ХІХ ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1 СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ САУДА
КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ДАМУЫ (ХІХ Ғ ІІ
ЖАРТЫСЫ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 11
1.1 Семей қаласының экономикалық және мәдени жағдайы (ХІХ ғ. ІІ 11-21
жартысы-ХХ ғ.
басы) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
1.2 Ертіс өңіріндегі сауда ісінің дамуының халықтың экономикалық
жағдайына тигізген әсері (ХІХ ғ ІІ
жартысы) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...21-34
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ СЕМЕЙДЕГІ САУДА ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН
ДАМУЫНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРДІҢ АЛАР
РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...35
... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Семей өңіріндегі жәрмеңкелер мен сауда және өнеркәсіп
саласындағы халықаралық байланыстардың 35-50
орнауы ... ... ... ... ...
2.2 Cемейдегі сауда ісін дамытудағы қазақ, татар, орыс
көпестерінің қосқан 50-74
үлесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...75
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Пайдаланған әдебиеттер 78-81
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен
кейін, қанша ғасыр тарих үшін жасырын болып келген еңбектер жарыққа шығып,
Қазақстанның әр аймағының тарихын жан-жақты зерттеуіне мол мүмкіндік
туғызды. Сондай-ақ, Н.Ә. Назарбаев еңбекке 20 қадам атты мақаласында
Өлкетану(туған жерге махаббат отаншылдықтың негізі [1] деп, әр азаматтың
өз өлкесінің тарихын жете білуді міндеттеген болатын. Осы негізде өз туған
өлкенің тарихын, Семейдің ертіс өңіріндегі сауда кәсіпкерлігінің дамуындағы
негізгі деректерді жаңша көзқарас тұрғысынан зерттей отырып, тарихи
айналымға енгізу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазіргі қазақстандық тарих ғылымында ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ
ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихы
проблемаларына деген қызығушылық артып отыр. Бұл кезеңде дәстүрлі қазақ
қоғамына нарықтық қатынастардың элементтері еніп, аймақтық өнеркәсіп пен
ұлттық капиталдың енді ғана қалыптасып, кәсіпкерлік тенденциялар дамуымен
сипатталады. Осы ел экономикасының дамуында ХІХ ғасырдың ортасына таман
Семей қаласының сауда орталығы ретінде атқаратын қызметі ерекше маңызды
болды. Семей саудагерлері, көпестері батыста Қытаймен, солтүстікте Ресеймен
және Орта Азия елдерімен сыртқы сауда байланысын дамытты. Cондай-ақ, ХІХ
ғасырдың бірінші жартысында Семей өңірінде көптеген өнеркәсіп орындары
пайда бола бастады. Кең көлемдегі сауда орындарының, жәрмеңкелердің ашылуы,
зауыттар мен фабрикалардың сандарының артуы осы қалалардағы халық санының
өсуіне де жағдай жасады, қалада сауда мәдениеті дамыды. Сондықтан,
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, оның аймақтық ерекшелігін
тиянақты түрде зерттеу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басна таман Семей қаласының сауда
орталығы ретінде атқаратын қызметі маңызы болды. Семей саудагерлері,
көпестері батыста Қытай қалаларымен солтүстікте Ресеймен сыртқы сауда
байланысын дамытты. Орта Азиядағы сауда айналымына арқау болуға қолайлы
орналасқандықтан Ресей патша өкіметі бір бекіністі Ертіс бойындағы Семейге
салды. Осылайша,Семей қаласы Ресей патшалығының жоспары бойынша Шығыс
Қазақстан облысындағы ең ірі сауда орталығына айналды. Осындай мақсатта
әсіресе Қазақстанның шығыс өңіріндегі тұрғындарға өз таурларын сыртқы
саудаға шығаруға үлкен үлес қосты. Тіпті аталған кезеңде қазақ даласындағы
сауданың даму барысы оның болашағы шетел зерттеушілерін де қызықтыра түсті.
Себебі, осы өңірден шығарылатын мал және оның өнімдері сыртқы сауда
нәтижесі ретінде Қытай қалаларына, Ресей арқылы Еуропаға да жететін.
Қазақстанның Шығыс, Алтай өлкесі, яғни Ертіс бойындағы Семей өңірі ХІХ
ғасырдың басында-ақ халықаралық сыртқы сауда өнімі ретінде шығаруда негізгі
роль атқарды. Осы негізде бұл тарихи процесті толықтай жан-жақты зерттеу
қажеттілігі туған өлкенің тарихын оқытуда қайта жаңаша зерттеу негізіне
түсіп, Отан тарихының өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеті: Семейдің ертіс өңіріндегі ХІХ ғ.
ІІ жартысы-ХХ ғ. басындағысауда кәсіпкерлігінінің дамуы жаңаша зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа жетуде мынандай нақты міндеттерді шешу көзделді:
- Семей қаласының ХІХ ғ. ІІ жартысы-ХХ ғ. басындағы экономикалық және
мәдени жағдайына тарихи тұрғыда шолу жасау;
- Ертіс өңіріндегі (ХІХ ғ ІІ жартысы) сауда кәсіпкерлігінің дамуындағы
негізгі алғышарттарын көрсету;
- Қаланың Ертіс өңіріндегі сауда ісінің дамуының халықтың экономикалық
жағдайына тигізген әсері мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің даму
деңгейіне талдау жасау;
- Семейдегі сауда және өнеркәсіп саласындағы халықаралық
байланыстардың орнау процесінде болған ерекшеліктерді айқындау;
- жергілікті халыққа қызмет көрсету (көліктік, қолөнер-шеберханалық
және тұрмыстық қызмет) саласындағы сауда кәсіпкерліктің даму
ерекшеліктерін кезең-кезеңімен анализдау;
- Cемейдегі сауда ісін дамытудағы қазақ, татар, орыс көпестерінің
қосқан үлесін айқындау;
Диплом жұмыстың зерттелу деңгейі: Кәсіпкерлік теориясына арналған
тарихнаманы негізгі үш топқа бөліп қарастыруға болады: отандық
зерттеушілердің еңбектері мен шетелдік, ТМД елдерінің зерттеушілері. Кеңес
дәуірінің тарихшыларын өзі екіге бөліп қарастырдық: революцияға дейінгі
және революциядан кейінгі зерттеуші ғалымдар. Сондай-ақ, мұрағаттан (архив)
алынған материалдар зерттеудің тарихын жан-жақты толық айқындауға негіз
бола отырып, дереккөзі ретінде пайдаланылған.
Қазақстандағы революцияға дейінгі және 1917-1940 жылдардағы
өнеркәсіптің тарихы тарихнамалық еңбектерде де қарастырылды. Осындай
жұмыстардың арасынан Д.И.Дулатованың, А.Н.Нүсіпбековтің, Н.Даулбаевтың,
В.В.Турттың, С. Нұрмұхамедовтің, Б.Абишеваның, М.Қозыбаевтың,
И.Қозыбаевтың, М.Асылбековтің, А.Алтаевтың, Р.Құрманғалиеваның және тағы
басқалардың зерттеулерін бөліп алып қарауға болады.
Семей мұрағат ішінде XIХ – XXғ.ғ. Семейдегі Ертіс бойындағы өнеркәсібі
саласы бойынша (торговые связи Семипалатинского Прииртышья) атты құнды
құжаттарға толы жинақ сақталған. Тарихи деректермен жеткілікті сипаттап
құрастырылған бұл туындының жауапты редакторы А. Әубакіров бастаған
редакция ұжымы. Жинақ негізінен мұрағаттарда жинақталған – құжаттардың
басын біріктіріп Семей өңірінде XVIII – XIX ғ.ғ. белең алған қызу сауда
байланысының, ондағы өнеркәсптің қалыптасу жолдары әкімшілік орталығы
Семей болғандығын дәлелдеп береді.
Мысалүшін, Семейдің ХІХ – ХХ ғасырлардағы өнеркәсіптің дамуы жөнінде
деректер көбінесе тек орыс тілінде ғана бар. Орыс тілінде болса да бұл баға
жетпес біздерге қалған мұра деуге болады. Сонымен, Семей қаласындағы
өнеркәсіп құрылымы, сауда дамуы жөніндегі бұл деректерде нақты – нақты
сандар мен қай жылдары көре аламыз. Осы өңірде өткізілген ірі – ірі
жәрмеңкелердің сауда айналымының, өнеркәсіп өнімдері есеп – қисабын тіркеу
әкімшілігі Семейде орналасқаны туралы біздер мәлімет ала аламыз. Шығыс
Қазақстан Мемелекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымының
кандидаты – Ғани Қарасаев осы Қазақстар мен Ресей арасындағы айырбас
сауда деген мақалаларынан біздің өлкемізге, яғни Семей қаласының
өнеркәсібі туралы материалдарын оқи аламыз. Біздің туған қаламыз Семейге
байланысты, қандай мақала болмасын бізге баға материалдар.
Жанұзақ Қасымбаев өзінің тарихи еңбегінде, бұл еңбегі История
города Семипалатинска деген атпен 1998 жылы Алматы қаласында басылып
шығарылды. Бұл еңбегі Семей қаласының тарихын яғни 1718 жылдан бастап 1917
жыл аралығындағы уақытты қамтиды. Бұл кітап Ертіс бойында ежелден
қалыптасқан Семей болғандығын жан – жақты сипаттап береді. Қытайдың
батысы, бір шеті Ресейдің солтүстігі тағы бір ұшы Өзбекстан, Қырғызстан
саудагерлері Семей қаласына тұрақтап, өнеркәсіп өнімдерін бойынша тұрақты
араласып отырғандығы туралы міне осы тарихи еңбектерден толық көре аламыз.
Деректік жинақта Қазақстан Республикасының мұрағат қорында жиналған
материалдар маңызды орын алады. Мұрағат деректері қарастырылып отырған
кезеңдегі Семей қаласының өнеркәсіп дамуының негізгі қайшылықтарын
анықтауда зерттеудің нағыз тарихи материалдар көзі болып табылады. Бұрыңғы
кезеңдерде де сауда байланысы бүгінгі дей нақты жолға қойылғанын
аңғартады.қай жылы қанша жәрмеңке ұйымдастырылып, әп уақытта өнеркәсіп
айналымының мөлшерін айғақтайтын құжаттар тізімі тек қала, облыс
мұрағаттарынан ғана емес, Ресейдің мемлекеттік тарихи мұрағаттарымен Омск,
Томск, Новосібір облыстарындағы тарихи мұрағаттарда да сақталған бірнеше
құнды деректер осы Семей мұрағат үйінің директоры Гүлнәр Төлеуқызы Қасымова
мен Семей басшылары арқасында осы Семейге алынып қаламыз үшін маңызы өте
зор құнды еңбек Торговые связи Семипалатинского Прииртышья (ХVІІІ – ХХ
ғ.ғ. Семейдегі Ертіс бойындағы сауда байланысы) атты жинақтан орын тапты.
Бірінші тараудың өзінде іріктеле келе қажетті деген 90 – ға жуық маңызды
деген дерек қамтылған. Семей өңіріндегі 300 жыл бұрынғы Ташкент, Бішкек
байлары мен Ресей көпестерінің белсенділік танытқандықтарысоншалық, олардың
осы өлкедезаңды түрде өз дүкендері мен тұрақты мекен жайлары болғандығы
жөнінде материалдар бар.
Сонымен қатар, Торговые связи Семипалатинского Прииртышья атты еңбек
еліміздің шарықтық экономикаға енген кезеңінде қажетті бір құжат ретінде
аса бағалы материалдар болып табылады. Аполлованың Экономические и
политические связи Казахстана с Россией в ХVІІІ – ХІХ в.в. Москва 1960 г.
атты еңбегінде осы Семей өңіріне байланысты материалдары сақталған
деректер бар. Бұл Аполлов И.Г. – ның еңбегі осы аумақтағы экономикалық және
саяси өмірге арналған. Семей қаласының өлкетану мұражайының кітапханасында
сақталған бұл еңбек біздің аумақ жайында көптеген деректер бере алады.
1848 ж. Семей қаласында болған поляк революционері А. Янукевич
Күнделіктері мен хаттары туралы бағалы еңбек жарыққа шықты онда қазақ
даласына жасалған саяхат туралы жазбалар бар екен. Міне осының ішінде
біздер оның Семей өңіріне байланысты еңбектерін көре аламыз. Осы Семей
қаласының өнеркәсібінің орны мен рөлі жөнінде 1856 жылы Құлжаға сапар
шеккен Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде біршама мәліметтер берген
Семей өнеркәспітің қандай рөл атқарғанын орталық мемлекеттің
архивтің қызметкері К. Сопыбекованың Такой была родина Абая атты
мақаласынан мына жолдарынан көруге болады: По данным состояло 1843 г. в
Заречной Семипалатинской слободе состояло 166 лавок, а также слады для
товаров, принадлежавшие купцам. Сонымен қатар, бітіру жұмысын жазу
барысында Семей қаласының тарихына қатысты құнды материалдар келтірілген
отандық ғалымдардың мақалары да жазуға өз септігін тигізді.
Диплом жұмысының деректік негізі: Мұрағат деректеріне қоса патша
өкіметінің Ресей империясының заңдарының толық жинағы атты жинақталған
заңдық актілер мен құжаттар, далалық облыстардағы Қырғыздар туралы заңдар
жинағы, Ресей империясының заңдар жинағы пайдаланылды. Қазақ өлкесінің
шаруашылық өмірі жайлы қызықты материалдар бірқатар революцияға дейінгі
басылымдарда: 1899 жылғы Сібір сауда - өнеркәсіп календары, Семей
облысының естелік кітапшасы тағы да басқа құжаттардан қарастырылды.
Диплом жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі: Отандық, кеңестік
және тарихшылардың, экономисттердің тұжырымдамалары мен идеялары,
ізденістері кәсіпкерлік тарихын зерттеуде тиісті әдістерді таңдауға,
қолдануға жәрдемдесті.
1861-1917 жылдардағы Қазақстанның сауда кәсіпкерлігін қалыптасу және
даму тарихын қарастыруда, ұлттық интеллигенция өкілдерінің Ә.Бөкейханов,
М.Тынышпаев және С.Асфендияровтардың сол кезеңдегі Қазақстанның
экономикалық дамуына байланысты көзқарастары пайдаланылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында тарихилық және объективтілік
принциптері пайдаланылды. Объективтілік принципінің басты талабы – тарихи
құбылыстар мен процестерді барлық қайшылықтары, күрделіліктерімен жан-жақты
қарастыру. Сонымен қатар, барлық деректерге кең түрде шолу жасай отырып,
өзара байланысы бар деректерді кешенді түрде талдау. Объективтілік
принципінің негізінде, Қазақстанның Семейдің Ертіс өңірі аймақтарындағы
сауда ісін қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік-саяси құбылыстарды да
ескеру қажеттілігі туындайды. Аталған принциптің талаптары, тарихи
зерттеулердегі тұжырымдамалар мен әр түрлі деректердегі ақпараттардың
шындыққа сәйкестілігін анықтауға мүмкіндік береді. Тарихилық принципі,
белгілі бір құбылыстар мен процестердің дамуын, өзгеруін, сонымен бірге
олардың өзара байланысы мен әсерін жан-жақты зерттеу міндетін алға қояды.
Ол да, нақты тарихи мәселелерді шешуде, деректерге мүмкіндігінше толық
талдау жасауды талап етеді. Сондықтан, зерттеуде Семей аумағындағы сауда
ісінінң қалыптасуы мен дамуының әр түрлі аспектілерін бейнелейтін деректер
қоры жүйелілік тұрғысынан пайдаланылды.
Тақырыпты зерттеу барысында логикалық, құрылымдық, жүйелілік,
хронологиялық, сандық, салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылды.
Зерттеудің негізгі нысаны: Семейдің ертіс өңіріндегі ХІХ ғ. ІІ жартысы-
ХХ ғ. басындағы сауда ісі және осы аймақтарда сауда кәсіпкерлігін
дамытудағы қазақ, татар, орыс көпестердің саяси және қоғамдық қызметі.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның
Семей аймағындағы табиғи, экономикалық, этникалық және басқа да
ерекшеліктер ескеріле отырып, жергілікті кәсіпкерліктің қалыптасу және даму
тарихына кешенді түрде талдау жүргізілді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде ХІХ
ғ соңы мен ХХ ғ басындағы Қазақстандағы сауда ісінің қалыптасу мен
дамуындағы Семейдің Ертіс өңіріндегі алар ролі тарихи талдау арқылы нақты
сипаты анықталды. Сонымен бірге:
- бұрын жарияланбаған көптеген маңызды деректер ғылыми айналымға
енгізілді;
- Қазақстанның Семей өңіріндегі сауда кәсіпкерлігінің қалыптасуы және
олардың жергілікті экономиканың әр түрлі салаларындағы даму
арақатынасы алғаш рет салыстырмалы түрде қарастырылды;
- отандық тарих ғылымында зерттеу нысанына алынбаған ХІХ ғ соғы мен ХХ ғ
басындағы Семейдің Ертіс өңіріндегі сауда кәсіпкерлігі халыққа қызмет
көрсету саласына, оның ішінде көлік, қолөнер-шеберханалық және
тұрмыстық қызметке байланысты кәсіпкерліктің тарихы зерттелінді;
- Осы кезең аралығындағы Семей өңірі мен үкімет арасындағы қарым-
қатынастардың ерекшеліктері анықталды;
- жергілікті кәсіпкерлікті дамытудағы өлкенің әлеуметтік және этникалық
құрылымының ықпалына талдау жасалынды.
- Аймақтағы сауда ісіне үлес қосқан саудагер көпестер тұралы құнды
материалдар бир жүйеге келтіріп жинақталған.
Диплом жұмысының мерзімдік шегі: ХІХ ғ ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың
басы, яғни Ресейдегі реформалардың Қазақстанда, оның ішінде Семей аймақтағы
кәсіпкерліктің қалыптасуына тигізген ықпалынан бастап, револфцияға дейінгі
аралықты қамтиды.
Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы. Диплом жұмыстың
материалдары мен тұжырымдары Отандық тарихы бойынша оқу және оқу құралдарын
жазуда, жоғары және орта арнайы оқу орындарында дәрістер оқуда және семинар
сабақтарын, Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша арнайы курс немесе
арнайы семинарлар жүргізу барысында пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар,
аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын дайындауда зерттеу жұмысының
жекелеген қорытындылары кеңінен қолданылуы мүмкін.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ САУДА КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ДАМУЫ
(ХІХ Ғ ІІ ЖАРТЫСЫ)
1.1 Семей қаласының экономикалық және мәдени жағдайы (ХІХ ғ. ІІ жартысы-ХХ
ғ. басы)
Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болғаннан бері жаңа көзқарасты
қажет еткен тарих ғылымдарындағы терең әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін
маңызды мәселелердің бірі қалалар тарихы. Бүкіл өзгерістер мен
жаңалықтардың басталар жері үкімет саясатының алғаш жүзеге асар орыны болып
табылатын қалалар тарихы- қоғам тарихының бөлінбес бөлшегі болып табылады.
Жергілікті жердің даму тәжірибесін терең зерттеу барысында қоғамның
әлеуметтік –экономикалық және саяси процесстерде болып жатқан мәселелердің
себептері мен мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Қала өмірінің келелі мәселелері мен фактілерін нақты сараптау, жүйелеу
болмаса онда ірі елді мекендердің дамуы ерекшелігінің заңдылығын ашу қиынға
соғар еді. Сондықтан да жылдан — жылға ғаламдар мен ізденушілердің қаланың
аса танымал емес беттерін ашуға деген қызығушылықтарының артуы да заңды
құбылыс. Осы тақырыпқа өзек боларлық қалалар ежелден – ақ сауда, қолөнер,
мәдениет, қоғамдық және саяси қызметімен отырықшы жер өңдеу, мал шаруашылық-
көшпелі өркениеттің синкретизм звеносы ретінде танымал болған Семей
өңірінің тарихын тереңнен зерттеу болып табылады.
XVIII ғ ІІ жартысынан бастап Семей Қазақстан аумағы бойынша
революцияға дейінгі ең ірі сауда орталығының бірі болды. Қаланың пайда
болуы Қазақстанның Ресейге қосылу тарихымен тығыз байланысты Семей
қамалынан басталған. Алыс және жақын елдерден келетін сауда айналымы ғана
емес, ғылым мен мәдениеттің рухани орталығы болған Семей қаласының ірге
тасы 1718 жылы қалады. Петр 1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі
бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720
жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник
П.Ступиннің бақылауымен толық қарулану жүргізіліп, бекітілді. Семипалат
бекінісі Ресей мен Ќазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы
арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда
сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер,
қоқандықтар келе бастады. Азиялық көпестер сауда операцияларын бақылау
мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды [2].
Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия
бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір
генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан
И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар,
көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын
түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери
қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады.
Семей қаласы 1718 жылы Ямышев көлі жанынан салынған бекініс бой
көтерген уақыттан бастап дүниеге келген болып есептелінеді. 1783 жылы Семей
бекінісі уездік қала дәрежесіне дейін көтерілді. 1796-1822 жылдардың
арасында Семей уезі Тобыл губерниясы, Омбы облыстарына бағынған кезеңдерді
басынан өзкізді. ХІХ ғасырда Семей қаласын зерттеуші ғалымдар Г. Миллер,
Н. Абрамовтар Семь палат, Жеті шатыр атануына назар аударып ірі зерттеу
жұмыстарын да жүргізген.
Орыс географиялық қоғамының жазбаларында жазылғандай, 1854 жылы
император ағзам 19 мамырда Көкпекті және Аягөз сыртқы округтарынан, Семей
және Өскемен қалаларының аумағынан және сібір линиясының ішкі жағымен,
Ертістің оң жақ жағалауымен және Ертіс линиясындағы елді мекендерге дейін
қырғыздар қазақтар көшіп жүретін жерлерде, Железинск қамалынан Кіші
Нарынға дейінгі аймақта Семей деп аталатын ерекше облыс құрылсын деп
бұйырды. Және де осы уақыттан бастап, Семей облыстық қала деп аталды, ал
Аякөз, Көкпекті және Қапал станциялары осы облыстың округтық қалалары
деңгейіне жеткізілді.
1850 жылы Семей қаласында алғаш баспахана ашылды, оған қажетті
жабдықтар алғанға сол кездегі бірінші гильдиялы көпестер С. Мусин, Ф.
Афонин, С. Самсонов Б. Еспаев қаражат бөліп қаланың мәдени дамуына зор үлес
қосты. 1852 жылы түйенің, айдың, бес жұлдыздың белгісі салынған Семей
қаласының гербі белгіленді.
1854 1 қазан Семей қаласының ресми ашылу салтанаты болып, Қалалық Дума
мен қалалық соттың бекітуімен Семей облысы болып бекітіледі. Облыстың
бірінші әскери губернаторы болып, полковник Спиридонов Петр Михайлович
тағайындалады. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең
көлемдісі болды. Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі [2].
Осы жылдары Семейде 1 гильдиялы – 1 көпес, 2 гильдиялы-9 көпес, 3-
гильдиялы -97 көпес болды. Жан-жақты сауданың дамуына байланысты Таможня
мекемесі құрылды. Осыған орай қалады 1855 жылы полиция басқармасы ашылды.
1855 жылы екі жәрмеңке ашылды, олар 25 мамыр-10 мамыр аралығында және 15
желтоқсан 1қаңтар аралығында өтіп тұрды. Осылайша Семей қаласы орыс елінің
қазақ даласы арқылы Орта Азиямен, Батыс Қытаймен саяси, экономикалық,
мәдени байланыс қатынастарының өзекті орталық қаласына айналды.
Сол кездегі қаланың негізгі өнеркәсібі –былғары тері илеу зауыттары,
сабын қайнататын зауыттар, ұн-диірмен, сыра зауыты т.б жеңіл өнеркәсіп
түрлері болды.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Семей тарихы экономикалық және мен
рухани-мәдени дамуында көптеген тарихи оқиғаларды басынан кешірді. Осы
уақыт қазақ-орыс қарым-қатынасындағы экономикалық және саяси байланыстарын
нығайтудағы ролінің маңыздылығы арта түсті, сондай-ақ, Ресей мен
Қазақстанның Батыс Қытай қалаларымен және басқа да Азия өңірлермен
байланыстырып жатқан ірі орталықтың негізіне айналды. Сондай-ақ, Семей
XVIII – XIX ғасырларда Ресей үкіметінің Қазақстан даласында басып алған
жерлерді ұстап тұру үшін салынған бекіністердің бірі ретінде іргесі
қаланып, өзінің географиялық жағынан қолайлы орналасуынан Орал мен Қытайды,
Сібір мен Жетісудың арасында экономикалық байланысты орнықтырып, далалық
өлкенің сауда, қоғамдық және мәдениет орталықтарының біріне айналды [3].
ХІХ ғасырдың ортасына таман Семей қаласының сауда орталығы ретінде
атқаратын қызметі ерекше маңызды болды. Семей саудагерлері, көпестері
батыста Қытаймен, солтүстікте Ресеймен және Орта Азия елдерімен сыртқы
сауда байланысын дамытты. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей
өңірінде көптеген өнеркәсіп орындары пайда бола бастады. Кең көлемдегі
сауда орындарының, жәрмеңкелердің ашылуы, зауыттар мен фабрикалардың
сандарының артуы осы қалалардағы халық санының өсуіне де жағдай жасады,
қалада сауда мәдениеті дамыды.
ХІХ ғасырдың ортасында Семейде мал өнімдерін өндірумен айналысатын 13
әрекет етуші кәсіпорын: 5 тері өңдейтін, 4 сабын қайнататын және 4
шырағдан шығаратын зауыт болған. 1858 жылы тері зауыттары 25 мың рубльдің,
сабын қайнату зауыттары - 1680 рубльдің, шырағдан зауыттары 3500 рубльдің
өнімдерін өндірген. Ал 60–жылдардың басында Семей облысында 19 тері зауыты,
5 сабын қайнататын, бір шырағдан зауыты болған, бұлар жылына күміспен
82926 рубльдің өнімін өндірген. Бұл кәсіпорындар қазақтардың мал
шаруашылығы шикізатының біршама бөлігін алып отырды [3].
XIX ғасырдың аяғында қала мәдениеті қарқынды дами бастады. Архив
деректерінен тек 1883-1905 жылдар арасында ғана Семейдің өзінде жүзден
астам саяси жер аударылғандар тұрғандығын дәлелдейді. Орыс зиялылары
П.Михаэлис, А.Л.Блек, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов, А.А.Леонтьев,
П.Д.Лобоновский, Н.Я. Коншин және басқалары Семей өлкесінің табиғаты,
этнографиясы, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосып, қаладағы
алғашқы ғылыми орталық - облыстық статистикалық комитет пен Батыс Сібір
Орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесінің ашылуына аянбай еңбек
сіңірді. Өлкетану орталығы аймақта географиялық, метереологиялық,
геологиялық, тарихи, этнографиялық, статистикалық зерттеулер жүргізіп,
ғылым саласын аса құнды мағлұматтармен қамтамасыз етті.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы ұлттық сананың оянып қазақ
зиялыларының қоғам өміріне қызу араласуымен сипатталады. Ұлы Абай мүше
болған өлке тарихында ерекше орны бар осы ғылыми қоғамға Әлихан Бөкейханов
бастаған қоғам қайраткерлері Райымжан Мәрсеков, Жақып Ақбаев, Шәкәрім
Құдайбердіұлы, Назипа мен Нұрғали Құлжановтар т.б. бөлімше жұмысына белсене
араласады. Әлихан Бөкейханов Абайдың көзі тірісінде оның ақындық шеберлігін
жоғары бағалап, Ресей Географиялық қоғамы шығарған кітапқа енгізеді. Абай
қайтыс болғаннан кейін де Семей географиялық бөлімі шығарған Записки
Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского Императорского русского
географического общества кітабының III шығарылымында басылады. Заңгер
Ақбаев Ж. қазақтардың некелесу зандылықтары туралы бөлімше кітапшасының 3-
шығарылымына жариялайды. Бөлімше мүшелерінің саны жылдан-жылға артып, 1913
жылы 140 мүшесі болған [4].

атқаратын қызметі маңызы болды. Семей саудагерлері, көпестері батыста Қытай
қалаларымен солтүстікте Ресеймен сыртқы сауда байланысын дамытты. Орта
Азиядағы сауда айналымына арқау болуға қолайлы орналасқандықтан Ресей патша
өкіметі бір бекіністі Ертіс бойындағы Семейге салды. Осылайша ХVІІІ
ғасырдың аяғында Семей қаласы Ресей патшалығының жоспары бойынша Шығыс

роль атқарды. Осы аймақтағы Ресей патшалығының тауарлары қазақ малымен оның
өнімдері ХVІІІ ғасырдың басында Қытай сауда орындарына шығарылды. Мысалы:
Н.Г.Андреевтің жазуынша – сауда қырғыз – қайсақтар мен шекаралас Қытайдың
губерниялық қаласы Құлжа арқылы жүргізілді... Құлжадан Ресей патшалығының
шекараларына дейінгі қарауылдар – Катонқарағай Ертіс өзені құятын ең шеткі
Зайсан көлі Шұғышақ арқылы Ташкенттіктер Семей қаласымен сауда жасайды деп
анықтама берілген [3].
Қазақтар сыртқы саудаға негізінен жылқы, ірі қара, қой малдарын
шығарады және мал өнімдері. Қытайлықтар әр түрлі бұйымдар ыдыс, барқыт
қытай бұлдарын саудалайды. Семейдегі 1765 жылдағы ашылған айырбас сауда
алаңында қайсақтар сияқты ташкенттіктер бұхаралықтар өз керуендері мен
келіп әр түрлі тауарларымен сауда жасайды. Сонымен қатар мұнда орыс
көпестерінен 1783 жылы 599 рубль, 1784 жылы 840 рубль салық жиналды. 1783
жылы Семей қаласына бұқаралықтар, Ташкенттіктер, Қашқарлықтар әр түрлі
жібек маталарын әкелді. Ташкент темекісі, өрік, алма, аң терілері, барыс,
қасқыр, түлкі, т.б. аңдар түрлері саудаға түседі. [3] Міне, осы келтірілген
дәлелдер арқылы Семей қаласының сыртқы сауда қызметінің маңызды болғандығын
көрсетеді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей өңірінде өнеркәсіп орындары

өсуіне де жағдай жасады, қалада сауда мәдениеті дамыды. Бұл туралы А.И.
Левшин былай деп жазады: Айырбас сауда жасау үшін олардың яғни қазақтардың
келетін негізгі орыны Ресей шекарасындағы Семей, Өскемен, Петропавл, Омск
қамалдары болды. Міне осылардың ішіндегі Семей қаласы уақыт өткен сайын
аталған өңірлердегі негізгі сауда жүргізетін орындардың біріне айналды.
Мысалы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей қаласы арқылы Орта Азия
мемлкеттерінен сауда керуендері өткен.
1803 жылы Қытай елімен сауда әрекеттерін Cемей арқылу жүргізу
белгіленген указ қабылданды. Мұның алдында қытайлықтар өз саудагерлеріне
орыс жерімен қандай да болмасын қатынастар жасауға тыйым салған. Сондай-ақ,
орыс көпестері Шәуешек және Құлжа қалалары аймағына да жіберілмеді.
Сондықтанда кейінгілер аталған аймақтарға жүк керуендерін негізінен Орта
азиялық хандықтар тұрғындары мен татарлардан тұратын приказчиктері арқылы
жөнелтетін болған. Міне, осы ''Ташкенттік және бұқаралық'' өкілдері
Шәуешек, Құлжа, Қашқар, Ақсу қалаларына еркін кіріп, кері сапарында Семейге
алтын, күміс, жібек маталар, кірпіш, қара және көк шай, басқа да заттар
жеткізіп тұрған. Қазақ елінің бірте-бірте Ресейге қосылу процесінің
нәтижесінде Қытай шекарасына шығудың мүмкіндіктері де кеңи түсті. Өйткені,
XIX ғасырдың бас кезінде Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы арқылы қазақтар
мен қытайлардың дербес және тәуелсіз арақатынастары орныға бастады [6].
1804 жылы Сібір губернаторы Семейдегі таможнядан сол кездегі Қытай
елімен Семей арқылы сауда жасаудың мәні мен маңызы жөнінде нақты деректер
беруді талап етті. Тұңғыш рет дәл осы тұста Қытай елімен екі ел арасындағы
сауда-саттық және басқа да қатынастарды Семей арқылы атқару тиімді екендігі
толық шешілді.
Белгілі дәрежеде Синьцзян әкімшілігі де осы аймаққа орыс-қытай сауда
қарым-қатынастарының тиімділігіне біршама назар аударып келді. Өйткені,
орыс жерінде өндірілетін тауарлар мен шикізат оларды мейлінше қызықтыра
түскен. Мәселен, 1804 жылы май айында өскемендік жүз басы Горшков осы
мәселе төңіргінде қытайлықтардың мәмлеге келетіндігі жөнінде ақпар
тапсырған. Оның мәлімдемесіне қарағанда, Қытай жағы егер Ресей рұқсат
беретін болса, Өскеменге өз товарларын жіберіп тұруды ұсынады.
Сонымен орыс мемлекеті Қытаймен қарым-қатынасты сақтауда мейлінше
назар аударып келді. Ол үшін өздерінің ресми және жасырын өкілдерін тұрақты
жіберіп тұрды. Мәселен, 1811 жылы Сібірлік жеке корпустың командирі Қытай
еліне барып қайтқан көпестер тобының атынан Семей бекінісін Қытайдағы Ақсу
қаласына арнаулы керуендер жіберіп, тұрудың қажеттігін бекітті. Дәл осы
жылы татар көпсінің өкілі ретінде Шәуешек және Құлжа қалаларына аудармашы
Н.Путинцев барып қайтты. Осы қалаларға орыстың шұғалары мен жергілікті
жерде мал терісін өткізуге айрықша қолайлылығын атап көрсетеді. Бұл кездегі
барлық сауда әреккеттері негізінен заттай айырбас тәртібімен атқарылған.
XIX ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне
қарамастан Ресей өзінің өндіргіш күштерін өркендетуде біршама алға басты.
Осымен байланысты өндірілген товарларды ұқсату және сыртқа шығару мәселесі
күн тәртібіне қойылды. Осы тұста да Қытай еліне баса назар аударылды.
Алайда ол жақтан көптеген кедергілер жасалынып тұрды. Қытайлықтар Ресей
ұсынған товарларлы неғұрлым арзан алуға тырысып бақты. Ал оның орнына ішікі
жаққа қажетті товарларды жеткілікті беріп тұрмады.
Қаладағы мәдени орталықтарының ерте кезден бастау алғандығын
аңғаруымызға болады. Оған басты себеп, Абай атындағы ғылыми-әмбебап
кітапханасы 1883 жылы құрылып, Қазақстандағы ең алғашқы кітапханалардың
бірі болып табылады. Кітапхананың ең бірінші оқырмандарының бірі Абай
Құнанбаев. Қазіргі таңда ғылыми ақпарат пен кітап сақтаудағы ірі орталық.
Кітап қоры 362 мың сақтау бірлігін құрайды, бұған қоса 5900 ден астам ХVII-
XIX ғ. басылымдары бар. Семейдің тарихи - өлкетану мұражайы 1883 жылы
Статистикалық Комитеттің көсемдері: орыс социал-демократтары Михаэлис,
Долгополов, Гросстардың жетекшілігімен ашылды. Олар қазақ халқының
мәдениетін, тұрмысын оқып, өлкенің тарихына, географиясына, экономикасына,
этнографиясына зерттеулер жүргізді. Өзінің 117 жылдық тарихында Семейдің
Ертіс өңірінің тарихы туралы бірегей жәдігерлерді жинақтады. Қазірде
Мұражайда сирек кездесетін жәдігерлер, кітаптар, тарихи және өлкетанымдық
бағыттағы құжаттар бар.
Осы шараларды жүзеге асыруда және Ресейдің Қытаймен, сондай-ақ, Орта
Азиямен байланыстар жасаудың орталығы Семей қаласы болып табылды. Оны
атақты зерттеуші П. Семенов-Тяньшанский Азияның жерін тану еңбегінде
айқын атап көрсетеді. Сонымен Шәуешек және Құлжа қалаларымен Семей тікелей
екі бағыт арқылы қатынас орнатады. Оның бірі Көкпекті Приказы арқылы
Тарбағатай тауының жоталарымен өтетін болса, екіншісі Сергиополь тракты
бойынша атқарылған. Сауда керуендері ең қолайлы және тура деп табылған
Көкпекті Приказы көбірек қолданылады. Бұл сапарға 12 не 15 күн уақыт кетіп
отырды.
Сауда керуендерінің жолында керуеншілерді әртүрлі қауіптер де
тосқауылдап күтіп тұрды. Олардың кейбірі жол бойында тоналып, талан-таражға
түсіп отырды. Сондықтан да, көпестер өздерінің товарларын және адамдарды
қорғауға үздіксіз назар аударып отырды. Әсірсе Қалба, Тарбағатай
жатоларында тонаушылар екі жақтан да кездесіп отырды. Осыған байланысты
қазақ қарулы командалары шығарып салып отырды. Ол үшін ірі-ірі керуендер
құрастырылды, мұндай керуендер жылына бір рет, кейде екі рет қана
аттандырылып тұрды. Осындай керуен жолдары семейден Орта Азия елдеріне де
жасақталып отырған.
ХІХ ғасырдың соңғы жылдары, яғни 1886 жылы Семей облысында жалпы
көлемі 63 өндірістік орын болды. Олар 15 тері өңдеу, 9 сабын қайнату, 2
шарап жасау, 5 май айыру, 25 кірпіш дайындау, 1 сыра қайнату, т.б.
кәсіпорындар болды. 1898 жылы Семей облысындағы өнеркәсіп орындарының саны
72, оның ішінде 55-і қалаларда, 17-і уездерде болды [6].
Семей қаласының баяу дамып, көз тартарлықтай өңсіз көрінгеніне
қарамастан мұнда мектептер мен емханалардан көрі көптеген шіркеулермен
ішімдік ішетін орындар көп болды, соған қарамастан қала өткен дәуірдегі
Қазақстанның сол кезеңдегі маңызды қажетті әкімшілік және мәдениет орталығы
болды. Қаланың мәдени ошақтары, кітапханалар мен мұражайлардың барымен
анықталады. Семейде Қазақстандағы ең алғаш қоғамдық мұражай мен
кітапханалар ашылды. Тарихи өлкетану мұражайымен Абай кітапханасы
қорларында тарихи жәдігерлермен кітаптар жинақталған. Бұл аса құнды бай
қорлардың негізін құрайды.
Жергілікті көпестер мәдени орындарды тұрғызуға көп көмек көрсетті.
1890 жылы көпес Плещеевтың қаражатына Александр Невскийдің атына
салынған шіркеу бой көтерді. 1857-60 жылдары халық қаражатына қазіргі күнге
дейін қызмет жасап келе жатқан Воскресенск казак шіркеуі салынған болатын.
Осы күнге дейін ХІХ ғасырда салынған кейбір мешіттер сақталған. Олар
қаламыздың сәулетті ғимараттарының бірі болып табылады. Қаламыздың көрікті
ғимараттарының бірі қазіргі қос мұнаралы мешіт. Ол 1858-1862 жылдар
аралығында жергілікті көпестер Сүлейменов, Әбдішев, Рафиков, Халитовтардың
қаражаттарынан облыстық діни басқарма тапсырысымен салынған. Ыстамбұл
сәулетшісі Ғабдолла Эфендидің жобасы бойынша бір мұнаралы мешіт тұрғызылды.
Құрылысқа қаражатты көпес Мусин берген. 1890 жылы Семейде көпес Мусин алғаш
рет бу диірменін (қазіргі метизно- фурнитура зауыдының ғимараты) тұрғызды.
3 қабатты диірменде тек Семейдің Ертіс өңірінен ғана емес Сібір мен
Алтайданда бидай жеткізіліп өңделді [3].
1873 жылы Семейде телеграф, ал 1910 жылдан бастап Қазақстандағы алғаш
су құбыры пайда болды. (Ертіс жағалауындағы насос станциясының ғимараты
бүгінгі күнге дейін сақталған). Семей қаласы дамып үлкен жетістіктерге
жетуші еді, бірақ 40-шы жылдардың соңында аймақ халықының қалауына қарсы,
18500 кв км ауданды алып жатқан аумақ ядролық полигонға айналды.
1.2 ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ САУДА ІСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА
ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ (ХІХ Ғ ІІ ЖАРТЫСЫ)
Семей өңіріндегі сауда қатынастарының алғашқы қалыптасу, өсіп-өркендеу
тарихына үңілер болсақ, күрделі тарихи кезеңдерден бастау алады. Бұл жерде
Семей Ұлы Жібек жолының солтүстік-шығыс сілемінде орналасқан байырғы сауда
мекені болғанын кейінгі кезде жарияланып жатқан ғалымдардың тың
зерттеулерінен оқуға болады.
Бастапқыда әскери бекініс пункті ретінде салынған Семей қамалы кейін
орыс-қазақ байланыстарының нығаюы нәтижесінде Ресей мен Қазақстан ғана
емес, сонымен бірге Қазақстан мен Орта Азия, және Батыс Қытаймен арадағы
маңызды сауда-экономикалық орталығына айналды. Қамалдың негізін қалаған
жылдардан бастап Жаркенттен, Құлжадан, Қашқардан сауда керуендері келе
бастайды.
1848 жылы Семейде болған поляк революционері А.Янушкевич өзінің
Күнделіктер мен хаттар қазақ даласына жазған саяхат туралы жазбаларында:
...Семей өзінің тарихи ескерткіштері мен саяси маңызы жағынан Тобыл мен
Омбыдан кішірек әрі жұпынырақ екендігіне қарамастан, Сібірдің Қытаймен,
Ташкентпен, Қоқанмен, Бұхармен, сол сияқты қазақтардың Орта және ұлы
ордалармен кеңінен сауда-саттық жүргізетін орны есебінде ауызға алуға
татиды... [7.16] деп жазады.
Ірбіт пен Төменгі Новгородтан әкелінетін россиялық товарлар үшін бұл
жердің көпестері шекаралас Қытай қалалары Шәуешек пен Құлжадан шай, жібек
маталары, фарфор, әр түрлі ұсақ-түйектер алады. Ташкенттен, Қоқандтан,
Бұхардан шапандар, кілемдер, мақтадан жасалған сан алуан заттар, күріш,
кептірілген жемістер, қазақ даласынан жылқының, сиырдың, қойдын, түлкінің
және басқа аңдардың иленбеген терілері, киіз, т.б. сауда-саттыққа түсіп
жатады. Осы сауданың бәрі түйенін күшімен жүргізіледі. Жер қайысқан туйе
керуендері ол жақтан мамырда шығып, желтоқсанда қайта оралады. Бұл жердегі
баж түсімдері кей кездері 20000 сомнан асады -деп жазды. [8, 23-24]
Баж түсімі демекші, азиялық көпестермен және Орта жүз қазақтарымен
арадағы сауда операцияларына бақылау жасау үшін 1728 жылы кеден
бақылаушылары тағайындалады, ал 1754 жылы кеден мекемесі қызметі
ұйымдастырылды. Семей кедені қазақтармен, Орта Азиялық және Ресей
көпестерінің арасындағы сауда қарым-қатынастарын реттеуде үлкен роль
атқарды.
1760 жылы Семейде азиялық көпестермен және шекаралық шептерге таяу көшіп-
қонып жүрген қазақтармен сауда байланыстарын ұлғайту үшін айырбас, сауда
сарайы салынды (1778 жылы ол Ертістің оң жағалауына көшірілді). Айырбас
сарайының ашылуына тек орыс саудагерлері ғана ықпал еткен жоқ, айырбас
сауданың дамуына Әбілмәмбет ханның баласы Орта жүздің сұлтаны Әбілфайз да
ықыласты болды. Генерал-майор фон Фрауегдорф (Сібір губернаторы қызметін
атқарушы) Әбілфайздан қазақтарға қандай орыс тауарлары қажет және оның
қазақ ауылдары жылда Семейге келіп ұра ма, жоқ па? деп сұрады. Сол жылы
сұлтан өзінің сенімді өкілдері Бекмырза мен Құдайберген деген адамдарды
Петербургке жіберіп, қол астына алуды және Семей қамалына келіп сауда
жасауға рұқсат беруді сұрады. Сұлтанның өтініші бойынша қанаттандырылды.
Оның бір себебі, патша өкіметі сұлтанның туыстық байланыстарын пайдаланып,
яғни әкесі Түркістан ханы Әбілмәмбет арқылы Семей саудасына бұхаралық
көпестерді де кеңінен тарту еді. Келісімге келгеннен кейін біраз қазақ
рулары Семей қамалының іргесіндегі Шағыл атты жерге қоныс аударды [6].
Жоғарыдағы деректерді келтірген, қазақ халқының тарихын, тұрмыс-салтын,
өсуі мен орналасуын көрсетуге арнап үш томдық еңбек жазған А.И.Левшиннің
баяндауы бойынша осыдан бастап Орта жүз қазақтарды тұрақты түрде айырбасқа
өздерінің тері, жүн, елтірі және ірі қара, қой мен жылқыларын айдап әкеле
бастайды. Мысалы, 1765 жылы айырбас сарайына 120 қазақ сатушысы келсе, ал
1776 жылы оның саны 203 жеткен.
Семейдегі айырбас сарайының қандай роль атқарғанын Орталық мемлекеттік
архивтің қызметкері К.Сопыбекованың Такой была родина Абая атты
мақаласынан көруімізге болады. Содан үзінді келтірейік: Еще в 1760 г. на
левом берегу Иртыша был учрежден меновой двор для торговли Русских купцов с
казахами. В последствии он получил название Зарячной Семипалатинской
слободы. По данным 1843 г. в Заречной Семипалинской лобалде состояло 166
лавок, а акже склады для товаров, державшим заграничную торговлю и
торговлю в степи скотом. Открытой торговли в Семипалаинсткой слободе в
установленное время не существовало. Но благодаря бесперерывному
сообщению города и слободы каждый житель города мог в любое время
совершать совершать покупки в слободе в розницу. Оптовая торговля
состояла в основном в перепродажа чая для отправки в Коканд и Астрахань
[9.36].
1843 жылдың 1-ші июльінде Сібір сауда-саттық округінің бастығы финанс
министрлігіне жолдаған хатында орыс-қытай саудасы екі жаққа бірдей тиімді
екендігін және оған Семей көпестерінің айрықша үлес қосып отырғандығын атап
көрсетеді. Сонымен қатар, қытайлықтар бұрнғыдай жасырын емес, қытайлықтар
орыстармен тура қарым-қатынасқа кіріседі. Осы жылдың соңында қытайлықтардың
пікірін зерттеу үшін Құлжа мен Шәуешек қалаларына Россияның діни қызметкері
Н.Любимов басқарған елшілік жіберіледі. 1845 жылдың жазында осы Любимов
және аудармашы Костромитинов үлкен керуенмен Семей қаласынан сапарға
аттанады. Сөйтіп, Семей арқылы Қытай елімен тура қатынастар жасаудың
тиімділііне Санк-Петербургтағы өкімет басшыларының сенімін толық бекітеді.
Ол үшін дала және су қатынас жолары тура пайдаланылады. Бұл жөнінде де екі
өкімет арасында бірнеше келіссөздер жүргізілді. Сөйтіп, 1851 жылы 25 июль
күні Құлжа келісіміне қол қойылады [9]. Ол екі ел арасындағы сауда-саттық
қарым-қатынастырды атқарудың тәртібін белгілеген алғашқы ресми
документтердің бірі болды. Осы арқылы Құлжа және Шәуешек қалаларына тура
және еркін жол ашылды. Сонымен қатар осы қалаларда сауда-саттық орындары
мен мекемелді және саудагерлер тұрақтайтын үйлер салуға рұқсат берілді.
Олар факторий деп аталды. Осы сауда мекемелерінің орны мен рөлі жөнінде
1856 жылы
Құлжаға сапар шеккен ғалым Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде біршама
мәліметтер берген. 1850 жылы Семей арқылы Батыс Қытайға 466 мың сомның
товары жөнелтілсе, ол 1853 жылы 611 мың сомға тең болды. Тиісінше Ресей
жерінде осы аралықта 304 және 556 мың сомның товарлары келіп түсті. Ал 1854
жылы Қытайдан келген тауарлардың жалпы құны 1,5 миллионға тең болды. Қытай
жерінен келген товарлардың бастысы-шәй болды. Екінші орында күміс тұрды.
Күміс орыс-қытай қатынастарын жаңа бір дәржеге көтерді. Семейдегі айырбас
сарайының қандай рөл атқарғанын Орталық мемлекеттік архивтің қызметкері
К.Сопыбекованың Такой была родина Абая атты мақаласынан мына жолдарынан
көруге болады: По данным состояло 1843 г. в Заречной Семипалатинской
слободе состояло 166 лавок, а также слады для товаров, принпдлежавшие
куппцам, державщим заграничную торговлю и торговлю в степи скотом. Открытый
торговли в Семипалатинской слободе в установленное время не существовало.
Но блогодаря бесперерывному сообщению города и слободы каждый житель города
мог в любое время совершать покупки в слободе в розницу. Оптовая торговля
состояла в основном в перепродажа чая для отправки в Коканд и Астрахань. В
заречную слободу прибывали казахи из отдаленных волостей. Лавки пополнялись
в болшой степи перед Ирбитской ярмаркой или во время прихода караванов,
которые во всякое время года прибывали из Чугучака и Ташкента... Окончив деле
в Чугучаке, торговцы спешили со свойм товаром в заречные лавки
Семипалатинска. А торговцы из Ташкента, возвращавшиеся из Чугучака,
рассеивались по всей степи. Главный же караван, возвращавшийся из Кульджи
состоял из 300 – 350 верблюдов [10].
Семейдің сауда орталығы ретіндегі маңызы әсіресе 1804 жылдан бастап
Батыс Қытаймен арадағы сауданың жандануына байланысты өсе түскенін осы
құжаттан және басқа да еңбектерден көруге болады. Сол кездердегі қаладағы
сауданың қалай сипат алғанын Семей өңірінің білгірі болған тарихшы,
облыстық басқарманын алғашқы кеңесшілерінің бірі Н.А.Абрамов өзінің
Семипалатинск, как торговый центр (1861) деген мақаласында Главная
торговля в городе зимой, когда казаки и крестьяне по зимнему пути приезжают
из близжающих станций и деревень, тогда жа по льду Иртыша прибывают в город
караваны верблюдов из Аягуза и Каркаралинских степей совечьими и бараньими
шкурами, сырымикожами, верблюжьей шерстью, веревками и прочими и взамен
этих товаров забирают хлеб в зерне, муку, табак, , железоисундуки. В зимний
период прибывают в Семипалатинск 1000 верблюдов, которые увозят более
пятнадцати тысяч пудов одного хлеба,-[11]деп жазды.
Қазақстанға біртіндеп нарықтық қатынастардың ене бастауы, қазақтардың
шаруашылығына, оның ішінде сауда қатынастарына өзгеріс кіргізді. Біртіндеп
айырбас сарайларының орнын жәрмеңкелер ала бастады. Сауда көлеміне
байланысты Семей өңірінде басқа да ірі жәрмңкелер болды. Соның ішінде Шар
жәрмеңкесінің мал сатудан ғана түскен табысы 1891 жылы 15 940 сом, Семияр
станциясындағы –91 900 сом, Сергиополь жәрмеңкесінің табысы 1899 жылы 78
000 сомға жеткен. Жәрмеңкелер қазіргі тауар биржаларын құруға негіз болғаны
белгілі. Биржалар бір жағынан қаламен көшпенді халықтың арасындағы
байланысты нығайтуда да біршама рөл атқарды. Семей қаласында алғашқы тауар
биржасы 1910 жылы 29 маусымда ашылды [12]. Оның пайда болуына Қазақстан мен
Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюы да әсер етті. Семей
биржасы Москва мен Петербург ет және мал өнеркәсібі биржаларымен, сонымен
қатар Орынбор, Түркістан және кейбір Батыс Сібір қалаларының биржа
комитеттерімен тұрақты байланыс жасап тұрған.
Тауар биржасының негізгі мақсаты – жергілікті сауда және өнеркәсіпті
қолдау қажеттілігінен туындады. Биржа комитетінің құрамына жергілікті сауда
және өнеркәсіп буржуазиясының өкілдері кірді. Сонымен бірге акционерлік
компаниялар мен коммерциялық банктердің өкілдері мен биржа мүшесі болды.
Семей биржасының мүшелері болып ірі саудагерлер мен өнеркәсіпшілер Л.Мусин,
А.Плещеев, Қ.Үкібаев, Красильников, Мұртазин, Мірсалимов, Ғабдулжапаров
және тағы басқалар сайланды. Қазақстан мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz