Аяқ алқымының сыртқы жағымен соғу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І тарау . . . 7
1. 1. Футбол тарихы . . . 7
1. 2. Футболдағы дайындық түрлері . . . 14
1. 3. Футболды оқытудың әдістемелік негіздері . . . 17
ІІ-тарау . . . 22
2. 1. Футболдағы үйретудін әдістемелері мен құралдары . . . . 22
2. 2 . Футболдағы жылдам және баяу шабуыл тактикасы . . . 28
- 2. 3 . Қимыл сапасын өлшеу . . . 38
ІІІ-тарау . . . 47
- 3. 1 . Қақпақшы әдісі . . . 47
3. 2. Дене сапасын арттыру тапсырмаларын орындау . . . 62
Қорытынды . . . 68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 70
Қосымша . . . 71
Кіріспе
Футбол - спорттық ойындардың ішінде халық арасында өте сүйікті, ыңғайлы ойын. Салауатты өмір сүруге, денсаулықты шынықтыруда футбол ойынының орны өте маңызды . Сондай -ақ елімізде футболмен жасөспірімдер, ересектер балаларда айналысуда. Қазіргі заманда эйеладамдар да, тек қана жанкүйер болмай олар даосы спорт түрін сүйіп оларда ойнай бастады. Футбол нағыз атлетикалық ойын. Өйткені ойын үстінде ойыншының жылдамдығы, ептілігі, төзімділігі, күш жігері толығымен көрінеді. Футбол ойыны негізі екі команданың күресі, олардың ортақ мақсаты жеңіс болып табылады. Жеңіске деген құлшыныс ойыншылардың бірыңғай қимыл әрекет жасауына олардың арасындағы достықтарының артуына сеп болады. Футболдың тарихы өте тереңде жатыр . Олай айтуымыздың себебі сонау ежелгі гректердің өзінде ақ доп ойнау абырой болып табылған. Футбол ойыны туралы алғашқы деректер сонау 180 жылдан басталады. Гректердің Полукса сөздігінде берілген . Онда екі топ бір- бірінің аланыңа өткізілуі тиіс деп таңылған. Дегенмен кейбір дене тәрбиесі тарихшылары футбол ежелгі Римде басталған деп тұжырымдайды. Ежелгі Римде футболдың атасы горпостун деген ойын болған . Осы ежелгі Римнен Батыс Европа елдеріне таралған делінген . Ағылшындар болса, аяқ доп ойыны Британ аралында 9 ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған деген атау салады. Футбол деген атауы да ағылшынның аяқ және доп деген сөздерінен шығатының сеземіз. 19 ғасырдың ортасында ағылшын колледждері мен университеттерінде аяқ доп ойыны дами бастады. Футбол дене шынықтыру бойынша бағдарлама материалдарының бір бөлімі болып табылады және әр түрлі сапаның эмоционалдық түрі. Осылайша кешенді бақылауды педагогикалық, медико-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық түрлерге және жүйелі, ағынды, циклдық, кезеңдік деп бөлуге болады. Бақылау түрлерінің жүзеге асыруы тиісті кезені мен анықтауға болады, зерттеу нысаны туралы толық ақпарат алу үшін кезең түрлері бойынша бақылауды тиісті түрде жүзеге толық асыру қажет. Осы мақсаттарды алдыға қоя отырып, талқылау түрлері қандай сұрақтарға жауап беретін және әр кезеңде дайындалуда тестілеуді қолдану үшін педагогикалық, медико-биологиялық, әлеуметтік-психологиялық бақылаудың қайсысы қажет екенін анықтау керек. Педагогикалық бақылау футболшылардың спорттық-техникалық дайындығының бағалануы және олардың ағзаларының қызметтік мүмкіндіктерінің, күш-қуатының сәйкестілігіне анықтау мақсатында педагогикалық әсер ету туралы ақпарат алуға жауап береді. Спортшының барлық бапкерлік және жарысушылық іс-әрекеті атап айтқанда берілген спорт түріне қажетті мықты тәжірибе жинақтауына бағытталған. Осы тәжірибелерді жинақтау мөлшерлері бойынша олардың тиімді кұрамы кемелденеді, тәжірибе алу процесінде қозғалыс актілері қалыптасады. Мен оқушылармен бірқатар жұмыстар жүргіземін, аптасына 4 рет футбол бойынша беремін, мысалы допты бір-біріне беру тәжірибесін өңдеу үшін арнайы жаттығулар, қақпаға доп кіргізу, допқа қарсы шығу және кері қайтаруға әрекет ету т. б. Екі адаммен топпен жұмыс жүргізу, балалармен жеке жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін қолданамын, айына 2 рет жалпы дене тәрбиесі дайындығы және футболшылардың техникалық дайындығы бойынша бақылау тестісін жүргіземін, балалардың барлығы бірдей қысқа қашықтыққа, жүгірудің, ұзындыққа және орнында тұрып биіктіктен секірудің, допты бастан асырып қашыққа дәлме-дәл лақтырудың биік дәрежелеріне жете алмай келеді. Әлеуметтік-психологиялық бақылау спортшының ағымдағы қолданбалы мәселелеріне бағытталған психологиялық ерекшеліктерін өлшеп, қадағалауға жауап береді. Оған жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін анықтау (темперамент, мінез-құлық, қабілеті т. б. ), сонымен қатар психологиялық процестерді қадағалау (қабылдау, байқау, көніл қою, ес, ойлау қабілеті т. б. ) және жай-күйі (стресс, ашу-ыза, қатқылдық) кіреді. Аталған барлық процестер түрлі тест жүйелерін қолдану жолымен бағаланады.
Қазіргі заманғы спорттың биік ауыр жүгі, жауапты жарыстардың көптігі, олардың арасындағы бәсеке спорттық шеберліктің қолданылуы, көрнекті спортшылардың спорттық карьераларының қысқаруының жалғасулары керекті болжам жасау үшін қозғалыс сапасының дамуы мүмкіндіктерін және одан нәтиже алу қарқынының өсуінің арақатынасын ескеру қажет.
Жас спортшылардың спорттағы жетістіктерін және алдағы үлгерімдері дәрежесін болжамдарын жасап ұсыну үшін біз шығатын нәтижелердің өсуінің өзара байланыстарына талдау жүргіздік. Ювенильдік және дефинивтік қорытынды бойынша тестілеуде жалпы дайындығы бойынша 82 футболшы 11-12, 13 жастағы шамасындағы тестілеу бағдарламасына келесі тестілер кіреді: биік старттан 30 метрлік жүгіру, орнында тұрып санды жоғары көтеру арқылы 10 сек жүгіру, 3х10 м жүгіру, орнын да тұрып жоғары секіру, 2000м жүгіру. Біздің өсу қарқыны бойынша жұмысымызда анықтағанымыз, бірінші және үшінші жылғы нәтижелер арасындағы қарқын болып табылады. Ювенильдік нәтижеде біз спортшының 11 жаста көсететін қорытындыларын қабылдадық. Дефинивтікте 13 жастағы көрсететін қорытындылары. Футболшылардың түрлі бапкерлік процестер кезеңіндегі жарысу іс-әрекеттері мен практикалық тәжірибелері, ойыншылардың тактикалық іс-әрекет техникасының тиімділігі, жоғары дәрежедегі ойыншылардың іс-әрекеттері көбінесе шапшандық, күш-қуаты сапасының дамуымен маңызды. Футболшшылардың шапшандығы, ептілігін дамыту бағытында дайындалу процестерін басқару үшін екі шарт қажет: дайындық барысында өзінің кеңістігі мен күш-қуаты бойынша футбол спецификасына жауап беретін күрделі жаттығулар пайдалану. Ойыншылардың тиісті бақылау жаттығуларын орындау кезінде қимыл-қозғалыстарының жүйелік қадағалауын ұйымдастыру ерте пайда болуына әкеп соқтырады, атап айтқанда дәлме-дәл дәрежеде үйрену үшін керекті жаттығулардың қайталану саны. Практикада бұл футболшының бақылау жаттығуларында матч барысында жақсы дайындалатын жағдайларға әкеп соқтырады. Түрлі бақылау түрлерін мәселелерін шешуде көмектесетін тәсілдерге талдау жасай отырып оларды кешенді бақылау кезеңдерімен салыстыру керек. Бұл кезеңдер бапкерлік процестерді жүргізу кезеңімен байланысты және олармен сай келеді. Жедел бақылау тестілеуде әр физикалық жаттығулармен жүзеге асады.
Зерттеу объектісі:
Бақылау түрлерінің жүзеге асыруы тиісті кезені мен анықтауға болады, зерттеу нысаны туралы толық ақпарат алу үшін кезең түрлері бойынша бақылауды тиісті түрде жүзеге толық асыру қажет.
Зерттеу пәні: Балаларды, жасөспірімдерді футбол ойнаудын әдіс тәсілін меңгеруді оқытудың негізі .
Зерттеу мақсаты: Педагогикалық бақылау футболшылардың спорттық-техникалық дайындығының бағалануы және олардың ағзаларының қызметтік мүмкіндіктерінің, күш-қуатының сәйкестілігін анықтау мақсатында.
Зерттеудің міндеттері: Футболшшылардың шапшандығы, ептілігін дамыту бағытында дайындалу процестерін басқару. Дайындық барысында өзінің кеңістігі мен күш-қуаты бойынша футбол спецификасына жауап беретін күрделі жаттығулар пайдалану.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Ұсынылып отырған әдіс- тәсілдер арқылы балалар мен жасөспірімдердің, спортта жоғары дәрежелерге жетуін, пәнаралық қатынастар арқылы пәнді меңгертуде оңтайлы ұйымдастыруға болады.
Зерттеу көздері: Рессейлік, Қазақстандық және шетелдік спортшылардың еңбектері, бүгінгі танда дене шынықтыру, футбол салаларында жарық көрген еңбектер.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, дүниетану, дидактика және физиология әдебиеттері, тақырып бойынша теориялық талдау жасау; сабақта және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстарға талдау жасау, эксперимент нәтижелеріне баға беру;
Зерттеудің теориялық және ғылыми жаңалығы:
1. Балалар мен жасөспірімдердің тұлғалық даму ерекшелігіне психологиялық көзқарас бағытында анықтама берілді;
2. Жасөспірімдердің тұлғалық даму ерекшеліктерін анықтау мүмкіндіктерінің пәнді көрнекі құралдар арқылы меңгерту белсенділік іс-әрекетінде негізделді;
Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеу барысында жинақталған материалдарды, мектеп мұғалімдері өз тәжірибесінде пайдалануға болады;
Зерттеу кезендері:
1-ші кезеңде:
- Зерттеу мәселесі бойыншы материалдар жиналды;
- Ғылыми апарат анықталды;
2-ші кезенде:
- Зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді;
- Сараптама жасалды;
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және әдебиет тізімі мен қосымшадан тұрады.
1. 1. Футбол тарихы
Футбол жер бетінде ең кен тараған және ең сүйікті спорт ойындарының бірі деп бекерден-бекер айтылмаған. Спортшылар мен жанкүйерлерді футболдың қарапайымдылығымен тартымдылығы, ойыншылардың шеберлігімен қиынынан қиыстырып жол таба білуі өзіне ерекше тартады. Қазіргі футболдың тарихы ерте замандардан басталады. Футболға ұқсас ойындарды ежелгі дүниемен ертедегі шығыс елдерінде біздің жыл санауымызға дейін де ойнағаны белгілі болған. Ойынның атауы ағылшынның «фут» - «аяқ»және «бол» -«доп»деген сөздерінен шыққан. Қазіргі футболда қолданылып жүрген ережелер осыдан жүз жылдай бұры шықты және ешқандай өзгеріске ұшырамады десе де болады. Футбол ойыны жылдамдықты, икемділікті, шыдамдылықты, қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін дамытады. Ойынның негізгі ережелері. Футболды әрқайсысында он бір ойыншысы бар екі команда ойнайды. Ойын ұзындығы 100-110м, екі 60-75м болатын төрт бұрышты тегіс көгалдарды өткізіледі. Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барсында өздерінің тандап алған шабуылдау және қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шенберінде техникалық-тактикалық тәсілдермен қимылдарды пайдалана отырып, қарсыластарының қакпасына көбірек доп соғуды, сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді. Ойыншыларға аланда қолын допқа тигізуге тиым салынады. Допты қолмен ұстауға немесе қағуға тек қақпашының ғана айып аланының шегінде еркі бар.
Ойынның ұзақтығы-әрқайсысы 45мин болтын екі кезендік ойын.
Мектеп оқушыларында оның ұзақтығы, ойыншылардың саны, жасы және дайындығына байланысты әр түрлі болады.
Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы . Доппен айла-тәсілдер жасау футболдың негізгі мәні. Футболшылар ойнай жүріп доптв алып жүруден, тоқтатуда, оны тебуден жарысқан секілді болады. Футболшының алаңда алға қарай жүруге білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адамдармен жанға қарай ауыс білуі, жақсы секіруә, өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алуы қажет. Допты тебу. Допты тебу-футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты(домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басынның ішкі, сыртқы жандарымен, аяқтың орта, сыртқы, ішкі үстімен, ұшымен, өкшемен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. Допты соғу арқылы қарсыластардың қақпасына доп енгізіледі, серігіне беріледі.
Футболшылар допты аяқмен және баспен соғады. Допты табанның ішкі жағымен соғу-барлық соғушылардың ішіндегі нысанаға дәл тигізі үшін ең қолайлысы. Орнында тұрып соққанда денені доптың үстіне қарай еңкейтіп, тебетін аяқты артқа қарай тістеу қажет. Мұндай соққыны екпін алып орындауға болады. Допты тепкенде негізгі күш доптың төменгі шетіне түсетін болса, ол жоғары қарай шыр айналып ұшады. Егер аяқтың алқымымен ыңғайлырақ болса, онда допты аяқ басының ортасынмен, ішкі, сыртқы алқымымен соғуға болады. Алқымның ортасымен соғу доптың ұшу шапшандығына әсер етеді. Ол кепін алғаннан кеін орындалады. Салмақ түсетін аяқ доптың жанына қойылады. Тебетін аяқтың ұшы жазылады. Соғу кезінде тебетін аяқ жерге тимес үшін, ойыншы салмақ түсетін аяғының ұшына көтеріледі. Алқымның сыртқы бөлігімен соғу үшін сілтеу кезінде тебетін аяқтың ұшын ішке қарай бұру керек. Алқымның ішкі бөлігімен соғу -ең көп тарған әдіс. Ол алқымның орта бөлігімен тепкендегідей болады. Бірақ соғудың дәл алдындағы кезенде аяқтың ұшын допқа бағыттайды. Пеле жарқын жетістікке жетті. Пеледен сен осындай жетістіктерге қалай жеттін деп сұрағанда ол :көпжылдық допқа деген сүйспеншілігімнің арқасында деп жауап берді. Сондықтан фудболшылар неғұрлым ертерек бастап, нақты мақсат қоя білген жөн . Футбол командасының ең бір шешілмей келе жатқан мәселенің бірі ойыншыларға доптын жетіспеуінде. Бірақта әдісті жетілдіру үшін бұл сылтау емес . Есепке келсек бүкіл ойын бойы әр ойыншы орта есеппен доппен 2-3 мин ал жолдастық кездесулермен сәл жоғары. Сондықтан техникалық құралдарды үнемі өсіріп (жетілдіріп) отырған жөн . Техникалық дайындықта жаттығуларды дұрыс ұйымдастырып көп әсер алу керек. Мысалы: Команданың бір бөлігі арнайы техникалық жаттығуларды доппен орындаса . Келесі бөлім дене дайындығымен айналысады. Арнайы техникалық дайындықта бірнеше жаттығулар ұсынылады . Бірінші қатарда шеңбер (круг) біреу ортада. Келісілген шарт бойынша ортадағы ойыншы допты береді ол ойыншы допты қайтарады. Осы форманы әртүрлі орындауға болады. Мысалы (допты тоқтата беру) Немесе үнемі қозғалыста жүгіріп орындау т. б.
2) Сол шенберде тұрып допты аяқпен беріп баспен ұру. (допқа бірақ рет тиіп, немесе тоқтатып қайта беру)
3) Жартылай шеңберде тұрып өткен тақырыптын техникасын қолданып әртүрлі финт жасау.
4) Қарама қарсы екі қатарда тұрып әдістін әртүрлі элементтерін орындау.
5) Үш немесе төрт бұрышта тұрып әртүрлі техникалық элементтерді орындау, доппен жүру, тоқтау, тебу, баспен, аяқпен (он-сол) беру финттар жасау . Бірлесіп әртүрлі әрекеттер жасау т. б.
6) допты аяқпен баспен беру, алып жүру, тоқтау . әртүрлі қарқында келген допты тоқтату.
10) 3-і қапаға қарсы 20-25 метр және 5-7 метрге бір-бірімен бір сызықта екі ойыншы қорғаушы допты 10-12 метр қалғанда ортадағы ойыншы қорғаушылардын орнына жүгіреді.
Допты тоқтату кезінде ең бастысы-ол ойыншының аяғынан кері серпіліп кетпеуі.
Домалап келе жатқан допты табанның ішкі жағымен тоқтатқанда дененің салмағы тірейтін аяққа түседі. Тоқтататын аяқ шамалы ғана ілгері шығарылады да, допқа тиген мезгілде тірейтін аяқ деңгейіне дейін кейін шегеріледі. Доптың инерциялық куші азайып, тоқтатылады. Домалап келе жатқан допты табанмен тоқтатқанда допты қабылдайтын тізе буынынан бүгілген аяқ допқа қарай шығарылады. Аяқтың ұшы көтеріңкі, өкше жерден 5-10см биіктікке көтерілген қалыпта болады. Доппен түйіскенде қабылдаушы аяқ артқа қарай шегеріледі, сөйтіп доптың инерциялық күші азайтылады.
Жоғарыдан түсіп келе жатқан допты табанмен де, табанның ішкі жағымен де тоқтатуға болады.
Допты алып жүру. Допты алма-кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді.
Допты тартып алу-өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқада тәсілді қолданыға болады.
Қақпашының ойыны. Қақпашы-командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол аландағы ойыншылардын негізгі тәсілдерімен допты қағып алу, қағып жібері, ойынға қосу тәсілдерін. Футбол - спорттық ойын түрі, аттауы ағылшын тілінің foot - аяқ, ball - доп деген сөздерінен шыққан. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік шаршы алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см. Ойынға 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар, 45 минуттық екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz