АҚШ - тағы Азамат соғысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

АҚШ-тағы Азамат соғысы

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І-тарау. Азамат соғысының алғышарттары

ІІ-тарау. Азамат соғысының барысы. Бірінші кезең (1861-1863 жж)

ІІІ-тарау. Азамат соғысының екінші кезеңі(1863-1865 жж) . Солтүстіктің жеңісі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бірінші президент Вашингтон АҚШ-ты бұрынғы одақтасы-революциялық Францияның жағында еуропалық соғыстарға қатынасудан тежеді. Ол өзінің ізбасарларына американдықтар географиялық артықшылықтарын дұрыс пайлануды саяси өсиет етті.

Президент Монро (1817-1825) 1823 жылы «Америка америмлықтар үшін» деген ұран ұсынды. Ол әелде «Қасиетті Одақтың» Латын Америкасына интервенциясына қарсы бағытталғандықтан прогресшіл болды. Бірақ «Монро доктринасы» Америка континенті АҚШ-тың өзінің экономикалық және аумақтық экспансиясы үшін бос болуын көздеген еді.

АҚШ-тың аумақтық ұлғаюы екі бағытта жүргізілді: біріншіден, үндістер мекендеген «бос» жерлерді оларды қыру және қуу арқылы отарлау, екіншіден, жаңа аумақтарды жаулап алу.

1803 жылы Луизиананы Франциядан сатып алу АҚШ аумағын екі есе ұлғайтты. Одан әрі АҚШ Еуропаның алыстығын және ұлы державалардың соғыстан көз ашпағандығын, көрші жас мемлекеттердің әлсіздігін пайдаланып, 1818-1821 жылдары Испаниядан Флориданы, мексикадан Техас пен Оригонды тартып алды. 1846-1848 жылдары соғыс нәтижесінде Мексикадан оның жерінің тең жартысын қосып алды.

Үндіс тайпаларының «бос» жерлерін АҚШ-тың экспансиялауы аяусыз қаталдықпен жүргізілді.

Негізінен садақпен, айбалтамен қаруланған үндістер сан рет азаттық соғыстарға шықты, ақ конкистадорларға қирата соққылар берді.

1790-1791 жылдары үндістер Кішкена Тасбақа деген көсемінің басқаруымен екі ақ генерал ауыр соққы берді. Осындай шайқастардың бірі туралы тарихшы: «Соғысқа қатысқан 1400 жауынгер және 86 офицерден, жаралы болмаған 510 жауынгер және 70 офицер ғана қалды, Үндістер саны мыңнан асқан жоқ, бірақ олар қайсар ерлікпен шайқасты»-жеп жазды.

1805 жылы алгонкиндердің көсемі атақты Текумсе алконкиндер мен ирокездердің қалдықтарын крик және семинол тайпаларымен біріктірді. Осы қабілетті қолбасшы және өнерлі жауынгер, білікті саясаткер және дарынды шешен Канададан Флоридаға дейінгі жерде Үндіс респуликасын құру идеясын ұсынды. Текумсе 1842 жылы қаза тапты, ал азып-тозған және ортақ көсемінен айырылған тайпалар күшпен және алдаумен Миссисипи өзенінен әрі Батысқа қоныс аударылды және қуылды.

Қара сұңқар атты көсемнің Иллинойс және Висконсин штаттарындағы азаттық соғысы, Флоридадағы семинолдардың көсемі Оцеоланың қаза болуына қарамастан, асқан ерлікпен соғысып, өз ата мекенінде қалуы, осы трагедияның кейбір беттері.

АҚШ-тың болашақ президенті генерал Джексон да басқа 7 генералдармен бірге семинолдардың қарсылығын жеңе алмады.

1862-1867 жылдардағы сиу, чейен, навахо тайпаларымен ғана соғыстар АҚШ үкіметіне 100 млн. Долларға түсті. Ал патшалық Ресейден 1867 жылы ұлан-байтақ Алясканы 7, 2 млн-ға сатып алды.

1857 жылы басталған экономикалық дағдарыс пен жұмыссыздық елдегі ахуалды одан әрі шиеленістірді. Жоғарғы соттың еркін штатта өмір сүретіне қарамастан негр Фред Скотты құл деп жариялауы және құл қай штатта болса да құл болып қалады және құл иеленушінің оған иелік құқы бар деген үкімі бүкіл халықтың ашу-ызасын тудырды.

Осындай шиеленіс жағдайында белсенді аболиционшы ақ фермер Джон Браун құлдыққа қарсы көтеріліс басатады. 1859 жылы қазанда өзінің отбасы мүшелерінен, достарынан және 5 негрден-барлығы 23 адамнан тұратын жасақпен АҚШ әскерінің қоймасы орналасқан Виргиния штатының Харперс-Ферри фортын басып алды. Олар фермерлер мен құлдардың бұқаралық көтерілісін тұтату мақсатын көздеген еді. Бірақ мақсатын орындай алмады. Жасақтың көпшілігі үкімет әскерімен атыс кезінде қаза тапты, ауыр жарақаттанған Д. Браун қолға түсіп, жазаға тартылды.

Құлдыққа қарсы көтерілістер көп болды, бірақ олар тек құлдар еді. Браунның ерекшелігі-ол ақ нәсілден бірінші болып құлдыққа қарсы қарулы көтеріліс бастады. Сот және жазалау күндері Оңтүстікте құлдардың толқуы болып өтті, көптеген қалаларда оның өлімін аза тұту жарияланды.

«Мен, Джон Браун, бұл күнәкар елдің зор қылмысын тек қанмен ғана жууға болатынына енді көзім кәміл жетті»-деп жазды ол өлер алдында. Бұл сәуегейлік сөз болды. АҚШ азамат соғысының қарсаңында тұрды.

Авраам Линкольннің президент болып сайлануы. 1860 жылы президенттік сайлауда Америка халқы Республикалық партия ұсынған Авраам Линкольнге дауыс берді.

А. Линкольн 1809 жылы 12 ақпанда Кентукки штатындағы фермердің отбасында дүниеге келді. Линкольн дарынды адам еді. Ол сегіз қырлы, бір сырлы, ойшыл әрі парасатты, батыр тұлғалы жігіт еді. 16 жасының өзінде оның бойы 193 см-ге жеткен. Жас кезінде фермерлер арасындағы сайыстарда күші мен қайраты жағынан оған тең түсетін ешкім болмады. Балтаны түбірге одан терең ешкім де бойлата алмайтын еді. Жасөспірім кезінен бастап, ол ауыр жұмыстармен шұғылданды, отын кесті, сал жүргізді. Өз бетімен оқып, замандастарының ішінде асқан білімділігімен көзге түсті және тамаша әңгімешілдігімен, әрі шешендігімен жұртты аузына қарата білетін еді. Оның бет қимылын, ыммен жеткізуді керемет меңгергені сонша, саяси қайраткерлерді айнытпай салып, тыңдаушылардың ішек-сілесін қатыратын еді. Линкольннің қарапайым фермер тегінен шыққандығы, тартымды мысқыл мен қалжыңдары, демократтық көзқарастары халыққа өте ұнайтын. 1863 жылы емтихан тапсырып, адвокат мамандығын алған соң саясатпен білсене айналысуы арқасында Республикалық партияның көрнекті көсеміне айналды.

Диплом жұмысының мақсаты: Америка Құрама Штаттарының тарихындағы ең маңызды кезеңдері болып табылатын 1861-1865 жылдар аралығындағы Азамат соғысының тарихи себептерін, барысын, нәтижесінің мәнін ашу.

Көптеген тарихшылардың пікірінше АҚШ тарихындағы Азамат соғысы құлдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі жеңіске жеткені болып табылады. Солтүстік пен оңүстік штаттар арасындағы қайшылықтарды, таптық күрестердегі қайшылықтарды айқындай отырып, бұл соғыстың АҚШ тың қазіргі дамуына тигізген әсерінің молдығын атап өту.

Диплом жұмысының міндеттері:

-Азамат соғысының алғышарттарына

-Азамат соғысының барысына

- Бірінші кезеңге (1861-1863 жж)

- Азамат соғысының екінші кезеңіне (1863-1865 жж) .

- Солтүстіктің жеңісіне сипаттама жасау.

І-тарау. Азамат соғысының алғышарттары

Америка континентін ашып, игерудің ең соңғы әрекеті қазіргі АҚШ пен Канаданың аумағына қоныстану болады. ХVII ғасырдың алғашқы жылдарына дейін бұл үндіс тайпалары мекендеген жер еуропалықтардан азат еді. Оңай байлық іздеген Еуропа жаулаушылары конкистадорлар алтын мен байлыққа белшеден батуды армандап, Орталық және Оңтүстік Америкаға, оның ацкеттер мен инктер мекендеген өркениетті мемлекеттеріне ұмтылды. Испандықтар мен португалдықтар бұл жерлерді елеген жоқ. Солтүстік Американың топырағы құнарлы, табиғаты қолайлы жері тек еңбек адамдарын ғана қызықтыра алатын еді. Колумбыдан кейін 115 жылдан астам уақыт өткенде, 1607 жылы қазіргі Виржиния штатындағы Джеймстаун деп аталытын қонысты алғашқы ағылшындар салған еді. Бұлар жаулаушылардың бұрынғыдан өзгеше жаңа түрі еді: олар басынан-ақ жер шаруашылығымен айналысты. Олар батысқа қарай асықпай қоныс жайып, үндістерді ығыстыра отырып, осы жерлерді игере бастады. Олардың тағы бір ерекшелігі: бұлардың ішінде дін таратушылар (миссионерлер) болғанымен, олар үндістерді христиан дініне тарту жолында құдай мен король атын бүркеніп әуре болған жоқ. Қайта өздері шіркеу мен корольден қашып келген, жанға жайлы жерұйық іздеген адамдар еді. Олар ағылшын пуритандар және басқа елдерден шыққан кальвинистер болды.

50-жылдардағы саяси дағдарыс. Құлиеленушілер көтеріліс. ХІХ ғасырдың 50-жылдарында америкалық қоғам іс жүзінде лагерьге -құлдықты жақтаушыларға және қарсыластарына бөлінді. 1850 жылы құл иеленушілер Миссури келісімін жоюға қол жеткізді. Енді құлдық туралы мәселені жаңа штаттардың халқы өздері шешетін болды. Оңтүстікшілер сенатта еркін штаттармен бірдей даысқа ие болып, бүкіл өкіметті билеп алды. Плантациялық шаруашылықтардың сақталып қалуына солтүстік буржуазиясының бір тобы, атап айтқанда, тоқыма фабрикаларының иелері мен банкі иелері мүдделі болды. Банк иелері плантациядан түсетін пайданың әрбір долларының 40 пайызын алатын еді.

1854 жылы одаққа Канзас Небраска штаттарын қабылдар кезде оларда нағыз азамат соғысы басталды: мұнда оңтсүтіктен әскери отрядымен құл иеленушілер ұмтылса, Солтүстіктен қарулы фермерлер басып кірді. Құл иеленушілерге қарсы аболиционшылар көтерілді. 1854 жылы өз қатарына бүкіл Құлдыққа қарсыларды қамтыған Респуликалық партия құрылды. Осы жылдары жазушы әйел Бичер-Стоудың құлдардың тағдырына жанашырлықпен жазылған «Том ағайдың лашығы» романы қоғамдық пікірге орасан зор әсер етті.

1857 жылы басталған экономикалық дағдарыс пен жұмыссыздық елдегі ахуалды одан әрі шиеленістірді. Жоғарғы соттың еркін штатта өмір сүретіне қарамастан негр Фред Скотты құл деп жариялауы және құл қай штатта болса да құл болып қалады және құл иеленушінің оған иелік құқы бар деген үкімі бүкіл халықтың ашу-ызасын тудырды.

Осындай шиеленіс жағдайында белсенді аболиционшы ақ фермер Джон Браун құлдыққа қарсы көтеріліс басатады. 1859 жылы қазанда өзінің отбасы мүшелерінен, достарынан және 5 негрден-барлығы 23 адамнан тұратын жасақпен АҚШ әскерінің қоймасы орналасқан Виргиния штатының Харперс-Ферри фортын басып алды. Олар фермерлер мен құлдардың бұқаралық көтерілісін тұтату мақсатын көздеген еді. Бірақ мақсатын орындай алмады. Жасақтың көпшілігі үкімет әскерімен атыс кезінде қаза тапты, ауыр жарақаттанған Д. Браун қолға түсіп, жазаға тартылды.

Құлдыққа қарсы көтерілістер көп болды, бірақ олар тек құлдар еді. Браунның ерекшелігі-ол ақ нәсілден бірінші болып құлдыққа қарсы қарулы көтеріліс бастады. Сот және жазалау күндері Оңтүстікте құлдардың толқуы болып өтті, көптеген қалаларда оның өлімін аза тұту жарияланды.

АҚШ-тың іргетасын Еуропаның феодализмінен ат-тонын ала қашып, таза буржуазиялық қоғам құруды мақсат еткен ұсақ буржуа мен шаруалар қалады.

Алғашқы қоныстар біртіндеп ұлғая келе, ХVIIІ ғасырдың орта шенінде Атлант мұхитының шығыс жағалауында 13 ағылшын отары пайда болды.

Англия королі, ақсүйектер, капиталистер отарларды қанаудан үлкен пайда табатын еді. Бұл аумақты шикізат көзі, арзан тауарлар қоры, салық объектісі ретінде сақтау мақсатымен Англия үкіметі Американың өндірісі мен саудасын тежейтін көптеген заңдар шығарады. Мысалы, мұнда металлургия зауыттары мен Англияда шығарылатындай тауарлар өндіретін манфактуралар салуға тыйым салды. Ал өзге елдермен сауда жасау шығарылған заттардан салық алу үшін тек Англия порттары арқылы ғана жүргізілуі тиіс болды, сонда тауарлардан түсетін салық осы елдің қалтасын қалыңдатты.

Америка халқы Еуропа қоғамынан мүлде өзгеше еді. Елде ірі жер иеленуші байлар мен плантаторлар, бай көпестер, ақшалы адамдар көбейді. Әрине, мұнда да бәрі бірдей тең болмады. Бұл елде де дүркін-дүркін құлдар көтерілістері болып тұрды. Бірақ американдықтар Еропадағыдай таптық қарама-қайшылықтарды білмейтін. Мұндағы қауымның мүмкіндіктері тең дәрежеде еді (қосымша деректі қараңыз) .

Бұлардың басым көпшілігі өздерін қанаушы Англияға қарсы күреске ұмтылды. Отарлардың қарқынды дамуы 1756-1763 жылдары Англия мен Францияның Канада және Вест-Үнді жерлері үшін соғысы (жеті жылдық соғыс) кезіне тура келді. Англия өзінің үлкен армиясы мен флоты үшін азық-түлік, қару-жарақ, киім-кешек, т. б. отарлардан сатып алуға мәжбүр болды. Ал соғыс бітісімен Англия үкіметі бірінен соң бірі шыққан тежеу заңдары, салықтарымен американы «таз қалпына» қайта келтірмекші болды.

Сол салықтардың ішінде халықтың айырықша наразылығын тудырған герб салығы еді (1765) . Бұл салық әрбір сауда келісім-шарты, газетке хабарландыру беру, келісім құжаттары, мұрагерлік қалдыру, т. б. іс-әрекеттер үшін алынды. Америка халқы бұл салықты төлеуден бас тартты.

Салық жинаушы агенттерді шешіндіріп, денесіне қарамай жағып, құстың мамығына аунатып, мазақ қылу үшін көшеде алып жүрді. Ал герб маркаларын өртеді.

Англия үкіметі бұл салықты жойып, орнына баж салығын енгізді. Халық оны да қабылдамады. Квебек актісі бүкілхалықтық наразылықты күшейте түсті. Батыстағы бос жерлер Квебекке (Канадаға) қосылады деген жарлық америкалықтарды жерден айырумен тең болды.

1763 жылы Англияның отарлық саясатына қарсы белсенділікпен күрескен «ерікті ұлдар» қоғамы наразылықты бастады. Оқиға Массачусетс штатының астанасы Бостон қаласында үлкен шиеленіске айналды. 1770 жылы наурыз айында қантөгіске халық бой көтеруіне қарсы армия қолдану 6 адам қаза тапқан ұласты.

1773 жылдың желтоқсанында үндістер киімін киген америкалықтар Англиядан шәй әкелген үш кемеге тап беріп, шәйін теңізге лақтырды. Тарихқа «Бостондағы шәй ішу» деген атпен енген бұл оқиға Англия үкіметін отарлардағы қозғалысты күшпен басға бет бұрғызды. Америкаға үлкен армия мен флот жіберілді.

Азаттық үшін қозғалыстың басталуы. «Тәуелсіздік декларациясы». 1774 жылдың күзінде шақырылған 13 отар өкілдерінің бірінші континенттік конгресі Массачусетс штатының ерлік күресін қолдап, ағылшын тауарларынан бас тарту науқанын барлық штаттарға таратып, күресті жеделдету үшін «қауіпсіздік комитеттерін» құрды. Алайда бұл конгресс метрополияға соғыс жариялаудан бас тартып, король атына арыз жазумен шектеледі. Соған қарамастан халық қарулы көтеріліске дайындала бастады. 1775 жылғы 19 сәуірде Бостонға таяу жердегі америкалықтардың қару-жарақ қоймасын басып алуға шыққан ағылшын әскери бөлімшесі жеңіліп, осы оқиғадан кейін Америка халқының азаттық соғысып басталып кетті.

1775 жылдың мамыр айынан бастап екінші континенттік конгресс алғашқы революциялық шараларды іске асыра бастады. Оның ең маңыздысы Бостон түбінде жиналған жасақтарды армия деп танып, қолбасшылыққа Джордж Вашингтонды тағайындауы болды.

Джордж Вашингтон (1732-1799) Виржиния штатының ірі плантация иесі, тәуелсіздік жолындағы күрескер еді. Дарынды қолбасшы, жетіжылдық соғыс кезінде көзге түскен генерал Вашингтон тек қолбасшылығымен ғана емес, көбінесе тәелсіздік ісіне және республикаға берілгенімен, саяси қайраткер ретінде тұрақтылығымен әрі адалдығымен халық сүйіспеншілігіне бөленіп, кейін АҚШ-тың бірінші президенті болды.

Басталып кеткен соғыс және штаттардың бірінен соң бірі өз бетімен Англиядан тәуелсіздігін жариялауы конгресті 1776 жылғы 4 шілдеде 13 штаттың тәуелсіздігі декларациясын жариялауға мәжбүр етті (қосымша деректерді қара) .

«Тәуелсіздік декларациясы» отарларды езу адамның туа біткен «бостандығы, өмір сүруі және бақытқа ұмтылуы жолындағы құқықтарына қайшы» екенін, көтеріліске шыққан мемлекеттердің Америка Құрама Штаттарына бірігетінін және оның «тәуелсіздік, еркін мемлекет» екенін айқындады.

Декларацияда барлық адамдарды «тәңірі тең етіп жаратты» және халық озбырларды құлатып, өз үкіметін құруға құқылы деп көрсетілген. Құқықтың қайнар бұлағы деп америкалықтарда халық егемендігі мен табиғи құқық ілімі қабылданды. Сонымен бірге америкалықтар халық революциялық көтеріліске шығуға және билешілерді (үкіметті) қайта құруға құқылы деп көрсетілген. Бұл халық билігі идеясына жол ашқан аса батыл мәлімдеме болды.

Бірақ Декларация құлдықты жойған жоқ, үндістердің құқықтары жөнінде сөз қозғамады. Соған қарамастан ол адам құқықтарының алғашқы айқындамасы болды. Оның тарихи құндылығы да осы еді.

«Тәуелсіздік декларайиясының» авторы отыз үш жастағы плантатор, ойшыл, саяси қайраткер Томас Джефферсон (1743-1826) кейін АҚШ-тың үшінші президенті болды.

1775 жылдың көктемінде басталған соғыс әуелде Бостон қаласының түбінде ғана жүрді. Сол жердегі Банкер-Хилл биіктігінде америкалықтар жеңіліп, шегінуге мәжбүр болғанымен, ағылшындар да үлкен шығынға ұшыраған еді.

Вашингтонның қарамағына берілген 14 мыңдық армияда (жасақтардан құралған) зеңбірек пен оқ-дәрі жетіспеді, солдаттар тәртіп дегеннің не екенін білмейтін. 1775-1776 жылдардың қысында армияның бір бөлігі Канадаға жорыққа аттандырылды. Конгресс канадалықтарды ортақ қанаушы-Англияға қарсы одақтасуға шақырған үндеу жариялаған болатын. Канада қосылмады, өйткені оның буржуазиясы Англияға бағалы аң терісін сатып, пайда түсіріп отырған еді. Америкалықтарды ол зеңбіректің оқтары жоқ екенін білмегендіктен, ағылшындар бұл қаланы тастап, соғысты Нью-Йорк және Оңтүстік Каролина штатына ауыстырды. Себебі ол жақта ағылшындарды қолдайтын америкалықтар көп еді. Ірі жер иеленушілер мен банкирлер, метрополия саудасымен тығыз байланысты көпсетер, шенді қызметкерлер мен әскерилер тәуелсіздікке қарсы болды. Шамамен алғанда халқының ⅓-і Англияны қолдады. Оларды адалдар деп атады (үкіметке адалдығы үшін) . 13 штатта азамат соғысы тұтанды. Сонымен тәуелсіздік үшін соғыс азамат соғысына ұласып, алғашқы америкалық революция сипатына ие болды.

Соғыс екі жаққа да оңай тимеді. Ағылшын королі Еуропадан жалдамалы солдаттар іздестірді. Ол орыс патшасы ІІ Екатеринаңа казактар сұрап елші жіберді. Пугачев көтерілісінен есін енді жинаған ол көмек беруден бас тартты. Неміс княздіктері 30 мың жалдамалы солдат беріп, «солдат қанын сатушылар» деген жағымсыз атақты иеленді.

1776-1777 жылдары ауыр шайқастардан кейін Вашингтон армиясы Нью-Йорк пен сол кездегі астана Филадельфияны тастап шығып, одан қырық шақырым жерде қысауға мәжбүр болды. Бұл армия кейде 30 мыңға дейін өсіп, кейде 3 мыңға кеміп отырда. Ол жасақтар мен жалдамалы солдаттардың көптігінен тұрақсыз болды.

Конгресс уақытында қаржы бермей, солдаттардың аш-жалаңаш жүріп, қыста суық палаткаларда қыстаған кездері де болды. Тек Вашингтонның тұрақтылығы мен қажырлылығының арқасында армия өз атын ақтай алды.

1777 жылы жаздың басында күрес орталығы Жаңа Англияны (Солтүстік-Шығыс штаттары) әскери қоршауға алып, бөліп тастау мақсатымен генерал Бергойн бастаған ағылшын армиясы (7, 2 мың) Канададан Нью-Йоркке жорыққа шыққан еді. Сол армияның соңына түсіп, соққы бере отырып америкалықтар 1777 жылы қазан айында оны тізе бүктірді.

1778 жылы америкалықтарды жақтап соғысқа Франция мен Испанияның да араласуы шайқаста үлкен бетбұрыс туғызды. Соғыс басталғалы Парижде Америка елшісі, үлкен ғалым, физик, экономика және философия ғылымдарында да өзін көрсете білген саяси қайраткер Бенджамин Франклин келіссөздер жүргізіп жатқанболатын. Франция 1778 жылы қаңтарда көтеріліске шыққан 13 штатпен одақтық шартына қол қойды. Сол сияқты Испания да одаққа кірді.

Францияның бұл одаққа кіруі мынадай жағдайда өтті. Король ХVІ Людовик америкалықтарға бүлікшілер деген көзқараста болды. Бірақ патша үкіметі және сарай төңірегіндегілер жетіжылдық соғыста Англияның қолына көшкен Канада т. б. отарларын қайтарудан дәмелі болды. Францияның демократияшыл топтары да америкалықтардың күресін жақтады.

Маркиз Лафайет өз қаржысына әскери кеме жасақтап, соғысқа қатысуға аттанды. Әйгілі драматург Пьер Бомарше жасырын фирма атымен қазынадан алынған қару-жарақ, зеңбіректер және оқ-дәрілерді мұхиттың арғы бетіне жіберіп жатты.

Ресей саяси қолдау көрсетіліп, 1780 жылғы айқындама бойынша өз сауда-теңіз флотын қарулы кеме күшімен қорғайтынын жариялады. Бұл ағылшын соғыс флотының теңіз кеңістігіндегі тонаушылығына қарсы әрекет еді. «Қарулы бейтараптыққа» басқа елдер де қосылды. Англия саяси оқшауланып, Америка көмек алу мүмкіндігіне ие болды. 1781 жылдың күзінде америкалықтардың Вашингтон басқарған, Францияның Рошамбо мен Лафайет бастаған армиялар одағы Йорктаун қаласы маңында (Виржиния штаты) ірі ағылшын армиясын қоршауға алды. Ал теңізден француз флоты қоршады. 1781 жылы 19 қазан күні ағылшын армиясы жеңілдігіндігін мойындады. Бұл соғыстың аяқталғандығын білдіретін еді.

1783 жылы Париж бітіміне орай Англия үкіметі өзінің бұрынғы отары Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігін мойындап, келісімге қол қойды. Революциялық сипат алған тәуелсіздік үшін соғыс нәтижесінде Англияның отарлық езгісі жойылып, билік Солтүстік буржуазиясы мен Оңтүстік плантация иелері одағының қолына көшті.

Конституция қабылдау. Соғыстың нәтижесінде АҚШ-тан жүз мыңдай үкіметке адалдар Британия, канада т. б. жерлерге қашты, жер аударылды, ал олардың жер иеліктері тәркіге салынды. Ағылшын соғысқа Солтүстіктегі ұлттық буржуазия, фермерлер мен жұмыскерлер шешуші рол атқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Америкадағы азамат соғысы және халықаралық реакция
XIX ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тың әлеуметтік, эканомикалық, саяси жағдайы
Азамат соғысы жəне шетел интервенциясы жылдарындағы кеңес мемлекетінің сыртқы саясаты (1918–1920 жж. )
АҚШ - тағы азаматтық соғыс
XVIII ғасырдың – бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы американдық тарихнаманың қалыптасуы
АҚШ-тағы азамат соғыс туралы
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан
АҚШ-та ұлттық саяси жүйенің қалыптасуы (1760-1810 жж.)
Ұлы Морав мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz