Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың зерттелуі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І ТАРАУ
Өз бетінше жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың зерттелуі . . . 8
- Бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік жұмысы танымдық белсенділікті қалыптастырудың құралы ретінде . . . 24
- Өз бетінше жұмыс арқылы танымдық белсенділікті қалыптастырудағы математика пәнінің мүмкіндіктері . . . 37
Бірінші тарау бойынша қорытынды . . . 49
ІІ ТАРАУ
Өз бетіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысы
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс арқылы танымдық белсенділігінің қалыптасу жайы және оны жаңарту жолдары . . . 51
2. 2. 2 сынып математика пәні бойынша өзіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру . . . 55
2. 3. Эксперименттік жұмыстың нәтижелері . . . 60
Екінші тарау бойынша қорытынды . . . 65
Қорытынды . . . 67
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 68
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Білім бастауы - бастауыш мектепте берілетіні анық. Уақыт талабы болашақ азаматтарды тәрбиелеу үрдісінде жаңаша бағыт, соны серпілістер мен шығармашылық негіздегі педагогикалық ізденістерді қажет етеді. Адам факторы алға шығарылып, қатаң бәсекелестік заманында өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар дарынды да талапты жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұны мен оқыту процесіндегі жаңа ойлар мен шешімдердің жүйесіне келіп тіреледі. Психологиялық зерттеулерге қарағанда өздігінен жұмыс жасау нәтижесінде жеткіншектердің дербестігі, жұмыс жасауға деген ынтасы, құштарлығы артады. Бұл туралы А. Байтұрсынов «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек» деген болатын [2, 314] . Оқыту процесі екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты көптеген педагогтар мен психологтар: Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков т. б. оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері - олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Бастауыш саты - оқушыда оның интелектісі дамуының іргетасы - оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі [13, 41] . Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі «арнамен» орындалуын қамтамасыз етеді.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын, оның тұлғасын өз бетінше білім алу арқылы дамыту міндетін қойып отыр.
Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламада мұғалімге педагогикалық үрдісті жаңаша ұйымдастыру талабы қойылған [3, 18] . Осыған орай сабақ сапасын арттырып, оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін дамытып, жүйелі тәрбие беру, оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз бетінше білім алу жұмыстарына жұмылдыра білу - бастауыш оқыту сатысының басты мақсаттарына айналып отыр.
Оқудағы өз бетінше жұмыс - өзін-өзі оқыта білу, оқушыда оқу әрекетінің компоненттерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастырады. Бұл Ю. Н. Бабанскийдің, А. В. Усованың жеке т. б. авторлардың зерттеулерімен дәлелденген.
В. А. Ковалев, А. И. Кочетов, А. И. Рубинский өз бетімен жұмыстарды өзін-өзі тәрбиелеумен байланыстырады.
А. И. Выготский өз бетінше жұмыстың көріністерін оқушылардың іс-әрекетімен анықтайды. Оқушылардың өз бетінше әрекет етуі басқа адамның көмегінсіз, қадағалауынсыз жұмыс істеуі деп біледі. Бұл әрекет оқушыларды өзін қоршаған ортада ұстай білуге, өз жұмысын ұйымдастыра білуге, өзінің пікірін қорғай білуге үйретеді [8, 65] .
Л. Н. Лук өз бетінше жұмыс жасауды көрегендікке, қырағылыққа балайды, ақылдың алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай білу қабілетін, болжай, іздене білу қабілеттерін атайды.
Т. С. Назаров: «Өз бетімен жұмысты оқушының оқытушымен өзі қалаған мәселелерді өзінің қабілеті мен еркі арқылы шешуі», деп санайды.
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Н. А. Менчинская, А. А. Любменская сынды ғалымдар өз еңбектерінде оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуы бағытына басым назар аударады.
«Өз бетінше жұмыс - оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы» - дейді Ө. Төлегенов.
Бұл пікірлерге сүйенсек, ортақ пікір: өзіндік жұмыстың ең басты қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік қадам жасауында болмақ.
Білім беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы оқушылардың саналылығы, белсенділігі, өз беттілігі, білім мен біліктерінің беріктілігі, ұғынықтылығы және әрекеттілігі талаптарын қамтиды. Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, пайдалануға, өз пікірлерін дәлелдеуге ұмтылысынан көрінеді. Оқу үрдісі оқушылардың танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.
Төмендегі сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын (мотивациясын), танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру тәсілдерінің бірі - өз бетінше танымдық әрекет жасау болып табылады . Бастауыш мектеп білім мазмұнында дайын үлгілер бойынша орындалатын тапсырмалардың үлес салмағы әлі де болса зор болып тұр. Мұғалімдер орындалатын тапсырмалардың санына ерекше тірек жасайды, бұл оқушылардың ғылыми білім негіздерін саналы түрде және бекем меңгеру мәселесін және оқуға деген қызығушылық проблемасын шешпейді, қайта мектеп оқушыларының шамадан тыс жүктелуіне алып келеді.
Оқушы оқу процесінде әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындаудың тәсілдерін, өз әрекетін бақылап бағалауды, нәтижесін салыстыруды меңгереді. (Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы, 6-бет) . Осы тапсырмаларды өзіндік жұмыс арқылы меңгерудің әдістерін үйрету бүгінгі таңдағы басты мақсаттың бірі. Ал, ол үшін мұғалімнің арнаулы осы мақсатта жұмыс жасауы талап етіледі. Мектеп тәжірибесіне бақылау жасау, бұл бағыттағы жұмыстардың өз деңгейінде емес екенін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасаудан осы тақырыптағы нақты материалдың тапшылығы көрініп отыр. Осылардан келіп тақырыптың өзектілігі шығады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: өз бетінше жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық шарттарын негіздеу, тиімді жолдарын анықтап, тәжірибеге енгізу, әдістемесін ұсыну.
Зерттеу обьектісі : бастауыш сынып оқушыларының оқу процесі.
Зерттеу пәні : бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік жұмысы арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер:
а) математиканы оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігінің құрамдас бөліктерін (мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық, процессуалды-жігерлілік) өз бетіндік жұмыстар арқылы қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілсе;
ә) өз бетіндік жұмыс жасау іскерліктерінің қалыптасуын жетілдіру жолдары белгіленіп, тәжірибеге енгізілсе, онда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру тиімділігі артады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Өз бетіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруға арналған педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге, бағдарламаларға, оқулықтарға, әдістемелік нұсқауларға және баспасөз материалдарына талдау жасау.
- Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтау.
- Өз бетіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру бағытында қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау.
- Педагогикалық эксперимент жүргізіп, тиімділігін дәлелдеу, әдістемелік ұсыныс дайындау.
Зерттеу әдістері:
- Оқу бағдарламаларын, бастауыш білімнің мемлекеттік стандартын, бастауыш сатыдағы білім мазмұны тұжырымдамасын зерттеу.
- Оқушылардың өз бетінше әрекетінің нәтижесіне талдау, сауалнама жүргізу.
- Педагогикалық эксперимент (анықтаушы, қалыптастырушы) .
- Жинақталған материалдарды статистикалық сұрыптау, талдау жасау.
Зерттеудің методологиялық негізі: философиядағы таным теориясы, педагогикадағы танымдық әрекетті ұйымдастыру теориясы.
Зерттеудің практикалық құндылығы: Математика пәнінен 2 сынып оқушыларының өз бетіндік жұмыс арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары анықталып, әдістемелік ұсыныс дайындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тараулар бойынша және жалпы қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде: тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу пәні, ғылыми болжамы, зерттеу әдістері, зерттеудің методологиялық негізгі практикалық құндылығы, дипломдық жұмыстың құрылымы қарастырылған.
1 - тарауда өз бетіндік жұмысы арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориясы талданып, осы бағыттағы математика пәнінің мүмкіндіктері қарастырылады.
2 - тарауда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық тәжірибелік эксперимент (2 сыныптың математика материалдары негізінде) материалдары берілді.
Қорытынды бөлімдерде ғылыми пікірлердің құндылығы, болжамдардың дұрыстығы айтылды.
І ТАРАУ
Өз бетіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың зерттелуі
Үнемі тануға, білуге деген құштарлықтың болуы адамның болмысының басты ерекшелігі, сол ұмтылысының арқасында ол өзінің рухани жан-дүниесін байытып, дами береді. Бұл оқу әрекетіндегі бір-бірімен өзара тығыз байланыста туындап жүзеге асатын танымдық, әлеуметтік-мотивациялық компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады. Выготский: «Егер біз ойды сөз жаңбырын төгетін бұлтқа теңесек, онда осы образды салыстыруды ары қарай жалғай түскенде мотивацияны сол бұлтты айдап отыратын желге теңер едік» - деп көрсетеді. Себебі бұл екеуі де сол оқу әрекетін ұйымдастырудың алғы шарттары. Оқу әрекеті бір жағынан бала не біледі, не істей алады, қандай танымдық негізі бар, екінші жағынан оның оқуға қатынасы қандай, не үшін, не мақсатпен оқиды, білімді қандай дәрежеде меңгеруді қалайды деген тұрғыда анықталады. Сондықтан баланың оқуға қабілетін көрсететін танымдық жағын да, оқуға деген, қатынасын білдіретін мотивациялық жағын да ажырата білуі қажет [8. 26-27] .
Таным теориясы (гнолеология немесе эпистеминология) - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Таным - адам санасын дамытудың негізі. Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Оқу арқылы баланың таным үрдісі, қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлауы дамиды. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Философиялық тұрғыдан танымға мынадай анықтама берілген:
« Таным - ойдың білмеуден білуге қарай, дәл емес білуден, неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі өрісі». Адам танымы бақылаудан, нақты аңғарудан заңды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін ол заңды, теорияны, практикада қолдануға қарай жүріп отырады. Таным заттардың адаммен практикалық байланысының мәні мен қасиеттерін ғана көрсетіп қоймай, заттардың өзара обьективтік байланыстарын және заңдылықтарын қоса анықтайды [39, 14] .
«Таным» - философиялық ұғым: « . . . айналадағы материалдықтың адам санасында бейнеленуі». Негізінен қоршаған дүниені білу танымға байланысты. «Таным . . . өмірлік қызмет барысында іске асады»[39] .
Р. Қоянбаевтың «Қысқаша педагогикалық сөздік» кітабында танымға төмендегідей түсінік берілген: «Таным» - обьективті шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылықты процесс барысы ретінде қаралады. Таным - ақиқатқа жетудің, обьективті шындықты танудың диалектикалық жолы - «нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірбеге көшу» болып табылады. Таным үрдісінде ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады (анализ, синтез, дедукция, индукция, абстрактіліктен нақтылыққа көтерілуі және т. б. ) ». Танымның негізі және білімнің ақиқаттығының шарты - тәжірибелік іс-әрекет. Сол себепті оқушылардың оқу іс-әрекеті ретінде жүзеге асады. Себебі, оның оқу іс-әрекетінің нәтижесі оның таным өрісінің жаңа шеңберіне алып келеді, ол үшін жаңа білім, білік пен дағдылардың көзі ашылады. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойына жинаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді. Демек, оқыту - таным үрдісі. Өйткені, онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқытудағы міндет - оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен қаруландыру [32] .
Психологиялық әдебиеттер танымның мынадай сатыларын атап көрсетеді:
1 - саты: «Нақты пайымдау». Оның мақсаты - бейнелерді, түсініктерді, дәлелдерді елестету. И. П. Павловтың байқағанындай, дәлелдер - ғылым ауасы. Таным бұл сатыда сезіну мен түйсік арқылы іске асырылады.
2 - саты: «Абстрактілік ойлау». Оның мақсаты - алынған дәлелдерді, бейнелерді өңдеу, олардың арасындағы байланысты ашып көрсету, соның негізінде ғылыми түсініктерді, заңдар мен заңдылықтарды қалыптастыру. Осы күрделі процестерді шешу арқылы сөйлеуді, қиялдануды тану процесіне қатыстыру қажет.
3 - саты: «Тәжірибе» бұл кезеңнің мақсаты - тәжірибе барысында алынған ғылыми мәліметтердің ақиқаттылығын тексеру. Бұл сатыда өте жоғары дәрежеде барлық танымдық процестер жұмыс істейді (сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, елестету т. б) . Мектептегі таным процесі білім берушілік, тәрбиелеушілік дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушының ақыл-ой қабілеттері мен пәнге қызығушылығы дамиды.
Таным процесі мұғалімнің басқарушылық әрі бағыттаушылық рөлімен, ынтымақтастық байланыста бірлескен қызметінде іске асырылады. Ғалым педагог Л. Занков: «Оқыту оқушылардың жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет» десе, көрнекті психолог Л. Выготский: «Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» деп тұжырымдайды және оқу баланың өзіндік танымдық белсенділігі екенін анықтайды [8] . Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ол құрылымға оқыту процесінің звенолары - танымдық іс-әрекетінің кезеңдерін енгізеді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Бұдан шығатын қорытынды: таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп, шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-жеке дайындалады. Енді оқыту процесінің звеноларына тоқталайық.
Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстың адам санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік - сананың сыртқы әлеммен байланысы. Сезім мүшелеріне әсер етіп, оның мида бейнелеуін түйсік деп атайды.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.
Бекіту - бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталау жүргізіп отырады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерінің дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға беріледі.
Танымдық психикалық процестің (түйсік, қабылдау, зейін, сөйлеу, ойлау т. б. ) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білімге құмарлық, тапқырлық сияқты болымды жақтары да жетіле түседі. Р. М. Қоянбаев таным туралы: «Мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттар немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және т. б. таным әрекеттерін жасайды» - деп танымның оқушы өміріндегі маңызына тоқталған [32] .
«Мұғалім оқыту әдісі арқылы оқушыларға білім беруде өзінің іс-әрекетін балалардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады» - деп жазады, бұл жөнінде профессор Т. Сабыров. Егер мұғалім өзінің білім-біліктері арқылы оқушының санасында өз бетінше әрекет етуге деген құлшынысын оята алса, бұл - ең дұрыс жол.
А. Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субъектіде жаңару мен өзгеру әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырса, Т. Сабыров: Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге, үйренуге бағытталған оқушының істейтін саналы әрекеті деп атап көрсетеді [26] .
Белсенділік - адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Белсенділік - танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.
Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлер ерекше көңіл бөледі. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау - мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастарымен, достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. Бастауыш сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді. Мектепте оқу жылы басталысымен-ақ балалар жолдастық қатынастарын дамыта түседі. Сыныпта болатын түрлі іс-шараларына қатысып отыруға тілек білдіреді. Бұл жастағы балалар сынып бойынша өткізілетін жарыстарға, жорықтарға, басқа да түрлі іс-әрекеттерге қатысып отыруға ынталы болады. Түрлі іс-әрекеттерге жаппай қатысып, балалардың өзара тілектестік және жолдастық сезімде болуы олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Осыған орай ұжым мүшелерінің арасындағы өзара қатынас болымды нәтиже береді. Ұжым өзінің әрбір мүшесінің өсіп-жетілуіне достық, жолдастық негізінде жағдай жасап қамқоршы болады. Ал ұжымның қамқорлығын сезген жеке мүшелері, оның талабын орындауға, бірігіп қызмет етуге әр уақытта дайын екендігін білдіреді. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т. б. ) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz