Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу


МАЗМҰНЫ
4. 6 Тіремелік полимер тақтаның сапасын жоғарлату бойынша ұсынылатын
шаралар
6. 2 Тіремелік полимер тақтаның сапасын бақылауға және сынауға қажет
жабдықтар мен өлшеу құралдары
7. 2. 4 Сәйкестік сертификатын беру мен сертификатталған өнімді ҚР МСЖ
сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығын ұсыну
КІРІСПЕ
Еліміздің нарықтық экономика деңгейінің жоғарлауына байланысты отандық өнім шығарушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындардың, ұйымдар мен қоғамдардың саны қазіргі уақытта арта түсуде және де осы мекемелердің қызметтері үшін тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар сыртқыларда да жаңа шарттарды анықтады.
Кәсіпорындар тұтынушылар сұраныстарын арттыру мақсатында шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің сапасын, қойылатын талаптарды орындауымен үнемі жақсартуда, яғни басты принцип өнім сапалы болған сайын сұраныс жоғары әрбір кәсіпорын өнімдердің, процестердің, қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығына, азаматтардың мүлкіне қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
Осы кәсіпорындардың жүзеге асыратын қызметі, олардың қызмет, процесс, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі әрдайым тексеріледі. Бақылау мен қадағалау, сертификаттау бойынша жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органмен атқарылады.
Қазіргі таңда кәсіпорындар өз тәжірибелерінде ұлттық және халықаралық нормалармен үйлескен ережелерді зерттеп, қолданады. Олар өз қызметтеріне жақсарту және өнім, қызмет сапасын жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасында ұлттық стандарттар болып қабылданған, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ИСО 9000 сериялы стандарттардың талаптарын орындауда. Сапа менеджментінің жүйесін қабылдау стандарт талабына сай қоғамның стратегиялық шешімі болып табылады.
XXI ғасыр сапалы өнімнің ғасыры, яғни еңбек сапасы, өнім және қызмет сапасы сияқты қасиеттерді белгілейді.
Сапа - саясатты және экономикалы категория. Сондықтан да сапа ұлттық экономиканы қатайтудың негізгі жағдайы. Мұны алдыңғы қатарлы мемлекеттің тәжірибесі көрсетті. Ұйымда және кәсіпорында сапа мәселесін шешу сапа жүйесін ендіру болып табылады, яғни ИСО 9000 сериялы стандартына сәйкес. Бұл сәйкестікті растайтын сертификат, нарық жағдайында өндірілген өнімнің бәсекелестік жағдайында өте қажет. [1]
Сапа менеджментінің тәжірибелі және теориялы дамуының жаңа кезеңі ИСО 9000 сериялы стандартының жаңаруымен байланысты. Сапа жүйесі үшін үрдістің өзара байланысын анықтау қажет. Бұл үрдістерді басқаруда өзгерістерді таңдау үлкен мәнге ие. Сапа жүйесі үшін сәйкес құжаттарды жасау қажет болып табылады, ресурстар және ақпараттар сапаны жақсарту үрдісін іске асыру үшін қажет.
ИСО 9000:2000 стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің құжатамасы келесіден тұрады: сапа аумағында саясат және мақсаттар құжаттамалы түрде реттелуі керек, сапа үрдісін басқаруды іске асыру және жоспарлау үшін басшылық ету және де осы үрдістерді басқару қажет.
Сапа саясаты ұйым мақсатына сәйкес болуы керек және әрқашан сапа менеджмент жүйесінің нәтижесін өсіруге әсер ету керек.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан аз уақыт ішінде Батыс елдерінің сапаны басқару жөніндегі жарты ғасырлық тәжірибесін игеруі қажет екенін атап өтті.
Соңғы кезде сапаны басқару мәселесі жалпы әлемдік сипаттамаға айналды. Қазір барлық мемлекеттің нарықтық жүйесі, нарықты бағындыратын сапалы тауарға және қазыметке ұмтылды.
Қазіргі заманғы өндірістің мақсаты жоғары сапалы өнімді шығару және қызыметі қөрсету болып табылады. Тұтынушы сапасына байланысты бағасын сәйкестендірді, өйткені жоғарғы сапа пайдалану шығынын төмендетеді.
Біздің еліміздің Бүкіләлемдік халықаралық сауда ұйымына енуі көптеген ұйымдарда, өндірісте, өкілдіктерде жаңа басқару жүйесіне көшу қажеттілігін тудырды. Ол аз шығынмен жоғары сапалы өнімді шығаруға және де Қазақстан нарығында талап етілетін және бәсекеге төтеп беретін деңгейге жетуді қарастырады.
Біздің Республикада өзінің құқығына заңды түрде ие болу, жетекші шет ел фирмаларымен сынға түсе алу мүмкіндігі, мемлекеттің техникалық реттеу жүйесіндегі аккредиттеу арқылы жүретін ұйымдар біліктілігін бағалау болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген ақпараттарға байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ЖШС Дорпласт-инвест өнімінің сапасын талдау және АҚ “ҰССО” зертханасында сынауларды ұйымдастыру болып келеді. Осы сынау бөлімінде барлық өндіріс өнімдеріне сертификатталған сынақтар жүргізіледі. Бірақ берілген дипломдық жұмыста нақты зерттеу объектісі Дорпласт - инвест өнімдерін сынауына тоқталып, келесі жұмыстар жүргізілді:
“Бастапқы ақпарат” бөлімінде базалық, басшылық етуші және анықтамалық ақпарат келтіріледі;
“Жалпы ережелер” бөлімі өнімнің қызметтік тағайындалуы мен олардың жіктелуінен тұрады;
“Өнімнің сапасын анықтау” бөліміне келесілер кіреді:
- өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер;
- сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау;
- өнімнің сапа деңгейін бағалау;
- сапамен басқарудың негізгі кезеңдері;
- сапа жүйесін қамтамасыз ететін бастапқы мәліметтер;
- өнім сапасын жоғарлату бойынша шаралар ұсынылады.
“Стандартар, техникалық шарттар (ТШ), метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау” бөлімінде АҚ “ҰССО”-да мемлекеттік қадағалауды іске асыру үрдісі баяндалады.
“Өнімді сынау” бөліміне сынаулардың жіктелуі кіреді және сынау текшесі әзірленеді.
“Өнімді сертификаттау” бөлімінде өндірістік өнімді сертификаттаудың барлық кезеңдері келтіріледі, қосымшада бірнеше құжаттар түрлері көрсетіледі.
1 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ӘЗІРЛЕУГЕ БАСТАПҚЫ АҚПАРАТ
АҚ “ҰССО” филиал жағдайында “Дорпласт - инвест ” ЖШС өнімінің сапасын талдау тақырыбында жазылған дипломдық жұмысты әзірлеуге базалық, басшылық етуші және анықтамалық ақпараттар қолданылды.
Базалық ақпарат ретінде “Дорпласт - инвест” өнімдері туралы ақпараттар (сандық және сапалық сипаттамалар, сыртқы түрі, сынаулар, қаптау, тасмалдау, таңбалау туралы ақпараттар) қолданылады.
Басшылық етуші және анықтамалық ақпаратқа келесілер кіреді:
- ҚР СТ 3. 4-2003 ҚР МСЖ Өнімнің сәйкестігін бекітуді өткізу тәртібі.
Жалпы талаптар.
- ҚР СТ 1009-2005 Тағамдық емес тауарлар. Тұтынушылар үшін ақпарат. Жалпы талаптар.
- ҚР СТ 1174-2003 Алаңды қорғайтын өрт техникасы. Негізгі түрлері.
Орналастыру және қызмет етуі.
- ЖШС СТ 40648290-01-2007 Тіремелік полимер тақта.
- ҚР СТ 12. 4. 026-2002 Сигналдық түстер қауіпсіздік белгілері және сигналды белгілері. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі.
- МСТ 9. 030-74 ЖЕҚБЖ. Резиналар. Бекемдікке сынау әдістері. Күштемеленген күйінде агрессивті сұйық орталардың әсеріне қатысты сынау әдістері.
- МСТ 12. 1. 004-91 Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
- МСТ 12. 1. 005-88 ЕҚЖС. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық гигеналық талаптар.
- МСТ12. 1. 0044-89 ЕҚЖС. Заттар мен материалдардың өрт қопарылыс қауіптілігі. Көрсеткіштер номенклатурасы мен анықтау әдістері.
- МСТ 12. 3. 002-75 ЕҚЖС. Өндірістік процестер. Жалпы қауіпсіздік талаптары.
- МСТ 12. 3. 009-76 ЕҚЖС. Тиеу - түсіру жұмыстары. Жалпы қауіпсіздік талаптары.
- МСТ 12. 3. 030-83 ЕҚЖС. Пластикалық массаларды қайта өңдеу. Қауіпсіздік талаптары.
- МСТ 12. 4. 009-83 ЕҚЖС. Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы. Негізгі түрлері, орналасуы және күтімі мен қызметі.
- МСТ 12. 4. 011-89 ЕҚЖС. Жұмыс істеушілерді қорғау құралдары. Жалпы талаптар мен жіктелуі.
- МСТ 15. 309-98 Өнімді әзірлеу және оны өндіріске қою жүйелері. Шығарылатын өнімді сынау мен қабылдау.
- МСТ 17. 2. 3. 02-78 Табиғатты қорғау. Атмосфера. Өндірістік кәсіпорындардың зиянды заттарды бөліп шығару мөлшерінің рұқсат етілген мәндерін белгілеу ережелері.
- МСТ 4647-80 Пластмассалар. Шарпи бойынша соққылық тұтқырлықты анықтау әдісі.
- МСТ 4648-71 Пластмассалар. Статикалық иіліске сынау әдісі.
- МСТ 4650-80 Пластмассалар. Су сіңірімділік деігейін анықтау әдістері.
- МСТ 6433. 1-71 Қатты электроқышаулағыштық материалдар. Үлгілер мен сынақтарды дайындау кезіндегі қоршаған орта шарттары.
- МСТ 6433. 2-71 Қатты электр оқшаулағыштық материалдар. Тұрақты кернеу жағдайында электрлік кедергіні анықтау әдістері.
- МСТ 12019-66 Пластмассалар. Үлгілерде жасап шығару.
- МСТ 12021-84 Пластмассалар мен эбонит. Жүктеме астында иіліс температурасын анықтау әдісі.
- МСТ 12423-66 Пластмассалар. Ауа жаңарту мен үлгілерді (сынамаларды) сынау шарттары.
- МСТ 14192-96 Жүктерді таңбалау.
- МСТ 15150-69 Машиналар, аспаптар және басқа да техникалық бұйымдар. Түрлі климаттық аудандарға арналған орындалулары. Категориялары, климаттық факторлардың әсері жағына қатысты қолдану, сақтау және тасымалдау шарттары.
- МСТ 17308-88 Шпагаттар. Техникалық шарттары.
- МСТ 26433. 0-85 Құрылыста геометриялық параметрлердің дәлдігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшеулерді жүргізу ережелері. Жалпы жағдайлар.
- МСТ 26433. 1-89 Құрылыста геометриялық параметрлердің дәлдігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшеулерді жүргізу ережелері. Зауытта жасалған элементтер.
- МСТ 29329-92 Статикалық таразылауға арналған таразылар. Жалпы техникалық талаптар.
- МСТ 30244-94 ЕҚЖС. Құрылыс материалдары. Жанғыштыққа сынау әдістері.
- МСТ 30402-96 ЕҚЖС Құрылыс материалдары. Тұтанғыштыққа сынау әдістері.
- ҚӨҚЕ 01-94 Құрылыстық жинақтаулық жұмыстар жүргізу және отпен жұмыс жасау кездеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері.
- АҚ “ҰССО” өткізген өндірістік практикада жиналған материалдар;
- Басшылық етуші нормативтік құралдар (РД-50-149-79 ондірістік өнімнің техникалық деігейі мен сапасын бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар)
- Сапа жүйесі бойынша ИСО 9000:9004 халықаралық стандарттар.
2 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
2. 1 «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» қысқаша тарихы
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ нарықтағы стандарттау, метрология және сәйкестікті растау, қызметпен менеджмент жүйелерінің жетекші кәсіпорны болып саналады. Ұйымның республикамыздың барлық он төрт облыстарында филиалдары бар, барлығы сәйкестікті растау облысында бір ғылыми техникалық саясатты жүзеге асырады.
1-cурет. ҰССО таңбасы
Соның бірі «ҰССО» АҚ Жамбыл филиалы.
Директор: Момышев Жомарт Амангелдіұлы
тел. : 87262 453356, 457527
факс: 87262 451481
е-mail: csmstaraz@mail. ru
Орналасқан жерінің сызбасы:
2-cурет. «ҰССО» АҚ Жамбыл филиалының
орналасқан жерінің сызбасы
3-cурет. «ҰССО» АҚ Жамбыл филиалы
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жамбыл филиалы 1999-жылы 14-маусымда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қосылуы арқылы құрылды, республика аймақтарында ҚР Үкіметінің 1999-жылғы 14-маусымдағы № 743 қаулысына сай шаруашылық жүргізу құқығы бар «Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, оның құқық иеленушісі «ҰлтССО» АҚ болып қалды.
Кәсіпорын тарихы өзінің бастауын сонау 1923-жылдан бастайды, яғни осы жылы Семейде республика аймағында алғашқы салыстырып тексеру мекемесі - Томск өлшем және салмақ салыстырып тексеру палатасының бөлімшесі ашылады, сосын ол өлкелік болып қайта құрылады, ал кейіннен Алматыға көшіріледі және Қазақ өлшем және салмақ салыстырып тексеру палатасы деген мәртебеге ие болады.
Өлшем және салмақ палатасының бөлімшелері республиканың басқа қалаларында да ашылады: бұл Жамбыл облысында 1936-жылы іске асырылды.
«ҰлтССО» АҚ ЖФ қызметкерлері қатарынан біз мақтаныш ете алатын тұлғалар шықты, себебі қазіргі күні олар жауапты мемлекеттік қызметті атқаруды, олардың бірі - А. А. Момышев - ҚР Парламенті Мәжілісінің IV сайланымының депутаты, филиалдың бұрынғы директоры, «Құрмет» орденімен марапатталған, ҚазССР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері құрметті атағына, Тараз қаласының құрметті азаматы атағына ие.
Филиалда Салыстырып тексеру (Калибрлеу) зертханалары және Сынау орталықтары жұмыс істейді, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өнімдері және парфюмерлік-косметикалық өнімдер бақыланады. Зертханалар ИСО/МЭК 17025-ке сай сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес аккредиттелген.
Қызметінің сәйкестігі және олардың қызмет көрсетулерінің жоғары деңгейі Мемстандарттың аккредиттеу аттестаттарымен және сапа менджменті жүйесінің сертификаттарымен расталған.
Бүгінгі күні 200-ден астам кәсіпорындар мен ұйымдар «ҰлтССО» АҚ-ның тұрақты клиенттері болып табылады.
2009-жылдың басынан бастап, жеке қиыншылықтарға қарамастан, 2006-жылғы бағасы бойынша қызмет көрсете отырып біз өз өтінім берушілерімізге дағдарысқа қарсы іс-қимылдарды жүзеге асыруға көмектесудеміз.
Көптеген жылдар бойы шағын және орта бизнеске сәйкестікті растау бойынша қызмет көрсету кезінде 41 пайызға дейінгі жеңілдіктер бар.
Бірақ біздің барлық қол жеткізген табыстарымызды ескере отырып, сол деңгейде тоқтап қалмаймыз, 2010-2015-жылдардың негізгі мәселелері төмендегідей:
- алыс және таяу шетелдерден әкелінетін өлшеуіш құралдардың техникалық деңгейі қарқындап өсіп жатқанына байланысты салыстырып тексеру базасын қайта жабдықтау;
- өнім қауіпсіздігінің техникалық регламентінің күшіне енуіне және аккредиттеу саласының ұлғаюына байланысты сынау зертханаларын толықтырып жабдықтау;
Өмір бір орында тұрмайтынына және отандық нарықтың дамуды қажет ететініне байланысты қызмет көрсету аясын кеңейту, ұйымда оған қажеттінің барлығы бар: мүмкіндіктер де, адамдар да, ықылас та.
Біздің барлық іс-қимылымыз заңды және физикалық тұтынушылардың стандарттау, метрология, сертификаттау және сараптау саласындағы қызмет көрсетулерге сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Жамбыл филиалының ұжымында барлығына ортақ бір мақсат бар - Қазақстандық өнімнің мықты, сенімді, қауіпсіз болуына қол жеткізу!
Филиал ұсынатын қызмет көрсетулер тізбесі:
- Стандарттау саласында;
- Метрология саласында;
- Өнімдердің сәйкестігін растау және сынау саласында.
Бірінші бағыт, стандарттау облысында қызмет көрсету. Басқарушы субъекттерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі, нормативтік құжаттардың жобалауы мен сынауы жүзеге асырылады. Әрбір филиалда республикада өндірілетін кез келген өніммен қызмет номенклатурасы бойынша басқарушы субъектіге қол жетімді анықтама ақпараттық фонд бар. Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың автоматтандырылған фонды, халыққа қызмет көрсетуде және өнім өндіруде қажет ақпарат көзі болып саналады.
Екінші бағыт, жоғарғы дәлдікті өлшеулер жүргізу кезінде республика кәсіпорындарымен өндірістіріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, өлшеу құралдарын жөндеу, калибрлеу, тексеру жүргізуге, өлшеу бірегейлігін қамтамасыз етуге тәжірибелік көмек көрсету.
Үшінші бағыт ең негізгі бағыт, «ҰССО» АҚ өніммен қызмет көрсетудің, сәйкестікті растау облысында, сапа менеджмент жүйесінде, экологиялық менеджмент, OHSAS, HACCP, аккредиттелген. [2]
Негізгі бағыт, барлық қызығушы жақтардың үміті мен тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған, қызмет және жұмыстарды орындау сапасын басқару тәсілдерін үздіксіз дамыту.
- Филиал бөлімдері
Стандарттау бөлімі
Филиал өз жұмысын Алматы қаласының ұйымдарында және кәсіпорын тәжірибелеріне мемлекет аралық стандарттарды енгізу үшін реттейді. Сондықтан стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі құрылды. Оның мақсаты стандарттау облысындағы жұмыстарды жүргізу және де филиалдың жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету.
Стандарттар өнім қауыпсіздігін қамтамасыз етуде және қызмет пен жұмыстарды, өмір қауыпсіздігін қамтамасыз етуде және қызметпен жұмыстарды, өмір, денсаулық, қоршаған орта және барлық қоғам үшін. Оларсыз бірде бір жұмыс ұйымдастырылмайды, бірде бір қызмет дұрыс жұмыс істемейді. «Ұлтық сараптау және сертификаттау орталығы» Қазақстан Республикасы бойынша стандарттау ұсыныстары мен ережелерін, мемлекеттік және мемлекетаралық, халықаралық стандарттар мен қамтамасыз етілген.
Бөліммен көрсетілетін қызметтер:
- Ұйым стандарттарын Қазақстан Республикасының өнімдеріне сараптау;
- ұйым стандарттарын әзірлеу;
- өнімнің тауарлық жапсырмаларын құрастыру, қазақ және орыс тілдеріне аударуларды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының өнімдеріне каталогтық парақтарды сараптау;
- нормативтік құжаттарды актуалдандыру (ҚР СТ, ГОСТ, МС ИСО және т. б. ) ;
- Шағын және орта бизнес өкілдерін қоса алғанда, шаруашылықпен айналысатын субъектілерге өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді, пайдалы нұсқаларды, тауарлық белгілерді әзірлеуде және оларға қорғаныс құжаттарын (алғашқы патенттер, тауарлық белгіні тіркеу туралы куәлік, патенттер) алу үшін тапсырыс әзірлеуде көмек көрсету;
- жұмыс орындарын еңбек жағдайына аттестаттау.
Метрология бөлімі
Қазіргі қоғамда метрология үлкен роль атқарады, себебі адамның кез
келген жұмыс істеу орнында өлшеу нәтижелері қолданылады. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері нарықтағы ертеңгі күнге деген сенім.
Көрсетілетін қызметтер:
- аккредиттеу саласына сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеру;
- өлшеулерді, соның ішінде аса күрделі және дәл өлшеулерді жүргізу;
- өлшем құралдарын түзету;
- аналитикалық, сынау және өлшеу зертханаларындағы өлшеулердің жай-күйін бағалау;
- техникалық құжаттамаға метрологиялық сараптау жүргізу;
- метрология саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
- ӨҚ сынау, ӨҚ метрологиялық аттестаттау кезінде экспериментальды зерттеу, сынау, өлшеу, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларына кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша тексеру жүргізу бойынша комиссияның жұмысына қатысу;
- сынау құралдарын аттестаттау;
- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Сынау орталығы
Сынау орталығы екі сектордан құралады: сертификациялық сынау орталығының электромагниттік сәйкестігінің секторы және сынау және
сертификаттау орталығының сеторы.
Сынау орталығы орнатылған процедураларға сәйкес өзінің жұмысын сынау зертханаларында, тағам қауыпсіздігін бағалауға арналған, ауылшаруашылық өндіріс өнімдерінде, парфюмерлік косметикалық өнім өнімдеріне, шаруашылық товарларға, мұнай өнімдеріне, құрылыс материалдарға байланысты атқарады. Сынау орталығының аккредиттеу облысында үш жүз отыз алты өнім атауы бар.
Өнім мен қызметтің сәйкестігін растау орталығы
Нарықтағы даму жағдайларын байланысты сапа сұрақтары негізгі роль ойнайды. Қазір тұтынушылар өндірушілерден сапаны растайтын құжат, сәйестік сертификатын талап етеді. Бөлім өнім мен қызметтің сәйкестігін растау сұақтарына және сәйкестік сертификатын алуға көмек көрсетеді.
Филиалдың сарапшы аудиторларымен сәйкестікті растау жұмыстары жүргізіледі:
- ИСО 9000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйесін сертификаттау;
- сынау зертханаларына (Орталықтарына) олардың техникалық реттеу талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу;
- тауарлардың шығу тегін сараптау;
- астық, оның өңделген өнімдеріне және т. б. сапа сертификатын беру;
- өнімді және ақпараттық технологияларды өндіріске белгілеу кезінде инженерлік-аналитикалық қызмет көрсету және әдістемелік көмек беру.
Сапа менеджмент жүйелерін растау бөлімі
Сапа менеджменттің жүйесінің сәйкестігін растау қазіргі заманғы өндірістің дамуындағы қажет этап болып саналады, ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Сапа, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық жауапкершілік, жұмыс орнындағы еңбекті қамтамасыз ету, бұл - менеджерлер ойлайтын құндылықтар. ҚР филиал сапа менеджментінің сәйкестігін растаудағы жетекші ұйым болып саналады. Жоғарғы білікті сарапшы аудиторлар бағалауды жүргізуге көмек көрсетуге дайын:
1) сапа менеджмент жүйесі ҚР СТ ИСО 9001;
2) экологиялық менеджмент ҚР СТ ИСО 14001;
3) біліктілік қауыпсіздік менеджмент жүйелері және денсаулық ҚР СТ OHSAS 18001;
4) тағам өнімдерінің қауыпсіздік жүйелері ҚР СТ ИСО 22000;
5) қоғамдық жауапкершілік менеджмент жүйелері ҚР СТ 1352, SA 8000.
Филиалда нормативтік құжаттардың ақпараттық анықтамалық фонды бар. Фонд құрамында:
- Қазақстан Ресубликасының стандарттары (ҚР СТ) - 488;
- Мемлекеттік стандарттар (МСТ) - 24387;
- ҚР ережелері мен ұсыныстары (ПР РК) - 25;
- Халықаралық стандарттар(МС) - 74;
- әдістемелік көрсеткіштер - 86;
- Метрология бойынша нормативтік құжаттар;
- Санитарлық ережелер мен талаптар (СанПиНы) - 61;
- Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиПы) - 13;
- Мемлекет аралық стандарттау ережелері;
- Мемлекетаралық стандарттау ұсыныстары;
- Европалық ұйымның дерективтері - 19.
Құқықтары:
1) бөлімге берілген тапсырмаларды орындау үшін жеке және заңды тұл ғалардың ұйымдарына барып жұмысын тексеруге құқылы.
2) өтініш берушілерден, өнімнің сәйкестігін растауға қажетті құжаттарды, ақпараттарды талап етуге құқылы.
3) аккредиттелген зертханалармен, сарапшы аудиторлармен белгілі сынау лармен сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуге арналған келісім шарттарға ұсынастар енгізуге құқылы.
4) қажет жағдайда, өндіріс талаптарымен инспекциялық бақылауды зерт теуге қатысуға құқылы.
5) басқаратын субъекттерге сапа бойынша сұрақтарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz