Химияны оқыту әдістемесі


МАЗМҰНЫ
1 КІРІСПЕ . . . 3
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 6
2. 1 Оқытудың қазіргі технологиялары . . . 6
2. 1. 1 Педагогикалық технология . . . 14
2. 1. 2 Химияны оқыту әдістемесі . . . 17
2. 2 Модульдік оқытудың құрылымы . . . 18
2. 2. 1 Оқу модулінің кіріспе бөлімі . . . 23
2. 2. 2 Оқу модулінің сөйлесу бөлімі . . . 23
2. 2. 3 Сөйлесу бөлімін құру қағидалары . . . 25
2. 2. 4 Оқу модулінің қорытынды бөлімі . . . 29
2. 3 Оқу модульдерін дайындау . . . 30
2. 3. 1 Оқу модульдерін даярлау технологиясы . . . 30
2. 3. 2 Оқу модулінде оқушы қызметін бағалау . . . 33
2. 3. 3 Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру . . . 35
2. 3. 3. 1 Тестілер және оны құруға ұсыныстар . . . 35
2. 3. 3. 2 Ауызша бақылау түрлері . . . 37
2. 4 Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқытудың белсенді
формалары . . . 38
2. 5 Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды және олардың білім
деңгейін дамытуға ықпалы . . . 41
2. 6 Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін
қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалы . . . 43
2. 7 Сутек тақырыбын модульдік технологиямен оқыту сабағы . . . 46
2. 8 Өтілген сабақ бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бағалау.
Зерттеу нәтижелерін талдау . . . 53
3 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық технологияны меңгеру [27] .
Жаңа ғасырда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысы болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Қоғамда болып жатқан өзгерістердің жоғары білім беретін оқу орындарына әсері оның оқу үрдісіне ізгіліктік және демократиялық бағыттарды ендіруді қажет етуінен айқын көрінеді. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін-өзі жетілдіруіне бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік білімдік тұрғыдағы біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген сұраныстарды алға қойып отыр. Ертеңгі болашақ мұғалім ойлау икемділігі дамыған, жан дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуы тиіс, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Ондай маман педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр, сондықтан өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімділігімен, әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп - жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей - ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2006 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, оқытушылары, ғылыми қызметкерлерге, университет басшыларына арналған «Инновациялар мен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы» тақырыбындағы дәрісінде білім мен кемшіліктер кеңінен талданып, білім берумен қатар ғылымды жетілдіру республикамыздың бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енудің басты шарттарының бірі деп көрсеткен[17] .
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - әлеметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып табылады.
Мұғалімдерді даярлау - қай уақытта да өзекті мәселелер қатарына жататыны белгілі жайт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік экономикалық міндеттеріне сай, өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Үшінші мыңжылдықта білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болуы мүмкін емес. Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
Жұмыстың мақсаты:
Сутек тақырыбын модульдік технологиямен оқыту әдістемесін жасау:
- сабақ жоспарын құру;
- “Сутек тақырыбын модульдік технологиямен оқыту әдістемесі” бойынша орта мектепте сабақ өткізіп, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- оқушылардың білім деңгейін анықтауға тесттік тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, бақылау сұрақтары, дидактикалық материалдар дайындау;
- өтілген сабақ бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бағалап, зерттеу
нәтижелерін талдау.
Зерттеу пәні: Модульдік оқыту технологиясы элементтерін химия сабағында қолданудың әдістемелік жүйесі.
Зерттеу гипотезасы: Модульдік оқыту технологиясы элементтерін химия сабағында қолданудың тиімділігі:
- Оқу мазмұны қойылған мақсатқа сәйкес меңгерілетін жекелеген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып, онда оқылатын мазмұн көлемі мен меңгеру деңгейі анықталады;
- Оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады. Жазбаша нұсқаулар әрбір модуль үшін құрылады.
- Оқушы уақытының көбінде өз бетінше жұмыс атқарады. Ол мақсат қоюға, жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға және бағалауға үйренеді.
- Модульдік оқытудың басты мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Ол оқушының жүйелі түрде жүргізілетін белсенді іс-әрекетіне негізделген.
Зерттеу көздері: Модульдік оқыту технологиясы теориялары авторларының еңбектері, ғылыми-әдістемелік мақалалар, педагогтар мен әдіскерлердің еңбектері.
Зерттеу орны: Шымкент қаласы, №47 мектеп гимназия
Зерттеу әдістері: анонимді анкеталау, әңгімелесу, тестілеу, бақылау, педагогикалық эксперимент.
Теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
Заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру - кез келген оқу орнының, оқытушының басты міндеті.
Сутек тақырыбын модульдік технологиямен оқыту.
Практикалық маңыздылығы : Сутек тақырыбын модульдік технологиямен оқыту әдістемесі қолдануға ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылысы: диплом жұмысы 61 бет, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, 9 кестеден, 2 суреттен тұрады.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, нысанасы, паәні, гипотезасы, міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы қамтылған.
Негізгі бөлімде оқытудың инновациялық тәсілдері, модульдік оқытудың құрылымы, оқу модульдерін дайындау технологиясы, оқушыларды және олардың білім деңгейін дамытуға ықпалы көрсетілген және көміртек топшасы тарауын модульдік технологиямен оқыту тәжірибесі қаралып, зерттеу нәтижелеріне талдау жасалған.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Оқытудың қазіргі технологиялары.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану болып табылады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар дайындау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей-ақ, білікті мамандарды даярлау - өзекті мәселелердің бірі. [3]
Болашақ мұғалімдерді даярлау - қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жататыны белгілі жайт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік - экономикалық міндеттеріне сай, өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Жоғары оқу орнында жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді жете меңгерген болашақ мұғалімдерді дайындау үшін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасы жанында «Ізденіс» жаңа педагогикалық технологиялар мен озық іс-тәжірибелер зертханасы жұмыс істеуде.
«Ізденіс» зертханасы оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс істейтін зерттеуші болашақ мұғалімдерді даярлауда өз үлесін қоспақшы. [24]
«Ізденіс» жаңа педагогикалық технологиялар зертханасының негізгі мақсаттары:
- Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлаудың сапалық деңгейін көтеру;
- Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру үрдісін үйлестіру;
- Педагогика теориясы мен практикасы бойынша жаңа инновациялық технологиялар мен озық іс-әрекеттерді зерттеу, үйрену, насихаттау және тарату,
- Институт - мектеп - мұғалімдер білімдерін жетілдіру институттары арасында жаңа үштік байланыстарды жандандыру.
«Ізденіс» педагогикалық жаңа инновациялық технология мен озық іс-тәжірибелер эксперименттік лабораториясы төмендегідей ІІІ бағытта жұмыс істеуді көздейді:
І бағыт. Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- Жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды оқып үйрену, зерттеу;
- Жаңашыл мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін зерттеу;
- Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыратын, оқушылардың жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз ететін шығармашылық - зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Педагогикалық конференциялар, оқулар, консилиумдар ұйымдастыру.
ІІ бағыт. Оқу-әдістемелік жұмыстары /ғылыми-әдістемелік бағыт/ :
- Болашақ мұғалімдердің шығармашылық, интеллектуалдық потенциялдарын дамыту;
- Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін ескере отырып, саралап оқыту мазмұны, формасын және әдістерін анықтау;
- Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды пайдалануды қарастыратын әдістемелік көмекші құралдарды оқу, пайдалану.
- Жаңа инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелер оқу, педагогикалық семинарлар, дөңгелек үстел. әдістемелік кеңес ұйымдастыру.
ІІІ бағыт. Тәжірибе-эксперименттік жұмыстары /ғылыми-практикалық бағыт/:
- Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды ендіру мақсатында эксперименттік-тәжірибелер жүргізу;
- Жүргізілген эксперименттік -тәжірибелердің қорытындысын шығарып, алынған нәтижелерге талдау жасау;
- Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланатын дәстүрлі емес ашық сабақтар беру, шығармашылық есеп тыңдау.
“Технология” ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда “ технология ” және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.
Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, “ білім беру технологиясы ” деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз - технологияның осы түрі.
“ Технология ” ұғымы “ Tehne ”- өнер, шеберлік, “ logos ” - ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, “ технология ” терминін қазақ тіліне “ өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым ” деп аударуға болады.
“Технология”- бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. [4]
“Технология”- өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. [5]
“Технология”- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. [6]
Бұл ұғымға пәндік саланы сипаттайтын терминдерді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.
АҚШ пен Батыс Европада XX - ғасырдың екінші жартысынан бастап оқыту процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50 жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты “ білім берудің технология” термині кеңі-нен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен бұл терминдер “ педагогикалық технология ” деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде кеңінен талқылана бастады. Мұнда негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырыл-са, екіншісінің құрамында оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы техно-логиялық әдістер дами бастады да педагогикалық технология “ оқытудың технологиясы ” деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т. б. көптеген елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан, “ оқытудың технологиясы ” терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық “ тәрбиенің технологиясы ”, “ дамыту технологиясы ”, “ қалыптастыру технологиясы ” ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін “ білім беру технологиясы ” ұғымы пайдаланылып жүр. Осы ұғымның мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т. б. ) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, “ білім беру технологиясы ” терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқыту үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.
Сондықтан, бұдан әрі қарай “ білім беру технологиясы ” ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына - оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Сондықтан, оларды жеке-жеке талдаған кезде бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсетуге тиіспіз.
Бұл оқыту үрдісінің “ педагогикалык үрдіс ” деп аталуына байланысты. Әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты “ білім беру технологиясы ” ұғымына тоқталуға тиіспіз.
Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында карама-кайшылық жоқ. Себебі, “ оқытудың әдістемесі ” ұғымы “білім беру технологиясы” үғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме “ не үшін, неге және қалай оқыту керек? ” негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Сонымен, Т. Г. Новикованың тұжырымдауынша, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына, яғни “ қалай оқыту керек? ” деген сұраққа ғана жауап береді. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады. [7]
Технология ұғымы тар мағынада - бір нақты объектінің технологиясы ретінде және кең мағынада - ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, педагокалық технология ұғымының мәнін анықтап алу қажет.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технологияның мәнін ғалымдар түрліше анықтайды. Атап айтқанда:
- В. А. Беспальконың пікірінше, педагогикалық технология - алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы;
- Б. Т. Лихачевтің тұжырымдауынша, педагогикалық технология - оқы-ту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы;
- В. М. Монаховтың айтуынша, педагогикалық технология - оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі;
- М. В. Клариннің пікіріне қарағанда, педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін колданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті ;
- В. И. Андреев педагогикалық технологияны жобалау және берілген технологияны тәжірибеде педагогикалық заңдылықтарды, мақсаттарды, мазмұнын, формасын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын қолдану, сонымен қатар кейінгі жаңғырту ретінде түсінеді;
- Н. Е. Щуркова педагогикалық технологияны балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пән ретінде анықтайды;
- А. К. Колеченконың тұжырымы бойынша, педагогикалық технология қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны болып табылады;
- Ш. Т. Таубаева мен Б. Т. Барсай педагогикалық технологияны оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі ретінде сипаттайды.
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар. Осы негізді арқау ретінде алып, педагогикалық технологияның мәнін былай сипаттауға болады: “Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсат-тарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдама мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды. [8]
Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығу-шылық танытуда. Сондықтан 1979ж. АҚШ-та педагогикалық коммуникация мен технология Ассоциациясында ресми түрде төмендегідей тұжырым қабылданды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz