Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері


Мазмұны
Кіріспе10
1 Экономикалық тұрақты дамудың теориялық негіздері12
1. 1 Экономикалық тұрақты дамудың мәні мен мазмұны12
1. 2 Экономикалықті тұрақты дамудағы жүйелік тәсілдің негіздері16
1. 3Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері28
2 ҚР және ОҚО экономикалық тұрақты дамудың қазіргі жағдайы38
2. 1 ҚР және ОҚО экономикалық тұрақты дамудың қарқындық көрсеткіштерін салыстырмалы талдау38
2. 2 ҚР және ОҚО экономикалық және әлеуметтік тұрақты дамудың тиімділігін анықтау49
3 Экономикалық тұрақты дамудың болашағы мен негізгі бағыттары55
3. 1 Экономикалық тұрақты дамудың тетіктерін реттеу және бағалау55
3. 2 Экономикалық тұрақты қалыптастыруды жетілдіру жолдары58
Қорытынды68
Қолданылған әдебиеттер тізімі70
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономикаға өтуде және экономиканы реформалауда ең негізгі мәселелер жергілікті жердегі қатынастардың даму негізінде туындайды. Экономикалық категория қызметтерін жетілдіріп, басқару тетіктерін қалыптастыру бағытындағы әкімшілік жауапкершілікті арттырып отыру да бұған толыққанды негіз бола алады . Әрбір жергілікті жердегі экономикалық басқару тетіктерінің атқаратын қызметтерін нарық талабына сай үйлестіріп, сәйкестендірмейінше тұрақсыздық туындай береді. Нарықтық жағдайдағы экономиканы тұрақтандыру үрдісі нарық заңдылығына сәйкес, экономикалық категория қызметтерін басқару тетіктері мен тұтқаларын пайдалану арқылы дамиды. Олардың еркін және тиімді қызмет атқаруына қажетті жағдайларды жасап, үйлестірілген біртұтас жүйе орнату нарықтық реформалар барысындағы ескі шаруашылық тетіктерінің орнына нарық заңдылығындағы жаңа шаруашылықты шұғыл қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай бір қатар дамушы елдер, тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізе алмауда.
Экономиканың шикізат секторынан түскен үлкен кіріске ие бола отырып, мемлекет пен жеке сектордың экономиканың жаңа саласын дамытуға ынтасы жоқ. Осы кезеңде елеулі ресурстары бар елдер экономиканың жаңа секторын дамытуға ұмтылыс жасауда. Алайда ұзақ мерзімді болашақта шикізат қоры таусылады, бұл пайдалы қазбалар орнын өңдеуден кейінгі тұрақты даму жоспарында көптеген мәселелер туындатады. Міне сол себепті біз индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыруымыз қажет.
Нарық қатынастарында әркімнің жеке әрекеті әртүрлі қайшылықтар мен кедергілер арқылы орын алып отырады. Экономика ғылымдарының кернекті өкілдері, әсіресе жаңа институционализм (неоинституционализм) бағытының өкілдері экономиканың тұрақты дамуы қазіргі жағдайда ең алдымен институционалды факторларға тәуелді дейді.
Бұл кейбір облыстардың, аудандардың (қалалардың) аймақтық даму деңгейінің әртүрлілігіне байланысты болып отыр. Бірінде табиғи ресурстар, қаржы капиталдары, адам ресурстары жеткілікті болса, енді біреулері әлі де болса өз ресурстары мен мүмкіншіліктерін жасай алмай, орталықтан көмек сұрап отыр. Дегенмен, нарықтық қатынастар экономикасы әрбір облыс пен қаланы, аудандарды өзіндік даму мүмкіншілігіне бағыттап, жауапкершіліктерін күшейтеді. Осыған орай, жергілікті қаржы ресурстарын тиімді пайдалану қатынастарын қалыптастыру, несиелік жағынан қамтамасыз ету, инвестициямен қамтамасыз ету, бюджеттік қаржымен қамтамасыз ету, өндірістерді даму, тұрмыстық-әлеуметтік қызметтерді өсіру сияқты бүгінгі күннің ең маңызды мақсаттарын көлденең тартсақ та болады. Жергілікті жердегі реттеу, басқару, талдау, тексеру, бағдарлау, жоспарлау әрекеттеріп енгізу арқылы әкімшілік басқаруды жетілдіре түсу - өзек болган негізгі мәселелердің бірі. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторын даму тек әрбір аймақтың (облыстағы, қаладағы, аудандардағы) тұрактылыққа қабілеттенуінен ғана пайда болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар беру болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету келесі міндеттерді шешуді қарастырады:
- экономикалық тұрақты дамудың теориялық негіздерін зерттеу;
- ҚР және ОҚО экономикалық тұрақты дамудың қазіргі жағдайын талдау;
- экономикалық тұрақты дамудың болашағы мен негізгі бағыттарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: ҚР және ОҚО экономикасы
Зерттеу пәні: адам ресурстарын басқару процесінде қалыптасатын экономикалық, құқықтық және әлеуметтік қатынастардың жиынтығы.
1 Экономикалық тұрақты дамудың теориялық негіздері
1. 1 Экономикалық тұрақты дамудың мәні мен мазмұны
Экономиканы тұрақты дамудың басты мақсаты - дамыған, өркениетті ел қатарына қосылумен бірге, мемлекет ішінде баршаға барынша мүмкіндіктер беріп, әрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін және экологияны корғайтын қоғам құру. Ал, экономиканың тұрақты дамуы тарихи ұғым. Қоғамның даму барысындағы кезеңдерде бірнеше экономистердің көзқарастары бар. Сондықтан, осы мәселелерді қарастырып барып, оның бүгінгі дамуына жол көрсету басты мақсат болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев біздің елде он жыл ішіндегі қол жеткен реформаландыру қорытындыларын талдай келе: «Бұл айтылғандар республика реформалар кезеңінің көптеген қиындықтарын ойдағыдай еңсеріп, тұрақты экономикалық даму траекториясына шыққанын көрсетеді» деп, ойын түйіндеген. Сондықтан, тұрақты даму процесінің мәні мен мазмұнын зерттеу біздің елде экономикалык теорияның негізгі мәселелерінің біріне айналып отыр. Тұрақты даму концепциясы БҰҰ-ның 1992 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен «XXI ғасырдың күн тәртібі» конференциясында адамзат қауымының алдына алғаш рет ұсынылды. Бұл конференцияда тұрақты дамудың мәні қазіргі кезеңдегі қажеттіліктерді қанағаттандырумен қатар, болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына мүмкіндік жасау деп танылды [1] .
Болашақ ұрпаққа, олардың өмір сүру ортасына қамқорлық ету тұрақты даму концепциясының негізгі идеясы болып табылады. Бұл анықтамада әлеуметтік және экологиялық аспект басым. Оның себебі - адамзат өміріне қажетті ете маңызды бірсыпыра табиғи ресурстардың таусылу қаупінің нақты екендігінде. .
Тұрақты дамудың көптеген анықтамалары мен көрсеткіштері қалыптасуда. Олар кең диапозонда: жай тепе-теңдіктен жүйелік және біртұтастық түсініктері арасында қолданылып келеді. «Тұрақты даму» түсінігі көпжақты кең көлемде қолданылатын ұғымға айналып отыр. Тұрақты дамуды экономика тек қана оңды дамып отырған кезең деп, біржақты қарамауы керек. Тұрақты даму ұғымы қолданылғанда ойланудың абстрактілі тәсілі пайдаланылады да, көптеген процестер мен кәрсеткіштердің негізінде сондай тұжырым жасалынады. Ойланудың абстрактілі тәсілі қолданылу барысында зерттеүшілір зерттеліп жатқан құбылыстарға тән емес, оның түпкілікті мәнін ашпайтын кездейсоқ белгілер мен қосалқы процестерден ойын алшақтатады. Сөйтіп, зерттеүші құбылыстың немесе процестің ішкі дүниесіне еніп, олардың нағыз мәнін ашады.
Тұрақты даму қажеттілігі туралы К. Джанбуршин өзіндік ойын былай деп қорытындылады: XX ғасырдағы нарықтық экономиканың барлық теориялық модельдері белгілі бір кезеңдерде болып тұратын дағдарыстарды болдырмауға бағытталды. Жаңа теори-лық модельдер өте терең дағдарыс кездерінде пайда болып отырды. Сондықтан да экономикалық теорияның дамуы әркашан артта қалып келеді. Іс жүзінде байқау және қателіктерді болдырмау әдісі орын алады. Осыдан барып шектелген ресурстар толық пайдаланылмады, әлеуметтік-экономикалық даму тежелді. Бұл жағдай тек тұрақты даму концепциясын іске асыру барысында ғана түбегейлі өзгеруі тиісті. «Экономикалық жүйенің өзгеруі - қоғам дамуының күрделі кезеңі» деп көрсетеді А. Т. Әшимбаева. Бұл кезеңде қоғам өмірінің барлық жақтары түбегейлі озгереді, ұзақ мерзімдік мақсаттар, даму қарқыны мен пропорциялары анықталады [2] .
2002 жылы «Тұрақты дамуды институтционалдық нығайту» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының ең жақсы концепциясына конкурс өткізілген болатын. Бұл конкурс Қазақстанның ғылыми ортасында тұрақты даму мәселелерін зерттеуде кернекті ғалымдар бар екенін көрсетті. М. Қажыкен конкурстық жұмысында өз концепциясын кеңінен керсете отырып, табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертудің қажеттілігі негізінде тұжырым жасады.
Тұрақты дамудың бұл концепциясының негізгі мақсаттары:
- барлық қоғамның тұрмыс жағдайын көтеру, адамның
тіршілік әрекетінің табыс, тұтыну, білім алу, денсаулық, қауіпсіздік, бостандық секілді сипаттарын қанағаттандыру;
- елдік қауіпсіздігінің ұзақ мерзімдік әлеуметтік және экономикалық аспектілерін есепке ала отырып, табиғи ресурстарды үйлесімді пайдалану;
- даму және табиғатты пайдаланудың маңызды мәселелері
туралы шешім қабылдауда әлеуметтік серіктестік жуйесін құру.
Тұрақты даму теориясының біржақты экологиялық өрбуінің өзіндік қарама-қайшылықтары аз емес. Мысалы, М. Кажыкен соңғы өнімнің көлемін және өндірістің өсу қарқынын арттыра түсу басымдылықтарынан кері қайту, экономикалық өсуді жылдамдатудан бас тартудың қажеттілігі туралы тұжырым экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі басты бағыт деп таныған. Мұндай көзқарас өткен ғасырдың 70-ші жылдарында Америка Құрама Штаттарында «нөльдік өсу» концепциясы ретінде кеңінен тараган болатын. Бұл концепцияның негізгі дәлелдері мыналар болған:
1. Ресурстардың таусылу шегі. Ресурстардың жетіспеүшілігі Мальтустың теориясының дәстүрлі тақырыбы. «Өсудің шегі» кітабының авторлары минералды ресурстардың негізгі түрлерінің қорымен қамтамасыз ету көрсеткіштерін есептеп шыққан. Бұл көрсеткіш қазіргі кездегі белгілі қорларды бүгінгі өсу қарқынын сактай отырып, қанша жыл пайдалануға болатынын анықтауға бағытталған. Қарастырылған 19 минералды шикізаттың ішінде тек көмір көрсеткіші 100 жылдан асып түскен.
Алтын қорының қазіргі таңда игеру мүмкіндігі 9 жыл, қалайы - 15, мырыш - 18 және мұнай - 20 жыл. Шикізаттың барланған қорын 6 есе өсіріп есептегенде олармен қамтамасыз ету мыс үшін 20 жылдан 48 жылға, мұнай - 20 жылдан 50 жылға дейін өскен. Ғалымдардың жасаған қорытындылары бойынша, қазіргі кездегі ресурстарды тұтыну деңгейі және оның болжамдық өсуі сақталған жағдайда қазіргі кездегі қайта пайдалануға келмейтін ресурстар 100 жылдан кейін өте қымбат болады.
Минералдардың орнын алмастыру, әрине, ресурстардың жалпы жетіспеүшілігінің әсерін тежейді. Әйтсе де, нақты жағдайларды жаксартуға әкеле алмайды. Әңгіме бір немесе екі минералдық қордың таусылу орнын толтыруда емес. Мәселе мыс, корғасын, алтын, күміс, қалайы, мырыш, вольфрам және сынап сияқты минералдардың шығындарын шектеуде. Бұл орын шикізаттарды өндірістердегі біршама алмастыруды қажет етеді. Кейбір металдар алмастыруға жатпайды. Металдарды пластмассамен ауыстыру қажет деген көзқарастар бар. Бірақ, пластмассаның мұнайдан пайындалатынын естен шығаруға болмайды. Оның да игеру шегі бар. Сонымен, жалпы ресурстардың жетіспеүшілігі жағдайында бір материалдарды басқалармен ауыстыру тұйықтан шығар жол емес.
2. Қоршаған ортаны ластаудың шегі. Қоршаған ортаны ластаудың шеткі шегі жылулықты жоғалтумен байланысты. Материалдарды қайта қалпына келтіру, сөз жоқ, жылу қалдықтарын ұлғайтады. Соңғы кезекте барлық пайдаланылатын энергия бірте-бірте төменгі температуралық жылылыққа айналады. Уильям Нордхаустың есебі бойынша, энергияны тұтынудың 500 есе өсуі (4 пайыздық жылдық қарқынмен 160 жыл) қоршаған орта үшін өте тиімсіз.
3. Экологияның бұзылуы. Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға кері әсерінің көлемін энергия мен материалдардың антропогендік тасқыны мен табиғи тасқынды салыстыру арқылы шамалап бағалауға болады. Тек қана адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуге дүниежүзілік экономика шығаратын энергияның 20 пайызы кетеді. Бұл тұрғыда энергияның антропогендік шығынының жалпы көлемі ғана маңызды емес, оның бөлінуінде біркелкіліктің жоқтығы да үлкен мәселе. Дүниежүзілік энергия шығынының 94 пайызы солтүстік жарты шарға келеді, ал 75 пайызы жер құрлығының 0, 3 пайызына шоғырланған. Мұнайдың мұхитқа табиғи жағдайда құйылуы жылына шамамен 0, 1 млн. тоннаны құрайды, ал антропогендік ластану шамамен 2, 2 млн. тонна. Адамның іс-әрекетіне байланысты күкірт пен сынаптың атмосфераға шығуы шамамен табиғи деңгейде. Ал, тыңайтқыш өндіруде азотты атмосферадан жасанды байланыстыру табиғи қалыптан жоғары және азотты атмосфераға қайта қайтарудың табиғи деңгейінен анағұрлым асып түседі. Азоттың жинақталуы су қоймаларының бұзылуына әкеліп соқтырады. Адамның қоршаған ортаға әсері жылына шамамен 5 пайызға өседі және әр 14 жылда екі еселенеді.
Осы дәлелдерге сүйене отырып, «нөльдік өсуді» жақтаушылар мынадай қорытындыға келеді. Бұл жағдай ереуілдер, терроризм, жатырқау жәнс енжарлық жағдайларында көрініс тауып отыр. Егер өрлеуді тоқтату бағытында қажетті қадамдар жасамаса, онда адамзат өмірінде экологиялық тоқыраулар, генетикалык апаттар, эпидемиялар, ядролық қирау, саяси ретсіздік сияқты қиыншылықтар туындайды. Өсу кедейшілік пен теңсіздікті жойған емес және жоя да алмайды. Техникалық прогресс жағдайды қиындата түседі, өйткені ол жеке бостандықты жояды [3] .
Әйтсе де, бұл «нөльдік өсу» концепциясы теориялық тұрғыда да, іс жүзінде де жеңіліс тауып келеді. Экономистердің басым көпшілігі өсуді жалғастыру концепциясын қолдайды. Өйткені, экономикалық өсу өмір деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің азық-түліктердің, киімдер мен пэтер-үйлердің, жоғарғы дәрігерлік қызмет көрсетудің деңгейі сапалы болса, онда олар өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұған қоса, бос уақыттың, көңіл көтерудің, молшылықтың, өнер мен жеке бастың жұмыла қимылдауы өмір сапасын көтере түседі. Экономикалық өсу кедейлшілік мәселелерін шешуге пайдаланылады және толық жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады. Дамыған елдердің соңғы ширек ғасырдағы бірқалыпты экономикалық өсуі ерікті жеке тұлғалардың іс-әрекетін шектеудің мүмкін еместігін көрсетіп отыр. Сондықтан да экономикалық өсуге кері әсерін тигізетін капиталдың жетіспеүшілігі, энергия мен шикізаттық материалдардың тапшылығы мемлекеттік саясаттың басты объектісі болуға тиіс. [4]
Экономиканы тұрақты даму мәселелерін жүйелік тәсіл арқылы зерттейтін болсақ, онда мына бағыттарды кеңінен қамту қажет.
Біріншіден, елдің әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету және даму барысының мониторингін жүргізу; екіншіден, экономикалық потенциалды игеру мәселелерін аймақтық бөлу бойынша жан-жақты талдау, тетіктері мен көрсеткіштерін қалыптастыру; үшіншіден, салалық бөлу негізінде оның бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторлар тізбегін құру.
Бүгінгі күннің негізгі мақсаты экономиканың нарықтық қатынастары дамуының тұрақтылығы тек экологиялық тұрақтылык пен әлеуметтік тұрақтылықпен тығыз байланысты.
Экономика тұрақтылығы әлеуметтік тұрақтылықты жасағанымен, экологиялық тұрақсыздықты тудыруы мүмкін. Ал, зкологиялық тұрақсыздық экономикалық тұрақтылықты жоюға әкеледі. Демек, экономиканың тұрақты дамуының кепілі, тек экология және әлеуметтік салаларды қаржыландыру болып табылады. [5]
Ал, ол қаржыландыру кезі - тек экономика жүйелерінен туатын қосымша құн. Бүл байланыстылық бюджет арқылы орындалады. Осы жағдайлардың барлығы келесі мәселелерде кеңінен қарастырылады.
Қорыта келгенде, экономика және әлеуметтіліктің даму тұрақтылығы өте көп факторлы және аргументті мәселелердегі тепе-теңдікті сақтау, яғни экономиканы тұрақтандырудың өзін экономикалық категориялардың бірі деп тануға болады.
Ал, оның кызметінің өзгешелігі басқа барлық қалған категориялар қызметтеріне тікелей байланысты. Және ол барлық категорияларды орындау қызметтерінің нәтижелі бағасын анықтаушы құрал. Тек тұрақты даму өлшемін тапқанда барып, экономиканың даму барысында әртүрлі категориялар қызметтеріне реттеу жүргізу арқылы онын басқару тетіктерін таба аламыз. Бұл басқару тетіктеріндегі бір категорияларды даму, екіншілерін тежеу мәселелері.
1. 2 Экономикалықті тұрақты дамудағы жүйелік тәсілдің негіздері
Адамдардың шаруашылық қызметі «орта» деп аталатын белгілі бір кеңістікте орын алып отыр. Экономикалық ғылым ондай ортаны табиғи жаратылыстық және әлеуметтік орталар деп ажыратады. Табиғи ортаға табиғи-климаттық, жердің жағдайы мен сапасы, су ресурстарының бар-жоғы, күн сәулесінің молшылығы және тағы басқа факторлар жатады. Аталған факторлар шаруашылық жүргізуге неғұрлым ыңғайлы болса, соғұрлым адамдардың шаруашылық әрекеттері нәтижелі болады. Адамзаттың күш қуаты керемет өскеніне қарамастан, адам әлі табиғаттың ажырамас және тәуелді бөлігі. Сондықтан, адамзат өзі өмір сүріп отырған табиғи ортаны күйретпей, ұқыпты пайдалауы тиісті. Әйтпесе оның өміріне үлкен қауіп төнеді.
Әлеуметтік-экономикалық ортаның да адамдардың шаруашылық қызметіне әсері өте үлкен. Қалыптасқан немесе арнайы орнатылған әлеуметтік орта прогрессивті болған жағдайда адамдардың шаруашылық қызметінің тиімділігі артып, экономика қарқынды дамиды. Керісінше болған жағдайда тоқырау мен күйзелістер орын алып, олар экономикалық сипаттан әлеуметтік және саяси сипатқа өтеді. Мұндайда әлеуметтік-экономикалық ортаны жетілдіру керек немесе оның басқа бір түрін қалыптастыру керек [6] .
Әлеуметтік орта, әдетте қоғамның экономикалық ұйымдастырылуы немесе экономикалық деп аталады. Адамдардың шаруашылық қызметі жеке шаруашылықтардың көлемінде ғана емес, бүкіл ұлттық экономика деңгейінде белгілі бір түрде ұйымдастырылады және сол деңгейде шаруашылық жүргізудің механизмдері мен тұтқалары орнатылады. Күрделі шаруашылық механизмін басқару мақсатында басқарушы инфрақұрылым орнатылады (билік жүргізу мен басқарудың әртүрлі институттары мен органдары) . Кейінгілері шаруашылық жүргізудің белгілі бір «ойын ережелерін» бекітіп, солардың орындалуын қадағалап, бүкіл экономиканы басқарады. Экономикалық теорияда осылардың бәрінін, жиынтығы экономикалық жүйе деп аталып жүр.
Егер ғылымның тарихи даму мәселелеріне келетін болсақ, онда біз экономика ғылымының қалыптасуы ұлттық экономикалық жүйені зерттеу негізінде өткенін көреміз. Сондықтан да, «экономикалык жүйе» түсінігі қазіргі кезенде тек макроэкономикада қолданылатын ұғым. Теория жүзінде, қанша ұлттық мемлекет болса, сонша экономикалық жүйе болуы тиіс. Әдетте, экономикалык әдебиетте оларды экономиканың ұлттық моделі деп атайды. Ұлттық экономикалық жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесін шешуде жүйелік амалды орынды қолдану қажет. Өйткені, ұлттық экономика жүйенің принциптері мен заңдылықтарының негізінде жұмыс істейді және дамиды. Бұл көзқарас - экономикалық даму барысында кездесетін қиыншылықтарды ұтымды шешудің кепілі.
Экономикалық жүйе ұғымы туралы әртүрлі көзқарастарды кездестіруге болады, соған байланысты оның анықтамалары бар. Біздің ойымызша, экономикалық жүйе - шаруашылық субъектілерінің қатынастары, оларды реттеп отыратын институттардың байланыстары, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық турде реттелген жүйе. Экономикалық жүйені өндіргіш күштер, шаруашылық механизмдері мен институттарының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жиынтығы түріндегі бүтін организм деп түсіну керек [7] .
Бүтін жүйе ретінде оның құрылымы өте күрделі және элементтерінің өзара бағынышты айланыстары бар. Сонымен қатар, әрбір элементі өзіндік құрылымы бар жеке жүйе болып табылады.
АҚШ профессоры Фритьоф Капраның айтуынша, кез келген әлеуметтік жүйені - компания, қала, елдің экономикасын басқаруда жүйенің құрамдас бөліктерінің арақатынастарының үйлесімділігін іздеу қажет. Бір ғана өзгергіштің жоғарғы шегіне бағытталған тәсіл, олардың ұтымды байланыстылығын шет қалдырып, жүйенің тұтастығын бұзады. Экономикалық құбылыстар мен процестердің жан-жақты байланыста болатынын іске асыру мына мәселерді шешуі тиіс: кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджеттің дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджетке тусімді көбейту, жеке субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастарды оңайлату, жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату, инфляция деңгейін төмендету, экономиканың басымды тұстарының дамуын қамтамасыз ету, халықтың табыс деңгейін көтеру, инвестицияны тартуды кеңейту, тауарды сыртқа шығару потенциалын көтеру, несие пайызын темендету. Әрине, аталған мәселелерді шешу басымдылықтарын басқарушы субъект есепке алып отырады. Сондықтан, экономиканы зерттеуде жүйелік тәсіл әртүрлі әдістерді ұтымды үйлестіріп пайдаланудың әдістемелік негізі болып табылады.
Экономиканы тұрақты даму мәселелерін жүйелік тәсіл арқылы зерттейтін болсақ, онда мына бағыттарды кеңінен қамту қажет. Біріншіден, елдің әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету және даму барысының мониторингін жүргізу; екіншіден, экономикалық потенциалды игеру мәселелерін аймақтық бөлу бойынша жан-жақты талдау, тетіктері мен көрсеткіштерін қалыптастыру; үшіншіден, салалық бөлу негізінде оның бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторлар тізбегін құру. Бұл тұста инвестициялық саясаттың кәсіпорын деңгейіндегі бағыттарын қарастырған жөн; төртіншіден, экономикалық потенциалдың негізгі құрамдас бөлігі - ресурстық факторларды, олардың элементтері мен көрсеткіштерін анықтау [8] .
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің мониторингі - жүйенің құрылымы мен тиімділігін экономикалық салалары бойынша бақылау, ақпарат жинау, талдау, бағалау және болжау. Мониторинг жүргізудің басты мақсаты - экономиканы тұрақты даму және Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мониторингтің негізгі міндеттері:
- мониторинг объектісін басқарудың тиімділігін жоғарылату;
- тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін қолайлыжағдайлар жасау, ұлттық экономикаға инвестиция тартуға қолғабыс ету;
- елдің ресурстық-энсргетикалық қорларын сақтау;
- мониторингтің мәліметтері негізінде экономикалық саясаттығылыми дәлелдеу, экономикалық болжамдардың дұрыстығынқамтамасыз ету;
- әлеуметтік-экономикалық саясаттың мақсаттарына жетугебағытталған макроэкономикалық, салалык және аймақтық жоспарларды ақпараттық қамтамасыз ету;
- мониторингтің мәліметтерін, экономикалық қамтамасыз етуге, әлеуметтік-экономикалық саясаттығылыми дәлелдеуге пайдалану;
- мемлекеттік орындар жасаған келісім шарттарының жәнеміндеттемелерінің орындалуын талдау;
- мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне зиян алдын-ала сақтандыру.
Мониторингтің такырыбына мыналар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz