Өндірістік шығындардың жіктемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 1. ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
: 5
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ:
  1. Шығындар есебінің маңызы мен мәні
: 5
КІРІСПЕ:
  1. Өндірістік шығындар есебінің мақсаттары бойынша шығындардың жіктелуінің негіздері
: 18
КІРІСПЕ: 1. 3. Шығындарды есептік бухгалтерлік талдауды ұйымдастыру
: 30
КІРІСПЕ: 1. 4. Шығындар есебінің және талдауының шетел тәжірибесі
: 34
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 2. «ДЕРИКАР» ЖШС-НЫҢ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
: 38
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 2. 1. «ДЕРИКАР» ЖШС-ның қысқаша тарихы мен негізгі техника-экономикалық көрсекіштері
: 38
КІРІСПЕ: 2. 2 Өндірістік шығындардың аналитикалық және синтетикалық есебі
: 42
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 2. 3. Өндірістік шығындардың талдауын жүзеге асыру
: 52
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 3. «ДЕРИКАР» ЖШС-НЫҢ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН ЖӘНЕ ТАЛДАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
: 56
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 3. 1. Шығындар есебіндегі «Директ-кост» әдісін қолдану
: 56
КІРІСПЕ: 3. 2. Қызметтің өзіндік құнын факторлық талдау
: 63
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 65
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 68
КІРІСПЕ:
:

Кіріспе

Нарық тауар өндіріушілер үшін көптеген мүмкіндіктер береді, бірақ оларға да қатал талаптар қояды. Нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорын алдында бұрын соңды болмаған көптеген мәселелер пайда болды, сондықтан кәсіпорындар осы мәселелерді қаншалықты кәсіби және білікті дәрежеде шешуіне байланысты олардың қызметінің нәтижелілігі тәуелді болады.

Шығындар есебі - кәсіпорынды басқарудың маңызды құралы болып табылады. Өндіріске шығындар қажеттілігі шаруашылық қызметтің шарттары қиындаған сайын және рентабельділікке талаптар жоғарлаған сайын өсе түседі. Шаруашылық дербестіке ие кәсіпорындар дайын өнімнің әртүрлі түрлерінің өтімділігі жайлы, әрбір қабылданатын шешімдер тиімділігі және олардың қаржылық нәтижелерге, сонымен қатар шығындар мөлшеріне әсері жайлы нақты анықтамасы болуы керек.

Нарықтық механизмнің нақты қызмет етуң жағдайында өндіріске шығындар есебінің және бақылауының нақты жүйесін құру және жетілдіру және басқарушылық есеп шеңберінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау қажеттілігі туындайды.

Орталықтан басқарылатын экономика тұсында қызмет еткен өндіріске шығындардың бухгалтерлік есеп жүйесі өзінің алдына өндіріс процессінде жұмсалған барлық нақты шығындар туралы тура әрі наөты ақпарат алу, шығарылатын өнім, өндірілетін жұмыс және қызметтердің толық нақты өзіндік құнын калькуляциялауды көздед. Бұл ақпарат орталықтандырылған баға құру және жоғарыдан жоспарлы тапсырмаларды орындауды бақылау үшін қолданылды. өзіндік құн жайлы ақпаратты өңдеу жүйесінің шеңберінде опративтіліктің және талдаудың жеткілікті түрде жоғары дәрежесімен шығындар жқнінде ақпарат алу мүмкіндігі болғанымен, оның көп бөлігі талап етілмеді, өйткені өндіріске шығындарды төмендету үшін стимул және өзіндік құнды қалыптастыруды басқарудың жаңа әдісетерін енгізу ынтасы болған жоқ.

Нарық өзіндік құнды басқару жүйесін құру әдістерін тұбегейлі өзгертеді. Барлық өндірістік-шаруашылық процесстер туралы нақты және оперативті ақпарат қана кәсіпорынға шығарылатын өнімге сұраныстың күрт өзгеруімен байланысты тәуекел дәрежесін анықтауға, шығарылатын бұйымдардың бәсекеге қабілетті бағасын анықтауға, кәсіпорынның шығынсыз деңгейін талдауды жүргізуге, потенциалды және әлеуметтік тиімділікті ескере отырып, қаржылық және инвестициялық саясатты ойдағыдай жүргізу үшін балама шешімдерді негіздеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта маңызды категория пайда болып табылады. Кәсіпорын пайдасы оның табыстары мен шығындарымен шартталған, нарықтық экономика тұсында табыстар мағызды дәрежеде конъюнктураға, ал оның шығындары кәсіпорынның өзінің қызметіне, оның әкімшілігінің және еңдек ұжымының әрекеттеріне тәуелді болады. Сондықтан шығындар есебі және дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, сонымен қатар шығыдарды талдау әдістері кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық өызметінде маңызды орын алады.

Осыған байланысты диплом жұмысының негізгі өзекті мәселесі - нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шығындар есебін ұтымды жүргізу, оны талдау әдістерін қамту болып табылады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты - кәсіпорынның шығындар есебін, аудитін және талдауын жүзеге асырудың теориялық аспектілерін және мысал түріндегі кәсіпорынның шығындар есебін, аудитін, талдауын қарастыру.

Диплом жұмысын жазу барысында теориялық білімдерді негіздеу мақсатында іс-тәжірибе жүзіндегі база Абай ауданы, Қарауыл ауылында орналасқан «Дерикар» ЖШС-нің қызмет көрсетушілік - шаруашылық қызметі болып табылады.

1. ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
1. ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 1. 1. Шығындар есебінің маңызы мен мәні

Өнеркәсіпті кәсіпорын - әртүрлі өндіріс пен шаруашылықтан (негізгі, көмекші, эксперименталды) тұратын күрделі механизм.

Кәсіпорынның жеке өндірістік буындары бойынша шығындарды жоспарлау және есебі мақсатында шығарылатын өнімнің мақатына байланысты барлық өндіріс негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгі өндіріке өнімді шығару үшін құрылған кәсіпорынның өнімдерін, сонымен қатар сату және ішкі зауыттық тұтыну үшін арналған жартылай фабрикаттар (машина құрылыс зауыттары үшін сызықты, ұсталық, пресстік ) дайындауға арналған өндіріс жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндіріс өнімдерін дайындауға тікелей қатыспайды, бірақ өнімді өндіре, қызметтерді көрсете отырып өндірісті және кәсіпорынның барлығын қамсыздандырады (жөндеу - механикалық, электр көліктік, инструменттік ехтар, су және газбен жабдықтау) .

Кез келген кәсіпорын үшін мағызды орынды өндірістік есепті ұйымдастыру алады. Өндірістік бухгалтерлік есепті ұйымдастыру көп жағдайда өндіріс типіне байланысты болады. өндірістің келесідейүш типін бөледі: жеке, сериялық және жаппай.

Жеке (бірлік) өндіріс типіне өнім жеке даналармен немесе көп емес қайталанатын тапсырыстармен дайындалуы тән, мұндай өндіріс түрі ауыр машина құрылысына сипатты. Оның келесдей ерекшеліктері бар: цехтарда нақты мамандануы жоқ, субъектінің және цехтардың өндірістік бағдарламасы бұйымдардың және оның бөліктерінің көп санымен ерекшеленеді, дайындау - қортынды жұмыстарға шығыдар біршама жоғары, өндірістің басқа типтеріне қарағанда өндірістік цикл ұзақтығы жоғарырақ. Жеке өндірістерде шығындар әрбір бұйымның (тапсырыстың) шығындары есептелетін шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың үлгілі әдісі қолданылады.

Сериялық өндіріс серия болып табылатын бірдей бұйымдарды шығарудың кезең сайын қайталануымен сипатталады. Оған келесідей ерекшеліктер тән: шығарылатын өнімнің шектелген номенклатурасы, мамандандырылған машиналар, инструменттер, құрылғылар саны шектелген. Сериялық өндіріс машина құрылыс өнеркәсібінде және металды өңдеу өнеркәсібінде кең таралған. Бұл кәсіпорындарда өнімді шығару есебі бұйым жинақталатын бөлшектер немесе олардың партияларына қатысты емес, бұйым - серияларға қатысты жүргізіледі.

Сериялардың көлеміне байланысты өндірістік үш түрін ажыратады: ірі сериялық өндіріс (өнім үздіксіз бір жыл ағымында дайындалады), сериялық (мамандану шеңбері шағын, ал өндірістік сызықтар мен цехтар заттық және технлогиялық мамандануға ие), шағын сериялық (бірлік өндірістен өнімді шағын сериялармен шығаруға өту формасы) . Сериялық өндірісте шығындар есебінің әне өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативті немесе шектеулі әдісі қолданылады.

Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт ағымында үздіксіз бірдей өнім дайындалатын өндіріс типі. өндірістің бұл типінің сипатты белгілері салыстырмалы түрде үлкен емес ассортимент кезінде шығарылатын бұйымдардың маңызды көлемі, құрал - жабдықтардың мамандануының жоғары деңгейі және өндірістің жоғары ритмділігі болып табылады. Жаппай өндіріс машина құрылысына, құрылғыларды жасау, жеңіл өнеркәсіп, консерв, кондитер және экономиканың басқа да салаларына тән. Мұнда шығыдар есебінің және өзнідік құнды калькуляциялаудың нормативті әдісі қолданылады.

Өндірісті ұйымдастыру тек шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды құруға ғана емес, сонымен қатар алғашқы есепті, аналитикалық есепті ұйымдастыруға ықпал жасайды. Ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылым мен еңбек ақыны сменада шығарылым рапорттарына сәйкес маршруттық беттермен бекітеді, ал жеке және шағын сериялық өндірістерде - кесінді жұмыстарға наряд және т. б. бекітеді.

Кез келген өнім, қызмет және жұмыс өндірісі белгілі бір шығыдармен байланысты. «Шығындар» ұғымы өндіріс залалдарымен байланысты активтердің (материалдардың, ақша қаражатарының) азаюын немесе міндеттемелердің (кредиторлық қарыздың) ұлғаюын қамтиды. Бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша «актив» субъектімен бақыланатын ресурс, болашақта табыс күтілетін өткен процесстің нәтижесі ретінде анықталады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру - субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі. Негізгі элементтер мыналар: алғашқы есеп пен құжат айналымы, түгендеу, субъекті қаржы - шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.

Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7- бабына сәйкес субъект басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісімшартпен мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.

Бас бухгалтер немесе бухгалтер субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығын бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министрлігі аудитта жүзеге асырылады.

Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемі, әрбір өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу, қызмет көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

  • Материалдар мен шикізаттарға кететін шығындар есебі

Қазіргі кездегі өндірістік ортада шаруашылық етуші субъектілер көп бөлшектер мен өлшеуіштері қажет ететін, кең ассортиментті өнімдер өндіріледі. Сондықтан мұндай шаруашылық субъектіде материалдарды басқару және жоспарлау мәселелері кешенді мәселелер болып табылады.

Ол үшін алдымен шаруашылық субъектілерде материалды босату және алу, тапсырыстардың типтік процедурасын қарастырамыз. Материалдарды басқару және жоспарлауды бірінші сатысы қорлардың оптимальды деңгейін анықтау.

Қорларды басқарудың басты мақсаты шикізаттан дайын өнімге дейін қорлардың барлық түрлеріне капиталды жұмсаудың оптимальды деңгейін анықтау және шаруашылыққа қажет деңгейдегі мөлшерін ұстау болып табылады. Қорлардың оптимльды деңгейін белгілеу кезінде тұтынушылар ұсыныс пен сұраныс мұқтаждарын, өндіріс мұқтаждарын жеткілікті дәрежеде қанағаттандыру үшін, аталған деңгейде тұрақты түрде қадағалап отыруы керек . Шикізат пен материалдар шығыны тікелей материалдар шығынын құрайды. Тікелей материалдық шығындар- бұл тауар бағасын анықтауда құнына айналатын және дайын өнімнің бір бөлігі болып ауысатын заттар.

Осымен қатар, онда шамадан тыс қорларды болдырмауын, әр азаматта қорларға жұмсалған қаражаттардың тиімділігін және олардың басқа да тиімді пайдалану жолдарын іздестіру жөн.

Қорлардың оптимальды деңгейін белгілеу, сол қорларды бақылау үшін керек, бірақ біздің басты мақсатымез - шикізат пен материалдар есебінің процедурасын қарастыру сондықтан бұл арада біз қорлардың оптимальды деңгейін қалай белгілеуге болатындығы жөнінде мәселені қозғаймыз.

Бәрімізге белгілі, материалдардың қорлану деңгейі олардың кірісімен тәуелді болады. Сақтауда жатқан материалдардың әрқайсысы бойынша оптимальды қорды қамтамассыз етуге қойма есебі ( форма М-15 ) карточкасында қолдардығы материалдар санының оперативтік немесе жедел есебін жүргізеді. Егер оның есебі компьтерде жасалатын болса, онда есеп карточкасының орнына тапсырыс орындары мен материалдардың қалдықтары жазылған дисплей жеткілікті болады.

Өндіріс сұранысы мен қойма ұсынысы арасындағы сәйкессіздік жабдықтау бөліміне белгілі бір мөлшерде қайтадан тапсырыс беру арқылы жойылады. Егер компьтерленген жүйе әрекет етсе, онда компьтер, қор деңгейін тапсырыс орнына жеткенде, тапсырысты автоматты түрде босады.

Көрсетілген қателер үздіксіз өндірісте мүмкін болады, себебі онда ұсталмайтын қорды сақтаумен байланысты ескерілмеген шығындардың арту мәселесі пайда болады. Дербес құқылы қорлар негізгі қорлар сақталатын жерде сақталады, бірақ оларды негізгі қор толығымен таусылмайынша пайдалануға болмайды. Бірақ дербес құқылы қорларды пайдаланса, онда олар жаңа тапсырысты қажет етеді, яғни бұл, кезең қажеттілігін ескергендігін көрсетеді, бірақ сонымен қоса жаңа партияға тапсырыс берілмесе, онда өнімнің жаңа партиясы дайындалмады.

Мұнда жаңа тапсырыстың карточкасының орнын ауыстыруы, яғни ұсталмайтын қорлардың өндірісте бақыланатын қорға өтуі орын алады. Бұл жағдай, ішкі есеп жүйесінің көпшілігінде ресми түрде ескерілмеген шығындар ретінде тіркелмейді.

Қорлардың оптималды деңгейі, осы қойылған екі шек нүктелерінің арасында болады, яғни керекті кезде керекті материалдың, керекті мөлшерінде болғанын мақсат тұтады, бірақ оның да барынша ең аз шығынмен қамтамассыз етілгені жөн. Ол үшін әр түрлі материалдар бойынша қолда бар мөлшерінің есебі жүргізіледі. Бұл есептік ақпарат материалдардың қоймалық есебі карточкасында, ал шығын шаруашылық субъектілерінде сұрыптау есеп кітабында немесе қорлар есеп кітабында жинақталады.

Сонымен бірге, материалдарды қабылдау барысында, оның материалдық қор бөлімі ( сақтау бөлімі, қойма ) тиісті есебін жүргізеді, және оларды қарап, содан содан соң жабдықтаушы рәсімделген құжатпен, яғни алынған жүк накладнойының мәліметтерімен, демек тапсырысты жеткізіп берушінің көшірмесі салыстырып тексереді.

Материалдық қор бөлімі сатып алынған тауарларды, тауарды алу туралы хабарламаның көшірмесі сатып алулар бөлімімен бухгалтерияға жіберіледі. Сатып алу бөлімінде тапсырыс орындалады деп белгі соғылады, ал бухгалтерияда тауарды алу туралы хабарлама нақты алынған тауарға төлем жасау үшін жабдықтаушылардың шотымен тексеріледі.

Бухгалтерияда жүргізілетін операциялар:

  • Шикізат қорларының азайғанын құндылықтардың босатылғаны туралы жазуларды жиынтық немесе айналым ведомостарына көшіріп жазу арқылы көрсетіледі;
  • Босатылған материалдар санын тіркеу, мұнда тапсырыс туралы немесе үстеме шығыстарының мәліметтері көрсетіледі.

Босатылған қорлардың бағалаудың анықтамасы екі мақсатқа қызмет етеді.

1. Қорларды бағалау мен табысты есептен шығыру үшін қаржылық қаржылық есеп беруінде материалдардың өткен жылғы шығындарына, олардың жұмсалған бағыттарына шолу жасады. Сосын олар сатылған өнімнің өзіндік құнына енеді, ал сатылмаған өнім қорлары да бағалаудың бір бөлігін құрайды.

2. Өнімге баға белгілеу және шешім қабылдау үшін болашақ кезеңдегі материалдар шығындары болжанады.

Бәрімізге белгілі, материалдар есебінің өлшемімен жүргізіледі; ақшалай және заттай. Сондықтан есеп осы материалдарға тиеселі өлшем бірлігінде жүргізіледі ( дана, метр және т. б. ) . Қоймадағы карточка жазулары бойынша материалдардың есебін жүргізуге болады, яғни (инвесторлық карточка ) қаншасы босатылғанын және қаншасы қалғанын, демек түгендеу жүргізбей - ақ көруге болады. Бұл жағдайда түгендеу тек нақты қалдықты есеп мәлеметтерімен салыстыру үшін қажет.

Сомалық есеп әр түрлі әдістемелермен жүзеге асырылуы мүмкін. Қандай нақты әдістемелер бойынша жүргізілетіні туралы алдын - ала шаруашылық субъектісінің есептік саясатында анықталады. Бұл кезде есеп әдістемесін таңдау қаржылық нәтижелерге мәнді ықпал етуі керек. Бұл материалдар қозғалысының нақты есебін ұйымдастыру мүмкін болмағанда, онда бухгалтерия қызметкері жуық нәтиже беретін әдістемелерге сүйену мәжбүр болатынымен байланысты.

Өндіріске босатылған материалдардың есептеу жолымен шығырылатын есептік бақылау әдісі - жуық есеп әдісі болып табылады. Бірінде бұндай әдітің кең үш түрі бар, олар әр қайсысы өз кезегінде оперативтік және жиынтыққа бөлінеді.

Есептің оперативтік әдісі кезінде барлық есептеулер кіріс және шығыс операцияларын жасаудың нақтылы уақытында жүргізіледі.

Шикізаттар деп - бұрын азда - көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдері ( мұнай, руда, мақта, жүн - тері, ағаш және тағы да басқа материалдар ) жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өңдеуші өнеркәсіп өнімдері жатады. Шикізаттар мен негізгі материалдар өндірілген өнімнің негізін құрайды.

Субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің екінші бөлімінде негізгі өндіріс шығыны 201 - шикізат пен материалдар жазылған. 201 - шотта өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның негізін, жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне, сондай - ақ техникалық таңсатқа пайдаланатын, өнім өндіру процесіне әсер ететін материалдардың шаруашылық субъектісіндегі есебі, олардың кіріске алынуы мен есептелген есептен шығырылуы есептелінеді.

  • Жұмысшы күшінің шығындарының есебі

Өндірістік қызметте жұмыс күші негізінен қозғаушы күш ретінде танылады және ол өндіріс элеметтерінің бірі болып санатады. Тек жұмыс күші, тірі еңбек оған қосымша құнды жасайды. Сондықтан, көптеген авторлардың пікірі бойынша еңбек ресурстары өндіргіш күштердің маңызды элементі және экономикалық потенциялды көрсеткіш ретінде ескерту керек деп санайда.

Өндіріс жұмысшыларының негізгі еібек ақы тура өнімнің өзіндік құнына енеді, ал уақытша жұмыс істейтіндердің негізгі еңбек ақысы мен қосымша ақысы шығындардың өнім бірлігіне есептеу негізінде бөлінеді. Олар өндіріс көлемінен, жұмыс орындарының тізімінен және қамтамасыз ету нормаларынан есептеледі.

Қосымша еңбек ақы өнімнің өзіндік құнына байланысты болады, ол негізгі еңбек ақыны пропорционалды, ал әлеуметтік қорғанысқа бөлінген есеп - негізгі және қосымша еңбек ақыға пропорционалды.

Негізгі және қосымша еңбек ақы құны, сонымен қатар әлеуметтік қажеттіліктерге бөлген есептер 12. 12 ведомосында жазылады.

Еңбек ақы нормасынан ауытқу ең алдымен құжаттандыру әдісімен анықталады, яғни белгіленген норма бойынша есептің барлық еңбек ақыға және құжаттар толтырылады қосымша жұмыстарға нарядтар, ақау туралы актілер, тұрап қалғаны жөнінде актілер нормадан тыс қосымша төлемге қағаздар және тағы басқа. Бұл құжаттарда еңбек ақысы бойынша нормадан тыс құны көрсетілмейді, сонымен бірге олардың себептері мен кінәлілері. Нормадан ауытқудың негізгі себептері мыналар; техникалық процесс бойынша қарастырылмаған қосымша жұмыстар; жабдықтың сай жолмен немесе жөнделмеуі, технологиялық процесске сай емес құрал - жабдықтары қолдану жұмыс разрядынын, жқмысшы разрядына байланыспауы; материалдарды ауыстыруына байланысты еңбек ақыға қосымша төлем уақытша жұмысшылардың істеген жұмыс уақыты үшін фактілі есептелген еңбек ақы мен норма бойынша төлем ақы құнының арасындағы айырмашылығы, тағы басқалар. Сонымен қатар уақытша жұмысшылардың еңбек ақы нормасынан ауытқуы арнайы есептеу арқылы анықталады, оның өзі фактілі есептелген еңбек ақысын қамтамассыз ету норма көлемімен немесе фактілі шығарылған өніммен салыстыру негізінде пайда болған.

Нормадан ауытқуы әкімшілік, цехтар, мекемелер қызметтері кінәлі болуы мүмкін. Алғашқы құжаттармен, есептермен байланысты себептері мен кінәлілер бойынша нормадан ауытқуы туралы мәліметтер құрастырылады.

“ Еңбек ақы” бабында негізгі өндірістік мекеме жұмысшының төлем ақысының шығындары көрсетілген, оған өндірістік қорытындылар ақы үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген сый енгізіледі. Еңбек ақы шығындары құрамына мыналар жатады;

- Істелген жұмыс үшін төлем ақы, ол мекемеде еңбек ақы жүйесі мен формасымен және жекелеген жұмыс келісімі шартқа байланысты тарифтік есеп пен міндетті төлем бойынша есептеледі;

- Нақты көрсеткіштер негізінде жұмысшыларға төленетін сый ақы, тарифтік стафкаға қосымша төлем және мамандық шеберлілік үшін төлем, аса күрделі жұмысты орындау үшін төлем;

- Қосымша төлем, жұмыс кестесіне және жұмыс жағдайына байланысты, оның ішінде түнгі уақыттағы жұмыс үшін тарифтік ставка мен төлемге қосымша, шамадан тыс жұмыс үшін, демалыс және мейрам күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықтарды байланыстыра білгені үшін, қызмет көрсету аймағы кеңейткен үшін, аса қауіпті жұмыс жағдай үшін күрделіклиматтық жағдайдағы жерде жұмыс істегені үшін;

- Жүргізіліп отырған заң бойынша ақысыз берілетін жеке басының қолданылуыда қалатын заттардың бағасы;

- Жүргізіліп отырған заң бойынша кезекті және қосымша демелыстық төлем ақысы, сонымен қатар мемлекеттік міндетті атқаруға байланысты уақытқа төлем ақы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар есебінің мәні мен жіктеудуің табиғаты
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі
Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру
Кәсіпорынның шығыны және оның формалары
Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
Баскару есебіндегі шьғындардың жіктелуі
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындар балама шығындар
«Қой шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру» (Алматы облысының мәліметтері негізінде)
Шығындар есебі және аудиті
Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz