Мүгедектерге арналған дене шынықтыру және спорт


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
I. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы . . .
1. 2 Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер . . .
1. 3 Қазақстан Республикасында осы Спешил Олимпикске байланысты қабылданған заңдар . . .
1. 4 Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі бойынша Спешил Олимпикс тобына қатысушыларға арналған оқу-жаттығу бағдарламасы . . .
1. 5 Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері . . .
1. 6 Бағдарламаның негізгі бағыттары мен тетігі . . .
1. 7 Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері . . .
II. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН НЕГІЗДЕМЕСІ . . .
III. ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САРАПТАМАСЫ . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру проблемасы арнайы бағдарлама шеңберіндегі шешуді қажет ететін әлеуметтік маңызды міндеттер болып табылады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мүгедектердің өмір сүруіне тең мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау көзделді.
Оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары және меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыстарының іс-тәжірибесіне кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі іс-шаралар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен әзірленіп бекітілді. Облыс деңгейінде және барлық өңірлерде аталған Заң аясындағы мүгедектерді оңалтудың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің кеңейтілген семинар-кеңестері өткізілді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы мүгедектермен оңалту жұмыстың дәстүрлі негізгі бағыттарын жалғастырып дамытады, оған кешенді, жүйелік сипат береді.
Бағдарламаны әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауы және Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негіздеме болып табылады.
Бағдарлама Республикалық Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының аясында әзірленді. Осы бағдарламаға сай берілген волейбол ойынымен зерттеу жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты. Спешил Олимпикстің мақсатын-ақыл-ойы мешеу адамдарды қоғамға жатсындырмай қабылдау, түсіністіру, ойластыру және оларды қоғамның пайдалану мүшесі екендігін басты қағида ете отырып, сараптама талдау жасау.
Зерттеудің объектісі . №7 арнайы түзету мектеп интернатының 7, 8-сыныптарында оқитын жеңіл және ауыр деңгейлі ақыл-ой кемістігі бар жасөспірімдер.
Зерттеу пәні . Ақыл-ой кемістігі бар жасөспірімдерді волейбол ойынының қимылдарын меңгертуге бейімдеу.
Зерттеудің кезеңдері. Зерттеу бір ай мерзім ішінде жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні. Зерттеу нәтижелері ақыл-ой кемістігі бар жасөспірімдерге волейбол ойынының қарапайым элементтерін үйрете отырып, қимыл реакциясын жетілдіруге мүмкіндік беретіндігінде. Ақыл-ой кемістігі ауыр деңгейлі жасөспірімдерде нәтиже байқала қоймады. Ал жеңіл деңгейлі жасөспірімдерде жауап беру қимыл реакциясы жетілгендігі аңғарылды.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу барысында ақыл-ой кемістігі бар жасөспірімдерді тәрбиелеуде волейболдың қарапайым қимыл техникаларын қолдану мүмкіндігі бар. Мұны жеңіл деңгейлі ақыл-ой кемістігі бар балаларға қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар. Дене шынықтыру сабағы уақытында жеңіл деңгейлі ақыл-ой кемістігі бар балалардың қарапайым қимыл реакциясын жетілдіре отырып, ойлау қабілетін арттыру. Волейбол ойынының қарапайым элементтері тұжырымдалған.
I. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
- Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы
Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік беру мақсатында бейімдеуі қажет.
1989 ж. БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық және салауатты өмірі сүруі үшін олардың құқықтарын бектілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем алуы, білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т. б. үшін ақысыз көмек алуы (ата - анасының, жақын, қамқорын адамдардың финансттық ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге асырылады.
1971 жылы БҰҰ бас Ассамблясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс - әрекетпен айналысу, мүмкіндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуте және қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.
Мүгедек-балалар үшін үлкен маңызға не талап бойынша, мүмкіндігіне ойлау мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында, немесе қабылдап алған ата - анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады. Мұндай отбасы мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс.
БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы халықаралық пактінде әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне жетуге құқығы атап көрсетілген.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі" болып табылады.
1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады /1/.
Ана мен баланы қорғау, отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар мен жеткіншектерге тән ауруларды емдеуді т. б. қаржылық инвестициялау бөлу статистикасы төмендетіп қана қоймай, көп жылдар бойы денсаулығынан айрылып, аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді қысқартады.
Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, аурусыз, қыйналусыз өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырады.
Мүгедектік балалардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму мен өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімдей алмауға болашақта, өз мінезін бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен аралсуын, оқуын, еңбек етуін тежеуге алып келеді.
Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз-отбасы, үй-интернат түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды.
Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларына болдырмауға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т. б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы - үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік - экологиялық моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай қарауларынан да болды.
Мысалы: Церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы бейімдеу техникаларын қалдыру, жаттығу жасату, емдеу т. б. көрсетілмесе ол қозғалуға да мүмкіндігі төмендейді. Адамның араласқысы келмеуі, кішкене кездерінен бастап олардың дағдылану қабілеттерін төмендетіп, интеллектуалдық дамуын тежеуі мүмкін.
Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Бірақ балаға қатысты отбасы мүшелері кейде қатыгездік көрсетулері мүмкін. Өйткені, отбасының финанстың қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл-күйлеріндегі қиналыстарды балаға көрсетулері (мүтедек балаға) мүмкін.
Әрбір отбасының құрылымы мен қызметі уақыт барысында өзгеріске ұшырап, отбасының қарым - қатынастық тәсілдеріне әсер етіп отырады.
Отбасының өмірлік циклі түрлі даму деңгейлерінен тұрады:
Неке құру, бала туу, олардың мектептегі кезеңі, жеткіншектік кезең, үйден кету кезеңі, ересектік кезең, қартаю т. б.
Мүгедек балалары бар отбасының олардың даму кезеңдеріндегі өзгешеліктерге дайын болулары тиіс.
Мысалы: мүгедек-баласы бар отбасының өмірлік циклі:
1. бала туу-балада патология бар екендігі туралы хабар алу, эмоцианалдық дағдылану, отбасының басқа мүшелерін хабардар ету;
2. мектептегі кезең - баланың оқу түрі туралы шешім қабылдау, құрдастар тобының реакциясын уайымдау, оның оқуын ұйымдастыру және оқудан тыс әрекетін ұйымдастыру;
3. жеткіншектік кезең-баланың ауруының ұдайлық табиғатына дағдырлану, сексуалдық мәселелердің пайда болуына байланысты мәселелер, құрдастардың оны жақындасуы (олар тарапынан), баланың болашақ өмірін жоспарлау;
4. "бітіру, шығару" кезеңі-отбасылық жауапкершіліктің жалғауына дағдырлану, есейген баланың тұратын жері туралы шешім қабылдау, әлеуметтену мүмкіндігінің шектеулігіне (мүгедек баланың) отбасы мүшелерінің қайғыруы;
5. ата-аналардан кейінгі кезең ерлі-зайыптың өзара қарым-қатынасының қайтадан құрылуы (мысалы: егер бала отбасынан шыққан соң дұрыс жерге орналастырылса) және баланың тұрғылықты жеріндегі мамандармен өзара қарым-қатынас жасау /2/.
Тарихи тұрғыдан "мүгедектілік" және "мүгедек» түсініктері "еңбекке жарамсыз» және "ауру" түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы "мүгедектікті", шарттын мойындамай, оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған орай дәрігерлік еңбектік сараптамалық комиссияның басты міндеті, кәуаландырып отырған адам қандай кәсіби қызметті атқара алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда биологиялық негізде анықтау болған, әлеуметтік-биологиялық критерий; алынбаған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңдестірілген. Сонымен, құқықтың аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның әлеуметтік рөлі екінші орынға ығыстырылған, және де мүгедек түсінігі, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан мүлде қарастырылмаған /3/.
Қазіргі кезде мүгедек, өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің салдарынан ауруынан организм функцияларының қатты бұлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынады. Мүгедектілік, халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік жетілгендігін, экономикалық толыққанды жағдайын, адамгершілік ондылығын көрсетеді және мүгедек-адам мен қоғамның өзара іс-әрекетінің бұзылуын сипаттайды.
Жалпы, таңдаудың шектеулі екендігі жағдайындағы адам қызметінің проблемасы ретінде қаралатын мүгедектіліктің бірнеше негіздегі аспектілері бар: құқықтық; әлеуметтік-орталық; психологиялық; қоғамдық-идеологиялық; өндірістік-экономикалық, анатомиялы-функционалдық; медициналық-әлеуметтік; басқарушылық.
1. 2. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер
Құқықтық аспект; мүгедектердің құқығын, еркіндігін және міндеттерін қамтамасыз етуді білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалымдығы туралы заңға қол қойған. Осы арқылы қоғамымыздағы ерекше әлсіз бөлігіне әлеуметтік қорғау кепілдемесі берілген.
Заңның негізін құрайтын үш принципалдық ережені айтып өту керек:
-Бірінші - бұл мүгедектерде, білім алу үшін белгілі бір жағдайларға ерекше құқықтың болуы; қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуі; арнайы тұрғын - үй жағдайларына; жеке үй құрылысына, қосалқы шаруашылық және саяжай шаруашылығын жүргізуге жер учаскелерін бірінші кезекте алулары, және тағы басқа. Мысалы, тұратын жерлер қазір денсаулығын және басқа да жағдайларын есепке ала отырып, мүгедек - балалары бар жанұяларға, мүгедектерге берілетін болады. Мүгедектер, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген аурулар тізіміне сәйкес, жеке бөлме түрінде қосымша тұратын жер алуға құқылары бар. Ол артық деп саналмайды және де бір реттік мөлшердегі төлеммен төленеді. Тағы бір мысал, мүгедектерді жұмыспен қамту үшін ерекше жағдайлар енгізілуде. Меншік формасына байланыссыз 30 адамнан көп жұмысшысы бар кәсіпорын, мекеме, ұйымдар үшін мүгедектерді жұмысқа қабылдауына квота белгіленеді - жұмысшылардың орташа тізімді санына пайыз, ретінде (бірақ үш пайыздан кем емес) ;
-Екінші бір маңызды ереже - бұл мүгедектердің, өмір қызметіне, мәртебесіне және т. б. қатысты шешім қабылданатын барлық процестерге белсенді қатысушы болуға құқықтары. Бұл норманы бұзып қабылданған шешімдер соттық тәртіпте жарамсыз деп танылады;
-Үшінші ереже, арнайы мемлекеттік қызметтерді құруды білдіреді; медициналы-әлеуметтік экспертиза және реабилитация. Олар мүгедектердің тәуелсіз өмір қызметін қамтамасыз ететін жүйені құрады. Сонымен қатар, медициналы-әлеуметтік экспертиза мемлекеттік қызметіне жүктелген функциялардың арасында - мүгедектердің әлеуметтік қорғаудың әр түріне деген қажеттілігін анықтау; кәсіби ауру алған тұлғалардың кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтуының дәрежесін анықтау; халықтың мүгедектілік деңгейін және себептерін анықтау және т. б.
Заң, мүгедектер проблемасын шешудің негізгі бағыттарына ерекше назар салады. Атап айтқанда, онда мүгедектердің ақпараттық қамтамасыз етілулері, өмір қызметінің кедергісі жоқ ортасын құрудағы қажеттіліктері туралы айтылған. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесінің өнеркәсіптік базасы ретіндегі реабилитациялыық индустрияны құру, мүгедектердің еңбегі мен тұрмысын жеңілдететін арнайы құралдардың өндірісін, сәйкесінше реабилитациялық қызметтерді беруді және де оларды ішінара жұмыспен қамтуды білдіреді. Заңда медициналық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар мүгедектердің көп профильді реабилитациясы бар кешенді жүйесін құру жайында айтылған. Сондай - ақ мүгедектермен жұмыс істейтін кәсіби кадрларды дайындау, оның ішінде мүгедектердің өз ішінен дайындау проблемасы да қозғалады /4/.
Әлеуметтік - орталы аспект
Әлеуметтік - орталыға, микроәлеуметтік ортамен (жанұя, еңбек ұжымы, үй - жай, жұмыс орны және т. б. ) және макроәлеуметтік айналамен (қалақұрушы және ақпараттық орталар, әлеуметтік топтар, еңбек рыногы және т. б. ) байланысты мәселелер кіреді.
Әлеуметтік жұмысшылар қызмет көрсететін "объектілердің « ерекше категориясын мүгедек адамы бар, болмаса сыртқы көмекті қажет ететін қарт адамы бар жанұялар құрайды. Ондай жанұя бұл кезде микроорта т. б. Ресейлік ғалымдар жүргізген арнайы зерттеу бойынша еңбекке жарамсыз жанұя мүшелері бар 200 отбасының әлеуметтік қызмет көрсетуді тиімдірек ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы мүгедектіліктің себептерін білуі қажет, олар:
84, 8% - жалпы аурулар,
6, 3% - соғыста болғандар (соғыс мүгедегі),
6, 3 % - бала жастан мүгедектер. Мүгедектің қандай да бір топқа жатуы жеңілдіктер мен ерекшеліктерге байланысты. Әлеуметтік жұмысшының басты міндеті осы жөнінде толық мәлімет ала отырып, әрекет етуші заңға сәйкес жеңілдіктердің жасалуына ат салысу болып табылады. Мүгедек адам немесе қарт адамы бар жанұямен жұмысты ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы осы жанұяның әлеуметтік жайын, оның құрылымын (толық, толық емес) анықтауы өте маңызды. Бұл факторлардың болуы сөзсіз, онымен, жанұямен жұмыс әдістемесі және де жанұяның әр түрлі сипаттағы қажеттілігі байланысты. Зерттеу барысында 45, 5% - толық, 28, 5% - толық емес (әдетте анасы мен балалары) жанұялар, 26% - жалғызбастылар, онда да әйелдер жағы басым болған (84, 6%) . Айта кететін бір жайт, ұйымдастырушы делдал, атқарушы ретінде әлеуметтік жұмысшының (қызметкердің) рөлі жоғарыдағы жанұялар үшін мына салаларда маңызды; моральды - психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік - тұрмыстық қамтамасыз ету. Моральды - психологиялық қолдауды бағалаған кезде барлық жанұялар үшін келесілер ең өзекті болып табылған; әлеуметтік қамтамасыздандыру органдарымен байланысты ұйымдастыру (71, 5%), қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату (17%) және еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыру (17%) . Толық жанұялардың ішінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарымен байланыты ұйымдастыруға 60, 4%, толық емес жанұялардан - 84, 2% жалғыз бастылардан - 76, 9% мұқтаж екен. Қоғамдық ұйымдармен байланысты орнатуға сәйкесінше - 27, 5%, 12, 3%, 3, 8% жанұялар ұмтылады екен. Еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыруға 19, 8% толық жанұялар, 5, 9% толық емес және 26, 9% жалғызбастылар мұқтаж болады. Бұл жағдай, мүгедектердің өздеріне көрсетілетін жеңілдіктер туралы толық хабардар болмауымен түсіндірілуі мүмкін.
Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға деген мұқтаждықты талдаған кезде 71% жанұялар учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік туғызса, жанұялардың жартысына жуығы (49, 5%) тар мамандық иелерінің кеңестеріне, ал 17, 5% диспансерлік бақылауға мұқтаж болған. Толық жанұяларда көрсетілген медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктің рангілік орындары біраз басқаша: бірінші орында (50, 7%) учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік, екінші (40 %) - диспансерлік бақылауға, ал үшінші (30, 3%) - тар мамандық иелерінің кеңестеріне деген қажеттіліктер байқалған. Толық емес жанұялар ең басты мұқтаждық (37, 4%) диспансерлік бақылауда, 35, 4% жанұялар тар мамандық иелерінің кеңесіне және 26, 7% - учаскелік дәрігердің байқауына деген қажеттіліктерін білдірген. Жалғызбастыларда тар мамандық иелерінің кеңестеріне деген қажеттілік басым (34, 3%) және де тең дәрежеде (22, 5%) учаскелік дәрігердің байқауымен диспансерлік бақылауға да қажеттіліктер орын алған.
Зерттеуге алынған жанұялардың ең көп қажеттіліктері әлеуметтік - тұрмыстың қызметтіліктерге екен белгілі болған. Бұл, еңбекке қабілетсіз жанұя мүшелерінің қозғауларының шектеулігімен түсіндіріледі. Әрдайым сыртқы көмекке мұқтаж болады және де өздеріне сау адамдарды байлап қояды, яғни олар азық - түлік дәрі - дәрмектерін сатып алып береді, жеткізіп береді және оларға әр түрлі үйден тысқары шығатын негіздегі тұрмыстық қызметтерді көрсетеді. Сондай - ақ оны қазіргі кездегі әлеуметтік шиеленістермен, азық - түліктерді және тұрмыстық қызметтерді алудағы қиындықтармен де түсіндіруге болады. Осыған орай әлеуметтік қызметкердің ролі бірден жоғарылайды. Жанұялардың әлеуметтік - тұрмыстық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін бағалаған кезде келесілер айқындалған. Барлық зерттелінгендердің ең басты қажеттіліктері кір жуушыларға екен (88, 5%), химиялық тазартуға (82, 5%) аяқ киім шеберханасына (64, 6%) . Сонымен қатар, пәтерлерін жуып - жинауға деген қажеттіліктері айқындалған (27% жанұя), үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу (24, 5%), тең дәрежеде (20, 5% жанұяда) - азық - түлік пен дәрі - дәрмектерді жеткізуте әр түрлі санаттағы жанұялардың салыстырмалы талдауы көрсеткендей, жалғыз бастыларда басқа жанұяларға қарағанда азық - түлікті жеткізуге (50%), пәтерлерін жинауға (46, 2%) дәрі - дәрмектерді жеткізуте (40, 4%) ең көп мұқтаждық байқалған. Алынған мәлімет, деректер, еңбекке қабілетсіз жанұя мүшелері кіретін жанұялардың қажеттіліктері елдегі әлеуметтік - экономикалық жағдаймен бір жағынан анықталса, екінші жағынан мүгедектердің өзін - өзі қамтуының шектеулі мүмкіндіктерімен анықталуынын көрсетіп отыр.
Сонымен, барлық зерттеуге алынған жанұяның әлеуметтік қорғаудағы ең үлкен қажеттіліктері қазіргі уақытта әлеуметтік - тұрмыстық проблемалар төңірегінде топталып отыр, ал әлеуметтік қорғау тұрғысынан ең көп ығыр көруші топ - жалғызбасты еңбекке қабілетсіз азаматтар азық - түліктерді және дәрі - дәрмектерді жеткізуге, пәтерлерін жинауға әлеуметтік қамсыздандыру орталықтарына тіркеуге алынуға үлкен қажеттілік туғызатындары белгілі болды. Маральды - психологиялық қолдауға деген жанұялардың қажеттіліктерінің қалыптаспағандығымен түсіндірілсе, екінші жағынан елдегі қалыптасқан ұлттық дәстүрлерге екі фактор да өзара тығыз байланысты. Әлеуметтік қызметкерлердің қызмет аясын қалыптастыру қажет болып отыр. Нормативтік құжаттарда, біліктілік сипаттамаларында көрсетілген міндеттерден басқа, қазіргі қалыптасқан жағдайды ескере отырып тек қана ұйымдастырушылық делдалдық қызметтерді атқарумен шектелмеу керек. Осы тұрғыдан басқа да қызмет түрлері белгілі бір өзектілікке ие болуда, олардың ішінде: әлеуметтік жұмысшының қызметін кеңінен пайдалану жөніндегі мүмкіндіктер туралы халықтың хабардар болуы еңбекке қабілетсіз азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы халықтың қажеттерін (рыноктік экономикалық жағдайында) қалыптастыру, отбасын моральды - психологиялық қолдауды жүзеге асыру және т. б. /5/.
Психологиялық аспект
Психологиялық аспект мүгедектің өзінің тұлғалық - психологиялық бағдарлығын және қоғамның, мүгедектілік проблемаларын эмоционалдық - психологиялық қабылдауын көрсетеді.
Мүгедектер және зейнеткерлер былайынша айтқанда халықтың аз жұмылдырылған санаттар қатарына жатады және қоғамның аз қорғалатын, әлеуметтік осал белігі болып табылады. Бұл ең алдымен, мүгедектікке әкелген аурудың салдарынан дене бітімі жағдайының дефектілерімен, сондай - ақ салатикалық паталогиямен сипатталынатын комплекстермен, және де үлкен жастағылар үшін тән болатын қозғалыс белсенділігінің төмендігімен байланысты. Сонымен қатар белгілі бір мөлшерде халықтың бұл тобының әлеуметтік қорғалмауы, олардың қоғаммен қатынасын қалыптастыратын және онымен байланысты қиындататын психология факторларының болуымен байланысты.
Психологиялық проблемалар мүгедектердің сыртқы әлемнен оқшауланып қалған кездерінде, кресла - коляскадағы мүгедектер үшін қоршаған ортаның бейімсіздігінде, зейнеткерлікке шыққан кездегі әдеттегі қатынастардың үзілгенінде, жолдасын жоғалтқан кездегі жалғыздық, егде адамдарға тән, склероздық процестің дамуы нәтижесінде болатын мінездеріндегі ерекшеліктер себебінен туындайды. Осының бәрі эмоционалды ерік - жігердің бұзылуына депрессияның өрістеуіне, мінез - құлықтың өзгеруіне әкеледі:
-қартаю - алысқа серпілген жоспардың мүлде орындалмауы, болмаса олар бірден оқу қажеттілігімен қысыңқыланып және шектелуі болатын адам өміріндегі ерекше кезеңі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz