Агроөнеркәсіп кешені ауқымда сала


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1

1. 1

1. 2

1. 3

1. 4

2

2. 1

2. 2

3

3. 1

3. 2

Кіріспе

Агроөнеркәсіп кешенін реттеудің теориялық негіздері

Агроөнеркәсіп кешенінің ұғымы, құрамы және құрылымы

Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде

АӨК мемлекеттік реттеу - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы

Экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік қолдаудағы шетелдік тәжірибесі

Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешенін реттеу жолдары

Павлодар облысы агроөнеркәсіп кешенінің жалпы ахуалы

Екібастұз өңірінің агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту бағдарламасы

ҚР-ның аграрлық секторын мемлекет тарапынан қолдау және реттеу шаралары

Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің жаңа бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері

Қазақстан экономикасының аграрлық секторын жаңғырту жөнінен мемлекеттің дағдарысқа қарсы шаралары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

А қосымшасы (анықтамалық)

3

5

5

15

37

45

59

59

68

97

97

103

110

112

114

Кіріспе

Агроөнеркәсіп кешені экономиканың негізгі салаларының бірі және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі ғана емес, мемлекеттегі қоғамдық-саяси тұрақтылық та осы саланың дамуымен тікелей байланысты.

Шаруашылық нарығының қазіргі кезеңінде аграрлық және онымен араласқан салаларды дамытудағы мемлекеттік саясат қысқа-орташа және ұзақ сипатта болады. Жинақтай келгенде бұл саясат еңбек өнімділігін көтеру негізінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және алдыңғы дамудағы агралық өндірістің тікелей табысына және ауылдағы жұмыспен қамтылудың барлық формаларын, оның ішінде индустриялдау тәсілі арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған.

Кеңестер Одағы құлағаннан кейін Қазақстанның ауыл шаруашылығы ауыр жағдайда болды, ал реформалар көрінетіндей жағымды өзгерістер әкелмеді, керісінше, капиталдық салым көлемі күрт қысқарды, ауылшаруашылық техникасы паркі тозды, айналмалы құралдар қысқарды, табыстаушыларға, бюджеттің барлық деңгейлеріне, несиелерге қарыз саны көбейді. Ауыл шаруашылығының көптеген салалары шығынға ұшырады, өнімділікті кеңейту мүмкінділігі босқа кетті, өндіріске және ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген диспаритет бағаның салдарынан айналмалы құралдардың жетіспеуі мәселесіне келіп тірелді.

Осы барлық мәселелерді қалпына келтіру үшін мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығының қалыптасуы бойынша маңызды жұмыстар жүргізілді.

Жалпы жағдайды тұрақтандырғаннан кейін мемлекет алдында басқа міндеттер агроөнеркәсіп кешенін еуропалық стандартқа сай дамыту және еңбек өнімділік деңгейін екі есе арттыру, 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнімдерімен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы ғылымын басым бағытта дамыту міндеті тұр.

Соған байланысты айтылған мәселелерді шешу үшін бірінші өндірілген өнім сапасын жақсарту, олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру шаралары жүргізілуі тиіс. Екіншіден ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың негізгі проблемасы - қайта жарақтану, яғни оларды халықаралық стандартқа сай өнім өндіре алатын қазіргі заманғы жаңа құрал-жабдықтармен, қондырғылармен жабдықтау мәселесі, шаруаларға несие берудің тиімді түрлері, жеңілдетілген салықтар т. б. маңызды мәселелер Үкімет пен барлық деңгейлердегі әкімдер алдында қойылған басты міндеттер болып отыр. Осының барлығы дұрыс аграрлық саясат пен мемлекеттік қолдаусыз шешілуі мүмкін емес.

Осыған орай аталған мәселелерге шешім табу еліміздің қазіргі кездегі алғышарттарының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығының алдында еңселі міндеттер тұр, болашақта ДСҰ кіруге жоспарлап отырмыз. Агроөнеркәсіп кешені ауқымда сала. Сондықтан да зерттейтін де, жазатын да жағдайлар өте көп. Аграрлық саланың мәселелерін зерттей келе мен экономиканың аграрлық секторындағы мемлекеттік реттеуді ең бір маңызды мәселелердің бірі ретінде алып, сол туралы жазуға жөн көрдім.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Экономиканың аграрлық секторындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары» - деп аталады. Жұмыстың екінші бөлімі толықтай Павлодар облысы материалдары бойынша жазылған.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігінің негізін еліміздің аграрлық саланың даму бағыттары, дағдарыс жағдайында ауыл шаруашылыққа мемлекет тарапынан қолдау көрсету және де еліміздің ДСҰ кіру қарсаңында аграрлық саланың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру осының барлығы осы саладағы мемлекеттік реттеумен оның таңдап алған саясатымен тығыз байланысты. Осы негізде қарастырылып жатырған дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.

Зерттеудің объектісі болып, Павлодар облысы материалдары бойынша агроөнеркәсіптік кешен мәселелері болып табылады. Ондағы агрөнеркәсіптік кешенді мемлекет тарапынан қолдау және реттеу мәселесін зерттей отырып, одан шығар жолдарды ұсыну.

Кез келген жұмыс сияқты, дипломдық жұмыстың да алға қойған мақсаты болады.

Бұл дипломдық жұмыстың алға қояр мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңда қалыптасып отырған нарықтық экономика жағдайындағы аграрлық сала мәселесін талдау, ондағы басты мәселелерін сараптамаға салып зерттеу болып табылады. Және де елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Павлодар облысы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік қолдау және реттеу шараларын талдау болып табылады.

Осы зерттеулердің негізінде келесі тапсырмаларды шешу жоспарланып отыр:

- Қазақстан Республикасы бойынша жұмыссыздық пен кедейшілік жағдайына толықтай сараптама беру;

- аудан экономикасының аграрлық секторының салаларын мемлекеттік қолдау бағыттарын зерттеу;

- дағдарыс жағдайында мемлекеттің аграрлық саланы әлемдік нарықта, біріккен кедендік ұйымға, ДСҰ өту кезеңіндегі аграрлық сектордың дайындық және бәсекеге төтеп бере алу дәрежесін талдау;

- елдегі аграрлық саланың даму бағыттары және күрделі мәселелерді анықтап, шешу жолдарын анықтау;

- қаржылық, инвестициялық, сақтандыру, ақпараттық институттар мен кластерлерді қалыптастыруды дамыту есебіндегі бәсекелестікті және өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандартқа өтудегі аграрлық сектордың дайындық дәрежесін талдау;

1 Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері

1. 1 Агроөнеркәсіп кешенінің ұғымы, құрамы және құрылымы

Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) елдің экономикасында ерекше мәнге ие. Ол қоғамның тіршілік әрекетін қолдау жағдайын анықтайтын халық шаруашылығының негізгі кешендерінің қатарына жатады. Оның мәні адамдардың тамақ өнімдеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар ол халықтың жұмыспен қамтылуына және барлық ұлттық өндірістің тиімділігіне елеулі әсер етеді.

Агроөнеркәсіп кешені ауыл шаруашылығын дамытумен, оның өндірісіне қызмет көрсетумен және ауыл шаруашылық өнімдерін тұтынушыға жеткізумен байланысты халық шаруашылығы салаларының жиынтығы болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінің басты міндеті халықтың тамақ өнімдері мен халық тұтынатын товарларға деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені халық шаруашылығының аса ірі кешені болып табылады. Ол жетпісінші жылдардың ортасында, халық шаруашылығының көптеген салаларын бірыңғай кешенге біріктіру үшін материалдық-техникалық, ғылыми-теоретикалық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттар туындаған кезде біртұтас кешен ретінде қалыптасты.

Қазір планетамыздағы азық-түлік проблемасы ғалымдарды өте қатты мазалап отыр. Осынша халықты тамақтандыру үшін тамақ ресурсы жеткіліксіз. Ғалымдардың есептеуінше, Жер бетінде аштық азабын тартпай және табиғатқа зиян келтірмей тек қана 5 миллиард халық өмір сүре алады. Ал қазір халық саны алты миллиардтан асып отыр. Егер адамзат проблеманың сындарлы шешімін таппаса, тамақ дағдарысы - болашақта нақты проблема болады.

Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылығы салаларының негізгі және өмірлік маңызды салаларының бірі және өнеркәсіп үшін басты шикізат жеткізушілердің бірі болып табылады. Шикізат ретінде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 50% пайдаланылады. Ауыл шаруашылығы жеңіл, тамақ, құрама жем және өнеркәсіптің басқа салаларына шикізат жеткізеді.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы - өнеркәсіп товарларын ірі тұтынушы. Өнеркәсіп ауылдарға тракторлар, автомобильдер, машиналар, жабдықтар, отын мен майлағыш материалдарды, минералдық тыңайтқыштарды, құрама жем және т. б. жеткізеді.

Демек, өнеркәсіптің кейбір салаларының дамуы ауыл шаруашылығына байланысты, алайда ауыл шаруашылық товар өндірушілерінің табысты жұмыс істеуі өнеркәсіптің даму деңгейімен анықталады.

Ауыл шаруашылығына экономика саласы ретінде өсімдік және мал шаруашылықтарының өнімдерін алу үшін ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу және мал өсіру кіреді. Өз кезегінде, өсімдік шаруашылығы: егіншілік, көкөніс шаруашылығы, жемшөп өндіру, жеміс шаруашылығы, бақша шаруашылығы, шалғын өсірушілік, гүл өсірушілік, орман шаруашылығы бөлімдерінен тұрады.

Ауыл шаруашылығы саласындағы шаруашылық субъектілерінің нысандары үш санат бойынша беріледі: ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа және үй шаруашылықтары. Ауыл шаруашылық кәсіпорны - ауыл шаруашылық қызметін жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам немесе өндірістік кооператив нысанында құрылған заңды тұлға. Шаруа (фермер) қожалығы - тұлғалардың отбасы-еңбек бірлестігі, мұнда бірлестік басшысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеу және өткізу үшін ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерді пайдаланумен байланысты қызметін жеке кәсіпкерлік негізінде ұйымдастырады. Үй шаруашылығы - жеке ауладағы отбасының немесе бірнеше отбасының өндірістік қызметі.

Ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің көлемі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өнімдерді іске асыру көлемі, демек, халықтың тамақ өнімдеріне, ал өнеркәсіптің - шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі осының шамасына байланысты.

Өзіндік құн деңгейі, табыс сомасы, өнімділік деңгейі және басқа экономикалық көрсеткіштер өнім өндіру көлеміне байланысты. Сондықтан шаруашылық қызметіне талдау жасауды өнімдерді, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін зерделеуден бастау қажет.

Елдің экономикасының табысты дамуы көбінесе ауыл шаруашылық өндірісінің өсу қарқыны мен тиімділігімен анықталады. Ауыл шаруашылығын тиімді дамыту табиғи-ресурстық әлеует пен қоғамның игілігін сақтауға ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманда әлемдегі Қазақстанның жағдайына да әсер етеді. Елдің Аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын дамытуға кешенді көзқараспен келуді талап етеді. Салалық инфрақұрылымды дамытудың тиісті деңгейі болмай өндіріс құралдарын шығаратын АӨК-тің бірінші саласы да, ауыл шаруашылығын білдіретін - екіншісі де, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын - үшінші сала да қалыпты жұмыс істей алмайды. Сондықтан Қазақстанның ауыл шаруашылығын тұрақтандыру және бұдан әрі дамыту мемлекеттің ролін күшейту және экономиканың осы аса маңызды саласына қолдау көрсетпей мүмкін емес.

Халық шаруашылығының әрбір саласында айрықша өндіріс құралдары, дайындалатын өнімі, белгілі бір өндірістік қарым-қатынасы бар, қызметкерлерден тиісті біліктілігінің бар болуын қажет етеді. Ауыл шаруашылығына сонымен қатар кейбір ерекшеліктер тән.

- ауыл шаруашылығында басты, таптырмайтын өндіріс құралы ретінде жер пайдаланылады. Басқа өндіріс құралдарынан айырмашылығы жер дұрыс пайдаланған болса тозбайды, өз сапасын сақтайды.

- ауыл шаруашылығындағы айрықша өндіріс құралдарына тірі организмдер жатады олар биологиялық заң негізінде өсіп-жетілетін өсімдіктер мен жануарлар. Өсіп - өнудің экономикалық үдерісі табиғи үдеріспен өзара байланысып жатыр.

- ауыл шаруашылық өндірісінің нәтижелері топырақ-климат ахуалына байланысты, ал өнеркәсіп өндірісіне бұл фактор әсер етпейді. Бұдан басқа, топырақ-климат ахуалы ауыл шаруашылығының орналасуы мен мамандандырылуына елеулі әсер етеді. Жеке ауыл шаруашылық дақылдары тек қана белгілі бір климат ахуалында өсіп-жетіле алады.

- ауыл шаруашылығында жұмыс істеу кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді. Бұл ауыл шаруашылық өндірісінің маусымдылығына негізделеді. Күздік дәнді дақылдарды өсіру кезінде өндіріс уақыты пен жұмыс істеу кезеңі арасындағы айырмашылық анық көрінеді. Оларды өндіру кезеңі дайындау мен егіс кезі шілде-тамыз айларында басталады және келесі жылы егін жинау кезі шілде айында аяқталады. Осы уақытта жұмыс істеу кезеңі бірнеше рет тежеледі және қайта жаңғырады: танапты дайындау, егіс, өсімдікті баптау, егін жинау және басқалар, ал негізінен өсімдіктің өсуі мен даму жағдайымен анықталатын өндіріс кезеңі үздіксіз жалғасады. Маусымдылық өндірісті ұйымдастыруға, техника мен еңбек ресурстарының пайдаланылуына елеулі әсер етеді.

- cалада шығарылған өнім оның құралдары (тұқым, жемшөп, мал төлі, оргаинкалық тыңайтқыш және басқа) ретінде өндірістің бұдан кейінгі процесінде тікелей пайдаланылады, ал кәсіпорын негізгі шикізатты басқа салалардағы кәсіпорындардан алады. Өндіріс технологиясының айрықшалығы осындай ерекшеліктерге байланысты. Ауыл шаруашылығында технологиялық үдеріс биологиялық факторларды, тірі организмдерді пайдалануға негізделеді, ал өнеркәсіпте химиялық, физикалық және механикалық үдерістерді пайдалану негізге алынады.

- aуыл шаруашылығында еңбек заттары емес (өсімдік), өндіріс құралдары (тракторлар, машиналар, комбайндар және басқа ауыл шаруашылық техникасы) ауыстырылады. Өнеркәсіпте, әдетте, еңбек заттары (шикізат) ауыстырылады, ал құрал-жабдық, машиналар, станоктар бекітіліп беріледі. Ауыл шаруашылық техникасының айрықшалығы сонда, олар негізінен өнімдердің жеке түрлерін өндіру үшін пайдаланылады және басқа түрлері үшін жарамсыз. Өнімдердің әрбір түрін өндіруге арналған машиналар кешені бар. Сондықтан техникаға деген жалпы қажеттілік өнеркәсіп салаларына қарағанда мұнда елеулі жоғары.

Ауыл шаруашылық өндірісі үлкен жер алаңдарында жүргізіледі. Егіншіліктегі өндірістік үдерістердің басым бөлігінде жылжымалы жұмылдырғыш агрегаттар қолданылады. Ауыл шаруашылық өндірісінің кеңістіктегі бытыраңқы орналасуы әр түрлі жүктерді тасымалдаудың үлкен көлемін қажет етеді: ауыл шаруашылық дақылдарын, тыңайтқыштарды, жемшөпті және т. б. жинау. Мұның бәрі ауыл шаруашылық өндірісінің энергия ресурстарына деген жоғары қажеттілігіне негізделеді. Ауыл шаруашылығының ерекшелігі мұндағы ұдайы өндірістің экономикалық үдерісі табиғи үдеріспен тығыз тоқайласады, мұндағы өнім өндірісі өсімдік пен малдың өсу және дамуындағы биологиялық циклмен байланысты. Ауыл шаруашылығына тән биологиялық үдерістердің тоқтатылуы өнеркәсіп өндірісінің бастамасы болып табылады. Атап айтқанда, өсімдік пен малды өсіп-өндіру, жеміс жинау және сүт алу ауыл шаруашылығына, ал ұнды тарту, жемісті қайта өңдеу, май өндіру, мал сою өнеркәсіпке жатады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы жылдар бойынша ауа-райы жағдайына қарай елеулі дәрежеде ауытқып отырады, бұл өз кезегінде мал шаруашылығын дамытуға және жалпы ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігіне әсер етеді. Су ресурстары ерекше роль атқарады. Ауыл шаруашылығында су өндірістің заттай және таптырмайтын элементі болып табылады, ол алдымен республиканың су тапшылығы бар аудандарында өнімді шығаруға және оның құнын қалыптастыруға қатысады. Ауыл шаруашылығының бесінші ерекшелігі табиғи факторлардыңжәне өсімдік пен малдың айрықша қызметі осы саладағы жұмыс істеу кезеңінің өндіріс уақытымен сай келмеуіне әкелуінде. Ауыл шаруашылығында өндіріс уақыты жұмыс істеу кезеңіне қарағанда ұзаққа созылады. Бұл өсімдіктің тіршілік ету кезінде аралық бар, ал биологиялық даму процесі адамның тікелей қатысуынсыз жүзеге асырылуына байланысты. Өсімдіктің тіршілік етуіндегі биологиялық процесстер шақыратын ауыл шаруашылығындағы еңбектің әркелкі қосылуы әр түрлі және тұрақсыз ауа-райы жағдайына байланысты да күшейеді. Ауыл шаруашылығының алтыншы ерекшелігі бұл сала өзінің даму процесінде аймақтың табиғи және экономикалық жағдайына сәйкес товар өнімдерінің бәлгілі бір аяқталған түрлерін өндіруге мамандандырылады, бұл оны орналастыру мен мамандандыруда есепке алынады. Ауыл шаруашылығының жетінші ерекшелігі мұнда дайын өнім өндіріс құралы ретінде өндірістің келесі циклына енеді. Осы және басқа себептерге байланысты негізгі және айналым құралдарын қалыптастыруда ерекшеліктер пайда болады. Ауыл шаруашылығындағы товар өнімдерінің деңгейі өнеркәсіптің деңгейінен төмен болуы осының нәтижесі болып табылады.

Дамыған елдерде ауыл шаруашылығы индустриалды технология саласын құрайды және көп салалы агроөнеркәсіп (АӨК) немесе азық-түлік (АК) кешенінің тізбегі ретінде ғана дами алады. Осы технологиялардың негізін ауыл шаруашылық емес салалар құрайды. Олар түпкілікті ауыл шаруашылығы өнімдері құнының 50% келетін өнеркәсіптің өндіріс құралдары мен материалдарын жеткізеді.

Қазіргі заманғы жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі халық шаруашылығының бірқатар басқа салаларының тұтасымен табысты жұмыс істеуіне елеулі деңгейде байланысты. Алдымен ауыл шаруашылығына техника, ауыл шаруашылық машиналарын, жанар-жағармай материалдарын, у химикаттарын, тыңайтқыш, құрылыс материалдарын және басқаларды жеткізетін салаларға байланысты.

Ауыл шаруашылығын дамытудың серпіні мен қарқыны көбінесе өндіріс құралдарын дайындайтын өнеркәсіп салаларындағы өндіріс деңгейімен анықталады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығының дамуы ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қызмет көрсететін салалар мен өндірістердің тиімді қызметімен тығыз байланысып жатады. Мұның бірінші кезекте техниканы жөндеу, ауыл шаруашылық объектілерін құрылыс, өндіріс құралдарымен жабдықтау, өнімдер мен материалдарды тасымалдау жөніндегі салалар мен өндірістерге қатысы бар.

Ауыл шаруашылығы - өндірістің өзгеше саласы, оның басты ерекшелігі - жердің өндірістің негізгі құралы ретінде бар болуы. Өндірістік басқа құралдарынан жердің ерекшелігі - адам еңбегінің өнімі, оның мөлшері өсе алмайды; ауыл шаруашылығында дұрыс пайдаланылған жағдайда жер өз сапасын жойып қана қоймайды, тіпті оны жақсартады, ал өндірістің басқа құралдары біртіндеп сапалық және табиғи тозып, орны басқасымен ауыстырылады. Жер, өндіріс құралы бола отырып, сонымен қатар еңбек құралы және еңбек заттары болады.

Ауыл шаруашылық өндірісінің маңызды ерекшелігі оның маусымдылығы болып табылады, бұл жыл ішінде жұмыс күшін бірқалыпты пайдаланбауға әкеледі, ауыл шаруашылығын өндірістің табиғи жағдайына басыбайлы етеді, өнімдер мен ақшалай табыстың жыл бойы бір қалыпты түспеуіне әкеледі. Ауыл шаруашылығынң тағы бір ерекшелігі ол биологиялық сипатта, яғни мұнда өсімдік пен мал өндіріс құралы ретінде көрінеді.

Ауыл шаруашылығын орналастыру мен мамандандырудың аса маңызды табиғи факторлары мыналар болып табылады: топырақтың сапасы; аязсыз кезеңнің ұзақтығы, белсенді температура сомасы (жылумен қамтамасыз ету) ; күн радиациясының шамасы (жарықпен қамтамасыз ету) ; ылғалдандыру жағдайы, жауын-шашын мөлшері; қолайсыз ауа-райы ахуалының қайталану мүмкіндігі (қуаңшылық, қатқақ, жел және су эрозиясы) ; су ресурстарымен қамтамасыз етілуі; жергілікті жердің топографиялық жағдайы және басқалар. Табиғи факторлар өсімдік шаруашылығы саласына әр түрлі дәрежеде, олардың өңдеу ареалын анықтай отырып, жоғары деңгейде әсер етеді. Бірқатар дақылдар үшін (әсіресе жылу сүйгіш) бұл ареалдар аса шектелген, мысалы, жүзім, шай, цитрус дақылдары және басқалар; басқалары үшін - барынша кең (арпа, күздік бидай, картоп және басқа) . Мал шаруашылығын орналастыру үшін табиғи факторлар жемшөп базасы арқылы көріне отырып, елеусіз әсер етеді. Жайылымдағы мал шаруашылығы (қой, ірі қара мал шаруашылықтарының кейбір бағыттары; бұғы шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және басқа) табиғи-климат ахуалына неғұрлым басыбайлы. Мұнда жайылымның бар болуы, олардың ауқымы, өсімдіктің құрамы және оларды пайдалану кезеңінін ұзақтығы сияқты факторларды бөліп қарауға болады.

Ауыл шаруашылығын орналастыру үшін сонымен қатар әлеуметтік-демографиялық факторлар да аса маңызды. Халық ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі тұтынушысы болып табылады, сондықтан осы өнімді тұтыну құрылымының аймақтық ерекшеліктері болады. Ауыл шаруашылығын мамандандыруға қала мен ауыл халқының арасындағы ара қатынас әсер етеді. Бұдан басқа, халық сала үшін еңбек ресурстарының үнемі өсіп отыруын қамтамасыз етеді. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне қарай ауыл шаруашылық өнімдерінің еңбекті қажетсінетін әр түрлі сипатталатын кез келген өндірісі дамып отырады. Көкөніс, картоп, қант қызылшасы және басқа техникалық дақылдар өндірісінде, мал шаруашылығының кейбір салаларындағы өндірісінде еңбекті қажетсіну неғұрлым жоғары болып саналады. Мамандандырылған білікті кадрларды пайдалану еңбек өнімділігін өсіруге, осы өнімді өндірудегі еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бірқатар аймақтардағы халық көші-қонының артуы қазіргі уақытта өнімнің еңбекті қажетсінетін өндірісін шектеуге әкеліп отыр. Сонымен қатар орналастыру мен мамандандырудағы маңызды фактор өткен жылдары жеткіліксіз түрде есепке алынған және бірқатар жағдайларда бұрын жалпыодақтық қорға жеткізудің жоспарлы көлемімен анықталатын шетке шығарылатын өнімнің көптеген түрлерін өндіру мүмкіндігін елеулі шектейтін жергілікті халықтың мүддесі болып табылады.

Ауыл шаруашылығын орналастыру мен мамандандырудың неғұрлым мәнді экономикалық факторларына мыналарды жатқызуға болады:

- өткізу нарығына қарай шаруашылықтардың орналасуы мен қайта өңдеу кәсіпорындарының, шикізат пен түпкілікті өнімді сақтау үшін ыдыстың бар болуы, көлік құралдары мен байланыс жолдарының бар болуы және жай-күйі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
«Қазақстан және дүниежүзі азық-түлік мәселесі»
Азық - түлік мәселесі
Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
Агробизнес экономикасы
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz