Мәйітті жерленген жерінен қазып алудың жалпы ұғымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

  1. Эксгумация түсінігі мен ғылыми-теориялық негіздемесі . . . Мәйітті жерленген жерініе қазып алудың жалпы ұғымы . . . Тергеу әрекеттері жүйесіндегі эксгумацияның ғылыми-теориялық

негіздемесі . . .

2 Тергеулік эксгумация жүргізудің процессуалдық аспектілері . . .

2. 1 Тергеулік эксгумацияның қылмыстарды тергеуде алатын орны . . .

2. 2 Эксгумация мақстаттары мен оны жүргізудің прцессуалдық шарттары . . .

2. 3 Эксгумацияға қатысушы тұлғалар . . .

Қорытынды . . .

Қолдануға ұсынылған әдебиеттердің тізімі . . .

КІРІСПЕ

Марқұм болып, бақилыққа аттанған адамды жер бесікке бөлеу - рухани мәдениетіміздің, төл менталитетіміздің баға жетпес кұндылығының айқын белгісі. Марқұмның жатқан жері қайтыс болған адамның туған-туыстары, ағайындары үшін киеліге саналып, ерекше мәні бөлек қасиетті тәжім ету орнына айналады. Дүние салған адамдардың жерленген жерлерін - мәңгілік мекенін қорлау, мазақ кылу кез келген халық үшін шектен тыс шыққан ауыр қылмыс ретінде бағаланады.

Бірақ, акиқатты анықтау мақсатында қылмыстарды ашу, қылмыскерді әшкерлеу және қайтыс болған адамның ақ адал атын ақтау ниетінде, әділдікті орнату үшін марқұм болған адамның тыныштығын бұзуға бағытталған, мәйітті жерленген жерінен қазып алу әрекеті - амалсыз қажеттіліктен туындайтын іс. Қылмыстық іс жүргізуде аталған іс-әрекет - эксгумация деп аталады.

Эксгумация, басқа тергеу әрекеттерімен салыстырғанда, өзінің орыналу жағынан күрделілігімен қатар, қылмыстық істе маңызды орын алатын арнайы мәселелерді шешудегі мүмкіндігінің молдығымен ерекшеленеді.

Заң әдебиеттерінде эксгумацияның процессуалдық және ұйымдастырушылық аспектілері, күні бүгінге дейін кешенді түрде әліде болса толығымен ашылмаған. Жарық көрген қолда бар ғылыми еңбектерде, эксгумация арналған көкейкесті мәселелерінің белгілі бір бөлігі ғана қаралған және оларда мазмұндалған деректер мен ұсынымдар теориялық және тәжірибелік қажеттілікті канағатандырарлықтай емес.

Бұл орайда аталмыш тергеу әрекетінің процессуалдық тұрғыдағы кейбір сұрақтары, оның қылмыстық іс жүргізу заңнамасында жеке тергеу әрекеті ретінде дербестілігі толықтай анықталмағандығын және қажетті шартты нормаларының бір қатар ескіргендігімен түсіндіріледі. Айталық қолданыстағы Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де эксгумация бөлек баппен (225-бап) көрсетіліп, тергеулік қарауға арналған 27-тарауға енгізілген. Соның салдарынан кейбір тәжірибе жүзінде кызметкерлер эксгумацияны тергеулік қараудың бір түрі ретінде қабылдап, қылмыстық іс-жүргізуде эксгумацияны тергеулік қарау тергеу әрекетінің құрылымды элементі деп біледі. Ал көптеген ғалымдар эксгумацияны басқа тергеу әрекеттерінің, оның ішінде тергеулік қараудың жүргізілуіне камтамасыз етуге жататын ұйымдастыру-шылық шара ретінде карастырған.

Дегенімен де, жоғарыда біз атап кеткен сұрактардың жекелеген аспек-тілерін шешуде белгілі бір дәрежеде оң қабақпен қараған ілгері басушылык байқалуда. Айталық, бұрынғы ҚазССР қылмыстық іс-жүргізу кодексінде эксгумацияны тергеулік қарау тергеу әрекетіне арналған бапта жол-жөнекей ғана аталып өтілсе, 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде эксгумация тергеулік қарау тергеу әрекетімен бір тарауға енгізілсе де, бөлек баппен көрсетілген, соған байла-нысты эксгумация бөлек тергеу әрекеті мәртебесіне ие болып отыр. Осыған байланысты алдын-ала тергеудегі эксгумация сұрақтарын теориялык және тәжірибелік тұрғыда карастыруға шынайы мүмкіндік бар.

Сонымен қатар эксгумацияға қатысты процессуалдық аспектілер отандық заң ғылымы саласында казіргі көзге дейін, оның теориялық сипаттағы мәнді сұрақтар шеңберінде кешенді қарастырылып, зерделеніп, зерттелінбеген. Ал бұл сұрақтардың жекелеген бөліктері қарастырылған еңбектерде эксгумация тергеу әрекетіне тиісті деңгейде көңіл бөлінбей, ғылыми тұрғыда талқыланбаған және олардың көбісі бұрынғы кеңестік және ресейлік заңнамаға негізделген.

Жоғарыда келтірілген уәждердің барлығы эксгумацияға қатысты процессуалдық шарттарын айқындайтын оқулықты әзірлеуге себепші болды.

  1. Эксгусмация түсінігі мен ғылыми-теориялық негіздемесі

1. 1 Мәйітті жерленген жерінен қазып алудың жалпы ұғымы

Криминалистикалық тактиканың негізгі мақсаттарының бірі қылмыстарды ашу мен тергеуге бағытталған, алдын ала тергеуде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің қылмыстық іске қатысты тиімділігін арттыруға қажетті ұсынымдарды өңдеу болып табылады. Ал тергеу әрекеттерінің тактикасын талдау белгілі кұқықтық шарттардың шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс. Жалпы алдын-ала тергеуде орындалатын тергеу әрекеттері жүйесіндегі жекелеген түрлері өзіндік қасиеттік белгілерімен, қылмыстарды ашу мен тергеудегі максаттарымен, дәлелдемелерді жинаудағы тәсілдерімен бір топтық үйлесімге жатады.

Алайда кейбір тергеу әрекеттерінің тәсілдік касиеттері басқа тергеу амалдарына қатынастығы айкын бола тұра, олардың мақсаттык бағыты мен орындалу процессінің өзгешілігі ерекше көзге түседі. Мұндай тергеу әре-кеттерінің қатарына эксгумацияны жатқызуға болады.

Алдын ала тергеуде жүргізілетін эксгумация басқа тергеу әрекеттерінен өзінін орындалуынын күрделігімен, коғамдық кауымдастыққа тигізер кері әсерлігімен ерекшеленеді. Ал эксгумацияның осындай айрықша белгілерін ескере келе, кейбір заң оқулықтарында төмендегідей түсініктер берілген: «Эксгумация - мәйітке қатысты, биологиялық-химиялык өзгеруімен бай-ланысты, өзінің күрделігімен ерекшеленетің, белгілі бір діни-этикалық сұрақтарды шешуді қажет ететің, тәжірибеде сирек көздесетің тергеу әреке-ті». Бұл анықтамада эксгумацияның қоғамдағы жалпы сипаты дұрыс бе-рілген. Себебі дін, әдеп-ғұрып және салт-дәстүрлер өмірде қалыптасқан маңызды кұбылыстардын бірі. Қазақстан Республикасы көптеген ұлттардың тоғысқан отаны болып табылады және бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің сол ұлттардың калаған дініне сену, салт-дәстүрлердің тәртібін сақтау секілді бостандық құқықтарымен санасу және оларды корғау еліміздің мемлекет болып кұрылуында үлкен рөль атқарады. Бұл бағытта Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылық етуімен жер бетіңде тыныштық пен бейбітшілікті көздейтің көптеген халықаралық діни форумдары өткізілді. Сондай форумдардың бірі 2003 жылдың кыркүйек айының 23-24 күндері Астана каласында өткен әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің бірінші съөзінде сөйлеген Қазакстан Республикасының Прөзиденті Н. Ә. Назарбаев сөзінде: «Дін - жаһандану басталғанға дейін дүниеде гуманизм және мәдени үндесу идеясын сақтаған және таратушы бірден-бір жаһандық құбылыс болып табылады. Рухани әмбебаптылығымен қатар дін халықаралық ынтымақтастықтың ықпалды институты да» - болып табылатындығын және - «Саяси реттеу әдістері іске аспаған жерде Құдай сөзінің рөлі татуластыру мен үміттің бірден-бір құралы болып қалуда» деп атап кеткен. Демек, діни ағымдар - коғамның айырылмас бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар әдеп-ғұрыптар, дін заңдарында тәрбиелік рухани тазалық үндейтін маңызды ережелер баршылық. Олардың бәрін назарға алмау - көзсіздіктің, озбырлықтың, білімсіздіктің белгілері. Сондықтан да азаматтардың көпшілігі діни ағымдардың, әдеп-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің тәртібі және ережелерін эксгумация тергеу әрекетіне қарсы қояды, яғни эксгумация коғамдық қауымдастықта айтарлықтай жақсы қабылданбайды. Әрине, қо-ғамның мұндай тергеу әрекетіне деген көзқарасын түсінуге болады. Өйткені жерленген адамның мәйіті тыныштықта жатуы тиіс, «жатқан жері жайлы болсын» деген жалпыға белгілі қағидалар бар екенін білеміз. Ал мәйітті жерден қазып алу іс-әрекетінің өзі дүние салған адамның туған-туысқандарын айтпағанда, жергілікті халыққа психологиялық түрде кері әсерін береді. Мұндай іс-әрекеттер орын алса, өлікті қорлапты, діни тәртіптің ережелерін бұзыпты дейтің әңгімелер айтылады. Тіпті эксгумация өткізуге рұқсат етпей, моланы қоршап алып, кедергі жасаған оқиғалар да болмай тұрмайды. Бірақ азаматтардың қоғамда бейбіт, салауатты өмір сүруіне кепіл бола алатын бірден-бір факторы - қылмыспен күресу болып табылады. Себебі қылмыстылықтын көбеюі бейбіт халықтың үрейін алып, мемлекет экономикасының дамуын тежейді. Ал тиісті жазасын алмаған қылмыскерлер басқа да аса ауыр қылмыстарды жасауды жалғастырады. Сондықтан қылмыстылықтың көбеюіне жол бермеу үшін қылмыстарды ашу және алдын алу, қылмыскерді әшкерлеу және жазаға тарту қажет. Осы мақсатта заңмен рұқсат берілген көз келген амалдар мен іс-әрекеттер орындалуға тиіс. Осындай іс-әрекеттердің бірі - эксгумация тергеу әрекеті болып табылады. Осыған байланысты кереғарлық фактілерді болдырмау мақсатында карсы болған туыстары мен ағайындарына эксгумация өткізу арқылы алынған мәліметтер қылмыстық іс үшін қажеттілігін дұрыс түсіндіру өте маңызды.

Алайда, кейінгі көздері тәжірибеде, эксгумация жүргізуге қайтыс болған адамның туған-туыстарының өтіңіштері мен арыздары негіз болған оқиғалар да кездеседі, яғни олар эксгумация жүргізу аркылы өз туысының өліміне қатысты күдіктерді жою мақсатында мәйітті жерленген жерінен қазып алуды талап етеді. Мұндай оқиғалардың өзі азаматтардың эксгумацияның маңыздылығын білгендігін көрсетеді. Бір сөзбен айтканда эксгумация - қазіргі көзде қоғамдық-құқықтық қарым катынаста, қылмыстық іс жүргізуде әділдік пен ақиқатты анықтауға бағытталған амалсыз қажеттіліктен жүргізілетін тергеу әрекеті.

Эксгумация өзінің тарихында қылмыстық істе ақиқатты анықтауда елеулі көмегін беріп отырған. Айталық 1982 жылы 7 желтоқсан күні қайталап сот-медициналық сараптама тағайындау мақсатында жеке басы анықталмаған белгісіз кыз - баланың мәйітіне эксгумация жүргізу нәтижесінде, кыз баланың Венгрия мемлекетіңдегі Тиса-Эслар ауылынан із - түссіз жоғалған Эстер Шоймошидің мәйіті екендігі анықталған. Ал 1915 жылы 4 акпан күні Ұлыбритания мемлекетіңің астанасы Лондон қаласында сот-медециналық сараптама тағайындау үшін азаматша Маргарет Элизабет Ллойдтың мәйітіне эксгумация жүргізу арқылы, оның суға батырылып өлтірілгені аныкталған.

Осылайша жылдар бойы эксгумация өзінің қылмыстық істі тергеу және ашуда елеулі көмегін көрсетіп отырған деп айтуға болады және криминалистика тарихында өзіндік ізін қалдырған. Ал эксгумацияның жүргізілу тәртібі сол жылдары кабылданған заңнамаларда реттелген. Ресей императоры Александр ІІ-нің сот заңнамаларына түсінік берген ғалымдардың бірі С. Г. Щегловитовтың ғылыми еңбектерінде «Сот-тергеуші дәрігер келгенше өлген адамның денесін қазып алуды, жүргізбейді» деген сөз тіркестерінде заңнамалық нормалар кездеседі.

Демек, эксгумацияның маңыздылығы тарихи заңнамаларда да өз көрінісін тапқан. Эксгумация біз білетіңіміздей тек құқық қорғау органдарына қажет көздерде ғана жүргізілмейді. Шын мәнінде эксгумация ұғымы әлдеқайда кең мағынаны білдіреді.

Негізінен эксгумация ұғымы латын тілінен аударғанда «ех» - астынан (ішінен) + «humos» - жер деген мағынаны, яғни мәйітті жер астынан қазып алуды білдіреді .

Жалпы эксгумацияның түсінігі келесідегідей жіктемеде талданады:

1. Ресми (рұқсат етілген) эксгумация - ақиқатты анықтауға және белгілі бір өмірлік ахуалдардың қалыптасуына байланысты, құзыретті мемлекеттік органдарынын арнайы рұқсатының негізінде мәйітті жерленген орнынан қазып алу. Эксгумацияның бұл түрі төмендегідей мақсатта жүргізіледі:

  • құкық қорғау органдарымен жүргізілетін эксгумация (эксгумациятергеу әрекеті ретінде) (Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізукодексі. - Алматы, 1998. - 225 бап) ;
  • тарихи-ғылыми (археологиялық қазбалар және т. б. жүргізу) зерттеумақсатында өткізілетің эксгумация;
  • қайтыс болған адамның (мәйіттің) туған-туысқандарының арнайыарыздарының негізінде, мәйітті бір моладан екінші молаға ауыстыру мақса-тында өткізілетің эксгумация;
  • тиісінше жергілікті аумақтық әкімшілігінің ресми рұқсаты немесешешімі негізінде моланы бір жерден екінші жерге көшіру мақсатындаөткізілетің эксгумация;
  • жерленген мәйітті тану үшін көрсету мақсатта (қылмыстық ісжүргізуге қатысы жоқ жағдайларда) немесе қайтыс болған адамның жекебасын анықтау үшін бұрынырақ алынған мәйіттің қол саусак білегін және(немесе) бас сүйегінің препараттарын «мәйіт сүйегімен бірге косып көму»мақсатында жүргізілетін эксгумация;
  • азаматтық істер бойынша, белгілі бір тұлғаның азамттық талабынасәйкес, ақиқатты анықтау үшін жерленген мәйіттің жеке басын тану жәнеанықтау мақсатында жүргізілетін эксгумация.

Енді аталған ресми жүргізілетін эксгумацияларға жеке дара тоқталып кетейік.

Құқық қорғау органдарымен жүргізілетін эксгумация ҚР ҚІЖК-нің 225-ші бабының талаптарына сәйкес, прокурордың рұқсаты берілген тергеушінің қаулысының негізінде жүргізілетін тергеу әрекеті болып табылады. Эксгумацияның бұл түрі осы оқу құралының негізінде карастырылады.

Тарихи-ғылыми зерттеу мақсатында өткізілетің эксгумация, бұл археологиялық қазбаларды іске асыру қажеттілігінен туындауы мүмкін, ежелгі дәуірден қалған көне мәдениет сүйектері мен өзге де тарихи іздерді іздеу мақсатымен жүргізіледі. Осы ретте, айта кету керек, аталған қазба жұмыс-тарын жүргізу барысында, археологиялық қазбалар шеңберінде зерттелуі тиіс нысандар қатарына жатпайтын олжалардың табылып қалуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай нысандардың қатырына топырақтың үстіңгі қабатынан жақын арада жерленгенін аңғартатын белгілермен табылған мәйіт немесе оның дене мүшелерін жатқызуға болады. Нақ осы жағдаят құқық қорғау органдарының құзіреттілігіне жатады. Бұл орайда археологиялы қазба жұмыстарын атқарып жүрген кызметкерлер (археологтар) дереу құқық қорғау органдарына хабарлауы қажет (ҚР ҚІЖК-нің 177-бабының 1-бөлімінің 3-тармағы, 180-бап. ) . Тиісінше, егер құқық корғау органдарына қылмыстық іске қатысты емес, тарихи кұндылығы бар жерленген мәйіттердің табылғандығы белгілі болса, онда олар бұл жөнінде тиісті органдарға (археологиялық қазба жұмыстарымен айналысатын мекемелер) хабарлауға міндетті.

Қайтыс болған адамның (мәйіттің) туған-туысқандарының арнайы арыздарының негізінде, мәйітті бір моладан екінші молаға ауыстыру мақсатында өткізілетің эксгумация соңғы кезде кеңінен өріс алуда. Қазақ халқында «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне», «Сұлтан сүйегін қорламас» деген мақалдар бекер айтылған емес, яғни қайтыс болған адамның о дүниеге аттанар алдында айтқан өтіңіш-аманатын орындау мақсатында марқұмның туған-туысқандары тиісті мекемеге арнайы сұрау-арыздарын беру арқылы мәйітті өзінің туған еліне көшіріп жерлеу бар. Мұндай эксгумацияның құқық корғау органдары жүргізетің эксгумациямен еш байланысы жоқ. Алайда, соған қарамастан, әсіресе басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан молаларда жерленген қазақстандық азаматтарды өз елінде қайта жерлеуге қатысты жағдайларда құқық қорғау органдарының араласуын қажет ететің мән-жайлар болып калуы ғажап емес. Әңгіме ауаны мәйіт денесінде бұрын белгісіз болған зорлық-зомбылық сипаттағы іздердін анықталуы турасында болып отыр. Осындай ахуалдардың орын алуы ҚР ҚІЖК-нің 177-бабының, 2-бөлімінің талаптарына сәйкес, қылмыстық іс қозғауға негіз болуы әбден мүмкін.

Жергілікті аумақтың әкімшілігінің ресми рұқсаты немесе шешімі негізінде моланы бір жерден екінші жерге көшіру мақсатында өткізілетің эксгумация. Бір молада жерленген адамдардың мәйіттерін қазып алып екінші бір молаға жерлеу де кездесіп тұрады. Мұндай құбылыс өмірде өте сирек кездесетің жағдаяттардың бірі екенін айта кеткен жөн. Алайда, бұл да есепке алынып, ресми эксгумация ұғымының қатарына жатқызылады. Эксгумацияның осындай түрі белгілі бір эпидемиялық аурудың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Мәйіттердің шіруінен пайда болған зиянды нәрсе-лердің, улы заттардың жер асты суларына жұғып жайылуын болдырмау үшін үкімет, облыс, аудан, кала әкімшілігі моланы басқа (елді мекеннің сыртына) жерге көшіру туралы шешім кабылдап, жаппай эксгумация өткізуге рұқсат береді.

Жерленген мәйітті тануға ұсыну мақсатында (қылмыстық іс жүргізуге қатысы жоқ жағдайларда) жүргізілетін эксгумация - өзіне тән ерекшеліктері бар, қажеттіліктен амалсыз жүргізілетін эксгумация қатарына жатады. Әдетте, жеке басы танылмаған, табиғи өлімімен (кәрілік, ауру, т. б. ) қайтыс болған адамдардың жерленіп болғаннан кейін, олардың туған-туысқандары анықталуы мүмкін. Бұл орайда жерленген мәйітті туған-туысқандарына тану үшін көрсету мақсатында эксгумация жүргізіледі. Бірақ калыптасқан дүниежүзілік тәжірбиеге сәйкес, жеке басы анықталмаған мәйіт табылғаннан кейін жеке басын анықтауға бағытталған қажетті тексеру іс-шаралары жүргізіледі. Нәтижесінде мәйіттің жеке басын анықтау мүмкін болмаса, идентификация жүргізу мақсатында оның бас сүйегі мен қол білегі кесіп алынып, мәйіттің денесі танылмаған мәйіт ретінде мола ішінен арнайы бөлінген аумағына жерленуге жатады. Осыған байланысты танылмаған әрбір мәйітке тіркеу нөмірі беріліп, ол қабірге жазылып көрсетіледі және оның көшірмесі тиісті мәйітхананың арнайы журналының тізіміне тіркеліп енгізіледі. Мәйіттің тірі туған-туысқандары пайда болған жағдайда, мәйіт денесінің бүтіндігін қамтамасьп ету үшін бұрьнырақ алынған мәйіттің қол білегін және (немесе) бас сүйегінің препараттарын мәйіт сүйегімен бірге қосып көму мақсатында эксгумация өткізіледі, Егер туған туысқандары ресми түрде мәйітті басқа жерге жерлеу үшін оны өздеріне беруді талап етсе, онда олардың талаптары орыдалады. Ал ондай талап болмаған жағдайда, мәйіттің туған-туысқандарының көмегімен жерленген жерде ескерткіш орнатылып, мәйіттің аты-жөні мен туылған және қайтыс болған жылдары белгіленуі тиіс.

Азаматтық істер бойынша, белгілі бір тұлғаның азамттық талабына сәйкес, ақиқатты анықтау үшін жерленген мәйіттің жеке басын тану және анықтау мақсатында жүргізілетін эксгумация, әдетте. тек сот органдарының шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Мұндай эксгумацияны өткізуге қайтыс болған адамнан қалған мұраны бөлуге қатысты белгілі бір азаматтың азаматтық талабы түрткі болуы мүмкін. Мысалы, қайтыс болған адамның азаматтық талап берген туысқандары жерлеу кезінде катыса алмай, сол қайтыс болған адамның өзінің туысқаны екендігіне қатысты күдікті мән-жайларды жою үшін эксгумация өткізілуі мүмкін.

2. «Кездейсоқтық» эксгумация - мәйітті жерленген орнынан қазып алу мақсатын көздемейтін және мәйіттің күтпеген жерден жерді казу барысында кездейсоқ табылған мәйіттер туралы айтылады. Мұндай оқиғаларға, көп жағдайда техника және қол күшімен жер қазу, құрылыс және тағы басқа жұмыстарын атқару барысында табылған мәйіттерді жатқызамыз.

Кездейсоқтық эксгумацияның маңызды мәні оның құқыктық салдарымен айқындалады. Мұндай мәйіттердің табылуы кұқық қорғау органдарының белсенді қызметі басталуына негіз беріп, тексеру амалдарын жүргізуіне басты себеп болады. Алайда, нақ осы жағдай тұсында тергеулік эксгумацияны тілге тиек етуге болмайды, себебі адам денесі тиісті емес субъект тарапынан құпиялы (жасырын) жерленген жерінен қазып алынған және оның қазылып алынуы тиісті заң нормаларынан тыс іске асырылған, яғни мәйіт бұған дейін де табылған (мысалы, жер қазу жұмыстарын атқару кезінде табылған мәйіт) . Тәжірибеде осы тәріздес оқиғаларды «белгісіз адам мәйітінің табылуы» деп атайды. Сондықтан кұкык корғау органдарының кызметкерлері оқиға болған жерде тыңғылықты тексеру өткізіп, мәйітті тапқан адамдардан мәйіттің қалай жатқанын, онын калай табылғанын, қандай техникалық құралдарды колданғанын, т. б. мән-жайлар туралы түсініктеме алуы тиіс. Егер қасақана өлтірілгені анықталып жатса, онда қылмыстық іс козғалады.

Кезедейсоқтық эксгумацияның археологиялык қазбалар барысындағы эксгумациямен белгілі бір дәрежеде ұқсастығы бар. Бұлардың айырмашылығы - археологиялык қазбалардың мақсаты, жер, күрылыс жұмыстарына қарағанда, көп жағдайда нысандарды, онын ішінде тарихи күндылығы бар адам сүйектерін іздеп табу болып табылады. Демек, археологиялық қаз-балар жүргізу барысында мәйіттің табылу мүмкінділігі бар және мұндай кездейсоқтыкты жоқка шығармайды.

Сонымен қатар көздейсоктык эксгумацияның салдарынан табылған мәйіттің тарихи күндылығы да болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мәйіт археологиялык зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында гиісті мекемеге жолданады.

3. «Қылмыстық» эксгумация - баю, түрлі ниет-пиғылмен (діни салт жораларына табынуға негізделген бүзақылыктар) қайтыс болған адам-дардың мәйіттерін қорлау максатымен мәйітті жерленген жерінен қазып алу болып табылады.

Аталған максаттармен қайтыс болған адамдардың өліктерін жерленген жерінен қазып алу іс-әрекетін жасаған мұндай адамдар қылмыстық заңна-маға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс (Қазақстан Рес-публикасынын қылмыстық кодексі. - Алматы, 2002. - 275 бап) . Осыған байланысты мәйіттерді жерленген жерінен қазып алудың бұл түрін - «қылмыстық эксгумация» деп аталуы дұрыс деп есептейміз. Негізінде, қылмыстық эксгумация мәйіттерді қорлау пиғылымен жасалады. Сондык-тан «корлау» сөзінін мағынасы өз алдына бөлек талқылауды керек етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәйіт эксгумациясы (процессуалдық, ұйымдастырушылық және криминалистикалық мәселелері)
Мәйітті табылған жерде тексеріп қарау тәртібі
Қылмыс туралы оқиға болған жерді қарауда тергеушінің ұйымдастырушылық қызметі
Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушыпардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тексеру жүргізу ұғымы мен жалпы шарттары. Тексеру ұғымы
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
Алдын ала тергеудің нысандары мен түрлері
Тергеу әрекеттерін жүргізу
Шіліктідегі жүргізілген қазба жұмыстары
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы жəне жалпы шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz