Орташа тоннажды контейнерлер алаңы


Мазмұны
Кіріспе2
1 Контейнерлер туралы жалпы ұғымдар6
1. 1 Контейнерлерді тиеу, түсіру және сұрыптау технологиясы9
1. 2 Контейнерді тиеп-түсіру құрылғылары10
1. 3 Контейнер пункттері және контейнерлермен жұмыс істеу технологиясы13
1. 4 Контейнерлерді жөнелту операциялары15
2 Контейнерлерді тиеу-түсіру жұмыстарының кешендік механизациясы мен автоматизациясы16
2. 1 Контейнерлер паркінің сипаттамасы және мамандандырылған контейнерлер16
2. 2 Орташа және ірі тоннажды контейнерлермен жұмыс жүргізудің технологиялық үлгі сызбасы20
2. 3 Контейнер алаңдарының мамандануы және оның жұмыс технологиясына әсері31
2. 4 Контейнерлерді тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландырудың перспективті бағыттары33
2. 5 Көлік құралдарына контейнерді бекіту34
2. 6 Жүктi контейнерге тиеуге және орналастыруға қойылатын талаптар35
2. 7 Контейнер шаруашылығы. Техникалық жағдайларының сипаттамасы41
3 Экономикалық бөлім46
4 Еңбекті қорғау63
Қорытынды65
Қолданылған әдебиеттердің тізімі67
Кіріспе
Тасымалдауды контейнерлеу жүктерді тиеп-түсіру және қойма жұмыстарын комплексті механизациялау үшін, жүктерді тұтынушыға артық ыдыссыз немесе жеңіл ыдыста апару, едәуір үнемді жүйемен жоғары сақтау жағдайларында тапсыру үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
1971-1989 жж. контейнерлі тасымалдаулар аса үлкен қарқынмен дамыды. Контейнерлі тасымалдардың көлемінің өсуі әдейі мамандандырылған контейнерлі темір жол платформаларын, автопоездар, крандарды қолдану мен контейнерлік пункттердің жетілген жүйесін құру арқылы жүзеге асты.
Меншік мамандандырылған контейнерлер паркын құруда және соларға өнеркәсіп жүктерін жеткізуде аса жоғары жетістіктерге түсті металлургия, геология, құрылыс материалдары өндірістері жетті. Және де кірпіштерді, орман материалдарын, металлдарды пакеттеу бойынша үлкен жұмыстар істелді.
Шекара станцияларында жүк тиелетін контейнерлер пункттерін құру ТМД елдері территориясы арқылы өтетін транзиттік контейнерлі тасымалдарды дамытуды қамтамасыз етті. Аса үлкен контейнерлер ТМД елдерінің және шет елдер порттары арасында теңіз транспортымен тасымалданады. Бұл мақсаттар үшін ірі контейнерлі терминалдар мен мамандандырылған флот құрылды. Жапон, Европа, Шығыс елдерін бір-бірімен қосатын Транссібір және Транскавказ халықаралық контейнерлі бағыттар құрылды. Транзитті тасымалдар көлемі жылына 1 млн. т құрайды.
Контейнерлі тасымалдардың жалпы көлемінің 88%-і транспорттың жеке түрлеріне жататын жалпы қолданудағы контейнерлер арқылы, ал 12 %-і - қожайындары өндірістік өнеркәсіптер болатын мамандандырылған контейнерлер арқылы жүзеге асады.
Мамандандырылған контейнерлерде жүк тасудың жалпы көлемі ішіндегі транспорттың жеке түрлерінің меншік салмағын көрсететін деректер №1. 2. кестесінде келтірілген.
1970 жылға дейін орта тоннажды контейнерлер сортты ыстық күйінде құйылған болаттан іші фанермен көмкеріліп жасалды. Оның есіктері пакетті жүктерді кіргізуге кедергі болатын жіңішке еді, әрі контейнерге автоматты түрде орнатуды қамтамасыз ете алмайтын орнату қондырғылары (СТРОПОЛЬ) болатын. 1970 жылдан кейін жоғарыда айтылған кемшіліктері жоқ бүгілген профильден және бүрмелі табақтан жасалған жаңа контейнерлер шыға бастады.
Орта тоннажды контейнерлердің жаңа құрылыстары халықаралық СЭВ стандартына сай, әрі үш қабатты қатарлауға қолайлы жасалынған. Ірі тоннажды контейнерлер де халықаралық стандартқа сай келеді. Контейнерлі парктердің сапасы ірі тоннаждық контейнерлердің құрылысының өсуімен түбімен өзгерді.
ТМ паркіндегі контейнерлердің жеке түрлерінің үлесі: ірі тоннаждықтар - 62%, арасында негізгілері болып табылатын салмағы 5 т брутто болатын контейнерлер бар ортатоннаждық - 38%.
1990 жылы ірі тоннаждық контейнерлердің паркінің физикалық саны 170 мыңнан асты, ал темір жол көлігіндегі контейнерлер пунктінің саны 1660-ға жетті.
Ірі тоннажды контейнерлердің құрылысы салдарынан контейнерлер пунктінің жүйесі қарқынды дамыды. 1990-жылы темір жол көлігінде олардың саны 218-ге жетті, ал 36-сы жобалау және құрылыс сатысында болды.
Контейнерлермен жұмысты механикаландыру үшін жүк көтеріміділігі 6, 3; 20; 32; 24(25) ; 30, 5 және 32 тонна болатын екіконсольды крандар басым қолданылады.
Ортатоннажды контейнерлерді тасымалдау үшін ескітиптік жартылай вагондардан қайтадан жабдықталған жартылай вагондар-контейнертасушылар, және әмбебап платформалар қолданылады, ал ірі тоннажды контейнерлерді тасымалдау үшін - мамандандырылған ұзынбазды, және қайтадан жабдықталған және кәдімгі мамандандырылған платформалар қолданылады.
Мамандандырылған контейнерлерде жүк тасудың басым бөлігі түсті металлургия, құрылыс материалдары мен геология өнеркәсіптеріне тиесілі.
Контейнерлі тасымалды тиімді жүзеге асыру үшін шығару және пайдалану нүктелерінің арасында жүктерді жылжытуды үдету керек. Әрі контейнерлерді механизацияланған тиеу-түсіруді жеңілдету керек. Ал тәжірибе жүзінде бұл шарттардың барлығы сақталмайды, өйткені жүктерді жөнелтуші мен алушы, әр түрлі көліктердің жұмыстарындағы керекті үйлесімділік жоқ. Осы айтылған кемшіліктердің салдарынан контейнерлерді, вагондар мен автокөліктерді қолданудың нашарлауы, тасымалдау ресурстарын жоғалуы, контейнерлаудың тиімсіздігі байқалды.
Контейнерлі және пакетті тасымалдауды жалпы көлікті басқаруда келісімді жүйе пайдаланған лайықты. Бұл жүйеге барлық жүкжөнелтуші өндірістер, тасымалдауға қатысатын барлық көліктер мен жүк алушы қоймалар кіруі тиіс. Және бұл жүйеге мамандандырылған және әмбебап контейнерлерде, пакетті жүк тасымалдары кіруі тиіс, өйткені бұл тасымалдар түрлері біртипті, әрі бір-бірімен байланысты. Қарастырылған тасымалдарды басқару саласына көлікті-экспедициялық қызметті (КЭҚ) де кіргізу мақсатқа лайықты.
Контейнерлі және пакетті тасымалдауды басқаруды қайта құру халық шаруашылығында осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталу керек.
Контейнерлі тасымалдарды кеңейту контейнерлер мен техникалық құралдарды жеткіліксіз қамдаудың салдарынан тоқталды. Өйткені оларды тасымалдайтын темір жол және автомобильді көліктермен тиеп-түсіруі қиындаған. Осыған байланысты контейнерлеуге жарамды өнімдерінің негізгі номенклатурасына сай контейнерлі тасымалдаудың аяқталуын 2000 жылдан кейін күтуі мүмкін.
Көлік құралдарының жүк көтеріміділігін көтеру мақсатында үлкен тоннажды контейнерлердің биіктігі 2438мм-ден 2591 мм-ге дейін жоғарылады.
Қазақстан Республикасының теміржолдағы тариф мәселесін реттеу, күрделі мәселелер қатарына жатады. Бұл теміржолдың біздің еліміздің экономикасындағы алатын рөлімен түсіндіріледі.
Теміржол жүк тасымалдар тарифінің ерекшелігі теміржол қалыпты (сенімді ) деңгейін анықтай отырып тек өзін - өзі қаржыландыру жағдайында жұмыс істеп қоймай, сонымен қатар басқа факторлармен бірге материалдық өндіріс кәсіпорындары мен салаларына экономикалық жағдайына әсер етеді. Қазақстан Республикасының үлкендігі, өндірістік күштердің армақ орналасуы және т. б. осындай факторлар теміржол тарифінің ел экономикасындағы маңызды роль атқартатынын көрсетеді.
Өндірістіс, басқа халық шаруашылық салаларында бағаның босауы, теміржол көлігі мемілекеттік қадағалаудың сақталуы теміржол көлігі өте қиын жағдайға қойды. Материалдық ресурстарды еркін нарықтық бағамен алып, тариф деңгейінен белгіленген қатаң шектеулерді ұстану оңай емес. Осының барлығы теміржол тасымалдарының тиімділігін төмендетті. Бюдежеттегі қржы тапшылығының нәтижесі, жолаушылар тасымалындағы шығындардың тұрақты өсуі жүк тасымалдары есебінен жабылады.
Қазіргі таңда Қазақстанда теміржол көлігі жүк тасымалдар тарифі үшке жіктеледі: ішкі (республика аумағындағы қатынастар) ; мемілекетаралық (шығару және кіргізу, яғни импорт - экспорт) және халықаралық (транзитті) .
1 Контейнерлер туралы жалпы ұғымдар
Көлік жабдығының ішкі көлемі 1 м 3 -ден кем болмайтын бірлігі жүк контейнері деп аталады.
Контейнер (ағылшын тілінде container - тауар салатын ыдыс, сауыт, жәшік) дегеніміз - бұл тауар салатын көп айналымды көлік тарасы, ол:
жүк орындарын ірілендіруге (арттыруға) және жылжымалы құрамның барлық түрінің жүктерді сақтап тасымалдауын қамтамасыз етуге;
жүктерді сақтау үшін уақытша қойма ретінде пайдалануға арналған. Басқаша айтқанда, контейнер дегеніміз - бұл көлік құралының алмалы-салмалы шанағы.
Пайдаланылуына қарай контейнерлер мынадай екі топқа бөлінеді:
жалпы пайдаланудағы - әмбебап контейнерлер;
арнайы пайдаланудағы - мамандандырылған контейнерлер.
Бұған қоса, арнайы контейнерлер болады. Олар магистральдық көлік құралдарында пайдаланылмайды, кәсіпорынның (цехтың) ішінде пайдаланылады.
Әмбебап контейнер дегеніміз - бұл бірыңғайландырылған жүк бірлігі. Ол тараға салынған және жеке-дара жүктерді тасымалдауға арналған. Бұл бірлік брутто массасы, габариттік өлшемдері, пішіндері, мазмұны, орналасу орны, сыртындағы жазуы мен кестелері бойынша стандартқа түсірілген. Өзіндік коды бар мұндай контейнерлердің сыртында оны әр түрлі көлік құралдарына орнатуға және жабық вагондарда тасымалданатын жүктердің барлығын тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруға арналған арнайы тетіктер болады. Мұндай контейнерлермен полиграфия бұйымдарын, галантерея тауарларын, трикотаж, киім, аяқ киім, радио тауарлары, теледидар, мата, қосалқы бөлшектер, металл бұйымдары, азаматтардың үй бұйымдары және т. с. с. тасымалданады.
Контейнерлермен тасымалдауға ұсынылатын жүк орындарының массасы 120 килограмнан аспауы тиіс. Азаматтардың үй бұйымдары массасы мен орындарына шек қойылмастан қабылданады.
Контейнерлерге жүк тиеп, түсіруді жөнелтушілер мен қабылдаушылар атқарады. Контейнерлерді вагондар мен автомобильдерге тиеу және олардан стансалардағы жалпы жұрт пайдаланатын орындарға түсіру - темір жолдың міндеті. Жалпы жұрт пайдаланбайтын орындарда бұл операцияларды жүктерді жөнелтушілер мен қабылдаушылар атқарады.
Жүкті жөнелтуші әрбір жүк тиелген контейнерге жеке жүк қағазын толтырады. Темір жол жүк тиеу үшін ақаусыз, осы жүкті тасымалдауға жарамды, бұрын тасымалданған жүктің қалдықтары мен қоқыстардан тазартылған контейнерлерді ұсынуға міндетті. Коммерциялық тұрғыдан қарағанда контейнерлердің осы жүкті тасымалдауға жарамдылығын жүкті жөнелтуші анықтайды. Олардан тасымалдау барысында жүктердің сақталуына әсер ететін әлде бір ақаусыздық байқалса, жөнелтуші жүк тиеуден бас тартуға міндетті.
Жүктерді тасымалдау кезінде контейнердің ішінде қозғала алмайтындай, ал табанына түсетін салмақ пен қабырғаларына түсетін қысым біркелкі болатындай етіп орналастырады. Контейнердің есіктері еркін ашылып-жабылуы үшін олар мен жүктердің арасында бос кеңістік (30-50 мм) қалдыру қажет. Жүктерді немесе тетіктерді орнықтыру үшін оларды контейнердің қабырғаларына, еденіне және төбесіне шегелеуге немесе қапсырмамен бекітуге тыйым салынады.
Жүк жөнелтетін адам контейнерді белгіленген техникалық нормадан төмендетпей толтыруға міндетті. Жүк тиеудің техникалық нормасы көзделмеген жүктерді немесе техникалық нормалары әр түрлі жүктерді тасымалдауда контейнерді толық сыйымдылығына дейін толтырады, бірақ ол оның жүк көтерімділігінен аспауы тиіс. Егер бұл айрықша шарттарда көзделмесе, станса бастығының техникалық нормаға, толық сыйымдылыққа немесе жүк көтерімділікке дейін толтырылмаған контейнерлерді қабылдаудан бас тартуға құқығы бар.
Жүк жөнелтуші адам жүк тиелген контейнерді жабуға, құлпының тұтқасын сыммен бекітіп, оған пломба салуға міндетті. Жүк жөнелтушінің пломбасы салынған контейнерді жол қызметкері сырттай қарап, тасымалдауға қабылдайды.
Мамандандырылған контейнерлер дегеніміз - бұл көлік жабдықтарының бірыңғайландырылған бірлігі. Олар белгілі бір жүктерді (сұйық, үйінді, қауіпті, тез бұзылатын және басқа) әлденеше рет тасымалдауға арналған. Олар өлшемдері мен ең жоғары бруттолық салмағы бойынша стандартты құрылым болып табылады, сыртында мемлекеттік стандартқа (ірі тоннажды - ГОСТ 25290-82, орташа тоннажды - 22377-77) немесе басқа да техникалық нормативтік құжаттарға сәйкес белгілері мен жазулары болады.
Әмбебап контейнерлер көлік ұйымдарында болады, олар 100 %-дық бос жүріс жасамайды немесе аз ғана жүріс жасайды, ал мамандандырылған контейнерлер кәсіпорындарға (жүкті жөнелтушілер мен қабылдаушыларға) тиесілі болатындықтан, арнайы табандықтар секілді 100 % бос жүріс жасайды, бұл олардың ірі кемшілігі болып есептеледі.
1. 1 Контейнерлерді тиеу, түсіру және сұрыптау технологиясы
Жергілікті контейнерлерді тиеу-түсіру тура вариантпен орындалады: вагон-автомабиль, автомабиль-вагон, бұлар болмаған жағдайда алаңға контейнер құрастырылады .
Кран операцияларының бос жүрісін қысқарту үшін контейнерлерді вагоннан автомабильге түсіру және тиеу операциялары алмасып отырады.
Кран крюкін түсіру және көтеру биіктігін азайту үшін, вагондарды тиеу және түсірудің қосақталған операциялары жергілікті контейнерлермен мынандай бірізділікпен іске асады: вагоннан кезекпен аралас орналасқан екі контейнерлерді шығарады, одан соң контейнерді көтеріп қапталынан екінші қатарына қояды(контейнералаңынан санағанда) вагоннан 1-ші қатарда қапталынан екінші тұрған контейнерлерді түсіреді. Алаңнан көтеріп, контейнер бірінші қатарға қояды.
Контейнер пунктіне тиелген вагон келген соң жергілікті және транзиттік контейнерлерді әр вагон басынан бөлшектен түсіреді. Одан соң транзиттік контейнерлерді вагоннан вагонға ауыстырады. Одан соң қалған тоқтамаған транзиттік контейнерлерді алаңда тұрған контейнерлерді толықтырады.
Жүк операциясын орындау үшін кран төмендегідей жұмыс атқарады:
- контейнерлерді реттеу;
- контейнерлерді көтеру;
- арбаларды алмастыру;
- кранды алмастыру;
- контейнерлерді түсіру;
- контейнерлерді жіберу;
- автостропты көтеру;
- кранды алмастыру;
- арбаны ауыстырып қою;
- автостропты түсіру.
1. 2 Контейнерді тиеп-түсіру құрылғылары
Контейнер ағымының дұрыс уақытылы жұмыс жасауы оның тие-ліп-түсірілуіне де тура байланысты. Контейнерлерді тиеп-түсіру үшін негізінен көпірлік және тағандық крандар қолданылады. Оның ішінде контейнерлерді тиеп-түсіру үшін көбінесе тағандық кран қолданылады. Құрлысының принцпіне және жұмысының мінездемесі бойынша көпір-лік кранға өте ұқсас. Тағандық крандардың көпірі ерекше белдеме ті-реуде орналасқан және ашық қойманың алаңын, темір жолдары және авто көлік жолдарын жауып тұрады, ал жұмыс технологиясы көпірлік кранмен бірдей. Орта тонналы контейнерлерді көбінесе КК-5 кранымен жұмыс жасайды. Оның жүк көтерімділігі 5т. ұзындығы 16м ал жоғары жұмыс кестесіне (ПВ 40%) есептелген. Ол арнайы және әмбебап, сал-мағы 3 және 5т контейнерлерге арналған. Оның жұмыс көрсеткіш сал-мағы 3т кантейнерлерді жартылай вагоннан алаңға түсіру уақыты - 89 сек, алаңнан автокөлікке тиеу уақыты - 85 сек.
Контейнер пунктерінің жұмыс технологиясымен техникалық жабдықталуы.
Ал контейнерлерді контейнер пунктінде өңдейді (тиеу, түсіру, сұрып-тау, сақтау, кіргізу, шығару, топтастыру, техникалық тексеру, ағынды жөндеу, құжаттарын толтыру т. б. ) . жұмыс түріне қарай контейнер пунктері 3 түрге бөлінеді: жүктік, сұрыптау, аралас. Жүк пунктері тек қана жергілікті контей-нерді өңдейді; сұрыптау - тек транзитті контейнерлерді өңдейді; аралас - жергілікті және транцитті контейнерлерді өңдейді.
Контейнерлік пункті, игеру оның жұмыс көлемі 1 класстағы стансадан кем емес, демек 25 - 60 балл болған кезде ғана ақталады. Есептеулер көрсет-кендей жергілікті және транзитті контейнерлерді тиеу тәулігіне орта есеппен 1000 және одан көп шартты контейнерлерді құрау қажет (жергілікті - 70%, транзитті - 30%) . Көліктік тарамда екі арнайы контейнерлік пункті жасаған жөн, егер оның сұрыптау көлемі, транзиттік - 300 конт/ тәулік, ал жергілікті 300, 234 конт/ тәулік болса. Тиеп - түсіру жолдарының саны, алаңдарының өлшемі, олардың ұзындығы және ені, олардың жұмыс көлеміне, операциялар-дың мінездемесіне және механизмнің құрылғыларына байланысты болады. Контейнер өңдеу қабілеті екі элемент бойынша анықталады: контейнер ала-ңының сыйымдылығы және тиеп-түсіру жұмыстарының механизация құрыл-ғыларымен.
Контейнер пункт жұмысының технологиялық үрдісі келесі операция-лардың орындалу жері мен ұзақтығын анықтайды. Оның мазмұны өңделетін контейнерлерге байланысты. Жүк пунктінде технологиялық үрдіс тиеп-түсі-ру, беру және вагондарды жинау, контейнерлердің келу және кету жұмыста-рын автокөлікпен жүк иесінің жұмысымен орындалу тәртібін қарастырады. Сұрыптау паркінің жұмыстарының технологиялық үрдісі - транзиттік контей-нерлердің сұрыпталуын, ал аралас пункт жергілікті және транзитті контейнерлерді бірлесіп өңдеуді қарастырады. Технологиялық үрдіс берілген тиеу жос-парын, контейнерлерді сұрыптау және бағыттау, контейнерлік пунктік өңдеу қабілетін көтеру, крандар мен автокөліктердің жұмысын, контейнерлі өңдеу уақытын қысқартуды, вагондар мен автокөліктердің бос тұру уақытын қысқарту қажет.
Контейнерлі пунктер мына контейнерлерді қайта өңдеуден өткізеді, егер:
- темір жолмен келіп, автокөлікпен әкетілсе;
- автокөлікпен кіргізіліп, темір жолмен жіберілсе, бұған транзитті кон-тейнерлерде жатады;
Жүк тиелетін контейнерлі пунктерінде контейнерлерді құру жоспарын бекіту бойынша жылжымалы секцияларды қолданған тиімді. Вагондардан түсірілген контейнерлерді контейнер-орындарындарындағы түсіріліп жатқан вагондарға жақын орнату керек. Шығарылатын және жіберілетін контейнер-лерді алаңға неше түрлі тәсілмен орналастыруға болады, қай жерде орналас-қанына қарамастан бүкіл алаң арқылы жүріп отырады. Мысалы, келген кон-тейнер вагоннан автокөлікке дейін, жіберілетін контейнер автокөліктен ва-гонға дейінгі жолды жүріп өтеді. Бос контейнер-орындар алаңда тұрған кон-тейнерлердің 20% құруы тиіс.
Контейнер ағымының дұрыс уақытылы жұмыс жасауы оның тиеліп-тү-сірілуіне де тура байланысты. Контейнерлерді тиеп-түсіру үшін негізінен кө-пірлік және тағандық крандар қолданылады. Оның ішінде контейнерлерді тиеп-түсіру үшін көбінесе тағандық кран қолданылады. Құрлысының прин-цпіне және жұмысының мінездемесі бойынша көпірлік кранға өте ұқсас. Тағандық крандардың көпірі ерекше белдеме тіреуде орналасқан және ашық қойманың алаңын, темір жолдары және авто көлік жолдарын жауып тұрады, ал жұмыс технологиясы көпірлік кранмен бірдей.
Темір жол стансаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарының қоймаларында, порттардың сыртқы қоймаларында ірі тонналы контейнерлерді тиеуге машиналардың әр түрін қолдануға болады, соның ішінде үлкен көлемді крандар, портты штабельді- жүктеуші немесе артқы жә-не жанама автотиеуші. Осы крандардың көмегімен 10, 20 және 30 тон-налы немесе екі 10 тонналы немесе екі 20 тонналы контейнерлерге тиеуге болады. Ірі тонналы контейнер-лер әмбебап платформалармен, әмбебап платформалардан арнайы платфор-малар жасалған ұзындығы - 18, 4 м, ені - 2, 87 м, ал жүк көтерімділігі - 64 тонна болатын арнайы платформалармен немесе ұзынбазалы контейнер тасы-малдайтын платформалармен тасымалданады.
1. 3 Контейнер пункттері және контейнерлермен жұмыс істеу технологиясы
Контейнер пункті (КП) - бұл станса аумағының контейнерлер тиелетін, түсірілетін, сортталатын, сақталатын, әкелінетін, әкетілетін, жинақталатын, техникалық байқау мен күнделікті жөндеу жүргізілетін бір бөлігі. Мұнда сондай-ақ жүк тасымалдау және көлік-экспедиция құжаттары толтырылады, жүк қабылдаушыларға контейнерлердің келуі туралы ақпарат беріледі, контейнерлерге қатысты басқа да операциялар жүргізіледі.
Контейнер пункттері - жүк тиеу, жүк тиеу-сорттау және сорттау пункті болып бөлінуі мүмкін. Жүк тиеу контейнер пунктінде жергілікті контейнерлерді тиеп-түсіреді, жүк тиеу-сорттау пунктінде жергілікті және транзиттік контейнерлерді тиеп-түсіреді, ал сорттау пунктінде - транзиттік контейнерлерді сорттайды. Тиелетін жергілікті контейнерлердің саны тәулігіне 300-ден аспайтын болса, жүк стансасында контейнерлерге жүк тиеу пункті ұйымдастырылады.
Сурет 1. 1 Орташа тоннажды контейнерлер алаңы
Тәулігіне 300 және одан астам транзиттік контейнерлер сортталатын жағдайда сорттау стансасында сорттау контейнер пункті құрылады. КП өтпелі және тұйық үлгіде болуы мүмкін. КП өтпелі үлгіде болса, тиеу-түсіру жолдары негізгі станса жолдарына параллель немесе бірізді орналасады, ал тұйық үлгіде болса - оларға параллель салынады. КП-ның бір немесе бірнеше контейнер алаңы болуы мүмкін, олар тиеу-түсіру және кран жолдарын, контейнерлерді қысқа уақытқа сақталатын алаңын, контейнерлер тиеу-түсіру машиналарын, автомобиль жолдарын қамтиды.
Әмбебап контейнерлерге контейнер пункттері мен контейнерлер алаңдарында қызмет көрсетіледі. Орташа тоннажды контейнерлерге арналған контейнерлер алаңының сызбасы 3. 7-суретте көрсетілген.
Мұнда алаңдағы контейнерлерді олардың арасында ұзындығы бойынша кемінде 100 мм, ені бойынша - 150-160 мм саңылау қалатындай етіп орналастырады. Әрбір 12, 2 м сайын ені 1, 0 м болатын көлденең өткел, ал әрбір 100 м сайын - 4 м-ге тең өрт қауіпсіздігі алаңы жасалады.
Контейнерлер пункті (КП) контейнердің түріне қарай былайша жіктеледі:
орташа тоннажды контейнерлермен жұмыс істейтін КП - брутто салмағы 3 және 5 т УУК-3 және УУК-5. Олардың тиеу-түсіру машиналары - КК-6 және КДКК-10;
ірі тоннажды контейнерлермен жұмыс істейтін КП - брутто салмағы тиісінше 10, 20, және 30 т УУК-10, УУК-20, УУК-24, УУК-30. Бұлардың тиеу-түсіру машиналары басқа - КК-20, КК-32 және т. б. Ірі тоннажды контейнерлерге арналған КП ірі өнеркәсіп және әкімшілік орталықтарында орнатылады. Ірі тоннажды контейнерлер осындай орталықтардың арасында пайдаланылса, орташа тоннажды контейнерлер автокрандары бар елді мекендерге дейін пайдаланылады.
Мамандандырылған контейнерлер пункті жоғары механикаландырылған қоймалардың бір түрі болып есептеледі. Аралығы 25 м, жүк көтерімділігі 20-40 тс екі консольді төрттағанды крандар оларға арналған тиеу-түсіру машиналарының негізгі түрлері болып табылады. Жұмыс көлемі көп болатын жағдайда (әсіресе ірі порттарда) оларды контейнер терминалдары деп атайды (terminal - амер. вокзал, terminus - брит. ақырғы станса) . Бұрын теңіз порттарын терминал деп атаса, қазір - теміржол стансаларын да осылай атайтын болды.
Тәуліктік жүк ағындарына қарай КП тасымалданатын жүктердің көлемі бойынша былайша бөлінеді:
шағын КП - nтәу < 5 ваг/ тәу;
орташа КП - 5 < nтәу < 20 ваг/ тәу;
ірі КП - nтәу > 20 ваг/тәу.
Атқаратын жүк операцияларының түріне қарай КП тағы үш түрге бөлінеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz