Информатика пәні мұғалімінің функциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі

РЕФЕРАТ
Пәні: Информатика
Тақырыбы: Информатика пәні мұғалімінің функциялары

Дайындаған: Амангельдинов Д
ИНФ-18-1 тобы студенті
Тексерген: Абилова Р.Т.

Қарағанды 2020 ж

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Информатика пәні мүғалімінің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Инфоматика пәні мұғаліміне қойлытын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ...5
3.Информатика пәні сабағын оқыту тәсілдері мен әдістері ... ... ... ... ... ...8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...13

Кірспе
Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керекЖаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Н. Назарбаев
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда.
Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз.
Ақпараттық технология - экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің "ілгерілеуінің" белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес.
Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.
Жаңа қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық- әдіснамалық, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік тұрғыдан ақпараттық сауатты және АКТ құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген, ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауындағы басым бағыттардың бірі ретінде педагогтардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесін әлемдік стандартқа жақындату мәселесі қарастырылды.
Қазіргі кезеңде барлық педагогикалық сала құзыреттілікке бағытталған оқытуға назар аударды, соның ішінде өскелең ұрпақтың бойында түйінді құзыреттіліктерді дарыту - олардың заман иірімдерінде өз орнын қатесіз таба білуі мен оң бағыт бойынша мүдірмей алға жылжуының кепілі. Оқушы бойындағы құзыреттіліктерді қалыптастырып, оларлы дамыту үшін мұғалім оларға өзі де ие болғаны жөн.
Ғалымдар білім берудегі құзыреттіліктердің төрт аспектісін (түрін, нұсқасын, желісін, бағытын) ажыратады: - тұйінді құзыреттіліктер; - жалпыланған пәндік біліктіліктер; - қолданбалы пәндік біліктіліктер; - өмірлік дағдылар. Информатика пәнінің мұғалімінің заманға сай құзыреттіліктерге ие болуы мен олардың негізінде мәртебесін жетілдіру және тәрбиеленуші ұрпаққа теориялық біліммен қатар осы құзыреттіліктерді басқа пән мұғалімдерімен біріге отырып, дамытуын сөз ету үшін оның пәнінің қалыптасу тарихын, маңыздылығын, ерекшеліктерін қарастырған жөн.
Негізгі бөлім

1.Информатика пәні мүғалімінің алатын орны

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қоғамның барлық саласына белсенді түрде енуі білім беру жүйесін де шет қалдырмады. Адамдарды ақпараттық қоғам өміріне даярлау үшін, осы жаңа қоғамның технологияларын үйрету қажет.
Мектепте компьютер мен АКТ-нің пайда болуы білім берудің негізгі субъектілері - мұғалім мен оқушы арасындағы қарым- қатынастың өзгеруіне әкелді. Оқушы біршама еркіндікке ие болды, яғни ол қажетті ақпараттық кеңістік шеңберінде қала отырып,әзірленген ережелер шегінде ақпаратпен алмасудың бастамашысы бола бастады.
Педагогикалық әрекеттің көп бөлігін өзіне міндеттеп алған интерактивті педагогикалық құралдарды пайдаланатын компьютерлік оқыту технологиясының таралуына орай,мамандар арасында мұғалімнің рөлі мен міндеттерінің ықтимал өзгерісі туралы пікір- талас болып жатады.
Сабақ барысында мұғалім, оқушылар алдында баяндаушы рөлінде емес, кеңесші немесе нұсқаушы кейпіне енеді.
Компьютерлік оқыту бағдарламалары әңгімелесу диалог режімінде тағы бір - компьютер-оқушы жүйесін қалыптастырды.
Оқушының интерактивті режімде ұзақ уақыт бойы мұғалімінің қатысуынсыз компьютермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы оқуы - бұл оқытудың жаңа түрі болып табылады.
Жақсы оқытушы бағдарламалар белгілі бір шектеулеріне қарамастан оқушыға дербес қарым-қатынасты қамтамасыз еткенімен, адами қарым-қатынасты ауыстыра алмайды.
Оқушыға білім алудың көптеген бағыттарын ұсынатын гипермәтіндік технологиялардың пайда болуы, оқытуда компьютерді қолданудың жаңа кезеңі болып саналады. Осыған орай оқушының танымдық әрекетінің беталысынан, білім алуды өздігінен басқаруға ауысуы байқалады.
Қазіргі информатика мұғалімі өз пәнін үйретіп қана қоймай, АКТ-ні пәндік сабақтарға енгізіп, пән мұғалімдеріне сабаққа дайындалу кезінде компьютерлік техниканы пайдалануына көмек беруі тиіс.
Компьютерлік сыныпта өтетін сабақтар ашық-жарқын, қызықты және есте қаларлықтай болып өтеді.
Бірқатар мамандардың айтуынша, ақпараттық технологиялар сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың білімін бақылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялар білім беруді адамзаттан алшақтатады деген үрейдің
Іс жүзінде жаны жоқ, керісінше, компьютерлік сыныпта сабақ өткізген мұғалімдер оқушылардың компьютермен жұмыс істеуге құмар екендігіне, талап етілген нәтижені алған кезде қандай қуаныш сезімінде болатындығына көз жеткізді, мұндағы басты қиындық сабақты уақытылы аяқтау болып табылады.
Техника мұғалімдердің орнын басады деген теріс түсінік негізсіз, қайта ақпараттық технологиялар мұғалімдердей бола алмайды да, олардың талантын, шығармашылық қабілеттерін бағалай алмайды. Оқушының компьютерде жұмыс істеуі кезінде басты рөлді мұғалім атқарады, себебі оның білімі де, тәжірибесі де мол, енді ол оқу үрдісінің - ұйымдастырушысы, кеңесшісі, сарапшысы.
Мұғалім оқу және қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру ережелерін ойлап табады. Әйтсе де енді ақпаратпен алмасуда бастамашы жалғыз мұғалім ғана емес: оқу жағдайына байланысты, ол оқу бағдарламасына әдістемелік амалдарды, қарым-қатынас түрлерін өзгерте алады.
Оның басты міндеті, білім алудың жайлы ортасын қалыптастыру болып табылады.
Компьютерлік технологиялар мұғалім мен оқушы арасындағы диалог режіміне сәйкес қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың жаңа амалдарын құрайды. Компьютер мен педагогикалық бағдарламалық құралдар бұрыннан қалыптасқан қызметтерді (тренаж,мәтіндік бақылау жәнет.б.)өзіне міндеттеп, мұғалімге неғұрлым шығармашылық, оқыту, тәрбиелеу және дамытудың нағыз адами міндеттерін қалдыра отырып, мұғалімге жұмыс стилін жетілдіруге көмек береді.
Пікір-талас жүргізу, пайымдауды мадақтау, пәнді қолдау, оқушыларға алуан түрлі материалдарды түсіндіру кезінде қажетті бөлшектеу деңгейін таңдай білу сияқты оқу-тәрбиелік үрдістің маңызды компоненттерінде мұғалім әлі де (мүмкін өмір бойы) компьютерден әлдеқайда күштірек болады.
Компьютер, мұғалімнің оқушымен және оның ата-анасымен жеке сұхбаттасуын ауыстыра алмайтынын айтпағанда.
Барлық пікірлер бір ғана басты тезиске келіп тіреледі: мұғалімнің рөлі компьютерлік оқыту кезінде де сақталады, компьютердің рөлі қай кезде де мұғалім мен оқушының сенімді әрі жақын көмекшісі ретінде ғана болып қалады , басқа да оқыту құралдары сияқты әдістемелік құрал болып есептеледі.Қорыта айтқанда, компьютерлік оқыту үрдісінде басты рөлді информатика мұғалімі атқарады, сол себепті ол жаңа жетістіктер туралы тұрақты ақпаратқа, тәжірибемен алмасуға, оқытудың материалдық базасын жақсартуға әрдайым мұқтаж болады.

2. Инфоматика пәні мұғаліміне қойлытын талаптар

Информатика мұғалімінің педагогикалық жұмысына қойылатын негізгі талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру - мұғалімнің жұмыстарының өнімділігін күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі сабақ ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады, ол үшін мынандай талаптарды естен шығармау қажет:
- мұғалімнен не талап етіледі;
- іске асырылу шаралары қалай және қандай жолмен мүмкін болады.
Педагогикалық әрекеттерге қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне (ғылыми принцип, мұғалімнің материалды жүйелі түрде бере алу принципі, оқытудағы көрнекілік принципі, информатика сабағындағы тәрбиелеу принципі) сәйкестігін талдамас бұрын мыналарға ерекше көңіл бөлу керек: информатика қарастыратын проблемалардың көптігі сонша ма, тіпті компьютерлік техниканы қарастырумен қатар, білімнің физика, химия, биология, әдебиет сияқты бөлімдерінің проблемаларын да қарастыруға тура келеді. Себебі, информатика - басқа білім салаларын интегралдайтын білімнің мүлдем жаңа саласы болып табылады.
Информатика - басқа пәндердің де дамытылуын қамтамасыз ете алатын іргелі, әрі маңызды пән. Ол басқа пәндерде берілетін білімді бір ортаға жинақтап. Сұрыптап, оларға жаңа мән беріп, әлемдегі болып жатқан үрдістер мен құбылыстарды жаңаша жүйелі түрде оқып білуіне, терең түсінуіне мүмкіндік береді.
Информатика пәні - жаңа деңгейдегі және сапасы жағынан өзгеше пән болуы тиіс. Басқаша айтсақ информатика - компьютердің көмегімен ақпаратты өзгерту және қолдана алу үрдістерімен байланысты адамзат әрекеттерінің бір бөлігі (профессор Н.М.Макарова).
Информатика пәні мұғалімдерінің педагогикалық әрекеттеріне қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне сәйкестілігі мыналардан түрады:
-мұғалімнің материалды берудегі ғылыми және жүйелілік принциптері;
- оқытудағы көрнекілік принциптері;
- информатика сабағындагы тәрбиелей оқытудың принциптері.
Дидактика принциптері - сабақ беруде (оқытуда) басшылыққа алынуға тиісті білім берудің және оқытудың ортақ теориясының негізгі қағидалары. Кейбір принциптерді білу кейбір білмейтін принциптердің орнын оңай толтырады. (Гельвеций К.). Бұл принциптердің нақтылы ұғымының өрнектелуін информатиканы оқыту контексінде қарастырайық.
1) Ғылыми принцип бойынша(С.И. Архангельскийдің пікірін қолданған дұрыс): Барлық хабарланатын оқу мәліметтері қазіргі алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктеріне толығымен сәйкес келуі керек, яғни, мұғалім берілетін (оқытылатын) материалдың дәлдігіне, шындылығына және нақтылығына ерекше көңіл бөлуі тиіс, материалдың мазмұнын, ғылыми ұғымдардың ұқыпты түрде іріктелуі қажет.\
Ғылыми принципін сақтау, білім беру мазмұнында осы облыстағы жаңа жетістіктерінің қамтылуын қажет етеді. Мысалы, Электрондық кестелердің мүмкіндіктері тақырыбын қарастырған кезде ғылыми принципін сақтау есебінде оқушыларды "Microsoft Exсel" бағдарламасымен іс жүзінде таныстыруға болады, себебі бұл бағдарлама қазіргі уақытта электрондық кестелер тобының ең кең қолданылатын әрі ең жетілдірілген түрі. Оқытудың ғылыми негізі сол сияқты оқыту әдістемесінің дәл бүгінгі таңда сәйкестігін де білдіреді. Бұл информатикаға қолданғанда ең алдымен модельдеу, оқушылардың зерттеу қызметін білдіреді. Оқу үрдісін ұйымдастырудың ғылыми негізінің тағы бір мысалы ретінде компьютерлік тестілеуді айтуға болады.
2) 0қудың жүйелілік принципі(М.И. Скаткиннің сөздері бойынша) ұғымдар мен пән бөлімдерін оқытып, түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстылығын және өзара алмаса алуын құрастыра алуында, яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар) оқушылар бұрын өтіп кеткен материалды терең түсінуінен.
3) Басқа пәндерден информатиканың өзгешілігі-ол білімнің жеңіл, жаттанды түрде ұғынылуын қабылдамайды. Яғни бұл жерде әрбір оқушының және тұтас сыныптың білімді белсенді және саналы түрде ұғыну принципінің маңызы зор. Бұл принципті іске асыру - оқыту барысында жекелік деңгейін арттыратын әдістерді қолданған кезде ғана мүмкін, мысал ретінде әрбір оқушының жеке өзі бір компыотерде жұмыс істеген кездерін келтіруге болады.
4) Оқытудың көрнекілік принципінің қағидасыбойынша білімді саналы игеру, оқушылардың ғылыми танымының және көзқарастарының қалыптасуы тек сезімдік-практикалық тәжірибесі негізінде ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым - қатынасы
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Теориялық білімді тиісті мамандық қызмет саласындағы кәсіби біліктілігін және оқыту тәжірибесін кеңейту
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Пәндер