Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Күрделі сөйлем мүшелерінің ғылыми-теориялық сипаты . . . 7

1. 1 Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі . . . 7

1. 2 Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі . . . 17

2. С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы күрделі пысықтауыштар . . . 27

2. 1 Күрделі мезгіл пысықтауыш . . . 27

2. 2 Күрделі мекен пысықтауыш . . . 31

2. 3 Күрделі амал пысықтауыш . . . 34

2. 4 Күрделі мақсат пысықтауыш . . . 38 2. 5 Күрделі себеп пысықтауыш . . . 41

2. 6 Күрделі мөлшер пысықтауыш . . . 43

Қорытынды . . . 49

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 51

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Біздің бұл зерттеуіміз С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы пысықтауыштардың күрделі түріне арналған. Жалпы қазақ тіліндегі пысықтауышқа байланысты көптеген зерттеулер мен ғылыми еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерді үш түрлі кезеңге бөлуге болады. Бірінші - А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, М. Балақаев, Н. Сауранбаев, Р. Әмір, М. Серғалиев, М. Томановтардың оқулық көлеміндегі зерттеулері. Екінші - толықтауыш пен пысықтауышты ажыратуға байланысты жазылған 1952-1959 жылдар аралығындағы қазақ тілшілерінің мақалалары. Үшінші - Х. Басымов, Т. Сайрамбаевтардың жеке мақаласы мен кітабы, З. Күзекова, Ж. С. Көпбаева, К. Жылқыбаевалардың диссертациялық жұмыстары. Бұл ретте тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің бірі - пысықтауыштың сөйлем мүшесі ретінде алатын орны, оның атқаратын қызметі - пайда болуы мен қалыптасуы, даму жүйесі, байлану түрлері мен семантикалық құрылымы туралы біршама айтылды. Алайда, қазақ тіліндегі пысықтауыш түрлерінің, әсіресі, құрылымдық түрлерінің, әлі де жан-жақты қарастырылуы ғалымдар зерттеулерінен тысқары қалып отыр. Бұл еңбектерде жалпы пысықтауыш туралы айтылғанмен, олардың күрделі түрлері, оның жасалуы туралы тиянақты мағлұмат айта алмаймыз.

Негізінен, қазақ тілінде күрделену процесі тілдің барлық деңгейінде бар. Күрделілік - лексика, морфология сияқты синтаксис саласында да мол кездесетін мәселе. Сөйлем мен сөз таптары - грамматиканың әр саласы. Дегенмен қызметі жағынан бұлар грамматиканың аясындағы бір категория. Тіл білімінде әр сөз табының тұрақты бір синтаксистік қызметі болады. Дара сөйлем мүшелерінің жасалуында барлық сөз табы (шылаудан басқасы) қатысады. Олар әрбір сөйлем мүшелерінің жасалуында үнемі негізгі материал болып табылады. Ал күрделі сөйлем мүшесінің жасалуында сөз таптары екі, тіпті үш түрлі жағдайда қатысады.

Жұмысымыздың ғылыми-методологиялық негізгі ретінде біз жалпы тіл біліміндегі және қазақ, түркі, орыс тіл біліміндегі күрделі пысықтауыштарға арналған зерттеулерді пайдаландық.

Тіліміздегі күрделілік процесі тіл білімінің барлық саласының дамуына, оның ішінде синтаксистің дамуына зор үлесін қосады. Қазақ тіл білімінде бұл мәселе әлі түбегейлі зерттелініп біткен жоқ. Бұл күрделі мәселе соңғы кездерде ғана қолға алынуда. Ғылыми еңбектерден біздің білетініміз кейбір сөз таптарының күрделі түрлері ғана. Ал сөйлем мүшелерінің күрделі түрін жасауда бұл күрделі сөз таптарының қызметі қандай, қалай жасалады, қандай мағынада қолданылады деген мәселелер әлі ғылыми нысан бола қойған жоқ. Қазақ тіліндегі күрделі пысықтауыштардың жасалу жолдары әлі күнге дейін арнайы зерттелген емес.

Күрделі пысықтауыштардың жасалуында сөздердің бір-бірімен тіркесу аясын, олардың мағыналық бірлігін, бір-біріне қатысын нақты ажыратпайынша болмайды. Күрделі сөйлем мүшелеріне тікелей тән категориялар - күрделі сөз таптары, қос сөздер мен сөз тіркестері. Бұлар қаншалықты дербес мағынасы бар екі, одан да көп бірлікте бір нәрсенің ғана атауы болып қалады. Соның ішінде қазақ тіліндегі күрделі пысықтауыштардың жасалу жолдары әлі күнге дейін арнайы зерттелген емес.

Сөз таптарының күрделі түрлерінің барлығ да сөз тіркестерінің күрделі сыңар болатыны - негізгі фактор. Негізінде, сөз таптары - синтаксистің негізгі материалы.

Сөйлем мүшелері басқа түркі тілдеріне қарағанда, қазақ тілінде көбіне оқулық көлемінде ғана беріліп жүр. Ал оқулықта сөйлем мүшелерінің дара жасалу жолдарына баса назар аударылды да, олардың құрылымдық түрлеріне көп тоқталмайды. Оқулықтарда сөйлем мүшелерінің күрделенуінің екі, үш түрі ғана айтылады және ол барлық оқулықта қайталанып беріледі. Сондықтан да тілдік категорияның тек дара түрімен шектелмей, олардың күрделі түрінің жасалу жолын ғылыми жағынан жан-жақты анықтау, оның ішінде күрделі пысықтауыштардың күрделі түрінің өздеріне тән құрылымдық және функционалдық аспектілері нақты айқындалуы тиіс.

Зерттеу нысаны. Диплом жұмысы С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы күрделі пысықтауыштардың негізгі белгілерін, жасалу жолдарын, семантикасын, синтаксистік жүйедегі қызметін зерттеуге арналған.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері теориясын толықтыру мен кеңейту мақсатында күрделі пысықтауыштардың құрылымдық және функционалдық аспектілерін ашып, сол ерекшеліктер негізінде теориялық және практикалық қорытындыларға келу. Жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуы көзделеді:

- қазақ тіл біліміндегі күрделі пысықтауыштардың зерттелу тарихына шолу жасау;

- күрделі пысықтауыштардың мағыналық түрлері арқылы олардың жасалу жолдарын анытау;

- күрделі пысықтауыш жасауда әр түрлі сөз таптарын және олардың мағыналық бірлігін көрсету;

- күрделі пысықтауыштардың жасалуында көмекші сөздердің (көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздердің) ролін көрсету.

Зерттеудің дереккөздері. Диплом жұмысын жазу барысында сөйлем мүшелері, оның ішінде пысықтауышқа байланысты теориялық материалдар сарапталып, тілдік мысалдар С. Мұқановтың «Ботагөз» романынан 1000-нан аса мысал сөйлемдер жиналды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Пысықтауыш бұрын біраз ғылыми еңбектердің зерттеу тақырыбы болғанымен, оның күрделі түрі бұрынғы зерттеулерде қарастырылмаған. Тек кейбір ғалымдар күрделі пысықтауыштардың, көбіне тек шылау сөздер арқылы жасалатынын айтып өтумен шектелген. Бұл зерттеуде пысықтауыштың күрделі түрі, оның жасалу жолдары мен мағыналық түрлері жан-жақты қарастырылып отыр. Күрделі пысықтауыштардың жасалу жолдары, мағыналық түрлері мен байланысу формалары төмендегіше қарастырылды:

- пысықтауыштың күрделі түрі, оның жасалу жолдары мен өзіндік ерекшелігі анықталды;

- әр түрлі сөз таптары, яғни сын есімді, үстеулі, етістікті, зат есімді, сан есімді, есімдікті, еліктеуіш сөзді, одағайлы күрделі пысықтауыштар көрсетіліп, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды;

- романдағы пысықтауыштың күрделі түрін жасаудағы көмекші сөздердің көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздердің қызметі көрсетіліп, ғылыми көзқарастар сарапталып, тұжырым жасалды;

- әрбір сөз табынан жасалған күрделі пысықтауыштардың жасалу жолы мен мағыналық бірлігі айқындалды;

- пысықтауыштың күрделі түрлерін жасауда тұрақты тіркестердің де рөлі анықталды;

- айтылған мәселелерге қатысты пікірлерді тиянақтай келе, қазіргі С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы күрделі пысықтауыштардың 1000 -нан аса мысал сөйлемдері жиналып, олардың жасалу жолдары, әрбір сөз таптарының жұмсалу мүмкіндігі толық дәлелденіп, күрделі пысықтауыштардың өзіндік ерекшеліктері нақтыланды.

Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Тақырыпты игеру барысында А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Х. Басымов, М. Балақаев, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев т. б. ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды және де осы ғалымдардың еңбектерінен ғылыми-тәсілдемелік бағдар алынды.

Зерттеудің жұмысының теориялық және практикалық мәні.

Қазақ тіліндегі күрделі пысықтауыштардың мәні мен қолданылу ерекшеліктері және оның мүмкіндіктерін анықтаудағы алынған нәтижелер мен тұжырымдарды жоғары оқу орындарында филология мамандарын даярлауда оқытатын «Практикалық қазақ тілі», «Қазақ тілінің синтаксисі» сияқты бағдарламалық пәндерде, сондай-ақ арнайы курстар мен арнайы семинарлар өткізуге қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

- пысықтауыштар құрылысына қарай дара да, күрделі де болып келеді;

-әрбір сөз табының күрделі түрлері күрделі пысықтауыш қызметінде жұмсалады;

-күрделі пысықтауыштар функционалдық ерекшелігіне қарай күрделі мезгіл пысықтауыш, күрделі мекен пысықтауыш, күрделі себеп пысықтауыш, күрделі амал пысықтауыш, күрделі мақсат пысықтауыш, күрделі мөлшер пысықтауыш деген мағыналық топтарға жіктеледі.

Зерттеу әдістері. Пысықтауыштың күрделі түрін анықтау мақсатында мынадай әдіс-тәсілдер қолданылды: талдау әдісі арқылы күрделі пысықтауыштар тұлғалық жағынан талданып, олардың құрамдық бөліктері сараланды, мағыналары айқындалды. Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар тілдік процестерге сүйеніп лингвистикалық тұрғыдан баяндалды. Сонымен бірге, зерттеу барысында мақсатқа сай дәстүрлі құрылымдық-мағыналық талдау, жинақтау, жүйелеу, сипаттау, саралау, салыстыру, топтастыру, қорыту әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында сілтеме және пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

1 КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі

Пысықтауыштың зерттелу тарихын сөз етпей тұрып, ең алдымен сөйлем мүшелері және оның мағынасына тоқталуымыз керек. Сөйлем мүшелері - құрылымдық-семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.

Сөйлем мүшелері (ағылшын тілінде «ferm», французша «fermе», неміс тілінде «ausdruck») - сөйлемнің құрылымдық- семантикалық компоненттері толық мағыналы сөздер немесе сөз тіркестері арқылы көрінеді [1, 426 б. ] .

Сөйлемнің мүшелері бірталай уақыттан бері арнайы зерттеу нысанына айналып келе жатыр. Олар жөнінде мектептерге және жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардан, сондай-ақ арнайы зерттелген әдістемелік ғылыми еңбектерден бірталай толық мәліметтер алуға болады.

Синтаксистің ең негізгі объектісінің бірі - сөйлем екендігі белгілі. Сөйлем, әдетте, синтаксистік бірлік болып есептеледі. Ол - күнделікті тұрмыста пікір алысу, байланыс, қатынастың ең негізгі көзі болуымен қатар коммуникативті міндет атқарады. Жай сөйлем синтаксисінде, ондағы ең басты элемент - сөйлем мүшелерін еске алмау, оған соқпай өту мүмкін емес нәрсе. Демек, сөйлем аясында сөйлем мүшелерінің қызметі ерекше екені осыдан-ақ көрініп тұр. Егер сөйлем деген ұғымнан сөйлемнің өн бойындағы ой туралы түсінік туатын болса, ал сөйлем мүшелері - сол ойдың мәнді бөлігі ретінде танылатын синтаксистік топ.

Белгілі ғалым Р. Әмірдің сөзімен айтқанда: «Сонымен, пікірдің құрамына сай сөйлемнің құрылысында да тиісті единицалар болады. Олар - сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері - сөздің сөйлем құрамындағы негізгі қызметін функциялық қатынасы тұрғысынан зерттеудің нәтижесі» [2, 110 б. ] .

Сөйлем мүшелері деп аталған синтаксистік категория өзінің грамматикалық мағынасымен және морфологиялық табиғатымен анықталады. Сөйлемде негізгі материал болатын сөз және сөз тіркесі сөйлем құрамына енгенде жаңа сипатқа ие болады. Ондағы әрбір сөз морфологиялық тұлғаға еніп, грамматиканың қарамағына түскенде, оның тілдегі атқаратын қызметі айқындала түседі, яғни сөйлем құрамында сөйлем мүшелерінің өзіне тән тиесілі атқаратын жүгі, синтаксистік қызметі бар. Синтаксистік белгілі бір міндетті атқарумен қатар сөз синтаксистік қатынастарды да қалыптастырады.

Сөздің синтаксистік қызметі көп жағдайда өзі тіркесетін сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігіне байланысты болады да, көбіне сөз тіркесі құрамында айқындалады. Бұған Т. Сайрамбаевтың: «Сөйлем мүшелері сөйлемде қаралады дедік. Бірақ сөз тіркесі сияқты сөйлем мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қарай алмаймыз. Олардың өмірі тек сөйлемде тұрғанда ғана айқындалса керек. Сөйлем мүшелері сөйлемнің ішінде бастауыштың не баяндауыштың немесе соларға қатыстылығымен ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп жеке-жеке алынып, талданғанымен, бәрібір екінші бір сөзге қатыстылығы айқын байқалып отырады», - деген пікірі нақты дәлел [3, 66 б. ] .

Сөйлем мүшесі міндетін лексикалық толық мағынасы бар жеке сөздер де, еркін сөз тіркестері де, тұрақты тіркестер де атқаруы мүмкін. Бұлар сөйлем мүшелерінің міндетін атқарғанда айналасындағы басқа сөздермен грамматикалық байланыста және ішкі қатынастарда тұруы, сондай-ақ белгілі бір грамматикалық формаға ие болса ғана сөйлем мүшесі міндетін атқарады.

Сөйлем мүшелері жайында орыс ғалымы В. В. Виноградов былай анықтама береді: «Члены предложения - это синтаксические категории, возникающие в предложении и на основе форм слов и форм словосочетания и отражающие отношения между структурными элементами предложения» [4, 412 б. ] .

Ал А. А. Потебняның пікірі бойынша, әрбір сөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына қатысты дейді [5, 320 б. ] . Сөйтіп, сөйлем мүшелері мен сөз таптарын параллельдік тұрғыда алып қарастырады. Осы көзқарасты Д. Н. Овсянико-Куликовский, А. М. Пешковскийлер де қолдайды.

Қазақ тілі білімінде сөйлем мүшелері жайлы нақты, оң әрі дәл тұжырым жасаған - А. Байтұрсынов. Барлық сөйлем мүшелерін өте ыңғайлы терминдермен атап, қысқаша сипаттап беріп кеткен [6, 282 б. ] .

С. Аманжолов та сөйлем мүшелерін анықтауда мынандай пікір айтады: «Сөйлем мүшелерін біз тек мағынасына байланыстырып қана айырамыз. Әр сөзге сұрау қойып, сол арқылы сөздің мағынасын және тұлғасын ашып аламыз»

[7, 94 б. ] .

Сондай-ақ Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев т. б. ғалымдар да сөйлем мүшелері жайлы көзқарастарды дамытуға өзіндік үлес қосты.

Сөйлем мүшелері туралы елеулі еңбек жазған бірден-бір ғалым - М. Балақаев. Автор сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелерін айқындауда бірнеше мақала жазды. Сонымен бірге сөйлем мүшелері туралы практикалық көзқарасын 1949 жылғы мектеп грамматикасында нақты көрсете келіп, солардың негізінде сөйлем мүшелерінің теориялық мәселесі туралы бірінші рет жан-жақты түрде 1954 жылы шыққан академиялық грамматикада сөз етті [8, 86 б. ] .

Сөйлем мүшелері жөнінде көзқарасын батыл білдіріп, синтаксис саласында салмақты еңбек еткен ғалым - Р. Әмір. Ғалым: «Синтаксистік единицаларды дұрыс тану үшін біз оларды білдіретін мағыналарымен ұштастыра отырып тануымыз керек. Осы ретте синтаксистік форма мен единицалар білдіретін мағыналар синтаксистік мағына деп бөлек аталатынын ескертіп кетпекпіз. Синтаксистік мағына - грамматикалық абстракция саласындағы мағына. Ол сөз бен сөздің, синтаксистік единицалардың арасындағы абстрактылы, жалпылық сипаттағы қатынасты білдіреді» [2, 8 б. ], - дей отырып, сөйлем мүшелерінің семантикалық жағына баса назар аударды. Осы мәселе төңірегінде соны пікір бере білді.

Сөйлем мүшелері жасалу құрылысына қарай дара және күрделі болып келіп, белгілі бір сұраққа жауап береді. Сөйлем мүшелері мүшесінің қатысуымен жасалған жай сөйлемдер жалаң және жайылма болып жіктеледі. Осыған орай да сөйлем мүшелерінің түрлері келіп сараланады. Жалаң сөйлем мүшелері бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы жасалып, тұрлаулы мүшелерден тұрады. Ал сөйлем мүшелернің құрамында тұрлаулы мүшелерден басқа мүшелерді тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Сонда жалпы екі үлкен топқа жіктелетін болады: тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер.

Тұрлаулы мүшелер бәрімізге белгілі бастауыш және баяндауыш деп аталған. Тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш мүше, толықтауыш мүше, пысықтауыш мүше деп жіктеген. қазірде қазақ тілі білімінде сөйлем мүшелернің жіктелуі осы негізде қалыптасты.

Сөйлемнің негізін тұрлаулы мүшелер (бас мүшелер) құрайды. Ал тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, соларды айқындап, толықтырып тұрады. Сөйлемнің бас мүшелері предикаттық қатынастың негізінде құралады.

Тіл білімінде сөз таптары бұрын қалыптасты ма, әлде сөйлем мүшелері бұрын пайда болды ма, бұл әлі шешілмеген мәселе. Алайда, көпшілік ғалымдардың мойындауынша, сөйлем мүшесі тарихи тұрғыдан сөз таптарының негізінде қалыптасқандығы айтылады. Бұл тұжырымның дұрыс болуы да мүмкін. Өйткені қай тілдегі сөздер болмасың, олар әуел бастан-ақ белгілі бір ұғымның әр дәрежедегі қасиетіне (атауын сандық, сапалық, қимыл т. б. ) байланысты туындап жатады.

Сөйлем мүшелерінде бір сөз тұрған орнына, басқа бір сөздермен тіркесу қабілетіне байланысты әр түрлі сөйлем мүшесі бола береді. Сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің арасындағы басты бір айырмашылықтың негізі де осында жатыр. Мысалы, «Жақсы бала жақсы оқиды» дегенде жақсы сөзі қандай қолданыста болса да сөз табы болып қала береді. Ал сөйлем мүшесінің бойында осы турасында басқаша заңдылық байқалады. Атау қалпында сөздер көбінесе бастауыш, ілік жалғаулы сөз анықтауыш болса, өзге септікте тұрған сөздер толықтауыш (кейде пысықтауыш, баяндауыш) қызметінде жұмсалады. Демек, белгілі бір сөз таптарының әр түрлі септік жалғауында тұруы олардың сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметіне де әсер етеді. Мұндай заңдылық жалғамалы тілдердің табиғатымен үйлесіп жатады.

Сонымен, жалпы алғанда, белгілі бір сөз таптары әуел бастан-ақ белгілі бір сөйлем мүшесі болуға икем тұрады. Мысалы: зат есім негізінен бастауыш, толықтауыш қызметтерінен басқа қызметте де жұмсала береді. Етістік сөйлемдегі негізгі қызметі баяндауыш болса, өзге функцияда жұмсалуы оның екінші қызметімен байланысты болады.

Сөйлем мүшесі дегенде ең алдымен, оның негізгі белгілерін анықтап алуымыз қажет. Т. Сайрамбаев өз еңбегінде, жалпы, сөйлем мүшесінің мынадай белгілерін көрсетеді:

  1. Сөйлем мүшесі болу үшін сөздер бір- біріне қатысты болуы керек.

Сөздің өзі сөйлем мүшесі болған кезінде мынадай жайттарға ұшырайды:

а) негізгі сөз, туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз және қысқарған сөз түрінде;

ә) сөздің дербес мағынасы бары да, дербес мағынасы жоғы да дара -дара күйінде емес, сол негізгі сөз бен көмекші сөздер түйдектеліп немесе өзара қайталануы арқылы барып жұмсалады;

б) сөйлем мүшесі қызметінде тұрақты тіркестер де қатыса алады;

г) сөйлем мүшесі ретінде жеке дыбыстар қатыса алады;

Ендеше, сөз сөйлем мүшесі жасаудың ең басты шарты болады.

2. Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде дара да, күрделі де түрінде қатысады.

Ал сөздердің күрделі түрлерінің өзі екіге бөлінеді:

а ) дербес мағынасы бар сөздердің өзара қатысы;

ә) дербес мағыналы сөз бен көмекші сөздер түйдектеліп немесе өзара қайталануы арқылы және кейде дербес мағынасы бар сөздердің қосақталып жұмсалуынан болған деп бөлуге болады;

3. Сөздер сөйлемге енгенде грамматикалық мағына білдіруі тиіс.

4. Сөздер сөйлем мүшесі болған кезеде белгілі бір сұрауға жауап беруі тиіс.

5. Сөйлем сөйлем мүшесі қызметінде өзара байланысқа енуі керек [3, 15 б. ] .

Сөйлем мүшесі болу үшін осы негізгі шарттар негізінде мынадай анықтама беруге болады: сөйлем мүшесі деп сөйлемде бір не бірнеше сөздер тобының басқа сөздермен синтаксистік қатынастары арқылы арнайы бір сұраққа жауап беріп, грамматикалық мағынаға ие болатын түрін айтамыз .

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне келетін болсақ, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, мақсаты, уақыты, объектілік тұрғыдан, сондай-ақ түр-түс, сын-сапа жағынан толықтырылады. Оларға қосымша мән беріп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып тұрады. Олар, әдетте, тұрлаулы мүшелерге бағынады. Кейде бір-біріне де бағынауы мүмкін. Толықтауыш пен пысықтауыш үнемі баяндауышқа тәуелді болса, ал анықтауыш көбінесе бастауышқа бағына байланысады.

Жалпы тюркологиялық және қазақ тілі білімінде жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелерінің әрқайсысы арнайы зерттеу объектісі ретінде қаралып келді. Көп жағдайларда тұрлаулы мүшелерге назар көбірек аударылды.

Түрік тілдерінде бірқатар ғалымдар тұрлаусыз мүшелерді нысанға алып, өз еңбектерінде қарастырып отырды. Белгілі ғалым М. А. Казам-Бек өз еңбегінде: «Все слова выражающая второстепенные идеи, в каждом языке разделяются на три главная отделения: определительный, качественная и обстоятельственная», - деп тұрлаусыз мүшелерді бөледі [9, 424 б. ] .

В. И. Вербицкийдің редакторлығымен жарық көрген «Грамматика Алтайского языка» еңбегінде тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш және толықтауыш деп жіктейді [10, 113-119 б. ] .

Сондай-ақ көрнекті тюрколог ғалымдар Н. К. Баскаков, И. Я. Батманов, В. Н. Богородицкий, Н. П. Дыренкова, А. П. Поцелуевский, Г. Д. Санжеев және тағы басқаларды толықтауыш пен анықтауышқа ғана көңіл бөледі де, пысықтауышты мүлде елеусіз қалдырады.

Ғалым И. Я. Батманов «Краткое введение в изучение языка» деген еңбегінде пысықтауышты толықтауыш аясында берсе [11, 130 б. ], В. А. Богородицкий пысықтауышты анықтауыштың ішінара түрлері етіп көрсетеді [12, 223 б. ] .

М. З. Закиев те сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөліп, тұрлаулы мүшелерді конкретизирующий член, пояснительный член және модальный член деп үшке бөледі [13, 14 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мушелерінің зерттелуі
Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Анықтауышты жайылма сөйлемдер
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Анықтауыш, оның зерттелуі
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz