Интернет технологияға шолу


МАЗМҰНЫ
2. 5. 2
2. 6
Denwer web-сервері . . .
Denwer орнату . . .
46
48
КІРІСПЕ
Функционалды-ақпараттық сайт негізіндегі web-портал бизнестің дамуына айрықша әсер етеді. Интерактивті web-қосымшаның көмегімен компанияға өзінің функцияларын іске асыруына мүмкіндік беретін маркетингтің мәселелері шешіледі. Функционалды қосымшалар маңызды сұрақтарды қамтиды, мысалы клиенттермен жұмыс жасауға және компанияның өзін басқаруға көп көмегін тигізеді. Қазіргі кезде әр фирма ережеге сәйкес, интернет әлемінде өзінің өкілдігін жариялайды. Егер осыған дейін сайтта тек статистикалық, ақпараттық контент көрініс тапса, онда қазір web-қосымша потенциалды клиенттермен кез-келген сұрақтар бойынша байланыса алады. Қарастырып отырған қосымшаға сәйкес, мысалға алып қарайтын болсақ, потенциалды клиент ретінде интернет арқылы турларға, билеттерге, қонақ үйлерге және т. с. с. тапсырыс беру мүмкіндігі жатады.
Интернет өте тез дамып келеді. Желіге арналған көптеген ақпарат көздері бар, кітаптар шығып жатыр. Сол себепті ол техникадан алыс облыстарда да қарқынды дамып отыр. Интернет интеллектуалдарға арналған ойыншықтан қызықты және әр түрлі мәліметтер көзіне айналып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық ауқымды процестер өте тез динамикалық дамуда және олардың мүмкіншілігі қоғамда да, экономикада да масштабты түрде қолданысқа түсуде. Бұдан екі-үш жыл бұрын Интернет тек үлкен кітапхана ретінде қарастырылды да, оның негізгі функциясы ақпаратты табу болып келді. Қазіргі «коммуникациялық» этап кезінде Интернет желісінің негізгі қызметінің түрі ол - қажетті партнерлар табу және олармен тұрақты байланыс орнату болып табылады. Соңғы зерттеулер нәтижелері бойынша Интернет технологиялар пайда әкелуі мүмкін және экономикалық тиімді болып саналады.
Дүние жүзінде өте көп ақпарат әр түрлі сұрақтар бойынша жиналуда. Сондықтан да Интернет коммерция мәселесі бүгінде өзекті мәселе болып саналады.
Ателье адамды қоршайтын ортаның барлық аспектілерін біріктіре отырып, адамға ыңғайлы ортаны жасайды.
Ателье қызметі бизнесінде жеке сайттың болуы қажет. Себебі, тұтынушы сол сайтқа кіре отырып, оған қажетті мәліметтерді алады.
Қазіргі таңда интернет торабындағы бизнес - бұл барша адамдарға сенімді және пайдалы табыс көзі болып табылады. Интернет-бұл тек үлкен ақпарат көзі ғана емес, сонымен бірге, бастысы бизнестің қайнар көзі болады.
1 Интернет технологияға шолу
Интернеттің пайда болуымен қазіргі заман технологиялары дамып келеді. Мысалы, интернет-дүкендерді алсақ, егер 5-10 жыл бұрын бір қажетті затты алу керек болса, тұтынушы үйден шығып дүкенге бару керек еді. ХХІ ғасырда web-технологиялардың дамуымен жағдай өзгерді. Енді бір затты сатып алу үшін тұтынушының үйден шығып дүкенге баруы керек емес. Ол интернетке кіріп, қажетті интернет-дүкеннің адресін браузерде теріп, өзіне қажетті затты сатып алады. Және де сатып алынған зат қағаз ақшамен төленбейді. Оған да бір маңызды себеп бар. Интернеттің дамуы басқа салаларға да әсер етті. Сатып алынған заттың бағасы банктік карточкамен не болмаса web-money арқылы төленеді. Бұл интернеттің дамуының бір ғана мысалы. Себебі, интернетті тек қана коммерциялық ресурстар ғана емес, тұтынушыларға қызмет көрсету салалары да дамыды.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологиялардағы төңкеріс бизнесті жүргізу жайындағы барлық дәстүрлі көзқарастарды өзгертуде. Электронды коммерция әдеттегі бәсекелестіктегі мүмкіндіктерді теңестіреді, яғни үлкен және кішігірім компанияларға бір деңгейдегі сапа, баға және өнім түрлерінен сайысқа түсуге мүмкіндік береді. Жергілікті газетте жарнама беру бағасымен теңдей бола отырып, ол сауда ұжымдарына дүниежүзлік нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кішігірім компаниялар үшін кейде жалғыз мүмкіндік.
Web сайт арқылы сіз өзіңіздің компанияңызға жақсы жарнама жасай аласыз. Тағы бір мүмкіншілігі: сіздің офисіңіз теңіздің арғы бойында болса да, барлық ақпаратты сіз Интернет арқылы, яғни Web арқылы ала аласыз.
Интернет келесідегідей мүмкіндіктер береді:
а) негізгі: ауқымды түрде қарастырсақ, 50 миллиондай адам World Wide Web-ке кіру мүмкіндігі бар;
ә) желі: сіздің немесе кіші компанияңыздың электронды беті немесе сайты болса, онда әрбір клиент тышқан арқылы ғана сіз туралы барлық ақпаратты ала алады;
б) жарнама жасау мүмкіндігі: сіз барлық мәліметті енгізбей-ақ, тек компанияның телефонын немесе каталогын қойсаңыз да үлкен пайда әкеледі;
в) дәстүрлі жарнаманы көбейту, әрбір визит карточкісіне немесе журналдардағы жарнаманың соңына телефоннан және адрестен кейін өзіңіздің электронды адресіңізді енгізсеңіз қандай пайда болады.
Сіз әрбір сұраққа жауап бермей, клиенттер сіздің компанияңыз туралы интернеттен біле береді, қажет кезде электронды поштамен хат жазады:
а) клиенттік сервис: сіз клиентке не қажет екенін әрқашан сауалнама, дауыс беру және т. б. қызметтер арқылы біле аласыз;
ә) ашық ақпарат;
б) халықаралық сауда жүйесін ұйымдастыру.
Web сайт арқылы сіз өзіңіздің компанияңызға жақсы жарнама жасай аласыз. Тағы бір мүмкіншілігі: сіздің офисіңіз теңіздің арғы бойында болса да, барлық ақпаратты сіз Интернет арқылы, яғни Web арқылы ала аласыз.
Жаңа өнім мен сервисті тестілеу саудасы.
Жаңа тауар мен сервисті жарнамалау өте қымбатқа түседі. Әсіресе көптеген компаниялар оларды танымайынша шығын каталог үшін және т. б. кетеді. Ал Web-те жаңа тауарды немесе сервисті жарнамалау әр бетті жаңартқан сайын өзгеріп отырады, ауқымды түрде болады. Интернет арқылы сіз тауардың өтімділігі туралы хабарды лезде аласыз. Олар:
- жоғары демографиялық нарыққа қол жеткізу;
- мамандандырылған нарыққа қол жеткізу;
- сіздің негізгі клиенттеріңіз сізді табуы өте тез болады;
- күніне 24 сағат, жетісіне 7 күн кіруге болады;
- сату көбейеді.
Java Script және VB Script сценарий тілдері болып табылады. JavaScript және VB Script тілдерінде жазылған сценарийлер пайдаланушы жағында қалай қолданылады, сол сияқты Web серверде қолданылады. Клиенттік сценарий браузер терезесінде пайдаланушымен жүктелетін HTML (немесе DHTML) құжаттармен тұрғызылған. Бұл браузермен орындалатын интерпретацияланған программалар статикалық HTML құжаттарды қайтадан қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Осы құжаттардың арасында орнатылған әртүрлі объектілерді байланыстырады. Серверлік сценарий серверде орындалады және пайдаланушымен келетін HTML құжаттарды динамикалық қалыптастыру үшін қажет.
Өкінішке орай, қолданушылардың сценарийлері түрлі браузерлерде әр түрлі жұмыс істейді. Сондықтан да онымен жұмыс істей алу үшін арнайы шараларды қолдану керек. Серверлік сценарийлер ешқандай мәселелерді тудырмайды, себебі бұлардың барлығы компьютердің Web серверінде орындалады.
Active Server Pages (ASP) активті парақтары.
ASP активті сервелік парағының технологиясы Microsoft Internet Information Server қорында Web қосымша құру үшін негізгі кілті болып табылады.
Microsoft Internet Information Server қорында Web қосымша asp. атты кеңейтілумен мәтіндік файл жиынтығына негізделген. Біріншіден, бұл JavaScript немесе VB Script тұрғызылған HTML құжаттары. Осы сценарийлер мәліметтер базасына қатынауды немесе басқа активті объектілерге қатынауды жүзеге асырады.
Active Х Data Object (ADO) технологиясының мәліметтер базасымен тікелей байланысы бар. ADO сервері мен ASP сценарийлері мәліметтер базасына жүгінеді. ADO мәліметтер базасына қарапайым обьектілердің және әдістердің қатынай алуына мүмкіндік береді. ADO обьектілері тек сценарийлерден ғана емес, қарапайым Windows қосымшаларынан, Web серверінің CGI және ISAPТ кеңейтулері, сол сияқты Active Х басқа обьектілерінен шақырылады.
DB Library, ODBC және ОLE DB интерфейстері.
Дәстүрлі программалау тілінде жазылған қосымшалар мәліметтер базасына DB Library қолданбалы мәліметтер базасы интерфейсі арқылы немесе ODBS интерфейсі арқылы қатынай алады. Бұл жерде қатынау бағдарламалық интерфейстің тиісті функциялары арқылы орындалады. OLE DB интерфейсі, ол СOM компоненттік объектілерінің моделіне негізделген.
Аталған интерфейстер серверлер сценарилеріне қатынай алмайды, сондықтанда оларды тек Web серверінің CGI және ISAPT кеңейтулерінде пайдалануға болады. Web серверлері арнайы бағдарламаларды құрайды. Web серверін кеңейту қолданушыдан мәліметтерді қабылдап алып жаңа HTML құжаттарын динамикалық түрде қайтадан жіберуге болады. Web ақпараттармен қоса HTML түрде жіберуге болады.
Java Script және VB Script сценарилері сияқты, Active Х басқару элементтерін серверде жағында қалай пайдаланса, клиент жағында да солай пайдалану керек. Негізінен олар пайдаланушы компьютерінде немесе серверде жұмыс істейтін DLL динамикалық компоновкасының кітапханасы болып табылады.
Егер ActiveX басқару элементі клиент жағында жұмыс істесе, онда ол HTML құжатында тұрғызылады және жеке терезесі болады немесе болмайды. Желілі компьютерге кіре алу мүмкіндігі болғандықтан Active Х басқару элементі Web серверіне қандай болсын ақпаратты жібере алады. Active Х басқару элементінің Web серверінде құрып немесе оны кеңейтуге болады. Бүгінгі таңда гипермәтінді HTML тілі арнайы ақпараттарға арнап жасалынып, Интернет желісінде WWW технологиясының негізгі кілті болып саналады. Гипермәтінді модельдің пайда болуы түрлі ақпаратты ресурстардың болуына және қажетті ақпаратты қарап шығу механизмін алуға болады.
HTML әртүрлілігі - DHTML белгісінің гипермәтіндік динамикалық тілі. HTML себебі динамикалық интерактивті парақтарды құруға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы компьютерінде Microsoft Internet Explorer браузері орнатылғандықтан, DHTML қолдану әйгілі браузерлерден ерекшеленеді. Бұл интражелі және әкімшілік Web қосымша құруға мүмкіндік береді, құрушы пайдаланушы компьютерінде алдын-ала таңдалған браузерді орната алады.
Қазіргі кездегі өте танымал HTML-гипермәтіндік белгілеулер тілі, ақпаратты ұйымдастыру үшін құрылған, Интернет желілердің таратылғандардың, және маңызды құрастырушы WWW технологияның бірі болып табылады. Құжаттың гипермәтіндік моделін қолданумен әр түрлі ақпараттық ресурстарды ұсыну тәсілі желіде өте реттелген болды, ал қолданушылар ыңғайлы іздеу механизмін және керекті ақпаратты көруді алды. HTML- дің оңайлатылған баламасы ретінде ортақ стандартты белгілеу тілі - SGML (Standart Generalised Markup Language), 80 жылдарда стандарт ретінде ISO- да бекітілген. Бұл тіл басқа белгілеу тілдерін құру үшін арналған, олардың атрибуттары мен құжаттың ішкі құрылымындағы тиімді тэгтер жиынын анықтайды.
Дескрипторларды қолданудың дұрыстығына бақылау арнайы ережелер жиынының көмегімен жүзеге асады, аталған DTD- сипаттамалар (DTD туралы нақтырақ келесіде айтамыз), олар құжатты өңдеу кезінде клиенттің бағдарламасымен қолданылады. Әрбір құжаттар класы үшін өзіндік ережелер жиыны анықталған, сәйкес белгілеу тілінің грамматикасын сипаттайды. SGML -дің көмегімен мәліметтер құрылымдары, құжаттармен құрамдас, ақпараттарды ұйымдастыру, ақпаратты стандартты форматта ұсыну жүзеге асады. Кейбір өзіндік қиындықтарға байланысты, SGML негізінде басқа тілдерді сипаттау синтаксисі (оларға қарағанда ең танымалы HTML болып табылады), және көптеген қосымшалар SGML құжаттармен тікелей жұмыс жасайды. SGML -ден анағұрлым көбірек жай және ыңғайлы HTML тілі құжат элементін формаға келтіруді анықтайтын және тэгтердің шектелген жиынынан тұрады, олардың көмегімен белгілеулер үрдісі жүзеге асады.
HTML нұсқаулары, бірінші кезекте, клиент - программасының экранында құжаттың мазмұнын шығару үшін арналған басқару үрдістері және осымен құжаттарды ұсыну тәсілін анықтайды, бірақ оның құрылымын емес.
Деректер қорының гипермәтіндік элементі ретінде, HTML-де сипатталған мәтіндік файл қолданылады, ол HTTP хаттамасын қолданатын желілерде оңай беріледі. Бұл өзгешелік, сонымен қатар HTML ашық стандарт пен көптеген қолданушылар өздерінің құжаттарын формаға келтіру үшін арналған осы тілдің мүмкіндіктерін қолдана алады, сөзсіз, HTML- дің танымалдылығын өсіруде әсер етті және бүгінгі таңда оны Web-те ақпаратты ұсынудың басты механизмі ретінде жасады. Дегенмен, қазіргі заманғы қосымша тек қана клиенттің экранында ұсынылған мәліметте ғана емес, бірақ механизмде, онда құрамдас элементтерде сипаттауға, құжаттың құрылымын анықтауға рұқсат береді.
HTML қиын емес командалар жиынынан тұрады және мәтіндік ақпаратты сипаттауды жақсы орындайды және де оны браузерді көру бағдарламасын экранда көрсетеді. Бірақ, бейнелеген мәліметтерді форматтау үшін қолданылатын тэгтермен ешқандай байланысы жоқ, сол үшін талдаушы - программаларда HTML-дің тэгтерін бізге қажетті құжаттың фрагментін іздеу үшін қолдана алмайды. HTML-дің тағы да басқа кемшілгінің бірі - оның тэгтерінің жиынының шектеулі болуы.
DTD-ережелер HTML үшін бекітілген дескриптор жиынынан анықтайды және сондықтан өңдеуші өзінің жеке, арнайы тэгтерін енгізе алмайды. Дегенмен соңғы кездері тілдің одан да кеңейтілген түрлері шығуда (бүгінгі күндері HTML-дің соңғы нұсқалары да шығып үлгерді), бірақ оның стандарттауына деген ұзақ уақыт және негізгі браузерлерді өндірушілердің арасындағы тұрақты келіспеушіліктері тілдің тез бейімделуін мүмкін емес етеді, ол арнайы ақпаратты көрсету үшін қолданылады (мысалы, мультимедиалық, математикалық, химиялық формула және т. б) .
Айтылғандарды қорытындылай келе, ой түйіндеуге болады, HTML қазіргі кездегі өңдеушілердің толық талабын орындай алмайды. Сол үшін оның орнына жаңа тілдер ұсынылған, қуатты, икемді және сонымен қатар, ыңғайлы тілдер.
1. 1 Қазіргі замандағы web-технологияның маңыздылығы
Осыдан біраз жылдар бұрын компьютер арқылы ақпарат жіберу тек тәжірбиелі қолданушылар ғана білген болса, қазірде жергілікті және ауқымды желіні пайдалану компьютердің өзі қандай танымал болса, дәл солай танымал бола бастаған. Қазіргі таңда компьютер коммуникацияларын пайдалану үшін аса білімді қажет етпейді. Кез келген қарапайым қолданушыға түсінікті және еш қиындықсыз интернет желісін пайдалануы веб технологияның жетістігі десе болады. Себебі интернет желісіндегі ақпараттар белгілі бір технология негізінде құрылады. Қарапайым тілмен түсіндірсек, кітапханадағы кітаптар жік-жігімен қалай реттеліп, қол жеткізгенге оңай орналастырыса, интернетте де дәл солай реттеліп, web порталдар, web сайттар, web парақтар түрінде келеді.
Web-сайт немесе сайт (ағыл. website, web - өрмек және site - орын) - ол HTTP/HTTPS протоколдары арқылы іске асырылатын және тек бір ғана адреске бағытталған бір немесе бірнеше web-беттердің жиынтығы. Сайт беттері ортақ түпкі адреспен, сонымен қатар, әдетте, басты атаумен, логикалық құрылымымен, авторымен және бет келбетімен біріккен. Барлығына қол жететін сайттар жиынтығы дүниежүзілік өрмекті құрады.
Web-сайт - ол жарнама орны. Онда мекеме жайлы барлық керекті ақпаратты (мекеме қызметі, орындалған жұмыстары, байланыс телефондары, реквизиттер және т. б. ) орналастыруға болады.
Сайт тәулік бойы жұмыс істейді және ақпаратты тұтынушыларға ыңғайлы уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.
Сайт адресін барлық жарнамалық материалдарда (визитка немесе билбордта, әр түрлі анықтамалық кітаптарда және т. б. ) орналастыруға болады. Әрдайым өзгертулер енгізу, жаңалықтарды жаңарту, хабарламалар орнату жылдам және оңай орындалады. Сонымен қатар, өте аз уақыт, күш және қаражат жұмсалады.
Сайтқа кіруші тұтынушы болып саналады. Тұтынушы санына қарай сайт мәртебесі артады. Web-сайт арқылы потенциалды тұтынушылар шеңбері кеңейеді. Тұтынушылар іздеу серверлері арқылы мекеменің қызметтерімен танысып, хабарласып, нағыз тұтынушыға айналады.
Сайттағы пайдаланушылар интернет арқылы қажетті деректерді көрсетіп, сұраныс жасау және тапсырыс беруі мүмкін. Сондай қызмет жасау арқылы пайдаланушылар сайттан керек деректерін тез тауып ала алады.
Web-сайт - пайдаланушылармен қарым-қатынас орнату үшін керек. Сайт көмегімен пайдаланушыларға жаңалықтарды және т. б. жеткізуге болады. Сонымен қатар, сайтта «Сұрақ-жауап» бөлімін құруға болады, онда пайдаланушылар өз сұрақтарын, ойларын жазады және сол сұрақтарға толық, жоғары квалификацияланған жауап жазуға болады.
Міне, алда айтылған жағдайларға қарасақ, Web технологияның біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Қандай салада болмасын адамдардың тез және оңтайлы жұмыс істеуіне көмек береді.
1. 2 Web-технология арқылы ақпараттандыру
Ақпарат деп - кейбір байланыс формаларының белгіленуі немесе материалдық әлемнің белгілі заңдылық класына бағынатын және оның адам санасындағы бейнесі болатын обьектілердің, үрдістердің, құбылыстардың тәуелділіктерін айтамыз.
Ақпарат мәліметтерге тәуеділігіне, өздерімен жұмыс істеу әдістеріне байланысты белгілі бір қасиеттермен сипатталады. Солардың маңызды түрлері төменде көрсетілген:
- ақпарат қоршаған орта туралы өзі келгенге дейін болмаған жаңа мәлімдемелер береді;
- ақпарат тасымалдаушыда өзінің белгілер мен сигнал түрінде берілетініне қарамастан ақпарат материалды емес;
- белгілер мен сигналдар тек оны танып қабылдай алуы үшін ғана ақпарат жеткізеді;
- ақпарат физикалық тасымалдаушыдан ажырамайды, сонымен қоса белгілі бір тасымалдаушыға байланысты емес және белгілі бір тілге байланысты емес;
- ақпарат дискреттік, ол хабарлама түрінде берілетін нақты мәліметтерден тұрады;
- сонымен қатар, ақпарат үзіліссіз, ол жинақталып және біртіндеп дамиды.
Ақпараттың сапасын көрсететін қасиеттер төмендегідей:
- репрезентативтілігі - таңдау дұрыстығы және берілетін құбылысқа ақпараттың бара-бар құрылуы осылай аталады;
- мазмұндылығы - хабарламадағы семантикалық ақпарат санының өңделетін ақпараттың көлемінің қатынасына тең болатын ақпараттың семантикалық көлемі;
- жеткіліктілігі - шешім қабылдау үшін хабарлаушы көрсеткіш жиынтығының құрамының тығыздығы;
- қол жеткізушілігі - ақпаратты көрсету формасының ыңғайлылығы;
- өзектілігі - ақпараттың сол сәтте қолданудағы құндылық деңгейі;
- құндылығы - нақты мәселелерді шешудегі маңыздылығы;
- түсініктілігі - қолданушының білім деңгейіне ақпараттың мазмұнының сәйкестігі;
- ықшамдылығы - хабарланатын мәлімдемелердің баяндалуының сығылу деңгейі.
«Технология» сөзі - өнер, шеберлік, істей алу дегенді білдіретін гректің «techne» сөзінен шыққан, гректің «logos» сөзі - түсінік, оқу дегенді білдіреді.
Технология - бұл ғылыми және инженерлік білімнің жиынтығы. Ол өнім немесе қызмет көрсетуді іске асыратын материалдық, техникалық, энергетикалық, өндірістің еңбек факторларының жиынтығы.
Ақпараттық технология - бұл ақпаратты сақтау мен өңдеумен айналысатын адамдардың еңбегін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін үйрететін, өзара байланысқан ғылыми, технологиялық, инженерлік пәндер кешені.
Жалпы, кез-келген ақпараттық технологиялар қажет ақпаратты талап етілген сапа мен белгіленген тасымалдаушымен жеткізуге бағытталған болып табылады.
Ақпараттық технологиялар негізгі үш компоненттен тұрады:
- техникалық құралдар кешені - есептеуші, телекоммуникациялық және техникалық ұйымдастыру;
- бағдарламалық құралдар жүйесі - жалпы (жүйелік) және функционалды (қолданбалы) бағдарламалық қамтама;
- ұйымдастырушылық - әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі.
Жүйе бір мақсатқа жетуге бағытталған бүтін, өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Қоғамның дамуының қазіргі деңгейі жалпы ақпараттанумен сипатталады, яғни барлық ғылым мен техника салаларына компьютеризация мен ақпараттық технологиялардың енуімен сипатталады. Осыған байланысты негізгі мағынасы болып, күнделікті қызметте ақпаратты өңдейтін құралдар мен әдістеріндің қолдануы болады. Жаңа ақпараттық технологияның әсер етуімен өндірісте және басқару процестерінде үлкен өзгерістер болып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz