Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . 3
1. 1950-1960 жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы реформарды зерттеу. 11
1. 1. Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы . . 11
2. 2. Тың және тыңайған жерлерді игеру . . . 21
2. Республиканың аграрлық саласы тарихының зерттелуі. 31
2. 1. Тоқырау жылдарындағы ауыл шаруашылығы. 31
2. 2. Қазақстан ауыл шаруашылығы нарықтық қатынастар кезінде…. . … . . . 44
Қорытынды59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . 61
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы жан-жақты талданып, мәселенің зерттелмеген тұстарын анықталып, мәселеге қатысты жаңа ұсыныстар жасалынды.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта қазақ халқы ұлттық жаңғыруға, егемен мемлекет ретінде қалыптасуға бағыт ұстап отырған шақта тарихымызды қайта ой елегінен өткізу арқылы жан-жақты зерделеу және Отанымыздың өзіндік төл тарихын зерттеу негізгі мәселелер қатарында екені белгілі.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап белгілі отандық тарихшылар бұрын зерттелмеген және айтуға тыйым салынған көкейкесті мәселелерді көтеріп, халқымыздың тарихын жазуда еңбек сіңіруде. Дегенмен, тарихымызда әлі де өз деңгейінде жан-жақты зерттеліп, ұлттық тұрғыда тиісті бағасын алмаған маңызды мәселелер баршылық. Әлі де болса толық қалыптасып үлгермеген отандық тарихнама мәселесі осыларыдың қатарында. Себебі кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайда біржақты көрсетіп, ақиқатты бұмалап, қисынсыз пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болып, орнығуына жол ашты. Осыған орай тарихи процестерді шындықтан алшақ, таптық, партиялық тұрғыда баяндау, маркстік-лениндік методология негізінде баға беру, қайғылы да қасіретті оқиғалар жайында жұмған ауызды ашпау тәрізді зерттеу тәсілдері орын алды. Осындай бағытта көптеген зерттеулер дүниеге келді. Ал Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным бағытында шынайы, тың деректер негізінде қайта зерттеп, зерделеу мүмкіндігі туды.
Кеңестік отандық тарих ғылымында бірсыпыра тарихнамалық еңбектер жарияланғанымен жалпы тарихнама мәселелерін зерттеу кенже қалғандығын айтқан абзал. Мұндай үрдістің орын алуына тоталитарлық жүйе кезіндегі ғылыми талаптарға сәйкес жазылып, жарық көрген, ортақ принциптер мен көзқарастарға негізделген тайталас, батыл ой-пікірлері мардымсыз зерттеулерді талдауға деген ықыластың болмауы әсер етсе керек. Оның үстіне шынайы тарихи принциптер ауқымында зерттеулерге сыни талдау жасалған тарихнамалық туындыларды жариялау кеңес кезеңінде мүмкін еместі. Егемен Қазақстан жағждайында осы оқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Сондықтан да кеңес дәуірінде жарық көрген зерттеулерге сыни көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды. Әсіресе ХХ-ғасырдың ІІ жартысында жиі жүргізілген аграрлық өзгерістер тарихнамасын қайта қарап, талдаудың маңызы зор.
Кез келген елдің тарихи даму кезеңдерінде аграрлық мәселелер шешімі қиын да күрделі болып келген. Мұндай жағдай Қазақстанға да қатысты. Республика ауыл шаруашылығы кеңес дәуірінде өнеркәсіпті саладан кенже дамыды. Өйткені осы кезеңде жүргізілген социалистік аграрлық қайта құрулар қарама-қайшылықтар тудырып, ауыл шаруашылығын тығырыққа тіреді. Тығырықтан шығар жол ретінде нарықтық қатынастар таңдап алынғанмен ауыл шаруашылығы өз даму арнасына түсе алмай келеді. Нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңінде елдің аграрлық дамуында көптеген қиындықтар мен проблемалар орын алып отыр.
Аграрлық мәселелер төңірегінде еліміз тарихында аз айтылмады. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, оның әртүрлі қырлары жайында жазылған ғылыми еңбектер де жеткілікті. Қазақстандық тарихшы, зерттеушілерінің аграрлық мәселелер бойынша еңбек жазбағандары кемде-кем. Алайда жарияланған туындылар бір жүйеге келтіріліп, сараланбаған, яғни Қазақстанда жүргізілген аграрлық өзгерістер мен реформалар туралы арнайы жазылған іргелі тарихнамалық зерттеулер - жоқтың қасы. Ал тарихнама тарих ғылымының өзіндік санасы ретінде ғылыми ойды үнемі обьективті шындыққа жетелейтін саралаушы бағдар тәпрізді. Тек тарихнама арқылы қарастырылатын белгілі бір ғылыми бағыттың аз немесе зерттелмеген тұстарын айқындауға мүмкіндік туады. Тарихнама ғылымтанушылық роль атқара отырып, нақты тарихи зерттеулердің негізгі жетістіктерін талдай келе шындықтың аса маңызды жақтарын тұтастай көрсетіп береді. Қазақстандағы аграрлық өзгерістердің тарихнамасы мәселенің зерттелу деңгейі мен барлық тұстарын толығымен айқындайды. Міне, осы тұрғыдан келгенде, мәселенің өзектілігі арта түседі.
Зерттеу жұмысының нысаны - ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы.
Зерттеу жұмысының пәні - ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы аграрлық өзгерістерге арналған еңбектерді обьективті түрде саралап, ұлттық мүдде, тарихнамалық тұрғыда талдау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандағы аграрлық өзгерістер төңірегінде бүкіл ХХ ғасыр бойы көптеген еңбектер жинақталды. Олар әртүрлі бағыттарда жүргізілген аграрлық реформалардың мәнін ашып, мазмұны мен маңызын айқындауға бағытталды. Әсіресе кеңес дәуірінде жазылып, жарық көрген еңбектер аграрлық тарихнаманың негізін құрайды. Десек те жоғарыда айтылғандай қазақстандық тарих ғылымында аграрлық мәселелердің тарихнамасы арнайы зерттеліп, жан-жақты талданбады. Сондықтан да іргелі тарихнамалық еңбектер жарияланбады.
Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл шаруашылығының тарихнамасы арнайы зерттелмесе де М. Қ. Қозыбаев пен П. С. Беланның, Т. Б. Балақаев пен Қ. С. Алдажұмановтың мәселеге байланысты жалпылама тарихнамалық еңбектерінде біршама айтылады.
Әкімшіл-әміршіл социализмнің нығаюы және күйреу, яғни 60-90 жылдардағы аграрлық реформалар бойынша арнайы тарихнамалық еңбектер жазылмағанымен ірі монографиялық зерттеулердің кіріспе бөлімдерінде тарихнамалық шолулар жасалады.
КОКП-ның агралық саясатын жүзеге асыруда Қазақстанда қол жеткен жетістіктер айтылатын еңбектер ішінде жұмысымыздың зерттеуімізге Х. М. Мадановтың монографисынан жақынырақ екенін айту керек. Алты үлкен тараулардан тұратын бұл еңбек негізінен Қазақстан ұжымшарлары мен кеңшарларын техникалық жағынан жарықтандыпу ісіндегі, электрлендірудегі, химияландыру мен суландырудағы, ауыл шаруашылғын мамандандыыру мен шоғырландырудағы, кадрлар мәселелсін шешудегі, қаланың ауылға көмегін қамтамасыз етудегі Компартияның жұмысшы табының ролін көтеруге байланысты шараларын талдайды. Автордың «КПСС - тың іс-әрекеті жұмысшы күшінің нығаюына және Қазақстандағы аграрлық саясаттың дамуына бет алды, 1946-75 жылдарды зерттеу барысындағы кезеңде негізгі» [1, 18 б. ] деген басты қорытындысы мен бүгінде тарихшылардың толық келісе қояры екі талай. Еңбектің өзінің атақ оның ескі идеологияландырылған концепциясымен жазылғандығын анық байқатады.
Көптеген авторлар өз еңбектерінде ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді және ауылдағы экономикалық, әлеуметтік жағынан өркендеуді аграрлық өндірісті индустриаландыру процесімен байланыстырады. Алайда осы маңызды іске корпорация мен интеграция процестернің ықпалы тарихи әдебиеттерде терең зерттелмеген.
Қазақстандық ғалымдар С. И. Абдулпаттаев, М. Т. Кенжебаев, К. Рысбаев, А. Н. Құдайбергенов, Қ. С. Қаражанов және т. б. өздерінің докторлық жұмыстарымен монографияларында мәселенің әртүрлі қырларын талдаған. Бірақ бұларда жетістіктердің барлығы республика партия ұйымдарын басқару мен жүзеге асырылғандығын дәлелдеуге бағыт ұстаған. Оларда әрине материалдар жоқтың қасы [2] . Партия ұйымдарының жетекшілік көрсетуді, оларды сынаумен қатар жүргізу ол кезде мүмкін емес еді. Аграрлық мәселелердің көптеген көптеп жарық көруі іргелі еңбектерді ғана емес, мақалалаларды да жан жақты талдайтын тарихнамалық талдауды қажет етті. Осындай алғашқы еңбнек Х. Мадановпен Т. Омарбековтың «Историография аграрной политики партии в Казахстане» деп аталатын мақаласы еді [3] .
М. С. Горбачевтің жариялығы рухында жарық көрген бұл мақала негізгі еңбектерді талдап қана қоймай, оларда орын алған кемшіліктерді де сынады, және осы бағыттағы жаңа зерттеулер бағыттар белгіледі. Алайда бұл жұмыс әлі де Компартия билігі тұсында жазылғандықтан онда көптеген мәселелер назардан тыс қалды.
Аталмыш кезеңді зерттеушілер арасында докторлық ғылыми дәреже алу үшін дайындалған Б. Г. Аяғановтың еңбегі [4] бізге жақындау. Ол 1970 және1990 жыл аралығындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын, нарық қатынастарына көшудің жолдарын, қоғамдық бірлестіктермен ұйымдар қызметін арнайы зерттеп ортаға салды. Алайда бұл ғылыми еңбекте Кеңес мемлекетінің Қазақстанда жүргізген аграрлық саясаты арнайы қарастырылмаған. Тарих ғылымындағы жаңа көзқарас пен жазылған бұл еңбек сондықтан да біздің тақырыптың мәселелерін негізінен назардан тыс қалдырды.
О. Х. Мұхатованың докторлық диссертация негізінде жарық көрген монографиясының төртінші тарауы «60-90жылдардағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы» деп аталады және біздің зерттеу кезеңімізге қатысты жұмыстарға нақты тоқталады. Бұл біз зерттеп отырған кезеңді жаңаша көзқараспен талдайтын алғашқы тарихнамалық еңбек екенін атап көрсеткен жөн. Автордың «жарық көрген монографиялық зерттеулер мен мақалалардың жазылған диссертациялардың молдығы мәселенің кең ауқымдылығы мен өзектілігін аңғартады» [2, 23 б. ] деген қорытындысы толық шынайы.
Сонымен қатар зерттеушінің «70-80 жылдардың бірінші жартысында қоғамның барлық салаларында дағдарыстық құбылыстар орын алғандығы белгілі. Алайда кеңес дәуірінде жарияланған зерттеулерде ауыл шаруашылығында да дағдарыстың етек жайғандығы жайында жұмған ауыз ашылмайды. Себебі «кемелденген социализм» өмір сүріп тұрған кезінде үстемдік еткен идеология ол жайында айтуға қатаң тиым салды», [2, 54 б. ] - деген пікірі де бүгінгі көзқарасы. О. Мұхатованың осындай құнды тұжырымдарға негізделген еңбегінің жарық көруіне байланысты біз мәселенің тарихнамасын ықшамдап қарастырдық.
1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде «Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы /ХІХғ. соңы - ХХғ. /» тақырыбынан О. Х. Мұхатова тарих ғылымдарының доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Онда ХІХғ. соңы-ХХғ. күрделі аграрлық мәселелерге қатысты жарияланған еңбектер, монографиялар, мақалалар, диссертациялар талданған.
1992 жылы осы біз көтеріп отырған мәселеге жақын тақырыптан К. А. Берденова тарих ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертация қорғады. [5] Жұмыс негізінен Қазақстан енді ғана тәуелсіздік алып жатқан, және тарих ғылымы өзінің тәуелсіз методологиялық принциптерін анықтамаған кезде қорғауға ұсынылады. Ал оның дайындалуы және жазылуы Компартия билігі әлі де сақталған кезхеңмен тұтас келді. Сондықтанда бұл еңбекте Компартияның аграрлық саясатын интенсивтендіру жолы ретінде көрсететін сипаттаулар орын алды. Шын мәнінде бұл бағыттың экстенсивтілігіне сондықтан да мән берілмеді.
Рас, арада екі жылдан соңі К. А. Берденова мен С. И. Иманбердинаның бірлескен жаңа еңбегі жарық көрді [6] . Мұнда тоталитарлық жүйенің Қазақстандағы аграрлық саясаты жан-жақты сынға алынды. Ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал осы саясаттың салдары ретінде көрсетілді. Алайда авторлар тағы да ауыл шаруашылығының интенсивті емес, экстенсивті дамығаны туралы батыл қорытындыға бара алмады. Бұл түсінікті де, бұл кезде Қазақстан ауыл шаруашылығы әлі де жол айырығында, өтпелі кезең бастауында тұр еді. Өткенге бүгінгі күннің көзімен баға беру сондықтанда бұл жұмыста жетіспей жатты.
Б. К. Бірімжановтың 1997 жылы қорғаған докторлық диссертациясы «Село Казахстана 60-е-80-е годы: конкретно - исторический анализ по материалам западных областей» [7] - деп аталады. Атынан көрініп тұрғандай, бұл зерттеуде тек батыстағы төрт-ақ облыстардағы ауыл шаруашылғындағы жағдай зерделенген. Бұл аймақта мал шаруашылығы жақсы дамыған, ал егіншіліктің алатын орыны шамалы. Мақта, қант қызылшасы секілді техникалық, күріш, күнбағыс, картоп, пияз, сәбіз, жүгері, жүзім т. б. дақылдар мұнда өндірілмегендіктен еңбекте көрініс таппаған. Оның үстіне диссертант тек қана екі-ақ облыстың мемлекеттік архивтеріндегі материалдарды пайдаланған. Сондай-ақ диссертацияда жалпы 1980 жылға дейінгі кезеңдегі жергілікті ауыл шаруашылғына қатысты материалдар пайдаланылып қамтылған.
Мәселемізге қатысты Қ. Қ. Байсаринаның «Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары (1946-1965 жж. ) » атты 2006 жылы қорғаған докторлық диссертациясын атап өтуіміз қажет [8] . Автор диссертациясының бірінші тарауында екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл шаруашылығын дамыту мен қалпына келтіру мәселелерін ұарастырса, екінші тарауында тың жерлерді игерудің нәтижелері мен салдарларын жан-жақты қарастыруға тырысады. «1950-ші жылдардың аяғы 1960-шы жылдардың басындағы ауыл шаруашылығындағы табыстар мен дағдарыстық көріністер» атты диссертациясының үшінші тарауында қарастырып отырған мәселесін жан-жақты зерделеп, талдайды.
Осыған қоса тәуелсіздік жылдары жарық көрген Е. И. Исибаеваның «Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж. ) » атты 2007 жылы қорғалған кандидаттық диссертациясын атауымыз керек [9] . Диссертация біз қарастырып отырған мәселенің төртінші тараушасына, яғни нарықтық қатынастар кезіндегі Қазақстан ауыл шаруашылығының тарихнамасын молайта түседі. Сондай-ақ, дәл осы мәселеге тарихшылардың арнайы зерттеу еңбектері осы диссертацияға дейін болмағандығымен бұл зерттеу жұмысы өз құндылығын арттырады. Автор «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы аграрлық қатынастар мен оның негізгі бағыттары» атты диссертациясының екінші тарауында нарыққа өтпелі кезеңдегі ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайды жан-жақты қарастыра келе, жекешелендіру процессі мен оның нәтижелерін талдайды.
Сонымен, жоғарыдағы қысқаша ғылыми-тарихнамалық талдаудан соң мынадай қорытындыға келдік:
- Бүгінгі күнге дейін Кеңес мемлекетінің 1965-90 жылдардағы Қазақстандағы аграрлық саясаты объективті негізде зерттелмеген. Бұл жөнінде республикалық көлемде жаңа методолгиялық көзқарамстағы докторлық диссертация қорғалмаған, сондай-ақ бұл тақырыпта ғалымдардың қомақты шығармашылық еңбектері де жоқтың қасы. Кезінде кеңестік дәуірде жарық көрген іргелі жұмыстар бүгінгі күн талабына сай емес.
- Ауыл шаруашылығы салаларын интенсивтендіру, химияландыру және милиорациялау және оларды басқару сияқты күрделі жұмыстарды жүргізудегі шаралардың барысы, қайшылықты тағдыры, өмірге енгізу әдісі, түрі мен тәжірибелері, аталмыш саланың материалдық-техникалық базасына шынайы жағдайын, сол секілді агралық саясаттың ащы сабақтары, қиыншылықтары мен зардаптары дәйектілікпен, кешенді зерттелмеген, олар жөнінде тарихи тәжірибеге негізделген салиқалы қорытындылар жасалмаған, арнайы талдаулар жетіспейді. Ал мұның бәрі осы тақырыпты бүгінгі күні отандық тарихта жаңаша зерделеу қажеттігін дәлелдей түседі.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Тарихи білімнің қалыптасуы мен тұрақты эволюциялық өрістеу процесіне зерттеудің деректемелік негізі ықпал ететіндігі белгілі. Ал мәселенің жаңаша зерделенуі, қойылуы мен обективті түрде зерттелуі ақиқатқа негізделген тың деректерге байланысты. Бұрын-соңды айналымға түспеген тың деректерді зерттеу - ауқымына енгізу мәселенің қарама-қайшылығы мен күрделі тұстарының шешімін табудың көзі. Ал тарихнамалық еңбектер жазу шынайы және нақты деректерсіз мүмкін емес.
Республикада деректану ғылымынан салиқалы еңбектер жазып, арнайы айналысып жүрген тарихшылардың аздығы аграрлық мәселелер деректерін ғылыми негізде жүйелеп, сыныптап, жіктеуде қиындықтар тудыруда. Дегенмен де аграрлық өзгерістер төңірегінде зерттеулер жазып жүрген жас буын тарихшылар көптеген мұрағат материалдарын айналымға енгізіп, тың құжаттардың негізінде жаңа бағыттағы еңбектердің дүниеге келуіне мұрындық болуда.
Аграрлық өзгерістерге байланысты деректер негізінен кеңес дәуірінде жинақталған. Олар Коммунистік партияның қаулы-қарарлары, үкіметтің аграрлық саладағы шаруашылық мәселелеріне байланысты құжаттары және баспасөз, статистикалық материалдар түрінде қалыптасып, жинақталды. Оысған орай деректерді мынадай үш топқа бөліп сараптауға болады: 1) Компартияның съезд, пленум, конференцияларының қаулы-қарарлары және партия мен үкіметтің шаруашылық мәселелеріне қатысты құжат, материалдары; 2) баспасөз материалдары; 3) статистикалық жинақтар. Мұндай жіктеу маркстік-лениндік методологиядан, партия ұйымдарының құжаттарын дәріптеуден бас тартуға негізделуі тиіс. алайда деректерді сыныптап, жіктеу, құндылықтарын анықтау оларға сыни көзбен қарап, қайта зерделеуді талап етеді.
Деректердің алғашқы тобына жататын құжат, материалдардың деректік, тарихи маңызы бары дау тудыра қоймас. Себебі олар кеңес дәуірінде ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар мен қайта құрулардың саяси, әлеметтік-экономикалық мәнін, аграрлық саладағы ахуалды түсініп, зерделеуде қажетті деректер болып табылады. Сондай-ақ Компартияның съезд, конференция, пленумдарының қаулы-қарарлары, партия мен үкіметтің шаруашылық мәселелері жөніндегі шешімдері әкімшіл-әміршіл жүйе кезіндегі партияның аграрлық саясатын, ауыл шаруашылығындағы ұжымдық және мемлекеттік құрылымдардың жай-күйін айқындауға мүмкіндік береді. Айта кетерлік жайт, мұндай деректердің көпшілігі жарық көрген. Сондай-ақ осы топқа мемлекеттік ұйымдардың жарық көрген деректерін де жатқызуға болады. Бұларда республикалық Халық Комиссарлары Кеңесінің Компартияның Орталық Комитетінің бірге қабылданған ең елеулі қаулылары берілген. Алайда мұндай құжаттар мен материалдардың тарихи шындықты обьективті түрде көрсете алмай, тым ресмилендіріліп, қынжылтады.
Деректердің екінші тобын мерзімді баспасөз, яғни газеттер мен журналдар материалдары құрайды. Республиканың бірқатар баспасөз органдары Қазақстандағы аграрлық өзгерістерге қатысты мол деректерді береді.
Кеңес дәуірінде ауыл шаруашылығы, оның өзекті проблемалары, ондағы өзгерістер т. б. туралы мол деректерді сол кезеңде республикалық партия ұйымының органдары болып саналған «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақстан коммунисі», «Большевик Казахстан» т. б. басылымдарының беттерінен аламыз. Әрине бұл деректер номенклатура мен коммунистік идеология үстемдік етіп тұрған жағдайда жарияланғандықтан олар жаңа методологиялық принциптерді басшылыққа ала отырып, сын көзбен қарап, деректерді өзара салыстырып, зерделеуді талап етеді.
Ал республика ауыл шаруашылығының нарықтық қатынастарға бағыт ұстауы кезеңіндегі аграрлық саланың жай-күйі жайында құнды материалдар «Егемен Қазақстан», «Ақиқат», «Мысль» т. б. қоғамдық-саяси басылымдар беттерінде жарияланып келеді [2, 12 б] . Бұл басылымдардың ерекшелігі Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі республика ауыл шаруашылығының дағдарыстық жағдайы, аграрлық реформаларды жүргізудегі қателіктер мен олқылықтар, аграрлық саланың проблемалары бүкпесіз ашық айтылады.
Деректеріміздің үшінші тобына келетін болсақ, Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өзгерістер жайында бағалы мәліметтер мен материалдар әр түрлі статистикалық жинақтарда топтастырылған. Бұларда кеңес дәуіріндегі сталиндік, хрущевтік, брежневтік билік талаптарына орай аграрлық саланың шынайы хал-ахуалы, экстенсивті дамуы, дағдарыстық жағдайы, 70-80-жылдары тоқырауға ұрынуы т. б. жайында сандық мәліметтер берілмейді. Керісінше мұндай жинақтарда кеңестік ауыл шаруашылығы үнемі даму жағдайында, табыстарға кенелген, өткір проблемалары болымсыз сала ретінде дәріптеледі. Сондықтан да мұндай мәліметтерді айналымға түсіруден бұрын оларды сын көзден өткізіп, тың мұрағат құжаттарымен салыстыру қажет.
Сонымен, республика ауыл шаруашылығына қатысты жинақталған әртүрлі деректер Қазақстандағы аграрлық өзгерістердің сипаты мен мәнін, мазмұнын, қарама-қайшылықтарын т. б. зерттеп, талдауға мүмкіндік жасайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты - Қазақстандағы ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы аграрлық өзгерістер тарихнамасына жан-жақты талдау жасап, обьективті баға беру.
Алға қойған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Соғыстан кейінгі Қазақстанның ауыл шаруашылығын зерттеуге арналған еңбектерді талдау;
- Тың және тыңайған жерлерді игеруге жинақталған зерттеулердегі мәселелердің қойылымы мен дамуын қарастырып, проблемалық жағын айқындау;
- Тоқырау жылдарындағы ауыл шаруашылығындағы өзгерістерге арналған зерттеулерді қайта зерделеп, кемшіліктері мен олқылықтарын көрсету;
- Қазақстан ауыл шаруашылығының нарықтық қатынастарға бағыт ұстауы мәселесіне қатысты зерттеу жұмыстарын жан-жақты қарастырып, болашақта зерттелуге тиісті мәселелерін анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеуде қойылған мақсаты мен міндеттерімен, осы күнге дейін айтарлықтай зерттелмеген жаңа материалдармен, сонымен қатар отандық тарихи ғылымда арнайы зерттеу пәні болмаған тақырыпты қоюмен тікелей байланысты. Қазақстандағы ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы аграрлық өзгерістер тарихнамасына жан-жақты талдау жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысымыз ХХ ғасырдың ІІ жартысын қамтиды.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негіздері. Зерттеуде тарихи еңбектерді жан-жақты обьективті түрде диалектикалық тәсілдермен етене байланыстағы тарихилықтың, обьективтіліктің, ғылыми принциптерінің негізінде оқып-үйрену, талдау басшылыққа алынды. Зерттеу барысында нақты-тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері, сондай-ақ логикалық, статистикалық әдістері қолданылды.
Зерттеудің қолданбалы маңызы. Зерттеу жұмысы жаңаша көзқараспен зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдар мен қорытындыларды ғылыми еңбектерде, тарих сабақтарында және жоғары оқу орындарында оқытылатын арнаулы курстарда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысының көлемі 64 бетті құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz