Қаржылық жағдайы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Қаржылық талдаудың негізі»

Орындаған:

Тексерген:

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Қаржылық талдау пәні . . . 4

Қаржылық талдаудың мәні, түсінігі . . . 4

Қаржылық талдау жүргізу әдістері . . . 6

Қаржылық талдау пәнінің мақсаты . . . 8

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі . . . 12

Кіріспе

Талдау (грек тілінен алынғанда analisis) - құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарының ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін шешімдер қабылдауға болады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Бүгінгі экономикалық жағдайда тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Қаржылық талдау пәні

1. 1 Қаржылық талдаудың мәні, түсінігі

Кез-келген бизнес түрінің нәтижесі қаржылық ресурстардың бар болуы мен олардың пайдалану тиімділігінен тәуелді. Қаржы ресурстарын кәсіби басқару қазіргі сандық талдау әдістерін пайдалана отырып кәсіпорынның қаржылық - экономикалық жағдайына терең талдау жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты бүгінгі күні қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебі қаржылық талдаудың негізгі мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейін бағалау мен капитал табыстылығының деңгейін жобалау мақсатымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешенді, жүйелі оқу.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы- айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектінің нақты сәттегі өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Қорыта келгенде, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігімен сипатталады.

Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беру кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді. Корпорацияның қаржы тұрактылығы катынасты және абсолютті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.

Қаржы тұрактылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз жэне меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті жэне т. б.

Каржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері - тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен камтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Меншікті айналым капиталының нақтылығы (Ма. к. ) . Бұл көрсеткіш меншікті капитал (Мк) мен ұзақ мерзімді активтердің (¥а) айырмасы ретінде анықталады: Ма. к. =Мк-¥а

Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл субъектінің өз міндеттемелерін уақытында өтей алу мүмкіншілігі.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды негізінен ішкі және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші ішкі факторлар:

- кәсіпорынның салалық ерекшелігі;

- шығарылатын өнім (жұмыс, қызмет) ;

- жарғылық капитал көлемі;

- шығын көлемі, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы;

- мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;

- кәсіпорынды басқару тиімділігі, т. б.

Сыртқы факторлар:

- мемлекеттегі саяси - экономикалық жағдай;

- төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табысы;

- салық және несие саясаты;

- құқықтық - нормативтік база;

- сыртқы - экономикалық байланыстар, т. б.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ең соңғы кезеңі. Ол ішкі және сыртқы қаржылық талдау болып бөлінеді. Олар бір-бірінен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленеді.

Ішкі қаржылық талдау - бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмін, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, яғни ол басқарушылық талдаудың бір сатысы. Ал сыртқы қаржылық талдау - инвестициялау тәуекелін анықтау мақсатымен субъектінің қаржылық жағдайын инвестордың, серіктестер мен бәсекелестердің талдауы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жүргізілген талдау - кәсіпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруі тиіс. Осыған орай кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері келесілер:

кәсіпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрі объективті баға беру, оның әлсіз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерін оқу;

кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерін іздестіру;

қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану мен кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесін дайындау;

қаржы ресурстарын түрліше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгілерін жобалау.

Міндеттерге қол жеткізу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесідей кезектілікте жүргізілуі тиіс:

Кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен капитал құрылымын талдау.

Капиталды пайдалану тиімділігі мен интенсивтілігін талдау.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігін талдау.

Кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің стратегиялық міндеті -меншікті капиталды көбейту мен кәсіпорынның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету.

Қаржылық талдау қаржылық менеджмент пен аудиттің негізгі элементі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, капитал түсімдерін жоғарлату үшін қаржылық есеп беру негізі болып табылады. Несие алушы және инвесторлар қаржылық есеп беруді өздерінің қарыз алуы және салымдар бойынша өз тәуекелдерін минимумға жеткізуге талдау жүргізеді. Қаржылық талдау тәсілдемесі бір-біріне байланысты 3 блокты қосады.

Ол кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижеллігін талдау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.

Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметтің тиімділігін талдау.

Қаржылық талдау жүргізу әдістері

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеппозициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткішердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі және баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т. б.

Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Тереңдік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, олардың есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл - қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы (кеңестіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшілердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс - нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлемқабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

Тереңдетілген нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудиторының өзінің ықыласына байланысты.

Қаржылық талдау пәнінің мақсаты

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты болып көп мөлшердегі емес ақпаратты параметрлерді алу. Талдаудың мақсаты аналитикалық есептің бір-біріне байланыстылығын анықтауда талданады. Аналитикалық есеп бұл кәсіпорынның ұйымдастырушылық есебі мен ақпараттық техникалық және әдістемелік мүмкіншілігін талдауын жүргізу үшін анализдеуді нақтылау болып табылады. Кәсіпорынның қажеттілігіне байәланысты сұрақтарын шешу үшін олар өндіріс, қамту қаржылық, инвестициялау және жаңадан енгізулер бойынша ақпараттың болуын бағалау және талдау үшін нәтижесі болып табылады. Қаржылық талдау ол кәсіпорынның басқару структурасының жоғары звеносы болып табылады. Қаржылық анализ ол кәсіпорынның басқару жүйесінде экономикалық процестерінде өзіне икемдеу тәсілі ретінде маңызды болып табылады.

Талдау объектісінің қаржылық жағдайының жалпы бағасы.

Қол жеткен қалыптастыратын жағдайын, жеткен мүмкіншіліктерін және факторларын анықтау.

Қаржы облысында басқару шешімдерін қабылдауда дайындау және жалпылау.

Баланстық шаруашылық қызметтің тиімділігін жоғарлату және қаржылық жағдайдың жақсарту резервтерің мобилизациясы және анықталуы.

Қаржылық талдаудың нәтижесі ол кәсіпорынның және басқада экономикалық ақпаратпен қызығушыларының администраторлық ақпараттың өсуіне әсерін тигізеді.

Қаржылық талдау процесінде келесі қайнар көздерінен ақпарат алынады:

Өндірістің техникалық дайындығы туралы ақпарат.

Нормативті ақпарат.

Жоспарлы ақпарат.

Экономикалық, яғни шаруашылық учет.

Есеп беру:

Жылдық қаржылық бухгалтерлік есеп беру, яғни жарияланатын.

Кварталдық (коммерциялық құпиясы бар жарияланатын )

Таңдалатын статистикалық және қаржылық есеп беру.

Кәсіпорын бір - бірімен байланысатын параметрлерден тұрады. Партнерлерды негізгі және негізгі емес.

Негізгі партнерлық топ - ол кәсіпорынның шаруашылық қызметіне өзінің салымдарын салған және өздерінің қатысуымен қызығушылығына байланысты кәсіпкерлік қызметтің талдауы кезінде өзінің компенсациясына талап етілуіне қатысушылар, яғни негізгі партнерлік топтар, олар кәсіпорнның қаржы жағынан да олардың пайда түсіру, табыстық жағынан да өз мүмкіндігінше көмек беруіне ынталы болып келеді.

Негізгі емес партнерлік топтар:

Жеке топтар

Қарыз берушілер

Әкімшілік басшылары

Еңбек персонал етуші

Еңбек затын және қаржысын қарыз етушілер

Сатып алушылар (клиенттер)

Статистикалық органы түріндегі қоғамдар

Партнерлік топтың салық жарналары.

Жеке капитал

Қарыздық капитал

Істі білу және басқаларды жүргізу

Өзінің бөлінген еңбегі бойынша жұмысты атқару.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын және қаржылық жағдайдың жіктелуі
Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсатьі
Қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Кәсіпорынның қаржысына әсер ететін негізгі факторлар
Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы
Шаруашылық субъектінің қаржылық талду негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz