Халықтың төлемдік қабілетін реттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
4
Кіріспе . . .:
4:
Кіріспе . . .: 1 Халық төлем ҚАБІЛЕТІНІҢ теориялық негіздері
4:
Кіріспе . . .: 1. 1 Халықтың төлемдік қабілетінің өзіндік теориялық негіздері . . .
4: 7
Кіріспе . . .: 1. 2 Нарықты экономикасы дамыған елдердегі өмір сүру деңгейi мен халықтың төлемдік қабілеті . . .
4: 18
Кіріспе . . .: 1. 3 Халықтың төлемдік қабілетіндегі өзекті мәселелер . . .
4: 22
Кіріспе . . .:
4:
Кіріспе . . .: 2 Халықтың төлемдік қабілетінің мүмкіншіліктерін талдау
4:
Кіріспе . . .: 2. 1 Халықтың тұтыну шығындарын қамтамасыз ету қабілеттілігінің дамуына талдау . . .
4: 31
Кіріспе . . .: 2. 2 Халықтың төлемдік қабілетінің төмен деңгейлерін талдау нәтижелері . . .
4: 35
Кіріспе . . .:
4:
Кіріспе . . .: 3 Халықтың төлемдік қабілеттілігіндегі іс-тәжірибелік мәселелерінің шешімі
4:
Кіріспе . . .: 3. 1 Нарықтық қатынастардағы халықтың төлемдік даму жолдары . . .
4: 44
Кіріспе . . .: 3. 2 Халықтың төлемдік қабілетіндегі әдістемелік мәселелерін жетілдіру . . .
4: 53
Кіріспе . . .: 3. 3 Халықтың төлемдік қабілетін реттеу . . .
4: 60
Кіріспе . . .:
4:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
4: 66
Кіріспе . . .:
4:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ
4: 69


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында былай деген болатын: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі - бұл экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын көтерудегі жаңа міндеттер болады. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік болуының өмірлік маңызы зор. Қазіргі әлемде бұл - әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл - Қазақстанның алдағы 10 жылдағы дамуының басты векторы» [1] .

Халықтың әлеуметтік жағдайы олардың қаражаттануындағы төлемдік мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты. Орташа есептегі халықтың төлемдік мүмкіншілігінің өсуі, экономика саласындағы өндірілген өнім мен қызмет өсуіне тікелей байланысты. Себебі, өндірілген өнімнің тауарлық бағасында және көрсететін қызметтердің тұтынуында өзіндік шығындар мен қосымша құны қоса есептелінеді. Тауардың өзіндік құнындағы шығындардың бірі еңбек табыстылығы болса, қосымша құн қоғамдық жалпы щығындар сұраныстарын қамтамасыз етеді. Осыған орай халықтың төлемдік қабілеті, игерілген материалдық ресурстардың игілігіндегі халыққа арналған тауарлық-материалдық байлыққа айналуына тікелей байланысты. Демек, әрбір тарихи кезеңдегі дамудағы қоғамдық әлеуметтік формацияларда халықтың төлемдік қабілеті әртүрлі дәрежеде болып ол үздіксіз даму үстінде. Әсіресе, әркімнің төлемдік қабілетінің жетілуі жолында оның еңбек етуіне байланысты халықтың табыстануында құқықтық әділеттілік оның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Келесі мәселе, бұрыңғы қоғамдық меншіктегі халықтың төлемдік қабілетін әкімшілдік басқару жүйесінің шешімдерімен реттелінсе, нарықтық экономика әркімнің өзіндік қабілеттіліктегі табыстану мүмкіншілік еркіндігін туғызды. Осыған орай біреулер төмен, біреулер орта, енді біреулер бай өмір сүруіне қоғамдық биліктегілердің кінәсі жоқ деп есептеуге де болады. Қоғамдағы адамдардың дамуы тек мемлекеттік бағдарламаға ғана үміт арту мен тоқталынып қалмай өз әрекетіне де тікелей байланысты.

Адам баласының өміріндегі ең өзекті мәселесі және оның жарқын болашағындағы негізгісі төлемдік қабілетті жасау арқылы сән-салтанатты сәулетті өмір сүру мүмкіншілік туғызудағы мәселелерді шешу осы дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады. Себебі, зерттелімнің өзектілігіне негізгі мына бағыттарға баға беру арқылы қол жеткізіледі:

- нарықтық қатынастардағы халықтың табыстылық қабілетінің бағасын анықтау мен әлеуметтілік жағдайын көтеру;

- халықтың әлеуметтік деңгейінің өсуіндегі олардың төлемдік қабілетінің қалыптасу теориясындағы анықтамаларды ұсыну;

- халықтың төлемділік қабілеттілігіндегі тұрақтылық және тұрақсыздықты тудырушы көрсеткіштерді еңгізу арқылы әртүрлі бағыттарда талдау;

- төлемділік түрлеріндегі: тұтыну тауарларына төлемділік қабілет; көрсететін қызметтерге төлемділік қабілет, банк несиесіне қайтарылымдық қабілет, салықтарға төлеушілік қабілет көрсеткіштеріне талдау жасау;

- халықтың жеке тұлға мен заңды тулғалар арасындағы жанұя бюджетінің қаржы механизмдік байланыс құрылымын көрсету арқылы төлемдік қабілетінің жолдарын ұсыну мен сатып алу мүмкіншіліктерін бағалау және т. б.

Халықтың төлемдік қабілеттілігінің теориялық және тәжірибелік негіздерін қарастыруға А. Смит пен Д. Рикардоның, П. П. Гензельдің, Ф. Ниттидің, Дж. Мильдің, Д. Локтың еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Олар адамдардың байлығы мен экономикалық дамуына және олардың жалпы теориялық талқылау мәселесіне көп көңіл бөлген [5] .

Халықтың төлемдік қабілетіндегі ақша қатынастарын объектілік (өзіндік), субъектілік (экономика жүйесінің бәрі) бағыттарындағы қаржігерлігін ғылыми - зерттеулерді пайдалану арқылы қол жеткізілген. Оны жүйелейтін болсақ жалпы қаржы қатынастары бойынша: К. А. Сағадиев, Г. Т. Абдрахманова, П. Б. Исахова, С. С. Арыстанбаева, С. Қулпыбаев, Д. А. Шыныбеков; халықтың банктермен қатынастары бойынша: Ж. М. Елубаева, Е. Сиғаев, К. Ж. Бертаева; тұрмыстық қызметтер қатынастары: С. Әуелбаев, А. Ш. Молдабекова, А. К. Арыстанов, М. Х. Түсеева; халықтың қаржы қатынастарының реттелімінде: К. И. Дүйсебаев, Н. К. Мамыров, Н. Н. Хамитов, Ұ. М. Исаков, сол сияқты Ресей қаржыгерлерін атауға болады: В. М. Радионова, П. С. Никольский, А. Г. Егудин, Е. В. Коломин, қырғызстандық О. Қурманбеков т. б. еңбектері кеңінен қолданған.

Осы еңбектерді сараптасақ, олар тек зерттелімнің субъектілік жағынан баға бергендіктен оның объектілік жағындағы халықтың қаржы-қаражат қатынастарындағы төлемдік мүмкіншілігіндегі әлеуметтік дамуы көптен тереңдетіліп ғылыми негізде қамтылмаған. Осыған орай, халықтың төлемділік қабілетіндегі жеткілікті нәтижелі зерттеу мен ондағы ғылыми-теориялық анықтамалары және тәжірибелікті жетілдіруі дипломдық жұмыстың тақырыбын анықтауға негіз болды.

Қазақстандағы өткен реформалар нәтижесінде нарық релісіндегі халықтың өз мүмкіншілігін жасау және оны мемлекеттік тараптан қолдау негіздеріндегі қаржылық тұрақтылығындағы халықтың төлемдік қабілеттік зерттеулерді мақсаттап, оның ақша, қаржы-қаражат қатынастарындағы экономиканың айналым циклін арттыруды міндеттейді. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- халықтың төлемдік мүмкіншіліктерін талдау;

- халықтың төлемдік мүмкіншілігіне әсер ететін объективтік және субъективтік факторларды қарастыру (өсуі мен кемуінің кері әсер ететін факторлары) ;

  • әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қауіпсіздендірудегі халықтың төлемдік қабілеттенуіне талдау жүргізу;

- халықтың тұтыну салықтарын анықтауда төлемдік мүмкіншіліктеріндегі қабілеттілік пен қабілетсіздіктердің туындауы мен қатар тауар және ақша инфляциясындағы төлемдік мұмкіншіліктерді анықтау;

- халықтың төлемдік мүмкіншіліктерінің капиталды көздеріне талдау жасау: зейнет ақы қорлары, сақтандыру қорлары банктердегі депозиттік салымдар және бюджеттен әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;

- төлемдік қабілеттіліктегі халықтың сауаттылық біліміндегі қаржылық тәуекел, қаржылық тұрақтылық, қаржылық жануя (отбасы) бюджеттік жоспарлау, қаржылық қатынастарды талдау мен қаржылық төлемдік қабілеттегі реттеулер мен қаржылық саясат және т. б.

Халықтың экономика жүйелеріндегі объективтік (өзіндік) қаржылық механизмдік құрылымының қатынастары мүмкіншілігіндегі төлем қабілеттілігіндегі қаржылық тұрақтануы. Нарықтық қатынастардың белгілі бір бөлігіндегі халық қаржысы пәнінің төлемділік қабілеттендіруді танып білу мақсатының анықтама теорияларын негіздеу және іс-тәжірибелігін арттырудағы сауаттылығын еңгізу зерттеу пәні болып табылады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектеріндегі нарықтық экономикадағы тұрақтылықты сақтау негізіндегі қаржылық төлемділік категориясын халықтың экономикаға қатынастар нәтижелерін анықтауға еңгізудегі теориялық, әдістемелік және іс- тәжірибелікті айқындап алғашқы жол салу.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдаулары, ҚР еңбек туралы, жұмыс пен қамту туралы заңдар, қаулылар, ережелер, Қазақстанда адам дамуы және кедейшілік мен күрес туралы БҰҰ бағдарламасы, Халықтың еңбек ету және әлеуметтік қорғау құқықтық туралы қабылданған заңдары және әртүрлі мемлекеттік нұсқаулар мен экономикалық жүйесіндегі нормативтік актілері; Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және екінші деңгейдегі банктер мәліметтері және арнайы газет-журналдар мәліметтері қолданылған.

Нарықтық қатынастардағы халықтың өз егелігіндегі төлемдікке қабілеттенуіндегі келесі бағыттары дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады:

- экономикалық категория ретінде қаржылық тұрақтылықтағы халықтың қаржылық табыстылық қабілетін анықтау формуласын, халықтың төлемділік мүмкіншілігінің арттыру жолдарын экономикалық көрсеткіштер өлшемі ретінде баға беру;

- төлемділік қабілеттену (қабілетсіздену) көрсеткіштерінің жүйелік классификациясына комплексті қарастырып талдау жасау;

- тұтыну шығындарын қамтамасыз етудегі төлемдік пен сатып алу қабілеттіктері және халықтың қаржылай капиталды қор жинау мүмкіншіліктерін айқындау.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Халық төлемділігіндегі теориялық және әдістемелік негіздері

1. 1 Халықтың төлем қабілетінің теориялық негіздері

Халықтың төлем қабілетінің дамуы бағытында зерттелім жүргізудің өзі әрбір мемлекет ішіндегі адамдардың дамуындағы мүмкіншіліктерін анықтау мен баға беру. Адамдардың дамуы (АД) ең негізгі өзектілігі қаржылық қатынастардың даму мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты. Адамдардың қаржылық қатынастары өзіндік мүмкіншіліктерге тікелей, қоғамдық жанама (қолдау) түрінде дамиды. Тек адамдардың қаржылық қатынастары дамуының арқасында ғана адамдардың даму көрсеткіштері мен өлшемдері, адамдардың даму индексі (АДИ), экономиканың дамуындағы еңбек, өмір деңгейі, жұмыссыздық, әлеуметтік қорғау, денсаулық пен өмір сүру мүмкіншіліктері, демографиялық ақуалдар, білім деңгейлері, өмірлік жағдай, адамдардың мүддесі үшін басқаруды жетілдіру, жаһандану мүмкіншіліктерін тұғызуға болады. Жалпы АД теориясы мен концепциялары, заңды құжаттылықтары өте үлкен тақырыптағы бірнеше бағыттардағы ғылыми зерттелім бағыттары. Мысалы, адам құқықтығы деклорациясы адам потенциалының дамуы, адамдардың даму қауіпсіздігі мен тенденциясы, АД индекаторы, адамдардың денсаулығын сақтау жүйесі, әлеуметтік-экономика процесстерін талдау мен есеп матрицасы, өнімнің негізгі концепциясы, халықтың экономикалық белсенділігі, халықтың әлеуметтік құрылымы мен демография мен миграциясы, адам капиталының теориясы, адам эволюциясы, адам білімдік қабілетінің жетістіктері мен кемістіктері, адам педогогикасы мен психологиясы, қазіргі өндірістегі адам фактрлері, адамдардың даму өлшемі, әлеуметтік қауіпсіздендіру, адамдардың тұтыну концепциясы, кедейшілдік деңгей, АДИ өңірлік өзгешелігі, өндіріс және қаржы капиталдарындағы адам капиталының орны, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет, қоршаған орта мен табиғатты пайдалану, адамдардың даму динамикасы, т. б. [2] .

Экономикалық дамудағы адам ролін қарау жөнінде экономикалық теорияның классиктері сонау заманда-ақ алғашқы талпыныстар жасаған. Мəселен, А. Смит пен оның ізбасарлары адамды қоғам байлығының көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғамдық байлықтың бөлігі деп те есептеген.

Адамды қоғамдық өндірістің мақсаты ретінде тануды өзге мектеп өкілдерінің туындыларынан да кездестіруге болады. Маржиналистік бағыттың жақтастары, мəселен, шекті пайдалылық теориясының негізгі ережелерін тұжырымдау арқылы тұтыну ұстанымының (тəртібінің) теориясына тұспа-тұс жақындады [5] .

Адам капиталы теориясы. Капиталдың қорлануы мен материалдық-заттық факторлар прогрестің əмбебап жəне айқындаушы факторлары ретінде қаралды. Алайда дəл сол материалдық байлықтың өсу көздеріне факторлық талдау жасау экономикадағы адам роліне жаңаша қарауды туындатты.

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы адам капиталының теориясы негізінде адам ресурстарының дамуына Жəрдемдесу ретінде та-нымал болған дербес бағыт пайда болды. Адам ресурстарының дамуына жəрдемдесу - адам капиталын барынша ұлғайту жəне демографиялық мəселелерді, жұмыспен қамтылу, денсаулық сақтау, тамақтану, кенттену, тұрғын үй, білім алу, кадрлар даярлау жəне т. б. қоса есептегенде, оны экономикалық жəне əлеуметтік даму мақсаттарында тиімді пайдалануға жəрдемдесу.

Базалық мұқтаждықтар мен тұрмыс сапасының тұжырымдамалары. Адам капиталы теориясымен қатар адам дамуы тұжырымдамасының туындауына базалық мұқтаждар тұжырымдамасы белгілі роль атқарды, ол ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Скандинавиядағы зерттеу топтарының арасында пайда болды. 1976 жылы осы тұжырымдама Халықаралық еңбек ұйымының "Жұмыспен қамтылу, өсу жəне базалық мұқтаждар" баяндамасының арқауы болды. Базалық мұқтаждар тұжырымдамасы - үкіметтерге мына мəселелерді есепке алу арқылы экономикалық жəне əлеуметтік саясат құруды ұсынады: отбасының тамақ ішудегі, киінудегі, тұрғынжай мен үй мүлкіндегі кейбір ең төменгі қажеттіліктерін міндетті түрде қанағаттандыру; ауыз сумен қамтамасыздандыру, тұратын орындарының санитарлық жағдайын, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы қоғамдық қызметтерді жақсарту. [3]

Нарықтық экономикадағы адамдардың еңбек нарығы, қаржы нарығы, сақтандыру нарығы, депозиттік нарық, құнды қағаздар нарығы, қор нарығы, базар нарығы, білім нарығы, денсаулық сақтау нарығы, өндіріс нарығы, тұтыну нарығы, тауар нарығы, қызмет нарығы, жылжымайтын мүлік нарығы, қоршап тұрғандықтан өмір сүру мүмкіншіліктерін бағалап даму жолына жол сілтеу қазіргі күні ең өзекті мәселесінің шешімін табу. Табиғаттағы материалдық дүниені өндіріс процессі арқылы халықтың тұтыну тауарларына айналдырған сайын, халықтың әлеуметтік мүмкіншіліктері арта түседі. Себебі, тек өндіріс халықтың тұтыну тауарын өндіру мен қатар, қосымша құн тудырудағы ақша, қаржы-қаражат құнын анықтаушысы және бюджеттің негізгі түсім көздері.

Халықтың төлемдік қабілетін тану үшін, оның өзіндік өзгешелік теориялық анықтамаларының орнын бөлек екендігін атаған жөн. Ол халықтың төлемдік қабілетінің теориялық негіздерін құрайды.

Дүние жүзілік 50 мемлекеттің қатарына қосылудағы ең алғашқы көрсеткіштердің бірі - халықтың әлеуметтік-тұрмысы. Мұндай көрсеткіштер жиынтығы адамдардың даму индексі (АДИ) . Халықтың қаржылық қабілеті нарықтық экономикалық қатынастардың тұрақты даму деңгейіне тікелей байланысты. Ал нарықтық қатынастарды жасаушысы да жүргізушісі де халықтың өзі болғанымен біз әліде болса субъектілік экономиканың дамуына көп көңіл бөлеміз. Дегенмен, өзгелердің төмен деңгейде өмір сүруіне жол беріп қоймай, олардың төлемдік қабілетін ылғида арттырып отыруымыз керек. Бұл жалпы қоғамдың даму мақсаты.

Алдымен әркімнің және орташа есептегі халықтың төлемділік қабілетін анықтау үшін ең алғашқы олардың кірістерінде табыстылығының тікелей байланысты екенін ескеруіміз керек. Ол тек субьектілік экономиканың дамуына тікелей байланысты. Тек кірістердегі табыстылық дәрежесінде төлемдік қабілет анықталынады. Нарықтық заңдылықта төлемдік қабілетті қоғамдық әлеуметтік қолдау болғанымен әрбір азамат оның арттыру жолында өзіндік еңбектену мүмкіншілігі болуы тиіс.

Халықтың төлемдік қабілеті дегеніміз - кірістер қабілеттену мүмкіншілігі дәрежесінде (қаржылану мен қаражаттану мүмкіншілдігі) шығыстарды қамтамасыз ету (қаржылау мен қаражаттау) мүмкіншілігі.

Кірістермен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері:

  1. Қаржылану қабілеттіліктер:

а) еңбек ақылы қаржылану;

б) қоғамдық әлеуметтік қаржыландыру;

2. Қаражаттану қабілеттіліктер:

а) жинақтаушы зейнет ақы қорлары сомасы мен оның өсім құны;

б) банктердегі депозиттік салымдар сомасы мен оның өсім құны;

в) құнды қағаздарды егелену мен оның әкелетін дивиденттік дәрежесі;

г) сақтандыру қорларға үлестілік пен салымдар сомасының өсім құны;

д) жанұя бюджетіне қарасты кәсіпшіліктердің табыстылығы (бизнестік істер) ;

ж) негізгі жылжымайтын негізгі қорлар;

Шығыстарды қамтамасыз ету мүмкіншіліктер:

  1. Қаржылау (жарату) :

а) азық - түлік тауарларын сатып алу қабілеттілікті қамтамасыз ету;

б) азық - түлік емес тауарларды сатып алу қабылеттілікті қамтамасыз ету;

в) ақылы қызметтерге (тұрмыстық, коммуналдық, денсаулық сақтау, білім алу, мәдени іс- шаралар т. б. ) төлемдік қабілеттілікті қамтамасыз ету;

г) әртүрлі өсім құнды төлеу.

2. Төлемдік қабілеттілікке пайдалану:

а) тұтыну тауарларын сатып алуға банктердің несиесін пайдалану;

б) тұрғын пәтер алуға және үй соғуға ипотекалық несиелерді пайдалану;

в) уақтысынша бір - бірінен қарыздық қатынастары.

3. Қаражаттау (өсім құнында қаржыны орналастыру) - пайда табу:

а) әртүрлі банктердің әртүрлі депозиттік салымдарына қаражаттау;

б) жинақтаушы зейнет ақы қорларына қаражаттау;

в) құнды қағаздарды егеленуге қаражаттау;

г) жанұя бюджетіне қарасты кәсіпшіліктерді үлғаймалы дамуына қаражаттау;

д) сақтандыру қорларына қаражаттау;

ж) денсаулықты сақтандыру қорларына қаражаттау;

з) жылжымайтын мүліктерге қаражаттау.

Халықтың төлемділік қабілетінің өзіндік өзгешелігі - шығыстар мөлшері әрқашанда кірістер мөлшерінен есептелінеді.

Халықтың төлемдік қабілетінің үшінші өзгешелігі, қаржы кірістері тек тұтыну тауарларына және қызметтерге төленіп болғаннан кейін қалдықтар есебінде қаражат қорлар жасауға мүмкіншілігінің туындауы. Ал табыстылығы тұтыну дорбасынан төмен жануя бюджетінде қаржы қалдығының қалуы мүмкін емес.

Халықтың қаражат қорларға қаржы қорынан қалдықтар есебінде қаражаттауы (салымдар жасауы) осы қордың пайдалану есебіндегі өсім құнын егелену. Бұл өсім құн әркашанда халықтың ақша есебіндегі қаржылану мүмкіншілік арттырудағы төлемдік қабілеттілігінің артуы.

Халықтың төлемділігінің төртінші өзгешелігі , өздерін қаражат қорларымен қамтамасыз еткен жануя бюджетінің шығыстары тек оның капитал табыстылығындағы өсім құнымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Халықтың төлемдік қабілетінің бесінші өзгешелігі төлемдік қабілетті арттырудағы табыстылықты молайту мен төлем кезектілік реттеулер жүргізу.

Төлеу кезектілігінің реттілігі - табыс кірістерін ұтымды және үнемді қаржылау (жарату ) қаражаттау (орналастыру) есебін жүргізу.

Мысалы: төлем түрлерінің өзі:

  • алғашқы төлемдік шығындар;
  • сонын соңғы төлемдер шығындары;
  • міндетті төлемдер шығындары бойынша бөлінеді.

Алғашқы төлемдер шығындарына ең алдымен азық - түлік тауарларын сатып алу қабілеттілігі. Белгілі ақша қорын жасау үщін кейбір жануя бюджеті азық түлік тауарларын тамақтану үнемін жасайды. Сонан соңғы төлемдерге жеңіл өнеркәсібінің тауарларын сатып алып қамтамасыз етуі. Міндетті төлемдерге мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы, тұрмыстық шығындар төлемі т. б. жатады.

Халықтық төлемділік қабілетінің алтыншы өзгешелігі олардың төлемділік қабілеттендіруі. Халықтың төлемдік қабілеттендіру дегеніміз - қоғамның экономикасының дамуына байланысты бюджет қорынан халықтың әлеуметтілігін көтеруге бөлінетін қаржылар түрлері.

Жанұя бюджеті өз мүмкіншілдіктеріне қарай қаржы тапшылығын болдырмау үшін банктердің несиесін қолдана тұрады. Мұны халықтың төлемдік қабілетінің жетінші өзгешелігі деп атауға болады. Ол халықтың төлемдік қабілетіне қарыз - несиені пайдалану. Бірақ, қандай болмасын өзге ресурстарды пайдалануда өсім құнын төлеу тиістігі құқықтық негізде орындалуы тиіс. Бүл соңында халықтың тұтыну тауарларына төлемдігін үнемдеуге негізделінгендіктен оны кемітеді.

Халықтың қарыздық қатынастарының туындауының өзі төлемдікке қабілеттену мақсатында болады. Мұндай қарыздықтағы төлемдікке қабілет халықтың бір-біріне және банктердегі несиелік түрлері бар екендігін білдіреді. Халықтың қарыздық төлемдікке қабілеттенуі - басқалардың қаржы-қаражатын белгілі уақытта пайдалануы. Мұндай қарыз қаржы-қаражаттың өзіндік беру мен алу, жарату, қайтару принциптері болады.

Халықтың төлемдікке қабілеттенуіндегі қаржылану сомасының дәрежесі, қаржылау мен қаражаттауды қамтамасыз ету мүмкіншілігі. Бұл жол халықтың төлемдік қабілеттене түсуін белгілейді.

Енді халықтың төлемдік қабілетіндегі қаржы - қаражат механизмінің біртұтастығындағы басқару тетіктерінің көрінісін суреттейік (сурет 1) .

Халықты нарықтық экономикадағы қатынастарының төлемділікке қабілеттенуіндегі өзіндік басқару тетіктерінің түрлері:

  • қаржылануды ұйымдастырып басқару;
  • қаржылануды ұтымды басқару;
  • қаражаттауды ұйымдастыруын басқару;
  • қаражаттануды басқару;
  • қарыз қаржылануды басқару;
  • қарыз қаражаттауды басқару;
  • қарызды пайдалы кәсіпкерлікке қаржылауды (жаратуды) басқару;
  • қарызды пайдалы кәсіпкерлікке қаражаттауды (пайдалануды) басқару;
  • қайта қаражаттауды басқару.

Халықтың төлемділікке қабілеттенуінің сегізінші өзгешелігі еңбек табыстылығындағы қаржы алу сұранысы мен қаржы беру ұсынысы және де қаражат қорлардан өсім құнын алу сұранысы, тұтыну тауарларына халықтың төлемдік қаржылау ұсынысы мен тауарлар бағасының сұранысы, көрсетілетін

Ескерту: - [19] әдебиет негізінде автор құрастырған

Cурет 1 - Халықтың төлемдік қабілеттілігіндегі қаржылық механизімдік құрылымындағы басқару тетіктерінің бағыттары бойынша

қаржылауды қамтамасыз ету мүмкіншіліктері

қызметтердің баға сұранысы мен халықтың төлеу қабілетіндегі ұсынысы, халықтың төлемдік қабілетке пайдалану мүмкіншілігіндегі банктердің өсім құнында сұраныстарға қайтарып беру мүмкіншілік ұсынысы. Демек халықтың төлемдік қабілеттілігінде:

  • қаржыландыру ұсынысы, қаржылану сұранысы бар;
  • қаражаттау ұсынысына қаражаттандыру сұраныстары бар.

Қаражат қорлардың өсім құнында қаражаттандыруы үлестіктеріне байланысты әртүрлі дәрежеде болуында халықтың мол өсім құнын алу үшін басқа қаражат қорларға қайта қаражаттауы әбден мүмкін.

Халықтың төлемдік қабілетіндегі ақша қатынастарының ұсыныстары мен сұраныстары - төлемділік мүмкіншілдік туғызады. Бір түрдегі тауардың бағасы әрбір жергілікті аймақта әртүрлі болып кездеседі. Сондықтан кейбір үлкен қалаларда көп табыс тапқанымен төлемдік қабілет өте төмен, немесе табысы төмен қалаларда халықтың төлемдік қабілеті олармен салыстырғанда өте төмен. Керісінше табысы өте мол адамдардың саны көбейген сайын тауардың ұсыну бағасы жоғарлап орта мен кедейдің төлемдік қабілеті жоқтың қатарына қосылады. Бұл әрине әлеуметтік жікшілдікке әкеліп соғады. Себебі, бұл алшықтық айырма күн саны өсіп келе жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек нарығы және оның түрлері
ХАЛЫҚТЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы
Ақша саясаты
Қазақстан Республикасының валюталық саясаты
Бюджеттік саясат
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi туралы
Экономикалық мақала
Несие және несие жүйесі
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz