Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5

Тарау І. Әбіш Кекілбаев өмірі мен алғашқы шығармашылық қадамдарына түсінік

  1. Ә. Кекілбайдың өмір жолы, қызметі мен марапаттары . . . 5-8
  2. Әбіш Кекілбайдың азамат ретінде қалыптасуы және жазушының жолындағы сындарлы кезең, алғашқы шығармашылық туындылары . . . 9-16
  3. Әбіш Кекілбай шығармаларындағы қоғамның әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінің бейнеленуі . . . 17-30

ІІ - тарау. Тәуелсіздік жылдарындағы Әбіш Кекілбай шығармаларындағы тәуелсіздік идеяларының негізгі бастаулары

2. 1. Тәуелсіздік жылдарындағы Әбіш Кекілбайдың қоғамдық және саяси қызметі . . . 31-36

2. 2. Әбіш Кекілбайдың тәуелсіз мемлекеттегі «Отан тарихы» туралы көзқарасы . . . 36-45

Қорытынды . . . 46-47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 48-49

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алған жылдан бастап, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билікке келуі тұсынан бастап елге елеулі, халыққа қалаулы жазушыларымыз бен ақындарымыз мемлекеттік билік жадына тартыла бастады. Сол азаматтардың арасында көрнекті қаламгер, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері, философ Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаевтың жұлдызы жарық көрінген болатын. Оның еңбектерінің барлығы дерлік ел мен жер, Отан тағдырына арналған. Әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен қарай отырып, ел болашағы мен көп ұлтты мемлекетіміздің әл-ауқаты оның жадынан тыс қалған емес. Осындай еліміздің біртуар ақыны, жазушы әрі саясаткер ел қалаулысының мемлекеттік және қоғамдық қызметімен, оның қаламгерлік шығармаларынан тысқары қалу қателік деп білемін.

Оның шығармаларымен танысу, мемлекеттік және қоғамдық қызметімен таныса отырып, Әбіш Кекілбайұлының біз білмейтұғын қырлары мен сырларының әлі де көп екендігін ұғамыз. Оның әрбір шығармасының мағынасы өте терең әрі оқырманның жанын баурап алардай екендігін ұғыну оңай. Әрбір жазған еңбегі мен әрбір атқарған қызметінің тиянақты болғандығы анық.

Әбіш Кекілбайұлы көптеген сыйлықтардың иегері және лауреаты. Тағайындалған сыйлықтары мен лауреат атақтары тек қазақ жерінде ғана емес, шетелдерде де ерекше құметпен тапсырылған болатын. Оны тек қазақ елі ғана емес, онымен қоса орыс, неміс, түрік және т. б. елдерде сүйікті жазушы, көрнекті қаламгер әрі бірден-бір саясаткер деп таниды. Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік және қоғамдық-саяси белсенділігінің рөлі ерекше бағаланады.

Қазақстанның дамуы їшін әрқашанда өз еңбегін еш аямайтұғын Кекілбаев еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, ұлтаралық, дипломатиялық, халықаралық т. б. мәселелерінде белсенділік танытады. Тіл мәселесі де Кекілбайұлының жадынан ешқашан тысқары қалған емес. Қазақстанның даму жолын саралап, халық тағдырына жанашырлықпен қарап, азаттық жолында, ұлттық мүдде мен ұлттық сананың өрбуіне өз үлесін қосқан бірден-бір азамат.

Ел жағдайы ушығып тұрған сәтте дүниеге келген Әбіш Кекілбайұлының балалық шағы жан аярлықтай өтсе де ешқашан өз арман-мақсатынан алыс қалмаған. Әкесінен алыс болса да, анасының қолғабысы бола білді. Арманның асқарында өссе де сол арманның жүзеге асатынына сенімі мол болатын. Жастайынан елім деп, жерім деп соққан жас жүрегінің сыры тереңде еді. Туған жері Маңғыстау өңірі Кекілбайұлы үшін арманмен құралған, ерекше сипатқа ие болған сағымдай еді. Сол арманның жетегінде жүре отырып елдің әл-ауқатын өз шығармаларында әсерлей жеткізе білді.

Алғашында 1962 жылдары Қазақ Мемлекеттік Университетін жақсымен бітіріп, сол жылдан бастап «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» секілді ерекше сипатқа ие болған газет редакциясында әдеби қызметкер және бөлім меңгерушісі қызметімен жұмыс атқара бастайды. Бұдан кейінгі жылдары да өз жұмысын қоғам төрінен алады. Алайда әрбір атқарған қызметі ерекше сипатқа ие болатын. Қайда жүрмесін өз жадынан ел қамын бір сәтке болса да есінен шығармай, болып жатқан оқиғалардан бей-жәй жүрмеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Әбіш Кекібайұлының қоғамдық-саяси қызметі өте ауқымды, қоғамдық алатын орны өте ерекше. Кекілбаев өмірі мен мемелекеттік қызметтерін, атқарған және атқарып жатқан еңбектері ерекше құрметке ие. Бұл тұрғыда көптеген еліміздің және шет елдік азаматтардың бірнеше көлемді еңбектері жариялаған болатын. Мемлекет және қоғам қайраткері, философ, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті қаламгер, драматург, сыншы, Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаев өмірі, шығармашылығы мен қоғамдық қызметтеріне арналған Сұлтан Оразалиннің екі бөлімнен тұратын деректі фильмі 2007 жылдың 28 қарашасында жарық көрді.

Әбіш Кекілбайұлы шығармалары көптеген тақырыптарға арналған. Алғашқы шығармалары қазақ халқының қиын-қыстау кезеңдердегі әл-ауқаты жайында баяндалады. Тарихи тұрғыда да Әбіш шығармалары аз емес. Оның шығармалары әлемнің 14 тіліне аударылып, бірнеше мақалалар басылып шыққан болатын. Оның ішінде орыс тіліндегі, түрік және неміс тілдеріндегі еңбектері жарық көрген. Түркияда Әбіш Кекілбайұлы құрметіне арналған жеке пошталық марка қолданысқа енгізілген. Тек қазақ елінің ғана емес, бірнеше шетелдік мемлекеттердің де сүйікті қаламгері әрі қоғам қайраткері ретінде танылған Әбіш Кекілбайұлының қоғамымызда алар орны ерекше.

Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси қызметі еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бұрын алғашқы бастауын алған болатын. Одан бері келе еліміздің тәуелсіздігі мен оның тұрақты дамуымен, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығы тұсында Әбіш Кекілбайұлының қызметі ерекше көзге түседі. Мемлекеттік даму тұрғысында, тұтастық пен ынтымақтастық және әділеттілік Әбіш Кекілбайұлының ұранына айналғандай.

Зерттеу жұмысының мақсаты: қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына сипаттама жасау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

1. Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу;

2. Әбіш Кекілбайұлы шығармаларына шолу жасау;

3. Еліміздің тәуелсіздігіне дейінгі жылдардағы Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси қызметтерін қарастыру;

4. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы Әбіш Кекілбайұлының саяси қызметтерімен танысу;

5. Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастарын білу;

6. Қазақстан Республикасы және шетел көлеміндегі Әбіш Кекілбайұлының қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті қаламгер ретінде алатын орны мен деңгейінен мағлұматтар.

Ғылыми жаңалығы: Бұл ақырыпты зеттей келе, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философ, жазушы, қаламгер, сыншы, драматург, қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі Әбіш Кекілбайұлының сегіз қырлы, бір сырлы бойындағы қасиеттерін оқып біліп, байқадым. Сондай-ақ Кекілбайұлының ерекше қасиетерінен басқа да, ерекшеліктерін білдім, атап айтқанда:

  1. Әбіш Кекілбайұлын халықаралық интеллектуалдық әлеумет бойынша әлемнің ең ойшыл 100 адамы санатында;
  2. Немістің «Фуль унд Вельт» баспасының дүниежүзіне танымал 200 үздік қаламгердің ең таңдаулы 50-нің қатарында;
  3. Әбіш Кекілбаев еңбектері тек қазақ тілінде ғана емес, әлемнің 14 тілінде жарық көріп, бірнеше мың данамен тараған;
  4. Егемендік алған жылдардан бері Әбіш Кекілбайұлы көптеген ғылыми-танымдық, зерттеу еңбектері жарық көрді;
  5. Саясат, мәдениет пен тарихтың өзекті мәселелерінен көптеген мақалалары жарыққа шықты;
  6. Қырғыз Республикасының қайраткері, неміс және түрік ұлттарының көрнекті қаламгері;
  7. Әбіш Кекілбаев құрметіне арналған Түркия Республикасының пошталық марка айналымы;
  8. Көптеген мемлекеттік сыйлықтардың иегері;
  9. Ақтау қаласындағы Әбіш Кекілбайұлына арналған мұражай;
  10. Кекілбаев еңбектері жан-жақты зерттеле келе, қоғам қайраткері ретінде және көрнекті қаламгер ретінде танылған саяси тұлға екендігі сараланып бір тұжырымға келтірілді.

Зерттеу объектісі: Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ойы, шығармашылығы мен қоғамдық қызметтері.

Зерттеудің құрылымы: Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси ой-пікірлері атты жұмыс екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен және кіріспе мен қорытындыдан тұрады.

Тарау І. Әбіш Кекілбаев өмірі мен алғашқы шығармашылық қадамдарына түсінік

  1. Ә. Кекілбаевтың өмір жолы, қызметі мен марапаттары

Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.

1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.

Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде,

1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында,

1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,

1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,

1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары,

1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы,

1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,

1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ»,

1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді.

2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды [1] .

Марапаттары:

  • «Қазақстан Республикасы бірінші Президентінің» ордені (2004 ж. желтоқсан) иегері;
  • «Құрмет белгісі» ордені иегері;
  • «Отан» ордені иегері;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері;
  • Абай атындағы Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • ҚР Президентінің бейбітшілік пен келісім сыйлығының лауреаты;
  • Немістің «Фольк унд Вельт» кітап баспасы сауалнама хаттамасында «ХІХ ғасырдың таңдамалы жазушылары» атақ иегері;
  • «Азия-Африка» жазушылары халықтар комитетінің мүшесі;
  • КСРО жазушылар Одағы алқасының, халықтар «Лотос» жазушылар сыйлығының қазылар алқасының, Мәскеудің «Художественная литература», «Дружба народов» баспасының редакциялық алқа мүшесі. Әбіш Кекілбайдың азамат ретінде қалыптасуы және жазушының жолындағы сындарлы кезең, алғашқы шығармашылық туындылары

Қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі, қаламгер, философ, сыншы, драматург, мемелекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының қоғамы-мызда алар орны ерекше.

Адам баласы дїниеге келерде бәрі бірдей сияқты. Өсе келе әр түрлі мінез - құлық бітеді. Ерен ақылды, туасы шешен, ойшыл, нағыз ақын, хас жазушы, азамат, қайраткер болу барлығына бұйырмайды. Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев 1939 жылдың 6 желтоқсанында Маңғыстау облысы, Оңды ауылының Мырзаайыр деп аталатын жерінде дүниеге келген. 360 әулиенің жері атанған бұл мекенде Әбіш Кекілбайұлы кіндік қаны тамғандықтан оны ерекше құрмет тұтады. Сол кездегі соғыс салдарынан ел тартқан көп қиындықтар Әбіш Кекілбайұлының жан дүниесіне ерекше із қалдырған еді. Әкесі Кекілбай екінші дїниежүзілік соғыста қаза болады. Анасы Айсәуле оның осы күнге жетуіне бірден-бір себепші. Отбасында жағыз бала, екі әпкесімен сол жылдардың салқын ызғарымен өседі. Әкесінің орнын білдірмеуге тырысқан Әбіш анасының қолғабысы болды. Екі апкесінің бірі мектепке баратын, ал екіншісімен Әбіш үйде қалатын еді. Сол замандардағы кездескен көп қиындықтарды жеңе білген ол жас кезінен әдеби шығармаларға өте бейім болатын. Ең алғашқы «Екпінді егін сала ма?» атты көлемді мақаласы сол кездегі «Сталин жолы» газетінде жарық көрді. Мақаланың кемшіліктері жан-жақты талқылана отырып, бірнеше тармақтан тұратын қаулы қабылданған болатын. Ол қаулы ел көлемінде жүзеге асты. Мектеп қабырғасынан зерек өскен Әбіш Кекілбайұлының болашағы кемел еді. Маңғыстау облысы, Оңды ауылының Оңды мектебін тамамдап, университет қабырғасына аяқ басады. 1962 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін жақсымен бітіріп шығады. Университет табалдырығында оқуға, ізденіске өте құштар ол өз замандастары Мұхтар Мағауин, Төлек Түлеуханов сынды замандастарымен бірге жан-жақты ізденісте еді. 1960 жылдары елді қызықтыратын бірден-бір мәселе ел мәселесі болатын. Сол жылдары Әбіш Кекілбайұлы өз замандастарымен бірге ел тағдыры, жер тағдыры терең толғандыратын. Жасырын әдебиеттерді жиі оқу арқылы, тіл мен ел тарихын, есімдері ұмытылуға айналған ерекше тұлғаларды еске ала отырып ой бөлісу, өз замандастарымен бірге жабулы шындықты ұғынуға ерекше уақыт пен назарды аудару, сол мәселелер оларды бей-жай қалдырмағандығының көрінісі еді.

Қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі, қаламгер, мемелекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік қызмет саласындағы орны ерекше. Алғаш рет өзінің қоғам қайраткері ретіндегі қызметін 1962 жылы бастаған болатын. Ол кездері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» сияқты газеттердің әдеби қызметкері және бөлім меңгерушісі қызметінен бастайды. Осы жылдары өзінің жарық көрген бірнеше еңбектерінің барлығы дерлік ел, жер, Отан тағдырына байланысты өрбіді. Еңбектері мен мақалалары газет беттерінде жарық көрді. Замандастары әрі әріптестерінің арасында ерекше озығы саналатын. Сол кездердегі әріптестері Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Кәрібай Ахметбекұлы, Оразбек Сәрсенбай, Қалдарбек Найманбай, Кәдірбек Сегізбаев, Қуанышбай Құрманғалиевтер сынды елдің қалаулылары Әбіш Кекілбайұлын ерекше құрметпен айтатын. «Лениншіл жас» газетінің сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртазаның айтуынша: «Сол ортада жампоздай болып, Әбіш Кекілбайұлының тұлғасы ерекше тұрды. «Бұйдыраған екі шекелі», толқынды бұйра шашты, тұңғиық терең ойлы көз, - осы жігіт тым ерте есейген, жастайынан көсемдікке жаралғандай, қарттың даналығын бала жастан бойына жастанғандай, бай қазыналы етіп, тәңірім терезесін биік жаратқандай әсер қалдырар еді. Қазақ әдебиеті әлемінде Әбіш Кекілбайұлы үлкен биікке көтерілді. Әдебиетте өзгелер байқамаған, өзгелер айта алмаған сөзді айтты. Басқа ұлыс, ұлттардың намысын қорламастан, қазақ рухын асқақтатты. Бояуы көп, бай көркемдікті былай қойғанда, бұл жазушының азаматтық берік тұғырының айғағы», - дейді[2] .

1962-1965 жылдары Әбіш Кекілбайұлы «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінің редакциясында әдебиет-өнер меңгерушісі болып қызмет атқарады. Жоғарғы оқу орнын жаңа аяқтаса да, ұшқыр ойлы, шеберлігімен жұмысын өте тиянақты атқара білді. Әбіш Кекілбайұлы ел тағдырынан, болып жатқан оқиғалар мен саясаттан ешқашан тыс қалған емес. Оның алғашқы «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» сияқты әңгімелерінен бастап, «Күй», «Шыңырау», « Ханша дария хикаясы» повестері, «Аңыздың ақыры», «Елең-алаң», «Үркер» романдары, әсіресе туелсіздік жылдарында жазылған публицистикалық шығармалары, «Абылай хан» драмасы Әбіштің тұлпар шабысты жүйрік екенін, көркем сөздің нәзік құпияларын игерген зергер, оқушы көкірегіне ақылдың нұрын құятын ойшылдығын танытты.

Одан кейінгі жылдары мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мїшесі қызметін атқарады. 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметін атқарады. Бұдан бертін келе Әбіш Кекілбайұлы көп салаларда қызмет атқарды. Қазақ Комунистік Партиясы Орталық Комтитетінің мәдени бөлімінің нұсқаушысы және сектор меңгерушісі қызметін, Қазақстандық мәдениет министрлігінің орынбасары, Қазақстандық жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы. 1988-1990 жылдары тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы орталық кеңесі президентінің төрағасы қызметіне ұсынылады. Осы жылдары Әбіш Кекілбайұлы бірнеше жерлерге іс-сапармен аттып, тарихи ескерткіштерді қорғау мен тарихи жерлерді жаңғырту мәселелерінде ерекше жұмыстар жасай білді. Маңғыстау өңірінде болған іс-сапарында сол өңірдегі тарихи ескерткіштерге сипаттама бере отырып, олардың елеусіз қалдырылмайтындығы жөнінде баян еткен болатын. Тарихи-мәдени мұра саласында жүрген уақытында Әбіш Кекілбайұлы «Мирас» қорының ашылуынан бастап ерекше таихи мұраларға көз жігін тіге бастады. Оған қоса мұра тану мен мұра зерттеудегі сараңдық төңірегінде де өз ойын анық білдірген болатын. Өз мақсатын жүзеге асыруда Әбіш Кекілбайұлы сол жылдары «Білім» қоғамымен бірігіп, «Тарихи білімдер таратудың апталығын», Мәдениет қорымен бірігіп ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» программасы аумағында арнайы конференция, Архитекторлар одағымен бірігіп «Қала және табиғи-тарихи ая» халықаралық конференциясын, Қазақ телевидениесі, «Қазақфильм» киностудиясы арқылы аталмыш шараларға орайластырған ғылыми-көпшілік фильмдер шығару істерін жүзеге асырған болатын. Сол жылдары ежелгі Тараздың, Жамбыл облысындағы Ақтөбе су қоймасын, Сайрам зиярат орындарын қалпына келтіруге ат салысып, олардың қайта жаңғыруына бастау бола білді. Мәдени-тарихи мұраларды зерттеуді қолға алған Әбіш Кекілбайұлы болашағы жарқын әрі баянды егеменді ел болатынымызға сенімі мол еді [3] .

Тарихи мұраға қамқорлық жасау - тек өткенге ізет емес, ол ең алдымен болашақтың қамын ойлау. Әлеуметтік белсенділікті ауадай қажет ететін тұста Әбіш Кекілбайұлы бабаларымыздың, күллі қоғамымыздың, тарихымыз бен халқымыздың рухани мерейіне қатысты көптеген іс-шараларды жүзеге асыруға ат салысқан азамат.

1988-1990 жылдары Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президиумының төрағасы. Бұл жылдарда жасаған еңбегі де ауыз тола айтарлықтай. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ-Х және ІІІ мың жылдықтың 400-ге жуық ескерткіштерінің қазба жұмыстары арқылы Қазақстанда табылғандығы, Қаратау бойындағы, Арал маңындағы, Қараторғай жағалауындағы, Жезқазғандағы, Алтайдағы Усть-Нарым, Кіші Краснояр, Батыс Қазақстандағы Ырғыз, Қарақұм т. б. ескерткіштері ежелгі заманның бет-бейнесінің көзін ашуда еңбек етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушының публицистік шеберлігін қазақтың шешендік дәстүрі аясында қарастырып, болмысты көркем бейнелеу ерекшеліктерін зерделеу
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Қазақ әдебиеті
«Әбіш Кекілбаев – жазушы, қоғам қайраткері»
Әбіш Кекілбаев әңгімесіндегі адами қасиеттер
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра
Әбіш Кекілбаев прозасының көркем әлемі
Қазақ университеті
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz