Автобус паркінің структуралық құрылымы


Есептемелік түсініктеме хат
Түсініктеме хат парағының саны
Сызу саны
Аннотация
Дипломдық жобада Тараз қ. «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС жағдайында қозғалтқышты жөндеу бөлімін ұйымдастыруын жетілдіру.
Автомобильдердің дайындық коэффициентін арттыру үшін бұл жұмыстарды жетілдіру қажет. Дипломдық жоба түсініктеме хаттама беттен, және сызба 4 парақ А - 1 форматты сызбадан тұрады.
Аннотация
В данном проекте рассмотрены вопросы совершенствования организация работ моторного участка в условиях ТОО «ӘулиеатаТрансПасс». Для повышения коэффициента технической готовности рассмотрены мероприятии по планированию работ по техническому обслуживанию и его организации, а также усовершенствования.
Дипломный проект содержит пояснительную записку ___ стр и графическая часть из 4 листов формата А - 1.
Annotation
In the given project the questions of perfection organization of jobs of a motor site in conditions CLR «AulieataTransPass». For increase of factor of technical readiness are considered a measure on scheduling on maintenance service and his(its) organization, and also improvement.
The degree project contains an explanatory slip ___ стр and graphic part from 4 sheets of a format And - 1.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 7
1. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ «ӘУЛИЕАТАТРАНСПАСС» ЖШС-нің ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ 8
1. 1. Автокөлік кәсіпорынының пайда болуы және өніп қалыптасуы 8
1. 2. Автобус паркінің жалпы сипаттамасы 9
1. 3. Автобус паркінің өндірістік - техникалық базасы 16
1. 4. Техника-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы 19
1. 5. Дипломдық жобаның мақсаты мен тапсырмасы бойынша талдау қорытындысы 20
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 21
2. 1. Техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарының мерзімділігін жұмыс жағдайына келтіру 21
2. 2. Автокөліктерге арналған ТҚ жұмыстарының еңбек сиымдылығын бір қалыпқа келтіру және түзету 22
2. 3. Автокөліктерге ТҚ және жөндеудің саның анықтау 23
2. 4. Автокөліктерге жүргізілетін ТҚ бойынша жұмыс көлемін анықтау 24
2. 5. ТҚ және АЖ жұмыстарын жүргізетін орындардың режимдері 26
2. 6. Жұмысшылардың санын есептеу 27
2. 7. Автокөліктерге ТҚ жұмыстарын жүргізетін пост сандарын анықтау 27
2. 8. Өндірістік аудан мөлшері 28
2. 8. 1. ТҚ және АЖ постарын табу 28
2. 8. 2. Участок ауданын табу 29
2. 8. 3. Қосымша қоймалар ауданың табу 30
2. 9. Жалпы құрылыстық талаптар 30
3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 33
3. 1. Операция кезегін тағайындау. 33
3. 2. Операциялардың режимдерін есептеу. 33
3. 2. 1. Токарлық операция 33
3. 2. 2. Ажарлау операциясы. 35
3. 3. Технологиялық процестердi техникалық нормалау. 37
3. 3. 1. Токарлық операцианы техникалық нормалау. 37
3. 3. 2. Бұрғылау операциясын техникалық нормалау. 38
3. 4. Бөлшекті жасаудың техникалық - экономикалық негіздеу. 39
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 42
4. 1. Бастапқы мәліметтер 42
4. 2. Қозғалтқыш бөлімінің негізгі құралдарының құны 43
4. 3. Қосымша күрделі шығындарды есептеу 43
4. 4. Пайдалану шығындарын анықтау 45
4. 5. Қозғалтқыш бөлімін реконструкциялау кезінде жылдық тиімділігін анықтау 46
4. 6. Техника-экономикалық көрсеткіштер 46
5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ 48
5. 1. Еңбектің қорғаудың құқықтық негіздері 48
5. 2. Кәсіпорынның тіршілік қауіпсіздігі 49
5. 3. Кәсіпорынының техникалық қауіпсіздігі 50
5. 4. Кәсіпорынның өрт қауіпсіздігі 51
ҚОРЫТЫНДЫ 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54
КІРІСПЕ
Тынымсыз Тараздың дамылсыз қозғалған көліктері көбейген сайын, жүргізушілердін жұмысы да қиындай түсті. Әсіресе, жолаушыларға қызмет ететін қалаішілік автобустардын қозғалысы күрделенді.
Автомобиль көлігі қалалардағы, сондай-ақ ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін де зор маңызға ие болуда. Ол халықтың экономикалық және мәдени тұрмыстық өмірін көтеруі қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-техникалық, экономикалық және мәдени дамуындағы қарама-қайшылықты аластатуға, орталық облыстар мен еліміздің шалғай жатқан аудандарындағы өміріндегі жағдайларды теңестіруге септігін тигізеді. Автомобиль көлігінің басты міндеті халық шаруашылығы мен тұрғындардың жүктерді материалдық және еңбек қорларының мүмкін боларлық ең төменгі шығындарын пайдалана отырып, тасымалдаудағы қажеттілігін сапалы және уақытылы қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені шешу жалпы пайдаланудағы автомобиль көлігін дамытуды, жүк және тауар айналымдарын арттыруды, материалды-техникалық негізді бекітуді және көлік құралдарын ірі автокөлік кәсіпорындарында шоғырландыруды, жылжымалы тізбектің техникалық баптауы мен жөндеуін жақсартуды талап етеді.
Техникалық пайдалану автомобиль көлігі жүйесінің бірыңғай түрі болып есептелінеді. Автомобиль көлігінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі автомобильдердің пайдалану сенімділігін арттыру және оны ұстауға кететін шығындарды төмендету болып табылады.
Дегенмен автобус паркінің техникалық күйін жақсарту өте баяу жүргізілуде. Бұл мәселені шешу бір жағынан сенімділігі жоғары автобустарды техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, техникалық баптау және жөндеу жұмыстарының еңбексыйымдылығын төмендету автобустардың жөндеу аралық жүрісін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. Нұсқалған шарттарға қосымша жылжымалы тізбекті ақаусыз күйде демеуге қажетті өндірістік негізді құру, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын кеңінен енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта АЖТК-дағы өндірістік процестерді механикаландыру деңгейі салыстырмалы түрде шамалы ғана.
1. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ «ӘУЛИЕАТАТРАНСПАСС» ЖШС-нің ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ
1. 1. Автокөлік кәсіпорынының пайда болуы және өніп қалыптасуы
Облыс орталығындағы ең көне және ең үлкен автопарк - «Әулие Ата Транс Пасс». Жетпіс жылға жуық тарихы бар мекеме сонау Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ат арбамен адам таситын еңбек орталығы болған. Бірнеше атты күтіп, баптап дәл осы жерде ұстап, тасымал қызметіне пайдаланған. Бұл автопаркке алғашқы автокөлік 1956 жылдары келе бастаған.
1961 жылы қаңтар айында облыстық сауда басқармасы автокөлік шаруашылық базасында 40-автомобиль (ГАЗ-51, ЗИС-150, ЗИС-5 маркалы) және 35-атты арбалы жылжымалы құрам болды. Жамбыл автотрест қарамағына қарасты Ташкент көшесі бойында орналасқан №6 сауда базасы болып құрылды. Сөйтіп автобаза басқа да АТП есебінен әр түрлі маркалармен толықтырылып кеңейе түсті, сол жылы сәуір айында жылжымалы құрам саны 120-ға жетті.
Осы жылдың аяғында жылжымалы құрам саны 50-бензовозбен және 60 жаңа автомобильмен (ГАЗ-51) толықтырылып жылжымалы құрам саны 220-ға жетті. 1961 жылы қаңтар айында барлық қалалық ПАЗ-651, ПАЗ-651 маркалы автобустар (100-ге жуық) сауда базасы қарамағында беріліп, №6 сауда базасы №1 автокомбинат болып аты өзгертілді. Осы уақытта жаңа проект бойынша бас өндіріс корпусы тұрғызылды. Парктегі жылжымалы құрам саны 380-ге өсті. 1971 жылдың көктемінде жер аумағы аздығынан түнгі тұрақтануды қамтамасыз ете алмауына байланысты автокомбинатқа №3 ауыр автотрест автобаза территориясы берілді. 1976 жылдың көктемінде автомобиль саны 512-ге жетіп, техникалық қызмет, яғни аяғында жөндеу жұмыстары автокомбинат қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Осыған байланысты жөндеу жұмыстарын жетілдіру жөнінен шешім қабылданды. Коллективтің творчествовалық ізденістері мен инженерлік нақты да тұжырымды істері нәтижелі болды.
Цех жұмыстары: вульканизаторлық, токарлық және т. б. цех жұмыстары 1977 жылы қайта жаңартылды. Қозғалтқыш бұзылымы жөндеу жұмыстарын тексеретін арнайы пост ұйымдастырылып оған қажетті 19 дана құрал жабдықтармен жабдықталған.
№1 автокомбинаты 1981 жылы екіге бөлінеді. Барлық жүк машиналары АТП-2 кәсіпорнына берілді. 277-дана автобус №3 автобус паркіне берілді.
1. 2. Автобус паркінің жалпы сипаттамасы
ЖШС «ӘулиеАтаТрансПасс» паркі Бурульск көшесінде қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан (1. 2-сурет) . Автобаза территориясында негізгі өндіріс корпусынан басқа асхана, азық түлік қоймасы, диспечерлік ғимарат, техникалық бақылау пункті және бассейн орналасқан.
Жалпы барлық маршрут қашықтықтығы 353, 5 км. Қаланың ішкі және сыртқы аймақтарында 16 маршрут ұйымдастырылған. Оның қала ішінде 9-маршрут, қашықтығы 121, 5 км, қала сыртында қатынайтын маршрут саны 7, қашықтығы 232 км.
Қазір он бағыт бойынша 200 автобус, 10 шағын автобус жолаушыларға қызмет етеді. Сыйымдылығы үлкен автобустармен ескі көліктермен алмастырылды. «Ман», «Cetra» секілді үлкен автобустар Германия. Франция, Оңтүстік корея елдерінен әкелінсе, Ресейдің «ПАЗ» автобусын, Қытайдың «Газель» шағын автобустарын алып отыр. Күніне 142 автобус үздіксіз шығады. Алғашқы кезектегілер таңғы сағат 5. 50-де жұмысын бастаса, кейбір автобустар кешкі 21. 50-де жұмыстарын аяқтайды. Бәрі де күніне екі рет медбикенің тексерісінен, бағыттаушыдан, бақылаушы механиктен өтеді. Үш кезекші автобус таңертеңгі және кешкі мезгілде жүргізушілерді, механиктерді, жөндеушілерді үйді-үйіне тасиды.
Жүргізушілердің үздігіне сый ақы тағайындайды. Көліктеріне күрделі жөндеу қажет болса, жеңілдіктер жасайды. Мәселен, моторды толық жөндеу үшін 50 мың теңге кететін болса, бұл шығынның тең жартысы мекеменің есебінен төленеді. Мекемеміздегі 22 жөндеу цехында 38 адам еңбек етеді. Автобус жүргізушілері сенбі, жексенбіде де тоқтамайтын болғандықтан, жөндеу цехтарында да шеберлер аптаның барлық күнінде еңбек етеді. Өздерінің кеетелері бойынша.
Жұмысты ұйымдастыру орынбасары Олег Колесников, бас есепші Тамара Ащепкина, жоспарлау бөлімінің бастығы Шолпан Әбжанова, кадр бөлімінің бастығы Меруерт Молдшалиева, еңбек қорғау бөлімінің бастығы Панзагүл Дилмаханбетова, аға медбике Надежда Фатуикина, медбике Роза Сабырқұлова, кәсіподақ ұйымының төрағасы Герман Колесников, автокөлік пайдалану бөлімінің бастығы Рашид Пірманов, автосап бастығы Самат Тасыбаев, жөндеу шебері Виктор Тимилиди, автосап механигі Сергей Тимилидилер белсенділік байқатып келеді. Кәсіподақ ұйымының тарапынан науқастанған жүргізушілерге көмек көрсетіледі.
Бұл жерде жүргізушілердің 70 пайызы жастар. Еңбектері әлі де еселене
бермек.
Басқару структурасы
Желіде әртүрлі маркалы автобустар қызмет етеді. Әрбір маршрутта екі бағытта да көрсетілген аялдама аттары мен қозғалыс схемасы, маршрут ұзақтығы, қозғалыстың басталуы мен аяқталуы 1. 1-кестеде көрсетілген.
ЖШС «ӘулиеАтаТрансПасс» паркінің басқару структурасы 1. 1-суретте көрсетілгендей кәсіпорынды Президент басқарады. Президенттен кейін, вице президент, бастықтың пайдалану жөніндегі орынбасары, жол қозғалысын қауіпсіздендіру бөлімі, экономикалық пландау бөлімдерімен басқарылады.
ЖШС «ӘулиеАтаТрансПасс» паркінің баспланы
1) қабылдау бөлімі; 2) жеке транспорт тұрақтамасы; 3) қозғалтқышты жуу бөлімі; 4) кір жуу; 5) обкатка бөлімі; 6) орталық қойма; 7) агрегаттық участік; 8) пневмоцилиндр жөндеу участігі; 9) ; 10) газ апаратурасын жөндеу участігі; 11) ағаш ұста участігі; 12) айналым қоймасы; 13) өндірістік корпус; 14) административтік ғимарат; 15) асхана; 16) азық түлік қоймасы; 17) шинамонтаждау участігі; 18) ТҚ-1 аймағы; 19) бояу бөлімі; 20) темір ұста участігі; 21) қаңылтыр участігі; 22) пісіру участігі; 23) диспечер; 24) гүлбағы; 25) жуу; 26) бассейн; 27) мұнай шаруашылығы; 28) автобустардың тұрақтануға арналған территориясы.
1. 2-сурет
1. 1-кесте
Паркінің қызмет етіп жатқан автобус маршруттарының мінездемесі
Қала сыртындағы маршруттар
№7 Тараз - Уч курган
№8, №9 Тараз - Табак совхоз
№10 Тараз - Гродикова
№11 Тараз - 6-й совхоз
Автобазада 123 әр түрлі маркалы автобустар бар. Парктің үлкен бөлігі ПАЗ және FAWCa маркалы автобустардан құралған. Паркінің автобустар тізімі 1. 2-кестеде көрсетілген. Автобустардың үлкен бөлігі 2007-жылдары шыққан. Автобустардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық. ТҚ пен жөндеу жұмыстары жақсы орындалмауының әсерінен жол бойында кездейсоқ бұзылымдар кездеседі, көп автобустардың ішкі салондары жолаушы тасымалдауға жарамды. Қазір техникалық жағдайына қарамастан автобустар маршрутқа жіберуде, өйткені қала бойынша автобустар жетісткілікті. Соңғы 4-5 жыл ішінде бірнеше жаңа автобустар шығарылған.
Талдау көрсеткіші бойынша жылдан-жылға автобустар саны көбеюде. Қазіргі уақытта жолға шығатын барлық автобустар жеке бетке арендаға берілген. Осыған байланысты автобустарға ТҚ пен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражатты жүргізушілер өз есебінен төлеуде.
1. 2-кесте
ЖШС «ӘулиеАтаТрансПасс» паркінің жылжымалы құрам тізімі
Көлік маркасы
ПАЗ 32054-07
ПАЗ 32054
ПАЗ 32054
ПАЗ 3205
ПАЗ 3205
ПАЗ 3205
ПАЗ 3205
ПАЗ 3205
ПАЗ 3205
ПАЗ 32053
ПАЗ 4234
ПАЗ 4234
ПАЗ 4234
FAWCa 6602
FAWCa 6602
FAWCa 6602
FAWCa 6602
FAWCa 6801
ГАЗ 322132-220
ГАЗ 322132-224
ГАЗ 322132-224
ГАЗ 322131 95
Mersedes - Bens
SCANIA
ВАЗ 2106
Барлығы
УРАЛ 375 ЕЭ
ЗиЛ 431810
ЗиЛ 131
ЗиЛ ММЗ 4502
ГАЗ 3129
УАЗ 452
ГАЗ 31105-120
Митсубиси-Монтеро спорт
УАЗ 31512
Renault АЕ 420 (прицеп рефрижиратор)
Toyota land cruiser 100 VX
Барлығы
ТҚ-1, ТҚ-2 және де жөндеу-қызмет жасау жұмыстарын орындау мерзімі бақыланады немесе жүргізушінің өзіндік тексерілуімен атқарылады. 1. 3 . . . 1, 5 кестеде көлік құралдардың техникалық міңездемелері көрсетілген.
1. 3-кесте
Автобустардың техникалық міңездемелері
№
Автобус маркасы
ПАЗ 32054-07
ПАЗ 32054
ПАЗ 3205
ПАЗ 32053
ПАЗ 4234
FAWCa 6602
FAWCa 6801
ГАЗ 322132-220
ГАЗ 322132-224
ГАЗ 322131 95
Mersedes - Bens
SCANIA
1. 4-кесте
Жеңіл автомобильдердің техникалық міңездемелері
№
Автомобиль маркасы
ВАЗ 2106
ГАЗ 31029
ГАЗ 31105-120
Тойота Лендкрузер 100
УАЗ 452
УАЗ 31512
Митсубиси-Монтеро
1. 5-кесте
Жүк автомобильдердің техникалық міңездемелері
№
Жүк автомобильдердің маркасы
УРАЛ 375 ЕЭ
ЗиЛ 431810
ЗиЛ 131
ЗиЛ ММЗ 4502
Рено АЕ 420 (прицеп рефрижератор)
1. 3-суретте автобус паркінің структуралық құрылымы көрсетілген.
Автобус паркінің структуралық құрылымы
1. 3-сурет
Соңғы бес жыл бойы автомобильдердің өзгерісі
1. 4-сурет
Парк бойынша мұнда ең көп FAWCa 6602 маркалы 38 немесе 28% автобус әрі қарай ПАЗ-3205 маркалы автобус олардың саны 33 немесе 25%, одан кейін ПАЗ-4234 маркалы 15 автобус немесе 11, 0% және т. б.
Автобус паркінің соңғы бес жол бойы автомобильдердің динамикалық өзгерісі 1. 4-суретте көрсетілген. Осы жерде байқалып тұрғызғандай ең көп автобус сандар 2007, 1999, 2005, 2006, мысалы 2007 шыққан жылы 52 немесе 39, 0% -автобус және т. б. автобустар, графикте көрсетілген график нәтижесінде пайдалану мерзімі 7 жылдан бері автобустардың мөлшері 91, 0% құрайды және пайдалану мерзімі 10 жылдан асқандардың мөлшері 8, 2% құрады. Осыған байланысты қорытынды, автобустардың техникалық жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді.
1. 3. Автобус паркінің өндірістік - техникалық базасы
Біздің кәсіпорын жұмысын тәулік бойы үздіксіз атқарады; түңгі сменада ТК -1, автобустарды тазалау, жуу, және рейске дайындау жұмыстары істелінеді, ал күндізгі сменада ТҚ -2 және ағымды жөндеу жұмыстары орындалады.
Автокөлік кәсіпорынының техника - эксплуатациялық көрсеткіштері 1. 2 кестеде келтірілген. Автобус паркінің территориясында, автобустардың тұрақты жұмыстарын атқаруды қамтамасыздырылатын төмен көрсетілген ғимараттар орналасқан.
Ағымды жөндеу және диагностика ғимараттары,
ТҚ ғимараттары, күнделікті қызмет ғимараттары, темір ұсталығы, кузовтарды өңдеу шеберліктері, автобустарды бояп - сырлау ғимараттары, қоймалар, жанар май істапсасы, админстрация ғимараттары, автобустардың ішін өңдеу ғимараттары орналасқан.
Автобустарды жұмыс істемей тұрғанда қоятын кілтін арнайы аудандар орналасқан.
Ағымды жөндеу өткізетін аймақ, арнайы 36х60 метр ауданы 2160 м 2 ғимараттарда орналасқан.
Ол көп шығын шығармай, сапалы және тез уақытта автобустардың жөндеу жұмыстарын өткізуге мүмкіндігі бар. Техникалық қызмет зонасы 18х36 метр ауданы 648 м2 ғимараттары орналасқан, бірақ оның ішінде көп технологиялық шарттарға сәйкес келетін құрал -жабдықтары жетіспейді.
Автобус паркінің территориясында өндірістік ғимараттардың орналасуы 1. 2 суретте көрсетілген.
Күнделікті қызмет, оның ішінде, автобустар адам таситын болғансоң тазалау және жуу жұмыстарына көбірек көңіл аудару қажет, ол үшін біздің кәсіпорындарда 18х36 метр, ауданы 648 м2 арнайы автобустарды жуып- тазалайтын ғимараттар бар.
Автобустардың саны азайған соң ТҚ және жөндеу ғимараттардың құрал - жабдықтары жаңармағына көп уақыт болды
Олар моральді да физикалық жағынан тозып көбісі қалпынан шығып іске жарамай тұр.
ТҚ аймағында технологиялық шұңқырлардың құрал - жабдықтары қазіргі кезде ТК жұмыстарын түгелдей жұмыс түрлерін және сапалы жасап шығаруға мүмкіншілігі жоқ деп есептеуге болады.
Кәсіпорын территориясында төмен келтірілген ғимараттар орналасқан :
1. Тексеріп - өткізу пункті (КПП) - онда жолға шығатын автобустардың техникалық жағдайларын және жүру кездеріндегі қауыпсыздығын тексеріп, керекті құжаттарды толтырып, оларға жолға шығуға рұқсат беріледі.
2. Диспетчерский - мұнда жол қағазын толтырып әрбір маршрут бойынша жүргізушілердің аты жөнін көрсетіп, оларды медициналық тексеруден өткізеді. Толтырылған құжаттар есепке алынып түгелдей автобус паркінің жұмысын жоспарлауға жұмсалады.
3. Кузов өңдеу шеберлігі - буға автобустардың кузовына майысқанын қалпына келтіреді.
4. Темір ұсталығы - бұл теде көбінесе ресор және рамаларды жөндейді.
5. Техникалық қызмет көрсету комплексі бұл жерде ТҚ - 1 және ТҚ - 2 жұмыстарының негізгі операциялары өткізіледі.
6. Админстрациялық ғимарат - бұл жерде Ұйымдастыру және басқару міндеттерін атқаратын Қызметкерлердің жұмыс орны орналасқан.
7. Ағымды өндеу аймағы, және диагностика өткізу істапсасы - мұнда жөндеуге қажет бөлімшелер, оның ішінде АЖ постылар, мотор жөндеу, токарлық агрегат жөндеу карбюраторлық, электротехникалық, шина монтаждау және жамау бөлімшелер орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz