Корпоративтік төлем карточкалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 5
МАЗМҰНЫ: 1
: ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРҒА ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМА . . .
8
МАЗМҰНЫ: 1. 1
: Пластикалық карточкалардың төлем құралы ретінде қалыптасуы мен дамуы . . .
8
МАЗМҰНЫ: 1. 2
: Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері. .
12
МАЗМҰНЫ: 1. 3
: Пластикалық карточкалар құқық объектісі ретінде . . .
23
МАЗМҰНЫ: 1. 4
: Қазақстан Республикасында карточка нарығының қазіргі жағдайы . . .
31
МАЗМҰНЫ: 1. 5
: Пластикалық карточкаларды қолданудағы есеп айырысулар мен негізгі қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері . . .
36
МАЗМҰНЫ: 2
:

ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАР ЖӨНІНДЕ ЗАҢНАМАНЫҢ

ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ . . .

45
МАЗМҰНЫ: 2. 1
: Пластикалық карточкалар жөнінде заңнаманың жалпы сипаттамасы және оның дамуының негізгі кезеңдері . . .
45
МАЗМҰНЫ: 2. 2
: Банк қызметінде пластикалық карточкаларды қолдануының құқықтық мәселелері . . .
48
МАЗМҰНЫ: 2. 3
: Карточкаларды пайдалануды жетілдіру жолдары . . .
51
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 54
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 57

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарының дамуының соңғы қорытындысы, оның нақты құқықтық реттеу қатынасына тәуелді. Нарықтық қатынастар экономиканың қаржы бөлімінің дамуынсыз мүмкін емес. Қазақстанның жаңа қаржы қатынастарына кіруі мемлекет үшін жаңа ережелерді орнатуға себеп болды.

Қазіргі кезеңде банк бөлімінің және сәйкесінше банк қатынастарының дамуы үлкен мәнге ие. Қазақстанда бұл қатынастар толық көлемде банк заңнамасының әрекет ететін нормаларымен реттелмеген. Қолма - қол есептерді, сондай - ақ пластикалық карточкалар жөніндегі есептерді құқықтық реттеу кезінде үлкен мәселелер туындайды.

Пластикалық карточкалар негiзінде төлем карточкаларын пайдалану болашақта халыққа, сауда-сервис кәсiпорындарына оларға қай банк қызмет көрсеткенiне қарамай қызмет көрсету бойынша бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiн құруға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларының жүйесiн дамыту қолма-қол ақшамен жасалмайтын ақша айналымын кеңейтуге, эмиссияға жұмсалатын шығыстарды азайтуға және қолма-қол ақшаға қызмет көрсетуге, сондай-ақ тиiмдiлігі аздау төлем құралдарынан жаңа тиiмдiрек төлем құралдарының түрлерiне көшуге мүмкiндiк бередi [28; Б. 72-73] .

Пластикалық карточкаларды қолдану арқылы қолма - қол есептер тәртібін 1998 жылғы 29 маусымдағы «Ақша төлемі мен аударымы туралы» заң толық көлемде реттемейді. Сол себепті бұл институтты тәжірибе жүзінде толық көлемде қолдануға мүмкіндік жоқ.

Пластикалық карточкаларды қолдану арқылы қолма - қол есептердің тиімділігі келешекте ең жоғарғы деңгейдегі экономикалық нәтижені қамтамасыз етеді.

2003 жылы ақпан айында қаржыгерлердің 3 Форумында банк секторындағы электрондық төлемдердің мәнің анықтау кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаев банк технология нарығында бұл құралдарды қолданудың қажеттілігін күшейту жөнінде айтты. Қаржыгерлерге тапсырма беру кезінде ол пластикалық карточкаларды аса кең қолдануды, әсіресе несие карточкалар нарығын дамытуды басымдылық бағыт негізде анықтады. Сол Форумда әрекет ететін қаржы заңнамасының олқылықтары және «Пластикалық карточка айналымын құқықтық реттеу туралы» заңнаманың жоқтығы пластикалық карточкалар нарығының негізгі мәселелері болып табылатыны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасы айтты. Сол сияқты бұл қаржы құралын қолдануға құқықтық негізде банк қызметкерлері даярлығының жоқтығы мәселелері туралы айтылды. Қазақстан Республикасында бұл қызмет түрін қолдануға байланысты карточка иелерінің құқықтарын қорғау толық көлемде реттелмеген.

Қазақстан Республикасында 2003 жылы атқарылған электрондық төлем жөнінде қаржы операцияларының көлемі 1 млрд. 120 млн. теңге құрады, ал ұстаушылардың санын 5 млн. жуық адам құрады, бұл факт бұл мәселені құқықтық реттеу қажеттілігі туралы айтады.

Бұл сұрақ Е. Ю. Коваленко, А. С. Смирнов, С. Захарова, Д. Сальникова, Ю. Нуруллина ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. «Қолма - қол есептерді құқықтық реттеу» тақырыбына Е. Ю. Коваленконың Қазақстан Республикасында кандидаттық жұмысы қорғалған.

Пайдаланылған әдеби деректер. Жалпы пластикалық карточкалардың дамуына талдау жасайтын болсақ, бұл орайда пластикалық карточкаларды қолдануды реттеуге арналған заңдар мен нормативтік актілер жыл сайын толықтырылып және өзгертіліп отырады, бірақ та мемлекеттік тілдегі пластикалық карточкаларды қолдануды құқықтық реттеу туралы оқулықтар мен қайнар көздері қоры жеткіліксіз.

Зерттеудің нормативтік негізін - Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық заңдар, банктік қызмет туралы заңлар, сондай - ақ Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен нормативтік - құқықтық актілері құрайды.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қазақсан Республикасында пластикалық карточкалардың төлем құралы ретінде қалыптасуы мен дамуы, сондай - ақ пластикалық карточкалардың карточка нарығында қазіргі жағдайы, пластикалық карточкаларды қолданудағы есеп айырысулар мен негізгі қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері, пластикалық карточкалар жөнінде заңнаманың жалпы сипаттамасы және оның дамуының негізгі кезеңдерін зерттеуге арналған. Сонымен қатар, Банк қызметінде пластикалық карточкаларды қолдануының құқықтық мәселелерін анықтауға талпыныс жасалады.

Диплом жұмысының өзектілігі - Қазақстан Республикасындағы пластикалық карточкалар банк қызметінде заңға сәйкес дұрыс қолданылуын анықтау. Сонымен қатар, пластикалық карточкаларды қолданудың құқықтық мәртебесі мен айналымын және пластикалық карточкалар иелерінің заңмен орнатылған құқықтары мен игіліктерін қорғалуын анықтау негізі өзекті мәселесіне жатады.

Зерттеу объектісі ретінде пластикалық карточкалардың құқықтық мәртебесі мен айналымы және пластикалық карточкалар иелерінің заңмен орнатылған құқықтары мен игіліктерін қорғауын анықтау болып табылады.

Зерттеудің негізгі мақсаты ретінде қолма - қол есептердің мағынасынан туындайтын кешенді мәселелерді қарастыру және зерттеу сонымен қатар, пластикалық карточкалардың айналымы нәтижесінде туындайтын банктік қатынастар болып табылады.

Міндеттер бұл мақсаттарға қол жеткізудің жолдары. Анықталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешуіміз керек:

  • Пластикалық карточкаларды қолдану арқылы қолма - қол есептердің мағынасын анықтау;
  • Пластикалық карточкалар иелерінің құқықтық мәртебесін анықтау;
  • Банктердің құқықтық мәртебесін анықтау;
  • Төлемдік карточкалар айналымынын ережелерін анықтау;
  • Карточка нарығының қазіргі жай - күйін анықтау;
  • Пластикалық карточкалар айналымын реттейтін құқықтық нормативтік актілерді анықтау;
  • Пластикалық карточкалар айналымы бойынша жұмыс істеу қағидаларын анықтау;
  • Карта ұстаушылардың заңды құқықтары мен игіліктерінің қорғалуын анықтау;

Зерттеудің тәжірибелік құндылығы мен теориялық маңыздылығы. Диплом жұмысын жазу барысында жасалған қорытындылар мен ұсыныстар пластикалық карточкалардың қолдану мәселелерін әрі қарай зеттеуде, сонымен қатар, заң шығармашылығы мен құқықтық қолдану тәжірибесін жетілдіруге пайдаланылуы мүмкін.

Дипломның құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сай келеді. Аталмыш жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚОЛМА - ҚОЛ ЕСЕПТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Пластикалық карточкалардың төлем құралы ретінде қалыптасуы мен дамуы

Мемлекеттің төлем жүйесі - нарық экономикасының ажыратылмайтын элементі, ол арқылы әр түрлі мүмкіншіліктер жүзеге асады. Қазақстан Республикасының тұрақты төлем жүйесін құру үлкен мәнге ие және экономиканы реформалаудың басты мәселесінің бірі болып табылады [13; Б. 24] .

Қолма - қол төлем бұл төлеушінің есепшотынан ақшаны алу және алушының есепшотына салу кезінде банк есепшоттарына жазу арқылы жүзеге асырылатын ақша есептері болып табылады. Сондықтан, банктер және банктік емес ұйымдар уәкілетті мемлекеттік орган беретін, оған сәйкес келетін лицензия негізінде әр бір мемлекеттің төлем жүйесінің жағдайын және оның дамуын анықтайды.

Қолма - қол есептердің негізгі құралының бірі ретінде банктік карточкаларды еңгізу банк қызметінің технологиялық революциясының маңызды міндеті болып табылады. Бұл есептердің құралы көптеген сөзсіз құндылықтарға ие болғандықтан, карта ұстаушыларына, сондай - ақ оларды шығару және олар бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыратын несие ұйымдарына үлкен артықшылықтар ұсынады. Карта ұстаушыларына бұл - сенімді, ыңғайлы, қолайлы және ақшаның үлкен сомасын өзінде ұстау қажеттілігінің жоқтығы. Ал несие ұйымдарына - бәсекелесуге қабілеттілігінің беделінің артуы, төлем кепілінің болуы, ақша көлемін өңдеу және есептеудің азаюы болып табылады.

Төлем карточкаларының дүние жүзiнде XX ғасырдың 60 жылдарының ортасынан бастап АҚШ - та кеңiнен қолданыла бастады. Пластикалық карточка дамудың бірнеше кезеңінен өтіп, банктік және бактік емес қызметтерде қолданыла бастады. 1997 жылы АҚШ - та оларды қолдану арқылы 80 пайызына жуық тұтыну тауарлары алынды. Пластикалық карточка арқылы қазіргі кезде әскери қызметкерлер үшiн жалақы, үлес, зейнеткерлерге зейнетақы және басқа атаулы төлемдер төлеу, тауарлар мен қызмет көрсетудiң кез келген түрлерiн төлеу, кедендік алымдар мен төлемдер жасау, медициналық қызмет үшін төлемдер жасау жүзеге асырылады [14; Б. 29] .

Қазақстандағы төлем карточкаларының рыногы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Шетел төлем жүйесіне Қазақстан банктерінің қызығушылығы кездейсоқ емес. Мұндай карточкаларды шығару банк қызметтерін әлем жүйесіне ықпалдауға, банктің іскерлік беделін көтеруге, клиенттерді өзіне тартуға мүмкіндік береді. Халықаралық карточка жүйесіне қатысуы, банктік жаңа технологияларды және есептерді жүзеге асыру үшін инфроқұрылымды глобальды деңгейде қолдануына мүмкіндік береді.

Төлем карточкаларын қарапайым жiктеу бойынша магниттi жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады. Магниттi жолағы бар карточка - XX жүз жылдықтың екiншi жартысындағы негiзгi төлем құралы, ол өз кемшiлiктерiне қарамастан дамыған елдерде кеңiнен қолданылуда. Микропроцессорлық карточкалардың өз кезегiнде қорғалу деңгейi, жады көлемi мен атқаратын қызметi бойынша магниттi жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулi артықшылықтары бар, бiрақ олардың дамыған елдердегi төлем жүйелерiнде жаппай пайдаланылуын жүйедегi магниттi жолағы бар карточкаларды пайдалануға негiзделген iрi инвестициялар тоқтатып отыр. Төлем карточкаларын аз уақыттан берi қолданатын елдердiң қатарына жататын Қазақстан Республикасының да осы саладағы жаңа ақпараттық технологияға көшу жолында серпiлiс жасауына мүмкiндiгi бар.

Қазақстан Республикасында Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн құруға дайындық 1993 жылы басталды, 1993 жылдан 1995 жылға дейiнгi кезең iшiнде Ұлттық Банктiң тапсырысы бойынша IBM фирмасы (АҚШ) және банкаралық жұмыс тобы Электрондық қолма-қол ақшаның ұлттық жүйесiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн және Пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесiнiң дизайнын әзiрледi, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттiк/кредиттiк карточкаларды дамытуға болжам жасалды [9] .

Сонымен қатар электрондық қолма-қол ақша жүйесi iс жүзiнде кәдiмгi банкноттар мен металл ақшаларға толық ұқсас болуға арналған едi. Осы жобаны iске асыру үшiн - интегралды микросхемасы - электрондық әмияны (тауарларды және қызмет көрсетудi сатушылармен есеп айырысу үшiн пайдаланылатын және баланстарда (әмияндарда) әлi пайдаланылмаған ақша сомасы туралы деректер және басқа қажеттi деректемелер сақталатын микропроцессорлық карточка) бар төлем карточкаларын қолдану болуы керек едi.

Қолма-қол электрондық ақшаны, сондай-ақ дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу бойынша шағын бөлшек төлемдердi жүзеге асыру көзделдi. Электрондық қолма-қол ақшаны инфляциядан қорғауға мүмкiндiк туғызу үшiн шетел валютасын электрондық әмиянда сақтауға қосымша ұсыныс берiлдi.

Ұлттық Банктiң банкноттар мен металл ақшаларды сатқан жағдайдағы сияқты электрондық ақшаны екiншi деңгейдегi банктерге сату арқылы оны айналымға шығару көзделдi. Мұндай жағдайда айналыстағы ақша массасы екi бөлiкке бөлiнер едi: электрондық ақша және банкноттар, металл ақшалар.

Жоба негiзiнен сол кезеңдегi Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң даму деңгейiне сәйкес қажет болмады. Қазiргi кезде жобаны кезең-кезеңiмен iске асыру үшiн барлық алғышарттар бар. Бiрiншiден, екiншi деңгейдегi банктердiң ақпараттық инфрақұрылымы осы кезең iшiнде белгiлi бiр дамуға қол жеткiздi. Екiншiден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерiнiң арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететiн төлем жүйесi қалыптасты.

Электрондық қолма-қол ақшаны енгiзу жолындағы алғашқы қадам электрондық әмияндар тұжырымдамасы негiзiнде микропроцессорлық дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құру болып табылады. Электрондық әмияндар тұжырымдамасын "таза" күйiнде iске асыру көзделмейдi, яғни есеп айырысу жүзеге асырылғанға дейiн клиенттердiң микропроцессорлық карточкаларына енгiзiлген ақша банк жүйесiнде жинақталуға мүмкiндiк бере отырып, iс жүзiнде клиенттердiң банктегi жеке есепшоттарында қалады. Халық тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн Қазақстан Республикасының кез келген жерiнде және осы карточканы ұстаушыға қандай банктiң қызмет көрсететiнiне қарамастан есеп айырысуға мүмкiндiк алады [11] .

Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауда iс жүзiнде қолма-қол ақша айналымының 100 пайызынан тұрады. Халықтың көпшiлiгiне банктерде қызмет көрсетiлмейдi және ақыны қолма-қол алады. Банктiк есепшоттары бар клиенттер қолма-қол ақшаны алып, өзiнiң барлық шығыстарын қолма-қол ақшамен төлеудi қалайды.

Салық органдарының iс жүзiнде қолма-қол ақша айналымы басым рыноктарда салық төлеушiлердiң кiрiстерiн тексеруге және бақылауға мүмкiндiктерi жоқ. Қолма-қол ақшаның негiзгi бөлiгi ұсақ-түйек сатып алуға жұмсалады. Бөлшек сауда рыногындағы ұсақ төлемдер бойынша өндiрiстiң әр түрлi салалары және импорттық өнiм берушiлер есепке алынбаған тауарлардың едәуiр көлемiн тарата алады және мемлекет бұл орайда салық жинау проблемаларына кезiгедi. Халықтың көпшiлiгi қазiргi уақытта тиiстi тiркеусiз жұмыс істейді және төлемдi қолма-қол ақшамен жүргізетiндiктен қызметкерден және жұмыс берушiден салық жинау көп қиындық туғызады. Мемлекеттiң қазiргi кезде халық қажеттiлiгiнiң нақты көлемiн тiркеуге және жанама салық салу саласындағы iстiң жай-күйiн бағалауға мүмкiндiк беретiн тетiктерi жоқ.

Ақша иесі өзінде бар ақша соманың мөлшерін үнемі білуді қажет етеді. Сол себептi ол ақшаны әмиянда сақтауды қолайлы санайды. Егер ол қалдық соманы көргiсi келген кезде көре алатын болса және оның ақшасы қандай да бiр жағдайда, инфляциядан iшiнара қорғалатын болса, онда ол ақшаны банкте сақтаудан және төлем карточкаларын пайдалана отырып оларды алудан бас тартуына себеп жоқ. Алайда, мұндай карточканың иесi үшiн ережелердiң бiр уақытта барлығы үшiн өзгеруiнiң маңызы бар.

Қазiргi уақытта Қазақстандағы магниттi жолағы бар төлем карточкалары негiзiндегi жергiлiктi және халықаралық төлем жүйелерi барлық жағымды жақтарына қарамастан, күнделiктi жасалынатын ұсақ төлемдер рыногын қанағаттандыра алмайды. Магниттi жолағы бар төлем карточкалары негізiнде, "оn-linе" режимiнде (тауарларға және қызмет көрсетуге ақы төлеу сәтiнде сауда терминалының процессинг орталығымен тiкелей байланысы кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимi) ғана жұмыс iстейтiн төлем жүйелерiн пайдалану кезiнде транзакциялар өңдеудiң жоғары құнына байланысты ұсақ төлемдерге қызмет көрсету тиiмсiз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық желiнiң даму дәрежесi авторизацияның қажеттi деңгейiн жаппай қамтамасыз ете алмайды.

Микропроцессорлық технология ұсақ төлемдердi жүзеге асыру үшiн қаржы рыногының қажеттiлiгiн қанағаттандыратын және нашар дамыған телекоммуникациялық желi жағдайларында жұмыс iстей алатын төлем құралы болып табылады. Бұл технология карточка ұстаушыларының банктiк есепшоттарындағы ақшаны жинақтауға және оларды "оn-linе" режимiнде (тауарларға және қызмет көрсетуге ақы төлеу сәтiнде процессинг орталығы мен сауда терминалының арасында байланыс орнатпай, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимi), сол сияқты "оn-linе" режимiнде қолданып, төлемдердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Микропроцессорлық "off-line" технологиясы "оn-linе" технологиясына қарағанда процессинг орталығымен төлем жасау сәтiнде байланысу үшiн телефон желiсiн пайдаланудың шұғыл қажеттiлiгi болмағандықтан төлемдердi қабылдаудың инфрақұрылымын құру кезiнде коммуникациялардың дамыған желiсiн қажет етпейдi [14] .

Ағымдағы кезеңде бiрқатар екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң төлем жүйелерiне жергiлiктi және халықаралық төлем карточкалары бойынша едәуiр қаражатты инвестициялауды жалғастыруда. Екiншi деңгейдегі банктердiң магниттi жолағы бар төлем карточкаларының жергiлiктi және халықаралық төлем жүйелерiне салған инвестициялар көлемi айтарлықтай сома болды. Бұл орайда банктердiң жергiлiктi төлем жүйелерi, әдетте, өзара сәйкес келмейдi және оларды дамытуға жұмсалатын алдағы шығындар бiрыңғай жүйенi құру кезiнде тиiмсiз немесе құнсыз болуы мүмкiн.

Ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасы төлем карточкаларының қазiргi ұлттық банкаралық жүйесiн iске асыру үшiн күштердi бiрiктiру қажет, оны iске асыру банктердiң қаражатты үнемдеудi қамтамасыз етуiне мүмкiндiк бередi.

Төлем карточкаларын Қазақстан Республикасының барлық аумағында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi шеңберiнде өндiрудi және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн нақты микропроцессорлық төлем карточкасын қандай банк шығарғанына қарамастан, микропроцессорлық төлем карточкаларын жаппай пайдалану үшiн тиiстi жағдайлар жасау және инфрақұрылым құру қажет.

Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң негiзгi қатысушылары банктер, сауда және қызмет көрсету кәсiпорындары және төлем карточкаларының ұстаушылары болып табылады [11] .

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн ендiрудi ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолдануда. 2000 жылдың аяғында Ұлттық Банк "Процессинг орталығы" жабық акционерлiк қоғамын құрды, оны құрудағы мақсат Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалануға арналған бiрыңғай төлем кеңiстiгiн қалыптастыру болып табылады.

Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн тиiмдi iске асырудағы үлкен роль Ұлттық Банкке, екiншi деңгейдегi банктерге, Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына берiледi.

  1. Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері

Пластикалық карточка - бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка - бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма - қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына - карта суретімен) . Барлық әлемде 2, 5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма - қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады. Пластикалық карточкалар шартты түрде: - Халықаралық; - Жергілікті; - Дебеттік; - Кредиттік; - Корпоративтік; - Жекешелік; - Құрама; болып бөлінеді. Әлемде пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі бар: - VISA; - Master Card/Europay; - American Express; Олардың барлығы қазіргі таңда Қазақстанда қызмет көрсетеді. 1993 жылдың соңында Alembank бірінші болып Қазақстанда Visa карточкасымен қызмет көрсетті, ал 1994 жылдан бастап - Master Card карточкасы қолданыла бастады. Карточкамен қызмет көрсету тәжірибесі кеңейген соң, Alembank 1994 жыдың қараша айында жеке Alem Card дебеттік карточкасын шығарды. Alem Card иелері болып корпоративтік карточка алатын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта барлық елдерде шығарылған карточкалардың саны 2 миллиардтан асты. Статистика бойынша дамыған елдерде әр тұрғынға 2-3 карточкадан келеді. Қазақстанда да көбінің, зейнеткерлер, бизнесмендер, шахтерлер мен студенттердің, карточкалары бар. Карточкалардың саны күннен-күнге өсуде және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда [21; Б. 14-18] .

Visa Electron - ең пайдалы тарифтер бойынша ең қол жетерлік халықаралық банктік карточка. Бұл ең қарапайым, әрі арзан халықаралық карточка. Visa Electron шет елге жол жүретін кезіңізде және күнделікті өміріңізде сізге қолма - қол ақша алуыңызға, тауарарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуіңізге көмектеседі. Visa Electron бойынша электродық құрылғылар: банкоматтар және POS - терминалдар арқылы қызмет көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолма қолсыз есеп айырысуда карточкалардың рөлі
Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Төлем карточкаларының есебі
Есеп айырысу операциялары
Қазақстан Республикасында қолма -қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару
ҚР-дағы пластикалық төлем карточкаларының одан әрі жетілдіру мәселесі
Центркредит банкі
Казкоммерцбанктегі жүргізілетін қызметтер
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі төлем карточкалары
Алынуға тиісті вексельдер, бағалау және мойындау есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz