Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

(5-6 ЖАС)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
КІРІСПЕ . . .: І ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 2. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы . . .
:
КІРІСПЕ . . .: ІІ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ . . .
:
КІРІСПЕ . . .:
  1. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын іс-әрекет үрдісінде қалыптастыру . . .
:
КІРІСПЕ . . .:
  1. Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және оның нәтижелері . . .
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . .
:

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында дүниетаным мәселесі ең негізгі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оған себеп - адам, қоғам, табиғат заңдылығымен санаспау салдарынан туған қарама-қайшылықтар.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде оқытуға, білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымзды танып-білуге мол мүмкіндік туғызды. Ата-бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту халық қазынасы ауыз әдебиеті, балаларға арналған көркем әдеби шығармалардлы кеңінен пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Бұл жөнінде ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде: « . . . біз тарихи мүмкіндіктерді, әдеби-мәдени мұраларды таныта тәрбиелеуді мектепке дейінгі кезеңнен бастап, үзіліссіз жүзеге асыруға тиіспіз. Осы арқылы жастарды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеуге тиіспіз», - дей келе, «бәріміз де бала кезімізде халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай мұрасымен сусындап өттік. Қазақ ертегілерін, батырлар жырларын оқымаған қазақ баласы жоқ шығар деп есептеймін», - деген болатын [1] .

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс мазмұнын, оның әдіс-тәсілдерін жетілдіруді жас ұрпақты болашақ өмірге даярлаумен тығыз ұштастыра жүргізу талабын қойды [2] . Соған сәйкес, тәрбиенің алғашқы негіздерін беретін мектепке дейінгі ұйымдардың ұстаз-педагогтарына, ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Өйткені жан-жақты жетілген жеке адамды қалыптастырудың іргетасы отбасынан, тәрбие ұйымдарынан тәлім-тәрбие арқылы қаланатыны белгілі.

Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де, реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді. Мұнда көздеген ең басты мәселелердің бірі - болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарында, ҚР «Білім» туралы Заңында, Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Тіл туралы» Заңдарында т. б. атап көретілген [3, 4, 5] .

Балаға өз ұлтының мәдениетін меңгерту халықтың ауыз әдебиеті: ер-тегілер, әндер, аңыздар және т. б. арқылы жүзеге асады. Балаға қоршаған ортаны танытуда, олардың арасындағы байланыстар мен заңдылықтарды қарапайым да тұжырымды етіп ұғындыруда, бала табиғаты мен түсінігіне тән құнарлы қазынаны халық ауыз әдебиетінен табуға болады.

Халық ауыз әдебиетінің дүниетанымдық негізі, тәлім-тәрбиелік маңызы туралы зерттеу дәстүрі ертеде қалыптасқаны белгілі. Ертеде қазақ даласындағы ұлы ғұламалар (Әл -Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари т. б. ), күміс көмей, жез таңдай ақын-жыраулар (Шалкиіз, Досмағамбет, Бұхар жырау т. б. ), ұлы ағартушылар (Шоқан, Ыбырай, Абай) болашақ ұрпақты имандылық, адалдық, шыншылдық сияқты қасиеттерге тәрбиелеуге талпынған және халық даналығын жоғары бағалаған [ 13, 15, 16, 19, 20, 21 ] .

Ұлттық дүниетанымның арқауы болып табылатын халық тағылымының мән-маңызы мен құндылығын кеңес өкіметі тұсында көптеген ғалымдар (Е. Н. Волков, А. Э. Измайлов, К. Пирлиев, Я. И. Ханбиков, Е. Л. Христова т. б. ) зерттеген [16, 17, 18, 19, 20] .

Қазақ этнопедагогикасының тәлімдік тағылымдары, құнды идеялары, әдіс-тәсілдері, амал-жолдары, құралдары Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың, С. Ұзақбаеваның, К. Қожахметованың, А. Мұхамбаеваның, Е. Сағындықов пен К. Сейсенбаевтың, И. Оршыбековтың және т. б. еңбектерінде жан-жақты баяндалады [] .

Зерттеліп отырған мәселенің әдістемелік негізін дәлелдеуде көптеген ғалым-жазушылардың шығармалары (М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Ш. Ахметов, М. Әлімбаев, Ә. Табылдиев т. б. ) философтар (Ш. В. Алексеев, А. А. Айталиев, Ә. Нысанбаев, О. Сегізбаев, И. Т. Фролов, Ш. Шүлембаев, Ғ. Есімов т. б. ) елеулі септігін тигізді [] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі 60-шы жылдардан бастап қолға алына бастады. Э. И. Моносзонның басшылығындағы ғалымдар балалардың дүниетанымын қалыптастыру мақсатында философия, этика, жаратылыстану ғылымдарының негізінде дүниетаным түсінігінің ұғымдық, категориялық аппараттарына сипаттама беріп, оның мазмұны мен әдістемесін жеке пәндер мен пәнаралық байланыстар арқылы айқындауға талпынса, Н. А. Менчинскаяның жетекшілігіндегі ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың психологиялық аспектісін зерттегенде дүниетанымды жеке тұлғаның бір құрылымы ретінде қарастырып, оның басқа құрылымдармен байланысын, әсіресе, баланың дүниетаным жөніндегі бағыт-бағдарымен тығыз ұштасатындығын дәлелдеген [43] . Дүниетанымды қалыптастыруда кіріккен сабақтардың рөлін, мүмкіндіктерін айқындаған.

Бұл мәселеге бірқатар психологтар да аса мән берген. Мәселен, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, А. В. Запорожец балабақшаның жоғарғы топтары мен мектеп жасына дейінгі балалардың таным әрекеттері мүмкіндіктерін анықтаған [ 44, 45, 46, 47] .

Қазақстан Республикасы көлемінде халық ауыз әдебиетінің дамуы туралы Ш. Ахметов, С. Қалиев, Ә. Табылдиев, К. Нұғыбаева, Б. Ыбырайымов, С. Ахметова, К. Сейсембаев, Н. Албытова т. б. зерттеулерінде әдеби шығармаларды пайдалану тәсілдері жөнінде келелі ой қозғағанына көз жеткіздік [ 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55] .

Қазақстандағы бірқатар ғалымдардың ғылыми зерттеу нәтижесінде көптеген еңбектері жарияланып, қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелік-білімдік үрдісінде халық ауыз әдебиеті арқылы келешек жастарды тәрбиелеу мәселесі жүзеге асырылып отыр. Атап айтсақ, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жөнінде (Б. Баймұратова, Р. Аралбаева, А. Бакреденова, К. Метербаева) [56, 57, 58, 59], ойын әрекеті (М. Турскельдина, Т. Иманбеков, Ұ. Төленова) [60, 61, 62, 63], айналамен таныстыру, экологиялық тәрбие және денсаулықты сақтау (Р. Керімбаева, А. Манкеш, Н. Сайлауова, Ш. Сұлтангазиева) [64, 65, 66, 67], рухани-адамгершілік (Ә. Әмірова, Р. Сыздық, М. Асылбаева, А. Казетова) [68, 69, 70, 71], мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі (Т. Левченко, Ф. Жұмабекова, Р. Нұрахметова, Ж. Ақпарова) [72, 73, 74, 75], еңбек тәрбиесі (Г. Менлібекова, С. Жиенбаева, Ш. Сапарбаева) [76, 77, 78], баланы мектепке дайындау (К. Сейсенбаев, М. Сәтімбекова, Ж. Рысбаева, Ғ. Таубаева ) [79, 80, 81, 82] .

Зерттеу мәселесі саласында жарық көрген еңбектерге жасаған талдау мектеп жасына дейінгі балалардың тұтастай дүниетанымын қалыптастыруда халық ауыз әдебиетін пайдалану мәселесі теория мен практикада әлі де болса өз деңгейінде ашылмағанын көрсетеді.

Егемен елдің болашағы дүниетанымы дұрыс қалыптасқан ұрпақка бай-ланысты болғандықтан, бұл мәселеге мектепке дейінгі кезеңнен бастап аса мән берілгені жөн.

Сонымен, халық ауыз әдебиетінің мүмкіндіктері мен оларды тәрбиелік-білімдік үрдісте мектеп жасына дейінгі балалардың тұтастай дүниетанымын қалыптастыру мақсатында жүйелі пайдаланбау арасындағы; халық ауыз әдебиетін қазіргі өмір талаптарына сай балалардың дүниетанымын қалыптастыру мақсатында пайдалану қажеттігі мен педагогика ғылымында бұл мәселенің белгілі деңгейде зерттелмеуі арасындағы; балалардың тұтастай дүниетанымын халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастырүды тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттігі мен оның практика жүзінде іске асырылмауы арасындағы қайшылықтар айқын байқалады. Педагогикалық үрдісте халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру біздің зерттеу мәселелемізді айқындап берді және тақырыпты « Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны: тәрбиелік-білімдік үрдісте мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру.

Зерттеу пәні: халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің мақсаты: халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тұтастай дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

Зерттеу міндеттері:

- халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тұтастай дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;

- мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыруда халық ауыз әдебиеті мүмкіндіктерімен шарттарын айқындау;

- балалардың тұтастай дүниетанымын қалыптастыруда халық ауыз әдебиетін пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеріп, дәлелдеу.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, Конституциясы,
қаулы-қарарлары; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым тұжырымдамалары, бағдарламалары, дүниетанымды қалыптастыру туралы философ, психолог-педагог және әдебиетшілер еңбектері; стандарт, бағдарламалар мен оқу құралдары; тәрбиешілердің озат іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психо-логиялық, педагогикалық, тарихи-этнографиялық әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бақылау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу; озат педагогтардың іс-тәжірибелерімен танысу және оларды сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру, оларды математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеу базасы: Алматы қаласы №18 мектепке дейінгі ұйымның мектепалды тобы. Эксперментке 62 бала (бақылау тобы-30 бала, эксперименттік топ - 32 бала) қатысты.

Зерттеудің негізгі кезеңдері :

Бірінші кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті арқылы дүниетанымын қалыптастыру мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және арнайы зерттеу еңбектеріне, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім бағдарламалары мен тұжырымдамаларына, Жалпыға міндетті білім беру стандартына (мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту), т. б әдебиеттерге шолу жасалынды. Зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми зерттеу аппараты құрылды.

Екінші кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негіздері, балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық шарттары мен жолдары айқындалды.

Үшінші кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті арқылы дүниетанымын қалыптастырудың жолдары тәжірибеде анықталып, оны математикалық тұрғыда өңделіп, дәлелденді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы анықталып, мүмкіндіктері мен шарттары айқындалды; балалардың дүниетанымын қалыптастыруда халық ауыз әдебиетін пайдаланудың тиімділігі дәлелденді.

Зерттеудің практикалық құндылығы: мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті мен күннің екінші жартысында өткізілетін балалардың жас ерекшелігіне қарай шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында рольдерді сахналау, кейіптендіруді, оны өмірмен байланыстыруды, баланың барлық іс - әрекетінде ойын, сабақ, еңбек, серуен кезінде ұйымдастыруға болады.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы туралы сөз болады.

«Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері » деп аталатын бірінші тарауда мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негіздері, сонымен қатар балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы туралы баяндалады.

«Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары » деп аталатын екінші тарауда халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын іс-әрекет үрдісінде қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері, сондай-ақ, зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық тәжірибені ұйымдастырып, оны математикалық тұрғыда өңделіп, дәлелденді.

Қорытындыда зерттеу тақырыбына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (1999), Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің тұжырымдамалары мен қаулылары, философиялық, психологиялық, педагогикалық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудағы тәрбие салалары бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда білімдік тәрбиелік үдерісінде пайдаланудың жолдары мен әдіс-тәсілдері анықталды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және күннің екінші жартысында кешенді тәрбие жұмысын жүргізу мақсатында арнайы семинар, педагогикалық кеңестер жоспарланып, ұйымдастырылды, оларға педагогикалық кеңестер берілді.

Сонымен қатар, тәжірибе барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жәге күннің екінші жартысында, халық ауыз әдебиетін қажетіне қарай пайдалану, өзіндік қорытынды жасау, шығармашылық қабілетін дамыту, рольдерді сахналау, кейіптендіруде, оны өмірмен байланыстыру, балалардың барлық іс-әрекетінде жүргізілгендігі туралы анықталып дәлелденді.

І ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ теориялық НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Дүниетанымды қоғамдық және жеке сананың ерекше формасы, идеологиялық қондырғының негізгі элементі ретінде сипаттай келе, жеке және қоғамдық сана интеграциясы тұлға санасының жоғары формасы болып табылатын жеке көзқарас пен наным-сенім жүйесінің қалыптасу үрдісі мен нәтижесінде пайда болатынын атап көрсетеді. Осы арқылы адам дүние көріністерін ғылыми жағынан танып-білуге қадам басады. Оның деңгейі өркендеп-дамудың сол кезеңінде қоғам қол жеткізген қоғамдық сананың даму деңгейіне байланысты болады. Қарапайым сана мен дүниетаным деңгейінің арасын анық бөле отырып, дүниетанымнын тууы мен одан әрі дамуы адамдардың бірлесе қоғамдық іс-әрекет етудегі қабілет-қарымының нәтижесі болып табылатынын атап көрсетеді. «Адамдардың тұрмыс-жағдайы, қоғамдық қарым-қатынастары, қоғамдық тұрмыс-тіршілігіне байланысты олардың ұғым-түсінігі, көзқарастары, бір сөзбен айтқанда, сана-сезімі де өзгеретін пайымдау үшін ерекше терең ақыл-ой қажет емес шығар» деген пікір айтады. Қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаны танып-білуді айқындайтын белгілі бір идеялардың пайда болып, адамның оған деген көзқарасы мен іс-әрекеттерінің ортақ бағытының қалыптасуы қоғамдық-экономикалық құрылыс арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан, қазақстандық философтар ғылыми дүниетанымның ықпалды-белсенді сипаты, оның қоршаған ортаны қалыптастыру мен өзгертудегі басым рөлі туралы айта келе, адам дүниетанымның негізі болып табылатын және жүйелі білім алу нәтижесінде қол жеткізілетін ғылыми білімді игеру дүниетанымды қалыптастырудың маңызды жолы екенін атап көрсетті. Дүниенің материалдығы туралы ғылыми білімді меңгеру адамға құбылыстардың түп-төркініне үңілуге, олардың даму заңдылықтарын танып-білуге мүмкіндік береді. Сол кітапта жастарға белгілі бір шешім қабылдағанда «шындығына әбден көз жеткен идеяларға» сүйену жөнінде ақыл-кеңес берді.

Қарапайым санада тек тұрмыс-тіршілік фактілерінің ғана көрініс беруі, адамдардың эмпирикалық тәжірибесі нәтижесінде, ғылыми емес, табиғат және қоғамдық даму заңдылықтары арасындағы терең байланысты бейнелей алмайды. Олар «құбылыстардың сыртқы көрінісін ғана» сипаттайтын байланыссыз, жүйесіз ғылыми білімдерге сүйенеді.

Жан-жақты және үйлесімді дамыған адам қалыптастыру бағдарламасын ұсына отырып, философ ғалымдар қоршаған ортаны тану адамның эмоционалдық көңіл-күйі, сезімімен, оның іс-қызметі және тәжірибесімен бірлікте жүзеге асатынын көрсетті. «Сезім әрекетінсіз адам шындыққа жетуге ұмтылған емес, ұмтылмайды да». Адамның шындыққа жеке қарым-катынасы оның өз алдына қойған және ішкі себептерден туындайтын әрекеттерді жасау арқылы жетуге ұмтылған мақсаттарымен тығыз байланысты. Сондықтан, адамның жан-жақты даму қажеттілігі өндіріс мұқтажынан ғана емес, оның өзі мен еңбегінің мән-маңызынан туындайды.

Адам қалыптасқан жағдай мен тәрбиенің ырықсыз жемісі емес, адам жағдайды қандай шамада тудырса, жағдай да оны сондай деңгейде қалыптастырады деген тұжырым жасауға болады. Сыртқы табиғатқа әсер етіп, өзгерте отырып, адам өз жеке басының табиғатын да өзгертеді. Осыдан келіп жан-жақты дамыған тұлғаны зерттеуде ерекше кешенді әдіс-амалдардың қажеттігі туындайды.

Дүниетаным - адамның іс-әрекет, қарым-катынасының дүниетанымдық идеялармен үйлесуінен, яғни адамгершілік негіздерден бастау алады. Ж. Әбділдин дүниетанымды қалыптастыру негізінен өнегені, яғни идеалды жақындата түсуге бағытталған іс-қимылға деген көзқарасты меңгеру арқылы жүзеге асады деп санайды. Адамның қоғамдық келбетін бағалауға маңызды мән бере келе Ә. Нысанбаев: « . . . Нақтылы аламның нақты ойы мен сезімі ол - бұл адамдардың қимыл-қарекеті сондыктан адамның қоғамдық іс-әрекеті, яғни әлеуметтік факті дегенді қосқан жөн» деп, адамның қалыптасу деңгейі мен тәрбие тиімділігінің өлшемдерін атап көрсетті.

Сөйтіп, диалектикалық материализм ілімінің негізін салушылар объективтік алғышарттарды зерттеп, әлеуметтік қоғамда жаңа, жан-жақты дамыған және шығармашылық жағынан белсенді адамды қалыптастыру тәсілдері мен бағыттарын анықтай отырып, жасөспірімдерге гуманистік тәрбие берудің, соның ішінде ең алдымен адамгершілік және эстетикалық идеалдарды, сезім мен ойлау мәдениетін, адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениетін орнықтырудың орасан зор маңызына жете назар аударды. Ғылыми дүниетанымның мәнін айқындап, әсіресе олардың философиялық, әлеуметтік-экономикалық және адамгершілік негіздерін баса көрсетті.

Философиялық еңбектерде адамзат баласының ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымын жинақтап, қорытындылаушы бірден-бір ғылым ретіндегі тарихи үрдістерге сәйкес, ғылыми деректерге негізделген дүниетаным ғана қарастырылады. Дүниетанымды әр тұрғыда түсіндіретін «диалектикалық-материалистік», «маркстік-лениндік» терминдері синоним ретінде қолданылады. Философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде бұл терминдердің бәрі қолданылды және олардың айырмашылығына емес, бірлігіне баса назар аударылды. Сонымен қатар, кез келген дамудың ең жалпы заңдылықтары туралы түсінік беретін басты, байланыстырушы желі ретінде дүниетанымды авторлар объективті жағынан - ғылыми, таным, тәсілі жағынан - диалектикалық-материалистік деп саралап, сараптайды.

Дүниетанымды басқа, ғылыми емес барлық көзқарастардан ерекшелеп көрсететін белгілері мыналар болып табылады: ғылымлылығы, идеялық бағыт-бағдары, пәрменділігі мен жаңашылдығы, қоғамдық құбылыстарға демократиялылығы, пікір сан алуандығы саласымен ерекшеленеді.

Жеке тұлғаның дүниетанымдық қасиеттерін зерттеуде әрбір ғылым бұл ұғымның әсіресе өз зерттеу пәнінің ауқымына енетін жақтарына баса назар аударады.

Көптеген философтар (И. К. Журавлев, А. Н. Леонтьев, А. Г. Спиркин, П. Н. Федосеев, Ә. Нысанбаев, Ж. Әбділдин, Д. Кішібеков т. б. ) дүниетаным құрылымын, ең алдымен, оның негізгі формаларын - қоғамдық сана формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Олардың еңбектеріндегі сананың шығу тегі мен дамуы тұрғысынан баяндалған теориялық қағидалар мен оның жеке адамның дүниетанымын қалыптастырудағы құрылымы дүниетаным проблемасы саласында маңызды орын алады. Сонымен қатар, соңғы жылдары ерекше рухани біліктілік ретіндегі дүниетанымға қатысты нәрсенің бәрін зерттеп-білуге деген ынта-ықылас артып отыр.

Дүниетаным гносеологиялық тұрғыдан қоршаған ортаның адам санасынан көрініс табуы ретінде қатынастардың жиынтығы арқылы анықталатынын атап көрсетеді. Бұның нақ өзі адамның өмірлік іс-әрекетінің шынайы негізі болып табылады. Сондықтан, дүниетаным тек субъект-объективті ғана емес. субъект-субъективті қарым-қатынастардың, яғни «адам-дүние» қатынасының ғана емес, адам көзқарасының да көрінісі, сондай-ақ ол жеке тұлғаның белсенділігімен қатар оның іс-әрекетінің бағыт-бағдарын да білдіреді. Басқаша айтқанда, адам дүниетанымының функционалды орталығы «білім емес, сана болып табылады, ол адамның негізгі анықтаушы, оның іс-қызметі мен тұрмысының мәнін сипаттайды».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Адамгершілік тәрбиесі арқылы балаларды рухани тәрбиенің негізі қаланад
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz