Ерекше қорғалатын аймақтардың климаттық жағдайларына сипаттама


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Беті

КІРІСПЕ4

1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Қазақстан Республикасында және Батыс Қазақстан облысындағы ерекше қорғалатын аймақтарға сипаттама, олардың маңызы………. 7

2. ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2. 1 Ерекше қорғалатын аймақтардың климаттық жағдайларына сипаттама . . . 25

3. ТӘЖІРИБЕНІ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

3. 1 Тәжірибені жүргізу әдістемесі мен бағдарламасы27

3. 2 Зерттеу жүргізілетін аймақтарға сипаттама…. . … 28

4. ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

4. 1. Аққұм ландшафтылық қорығының топырағы . . . 31

4. 2. Өсімдігі. 34

4. 3. Жануарлар дүниесі. . 35

5. ҚОРЫҚТЫ ДАМЫТУ, ҰСТАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР МЕН ШАРАЛАР . . . 37

6. «АҚҚҰМ» ЛАНДШАФТЫЛЫҚ ҚОРЫҒЫН МОНИТОРИНГІЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ. . 44

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 46

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда экологиялық бағытты дамыту - экологиялық тепе-теңдіктің қалыптасуына, қоршаған орта сапасының жақсаруына алып келеді. Экологияның бір бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аймақтар экологиялық бағытты дамытушы фактор ғана емес, қоғамның әлеуметтік экономикалық тұрғыдан дамуына жағдай жасайтын бірден бір көрсеткіш болып табылады.

Қазақстан Республикасының табиғат жағдайы - Еуразия құрлығының орталық аймағында орналасуымен, зоналық әр түрлілікпен, климаттың аридтілігі мен континенталдығымен ерекшеленеді, ал бұл ерекшелік трансшекаралық мәні бар мәні бар биологиялық әр түрліліктің үлкен сандық обьектілерінің жоғары деңгейде қалыптасуына негіз қалайды.

Адамның тіршілігі үшін пайдаланылатын табиғи заттардың барлығын табиғи қор дейді. Осы табиғи қорларды пайдалну арқылы материалдық тұрмысын, әлеуметтік және экономикалық жағдайларын жақсартып отырады. Нағыз табиғи қорларға су, орман-тоғай, өсімдік және жануарлар дүниесі, атмосфера ауасы, күн және жел қуаты, пайдалы қазбалар және тағы басқалар жатады.

Қазақстан Республикасы аграрлық бағытта дамушы елдердің қатарына жатады. 1991 жылы еліміздің 272, 5млн. га аумағының 218, 7млн. га жері ұйымдар мен азаматтарға және мал шаруашылық кәсіпорындарына пайдалануға бағытталған, 1991-2001ж. ж. аралығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 0, 8 млн. га-дан 1, 2 млн. га-ға көтерілді, яғни ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың өсу желісі республикамыздың тәуелсіздігімен сипат алады. Егер 1991 жылы елімізде 7 қорық пен бір ғана ”Баянауыл ұлттық паркі” болса, соңғы 10 жылдың аралығыңда 2 мемлекеттік қорық және 6 ұлттық мемлекеттік парктер құрылды. . Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың даму жөнінде және қоғамдағы экологиялық-экономикалық рөлі туралы ҚР ата заңында нақты көрсетілген.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құрылымы аймақтың әлеуметтік-экономикалық деңгейімен және табиғи аймақтың шаруашылық меңгерумен аңықталды. Шаруашылық іс-әрекеттері интенсивті дамыған аудандарда ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың даму мүмкіндігі тежелуде.

Ғылыми тұрғыдан алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар өзін-өзі ұйымдастырушылық біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында жоғары сортты өсімдіктердің 49 %-ы, барлық сүт қоректілердің 78, 6%; құстардың 87, 4%; жорғалаушылардың 63, 2% мекендейді.

Қазақстан Республикасында Тянь-Шань мен Алтай экожүйесінің негізгі эталонында, далалы және шөлейтті аймағында орналасқан 9 қорық бар. Бұдан басқа 7 ұлттық табиғи парк, 3 мемлекеттік зоологиялық бақ, халықаралық маңызы бар 3 сулы батпақты жерлер мен мемлекеттік мәні бар 150 су қоймалары бар.

Нарықтық экономика жағдайында республикада ерекше қорғалатын

Табиғи аймақтарды ұйымдастыру және дамыту жолдарына мән берілуде.

КР-ның Үкіметі 2000 ж. ”Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды - 2030 жылға дейін дамыту және орналастыру тұжырымдамасын” бекітті. Келешекте жоспарланған табиғи аумақтардың жер көлемін - 17490 мың гектарға өсіру көзделді де, оның ішінде қорық көлемі 1, 6%, ұлттық парк -1, 4%, табиғи ескерткіштер мен қорықтар көлемі -3, 4%, табиғи аймақтарды құруға байланысты қажетті жыл сайынғы қаржыы көлемі алдын-ала қарастырылған мемлекеттік бюджет қорына тәуелді болмақ.

Батыс Қазақстан облысында ерекше қорғалатын табиғи территориялары биологиялық әртүрлілікті сақтау және тиімді пайдалану үшін облыста мемлекеттік және облыстық маңызы бар табиғи қорықтың 12 нысаны жұмыс жасайды.

Қорыта келгенде, елімізде туризм саласын кеңінен дамыту үшін, мемлекеттік қорыықтар мен ұлттық парктерді қайта құру және ұйымдастыру ісін кеңінен жолға қою керек. Осы жағдайда қайталанбас табиғи ландшафтарды жинаған қорықтар мен ұлттық парктер келесі функцияларға басты назар аударуы тиіс; бұлар тек табиғат байлығын сақтау қоры ғана емес, туристерді тарту арқылы олардан түсетін табыстан еліміздің бюджет саласын толтыру және адамдардың табиғатқа кері әсерлерінің алдан-алу.

Сонымен қатар, экономикалық қатынастарға өту кезеңінде ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың іс-әрекеттерін коммерциялық негізде құру республиканың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына жағдай жасайды. Яғни, бірқатар объектілерді жеке құрылымдарға жалға беруді ұйымдастыру шарт. Бұл объектілерге орман учаскелерін, көл акваториясын, өзен мен су қоймаларын, шөл және далалы аумақтың тартымды ландшафты ескерткіштерін, сонымен қатар, кемпингтердің материалдық-техникалық базасын, ресторандарды, жанар-жағар май бекеттерін және т. б. кіргізуге болады. Осы жағдайда, «Ерекше қорғалатын табиғи аймақ - экотуризм» механизмін іске қосып дамыту керек. Бұл механизмнің маңыздылығы мынада туристер, экскурсанттар мен рекреанттар табиғатқа еш кері әсерлерін тигізбей, таңғажайып табиғат туындыларымен танысуға мол мүмкіншіліктері бар.

1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1. Қазақстан Республикасында және Батыс Қазақстан облысындағы ерекше қорғалатын аймақтарға сипаттама, олардың маңызы.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға ерекше қорғаудың құқықтық заңдылықтарында немесе шаруашылық мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтірудің қамтамасыз ететін аймақтарында реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы аймақтары жатады. Мақсаттары қорғау режим інде және пайдалану ерекшеліктері бойынша еліміздегі құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына; мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік және ұлттық табиғи сая-бақтар; мемлекеттік табиғи ескерткіштер; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық саябақтар кіреді /1/.

Қорықтар дегеніміз биоценоздардың және өсімдік пен жануарлар дүниесінің құндылығына байланысты шаруашылық пайдаланудан толығымен мәңгілік алынған аумақтар.

Қорықшылар дегеніміз өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің немесе табиғи кешенінің белгілі бөлігін қамқорлыққа алудың арқасында шаруашылық пайдаланудан толық босатылған қорғалатын аумақтар.

Ұлттық сая-бақтар біріген ланшафтардың өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрлерінің сақталуын қамтамассыз етумен қатар, демалыспен туризмнің де тамаша орын болып табылады.

Республика көлемінде қазіргі уақытта 8 мемлекеттік табиғи қорық, 3 мемлекеттік ұлттық сая-бағы, 42 зоологиялық және 18 батаникалық қорықшалар, 3 табиғи ескерткіштер бар. Қазақстан Республикасы аграрлық бағытта дамушы елдердің қатарына жатады. 1991 жылы еліміздің 272, 5млн. га аумағының 218, 7млн. га жері ұйымдар мен азаматтарға және табиғи шаруашылық кәсіпорындарына пайдалануға бағытталған, 1991-2001ж. ж. аралығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 0, 8 млн. га-дан 1, 2 млн. га-ға көтерілді, яғни ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың өсу желісі республикамыздың тәуелсіздігімен сипат алады. Егер 1991 жылы елімізде 7 қорық пен бір ғана ”Баянауыл ұлттық паркі” болса, соңғы 10 жылдың аралығыңда 2 мемлекеттік қорық және 6 ұлттық мемлекеттік парктер құрылды /3/. .

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың дамыту жөнінде және қоғамдағы экологиялық-экономикалық рөлі туралы ҚРАта Заңында нақты көрсетілген /1/.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құрылымы аймақтың әлеуметтік-экономикалық деңгейімен және табиғи аймақтың шаруашылық меңгерумен аңықталды. Шаруашылық іс-әрекеттері интенсивті дамыған аудандарда ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың даму мүмкіндігі тежелуде. Ғылыми тұрғыдан алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар өзін-өзі ұйымдастырушылық біртұтас жүйе ретінде қарастырылады /1/. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында жоғары сортты өсімдіктердің 49 %-ы, барлық сүт қоректілердің 78, 6% ; құстардың 87, 4% ; жорғалаушылардың 63, 2% ; мекендейді.

Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары. Биологиялық әртүрлілікті сақтау және тиімді пайдалану үшін облыста мемлекеттік және облыстық маңызы бар табиғи қорықтың 12 нысаны жұмыс жасайды.

Республика ұлттық парктерінде көлемі бойынша ең үлкені «Катон - Қарағай» ұлттық паркі болса, «Баянауыл» ұлттық парік көлемі кіші. Осы жерді ескере кету шарт, республикада ұлттық паркінің көлемін арттыру керек, өйткені мемлекеттік ұлттық табиғи паріктер туристік - рекреациялық қызыметті дамытудың негізгі көзі болып табылады. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер - экономикалық, рекереациялық, ғылыми және басқа да ерекшеліктері бар көп жақты пайдаланылатын обьектілер мен табиғи және тарихи - мәдени кешендер, сонымен қатар, қорғалу зоналары және табиғат қорғау ұйымдарының статусындағы ерекше қорғалатын аумақтар болып табылады. (5) .

Алғашында ұлттық паріктер институты рекреациялық іс - әрекеттерді ұйымдастырудағы және дамытудағы американдық әдіспен құрылған болатын. Содан бері ұлттық паріктер мыңдаған рекреациялық аумақтың таңдаулы түріне айналады. Қазіргі таңда әлемде екі жарым мыңға жуық ұлттық парк бар: бір ғана Еуропада (ТМД мен Балтика елдерін қоспағанда) 269 ұлттық парк кездеседі. Көптеген елдерде ұлттық паріктер үлкен аймақты қамтып жатады, АҚШ-та 1% - ға жуық, Канадада - 0, 8% - ға жуық, Германияда - 17, 5% (жеке иеліктердегі табиғи паріктерді қосқанда), Англияда және Уэльсте - 9%. Мысалы, Кенияда 528, 6мың км жерінде 18 ұлттық парк орналасқын, Малайзия жерінде 336, 7 мың кв, км жер көлемінде 16 ұлттық парк орналасқан («Таман Негара» ең танымалысы) Қазақстанда - 0, 59% қорықтарды қосқанда. Ұлттық парк жөніндегі барлық мәліметте туризм ісін және т. б. іс-әрекеттерді дамытудың ең тиімді обьектісі болып табылады (4) .

Нарықтық экономика жағдайында республикада ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ұйымдастыру және дамыту жолдарына мән берілуде. ҚР-ның Үкіметі 2000 ж. «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды - 2030 жылға дейін дамыту және орналастыру тұжырымдамасын» бекітті.

Келешекте жоспарланған табиғи аймақтардың жер көлемін - 17490 мың гектарға өсіру көзделді де, оның ішінде қорық көлемі - 1, 6%, ұлттық парік - 1, 4%, табиғи ескерткіштер мен қорықтар көлемі - 3, 4%, табиғи аймақтарды құруға байланысты қажетті жыл сайынғы қаржы көлемі алдын - ала қарастырылған мемлекеттік бюджет қорына тәуелді болмақ /29/.

Осы жағдайда қайталанбас табиғи ландшафтарды жинаған қорықтар мен ұлттық паріктер келесі функцияларға басты назар аудару тиіс: бұлар тек табиғат байлығын сақтау қоры ғана емес, туристерді тарту арқылы олардан түсетін табыстан еліміздің бюджет саласына толтыру және адамдардың табиғатқа кері әсерлерінің алдын-алу. Сонымен қатар, экономикалық қатынастарға өту кзеңінде ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың іс-әрекеттерін коммерциялық негіде құру республиканың әлуметтік - экономикалық тұрғыдан дамуынажағдай жасайды. Яғни, бірқатар обьектілердің жеке құрлымдарға жалға беруді ұйымдастыру шарт. Бұл обьектілерге орман учаскелерін, көл акваториясын, өзен мен су қоймаларын, шөл және далалы аумақтың тартымды ландшафты ескерткіштерін, сонымен қатар, кемпингтердің материялдық - техникалық базасын, ресторандарды, жанар - жағар май бекеттерін және т. б. кіргізуге болады.

«Ерекше қорғалатын табиғи аймақ - экотуризм» механизімін іске қосып дамыту керек. Бұл механизімнің маңыздылығы мынады: туристер, экскурсанттар мен рекранттар табиғатқа еш кері әсерлерін тигізбей, таңғажайып табиғат туындылармен танысуға мол мүмкіншіліктері бар.

Жануарлар дүниесі - биосфераның негізгі бір бөлігі. Өсімдіктер сияқты жануарларда адам тіршілігіне өте қажетті. Бұл өзін-өзі қайтадан қалпына келтіріліп отыратын табиғат байлығы. Жануарлар өсімдіктермен, өзі тектес басқа жануарлармен қоректенетіндіктен биологиялық заттардың алмасуына қатысады. Сондықтанда заттардың табиғаттағы алмасуында және адам өмірінде мәні зор. Негізінен теңізде тіршілік ететін бір клеткалы омыртқалы жануарлардың қалдықтарынан бор сияқты тау жыныстары жасалады. Жылы теңіздердегі маржандардың жасалуы ішек қуыстыларға жататын маржан палиптеріне байланысты. Жер бетінде тіршілік ететін көптеген жан-жануарлар топырақты қопсытып, оған ауа мен судың енуін жеңілдетеді, органикалық заттармен байытып құнарлығын арттырады. Жануарлардың жеке түрлерінің келтіретін пайдасының немесе зиянының мөлшерін белгілеу үшін көптеген жергілікті жағдайды анықтап, түрдің табиғаттағы және адам өміріндегі мәнін білу керек /7/.

Қазіргі кезде көтеген жан-жануарлардың мәнін анық білмейміз. Көп жылдық ғылыми - зерттеу жұмысының нәтежесінде жыртқыш хайуандардың басқа жануарлармен қоректенуі, олардың популациясына пайдалы әсер ететіндігі анықталғаннан кейін жыртқыштарға деген көзқарас өзгере бастады. Әдетте жыртқыш хайуандар өзінің тамағы үшін әлсіз немесе ауру жануарларды ұстап жейді. Бұл арқылы жыртқыштар табиғи сұраптауға қатысып, өзіне жем болатын организмдердің популяциясының көбеюіне себепші болады «Санитардың» ролін атқарады. Сондықтан адамға пайдалы аңдарды қорғау үшін жыртқыштарды қырып-жою дұрыс емес деп танылуда, жыртқыштардың жойылуының табиғатқа кері әсері ететіндігі белгілі болды. Сондықтан жыртқыштардың саны көп және айтарлықтай зиян келтіретін жерлерінде олардың санын кеміту арқылы реттеліп, ал өте аз кездесетін жерлерінде қорғауға алу қажеттігі туды.

Жан-жануардың табиғаттағы және адам өміріндегі мәнін дәл білудің қажеттігіне мынадай мысал келтіруге болады. Бір кездері Австралияда қара какада қарағайдың тұқымдарын жойып жіберетін зиянкес ретінде қырып-жойылды. Бұл жағдайда жете зерттеген кезде, ол құс құлатып түсірген бүрдегі тұқымдардың біраз бөлігін ғана жейді екен, қалғандары жетілуін жерде жатып-ақ жалғастыра береді. Бұдан кейін қара какаданы пайдалы құс деп жариялап, қорғауға ала бастады. Бұрынғы кездерде улы жыландарды ұстап өлтіретін, олардың ұсақ зиянды организмді құртатынын және уының шипалық мәні ашылғаннан кейін қорғауға алына бастады. Жануарлар дүниесін қорғау ұйымдастыру жолында қандайда болсын жануарлар түрінің болашақта пайдасы тиеді, кез-келген түрді құрытып жіберуге болмайды деген принціпті естен шағарма. Жануарлардың адам әсерінен құри бастауы ерте заманда басталған. Адам жер бетінде тіршілік ете бастағанына 40 мың жыл өтті. Мал мен ауыл шаруашылығымен айналыса бастағанына 10 мың жыл яғни 30 мың жыл бойы адам тек қана аңшылықпен айналысқан. Көне заманда аңшылық құралдары мен әдісінің жетілуі көптеген жануарлар түрінің құрып кетуіне себепші болды. Аңшылық әсерінен Европадағы ең ірі шөп қоректі жануарлар - мамонттар, жұнді мүйізтұмсықтар (носорог), алып маралдар құрып кетті. Сол кезде мамонттармен бірге Америкада мостодонт, мегатерий, неникл, түйе сияқты жануарларда тіршілік етуден қалды. Мұндай ірі жануарлар құрыған соң адам баласы аңшылықты тастап мал мен ауыл шараушылығыммен айналысуға көшті. Дамыған техникасы бар капиталистік қоғамның пайда болуы және адамдардың аяусыз қырып-жоюы жануар түрлерінің құру процесін өте тездетіп жіберді. Бұл процесс әсіресе соңғы екі ғасырда шарықтау шегіне жетті /10/.

Кейінгі жылдары техниканың өсуіне байланысты адам әсерінен жануарлар тіршілік ететін ортаның өзгеруі күшейді. Егістіктің механикалануы жертесерлердің жаппай қырылуына себепші болды. Улы химикаттардың себілуінен пайдалы жәндіктер жаппай қырылады. Арал, Каспий теңіздерінің суының азаюы, ондағы тіршілік ететін жан-жануарлардың тіршілік жағдайының нашарлауының, біраз жануарлар түрлерінің қүрт азаюын туғызды. Саны өте аз қалғандықтан құрып кетуге жақын тұрған жануарлар ерекше қорғауға алынуды қажет етеді. Саны таусылуға жақын тұрғандарға негізінен кәсіптік жануарлар жатады. Бұрын, біраз жылдар бұрын казіргі аз кездеседі деп жүрген жануарларының көп тараған және соныда жетекшілі болатын. Патшалық Россия кезінде аяусыз аулаудың әсерінен көптеген турлер жойылу алдында ғана тұрды. Октябрь революциясынан кейін барлық саны аз хайуанаттар қорғауға алынып, аулауға тиым салынады. Олардың саны көп және жақсы сақталған жерлерінде қорықтар ұйымдастырылды. Сөйтіп өзен құндызы, бұлғын, жұпар тышқан, құлан сияқты хайуанаттар хамқорлыққа алынды. Жануарларды қорғаудың негізгі міндеті, оларды тіршілік ететін жерлерінде қолайлы жағдай туғызу арқылы санын көбейтіп, қайтадан кәсіптік жануарлар қатарына еңгізу болып табылады /11/.

Қазақстанды мекендеген жабайы түйе, жабайы сиыр, жолбарыс, солтүстік бұғысы, құлан сияқты аңдарды бұл күндері кездестіру қиын. Кейінгі 2000 жыл ішінде жер бетінен жануарлардың 110 түрі жойылып кетті. Енді осы құрып кеткен жануарларды уақыт өлшемімен салыстырып, қай кезеңде қалай өткендігін айта кетейік 110 түрдің үштен бірі XVIII ғасыр уақыт ішінде құрып кетіпті, келесі үштен бірі тек өткен бір ғасырда ғана жайылып кеткен. Ал қалған үштен бірі соңғы елу жыл ішінде құрып отыр. Мұның өзі бүкіл дүние жүзінде халықтың өсуімен бірге, бұрын болып көрмеген қуатты техниканың күшімен жануарлардың тұрақты мекендерін халық шаруашылығына қажетті салаларға игеруне байланысты. Жер бетінде хайуанаттар түрлерінің жойлып кетуін 1000 жылдан бері нақтылы деректермен дәлелдеп, тіркеп келеді. Сол уақыттан бері Халықаралық табиғатты қорғау одағының деректері бойынша құстың 94 түрі және сүтқоректілердің 63 түрі құрып кеткен.

Фишердің мәліметі бойынша осылардың ішінен құстардың 86%-і, сүтқоректілердің 75% адамдардың тікелей қызметінің нәтежесінде жойылған. Адамдардың шаруашылық қызметі жануарлар дүниесіне күшті әсерін тегізеді. Соның нәтежесінде хайуанаттардың біреулерінің саны өседі, екіншілерінің саны азаяды, ал үшіншілері тіпті жойылып кетеді. Адамдардың жануарларға тигізетін әсерін тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады. Тікелей әсер етуге жануарларды қуалау, құртып жою және бір жерден екінші жерге көшу жатады. Жануарлардың ішінде көбірек азап шегетіндер кәсіптік маңыз үшін ауланатындары. Оларды терісі, еті, майы т. б. шикі заттар алу үшін аулайды. Нәтижесінде олардың саны азаяды, тіпті кейбір түрлері жойылып та кетеді.

Жануарларды есепсіз қалай болса солай аулаудың нәтижесінде саны күрт азайып кеткенін әңгіме қылғанда Африканы мысалға алады. Африкаға ең бірінші Европалықтар келгенде Оңтүстік Африканың ірі жануарларын атып ала бастаған. Соның нәтижесінде XIX ғасырдың аяғында XX ғасырда пілдер, мүйізтүмсықтар, буйволдар т. б. құрып кетуге жақын қалған. Сондай қауіпті жағдай Шығыс және Орталық Американың пілдеріне, мүйізтұмсықтарына туған. Одан жыл сайын 4-5 мың піл мен мыңға тарта мүйізтұмсықтарды атып өлтіреді. Ауыл шаруашылық және орман өсімдіктерінің зиянкестерімен күресте басқа облfстың жерлерінен жануарларды әкеліп тарату кеңінен қолданылып жүр. Осылай алып келген аңдар, кейде зиянды әрекетімен көзге түседі. Мысалы, Антильск аралына кеміргіштермен күресу үшін мангуст деген жыртқыш аңды алып келіп жіберген. Біраз уақыттан кейін ол жерде ұялайтын құстардың жұмыртқаларын немесе балапандарын жеп зиян тигізсе, екіншіден құтыру ауыруының таралуына себепші болған. Көпшілік елдерде аңдар қорын молайтудың ең бір тиімді жолы хайуанаттардың жаңа өкілдерін әкелу болып табылады. Жаңа Зеландияда жануарлар дүниесі өте аз, сондықтан Европадан, Азиядан, Австралиядан, Америкадын құстың 31 түрі, сүтқоректілердің 34 түрі, балықтың бірнеше түрін әкеліп жіберген олардың бәрі де сол жерге жақсы көндігіп кеткен /14/.

Транспорттық дамуына байланысты көзделмеген кездейсоқ жануарлардың жер шарының әр түрлі аудандарына таратуына мүкіншілік беріп отыр. Мысалы, АҚШ-тың аэропортында 10 жылдың аралығында самолеттің ішінен 50 мың насекомның залалды түрін тапқан. Кейінгі 2-3 жыл ішінде теміржол траснпортымен Алматыға бірінші рет егеуқұйрық келді. Адамдардың жануарларға тікелей әсеріне арам шөптер мен ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресте химиялық заттардан өлетін жануарларды да жатқызуға болады.

Химиялық заттармен жұмыс істегенде көпшілік жағдайда адамдарға пайдасы көп жануарлар өлімге ұшырайды. Адам әрекетінің жануарларға жасайтын әсері күшті. Нәтижесінде жануарлардың бір түрлері - көбейіп, екінші түрлері - азайып, үшіншілері - құрып кетіп жатады. Көптеген өмыртқалы жануарларда орын ауыстырды басқа жақтан әкелінген жан-жануарлардың барлығы бірдей жерсініп кетпейді, көбі үйрене алмай өліп қалады /3/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы
Ақмола облысы, Маралзинская орманшылығы
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Сарыарқаның климаты
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Шығыс қазақстан облысының орман ресурстарына экономикалық-географиялық сипаттама
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Іле алатауының ландшафтарына физикалық географиялық сипаттама
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Ландшафтарды биоалуандылығына әсер етуші экологиялық факторларды зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz