Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың түсінігі


Мазмұны
Кіріспе1
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама4
1. 1Жұмыссыздықтың пайда болуы және түрлері4
1. 2 Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары7
2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары16
2. 1 Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі16
2. 2 «Жол картасы» - жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы45
2. 3 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелер50
Қорытынды54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі56
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Мемлекет басшысы өзiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еңбек нарығының тиiмдiлiгiн арттыру, аз қамтылған, жұмыссыз мен өз бетiнше жұмыспен айналысушы халықты жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларына тарту мiндеттерiн қойды [1] .
Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Әлеуметтiк-экономикалық өзгеру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698, 8 мыңнан 8141, 4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi 2001 жылғы 12, 8 %-дан 2010 жылдың соңында 5, 5 %-ға дейін төмендедi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнайы шараларын әзiрлеу және iске асыру әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiне байланысты уақытша экономикалық қиындық жылдары да (2008 - 2010 жылдар) жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.
Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеудi және iске асыруды талап етедi.
Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де бүгінгі таңдағы еңбек нарығында өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны жасырын емес. Мамандық бойынша тәжірибенің жоқтығы мен еңбек нарығындағы біліктілік бәсекесінің аздығы - жастар арасындағы жұмыссыздықтың пайда болуының басты себептері.
Жастар - қоғам дамуының маңызды бөлігіне жатады. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің басты оң игіліктеріміз-халқымыздың санасы. Біз ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар, соның ішінде болашағы мол - жастар. Осы қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз», - деп белгіленегендей еліміз де жастардың жұмыссыз қалуына қарсы күресті тиімді жүргізуіміз қажет [2] .
Жастар қоғамдық қатынаста, материалды өндірісте және рухани құндылықта маңызды орын алады. Жастардың қоғамдағы жағдай мен оған қатысу деңгейі қоғам мен мемлекеттің тікелей іс-әрекетіне байланысты. Яғни мемлекеттік жастар саясаты мен жастармен әлеуметтік жұмыс туралы сөз қозғап отырмыз.
Жастар - бұл кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық әлеуеті. Еліміздің қазіргі жастары жаңа жағдайда - тәуелсіздік алып, өсіп өркендеген, демократиялық реформалар мен нарықтық түрленуден соң тәрбиеленіп, ер жетті. Сондықтан да жастар саясатына қатысты мәселелерді шешуде мазмұны жағынан принципті түрде алғанда жаңартылған, қазіргі заманауи тәсілдерге сәйкестікті талап етеді. Мемлекеттік жастар саясаты - әрбір жастың Қазақстан Республикасының аумағында жарамды Ата Заңмен, өзге де нормативті құқықтық актілермен бекітілген, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке бас еркіндігі мен құқығын мойындауға негізделеді.
Жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің артуы, саналы құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруы, олардың өмірлік көзқарастарын қайта қарауы кезінде, өмірлік қағидасы күшті, рухты болып бекітілуі мемлекеттік жастар саясатының алға қойған жұмысы - мемлекеттік үкіметтік органдардың және азаматтық қоғамның өзге де институттарының басым бағыттарының бірі саналады.
Әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне тұрақты еңбекпен қамтамасыз ету жатады. Халықты еңбекпен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік саясаттың бағыты лайықты жұмыс орнында қызмет ету мүмкіндіктерін кеңейту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Халықты жұмыспен қамту барысында ықпал жасау, келесі шаралармен қамтамасыз етіледі: әлеуметтік жұмыс орындарын құру, квалификация мен қайта даярлауды жоғарылату, қоғамдық жұмыстар, жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік қызметіне ашуда мүмкіндік беруге материалдық көмек көрсету.
Мәліметтерге келсек, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 16, 4 млн адамға жетсе, оның 48 пайыздан астамы еңбекпен қамтылған. Соның ішінде жалпы халық санындағы жалдамалы жұмысшылардың үлесі - 31, 7 пайызды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 16, 5 пайызды құрайды. 2015 жылға қарай аталған бағдарламамен 1, 5 млн халықты қамту жоспарланған. Соның арқасында еліміздегі кедейшілік деңгейін 6 пайызға төмендетіп, жұмыссыздық көрсеткішін 5, 5 пайыздан асырмау міндеті қойылып отыр. ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, республикадағы жұмыссыздықтың қазіргі деңгейі де 5, 5 пайыздың шамасында [1] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларынашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
-жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
-жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары
-«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттелу аймағы- көптеген нормативті актілерге, соның ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Нурғалиева Е. Н, Жұмағұлов, Жанпейісов, Ахметова А., Ахметова Г., сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып дипломдық жұмысты талдау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы- дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші тарауда- халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама, жұмыссыздықтың пайда болуы және түрлері, себептері, жұмыссыздықпен күресу, жұмыспен халықты қамту, жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары туралы негізгі сұрақтарды қарастырамыз.
Екінші тарауда- Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, 1Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі, «Жол картасы» - жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелері қарастырылған
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама
1. 1Жұмыссыздықтың пайда болуы және түрлері
Жұмыссыздық -бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халыұтың өндірісте жұмыспен қамтымауы.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз атанады:
- Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол - жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам, .
- Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
- Адамды жұмытан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.
- Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.
Жұмыссыздық - еңбекшілердің бір бөлігінің жұмыс таппай, «артық» халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл - капитал құрылысқа тән құбылыс. Ол К. Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының әрекететуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты болып табылады. «Артық» адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айрылмайтын тұрақты құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр етеді. Мыс., Қазақстанда 1993 жылдан 2003 ж. дейін жұмысшылар саны 4 есе, ал капитал құны 12 есе өсті.
Өзгермелі капиталдың бір шама тез азаюы, көбінесе өндрістегі ғылыми-техникалық революцияға байланысты болды. Бұл еңбекке деген сұранымның абсолют азаюын да туғызады. Оның үстіне жұмыс күні неғұрлым ұзақ және жұмыстың қауырттылығы неғұрлым күшті болса, қолда бар өндіріс құрал-жабдығын жұмысқа қосуға қажетті жалдама еңбек адамы соғұрлым аз керек болады. Жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуы өндірісте қалған жұмысшыларды капиталистер қойған қанау шарттарына амалсыздан көнуіне мәжбүр етеді. Мұның бәрі жұмысшы табының тұрмыс дәрежесін бұрынғыдан нашартылады. «Артық» еңбекші халық капитализм қоранудың жемісі, осы қорланудың құралына, тіптен капитализмнің дамуы мен өмір сүруінің шартына айналады. Жаппай жұмыссыздық болуы әрбір жұмыс істейтін жұмысшыға жұмыссыздардың қатарына шығып қалу қорқынышын туғызызады. Капитализм бұл қорқынышты пайдаланады, жұмыссыздық неғұрлым көп болса, капитал жұмысшыларға соғұрлым күшті қысым жасайды. Капитализм қоғамда жұмыссыздықтың екі нақты мәні бар. Капиталистер үшін ол - арзан, көбінесе құқықсыз жұмыс күшінің қоры, бүкіл жұмысшы табын қанауды күшейтудің құралы, капитализм экономиканың дамуы мен өмір сүруінің қажетті шарты. Еңбекшілер үшін жұмыссыздық - тек материалдық, моральдық жағынан зардап шегу, қорлық көру, жасына жетпей қартаю. Формасы жағынан жұмыссыздық күнделікті, жасырын, тоқыраулы жұмыссыздық болы бөлінеді. Жұмыссыздардың дәл есебін шығару қиын. Буржуазиялық саяси экономия мен статистикада қолданылып жүрген жұмыссыздықтың формаларын анықтау методологиясы, сондай-ақ «артық» адамдарды есепке алу әдісі жұмыссыздықтың дәл мөлшерін әдейі азайтып көрсетеді. Буржуазияшыл экономитсер жұмысшылардың жұмыссыз жүрген мерзіміне қарай «толық» және «ішінара» жұмыссыздық деп ажыратылады. Мыс., АҚШ-та бір апта немесе онан көп уақыт жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде бір сағат та жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды [3] .
Жұмыссыздық - капиталистік экономиканың ажырамас серігі. Экономика жағынан дамыған капиталистік елдердің бәрін де «артық» еңбек ресурстарының кетеді.
Жұмыссыздық түрлері. көлемі қарастырылып отырған кезеңде не бір дәрежеде сақталып, не кейбір жылдары тіпті көбейтіп
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын зерттеу барысында төрт бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:
• Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына, тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.
• Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.
• Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.
• Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша) жұмыссыз қалады. [4]
Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін - жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы бар. Біріншісі - экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.
Келесі фактор еңбеккердің жұмыс күшіне ену деңгейі, жұмыс күшінің арту деңгейі жеделдеген сайын жұмыссыздықтың натуралды деңгейі жоғарылайды.
Енді жұмыспен толық қамтылғанда пайда болған жұмыссыздықты - құрылымдық жұмыссыздық деп атаймыз. Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыссыздық еңбек нарығын құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды жұмыссыздық деңгейімен бара-бар.
Ал циклдық жұмыссыздық - құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмысын толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.
Ымыраға келмеушілік - еңбек нарығының әрдайым өзгерістерге болуынан туынадатын жайт. Кейбір адамдар зейнет демалысына шығады. Ал енді біреулері жұмыс істеуді жалғастыра бареді. Бір фирма жұмысшы жалдаса, енді бірі оны жұмыстан босатып жатады.
Фрикциондық жұмыссыздық дегеніміз - жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен сол аралықтағы жұмыссыздық. Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффиценті құрайды. Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орнынан екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т. б. Осы себептен жұмысы жоқ адамдар фрикциондық жұмыссыздықты құрайды.
Фрикциондық жұмыссыздық - бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық. Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді.
Адам өзіне қолайлы жұмыс орнын іздеу үшін жұмыстан босанады. Мұндай жұмыссыздықты ізденіс үстіндегі жұмыссыздыққа жатқызамыз. Жұмыстың бәрі бірдей болған жағдайда, жұмыссыз адам бірінші ұсынылған жұмысқа орналасады. Егер жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы жоғары болса, онда сол адамға жұмыс орнын одан ары қарастыра берген қолайлы.
Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып, басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі: сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді [5]
1. 2 Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары
Қазіргі қоғамдағы жастар ролі, жас буынның әлеуметтік қызметтері, оның саяси позициясы мен көзқарасы, білімі мен кәсіби біліктілігі деңгейі, адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдық үрдістегі жастар рөлі, оның қызметінің түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы, қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен шарттасылған.
Халықтың осы тобын зерттеудің негізгі мәселелерінің біріне, біздің ойымызша, жастар еңбегінің пайдаланылуын бағалау жататын сияқты. Бұл өз негізінде жастардың еңбек ресурстарын, жастардың еңбек нарығын және оның жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздық, көшіп-қону, табиғи өсу сияқты құрамдас бөліктерін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси және басқа проблемалар мен факторлар аясында теориялық және практикалық зерттеу қажет екенін көрсетеді.
Жастардың орнын әлеуметтік-экономикалық жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізднледі. Біріншіден, жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25% құрайды; екіншіден, бұл аса маңызды, олар - елдің болашағы, олардың қызметі оның әрі қарай дамуымен байланысты. Бүгінде жастар көбінесе қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды. Сонымен бірге бұл дүние жүзіндегі еңбек нарығында, әсіресе Қазақстанда қатты осал топтардың бірі болып табылады. Аталған мәселелердің маңыздылығына қарамастан, оларға ғылыми зерттеулерде, бұқаралық ақпарат құралдарынды, үкіметтік құжаттарда аз көңіл бөлінеді.
18-24 жас аралығындағы жастар, бұл -студенттер немесе кәсіптік дайындықты аяқтаған жастар. Олар еңбек нарығына кіріп жатқан, жеткілікті кәсіптік және әлеуметтік тәжірибесі жоқ, сонымен қоса төмен бәсеклестік мүмкіндігі бар осал топ болып табылады.
2529жастағы жастар, негізінен, кәсіптік таңдау жасайды, қандай да бір өмірлік және кәсіптік тәжірибесі бар топқа жатады. Олар не қажет ететінін біледі, көбінесе өзінің жанұясы бар және ұсынылатын жұмысқа үлкен талаптар қояды.
Еңбек нарығындағы жағдайларда маңызды көрсеткіш болып жұмыссыздықтың деңгей, сыйымдылығы және еңбек нарығының конъюнктурасы болып табылады. Алайда мұндай статистика толығымен еңбек нарығындағы толық жағдайды көрсетпейді. Жастар еңбек биржасында басқа жастағы адамдармен салыстырғанда сирек тіркеледі. Нәтижесінде нарықтық қатынастың ерекшеліктерімен байланысты, жасырын жұмыссыздық, жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа құбылыстарының барлығы есепке алынбайды. Өндірістік емес салада жұмыс күшіне сұраныс жылдам өсу үстінде, әсіресе жылдам коммерциаланғандарда. Егер де қазіргі кездегі білікті мамандарды дайындау және оларға деген сұраныс өзгермесе, жақын аралықта біліксіз мамандар халық арасында жұмыссыздықтың ұлғаюын алып келуі мүмкін, ең алдымен жалпы орта мектепті бітірген, әрі қарайғы оқуын жалғастырмаған, мамандығы немесе қажетті біліктілігі жоқ - жастардың арасында. Сондықтан да жалпы білім беруін және жастарды кәсіптік оқытуды ұтымды ұйымдастыру қажет.
Экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамтумәселесіне сәйкес келетін жүйені қалыптастыру керек .
Бұл жүйе төмендегідей қалыптасу кажет:
- кәсіпорында, ұйымда және мемлекеттік мекемелерде конкурстық сұрыптау негізінде жастарды жұмыспен қамту және тәжірибелерді ұйымдастыру;
- жастар үшін жұмыс орындарын үлестіру мақсатымен аудандық арнайы бюджеттік қорлар жасау;
- білім беру мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің ынталандыру жүйесін жетілдіру;
- жастармен мамандыққа бағытталған ескертпелі жұмыс жүргізу;
- жастар жұмыссыздығын алдын-ала ескерту жөнінде іс-шараларда қалыптастыру және жүзеге асыру;
- жастарды баспа және электронды ауқымда ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру, еңбек нарығы және жастарды қолдану шаралары туралы анықтамалық және ақпараттық-әдістемелік әдебиеттерді баспаға шығару;
- жас кәсіпкерлікті және жастар кәсіпкерлігін құру тәжірибесін дамыту, жастардың бизнес-жоспарларын кеңеспен және эксперттермен қамтамасыз ету.
Еңбек ресурстарының тобы ретінде жастарға басты назар аудару, бұл елдің маңызды ресурсы екені түсінікті болған. Бұл Орал, Сібір, Қиыр Шығыс құрлыстарындағы комсомол отрядтары, тың және тыңайған жерлерді игеру, өнеркәсіпті, экономиканың түрлі салаларын дамытудағы жастар жұмыстарымен расталады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі» заңына сәйкес жастар - бұл 16 жастан бастап 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттердің азаматтары және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақтыөмір сүріп жатқан азаматтығы жоқ тұлғалар.
Заңнамада анықталған еңбек ресурстарының төменгі шекарасы болып 16 жас есептелетіндігін, сондай-ақ осы жасқа қарай жас адамда бұлшық ет пен сүйек жүйесі қалыптасатындығын және оның белгіленген жұмысты орындай алатындығын назарға ала отырып, осы жас жұмыс істеу кезеңінің заңды негізделген бастапқы сатысы болып табылады.
Сонымен қатар, дәл осы жаста жастардың басым көпшілігі жалпы білім мектебін аяқтайды және әр түрлі себептерге байланысты ЖОО-ға немесе басқа білім мекемелеріне түсе алмағандары зінің төмен біліктілігімен ерекшеленетін белгілі бір еңбек түрімен айналыса бастайды.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап 2001 жыл аралығында Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету жөніндегі» заңына сәйкес зейнеткерлік жас өзгертілді. Қазіргі кезде олар әйелдер үшін 58 жас және ерлер үшін 63 жас деп қабылданған.
Қазіргі таңда физиологтар былай деп тұжырымдайды, яғни отыз жастан асқан жас адамның денесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұлғаюы, басы мен бас миының көлемінің өсуі өз жалғасын табады және осы процесс ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда ұзағырақ созылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz