердің орындалуына

Экономика және бухгалтерия бөлімінде алты маман жұмыс істейді. Олардың
негізгі атқаратын қызметі кәсіпорын қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізу,
экономикалық талдау, жоспарлауды жүзеге асыру, шаруашылықтың құжаттылығын
қамтамасыз ету.

айналымының дұрыстылығы жоғары дәрежеде ұйымдастрылға

2.2. ДАНК ЖШС-да өнімді өндіру және өткізу динамикасын және жоспардың
орындалуын талдау
Өнімді өндіру және өткізу көлемінің өсу қарқынын шығындардың
шамасына, кәсіпорын пайдасына және рентабельділікке әсер етеді.
Сондықтан осы көрсеткішті талдау келесідей өте маңызды мақсаттарды
көздейді:
1. Өнім өндіру және өткізу жоспарының орындалу дәрежесін және
динамикасын бағалау
2. Осы көрсеткіштердің өзгерісіне әсер ететін факторларды бағалау
3. Өнімді шөндіру және өткізудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау
4. Табылған резервтерді игеруге бағытталған іс- шараларды өңдеу.
Өнімді өндіру және өткізу көлемі натуралды, шартты – натуралды, еңбектік
және құндық өлшеуіштерде айқындалады. Кәсіпорын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz